Аттар мен құбылыстардың аттарын білдіретін сөздер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 11:08, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезеңде қазақ тілінің қоғамдық - әлеуметтік қызметінің өрістеп, дамуымен байланысты әдеби тілдің функционалдық – стильдік жақтан саралану үрдісі тереңдей түсті. Жалпыхалықтық тілдің өзге түрлеріне қарағанда әдеби тіл жетекші сипатқа ие болды. Осымен байланысты әдеби тілдің дәстүрлі нормалары беки түсті.

Содержание

КІРІСПЕ ................................................................................................................3-15
І. ЛЕКСИКАЛЫҚ ДИАЛЕКТИЗМДЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛІ ЛЕКСИКАЛЫҚ ТОПТАРҒА ҚАТЫСЫ .............................................................................................................16-24
1.1. Түбірлі диалектизмдер
1.2. Тіркесті диалектизмдер
1.3. Семантикалық диалектизмдер
1.4. Лексика – фонетикалық диалектизмдер
1.5. Сәйкесті және сәйкессіз диалектизмдер
ІІ. ЛЕКСИКА - СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАР............................................................25-50
2.1. Заттар мен құбылыстардың аттарын білдіретін сөздер.
2.1.1. Үй – жай, қора – қопсы, бау – шарбаққа байланысты сөздер.
2.1.1.1. Үй – жай, баспана түрлері, оның бөлшектері.
2.1.1.2. Киіз үй, оның түрлері, жабдықтары.
2.1.1.3. Қора – қопсы, бау – шарбақ түрлері.
2.1.2. Көрпе – төсек, киім – кешекке байланысты сөздер.
2.1.3. Ыдыс – аяқ атауларына байланысты сөздер.
2.1.4. Тағам атауларына байланысты сөздер.
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................51-53
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................................53-56
ШАРТТЫ ТҮРДЕ ҚЫСҚАРТЫЛЫП АЛЫНҒАН АТАУЛАР..............................................57

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.раб. ЛЕКСИКА - СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАР.doc

— 349.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе ................................................................................................................3-15

І. Лексикалық диалектизмдер және оның түрлі лексикалық топтарға қатысы .............................................................................................................16-24

    1. Түбірлі диалектизмдер
    2. Тіркесті диалектизмдер
    3. Семантикалық диалектизмдер
    4. Лексика – фонетикалық диалектизмдер
    5. Сәйкесті және сәйкессіз диалектизмдер

 

ІІ. Лексика -  семантикалық топтар............................................................25-50

2.1. Заттар мен құбылыстардың  аттарын білдіретін сөздер.

2.1.1. Үй – жай, қора – қопсы, бау – шарбаққа байланысты  сөздер.

2.1.1.1. Үй – жай, баспана түрлері, оның бөлшектері.

2.1.1.2. Киіз үй, оның түрлері, жабдықтары.

2.1.1.3. Қора – қопсы, бау – шарбақ  түрлері.

2.1.2. Көрпе – төсек, киім –  кешекке байланысты сөздер.

2.1.3. Ыдыс – аяқ атауларына  байланысты сөздер.

2.1.4. Тағам атауларына байланысты  сөздер.

 

 Қорытынды.....................................................................................................51-53

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ...................................................................53-56

Шартты түрде қысқартылып алынған атаулар..............................................57

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезеңде қазақ тілінің қоғамдық - әлеуметтік қызметінің өрістеп, дамуымен байланысты әдеби тілдің функционалдық – стильдік жақтан саралану үрдісі тереңдей түсті. Жалпыхалықтық тілдің өзге түрлеріне қарағанда әдеби тіл жетекші сипатқа ие болды. Осымен байланысты әдеби тілдің дәстүрлі нормалары беки түсті. Ендігі жерде диалектизмдер әдеби тілдің нормасымен сыйыспайды деген қауіптен гөрі жергілікті тіл ерекшеліктері ұлттық әдеби тілді байытудың қайнар көзі деп қарайтын көзқарас орныға түсті. Мұның өзі диалектологиялық материалдарды жинап – теріп, жүйелеудің, оларға лингвистикалық талдау жасап, ғылыми саралаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Оның үстіне диалектизмдер – халықтың байырғы кездегі дүниетанымынан, материалдық, рухани мәдениетінен, шаруашылық жүргізу тәсілдері мен кәсібінен мол дерек беретін этномәдени қайнар көздердің бірі. Ал қазіргі кезде жалпыхалықтық тілдің аса маңызды дерек көздері болып табылатын жергілікті тіл элементтері азаймаса, көбейіп жатқан жоқ.

