Аттар мен құбылыстардың аттарын білдіретін сөздер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 11:08, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезеңде қазақ тілінің қоғамдық - әлеуметтік қызметінің өрістеп, дамуымен байланысты әдеби тілдің функционалдық – стильдік жақтан саралану үрдісі тереңдей түсті. Жалпыхалықтық тілдің өзге түрлеріне қарағанда әдеби тіл жетекші сипатқа ие болды. Осымен байланысты әдеби тілдің дәстүрлі нормалары беки түсті.

Содержание

КІРІСПЕ ................................................................................................................3-15
І. ЛЕКСИКАЛЫҚ ДИАЛЕКТИЗМДЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛІ ЛЕКСИКАЛЫҚ ТОПТАРҒА ҚАТЫСЫ .............................................................................................................16-24
1.1. Түбірлі диалектизмдер
1.2. Тіркесті диалектизмдер
1.3. Семантикалық диалектизмдер
1.4. Лексика – фонетикалық диалектизмдер
1.5. Сәйкесті және сәйкессіз диалектизмдер
ІІ. ЛЕКСИКА - СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАР............................................................25-50
2.1. Заттар мен құбылыстардың аттарын білдіретін сөздер.
2.1.1. Үй – жай, қора – қопсы, бау – шарбаққа байланысты сөздер.
2.1.1.1. Үй – жай, баспана түрлері, оның бөлшектері.
2.1.1.2. Киіз үй, оның түрлері, жабдықтары.
2.1.1.3. Қора – қопсы, бау – шарбақ түрлері.
2.1.2. Көрпе – төсек, киім – кешекке байланысты сөздер.
2.1.3. Ыдыс – аяқ атауларына байланысты сөздер.
2.1.4. Тағам атауларына байланысты сөздер.
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................51-53
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................................53-56
ШАРТТЫ ТҮРДЕ ҚЫСҚАРТЫЛЫП АЛЫНҒАН АТАУЛАР..............................................57

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.раб. ЛЕКСИКА - СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАР.doc

— 349.00 Кб (Скачать документ)

Жетісуды мекендеген, қилы – қилы тарихи уақиғалар басынан өткізген Дулат, Албан, Суан, сары үйсін, Сіргелі, ысты, Ошақты, Шапырашты, Шанышқылы (Қатаған), Қаңлы, Жалайыр, Найман тайпалары болған. Бұлар қазіргі кезде де осы өңірде мекен етіп келеді.

Жетісу өңірінде мекендеп отырған қазақ ру, тайпалары жөнінде Н.Аристов (9.395), Ш.Уәлиханов (10.273), С. Аманжолов (11.20 – 73),                         С. Мұқанов пен В.В. Востров (12.113 - 132) және соңғы кездерде шығып жатқан шежіре жинақтарында айтылғандықтан, оларға толық тоқталмай, атап өтуді жөн көрдік.

Жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу тіл мамандарының назарынан тыс қалған емес. Осы ғылым саласы бойынша мақалалар, монографиялық еңбектер, диссертациялық зерттеулер жүргізілді. Бұл жайында Қ. Жұбанов  өзінің “Төңкеріс және қазақтық ұлы тілі” деген 1935 жылы мақаласында қазақ тілі тұтас тіл, ол тұтастық ХІV – ХVІІІ ғасырларда қалыптасқан, ал қазақ тілінің диалектілері дейтініміз ХІХ ғ. Ресейге қарағаннан кейінгі қазақтың жері кесіліп, көш жолы үзіліп, әр ру, әр ауыл, әр үй жерге арқандала бастаған дәуірде пайда болды дейді. (13.323 - 329). Соңғы кездегі деректерге (14.180 - 191) қарағанда, Қ. Жұбановтың А. Н. Самойловичпен бірігіп экспедиция үйымдастрмақ болған жоспарлар осы мәселеге қызыға қарауыннан туса керек.

Қазақ тіл білімде диалектологиямен тікелей шұғылдану, материял жинау, зерттеу жұмысын жүргізу. 30 – шы жылдардан басталды. Бұл сала бойынша алғаш ғылым дәрежесін алғандар қатарына “Оңтүстік диалектінің кейбір ерекшеліктері ” жөніндегі Ж. Досқараевтың кондидаттық (1944) және 1949 ж. “Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері” жайында докторлық диссертация жазған С. Аманжолов еңбектерін атауға болады. Бұдан кейінгі жылдары Ғ. Қалиев (Арал, 1954), С. Омарбеков (Маңғыстау, 1960), О. Нақысбеков (Шу, 1963), Ә. Байжолов (1964), Ә. Нұрмағанбетов (Түрікменстан, 1965), Н. Жүнісов (Қарқалпақстан, 1965), Ә. Бөрібаев (Орда, 1966), Т. Айдаров (Тамды, 1967), Ю. Авдувалиев (Ташкент, 1967), Ш. Бектұров (Сырдария, 1968), Б. Бекетов (Оңтүстік Қарақалпақ, 1969), А. Тасымов (Еділ, 1975), М. Атабаева (Диалектілік сөз мағынасы, 1985), К. Құрманғалиев (Батыс Сібір, 1992) және Б. Өтебековтер (Ауған, Иран, 1998), әр региондағы қазақтар тілінің ерекшеліктері бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Сондай – ақ қазақ диалектологиясының өзекті мәселелері бойынша Ж. Болатов (15), Ш. Сарыбаев (16), Ә. Нұрмағанбетов (17), Т. Айдаров (18), С. Омарбеков (19), Ғ. Қалиев (20) Базылхан Бүхатынұлы (21), О. Нақысбековтер (22), докторлық диссертациялар қорғады. Бұл айтылған еңбектердің кейбіреуінде ғана бірер пікірлер айтылып, мысалдар келтірілгені болмаса, Жетісу тұрғындары тілінің лексикасы арнайы зерттеу нысанасы болған емес.

Қазақ тілінің жергілікті ерешеліктерін зерттеу өткен ғасырдың 30- шы жылдарынан басталды десек, сол зерттеу Жетісу өңірімен тікелей байланысты. Қазақ диалектологиясының негізін салушылардың бірі – С.Аманжолов 1934 жылы КазПИ – де сабақ беріп жүргенде, Қазақстанның түпкір – түпкірінен келген студенттердің сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерге алғаш рет назар аударып, студенттерге тапсырма  беріп Алматы маңынан материал жиғызады. Бұл өңірдегі тұрғындар тілінің басқа жерлерден айырмасы бар екеніне көзі жетіп, содан былай жергілікті тіл ерекшелігіне көңіл бөле бастайды (11.156) Диалектологтардың еңбегіне және диалектология бөліміндегі сақтаулы картотекалық қорға қарағанда, осы өңірге үйымдастырылған бірінші экспедицияны І. Кеңесбаев басқарып, Алматы облысының Кеген, Нарынқол аудандарының тіл ерекшеліктері жайында материал жиып қайтады (23.108 - 122). Бұдан кейінгі Жетісу өңіріне арналған диалектологиялық экспедиция 1944 жылы үйымдастырылып, Ж. Досқараевтың қатысуымен Талдықорған облысының Ақсу, Қоғалы, Қаратал аудандарынан материал жиналады (24.6) 1948 – 1953 ж.ж. Ж. Досқараевтың басшылығымен экспедиция ұйымдастырылып, М. Рашев, Ә. Бөрібаев, Р. Дүйсенғалиевтер Алматы облысының Шелек, Еңбекшіқазақ аудандарындағы тұрғындар тілін зерттейді. Осы жылдары Алматы облысының Кеген, Нарынқол, Жамбыл аудандары тұрғындары тіліне зерттеулер жүргізіліп, Ж. Болатов, О. Нақысбеков, Ә. Құрышжанов, Ә. Болғанбаев, Ә. Әбдірахмановтар қатысты. Жетпісінші жылдары Оңтүстік облыстардың диалектологиялық атласын түзеуге байланысты экспедициялар жиі үйымдастырылып, оған Ш. Сарыбаев, Ж. Болатов, Ә. Нұрмағанбетов, С. Омарбеков, Е. Жанпейісов, Қ. Айтазиндер қатысты. 1977 жылы Талдықорған облысы тұрғындары тілін зерттеу үшін О. Нақысбековтың басшылығымен комплекс экспедиция үйымдастырылып (24.7), Е. Қойшыбаев, А. Махмутовтар қатысып, Талдықорған облысының Кербұлақ, Қаратал, Киров, Сарқант, Бөрлітөбе, Ақсу аудандарынан материал жиналды. Бірінші рет Қ.Р. Ғылым академиясының мүше – корреспонденті Ғ.Ғ. Мұсабаевтың басшылығымен эпиграфикалық экспедициялар ұйымдастырылып, Алматы, Жетісу өңіріндегі тау – тасқа жазыылған суреттер мен жазулар тексерілді. Бұл экспедицияларға К. Хұсайын, А. Махмутов, А. Хұсайынов және О. Нақысбековтар қатысты. Жетісу өңірінде тұратын ұйғыр тілін зерттеуге де осы Инститтутың ұйғыр бөлімшесі қызметкелері ат салысты.

Әр жылдары жергілікті тіл ерекшеліктерін жинау нәтижесінде диалетолгия саласында мақалдар, еңбектер де жарық көріп, онда Жетісу тұрғындары тілінің ерекшеліктері жайында айтыла бастады. Сондай алғаш рет жазылған Жетісу тіл ерекшелігіне қатысты еңбектің бірі – М. Нүсіповтың мақаласы (25.104-110) бұдан кейінгі кезде жарық көрген Ж. Досқараевтың қазақ тілінің оңтүстік диалектісі жайындағы мақалаларындағы (26.56-63) зертеліп отырған өңірдегі тұрғындар тілінің ерекшеліктері жайында кейбір материалдар берілген С. Аманжолвтың жоғарыда аталған еңбегінің 257-284 беттерінде келтірілген оңтүстік диалектігіне тән лексикалық ерекшеліктердің ішіне Жетісу сөйленісіне тән біраз сөзді кездестіруге болады. Алматы облысының кейбір аудандарындағы тұрғындар тілінің ерекшеліктері жөқнінде жарияланған Ж. Болатов (27.163-181), Ә. Құрысжанов (28.44-53), мақалаларында осы өңірге тән кейбір ерекшеліктер келтірілген.

Жетісу өңірінің кейбір лексикалық ерекшеліктері жөніндегі біраз материалдары С. Аманжолов (11.156-159), Н. Т. Сауранбаев (29.43-51),                Ә. Қайдаров (30.24-32), Ш. Сарыбаев (31.140), Ә. Сәдвақасов (32.44-55 ), А. Иманбаев (33.102), Х. Кәрімов (34.38-50) еңбектерінен кездестіреміз. Әсіресе бұл материалдар оңтүстік говорлар тобын арнайы зерттеген О.Нақысбековтың (16.120-125) еңбегінде молырақ айтылады.

Қазақ тілі говарларын алғаш топтастырушы проф. С. Аманжолов (35.87-101) оңтүстік, батыс және орталық – солтүстік диалект деп үшке бөледі. Ал Ж. досқараев (36) пен проф. Н.Т.Сауранбаев (29.50) үлкен екі говорлартобына (оңтүстік шығыс және батыс пен орталық солтүстік ) бөліп қарастырады. Соңғы зерттеулерде ш. Сарыбаев (37.45-54) қазақ тілі сөйленістерін оңтүстік, батыс, орталық – солтүстік және шығыс говорлар тобы деп төртке бөледі. Осы топтардың қай – қайсы болмасын, зерттеліп отырған Жетісу өңірі оңтүстік – шығыс немесе оңтүстік говорлар тобына кіретіні белгілі болып отыр.

Н.Т. Сауранбаев жоғарыда аталған мақаласында оңтүстік говорлар тобын сырдария, шымкент, шу, жетісу говарлары деп төртке бөледі. Жетісу говарының лексикалық жағынан ерекшеліктерін сипаттай келе, онда егін, мал шаруашылығына және көкөніске байланысты сөздердің молдығымен, ұйғыр, қырғыз тілдерінің әсерінің болуымен ерекшеленеді деп көрсетеді (29.50). О. Нақысбековтың зерттеуінде соңғы жиналған деректерге сүйене отырып Тәжікістан және ташкент қазақтары тілін де осы оңтүстік говарлар тобы шеңберінде қарастырып (24.5), оның тәжік, ташкент,қызылорда, шымкент, шу , жетісу говары деп алтыға бөледі. Осы зерттеулердің бәрінде де Жетісу өз алдына говар екені дәлелденіп отыр.

