Аттар мен құбылыстардың аттарын білдіретін сөздер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 11:08, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезеңде қазақ тілінің қоғамдық - әлеуметтік қызметінің өрістеп, дамуымен байланысты әдеби тілдің функционалдық – стильдік жақтан саралану үрдісі тереңдей түсті. Жалпыхалықтық тілдің өзге түрлеріне қарағанда әдеби тіл жетекші сипатқа ие болды. Осымен байланысты әдеби тілдің дәстүрлі нормалары беки түсті.

Содержание

КІРІСПЕ ................................................................................................................3-15
І. ЛЕКСИКАЛЫҚ ДИАЛЕКТИЗМДЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛІ ЛЕКСИКАЛЫҚ ТОПТАРҒА ҚАТЫСЫ .............................................................................................................16-24
1.1. Түбірлі диалектизмдер
1.2. Тіркесті диалектизмдер
1.3. Семантикалық диалектизмдер
1.4. Лексика – фонетикалық диалектизмдер
1.5. Сәйкесті және сәйкессіз диалектизмдер
ІІ. ЛЕКСИКА - СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАР............................................................25-50
2.1. Заттар мен құбылыстардың аттарын білдіретін сөздер.
2.1.1. Үй – жай, қора – қопсы, бау – шарбаққа байланысты сөздер.
2.1.1.1. Үй – жай, баспана түрлері, оның бөлшектері.
2.1.1.2. Киіз үй, оның түрлері, жабдықтары.
2.1.1.3. Қора – қопсы, бау – шарбақ түрлері.
2.1.2. Көрпе – төсек, киім – кешекке байланысты сөздер.
2.1.3. Ыдыс – аяқ атауларына байланысты сөздер.
2.1.4. Тағам атауларына байланысты сөздер.
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................51-53
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................................53-56
ШАРТТЫ ТҮРДЕ ҚЫСҚАРТЫЛЫП АЛЫНҒАН АТАУЛАР..............................................57

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.раб. ЛЕКСИКА - СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАР.doc

— 349.00 Кб (Скачать документ)

Керегенің басы кереге желісінің жоғарғы жағы, екі желінің айқасып көктелген, уық байлайтын жері. Уықты керегенің басына құрмен шандып байлайды. Бұны кей жерлерде керегенің құлағы деп атайды.

Киіз үйдің шаңырақ пен керегені жалғастырып тұратын сүйегінің бірі - уық. Уықтың ұзындығы 2,5-3 метрге жетеді. Уықтың уық бау тағылып, керегеге байланатын жерін уықтың басы, бау тағылған жаындағы иілген жерін уықтың иіні немесе уықтың қары, шаңырақтың көздеріне енетін бөлігін уықтың қаламы деп атайды. Уықтың бау өткізілетін тесігі уықкөз деп аталады.

Қыдырған уық қатты жел, дауыл болғанда киіз үй уықтарының қаламдықтан шығып қалып, қисайыңқырап қалуы.

Дөңгелек шеңбер етіп иілген киіз үйдің ең жоғарғы сүйегін Жетісуда шаңарақ//шаңырақ деп екі түрлі атайды. Шаңырақтың табақ шаңғарақ (ортасына дөңгелек тегіс ағаштан оюлап, неше түрге нақыштап, гүлдеп жасалған), шабақ шаңғарақ (ортасы табақсыз күлдіреуішпен жасалған) деген екі түрі болады. Шаңырақ ағашы беттеп жабылады. Оның астына қойылатын ағаш - жастық ағаш немесе төсеу ағаш деп аталады. Шаңырақтың күлдіреуіш дөңгелек бөлігін тоғын дейді. Оның орнына кей жерлерде доға, шеңбер сөздері қолданылады. Ал Атырау, Маңғыстауда шаңырақтың уық өткізетін дөңгелек ағашын қар, қора (79.190) деп атайды. Бұдан басқа да шаңырақ бөліктеріне байланысты күлдіреуіш (шаңырақ тоғынының үстінен түндікті көтеріп тұратын, түтін шығып, жарық түсу үшїн айқастыра бекітілген ағаш), бақалақ (шаңырақтың ішінен қабырғаларын керіп тұру үшін орнатқан төрт ағаш), беріктік (күлдіреуішті айнытпай ұстап тұру үшін қойылған ағаш), шаңырақтың көзі, қаламдығы (шаңырақтың уық басын кигізетін тесігі), жапсар (шаңырақ тоғынының екі бөлігі), жапсар сым (иіп келтірген шаңырақты айнытпай өз мөлшерінде ұстап тұратын сым) т.б. сөздер қолданылады.