Сондай – ақ тіл тарихын зерттеуде, этимологиялық таладаулар жасағанда, тарихи лексикология мәселелерін сөз еткенде, диалектілік лексиканың маңызы зор. Олай дейтініміз, реликт ретінде сақталып қалған ерекшеліктер жайдан-жай пайда болған құбылыс емес, сол өңірдегі тұрғындардың ұжымдық тәжірибесі, басынан өткен тарихи оқиғаларының тілдегі көрінісі. Жергілікті тілде сақталған лексикалық қат-қабаттар тарихы бірде қыпшақ, бірде оғыз, бірде жалпытүркілік элементтермен ұштасып жатады. Осындай қат-қабаттарға талдау жасап, жігін ашуда диалектілік лексиканың берер пайдасы аса мол екені сөзсіз.

Жергілікті тұрғындар тілінен жиналған сөздедің бәрі тек сол жерде ғана қолданылатын диалектизмдер деп біржақты түсінбеу керек. Белгілі бір аймақта айтылатын сөз сол өңірдегі тұрғындардың кәсібіне, шаруашылығының түрлеріне, жер бедеріне, айналасын қоршаған табиғатының ерекшелігіне, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне  және ұмыт болып бара жатқан қолөнер, аңшылық, саятшылық т.б. байлпанысты этнолингвистикалық лексиканың құрамында әдеби тілді байытуда пайдалануға болатны сөздер де көп.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуына байланысты жаңа ұғымдарды атауға қажетті балама сөдерді тауып, іріктеп алуда әдеби тілімізді байытудың бірден-бір қайнар көзі болып саналатын халық тілінің лексикалық ерекшеліктерін зерттеудің мәні ерекше.

Міне, осы көрсетілген тілден тыс факторлар мен жергілікті сөйленіс жүйесінде көрініс табатын тілдік факторларды сабақтастыра қарап, Жетісу сөйленісіне (әрі қарай - ЖС) тән жергілдікті лексикалық ерекшеліктерді лингво-гоеграфиялық әдісті қолдану арқылы қазақ тілі білімінде зерттеу ісі жүргізіліп, бір өңірдің өзіне ғана тән өзгешеліктерді және оның басқа көрші сөйленістермен ортақ және айырма жақтарын анықтау, зерттеліп отырған сөйленістің әдеби тілге қатысы мен оның сөздік қорын байытудағы рөлін көрсету жұмыстың өзектілігін танытады.

 

Зерттеуге негіз болған материалдар. Қазақ тілінде жазылған қазақ диалектологтарының еңбектері, диалектологиялық, фразеологиялық сөздіктер, мақал-мәтелдер сөздігі пайдаланылды, әрі олар әдістемелік және теориялық тұрғыдан басшылыққа алынды.

 

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жетісу өңірі тұрғындарының тіліндегі лексикалық ерекшеліктерді зерттеу нәтижесінде :

  • ЖС-нің лексикалық ерекшеліктері жинақталып, бір жүйеге келтірілді,

лексика – семантикалық топтарға жіктелді;

  • ЖС-індегі лексикалық ерекшеліктерді қазақ тілінің басқұа

сөйленістерімен салыстыра отырып, зерттеу негізінде осы жерге тән лексикалық ерекшеліктер айқындалды;

  • Лексикалық ерекшеліктердің таралу шегі лингво-географиялық

тұрғыдан анықталып, олар кең аумақты, орта аумақты, тар аумақты құбылыстар ретінде жіктелді;

  • Жинақталып, зерттелген материалдар негізінде ЖС-нің әдеби тілге

қатысы, лексикалық жағынан айырмасы мен ортақ жақтары айқындалып, әдеби тілді байытудағы ЖС-нің игі рөлі көрсетілді. Атап айтқанда ирригацияға, техникалық дақылдарға және өсімдік атаулары мен жануарлар дүниесіне байланысты сөздердің әдеби тілден орын алуға мүмкіндігі бары дәлелденді;

  • Жұмыста зерттеліп отырған географиялық аумақты мекендейтін

халықтар мен жерг.ілікті халықтың қарым-қатынасына, байланыстарына зор назар аударылды.

 

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты -  ЖС-не тән лексикалық ерекшеліктерді анықтау, жүйелеу, топтастыру.

