Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 07:30, реферат
Еліміздің ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласында – қазақ ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие беру, оған қазіргі мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау проблемаларын шешу қажеттігін қойып отыр.
Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістердің қарсаңында дамып келе жатыр. Осы өзгерістер позитивтік нәтиже беру үшін көп жағдайда білім беру реформаларына байланысты болады. Білім беруде дәстүрлі ұлттық құндылықтармен қатар педагогиканың инновациялық талаптарымен және қоғамның гуманистік, демократиялық құндылықтарымен тығыз байланысты болады.
Кіріспе........................................................................................................
С.Қалиевтың педагог-ғалым ретінде қалыптасуына тарихи-педагогикалық сипаттама
Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері..................................................................................................
С.Қалиевтың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары және оның ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындаудағы үлесі...........................
С. Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби даярлығында пайдалану
С.Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы идеяларын педагогика курсын оқытуда пайдалану...................................................
Ғалым-педагогтің ұлттық тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлерін сабақтан тыс жұмыстарда қолдану жолдары.........................................
Қорытынды .............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................
Халқымыздың бірлігі, дархан көңілі, қонақ жайлығы турлы орыс офицері А.Левгин өзінің «Қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» атты кітабында былай деп жазыпты: «…Деспотизмді көп көрмеген қырғыздар (қазақтар) басқа Азия халықтарына қарағанда аңғал да ақкөңіл, сенгіш, қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға, ақсақалдарға құрмет көрсету, оның ең жақсы қасиеті. Қырғыз үшін меймандостық – қастерлі заң. Олар бар дәм-асын қонақтарға тосуды заң деп санайды» [38. 23]. Сонымен, халық педагогикасының негізгі мақсаты өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты отансүйгіштікке, өнерге баулу, жанұя, ауыл-аймақ, отанының намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу.
С.Қалиев «Этнопедагогика» (2007ж) оқулығында қазақ билерінің шешендік сөз өнерінің үлгі өнегесін тәрбиеде пайдаланудың мәнін көрсетті. Оқулықта ел аузында Майқы биден бастап 200 ден артық ділмарлар, бек атаулары туралы деректер барлығын айтқан. Қазақтар ділмар деп - рухы биік, ойы нақты, сөзі әділ батыр-бектер мен би-шешендерді айтқан. Олар халықтық тәрбиені, елдік рухты, жұрттың жігер мен намысты оятты. Бұл жөнінде ғалым: «Әрқайсысы ел-жұрттың ауыр, жауапты, өтпелі кезінде өздерінің қайсарлығымен, батылдығымен, ой-саналық көрегендігімен көзге түсті. Әр қайсысы ер жұртының қуанышы мен қайғы-қасіретін, ерлігі мен ептілігін еселеп жеткізген, ел қамын ойлап қазақ ұлысын құруға, халықтың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын реттеуге, заңдастыруға үлкен ықпал етті. Әділ билігі, тапқыр шешендігі барлар «Қалың елі қазағының» атынан сөйледі, көкейтесті ойларын «Бір кісі емес, жалпы жұртқа» арнады». Билердің шешендігі – сол халықтың даналығы мен ой-санасынан туындайтыны айқын. Халықтың ой-санасы оның мәдениетіне, рухани мұрасына, табиғи болмысы мен ойлау машығына, өмір сүру тәсілі мен діни-наным-сеніміне, күнделікті тұрмыстағы әдет-ғұрып, рәсім-салтына сүйенеді. Осы әр түрлі деңгеймен көріністегі факторлар ой-сананы өзінше ұйытқы етіп келеді. Қазақ билері дүниемен әлемді адамшылық тұрғыда түсінуі. Сонымен билер дәстүрінің мақсаты - адамды тәрбиелеу, адамдыққа баулу, өнегелі азаматты қалыптастыру, адамға қажетті ізгі қасиеттерді үлкен құндылық дәрежесіне көтеру. Бұл мәселелер тұлғалық пен елдіктің тұтқасы. Би-шешендер сол тұтқаның ұстанымын айқындады - дейді С.Қалиев:
Кісілікке қайшы іске қарап тұрмау;
Кісілікке қайшы сөзге бас шұлғымау;
Кісілікке қайшы былыққа
Кісілікке қасиетті ақтау, құдіретті, баптау.
С.Қалиевтің би-шешендер туралы ой-пікірлеріне сүйеніп қазіргі кездегі заң орнындағы «Судья» деген атаудың орнына «Би, билер» деп айтуды ұсынымыз себебі, «Судья» деген ұғым орыстың «Судить» деген сөзінен шыққан. Ал, сотта әрбір айыптаушылар соттала бермейді. Айыбы жоқ адамдар ақталып жатқан жоқ па? Сонда неге «Судить» деген ұғымды пайдаланамыз деген бізге ой келді. Ал, билер болса ақ тұрып, адал жүргенді үйретті.
С.Қалиевтың қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан өзінің тәжірибесі, білімі, көркемдік пен сұлулыққа көзқарасы, рухани өмір байлығы болып табылатын бай тарихи археологиялық, этнографиялық, әдебиет пен көркемөнер мұралары бар, соларды ол бұқара халықтың тарихи өмірімен, әдет-ғұрыптарымен тығыз байланыста етіп көрсетеді. Қазақ халқы жаратылысынан өнерге өте бай, әрі оған бейім болғаны белгілі. Сондықтан ол өзінің сүйініші мен күйінішін жыр жолдары, ән-күй аздары арқылы шебер жеткізе білген, өзінің көшпелі өміріне ыңғайлы етіп тұрмыстық заттарын әшекейлеуде, оларды көркемдік тұрғыдан ыңғайлы етіп жасауда іскер болған. Эстетикалық талғам деңгейі жоғары болған.
Киім киісінде, жүріс-тұрысында, қонақ күтуде, сый-сияпатында толып жатқан эстетика элементтері өз ұрпағын педагогика ғылымынсыз-ақ әдемілік пен әсемдікке баулуда тәрбие берудің тиісті құралына айналған. Сондықтан да профессор С.Қалиевтың еңбектеріндегі жан-жақты баяндалған салт-дәстүрдегі және олар құрметтеудің әлеуметтік мәні ашылған. Сондықтан оларды аудиториядан тәрбиелік мәні бар іс-шараларда, кештерде, эстетикалық әңгімелерде, түрлі фестивальдарда, көрмелерде, олимпиадаларда жүйелі де, тиімді де пайдаланып отырудың мәні зор деп санаймыз (Кесте – 2).
Кесте 2 – Профессор С.Қалиевтың этнопедагогикалық идеялары
р\с |
С.Қалиевтың этнопедагогикалық идеялары |
Ғалымның этнопедагогикалық идеяларын енгізу жолдары | ||
Педагогиканы оқыту процесінде |
Этнопедагогика оқыту процесінде |
Аудиториядан тыс тәрбие жұмыстарын да | ||
1. |
«Ақыл-ой тәрбиесі, көріп білу, жүрекпен терең сезіну – біртіндеп толыға, молыға қалыптасатын тәжірибеден туатын үздіксіз жаттығудың жемісі. Қоғамдағы барлық байлық ой еңбегі мен дене еңбегінің ортақ жемісі». |
Ғылыми педаго гикадағы «Ақыл-ой тәрбиесі» атты тақырыпты өткен де пайдалануға болады. |
Халық өнерінің бірі – айтыс. «Алты ақынның өмір туралы» айтысы халық педагогикасын дағы эстетикалық тәрбие. |
Реферат: «Қазақ этнопедаго гикасындағы ақыл-ой тәрбиесі» эссе жазу. |
2.
|
Моральдық қасиеттер адамның қимыл-әрекетінен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттілік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойына жастайынан мінез-құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге байланысты. |
«Адамгершілік тәрбиесі» тақырыбын өткенде (тәрбие теориясы бөлімі бойынша) ғалым пайдаланған мақалдар: «Адамдықтың белгісі – иіліп салем бергені», «Кішіпейілділік тен кішіреймейсің», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Көпке қарсылық – құдайға қарсылық». |
Қазақ халқының салт-дәстүрлері тақырыбы бойынша адамгершілік, имандылық, ізеттілік, әдептілік ұғымдарына сипаттама беру. |
Эстетикалық әңгіме, әңгімелесу, лекция, пікірталас және конкурс өткізу. «Адамгерші лік – адамның рухани арқауы» тақырыбында шығарма жазу. |
3. |
Халық дәстүрлерінде үйге қонақ келгенде, оған жатар алдында өлең-жыр, әңгіме айтқызып, қонақ кәде жасататын болған. Әңгімені немесе өлең-жырды нақышына келтіріп тартымды, қызықты, әуенді әсерлі етіп айтып бере білу де өнер саналған. |
Халық педагогикасында жастарға эстетикалық тәрбие беру тақырыбы бойынша пайдалану. Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу керек: «Өнер білсең өлмейсің», «Өнерлінің өрісі ұзақ», «Өнер-білім бірң де оқуменен табылған», «Он саусағың өнерлі болсын», «Өнер өрге сүйрейді», «Жігітке жетпіс өнер де аз». |
«Қазақ халық педагогикасының негіздері мен асыл арналары» тақырыбы бойынша қазақ халық педагогика сындағы өнердің өнердің көріністері туралы материалдарды пайдаланып, олардың тәрбиелік мәнін, ұлттық тәрбиенің басты құралдары болғаны нақты тәрбие саласы бойынша баяндау. |
Бесік жыры туралы әңгіме, оны жатқа айту. Ананың: «мал бақ, адал кәсіп ет, ел-жұртыңды жаудан қорға» өсиеттердің мәнін ашу (эстетикалық әңгіме). Эссе: «Біз табиғат баласымыз». |
С.Қалиевтың «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы» атты оқу құралында «Қазақтың салт-дәстүрлер құрылымы» (Кесте - 3) берілген.
Кесте 3 - Қазақтың салт-дәстүрлер құрылымы
Көрсетілген кесте бойынша «Үйлену және үй болумен» байланысты салт-дәстүрлер туралы профессор С.Қалиев былай дейді: «Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Үйлену, өз алдына отау тігіп, түтін түтету ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан салт, қоғамнық құбылыс. Қалыңдық таңдау, құда түсу, үйленумен байланысты салт-дәстүрлер барлық халықтарда бар және мазмұны жағынан бір-біріне ұқсас рәсімдер. Қазақта: «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық» деген аталы сөз бар. Оның мәнісі денің сау болсың деген тілекті білдіру. Осы пікір тәжік халқында басқаша берілген. Мәселен, тәжірибеде неке қию аяқталған кезде жіпке тізген дәндерді ортадағы ыдысқа салады. Бұл үйде бала көп болсын, ырызың мол болсын деген тілекті білдіреді екен. Ал, орыс халқының құдаласуға келгенде нан, тұз т.б тағамдар ала келіп сыйлайды және ол нан-тұзымыз, дәміміз аралассын, тату-тәтті құда-жекжат болайық дегенді білдіреді».
С.Қалиевтың жоғарыда көрсетілген салт-дәстүрлерді үйлену кезінде пайдаланып, әртүрлі тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізуге болады. Біздің тәжірибеде «Тілі басқа, тілегі бір халықтардың салт-дәстүрлері үндестігі» атпен куратор сағатын өткіздік. Онда бірнеше халықтардың үйленуге байланысты салт-дәстүрлерімен танысып, көріністер ұйымдастырылды.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жыл сайын мұсылман елдерінің үлкен мейрамының бірі – наурыз мерекесі өтеді. Бұл тойға бүкіл университет факультеттерінің ұжымдары жан-жақты дайындалады. Көңіл көтеріп, ұлттық ойындар, жарыс түрлері ұйымдастырылады, түрлі халықтардың өкілдері өз өнерлерін көрсетіп, наурыз көжеден ауыз тиіп, «Наурыз құтты болсын, ақ көп болсын, еліміз, халқымыз аман болсын» - деп тілектер айтып, достықтары, ынтымақтастығы жарасқан Қазақстан халықтарының мейрамына айналады. Егеменді елімізде 130-ға жуық ұлттың өкілдері ұзақ жылдар бойы тату-тәтті, бірге өмір сүріп жатыр. Ұлы достығын күшейтуде халқымыз алдына адам салмайды десек артық айтқандық болмас.
Он жыл ішінде әлемнің әр түкпірінде этникалық және діни қақтығыстардың болып тұруы халықтар бірлігін күшейтуде идеологиялық жұмыстардың әлсіреуінен де болып отырғаны көпке аян [38. 281].
Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай «Ішкі саяси тұрақтылықпен қоғамның топтасуы саяси, идеологиялық, яғни, этникалық немесе топтық мүдделерді біріктіруге бағытталған ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттың мәдениетті насихаттауға байланысты» деп қарауымыз керек.
С.Қалиев: «Ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілдің өркендеуі Қазақстанда тіршілік ететін ұлттардың этникалық жағынан өркен жайып көркеюіне мұрындық болып отыр. Этностық мәдениеттің өсіп-өркендеуі үшін де қолайлы жағдай, мәдени кеңістік керек. Ол кеңістік деп - отбасын, мектепке дейінгі балалар мекемелерін, оқу орындарын, ұлттық мәдени орталықтар мен газет-журналдар, көркем және ғылыми әдебиеттерді, ғылыми-зерттеу және әкімшілік мекемелерін жатқызамыз» - дейді [40. 179].
Сондықтан ғалымның бір ойын баршылыққа алып, жоғарғы оқу орындарында ұлттық тәлім тәрбие салалары бойынша мынандай іс-шараларды жүйелі жүргізіп отыруды ұсынамыз. Бұл жұмыстар педагогикалық мамандықтар студенттерінің арасында, педагогикалық олимпияда, ұлттық тәлім-тәрбие апталығы, «Шешендік сөздер», «Сөз мәйегі - мақал-мәтелдер», ұлттық ойындар, имандылық тағлымдар, салт-дәстүрлер, «Жеті жарығы», «Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт» (пікірталас), «Қазақтың халық өлеңдері», «Салауатты өмір салты» тақырыптарында өткізуге болады.
Ғылым-педагог С.Қалиевтың өмір жолы туралы «Ұлттың педагогика тарихының абызы» атты конфиренция өткіздік. Негізгі баяндамада ғалым ретінде С.Қалиевтың таңдаған бағыты - қазақтың халықтың педагогикасы. Ол жастайынан ұлтының тәлім-тәрбиесінен тағылым алып өскен, өзі ұлы Абайдың арғы атасы Әнет Баба ұрпағынан тарайтын ұстаз, өз елінің салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ырымы, жол-жораларын терең біледі. Сондықтан болар, бір өзі нардың жүгін арқалап жүргендей, қазақ этнопедагогикасының негіздерін қалаумен айналысты.
Бұл жөнінде ғалым-педагог Н.Н.Нұрахметов былай деп жазды: «Тәуелсіздіктің таңы атып, тізгіні өз қолына тиіп 90-жылдардың басынан бастап халықтың педагогиканы жандандыруға, қалың көпшілікке жеткізуге барынша үлес қосып бақты. Сол жылдары Алматы, Атырау, Қызылорда, Шымкент, Торғай, Ақтөбе қалаларындағы ғылыми-практикалық конференциялардың басы-қасында жүріп, сан-алуан салиқалы баяндамалар жасап, өзінің ғалымдық жаңаша ойларымен бөлісті. Бұл істердің айқын көрінісі ретінде ұлттық этнопедагогика элементтерінің оқу-тәрбие процесіне жаппай енуі, жоғары оқу орындарында арнайы этнопедагогика кафедраларының ашылуы көптеген музейлер мен бөлмелер өмірге келді. Бүгінгі таңда өзін сыйлайтын әрбір педагог-маман қазақ этнопедагогикасының жемістерін жеп, жетістіктерінен қол үзбейтіндей дәрежеге жетті». Осындай игі істердің бірі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемелекеттік университетінде «Ұлттық тәлім-тәрбие орталығы» ашылды. Аудиториядан тыс ұлттық тәрбиеге арналған іс-шаралар осы орталықта өтеді. Енді осы орталықта өткізілген «Имандылық – қастерлі қасиет» атты дөңгелек стол басындағы ашық сабақтың мазмұнын берейік. Бұл тәрбиелік іс-шараға «Педагогика және психология» кафедраларының профессор-оқытушылары және дін қызметкерлері шақырылды.
Алғы сөзді дін қызметкері бастады: Ұлы Абай: «Иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл керек» - деген екен. Иман араб тілінен алынған сөз. Төл тілімізде «сенім» деген ұғымды білдіреді. Имандылық – Алланың хақ екеніне, ал, Мұхаммед ұсынған парыздарды мүлтіксіз орындау, яғни адамгершіліктің биік мансаптарын сөзсіз атқару, адамдықты асқан кісілік арқылы ақтаудың көрінісі, адамгершілігі аса жоғары кісіні толық иманды деп құрметтейді, ал адамгершілік қалыпты бұзған адамнан ел біткен түңіледі. Имансыз қылық жасағанда, яғни адамгершілік міндетке жеңіл-желпі қарап, оны бұзғанда әрі кінәлі, әрі күнәлі болып, ерте ме, кеш пе әйтеуір жазасын тартатын болады. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі де иманжүзді, жарқын, биязы болады, ол өзі парасатты келеді. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» - деп құрметтейді. Жас адамды имандылыққа баулу үшін олардың ар-ұятын ерте оятып, намысын қайрап, мейірімділік, қайырымдылық, ілтипаттық, кішіпейілділік, қамқорлық, адамдық, ізгілік сияқты қасиеттерді олардың бойына сіңіру керек. Бұл - әрбір отбасының, оқу орындарының басты парызы. Қазақ ұғымына адамгершілік ұғымымен астарлас келетін моральдың атаулардың бірігейлері - кісілік, Отан сүйгіштік, мақсаткерлік, мейірімділік, қайырымдылық, ізгілік, адамдық пен шыншылдық.
Халқымыз «Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар» - деп тәрбиелі адамның үлгі-өнегесін жоғары бағалап, жастарға «Жарлы болсаң да арлы бол» - деп талап қойған. Қазақ дәстүрі бойынша үлкенді сыйлау, құрметтеу, оның кісілігінен тәлім алу - әрбір жастың парызы. Үлкен кісінің алдынан қия өтпеу, оған сәлем беру, төрден орын беріп, құрметтеу, көңіліне қарау - атадан балаға ауысқан тамаша дәстүр. Кісі өзін сыйлата білу үшін өзінің кісілік дәрежесін биікке көтеріп, адамгершілік көрсете білуге тиіс, олай етпесе, халық оны «кісі емес» деп сыйламайды.
С.Қалиевтың еңбектерінің тәлім-тәрбиелік тағылымын жастар тәрбиесіне берері көп. Осы орай «Қазақ тәлім-тәрбиесі» еңбегінің құрылымы беруді жөн көрдік (Кесте 4).
Кесте 4 - Профессор С.Қалиевтың «Қазақ тәлім-тәрбиесі» еңбегінің құрылымы
Жастарға ұлттық тәлім-тәрбие беру мәселелерінен зерттеуден жалықпайтын Қазақстанның белгілі ғалым-педагогтары Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Б.Бөлеев еңбектеріндегі имандылық қасиеттер туралы студенттер, жас оқытушылар шығып сөйлеп, ойларын ортаға салды. Мысалы: Бауырмалдық халқымыздан ең асыл қасиеті болып есептеледі. Сондықтан ғалымдар бұл қасиеттерді ұлттық қазақ психологиясына тән адамгершілік қасиетін айрықша бір көрінісі деп атайды. Шынында да халқымыз «Бала бауыр еттен жаралған» дейді. Ол баланы әлпештеуден, баланың ата-ананы құрметтеуінен байқалып тұрады. Иманды адам ата текті ажырата білуді - «Денсаулық емес, қайта бауырмалдық» деп есептейді. Бірақ өз руын ғана қастерлеу, қызмет бабында руласына ғана қамқорлық жасау - білімді, инабатты, зиялы, адамға жараспайды. Сондықтан ғалымдар кең пейілді, адам ниетті, ақ жүректі, пәк көңілді қазақ халқының тұрмысындағы мінез-құлқына
Информация о работе Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері