Аттар мен құбылыстардың аттарын білдіретін сөздер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 11:08, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезеңде қазақ тілінің қоғамдық - әлеуметтік қызметінің өрістеп, дамуымен байланысты әдеби тілдің функционалдық – стильдік жақтан саралану үрдісі тереңдей түсті. Жалпыхалықтық тілдің өзге түрлеріне қарағанда әдеби тіл жетекші сипатқа ие болды. Осымен байланысты әдеби тілдің дәстүрлі нормалары беки түсті.

Содержание

КІРІСПЕ ................................................................................................................3-15
І. ЛЕКСИКАЛЫҚ ДИАЛЕКТИЗМДЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛІ ЛЕКСИКАЛЫҚ ТОПТАРҒА ҚАТЫСЫ .............................................................................................................16-24
1.1. Түбірлі диалектизмдер
1.2. Тіркесті диалектизмдер
1.3. Семантикалық диалектизмдер
1.4. Лексика – фонетикалық диалектизмдер
1.5. Сәйкесті және сәйкессіз диалектизмдер
ІІ. ЛЕКСИКА - СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАР............................................................25-50
2.1. Заттар мен құбылыстардың аттарын білдіретін сөздер.
2.1.1. Үй – жай, қора – қопсы, бау – шарбаққа байланысты сөздер.
2.1.1.1. Үй – жай, баспана түрлері, оның бөлшектері.
2.1.1.2. Киіз үй, оның түрлері, жабдықтары.
2.1.1.3. Қора – қопсы, бау – шарбақ түрлері.
2.1.2. Көрпе – төсек, киім – кешекке байланысты сөздер.
2.1.3. Ыдыс – аяқ атауларына байланысты сөздер.
2.1.4. Тағам атауларына байланысты сөздер.
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................51-53
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................................53-56
ШАРТТЫ ТҮРДЕ ҚЫСҚАРТЫЛЫП АЛЫНҒАН АТАУЛАР..............................................57

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.раб. ЛЕКСИКА - СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАР.doc

— 349.00 Кб (Скачать документ)

 

        1. Лексика – фонетикалық диалектизмдер

Бұл топқа құрамындағы фонетикалық ерекшеліктер белгілі бір

заңдылыққа бағынбайтын, тек сол сөздің қара басында ғана кездесетін ерекшеліктер жатады. Оған Жетісуда кездесетін ашты ащы, ажағай найзағай, ақа аша, амалқасы шара, амал, жаратқушы жаратушы, әпке (өзінен үлкен қыз, әйел адам).

Жиілік диалектизмдер.Бұл топқа Қазақстанның бір өңірінде жиі, екінші өңірінде сирек қолданылатын сөздер кіреді. Басқа жерлерге қарағанда Жетісуда жиі қолданылатын диалектизмге мысал ретінде тоған үлкен арық, шәйнек аққұман, шыны шай ішетін кесе, асар көмек, там үй, лапас бастырма, бақыр шелек, жейде еркектердің көйлегі сияқты сөздерді атауға болады.

        1. Сәйкесті және сәйкессіз диалектизмдер

Қазақ тіліндегі жиналған диалектілік ерекшеліктерге зер салып қарасақ,

бір өңірден жиналған кейбір сөздердің басқа жерлерде оның баламасы табылмай қалып отырады. Осындай бір ерекшеліктердің басқа сөйленістерде балама сыңарларының болу – болмауына, бір – біріне сәйкес құбылыстардың бар – жоғына қарай оларды сәйкесті, сәйкессіз диалектизмдер деп екі топқа бөліп қарастырып жүр. Бұл термин қазіргі қазақ диалектологиясына орыс тіліндегі “сәйкесті” (противопоставленный), “сәйкессіз” (непротивопоставленный) диалектизм деген түсініктің аудармасы ретінде туып (31.56), кейін осылай қабылданды (40.199). Соңғы жылдары диалектология бойынша басылып шыққан Шу бойы (41.64), Түрікменстан (42) мен Қарақалпақ (43) қазақтары жөніндегі және оқулық (44.91) пен монографияларда (31.17) осы аталған терминдер қалыптасты. Жетісу тұрғындары тіліндегі лексикалық ерекшеліктердің түрі де осы іспеттес болғандықтан, жоғарыда аталған еңбектерге сүйене отырып, біз де сәйкесті, сәйкессіз ерекшеліктеріне бөлуді жөн көрдік.

    1. Сәйкесті диалектизмдер. Бұл топқа енетін сөздер әр түрлі

сөйленістерде бір нәрсені, затты, құбылысты немесе белгілі бір ұғымды түрліше атаудан пайда болған. Мысалы, шатырсыз үйдің орнына Алматы, Талдықорғанда тоқал там, Жамбылда тоқал үй, Тәжікстанда кәл там сөздері айтылады. Есік – терезенің есігін ашып – жауып тұратын жақтау ағашқа қағылған темірді әдеби тілде топса деп атаса, оның жергілікті жерлерде топшы (Алм.), ашық – машық (Шымк., Жамб., Сем.), қоспа (Түрікм.) тәрізді аттары кездеседі. Үй сылайтын қалақты Шығыс Қазақстанда андау, Қызылордада андама – ділдама, Қостанайда әндемі дейді. Қауын – қарбыздың ішіндегі дәнін Алматы маңында шөпек, Жамбылда шопақ, Семейде ұрық, сүйек, Атырауда пашақ деп атайды. Арба дөңгелегінің ортасындағы оқ темір өткізілетін шабақтың басы кіріп тұратын дөңгелекше келген ағашты әдеби тілде күпшек деп атайды. Оның орнына әр түрлі сөздер: көшер (Қ.орда), шанақ (Орын), шелек (Ш.Қаз) қолданылады. Қазанға пісірген нанды Жетісу қазақтары қазан жаппа деп атайды. Мұның орнына Қостанайда қазан жап, Жамбылда қатырма деп атайды. Екі дөңгелекті арбаны жеккенде, жетек жоғары көтерілмес үшін аттың бауырынан алып екі жетектен байлап қоятын қайысты не жіпті Жетісуда бауыр қайыс деп атайды. Осы атаудың басқа жерлерде бауыр көтерме (Көкш.), бауыр қалдық (Ақт.), бауыртақ (Орын.), бауыртағы (Ақт.) сияқты баламалары бар. Арба дөңгелекінің сыртқы иін ағашы мен күпшекті қосып тұратын ағаштарды әдеби тілде шабақ десе, жергілікті сөйленістерде бақалақ (Орын.), бақай (Ш. Қаз.,Қар.), кегей (Ақт., Қост., Көкш., Целин.), қадақ (Ш.Қаз.), тірек ағаш сөздері қолданылады. Өгіз мойнына мойынтұрықтан шығып кетпес үшін ұстап тұратын сырт жағындағы темірді самиян деп атайды. Оның қазақ тілі сөйленістерінде сопи (Қ.орда,Орын.), шүй (Қост.), заноске (С.Қаз.), жаноз (Ақт.), жанос (Орал) атаулары қолданылады. Арба,  шана, соқаны тартатын өгіздің мойнына кигізетін арнаулы ағашты мойынтұрық деп атайды. Қазақ тілінің басқа говорларында мойындырық (Түрікм.), мойылдырық (С.Қаз),мойынағаш (Жамб.,Сем., Целин.), мойын қамыт (Омбы), жарма (Көкш.), өгіз қамыт (Ақт.,Орын.)сөздері қолданылдады. Жалғыз атты жеккенде, екі жетекті көтеріп тұратын қайыс өткізілетін кішкене ерді Жетісуда ершік деп атайды. Бұның орнына басқа жерлерде егерше (Қ.орда), желқом (Омбы), седелкі (Көкш), шүйдерке (Ақт), темір ер (Түрікм), ыныршақ (Қост., Орын.) сөздері айтылады. Шөп таситын арбаны Жетісуда сатылы арба // радуан арба деп атайды. Басқа өңірде бұның бірәндік арба (Омбы), дробина, рандақты арба (Целин.), дәрбиналы арба (Сем.), қалқанды арба (Ақт.), радыбан (Көкш), ырадуан (Қар.), ырдабанды арба тәрізді баламалары бар. Етке салатын нанның да қазақ тілінде атаулары әр түрлі. Оның қамыр (Алм.), жайма (Сем.), жайма нан (Көкш., Жезқ., Павл.), жалпақ нан (Қ.орда), қусырма нан (Түрікм.), құлақ нан (Көкш.), күртік (Қарақ., Түркім.), іңкәл (Орал), шелпек (Ш.Қаз.) тәрізді он екі түрлі атауы бар. Біз бұл жерде тұлғалары әр түрлі болғанмен мағналары бір ұғым жағынан сәйкес келетін үштен он екі сыңары дейін баратын сөздері мысалға келтірдік. Мұндай мысалдар саны бұдан да мол. Тіптен сыңарлары жиырма, одан да көп сөздер де жиі кездеседі. Бірақ осы келтірілген мысалдардан сәйкесті диалектизмдер дегеніміз не, оның түрлері қандай? Деген сұраққа жауап алуға болады.

    1. Сәйкессіз диалектизмдер.

Зерттеліп отырған өңірде, жоғарыда айтылғандай, осында

қолданылатын сөздердің басқа говарларда баламасы, синонимдік сыңары болмаумен қатар, кейбір лексикалық ерекшеліктерге басқа говарларда баламасы жоқ сөздерде жиналады. Әдетте осындай өзгешеліктер белгілі бір өлеңнің жер жағдайы, табиғатты, айналысатын кәсібі, халқынның әдет – ғұрпына байланысты болып келеді. Мысалы, Қазақстанның бұғы шаруашылығымен шұғылданатын Шығыс Қазақстандағы тұрғындар тіліндегі осы кәсіпке байланысты басқа жерлерде кездесе бермейді. Балық шаруашылығымен шұғылданатын Арал, Каспий өңіріндегі осы кәсіппен айналысатын адамдарда айтылатын сөздер мен сөз тіркестері көп жерде қолданылмайды. Ертеден арық – атызды пайдаланып, көкөністің неше түрлерімен айналысып келе жатқан оңтүстік тұрғындары тіліндегі сөздер Қазақстанның басқа жерлерінде айтыла бермейді. Демек, осындай жоғарыда аталған белгілі жағдайда байланысты қолданылып жүрген баламасы жоқ сөздер сәйкессіз диалектизмдер деп аталып жүр. Жетісу өңірінде мұндай сөздердің қатарына арық – атыз түрлеріне байланысты: тоған, өстен, жадау (үлкен арық), бел арық, желке арық, оқ арық, шөнек (арық түрлері), отау (су көмейін бекітетін үшбұт тосқауыл); суару түрлеріне қарай айтылатын: топырақ су (егінге берілетін тірінші су), мойын су (екінші су), дән суы (егін пісер алдында берілетін су), техникалық дақылдарға – апиын, темекі, қызылша шаруашылығында айтылытын түбір (қызылшанның қантқа айналған бөлігі), өркен (ұрықтың өнген түрі), қабыршақ (қызылша тұқымының сыртқы қабығы), чанчазы (апиын түбін шөптейтін құрал), тік құлақ, трапезон (темекі сорты), т.б.сөздерді атауға болады.

Табиғаты ерекше Жетісу өңірінде өсетін өсімдік атауларын да осы жерде ғана өсіп басқа жерлерде кездеспейтіндіктен, басқа жерде баламасы жоқ, сәйкессіз диалектизмдер қатарына жатқызуға болады. Олар: аюжүн, бүрлен, қоянаяқ, райхан, чыларжын, ақтікен, ілметікен, көгентікен, лақсатікен, бүрметікен, талқұрай, қарандыр, қатықыз, құмшай т.б.

Тілімізде кездесетін дыбыстық және грамматикалық болсын немесе лексикалық ерекшеліктер болсын, олардың бәрінің таралу шегі бірдей болып келе бермейді. Кейбір ерекшеліктер Қазақстан территориясының басым көпшілігін қамтыса, біразы бірнеше облыс көлемінде, ал енді бірқатар аудан көлемінде кездеседі. Тілдік құбылыстың осындай таралу шегі ескеріле келіп, диалектологиялық еңбектерде алғаш рет кең аумақты, орта аумақты, шағын аумақты (45.18) деген диалектологиялық термин қазақ тіліне ене бастады.