Аталған мақсатты орындау төмендегі міндеттерді шешуді қажет етеді:

  • ЖС-нің қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобымен ортақ лексикалық

белгілерін анықтау;

  • ЖС-ін оңтүстік говорлар тобын кіретін ШУ бойы қазақтары тілімен

салыстырып, онымен лексикалық жағынана ортақ және айырым белгілерін көрсету;

  • ЖС-ін қазақ тілінің шығыс говорлар тобымен салыстырып, олармен

лексика жағынан ортақ және айырым белгілерін анықтау;

  • ЖС-ін қазақ тілінң батыс говорлар тобымен салыстырып, олармен

лексика жағынан ортақ және айырым белгілерін анықтау;

  • ЖС-ін қазақ тілінң орталық-солтүстік говорлар тобымен салыстырып,

олармен лексика жағынан ортақ және айырым белгілерін анықтау;

  • ЖС-нің әдеби тілге қатысын, әдеби тілді байытудағы орнын көрсету;
  • ЖС-індегі кірме элементтерді анықтап, олардың ерекшеліктерін көрсету.

 

Зерттеу нысаны. Диплом жұмысының нысанасы – қазақ тілінің оңтүстік сөйленістер тобына кіретін ЖС-нің лексикалық ерекшеліктері. ЖС-нің қазақ тілінің басқа сөйленістеріне қатысы, өзіндік ерекшеліктері, әдеби тілге қатысы, оған қосатын үлесі.

 

Диплом жұмысының пәні. Қазақ тілі (диалектология)

 

Зерттеу әдістері. Диплом жұмысында зерттеу нысанасының ерекшеліктеріне сәйкес сипаттау әдісі, тарихи – салыстырмалы әдіс, тілдік фактілерді талдау – жинақтау және лингво-географиялық тәсілдер қолданылды.

 

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, І тарау лексикалық диалектизмдер және оның түрлі лексикалық топтарға қатысы, түбірлі диалектизмдер, тіркесті диалектизмдер, семантикалық диалектизмдер, лексика – фонетикалық диалектизмдер, сәйкесті және сәйкессіз диалектизмдер, ІІ тарау лексика семантикалық топтар, заттар мен құбылыстардың аттарын білдіретін сөздер, үй – жай, қора – қопсы, бау – шарбаққа байланысты сөздер, үй – жай, баспана түрлері, оның бөлшектері, киіз үй, оның түрлері, жабдықтары, қора – қопсы, бау – шарбақ түрлері, көрпе – төсек, киім – кешекке байланысты сөздер, ыдыс – аяқ атауларына байланысты сөздер, тағам атауларына байланысты сөздер атты тараулардан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер мен шартты түрде қысқартылып алынған атаулар тізімі берілген.

 

Диплом жұмысының негізгі мазмұны. Тақырып қазақ тілі білімінде соны да тың мәселеге арналып отыр. Мәселенің өзектілігі бұл тақырыптың қазақ диалектологиясында алғаш зерттелуінде ғана емес, сонымен қатар көлемінің ауқамдылығы мен күрделілігіне байланысты.

Жергілікті халық тілінде кездесетін диалектілік ерекшеліктер зерттеу жұмысының теориялық әрі практикалық маңызы зор мәселенің бірі болып саналады. Өйткені ауызекі сөйлеу тілімізде сақталып, әдеби тілімізде ұшырай бермейтін диалектілік өзгешеліктер сақталуы кездейсоқ пайда болмаған, белгілі тарихи жағдайда қалыптасқан, сыры мол құбылыс екенін аңғартады. Диалектілік ерекшеліктерді зерттеудің тілдің тарихы үшін де, қазақ халқының басқа түркі тілдес халықтармен этникалық байланысын ашу үшін де қосар үлесі мол. Өйткені қазақтың құрамына кірген ру, тайпалардың басқа түркі тілдес халықтарының ішінде кездесуі, сондай – ақ тіліміздегі диалектілік ерекшеліктердің кейбіреуінің қазақ тілінің басқа сөйленістерінде кездеспей, көрші туыстас тілдер материялдарына ұқсас болып келуі, халықтар арасында болған жиі қарым – қатынас нәтижесі болса керек. Бұл ретте академик Ә. Қайдаровтың (1.34) этностың басып өткен сан ғасырлық даму жолы, этнос өмірінің даналығы мен дүниетанымы тек тілінде ғана сақталады деген тұжырымын айта кетуді орынды деп санаймыз.

Әдеби тілді байытуда және оның икемділігін жетілдіріп, емлені бір ізге түсіріп қалыптастыруда да халық тілінің бай қазынасын пайдаланудың маңызы зор. Оқушылардың жазба жұмыстарының біразы жергілікті ерекшеліктерге байланысты, олардың өздерінің тұрған жеріндегі сөздердің бәрін әдеби тіл нормасы деп санауынан қателер жіберіп отырады. Сондықтан мектеп оқушыларының сауатты жазуы үшін мұғалімдердің жергілікті ерекшеліктерді жете білуінің мәні ерекше.

