Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 07:30, реферат

Краткое описание

Еліміздің ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласында – қазақ ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие беру, оған қазіргі мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау проблемаларын шешу қажеттігін қойып отыр.
Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістердің қарсаңында дамып келе жатыр. Осы өзгерістер позитивтік нәтиже беру үшін көп жағдайда білім беру реформаларына байланысты болады. Білім беруде дәстүрлі ұлттық құндылықтармен қатар педагогиканың инновациялық талаптарымен және қоғамның гуманистік, демократиялық құндылықтарымен тығыз байланысты болады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................
С.Қалиевтың педагог-ғалым ретінде қалыптасуына тарихи-педагогикалық сипаттама
Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері..................................................................................................
С.Қалиевтың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары және оның ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындаудағы үлесі...........................
С. Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби даярлығында пайдалану
С.Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы идеяларын педагогика курсын оқытуда пайдалану...................................................
Ғалым-педагогтің ұлттық тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлерін сабақтан тыс жұмыстарда қолдану жолдары.........................................
Қорытынды .............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

asankanova.doc

— 662.00 Кб (Скачать документ)

Қазіргі кездегі тәрбиенің басты қағидаларының бірі - жастарды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу, тәрбиеде жеке тұлғалық бағыт ұстау, жастардың бостандығы мен әлеуметтік құқығын мойындау. Осы тұрғыда да ғалым С.Қалиев көптеген зерттеулер жасады.

Педагогика курсында «Тәрбиенің принциптері» тақырыбын өткенде С.Қалиұлының ұлттық педагогиканың негізгі қағидаларын жіктеуін пайдаландық.

  • Дүниеге шыр етіп сәбидің келуімен байланысты атасы мен әжесінің, әкесі мен анасының  қуанышында шек болмайды. Ағайын-туыс, көрші-қолаңның қуанышы да өз алдында бір төбе. Сондықтан халық педагогикасының принциптерінің бірі – ол нәрестенің дүниеге келуіне арналаған шілдехана тойында:

Сен келді деп өмірге,

Шырақ жағып көңілге.

Қуануы қауымның,

Тегін емес, тегінде, - деп қарт әжелердің ән шырқауында үлкен мән бар. Өйткені, дүниеге жаңадан келген нәресте – ертеңгі ел үмітін ақтар азамат болады деп сенген халқымыз бата-тілегін аямаған:

  • Баланы сергек сезімді, еңбексүйгіштік, абзал азамат етіп тәрбиелеу ісін оның жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен: «Ұлыңа бес жасына дейін патшаңдай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң досыңдай бағала» деген халық мәтелі баланы беске дейін еркін тәрбиелеудің, ал он беске дейін көмекшің деп қараудың, он бестен асқан соң ақылшы - досың деп санаудың қажеттілігін меңзейді. Ал, бұл ғылыми педагогикадағы баламен еркін сөйлесу, тек азамат санау, ашық сырласудың тәлімдеу мәнін көрсететін ынтымақтастық педагогикасымен сабқтасып жатқанын байқау қиын емес;
  • Халық педагогикасындағы тәрбиеленушінің жеке бас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді де ескерткен. Барлық адамның мінез-құлқы, қабілеті бірдей емес. Сондықтан оларды тәрбиелеу әдісі, ықпалы, құралы да әртүрлі болмақ. Бала мінезін жете түсініп, ерекшеліктерін ескеріп отыру қажет.

Ата-бабамыз «Баланы туады екенсің, бірақ мінезді тумайды екенсің» немесе «Бір биеден ала да туады, құла да туады» деген екен.

Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, өскен ортаға, ата-анаға, үлкендерге байланысты: «Жібекті түте алмаған жүн етеді, баланы күте білмеген құл етеді», «Жігіттің тентек болмағы – биінен, баланың тентек болмағы - үйінен», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақалдары осы жағдайға байланыста айтылған болар.

Ұлы ақын Абайға жүгінсек: «Адамға көбінесе үш алуан мінез жұғады: Біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан» деген екен.