Жетісу сөйленісіндегі лексикалық ерекшеліктерді таралу шегіне қарай бөлгенде, оның кең, орта, шағын аумақты құбылыс екені осыдан қолданылатын сөздердің басқа жерлерге қарай таралу шегін салыстыра қарағанда ғана анықтауға болады. Мысалы, осы өңірде үй мағынасында айтылатын там сөзі Қазақстанның оңтүстік – шығыс өңіріне тән сөз болып есептеледі. (ҚТДС, 315). Соқа мағынасын беретін қос сөзінің таралу шегі де біраз облыс территориясын (Алм., Жамб., Шымк., Ш.Қаз.) қамтиды. Ал кейбір бесік пеш (пештің түрі), тіс ағаш (соқа түрі) сөздері Алматы, Жамбыл облыстарында да айтылады. Бұлар, сөз жоқ, кең аумақты сөздерге жатады. Ал осы жерге апиын, темекі шаруашылығына қатысты және кейбір ұйғыр тілінен енген сөздердің таралу аумағы шағын.

Диалектілік лексика бойынша жиналған материалдың бір тобы айтылуы бірдей болғанмен, мағыналық жағынан айырмасы бар сөздер. Мұндай сөздердің бірқатары әдеби тілде бір мағынада, жергілікті жерде екінші мағынада немесе әдеби тіл мағынасын сақтай отырып, диалект мағынада жұмсалатын сөздер. Осы тәрізді мағыналық жағынан ажыратылатын сөздерді соңғы шыққан диалектологиялық еңбектерде семантикалық диалектизмдер (31.14) деп аталып жүр. Осындай сөздердің қатарына Жетісу мен Семейдің кейбір аудандарында айтылатын әдеби тілдегі мағынасын сақтай отырып, қосымша “қарағым, шырағым” деген мағынада жұмсалатын әке сөзін жатқызуға болады. Сол тәрізді әдеби тілдегі көлем, мөлшер мағынасын сақтай отырып, қосымша жағдай мағынасында жұмсалатын ауқым сөзін де осы қатарға жатқызуға болады.

Жетісумен айтылуы бірдей, бірақ мағынасы әр түрлі сөздердің кейбіреуі Орал, Гурьев, Түрікменстанмен ортақ болса, басқалары Семей, Шығыс Қазақстан облыстарымен айтылуы бірдей болып, мағынасы әр түрлі болып келеді.

Жетісу тұрғындары тілінде кейбір ссөздердің айтылуы және беретін мағынасы әдеби тілмен бірдей болғанымен, ол сөздің басқа сөленістердегі мағынасы өзгеше болып келетіні жоқ емес. Мысалы, аңыз әдеби тілде

(ҚТС, 40) және Жетісу өңірінде  дәнді дақылдарды орып, жинап алған соң, қалған егін орны. Бұл сөз Қызылордада тыңайтылған жер, Оралда жел  (ҚТДС, 157) мағынасында жұмсалады. Әдеби тілде әрі зерттеліп отырған өңір мен басқа да сөйленістерде бірдей айтылатын арқа сөзі (ҚТС, 44) адам мен жан-жануардың ту сыроты мағынасын білдіреді. Торғай тұрғындары тілінде  арқа деп сиынар, сүйенер адамды, ал Түркмен қазақтарында бұл сөз түкті кілемнің сыртын білдіреді. Сұңғыла әдеби тілде зерделі, зерек мағынасында (46.774) айтылса, Жетісу тұрғындары тілінде білімді, тоқығаны мол адамды бідіреді. Ал сұңғыла деп Жамбыл (41.196) облысында айдауға, бау-бақша арасына шығатын арамшөпті айтады. Қиын әдеби тілде машақаты көп, оңай емес (ҚТС, 395) деген ұғымда айтылса, Жетісу сөйленісінде оған қосымша їскер, мықты (41.133) деген мағынада қолданылады. Пешене әдеби тілде жазмыш, тағдыр (ҚТС, 528) мағынасында. Жетїсу өңїрїнде осыған қосымша мандай ұғымын да береді. Маңлайға жазғанын көрерміз. Алапай әдеби тілде алапай-талапайын шығарды (опыр-топыр қылды) деген тіркесте (ҚТС, 31) қолданылса, жергілікті жерде алапай деп бұлбұл тәрізді құсты атайды. Алаша әдеби тілде (ҚТС, 32) және қазақ тілі сөйленістерінде түрлі-түсті арқау салып жолақтап тоқылған тақыр кілем, төсенішті алаша деп атаса, Жетісу өңірінде осыған қосымша шие тәрізді жемісті (47.45) де осылай айтады. Қасқа деп әдеби тілде (ҚТС, 386) малдың мандайында болатын ұзынша ақ жолақты айтады. Сөз болып отырған өңірде бұған қосымша ұшырылған бидайдың жел жағындағы тазасы мағынасында да жұмсалады. Сұрау сөзі әдеби тілде сұрақ, тілек мағынасында қолданылса, говорда осымен қатар ел билеу, өкім жүргізу мағынасында да айтылады.

Зерттелїп отырған Жетісу өңіріндегі кейбір сөздердің айтылуы, дыбысталуы жағынан қазақ тілінің басқа сөйленістерімен бірдей болып келгенмен, олардың мағыналары әр түрлі болып келеді. Ондай сөздердің кейбіреуінің мағынасы жағынан жақын, бір тектес зат атауы болса, бірқатары әр тектес зат атауларын білдіретін сөздер болып келеді. Мысалы, Жетісу өңірінде чоқай деп ірі қара терісінен жасалған аңшылар киетін аяқ киімді айтады. Ал Жамбыл тұрғындары тілінде чоқай сөзі сыртына ешкі терісін қаптап қолдан басқан киіз байпақ немесе киіздің өзін сырып жасаған аяқ киімді білдіреді. Ағаш үй деп бұл өңірде ағаштан қиюластырып салынған үйді айтса, Орал, Ақтөбе, Гурьев қазақтары тілінде бұл сөз киіз үй мағынасында жұмсалады. Сол тәрізді ақа деп Жетісуда айырды айтады. Гурьев, Орал тұрғындары тілінде аға, өзінен үлкен ер адам мағынасында қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАР

 

Жетісу тұрғындары тілінен жиналған лексикалық атаулар халық өміріне қатысты сөздердің барлық түрлерін қамтиды. Мұнда зат атауларына, олардың сапалық белгілеріне, кәсіпке және іс-әрекетке байланысты сөздер де молынан қамтылды. Олар мағыналарына қарай топ-топқа бөліп көрсетілді. Осының ішінен бөліп айтылатын мәселе – кәсіби лексикаға байланысты.

Кәсіби лексика. Лингвистикалық терминдер жайында жарияланған еңбектерде “кәсіби лексика” деп белгілі бір мамандық, кәсіп көлемінде қолданылатын сөздер танылып жүр (63.372; 64.137; 49.403). Ұлан-байтақ Республикамызда мұндай кәсіптердің түрлері мол. Олар - мал, егін, балық, мақта, қызылша, темекі, бау-бақша, бұдан басқа да тігіншілік, қолөнерлік, омарташылық кәсіптер. Осы кәсіптердің әр түрлері бойынша жергілікті халық тілінен едәуір материал жиналды. Кәсіби лексика бойынша Ғ.Себепов (65.144-155), Ж.Досқараев (66.27-42), І.Кеңесбаев (67. ), О.Нақысбековтердің (68.160-180) мақалалары жарияланды. Кәсіби лексика жөнінен К.Тұңғышбаев (69.21), Ә.Тәжімұратов (70.18), А.Шамшатова (71.16), Қ.Айтазин (72.17), А.Айғабылов (73.29), Ә.Жақыповтар (74.23) кандидаттық дисссертациялар қорғады.

Қазақ тілінің лексикасы, стилистикасы жайында жазылған М.Балақаев пен Е.Жанпейісов еңбектерінде диалектизмнен гөрі кәсіби лексиканың қолдану аясы кеңірек, белгілі бір аймаққа ғана тән (балық, мақта өсіру т.б.) кәсіп түрлеріне байланысты сөздер деп қарайды (75.48). Ғ.Мұсабаев (76.75-78) кәсіби сөздер мен терминдердің өте жақын екендігін ескере отырып, оларды кәсіби лексика және ғылыми терминология деп бөліп қарастыруды ұсынады.

Кәсіпке байланысты сөздердің біразы әдеби тілде қолданылып, жалпыхалықтық сипат алғанын ескере отырып Ш.Сарыбаев кәсіби сөздерді жалпыхалықтық сипаттағы кәсіби сөздер, диалектілік сипаттағы кәсіби сөздер деп екі топқа бөліп қарастырады (45.166).

Жетісу өңіріндегі кәсіпке байланысты сөздер деп осы жерде темекі, қызылша, апиын, бау-бақша суландыру шаруашылығына, егін шаруашылығына байланысты қолданылатын және мал шаруашылығында қолданылатын атауларды айтуға болады. Бұл жөнінде жұмыстың егін шаруашылығына байланысты тараушада айтылған.

Оның жалпыхалықтық сипат ретінде мысалға келтірген жүгері, қияр, сәбіз, жүзім, дақыл, арпа, бидай, сулы тәрізді сөздер Жетісу тұрғындары тілдерінде де қолданылады.

Ал осы кәсіби сөздердің ішінен жалпыхалықтық сипат алмай, диалектілік ерекшелік ретінде қолданылатын сөздер де жоқ емес. Мысалы, жергілікті тұрғындар тілінде жүгері сөзімен бірге осының баламасы ретінде көмбеқонақ, бұршақ, көмбе бұршақ сөздері де қолданылады. Жалпыхалықтық сипат алған сарымсақ (чеснок) сөзімен бірге оның ужуа деген баламасы да қолданылады. Асқабақ сөзімен қатар қабақ, қауа//кәуе сөздері айтылады. Жүгері, сарымсақ, асқабақтың бұл келтірілген баламалары әдеби тілге ене алмайтын, Ш.Сарыбаевтың топтауынша, регрессивті диалектілік кәсіби сөздер қатарына жатады (31.51).

Диалектологиялық еңбектерде әдеби тілді байытуға, енуге мүмкіндігі бар сөздерді прогрессивті диалектілік сипаттағы сөздер деп атап жүр (31.50). Жетісу өңірінде ондай әдеби тілге енуге мүмкіндігі мол егінге арық-атызға байланысты сөздер мол. Ол сөздер жұмыста едәуір келтірілген.

Жетісу тұрғындары тілінің әдеби тіл мен басқа говорлардан ерекшеленетін едәуір сөздер жиналды. Осы говордың сөздік құрамындағы сөздер мағыналық белгісі және түрлі лексикалық категорияларға қатысы жағынан тең емес. Олардың басым көпшілігі тұрмыста кездесетін әр түрлі заттар мен құбылыстардың аттарын білдірсе, бїрқатары заттар мен құбылыстардың сындық белгілерін көрсетеді. Ал енді бірқатар сөздер іс-әрекет, қимылды білдіретін сөздер. Осы аталған мағыналық белгілеріне қарай оларды “Заттар мен құбылыстардың аттарын білдіретін сөздер”, “Заттар мен құбылыстардың сынын білдіретін сөздер”, “іс-әрекет, қимылды білдіретін сөздер” деген атпен басты-басты топтарға бөлініп беріліп отыр.

1. Заттар мен құбылыстардың  аттарын білдіретін сөздер.

Зерттеліп отырған өңірдегі лексикалық ерекшеліктердің ішінде сан жағынан молырағы, ең жиі ұшырайтыны - заттар мен құбылыстардың атын білдіретін сөздер. Бұл сөздерді әр алуан тарауларға қатысына қарай төмендегідей бірнеше топқа бөліп беріп отырмыз.

 

3.1. Үй-жай, қора-қопсы, бау-шарбақ

3.1.1. Үй-жай, баспана түрлері, оның бөлшектері

 

Жетісу қазақтары тілнде үй сөзімен қатар там сөзі де айтылады.

Там қабырғалары дуалдан соғылып, төбесі шатырсыз тегс етіп жабылған үй. Ағамыздың екі бөлмелі тамы бар. Олар тамда отыр. Ашық қалған терезесі қалқиып бейқам тұрған өздернң қоңыр тамын көрд (Б.Соқпақбаев. Жекпе-жек, 6).

Информация о работе Аттар мен құбылыстардың аттарын білдіретін сөздер