Енді Жетісу сөйленісінің лексикалық ерекшелігінің сипатына тоқталып өтейік. Жетісу сөйленісі оңтүстік говарлвр тобына кіретіндіктен, зерттеліп отырған өңірде қолданумен қатар, олардың оңтүстіктің басқа аудандары мен ауылдардағы тұрғындар тілінде де айтылуы заңды құбылыс. Мұндай таралуы жағынан кең аумақты қамтитын құбылыстарға мына төмендегі сөздерді мысал ретінде келтіруге болады. Олар: ақыр (малға шөп салатын орын), ақта (піштірілген мал), аужар (жар – жар), әке (қарағым), баба (бағудағы сиыр тобы), бәсіре (арнаулы, меншікті мал), долы (бұршақ), жағылан (былғарыдан, киізден жасалған сандық, чемодан), зуала (иленетін қамыр нанның бөлігі), бақыр (шелек), елгезер (үн елейтін елек), ершік (ат жеккенде жетекті көтеріп тұратын белқайыс өткізетін ер), ештеңке (ештеңе, еш нәрсе), зембіл (носилка), қапшық (ақша салатын кәмәжник), кәшек (малдың жегеннен кейінгі қалған шөбінің ірісі), кепе (ерте туған қозы), шәйнек (аққұман, шай шығаратын ыдыс),  келімдәрі (қызыл бұрыш), көрпелдес (кенже туған қозы), қос айдау (соқа айдау, егін егу), мойынтұрық (өгізді жеккенде пайдаланатын мойынағаш), сыпыра (ұн елегенде астына төсейтін дастарқан), шаңғырақ (шаңырақ) т.б.

Жетісу тұрғындарындағы қолданылатын кейбір сөздер оңтүстік өңірге тән болумен бірге оның таралу шегі қазақ тілінің шығыс говорларын қамтып, солармен  ортақ болып келеді. Оған мысал ретінде асар (көмек, жәрдем), там (үй мағынасында), әпке (өзінен үлкен қыз), әпкіш (суағаш, мойынағаш), жейде (еркектердің көйлегі), шәугім (2-3 литрлік су қайнататын ыдыс), тошала (шошала), шылауыш (шаршы, ақ орамал) серне (деңгене), азат омыртқа (мал сойғанда беретін қол ақы).

Жетісу өңірінде қолданылатын кейбір сөздер оңтүстік говорлар тобын

түгел қамтымай, соның біреуімен ғана ортақ, бірден болып, басқа говорларда кездесе бермейді.  Оған мысал ретінде Жетісу мен Шу  сөйленістеріне ортақ мына сөздерді айтуға болады. Олар: бесік пеш  (қазан орнататын дөңгелек темір пеш), зағара (қол диірменге  тартылған жүгері ұны),  кепсер (бауырсақ сүзгіш тесік ожау), қарма (бидай мен жүгеріні қуырып диірменге тартып ұнтақтаған түрі), мама ағаш (ат байлайтын ағаш), мият (тірек, сүйеу), тіс ағаш (бұрынғы уақыттағы жер айдайтын ағаш соқа), шынтақ (трубанның, кернейдің иіні) т.б.

Жетісу тұрғындары тілінің басқа өңірден ерекшелігі – мұндағы тұрғындар ертеден ұйғыр, дүнген халықтарымен араласып жатқандықтан осы тілдердің әсерінен болған, солармен ортақ айтйлатын сөздердің молырақ болуы. Оған мысал ретінде асбұзыл (асхана), дас (шылапшын), чақай (ұйғ. Чоқай, шикі теріден жасалған аяқ киім), өстен (тоған), көмбеқонақ (жүгері), кежде түрін білдіретін зақар – ләмпік, іскер мағынасын білдіретін қиын тәрізді сөздерді келтіруге болады.

Жетісу сөйленісіне тән лексикалық ерекшеліктердің бірі – мұнда өсімдік атауларының молдығы. Жер бедерінің таулы, далалы, сай – салалы, өзенді, көлді болып, ауа райының қолайлылығына байланысты жер жанаты Жетісуда неше түрлі өсімдік атаулары кездеседі. Бұл жайында ақын Ілияс Жансүгіров “Жетісу суреттері” атты өлеңінде жырлаған болатын. Осы өңірде кездесетін өсімдік атауларынан мысалдар келтірейік. Олардың біразы адам мен мал үшін емдік қасиеті бар – топиын, сепсеқуыр, шырғанақ, қарауқорғасын, күлкіләпшін, жербауырсақ, тартаржапырақ, илан, дүнгеншай, бұйражапырақ, аққодал, сарандыз, сырттан, көкемарал, күйіксары, арқаржусан, бізжусан, сүттіген, саумалдық, қазтаңлай, қарандыз, қараматау т.б.