Қазіргі әкімшілік бөлінуі бойынша Жетісу Алматы облысының территориясын қамтиды. Ұсынылып отырған зерттеу жұмысы осы өңірдегі тұрғындар тілінің лексикалық ерекшеліктеріне арналған.

Жетісу – Қазақстан Республикасының оңтүстік – шығыс бөлігі мен Қырғызстанның солтүстік бөлігін қамтитын тарихи – географиялық аймақ. Тарихи деректерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше пікір бар. Кейбір ғалымдар бұлардың қатарына Лепсі, Басқан, Сарқант, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендерін жатқызса, басқалары Басқан, Сарқан өзендерінің орнына Аягөз бен Іле өзендерін қосады. В.В. Бартольдтың  айтуынша, алғашқыда жергілікті хлық Жетісу деп Іледен солтүстікке қарай созылған аймақты атаған, оған Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қызылағаш, Қаратал, Көксу өзендері енген. Ал Жетісу Іленің оңтүстігіне қарай созылған таулы аймақ деген ұғым 19 ғасырда тарап, сондай – ақ оған Тянь – Шаньның солтүстік – батыс және орталық аудандары да қосылатын болған (2.430).

Тарихи деректерге қарағанда, б.з.б. VII – IV ғасырларда Жетісуды Сақ тайпалары жайлаған. Олар сол кезде мал шаруашылығымен бірге суармалы егіншілікпен айналысып, қола мен темірден жасыалған құралдарды пайдаланған. Бұлар жайында Іле алқабындағы сақ дәуіріне жататын Бесшатыр (3.83), алтын адам табылған Есік (4.6) т.б. қорғандарына жүргізілген археологиялық қазбаларда қызықты деректер келтірілген.

Б.з.б. ІІІ ғасырда сақтарды Үйсін тайпалар одағы алмастрады (5.10). Үйсіндердің негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығымен бірге отырықшы өмір сүріп, егіншілікпен де шұғылданады. Жетісу өңіріндегі қазба жұмысын жүргізген қалалардан табылған жер өңдейтін, астық үнтақтайтын құралдар және үй құрылысы жайындағы деректер осының дәлелі болса керек (6.11). Б.з.б. VІ ғасырында Жетісу Түрік қағанатының құрамына енді. 581 ж. Түрік қағанаты екіге бөлінгенде, Батыс Түрік қағанатының орталығы Жетісудың астанасы Шу өзенінің бойындағы Сұяб (2.432) қаласы болды. Бұл қағанатқа Балқаш пен Іле Алатауы арасындағы түргештер, Ыссықкөлдегі чигилдер, Шығыс Түркістандағы ягмалар қараған болатын. Ұлы Жібек жолының бойында көптеген қалалар (7.18) салынып, егін егіп, су жүйелерін (8.14) пайдаланған. VIIІ ғасырдың 40 – жылдарында Түрік қағанаты өмір сүруін тоқтатқан соң, Жетісудағы билік түргештерге көшеді. Бұлар Іле мен Шу өзендерінің арасында көшіп – қонып жүрді. Түргеш қағандығы құлаған соң, Жетісу өлкесі қарлұқтардың қолына көшеді (5.11). Х ғасырдың бірінші жартысында Жетісу жеріне Қарақытай басып кірді. ХІ – ХІІ ғасырларда Жетісудың солтүстік - шығысында Іле бойында Шелек, Қапал, Арасан, Лепсі тәрізді қалалар мен елді мекендер пайда болды (2.433). ХІІ ғасырда Жетісу біраз уақыт наймандарға, бұдан кейін монғолдарға бағынды. ХVІІ ғасырдың екінші жартысында Жетісуға жоңғарлар басып кірді. ХІХ ғасырдың басында Жетісудың біраз жері Қоқан хандығына қарайды. ХІХ ғасырдың 40 – жылдарынан бастап орыстар келіп орналаса бастайды. 1817 жылы Жетісу (2.430) облысы құрылады. Осы жоғарыдағы Жетісуда болған тарихи оқиғалар, әр түрлі халықтар мен ру, тайпалардың араласуы бұл өңірдегі тұрғындар тіліне де әсер етпей қойған жоқ.

Информация о работе Аттар мен құбылыстардың аттарын білдіретін сөздер