Жергілікті тұрғындар тілінде шаңырақ көтеру, шаңырағың биік, босғаґ берік болсын! шаґырғыґ шайқалмасын! деген тәрізді тіркестермен бірге этнографиялық ұғымдар қалыптасқан. Ондағы ізгі тілектермен қатар, шаңырағың ортаға түссін! Тәрізді қарғыстар да тілімізден орын алған.

Киїз үйге қатысты сөздердің біїразы есікке байланысты. Оның қағылға (киїз үйдің есігії), сықырлауық (ағаштан жасалған есік), киіз есік (киізден жасалған есік), ергенек (киіз үйдің есігіне көлденең қойылатын тақтай), иткірмес (киіз есік) тәрізді түрлері бар. Есіктің бөліктеріне байланысты босаға немесе таяныш (есіктің екі жағындағы ағашы. Босаға оң босаға, сол босаға болып бөлінеді), табалдырық (босағаның табан жағы), маңлайша (босағаның үстіңгї жағы) тәрізді атаулар бар.

Босағаға байланысты тілімізде салт-сана, әдет-ғұрыптық ұғымды білдіретін “Босағаң берїк болсын! (Отбасың аман болсын!)”, босаға аттады (келін болып түсті), босағасын солқылдатты (қиратып кете жаздады, күш көрсеттї), босағасын тоздырды (қайта-қайта келді, ер қашты болды) сияқты сөздер мен сөз тркестері жергілікті тұрғындар тілінде де сақталған.

Сондай-ақ, есік, табалдырықта “киелї”, қастерлі нәрселер көп болады деп ұғынғандықтан, “Есікті керме”, “табалдырықты баспа”, “маңдайшаны төбеґмен тіреме”, “таянышқа сүйенбе” (жаманшылық болады) деп тиым салуға қатысты сөздер де молдап кездеседі.

Киіз үйге қажетті ұғымдардың бірі - ши. Бұл жөнінде де үй шиі немесе қанат шиі (керегенің сыртынан үй айнала оралатын ши), ши шымылдық, ши кілем, ши шыпта (киіз астына төсеу үшін арнайы тоқылатын ши), өреше немесе өре ши (есіктен үйге кіргенде оң жақта қазан-аяқ т.б. тұратын бұрышты бөліп тұратын ши), еттік ши (соғым еті немесе құрт жаятын ши) тәрізді сөздер бар.

Киіз үйге керекті заттардың бірі - киіз. Олар:

Туырлық керегенің етегінен бастап, уықтың иінін түгел жабатын, етек жағы тегіс, жоғарғы жағы жиылыңқы (енсіздеу) қисық төрт бұрышты тұтас киіз. Туырлық төртеу болады. Төрт және алты қанатты киіз үйге екі туырлық жабылады. Туырлықта төрт бау болады.

Үзік етек жағы туырлықпен айқасатын, уықтың жоғарғы бөлігіне дейін жабатын, алты баулы үлкен киіз. Үзіктің етегі үйдің бүйірін дөңгелене жауып тұрады. Үйдің керегесі аз болса, үзіктер молынан айқасады, кереге саны көп болса, азырақ айқасады.

Жапсар екі үзіктің айқасқан жері.

Үзік қасы үзік киіздің шаңырақ жақтағы жиегі.

Үзік жабығы үзіктің төменгі жақтағы жиегі.

Бас бау үзік пен туырлықтыґ шаґыраІты асырыла бекїтетїн бауы.

Шет бау үзік пен туырлықтың төменгі жақтағы баулары.

Түңлік // түндік үйдің шаңырағынан бастап үзікке дейін жабатын төрт бауы бар қисық төрт бұрышты шағын киіз. Түңлікті таңертең бірінші оянған адам ашу керек. Ауа райы ашық болса, түңліктің алдыңғы екі бауын шешеді де, жартылай артқа қайырып қояды. Жауын-шашын болса, түңліктің бір ғана бауын шешїп, үй ішінен бақанмен тіреп қояды.

Түңліктің шалғайы түңліктің етегі. Жауын-шашын болғанда, түңліктің бір бауын шешіп, түңліктің шалғайынан бақанмен тіреп ашып қояды.

Түңлік түнде жабылып, күндіз ашық тұратындықтан, оның ашылып-жабылуын үлкен адамдар қатты қадағалайды. Осыған байланысты “түндігі жай ашылатын келін”, “түндігі жабық түратын келін” деген сындар да айтылып жатады.

Жабық туырлық пен үзіктің қиылысатын жері. Киіз үйдің жабығынан сығалап қарап тұрды.

Дөдеге үзік киізінің жабығына айналдыра тігілетін өрнекті киіз не қалың жібек мата.

Тегеріш басқұр, керегенің жоғарғы жағына айналдыра ұсталатын жалпақ құр.

Құлдырауыш үзік киізінің жабығына айналдыра тігілетін өрнекті киіз не қалың мата.

 

3.1.3. Қора-қопсы, бау-шарбақ түрлері

 

Қора мал ұстауға, оны қамауға арналған жеке құрылыс. Мал қора, ат қора, сиыр қора, қой қора, түйе қора, шошқа қора, тауық қора тәрізді қораға қатысты атаулар тек осы Жетісуда ғана емес, Қазақстанның барлық жерлеріне тән. Дегенмен, кейбір қораның түрлерін, оның бөлшектерін атап өткен жөн тәрізді.

Ашық қора төбесі ашық, жан-жағы жабық, мал шуақтайтын қора. Қостанайда бұны ашық, Гурьев, Ақтөбеде азбар, Көкшетауда албар деп атайды.

Бітеу қора төбесі, жан-жағы түгел жабық жылы қора. Бұны Омбы, Семей, Шығыс Қазақстанда бітеу дейді.

Қамыс қора қамыстан жасалған қора. Өзбекстанда - доғара//тоғара.

Бопыр қора қабырғасын шөп, қимен өсірген, қыста мал шуақтайтын қора. Бұны Көкшетауда аран, Ақтөбе, Қызылордада қарабура, Алматы маңында теппе қора дейді.

Шыбық қора қабырғасын шыбықтан тоқып жасаған қора.

Ақыр // ат ақыр малға жем, шөп салып беру үшін тақтайдан, талдан, сырықтан қаланып жасалған қора ішіндегі орын. Бұны Орынбор, Орал қазақтары оттық, Қостанайда ясли, Көкшетауда жәшлә деп атайды.

Шарбақ талдан, тақтайдан, қамыстан т.б. нәрселерден жасалған үй төңірегіндегі қоршау.

Аула жеке тұрғын үйдің есік алдындағы айналасы қоршалған алаң. Шымкентте әулі сөзі қолданылады.

Қаша қораға мал кірмеу үшін тік қазықтарға екі-үш қатар етіп көлденең шегеленген сырықтардан жасалған қоршау.

Дарбаза // қақпа қораға, аулаға кіріп-шығып жүретін үлкен есік.

Жақтау есіктің екі жағындағы босағасы. Бұл сөздің жаңғақ (Ш.Қаз.) және таяныш тәрізді баламалары бар.

Белағаш есік тақтайларын ұстап тұру үшін екі жерден көлденең қағылған ағаш. Бұның қазақ тілінің сөйленістерінде беріктік (Қост.), жіпсе (Ақт.), қарғаша (Көкш.), бақалақ(Қ.Орда) тәрізді атаулары бар.

Топшы есіктің топсасы. Бұны баспа темір (Көкш.), ашық-машық (Жамб., Шымк.) деп те атайды.

Ілгек есіктің ішінен іліп қоятын темір. Бұның баспа (Жамб.), жәншіл (Орын.), күршок (Омбы), шот (Сем.), тепкі, шотқа (Қост.), ырғақ (Ақт., Орал), зүлпен (Өзб.), зұлпын (Шымк.) тәрізді аттары бар.

Шығыршық есікке құлып салу үшїн жұмыр, ортасы тесік темір. Бұны кейбір жерлерде шұжық (Көкш.), шық, шыґға (Қ.Орда), шұжыұ (Көкш.) деп атайды.

Күйген кірпіш күйдіріп жасаған кірпіш. Шымкент, Қызылорда, Өзбекстанда қыш, қыс; Семейде пысқан кірпіш; Жамбылда қыш кірпіш деп атайды.

Қара сылақ үйдің қабырғасына, төбесіне және сыртына жүргізілген бірінші сылақ. Қара сылақ жүргізгенде үйдің ұңғыл-шұңғылы тегістеледі.

Ақ сылақ сары топырақпен жүргізілген қара сылақтан кейінгі екінші сылақ.

Құм сылаұ аұ сылаұтан кейінгі құммен жүргізілген үшінші сылақ.

Бор үйді ақтайтын әк, ізбес.

Утас әк, ізбес. Базардан утас сатып алып келді. Бұны кей жерлерде әк (Жамб., Шымк., Қ.Орда), ізбес (Омбы, С.Қаз.), ақ балшық (Көкш., Орал), ақ керіш (Сем.) деп атайды.

Кәмөлек пеш орыс пешінің үлгісімен салынған, бірақ одан кішілеу, ыңғайлы пеш.

Морошақ кірпіштен, кесектен, тастан жасап, қазандығын жоғары көтеріп жасаған биіктеу ошақ.

Жерошақ жерден қазылып жасалқан ошақ. Оны Жамбылда кемеге деп атайды.

Ошақ пеш жоғарғы жағы қазан қайнатуға лайықталып жасалған дөңгелек қаңылтыр пеш.

Бесік пеш сопақшалау, бесікке ұқсас темір.

Түтіндік түтін шығатын жер. Оны Жамбыл, Шымкент маңында қуыр деп те атайды.

Керней темір пештің түтін шығатын жері.

Шынтақ темір пеш кернейінің шынтақ тәрізді иіліп келген түрі.

Моржа морошақтың түтін шығатын жері.

Темір пеш темірден жасалған пеш.

 

3.2. Көрпе-төсек, киім-кешекке байланысты сөздер

 

Жақы тай терісінен жасаліан төрге төсейтін төсеніш.

Алаша - тұсқа ұстайтын тоқылған тоқыма. Оны Өзбекстан қазақтары қарала, Жамбылда чалша деп атайды.

Түскиїз тұсқа ұстайтын киіз. Оны Ақтөбеде қалауыш деп атайды.

Қауыздай киіз жөргек киіз, баланың жөргегінің астына, бесік тақтайының үстіне салатын киіз.

Сырмақ сырып жасалған киіз. Жамбыл тұрғындары тілінде - сырмақ.

Төсек жапқыш жиған төсек үстін жабатын жапқыш. Семейде ақ жайма.

Сейсеп жастықтың ішкі тысы және көрпенің қосымша астары. Монғол қазақтары тілінде ақ көрпе, Оралда жабын.

Көрпе үстіге жамылатын жамылыш. Кей жерлерде оны ет көрпе (Жамб.), жамылғы (Гур.), жамылғыш (Қ.Қалп.), жұрқан (Гур., Орал.)

Төсеніш жерге төсейтін көрпе. Мұның көрпеше (Шымк., Қост.), ұлпақ (Орал), көпшік (Түрт.) тәрізді баламалары бар.

Көрпенің жүйегі көрпенің жиегіне тігілген бір жарым елідей жиегі, бөлігі. Бұның булың (МХР), тұтыс, әдіп, пілте (Жамб.) тәрізді аттары да бар.

Жуырқан көрпе бұл сөз осы мағынада Жамбыл, Қарағанды облыстарындағы тұрғындар тілінде де кездеседі.

Жарғақ қойдың, ешкінің терісін сыпыртып тастап жасалған киім.

Ұзын жең мешбет қалың, ұзындығы тізеден келетін шапан.

Шолақ жең жеңі шолаң мешбет. Шолақ жең қалың да, жұқа да бола береді. Кей жерлерде жеңсіз (Орын., Түркм.)

Кебенек жұқа басылған киізден жасалған малшылар жауын-шашында киетін киім. Кебенек келген келеді, кебін киген келмейді (Мақал). Жамбыл, Шымкент тұрғындары тілінде кебентай.

Жадығай арасына жүн, мақта салмай тігілген жеңіл шапан.

Сарпай шекпен. Оларға асыл матадан тіккен сарпай кигізіпті.

Жақы тайдың, құлынның терісінен жасалған сырт киім.

Кеудеше жағасыз, ішіне маіта, жүн салып тіккен жеңі шолақ киім. Бұны Гурьев, Орал, Түрікмен қазақтары тілінде күрте деп атайды.

Байлауыш басқа тартатын орамал. Семей, Шығыс Қазақстан тұрғындары тілінде де осылай айтылады.

Күндік кимешек сыртынан тартатын 4-5 метрлік ақ мата. Мұны Түрікмен қазақтары бұрама жаулық деп атайы.

Кимешек ақ матадан бет жағы ойылып тігілген әйелдің бас киімі. Кимешектің маңлайлы кимешек, маңлайсыз кимешек деген түрлері болады. Бұл сөз орнына Қостанай, Көкшетау, Павлодар қазақтары тілінде жаулық, Шымкентте жаулық сөзі қолданылады.

Жек // жекей құндыз бөрік. Жамбыл қазақтары тілінде құндыз бөрік.

Тақия бұны Қарағанды облысында топы, Ақтөбе мен Орынборда тебетей, Семей облысындда қама деп атайды.

Шаршы кимешек сыртынан тартатын ақ мата. Қызылордада желек сөзі қолданылады.

Шылауыш шаршы, ақ мата. Жас әйелдердің кимешек сыртынан тартатын шаршы.

Айыр қалпақ жұқа ақ киізден жасалған бас киім.

Сыпырмай аласа жиекті бөрік.

Түрме бөріктің айнала жиегі.

Қайырма қалпақтың төменгі жағы, қатырып қоятын жиегі.

Салы басқа тартатын шәлініґ үлкені.

Бөртпе салы шашақты шәлі.

Жейде еркектердің көйлегі. Гурьев, Орынбор қазақтары тілінде жегде.

Сым матадан тігілген бұт киім. Әдеби тілде бұл сөз орнына шалбар сөзі қолданылады.

Бет орамал қол сүртетін орамал. Жамбылда дас орамал, Шымкентте - қол шаршы.

Сыпыра нан жайғанда, ұн елегенде астына төсейтін төсеніш.

Байтаба жүннен тоқылған шұлғау.

Киіз етік жүннен басылған жылы аяқ киім, пима.

Шоқай сиырдың, жылқының шикі терісінен тігілген аяқ киім.

Шарық шикі теріден істелген аяқ киім. Ақтөбеде - шапаты.

Саптама етік қонышы ұзын етік.

Біз өкше етік өкшесі жіңішкелеу келген етік.

Бастама етік қонышы ескі, жаңадан бас салған етік.

Пітеубас етік қонышы мен басы бітеу келген етік.

Мәймөңкелеу етікке не мәсіге өрнек салып тігу.

Көттік етіктің, мәсінің серісі.

Алшалғыш алжапқыш. Мұны Қарағанды, Қостанай, Қызылордада белдемше деп атайды.

Кәмзол кеудеге киетін жеңіл кеудеше. Мұның қазақ тілі сөйленістерінде кәжекей (түр.), кәзекей (Орал, Ақт., Ш.Қаз., Сем.), Қамзау (Қост.).

Информация о работе Аттар мен құбылыстардың аттарын білдіретін сөздер