Зерттеліп отырған өңірдегі біраз ерекше айтылытын сөздер егінге, көкөніс атауларына байланысты. Олар бұршақ (жүгері), мекей жүгері (ұсақ жүгері), бақал (бидайдың шығарып тастаған сабағы), бая (бидайды шапқанда тік тұрып қалған сабағы), аққауыз (бидайдың топаны), құйрық (бидайды ұшырғанда дәні толық емес ық жағына шыққаны), қылпын (бидай қауызы), қасқасы (бидайды ұшырғанда жел жағында қалған ірісі), қоғам (ұзынша етіп жиналған таза бидай), беде (жоңышқа), пішендік // шабыс (шөбін шабатын шабындық жер), көрпе (жоңышқаның қайта көктеп үшінші рет шабылуы), бас шабыс (жоңышқаның бірінші рет шабылуы), орта шабыс (жоңышқаның екінші рет шабылуы), кенже орым // көрпе (жоңышқаның соңғы рет қайта көктеп шығуы), бәкөс (1. шалғымен шапқандағы жол, шөп үйіндісі; 2. ат тырмамен жиғандағы жол, үйінді), соққы // тұлықтас (егін бастыратын тас), бел арық (көлденең тартылған арық), бас арық (үлкен арық), өстен (ең үлкен арық), жер суы (егінді айдамай тұрып берілетін су), желке су (екінші рет берілетін су) т.б.

Бұл өңірде мал атауларына да байланысты өзгеше айтылып, басқа жерлерден ерекшеленіп тұратын сөздер жоқ емес. Олар: қара қайыс түйе (түлеген түйе), бұзбаша (құнажын кезінде бураға шөгілген түйе), нарша (үш пен төрт жас арасындағы түйе), буыршын (құнан кезіндегі екі жастағы еркек түйе), кере (ерте туған қозы), арамза (қыста, қаңтарда туылған қозы), сары аяқ қозы (ерте туған қозы), көрпелдес (кенже туған қозы), күйек қозы (мезгілінде туған қозы), жеруік қой (қозысын алмайтын қой), қатыбас қой (аурып семірмей қалған қой), екі тісті (тұсақ, сек қой), төрт тісті (құнан қой), алты тісті (дөнен қой), сегіз тісті (бесті қой), сары тісті (бестен алтығы шыққын қой), ақ ауыз қой (жеті – сегіз жастағы қой), жағызба (сүті көп қойға сүті аз қойдың қозысын емізу), емешек (кез келген қойды еме беретін қозы), секіртпе (ішек құтының ауруы), шойырылма (қойдың жүре алмай қалатын ауруы), алаң (топалаңның бір түрі), қызыл шу (іш тастау) т.б.

Лексика – семантикалық топтардың қайсыбір салаларын алсақ та, Жетісу өңіріне тән қазақ тілінің басқа өңірлермен салстырғанда ерекшеленіп жататын сөздер молынан кездеседі. Олардың қатарына ыдыс – аяфқ, үй бұйымдары атауларына қатысты: бақыр (шелек), көмбе // көмбе қазан (таба), кепсер (кәкпір, тесік ожау), шәйнек (шай шығаратын аққұман), шәугім (2 – 3 литрлік су қайнайтын ыдыс), тақсы (құмнан жасалған ыдыс), шыны (шай кесе), ақпар шыны (үлкен кесе), ежір (құмыра), қашқарша (мойны үзын құман), дегер (шылапшын), елеген (шылапшын), кірлен (шылапшын), әпкіш (мойынағаш), тәпкі темір (кәпкір), тарақ балта (кіші балта), чой балта (үлкен балта), чот (басы имек түрі), чапачот (басы кетпеннің үңғысы сияқты кигізіле салатын шот түрі), төңкерме (самаурынның түтін өшіргіші), чиша (шамның шынысы), соқыр шам (лампасыз шам); тағам аттарына қатысты: тоқаш (бауырсақ), күлче құрт (дөңгелек құрт), бүрме (қарынға тығып қатырған ет), тапа нан (таба нан), көмбе нан (таба нан), қиықша (жұқалап жайып, қиып майға пісірген нан), қою сүт (иінді сүт, сиырдың екінші сауған сүті)т.б.

Жетісу өңірінде бұдан басқа да әдет – ғұрыпқа, салт – санаға, ырымға, ойын түрлеріне және кәделерге байланысты сөздео де мол.

 

 

 

 

 

 

 

І. ЛЕКСИКАЛЫҚ ДИАЛЕКТИЗМДЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛІ ЛЕКСИКАЛЫҚ ТОПТАРҒА ҚАТЫСЫ

Диалектілік сөз дегеніміз не, оның өзіндік белгілері қандай болуы жайында орыс тіл білімпаздарының еңбектерінде айтылған болатын. Ф.П.Филин диалектілік сөздің негізгі белгісінің бірі – оның белгілі бір аумақта ғана қолданылуында, басқаша айтқанда, сондай ерекшелік деп саналатын сөздің таралу шегі болуында деп қарайды (38.20). Сонымен бірге Ф.П. Филин диалектілік сөзге “Диалектыным словом является слово, имеющее локальное распространение и в то же время не входящее в словарный состав литературного языка (в любую его разновидность)” (38.22) – деп анықтама берді. Диалектілік сөз жөнінде бұл айтылған ереженің қазақ тіліне де қатысы бар деп есептеуіміз керек.

Жетісу сөйленісінің лексикалық құрамы жағынан алғанда, лексикалық ерекшеліктердің басым көпшілігі тіл дамуының өткендегі дәуіріне тек говорда сақталып қалған тіліміздің байырғы сөздері болса, қалған бірсыпыра лексикалық құбылыстар көрші тілдермен қарым – қатынас нәтижесінде туған кірме құбылыстар.

Кірме сөздердің ішіндегі көлем жағынан молырағы орыс тіліне қатысты. Ал араб – парсы, ұйғыр тілдерінен енген сөздердің мөлшері аз.

Құрылымы жағынан диалектілік лексиканы түбірлі, туынды, тіркестік, семантикалық, лексика – фонетикалық және жиілік диалетизмдер деп бөліп қарастырып жүр (31.13). сыртқы тұлғалық сипаты жағынан жергілікті халық тілінде кездесетін лексикалық ерекшеліктердің ішінде жоғарыда көрсетілген түрлерінің қай – қайсысы болса да кездеседі.

 

        1. Түбірлі диалектизмдер

Түбір тұлғалы диалектизмдерге мысал ретінде тана бір жастан асқан сиыр малы, зай ылғал, саң астық салып қоятын орын, далан үйдің кіреберісі, дуал топырақтан солғылпған қора, ілім арқалық, белағаш, шоқай көн теріден істелген аяқ киім, бәлләй ойын аты, шүлдік т.б.

Туынды түбірлі диалектизмдерге тоңқайма уықты шаңырақтың өзіне ғана шаншып жасаған керегесіз киіз үй, кірші кір жуатын ыдыс, көпіршік сүтке сүт құйғанда шығатын көпірінді, ершік атжеккеде екі жетекті көтеріп тұратын қайыс өтетін кішкене ер, көкше буынға түсетін құрт ауруы т.б.

 

        1. Тіркесті диалектизмдер

Тіркесті диалектизмдер құрамы жағынан екі түрлді болады. Олардың біріншісі есім сөздердің тіркесінен болған диалектизмдер: сарт орақ орақ түрі, ошақ қазар құдадан алынатын кәде, нәрсе көрімдік қыз жасауына берілетін көрімдік, қоржын той жігіттің қалыңдығына бара кезде жасалатын шағын той, күйеу өкпелер күйеу табағына сыбағасына төс салып әкелгенде, орнынан тұрып төсті қабылдап дәм тау салты.

Тіркесті диалектизмнің екінші түрі – есім мен етістіктің тіркесіп келуі. Оған мысал ретінде ақшам болу ақ көбік болып терлеу, албаты кету есі кету, базы қылу көзіне айту, барын қылу жарқ ету, күнжім болу кінәлә болу т.б. сөздерді айтуға болады. Тіркесті диалектизмдердің құрамындағы сыңарларының біреуі диалектілік, екіншісі әдеби тілде айтылатын немесе екі құрамы да әдеби тілде бар сөздерден құралатын тіркес болып келуі мүмкін.

 

        1. Семантикалық диалектизмдер

Семантикалық диалектизмдерге әдеби тілде бір мағынада, жергілікті тілде екінші мағынады немесе әдеби тілдегі мағынасын сақтай отырып, жергілікті жерде диалектілік мағынада жұмсалатын сөздер жатады. Бұған Жетісу өңірінде “қарағым, шырағым” мағынасында қолданылатын әке сөзі мен   “тым, аса” мағынасында айтылытын қиын сөздері мысал бола алады. Қылша тастақты жерде өсеін өсімдік. Әдеби тілде және жергілікті жерде осы мағынада айтылумен бірге Жетісуда қызылша мағынасында да жұмсалады. Анар (1. жеміс түрі; 2. ажар, көрік), қапшық (1. қап; 2. ақша салатын ыдыс) сөздеріде осы топқа кіреді.

Информация о работе Аттар мен құбылыстардың аттарын білдіретін сөздер