  • Халық педагогикасының келесі қағидасы тәрбиенің әлеуметтік принципі. Мысалы, халық баланы жастайынан еңбек етуге үйретеді, даярлауды басшылыққа алаған. Жастайынан ұл балаларды қозы-лақ қайыру, отын-су даярлау, мал өнімдерінен тұрмыстық құрал-жабдықтар әзірлеуге, ал қыз балаларды ыдыс-аяқ жуу, кесте тоқу, өрмек тоқу, үй тазалау т.б үй жұмыстарына үйреткен. Сол арқылы балаларды өмірдің ең қажетті дағдысы – еңбекті сүюге және құрметтеу рухында тәрбиелеген, яғни, халық жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеудің негізі еңбек екенін дұрыс пайымдаған және еңбек  еңбек тәрбиесін ерекше бағалаған. Мына мақалдар еңбектің адам өміріндегі ролін көрсеткен: «Істесең тістерсің», «Мал баққанға бітеді», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»;
  • Халық педагогикасының тағы бір басты қағидасы тәрбиенің біртұтастығы. Жастарды өмірге дайындап, олардың «сегіз қырлы, бір сырлы» азамат болуы үшін барлық жағдайларды жасаған. Халқымыз кез-келген тәрбие құрамына ақыл-ой, дене, адамгершілік, отансүйгіштік, еңбек, имандылық т.б тәрбиелері үндесіп жатады. Ал, бұл принцип ғылыми педагогикада «Жастарды жан-жақты, үйлесімді тәрбиелеу» деген қағидасымен сабақтасып жатыр;
  • Адамгершілік қасиеттерді, ар-ожданды қастерлеу – халық педагогикасының басты принциптері. Бұл жөнінде ғалым-педагог С.Қалиұлы халқымыздың мына мақалдарын тереді: «Ақ жүрген адам азбас», «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Адам деген ардақты ат», «Әдептілік, ар-ұят адамдықтың белгісі», «Жігіттің құны жүз жылқы ары мың жылқы», «Жаным – арымның садақасы».

Халық педагогикасының қағидаларының соңында ғалым-педагог С.Қалиұлының ойын келтірейік: «Ұлттық табиғатымызға сай келе бермейтін сіреспелі педагогикадан халық педагогикасына ауысқан осы дәуірде оны бүгінгі күн қажетіне сай пайдаланудың практикалық маңызы зор. Ол үшін халқымыздың тәдім-тәрбиелік негіздерін жанұяда, балабақшада, әртүрлі сатылы мектептерде және қоғамдық ортада қолдануымыз керек».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Ғалым-педагогтің ұлттық  тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлерін  сабақтан тыс жұмыстарда қолдану  жолдары

 

Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің, оның ішінде ұлт жандылық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» атты халыққа Жолдауында «Олар... күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады және Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің басты міндеттері: азаматтық пен елжандылықты, өз Отанының – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен Республикасының басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс және шетел тілдерін меңгеру» - деп айрықша атап көрсетілген. Осыған орай белгілі ғалым-педагог, профессор С.Қалиевтың өмір жолдарын, ғылыми-педагогикалық этнопедагогикалық ой-пікірлері, басқа да зерттеулері негізінде болашақ педагогтарды кәсіби жағынан даярлауда пайдалану қажет деп ойлаймыз (Кесте – 1).

 

Кесте 1 - Серғазы Қалиевтың ұлттық тәлім-тәрбие туралы идеяларын жүзеге асыру бағдарламасы

р\с

С. Қалиевтың жастарға ұлттық тәрбие беру туралы идеялары

Негізгі шығармалары

С. Қалиевтың идеяларын жүзеге асыру жолдары

Сабақ үстінде

Сабақтан тыс уақытта

1.

Ұлттық салт-дәстүрлер арқылы балаға ақыл-ой, адамгершілік, дене, денсаулық, еңбек тәрбиелерін беру, мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

1.«Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы».                  2.«Тәрбие – мемлекеттік мәселе».             3.«Тәрбие хрестоматия сы». 4.«Оқушылар дың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері».

Этнопедагогика сабағында «Қазақтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары», «Халық педагогикасының қағидалары» тақырыптары бойынша ғалым идеяларын қолдану; Пеадгогика курсы бойынша: «Эстетикалық тәрбие», «Ақыл-ой тәрбиесі», «Дене тәрбиесі», «Еңбек тәрбиесі» тақырыптарының мазмұнын түсіндіруге пайдалану. «Тұлғаны қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші ролі» атты тақырыпта қолдану.

Үй тапсырмасы: «Сегіз қырлы бір сырлы» адам тәрбиелеудегі ғалымның қағидалыр туралы идеялары негізінде эссе жазу.

2.

Халық педагогикасымен ғылымы педагогикалық қағидалар үндестігі. Тәрбие міселесін сөз еткенде ұлттық тәрбиеге, оның ішінде қазақ халқының ежелгі салт-дәстүріне, елді, жерді қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге тура келеді. Біздің ата-бабамыз көлеміне 3 франция сиятын байтақ даласын шетел басқыншылары нан мыңдаған жылдар бойы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қасықтай қаны қалғанша қорғап, 360 соғысты бастан кешірді.

1.«Қазақ этнопедагогикасының теориясы  мен тарихы».                 2.«Оқушылар дың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалы негіздері».         3. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», «Ұлттың қамын жұмыла жоқтайық».               

«Тұлғаны қалыптастырудың факторы», «Тәрбие принцптері (қағидалары)», «Отбасы тәрбиесі»,  тақырыптарының мазмұнын, әдіс-тәсілдерін қткенде қолдану. Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтың педагогикалыө көзқарастарын талқылағанда пайдалану. «Патриоттық тәрбиенің мазмұны, әдістері» тақырыбында пайдалану.

Реферат жазу: «С. Қалиев еңбектерін дегі тәрбие қағидалары ның халық педагогика сындағы орны», «Қазақ отбасындағы тәрбиенің халықтық сипаты». Пресс-конференция өткізу:                  1.Ұлттық сезім;            2. Ана тілім – тұғырым.

3.

Отанын, ұлттық мәдениетін сүйетін арлы, намысқор, саналы, өнегелі, парасатты азамат тәрбиелеу.

1.«Қазақ халқының тәлім-тәрбие  тарихынан».      2.«Халық педагогикасы және оның ауыз әдебиетіндегі көрінісі». 

«Имандылық, адамгершілік тәрбиесі», «Еңбек тәрбиесі», «Патриоттық тәрбие» тақырыптарын өткенде ғалым идеяларын келтіру.

Эссе жазу: «Дін – имндылық көзі». Тезистерді аяқтау:              1.Ұлттық қадір-қасиеті – ол...          2. Отанға деген сүйіспеншілік – ол...

4.

Әр кездегі ғұламалардың, ақын-жыраулардың, ағартутушы-демократтардың шығармаларының мазмұндарының студенттерге тигізер әсері ерекше.

1.«Қазақтың тәлімдік ой-пікірлер  антологиясы» 1, 2т.                    2. «Қазақ тәлім-тәрбиесі».          3.«Тәлім-тәрбие хрестоматия сы».                         4. «ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басындағы педагогикалық және психологиялық ой-пікірлер».

«Эстетикалық тәрбиенің мазмұны, әдіс-тәсілдері», «Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Торайғыровтың педагогикалық көзқарастары» тақырыбында пайдалану.

1.«Ш.Уали   ханов  - қазақтың алғашқы ғалымы» (реферат).         2. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» (шығарма).

5.

Қай халықтың болмасын салт-дәстүрлеріндегі идеялық үндестік олардың дүниетану  көзқарасымен, діни наным-сенімдерімен байланысты туып, шаруашылық тұрмыстық кәсібімен ұштасып жатады.

1.«Қазақ этнопедагогикасының теориясы  мен тарихы».     2.«Қазақ  халқының салт-дәстүрлері және демократ-ағартушыла ры».   

«Имандылық тәрбиесі», «Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру». Этнопедагогика курсы бойынша «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыптарына ендіру.

Реферат:                1.«Қазақ халқының бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлері».     2. «Қазақтың тәрбиеге байланысты мақал-мәтелдері».

6.

Жастарды шешендікке, сөз өнеріне үйрету үшін әке-шешелері, ата-әжелері оларға мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, терме, өлең-жыр жаттату керек.

1.«Тәлім-тәрбие хрестоматия сы».     2.«Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері».         3.«Халық педагогикасы және оның ауыз әдебиетіндегі көрінісі». 

«Эстетикалық тәрбие», «Ақыл-ой тәрбиесі» тақырыптарының мазмұнын ашқанда пайдалану.

1. «Сөз мәйегі – мақал-мәтел» (шығарма).       2. Қазақтың термелерін жаттау (Нұртуған, Бұхар жырау).


 

Ғалымның пайымдауынша, адамгершілік – адамның рухани арқауы, оны ұрпақ тәрбиесінде қалыптастыруда қазақ халқында негізінен эпостық жырлармен фольклорлық шығармаларының, соның ішінде ауыз әдебиетің орны ерекше болғанын атап көрсетеді. Бұл пікірлерді сабақтан тыс жұмыстарда пайдаланып, жас ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық салт-дәстүріміз бен халықтық өнеріміз негізінде жүргізіп отыру қажет деп есептейміз. Сондықтан да күллі дамуымыздың бағыт-бағдарына, болашағымыздың жарқындығына тікелей қатысы бар ұлттық тәлім-тәрбие мәселесі бүгінгі өміріміздің өзегі бола бермек деп ойлаймыз. Оның үстіне Қазақстан Республикасында тұратын әртүрлі ұлттар мен ұлыстар қазіргі кезде өз тілін, өз мәдениеті мен салт-дәстүрлерін қалпына келтіре отырып, оны жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында пайдалануда игі істер атқарып жатқаны бұл мәселеде оның мәні мен маңызын одан да жоғары арттыру қажеттілігіне күмән туғызбайды.

Серғазы  Қалиевті қазіргі жастарға  ұлттық тәрбие беру мәселелері үнемі толғандырып, ол туралы зеттеулер жургізуден жалықпаған ғалым-педагог десек артық болмас. Ғалым қазір оқу-тәрбие жүйесін этнопедагогикаландырудың теориялық мәселелерімен айналысып: «Әр халық өзіне тән ұлттық жүйесінсіз, қоғамдық кеңістікте жеке ұлт болып өмір сүруі мүмкін емес. Онсыз халық әлеуметтік феномен ретінде өзінің ұлттық дербестігін сақтап қала алмайды. Олай болса, ұлттық қасиет қастерленген жерде адамгершілік ұстанымдардың аяқасты болуы басқа халықтарды кемсіту, шовинистік көзқарас, қала берді қыру-жою сияқты фашистік идеялардың үстемдік құруы мүмкін» - дейді. Сондықтан да «Этнопедагогиканы халықтардың қатар, тең праволы өркендеуге қуаттайтын этностық мәдениеттік жүйесі ретінде ұсыну орынды. Халықтардың этнопедагогикалық мұралары гуманистік, адамгершілік қарым-қатынасқа құралған» ұлттық саясаттағы теңдікті, достықты дәріптейтін, тәрбие құралының рөлін атқарып отыр». Сонымен, ғалымның пікірін тәрбие мен білім беруді демократияландыру мен гуманизациялау тұрғысынан қарастырсақ, ол тек этнопедагогика жағдайында ғана нағыз шынайы халықтық және жасампаздық сипат алады. Білім берудің этнопедагогикалық жүйесі дегенімізді дербестендіру, азамат тәрбиелеудің мазмұнын ұлттық мемлекеттік жүйе арқылы іске асыру деп қарауға тура келеді.

Бүгінгі білім берумен тәрбие үдерісіне этнопедагогиканы ендіруде Серғазы Қалиев төмендегі жағдайларды еске алуды ұсынады:

    • Этносаралық қарым-қатынасты реттеу. Ол кірігу, қан араласу, этникалық ыдырау және қырып жою;
    • Ұлттарды  толық танып білу үшін ол ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі тәрбие жүйесін ұлттық ерекшелігін білу қажет;
    • Барлық халықты бірдей көру керек. Ұлы халық, кіші халық, аға халық немесе мәдениетті халық, мәдениетсіз халық деп бөлмеу керек;
    • Тарихи ескерткішсіз дәстүр жоқ, дәстүрсіз мәдениет жоқ. Тәрбиесіз руханилық жоқ. Руханилықсыз жеке тұлғаны тәрбиелеу мүмкін емес. Әр жеке тұлға бірігіп келіп бір халықты, оның психикалық құрылымын құрайды; 
    • «Дені саудың-тәні сау». Себебі дені сау адамның психикасы дұрыс, мінез-құлқы орнықты болады; Халық педагогикасында шынайы ұстаздардың бір туар шәкірті болу керек. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы». Баланы еркіндікке тәрбиелеу. Қазақ еркін тәрбиелеп, оған «төре» деп қарау ежелгі дәстүр.

Сонымен, С.Қалиев білім беру мен тәрбие жүйесін этнопедагогикаландыру жағдайында әр ұлттың бойындағы рухани және мәдени байлық жаңаша прогрессивтік түрге ие болады да, ол әлемдік озық мәдениеттің озық үлгілерімен сабақтасады.

С.Қалиев білім негізінің мектепте - ана тілі арқылы берілетінін, айта келіп, Ж.Аймауытовтың мына сөзімен дәлелдейді: «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып өзге пәндерге түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі  құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы мол халықтың тілі», - деген ана тілінің қоғамдық рөлін, адамзат баласы жасаған бар рухани-мәдени байлықты меңгертудің құралы екенін, оны жақсы және дұрыс берудің қажеттігін баса көрсеткен. Бұл пікірдің ұлт тілінің абыройын көтеру жөніндегі бүгінгі қайта құру кезеңінде де өзінің көкейтестілігін жоймағаны, қайта жаңара-жандана түскені дәлелдеуді талап етпейтіні хан. Жаһандану дәуірде мәдени даму, кірігу ұлттық мәдениеттік жақындасуын, ұлтаралық қарым-қатынастың күшеюін туғызатыны, ал оның ұлтаралық қарым-қатынас туралы тілдік мәдениеттен де көрініс табатыны ақиқат.                                                                                                           

Қазақстан үкіметі 2000 жылы бекіткен «Білім туралы Заңының» 4-бабында қазақ тілі мемлекеттік тіл, орыс тілі халықаралық қатынас тілі деп атап көрсетілген болса, бүгінде әлем халықтарының мәдени-экономикалық байланысқа түсу, ақпараттық білім кеңестігіне шығуымен байланысты ағылшын тілін меңгеру өмір қажеттілігіне айналып отыр. Көп тіл білу бүгінгі жастарға әлем кеңестігіне шығуға, мәдениет көкжиегін кеңейтуге кепілдік береді деуге болады. Серғазы Қалиевтің еңбектерінде жиі зерттелген тақырыптардың бірі - отансүйгіштік. Сондықтан ғалымның «Этнопедагогика» (2007 ж), «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы» (2003 ж), («Жаңа заманға сай ұлттық ұлттық идеология керек») т.б еңбектерінде жастар ұлттық салт-дәстүрлерді терең сезініп, ұлттық тәрбиенің тарихына тереңірек үңілу қажет дейді. «Себебі, тарихын білмеген, салт-дәстүрмен ұлттық өнердің қадір-қасиетін терең сезінбеген азаматтың отаншылдық намысы оянбайды. Басқаларға құлдық құрып, өмірі бас июмен, бағынышты пенде болумен өтеді. Ұлттық рухты жастардың жүрегіне терең ұялатпай тұрып, егеменді Қазақстанның шынайы патриоттарын тәрбиелеп шығару мүмкін емес». Біздің ойымызша нағыз патриотизм  ана тілінен, туған жерінен, салт-дәстүрінен басталады. Бұл жөнінде заманымыздың белгілі ақыны Мұхтар Шаханов былай депті:

Әр адамда өз анасынан басқа да,

          Болу  керек құдіретті төрт ана:

          Туған  жері - түп қазығы, айдыны,

          Туған  тілі - сатылмайтын байлығы,

          Туған  дәстүр, салт-санасы – тірлігі

          Қадамына  шуақ шашар үнемі

          Және  туған тарихы - ғасырлардың үні еді

  Қазақ халқы ежелгі ер азаматтың кіндік қаны тамған, ата-бабасының мәйіті жатқан жерді қасиет тұтқан. Туған жерді «Алтын бесік» санаған. Халқымыз ғасырлар бойы өз ұрпағын ұлттық салт-дәстүрлер заңымен әлпештеп азамат етіп қалыптастыра білген. Ата-бабаларымыз өз ұрпағына ерте кезден бастап-ақ ата салтын сақтап өтуді, жеті атасына дейінгі шежірені жаттауды заң санаған. Жеті атаға дейінгілерді қаны бір туыс деп санап, қыз алыспай тұқым тазалығын сақтауды мемлекеттік заңдар жинағы «Жеті жарғыда» көрсеткен және оны сақтамаған адамдар қатаң жазаға тартылып отырған.

С.Қалиев «Ұлы мектептерінің түлектері туған елінің тарихы мен  дәстүрін, табиғи байлығы мен тіл өнерінің, қол өнерінің қыры мен сырын терең біліп, сүйіспеншілік сезімі оянғанда ғана елін, жерін, тілі мен дінін сүйетін нағыз патриот азамат болып шығады. Тәрбие көзі – еңбекте екенін, қоғамдағы рухани-экономикалық байланыс атауының бәрі еңбекпен байланысты пайда болатынын оларға сездіруіміз керек». Сондықтан әрбір ұлт мектептерінде этнопедагогикалық мұражай, кабинеттерді жабдықтау, оған оқытушылар қолынан жасалған ұлттық ою-өрнекті заттар мен суреттерді мұғалімдердің үлгілі сабақ жоспарлары мен ғылыми-әдістемелік еңбектерді жинақтау қажет. Оқушылармен, білімгерлермен үнемі өнер сайыстарын өткізіп отыру, өнерпаздармен кездесу кештерін жиі ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған жөн. Ғалым бұл айтылғандармен ұлттық тәлім-тәрбие проблемалары түгелдей шешіледі деуге болмайды. Ұлттық тәлім-тәрбиенің қағидаларын баланың жас ерекшеліктеріне, қабылдау мүмкіндіктеріне қарай әр пәнді оқыту кезінде ғылыми жүйенің олардың санасына біртіндеп сіңіру керек.

С.Қалиев еңбектерінде қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама беріледі. Ұлы дала тұрғындары өздерінің ғасырлар бойы мысқалдап жинаған тәжрибесін жинақтап, ұлттық өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін туғызды. Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениетіне, тарихына орайлас жас ұрпаққа тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді, жас адамның жан жақты, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы», шынайы, отаншыл азамат тәрбиелеу мақсаты қойылды. Ол талаптарды С.Қалиев былай келтіреді: «Мал шаруашылығын жете игеру, еңбек сүйгіштік, қиыншылыққа төзе білу, ел намысын қорғау, жаудан беті қайтпау, ата тегін жадында сақтау, сөз асылын қадірлеу, тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау, ата салтын бұзбау (үлкенді, ата-ананы сыйлау, құдайы қонақтың несібесін қайтармау, көрші хақын жемеу, қайырымды ізгі жүректі, бауырмал болу, т.б). «Осындай қоғамдық қатынастарды кішкентайдан көріп-біліп өскен адамдарда мүдделестік өмірге көзқарастың сәйкестігі кісілік қарым-қатынаста айқындалып, жеке бастың бұра тартуына мүмкіндік қалдырмаған, психологиялық жағынан бірауызды қауымдасқан «Жандар» үнемі өзінің рулық одағында етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұсынады. Ал, бұл принцип ұлттық психология мен ұлт мәдениетінің сипатын анықтайтын факторлар болды», - дейді С.Қалиев.

Информация о работе Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері