Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 07:30, реферат

Краткое описание

Еліміздің ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласында – қазақ ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие беру, оған қазіргі мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау проблемаларын шешу қажеттігін қойып отыр.
Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістердің қарсаңында дамып келе жатыр. Осы өзгерістер позитивтік нәтиже беру үшін көп жағдайда білім беру реформаларына байланысты болады. Білім беруде дәстүрлі ұлттық құндылықтармен қатар педагогиканың инновациялық талаптарымен және қоғамның гуманистік, демократиялық құндылықтарымен тығыз байланысты болады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................
С.Қалиевтың педагог-ғалым ретінде қалыптасуына тарихи-педагогикалық сипаттама
Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері..................................................................................................
С.Қалиевтың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары және оның ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындаудағы үлесі...........................
С. Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби даярлығында пайдалану
С.Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы идеяларын педагогика курсын оқытуда пайдалану...................................................
Ғалым-педагогтің ұлттық тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлерін сабақтан тыс жұмыстарда қолдану жолдары.........................................
Қорытынды .............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

asankanova.doc

— 662.00 Кб (Скачать документ)

қарама-қайшы келетін «бөліну», «бөлшектену» тұжырымдарын уағыздайтын адамдарда имандылық пен адамгершілік жағы жетіспей жатады. Осы ойлар жиналған студенттер қауымына үлкен ой тастады. Бұдан кейін С.Қалиевтың  имандылық туралы ой-түйіндерін келтіріп, оларға қысқаша түсініктер берілді:

  • Байлықты өзің үшін жисан Қарабай боласың, халыққа қайырымды болсақ Құдайдың сүйген құлы боласын;
  • Қайырымды адам айналасына нұр шашатын күн нұры сияқты;
  • Кесапатты құдай атады;
  • Тәкаппар Тәңірін де менсінбейді;
  • Дастарханыма ырыс келсін десең жоқ-жетімге қарайлас;
  • Бай болсаңда құдайыңды ұмытпа;
  • Алланың бергенін қанағат тұтудың өзі байлық;
  • Таққа отырғанның бәрі Тәңірі емес;
  • Ұят-ардың сақтаушысы;
  • Ұяты бар азамат, халыққа қадірлі - қазанат;
  • Ар, ұят, адалдық, ағайындас;
  • Ар, ұят жүрген жерде жауыздыққа орын жоқ;
  • Туған жер – күн, нұр өзінен шашыраған,

     Ұрпағын сәулесімен асыраған.

          Онсыз саған тіршілік - Қараңғы түн,

          Ендеше құрметті де, бас ұр, адам! 

Бұл кездесуде студенттер Серғазы Қалиевтың «Екі ойшылдық тәлімдік үндестігі» атты мақаласындағы имандылыққа байланысты ой-пікірлерін келтіріп, зерттеулер жүргізіп жүргенін айтты. Білімгерлердің ой-пікірлерінен үзінді берейік: «Абай Әл-Фараби шығармаларын оқып, үйренді деген дерек жоқ. Дегенмен, осы екі ғалымның еңбектерін оқып, дүниетанымдық көзқарасын салыстыра қарасақ, идеялық ұқсастығын бірден байқауға болады. Өзін ерте грек философы Аристотельдің шәкіртімін деп санаған, әмбебап ғалым атамыз Әл-Фараби оның ілімін сынап, талдап, толықтырып дамытқан. Әл-Фараби: «Әлемді жаратқан құдай. Бәле-жаладан аман сақтаушы, жарылқаушыға шүкірлік» - дей отырып, жанның адам мен жануарларда ғана болатынын ескертеді. Ал, адамның жануардан айырмашылығы қоршаған ортаның сырын тани білетіндігінде. Табиғат сырын білу - ол ғалымдар үлесіне тиісті» [41. 27].

           Абай  да өзінің «Отыз жетінші» қара сөзінде Фарабидің осы ойын одан әрі жалғастырып  «Дүниені жаратушы бір құдіретті күш бар... Алла тағала жансыз жаратқандарынан пайда алатұғын жан иесі хайуанды  жаратты, ал жанды хайуандардан ақыл иесі адам баласын жаратыпты. Дүниенің тылсым тынысын, ішкі құпия сырын оқып-білу үшін ғылым керек. Абайдың ойынша, ғылымның сегіз сипаты бар Ол: Рахмет (арабша жарылқаушы), Рахим (мейірімді), Ғафур (кешіруші), Уадил (сүюші), Ғафуз (қорғаушы), Сәттар (айыпты жабушы), Разақ (қызын беруші), Нафиг (пайда беруші) деп қарайды. Ғылымның осы қасиеттерін бойға жинау арқылы адам баласы өсімдік, мал өсіріп, жер бетін жәннат етіп, өзен-көлдерді бөгеп дария жасайды. Бу машинелерін шығарып, дүниені рахатқа бөлейді. Ғылым арқылы адамның жаны рахат табумен бірге адамгершілік, ізгілік рухын да бойына сіңіріп, мейірімділік, ізгілік рухына бөлейді» - дейді.

Әл-Фарабидің түсінігі бойынша «Жан мен тән бірге дамиды, тәнсіз жан жоқ, жан - тәннің тірлік қасиеті. Адамның тәні мен өмірі өткінші уақытша. Тән жанның дамуына, оның біртіндеп қалыптасып жетуіне үнемі әсер етіп отырады. Жанның дамуы үшін тәннің саулығы қажет. Шыққан жан адамға еш уақытта қайтып келмейді, адамның көңілі мен рухы-жаны мәңгі өмір сүреді де, надан, залым, зымиян адамның жаны өшіп отырады» - десе, Абай өзінің Жетінші қара сөзінде: «Жас бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады, біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмарлығы, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Ал, екіншісі білсем екен демекпін. Не керек соған талпынып, жалтұр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса даусына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да, тура жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмарлығы деп жан мен тәннің байланысы,бірінсіз бірінің күні жоқ екенін атып, Әл-Фарабише түсіндіреді. С.Қалиев өзінің Ы.Алтыпсарин - Қазақстандағы оқу ағарту ісінің негізін салушы» атты мақаласында ұлы педагогтің «Мұсылмандықтың тұтқасы» деген оқу құралына талдау жасаған: «Ыбырай діни оқудың өзін адамгершілікті, гуманизмді насихаттауға бейімдеу қажет»  деп қарады. Бұл еңбекті жазудағы мақсат жөнінде кітаптың кіріспесінде «Қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін, қазақтың жазба тілінде татар тілінің орынсыз етек алуына жол бермеу үшін осы оқу құралын қарастыруға кірісті» - деп жазыпты.

Аталған еңбекте С.Қалиев ұлы педагогтің шариғат заңдарын өмір тіршілігімен, адам тәрбеисімен тығыз байланыстыра талдауын келтірген және діннің өзін тәрбиенің құралы ретінде қарастырғаны бүгінгі күнде жоғалғанымызға қайта қауышқан кезде үлкен маңызы бар деп есептейміз.

  Ыбырай оқулықтарына енгізілген «Ұят кімде болса,иман сонда болады», «Алтын алма, ақыл ал», «Ісің ақ болса, тәңірің жақ болар» [42. 46] сияқты асыл сөздерінен бүгінгі жастардың да өнеге алары сөзсіз. «Бүгінгі нарықтық кезеңде жастарды имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеудің аса қажеттігі туып отырған кезде Ыбырайдың ізгілік жөніндегі осы ойдарын шәкірттердің жүрегіне ұялатудың,  ал ұлт мектептерін Ыбырай дәстүрі негізінде қайта құрудың қажеті туып отыр».

  Баланы имандылыққа тәрбиелеудегі мұсылманның қасиетті кітабы «Құран» туралы, оның аяттарының адамды адалдыққа, шыншылдыққа, ізгілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеудегі ролі туралы жас ұрпаққа үнемі әңгімелер айтып, ұғындырып отыру қажет деп есептейміз.

  Қайырымдылық халқымыздың ең негізгі қасиеттерінің бірі екені белгілі. Сондықтан халық даналығы «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без» деп бекер айтпаса керек. Халқымыз өз ұрпағына қайырымдылықты ес білгеннен үйретіп, тиісті талап қою, дағдыландыру арқылы оны тұрмыстық салтқа, адамгершілік дәстүрге енгізеді. Қайырымдылықты кей жағдайларда кедей-кепшік, жарлы-жақыбайларға көмектесу, қайыр-садақа берумен де ұштастырады. Бұл қасиет жөнінде ғалым-педагогтар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев нақты мысалдар келтіру арқылы халық даналығына жүгінеді: Үй ішінде үлкеннің кішіге қамқорлығы, кішінің үлкенге көмегі, баланың ата-анаға, әке-шешенің бала-шағасына мейірім-шапағаты, ер азаматтың елге қызмет етуі – қайырымдылықтың қайнар көзі мен түрлі көріністері. Халық «Бір отбасында нешеу болсаң, бір-біріңе қонақсың», «Бір-біріңді сыйласаң жан семіреді»,- деп қайырымдылық қасиетті ұрпақтарына өнеге етіп, қадір тұтып, қастерлеп келгенін еш уақытта естен шығармауымыз керек. Авторлардың бұл ойы бүгінгі жастардың бойында игі қасиеттердің қалыптасуына игі әсерін тигізетіні хақ. Өкінішке орай, бұл сияқты еңбектер кітап дүкендерінде, кітапханаларда жоқтың қасы - деп айтсақ артық айтқандық болмас.

  Әрі қарай студенттердің халық педагогикасындағы адамгершілік қасиеттер, ар-ұжданды қастерлеу туралы профессор С.Қалиевтің «Ұлттық педагогиканың негізгі қағидалары» атты еңбегіне сүйене отырып, адамгершілік, ар-ұжданды қастерлеу - тәрбиенің басты принципі болып саналғанын сөз етті.

  Ата-бабамыз «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Ақ жүрген адам азбас», «Адам деген ардақты ат», «Әдептілік, ар, ұят - адамдықтың белгісі. Тұрпайы мінез, тағы жат надандықтың белгісі», «Жігіттің жүз жылқы, ары мың жылқы», «Жаным арымның садағасы» деп арды жоғары бағалаған. Арлы адам адал, әділ болады. Ар тазалығы басқаға қиянат жасамауға, шыншыл, әділ болуға баулиды. Әдептілік, сыпайылық, кішіпейілділік, мейірімділік, иманжүзділік т.б қасиеттердің бәрі ар-ұят, ұждан тазалығынан туындайды. Бұл кездесуді мешіт  қызметкері былай қорытындылады: Имансыз болу, ата-ананы, үлкенді, ұстазды сыйламауды халқымыз кешірілмес үш күнә деп санаған. Қазіргі мейірімсіздік, қатыгездік, дөрекілік сияқты келеңсіз жағдайлардың кейбір көріністері, елімізде жастарды ар-ождан тазалығын сақтауға, имандылыққа тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлу қажет болып отыр. Педагогтарда да өз түйіндемесін айтты: халық педагогикасының тағылымдарын үнемі басшылыққа алып отырсақ өмірде болып жатқан жастар арасындағы, қатыгездік, басқа діндерге еліктеу сияқты келеңсіз жағдайлардың болуына тосқауыл болар еді деп ойлаймыз.

«Ұлттық табиғатымызға сай келе бермейтін сірепелі педагогикадан халық педагогикасына ауысқан осы дәуірде оны бүгінгі күн қажетіне сай пайдаланудың практикалық маңызы зор ол үшін халқымыздың тәлім-тәрбиелік негіздерін жанұяда, балабақшада, әртүрлі сатылы мектептерде және қоғамдық ортада қолдануымыз керек» [42. 301].

Қорыта келгенде халық педагогикасындағы үздіксіз тәрбие мәселесінде адамгершілік, бауырмалдық, туыстық, қайырымдылық қағидаларын бастылыққа ала отырып, үлкен мен кіші, ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастық педагогикасын дәріптегендіктен, қазіргі ғылыми педагогика қағидалары да халықтық тәлім-тәрбиедеден нәр алғаны белгілі.

Халық педагогикасы басшылыққа алған осы қағидалар үнемі өмірде жүзеге асып отырғандықтан, бұларды халықтың тәлім-тәрбиелік, тәжірибелік маңызы, өміршеңдігі деп қорғауға болады.

  Профессор Серғазы Қалиевтың ұлттық тәрбиеге байланысты ой-пікірлерін сөз еткенде ғалымның халқымыздың би-шешендері туралы, олардың әділ билігі, тапқыр шешендігіне тоқтамасқа болмайды, себебі: «Билердің шешендігі - сол халықтың даналығы мен ой-санасынан туындайтыны айғақ. Халықтың ой-санасы оның мәдениетіне, рухани мұрасына, табиғи болмысы мен ойлау машығына, өмір сүру тәсілімен діни наным-сеніміне, күнделікті тұрмыстағы әдет-ғұрып, рәсім-салтына сүйенеді. Осы әртүрді деңгей мен көріністегі факторлар ой-сананы өзінше ұйытқы етіп келеді. Қазақ билері дүниемен әлемді ұйытқы етіп келді. Олар үшін: дүние мен адам, ғұмыр мен дүние, табиғат-ана біртұтас мән, адамсыз заман болмайтындығы ақиқат, адамның  өмірдегі орны мен қызметін жандандыру, әрлендіру қажеттілік».

Ал, ғалым С.Қалиевтің ойынша, билер дәстүрінің мақсаты - адамды тәрбиелеу, адамдыққа баулу, өнегелі азаматты қалыптастыру, адамға қажетті ізгі қасиеттерді үлкен құндылық дәрежесіне көтеру. Бұл мәселелер тұлғалық пен елдіктің тұтқасы, би-шешендер сол тұтқаның ұстанымымен айқындады және соған сүйенеді:

           Кісілікке қайшы іске қарап тұрмау,

           Кісілікке қайшы сөзге бас шұлғымау.

           Кісілікке қайшы былыққа батпау,

           Кісілік  қасиетті ақтау, құдіретті баптау.

«Әр заман адамдардың сапалы жақтарын саралай білді, адам болмысының төрт түйіндерін - ақылды, рухты, нәпсіні, көңілді зерделеді. Даулы мәселелерді ушықтырмай, қауым мен ұрпақтың ниет, пиғылын күзеп түзеді, дүмшілікке ұйықпады, рухани сырқаттан емдеді, рухани азғындаудан сақтады. Тірліктің де, шындықтың да көзін тапты, істің қанағаттанарлық шешімін табатындардың кезегін бақты, рухани үстемдікке тартты».

  Билер біреудің талабымен емес, жүрегінің қалауымен халқын бірлікке, ерлікке, еңбекке, оқуға, өнер білімге шақырды, барлық мәселерді кеңесіп шешіп отырған. Мүмкін «Келісіп пішкен тон қысқа болмас» деген халықтың даналық сөзі билеріміздің әділдігінен шыққан болар.

  Енді аудиториядан тыс студенттермен өткізілген қазақтың  көрнекті үш биі туралы өткізілген куратор сағатының сценариін береміз.

  Тарихи тақырыпқа арналған тәрбие сағатының жоспары.

  Тақырыбы:  Үш кемеңгер дүлділім,

                            Сақтаған ел бірлігін!

 Мақсаты:   

      Білімділік: Білімгерлерге қазақ халқының басын біріктіріп, ауызбірлілік сақтаған, тарихта аты әйгілі, әрі шешен, әрі батыр Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер туралы мәлімет беру.

Тәрбиелік: Болашақ мамандарды елін, жерін сүюге, елінің қорғаны болуға, сөз қадірін ұғынуға тәрбиелеу, халқын, салтын қастерлеуге, ұлтжандылыққа баулу.

Дамытушылық: Ұлттық тәрбиені білдіріп, таным белсенділігін арттыру, оқушылардың дүние танымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

   Көрнекілігі: «Төле би ауылы», «Қазыбек би ауылы», «Әйтеке би ауылы», газеттері, нақыл сөздері, кітап бұрышы, «Аталар сөзі - ақындық көзі» атты буклет, домбыра макеттері.

Өтілу барысы:

1. Кіріспе.

Тақырыптың аты айтып тұрғандай-ақ, бүгінгі тәрбие сағатымыз қазақ халқында үш жүздің  басын біріктірген, ауыз бірлігін сақтап, әділдігімен, шешендігімен, батылдығымен тарихта аты әйгілі үш биіміз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би аталарымызға арналады.

Тәрбие сағатының мақсатын түсіндіру.

Қазақ халқының басынан кешкен жағдайларын  айта келіп, Қазыбек бидің даналық сөзін жатқа айту.

Қазақ халқы ежелден тарихта аты әйгілі құдіретті халық. Басынан небір қиындықтар өтсе де, іргетасы сөгілмей, оған бой бермей келегн. Халқымыз басынан бірнеше қақтығыстарды, Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі жойқын соғыстарды, ұлт азаттық жолындағы көтерілістерді «Ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама» зобалаңын, одан кейін  де қаншама қиындықтарды басынан кешірген. Дегенмен өзінің бірлігін, елін, жерін қорғап қалған, ешкімге басындырмаған өжет ел болғандығы белгілі.

Қазақ халқының қандай ел болғандығын біз Қазыбек бидің мына сөздерінен аңғарамыз: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау шаппасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басынан сөз асырмаған елміз, дәм-тұзды сақтай білген елміз. Асқақтаған жан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз».

Мәне, осы сөз жолдарынан халқымыздың достыққа адал, дұшпанға айбарлы ер болғанын аңғару қиын емес.

«Жүз», «би» ұғымдарын түсіндіру.

Кең байтақ қазақ елін бір орталықтан бағындыру мүмкін болмады. Сондықтан да Тәуке хан халқымызды үш жүзге бөліп, үш би тағайындаған. Ол үш би үнемі қандай іс болмасын ақылдасып, ойласып шешетін болды. «Жүз» деген сөз «жақ», «бағыт», «билік» деген ұғымдарды  білдірсе, осы жүздердің басшысы болған адамдарды «би» деп атаған.

Информация о работе Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері