Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 07:30, реферат

Краткое описание

Еліміздің ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласында – қазақ ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие беру, оған қазіргі мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау проблемаларын шешу қажеттігін қойып отыр.
Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістердің қарсаңында дамып келе жатыр. Осы өзгерістер позитивтік нәтиже беру үшін көп жағдайда білім беру реформаларына байланысты болады. Білім беруде дәстүрлі ұлттық құндылықтармен қатар педагогиканың инновациялық талаптарымен және қоғамның гуманистік, демократиялық құндылықтарымен тығыз байланысты болады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................
С.Қалиевтың педагог-ғалым ретінде қалыптасуына тарихи-педагогикалық сипаттама
Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері..................................................................................................
С.Қалиевтың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары және оның ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындаудағы үлесі...........................
С. Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби даярлығында пайдалану
С.Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы идеяларын педагогика курсын оқытуда пайдалану...................................................
Ғалым-педагогтің ұлттық тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлерін сабақтан тыс жұмыстарда қолдану жолдары.........................................
Қорытынды .............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

asankanova.doc

— 662.00 Кб (Скачать документ)

Бүкіл Қазақстанды басқаратын мемлекет бүкіл ел қабылдаған Заң болмаған уақытта барлық даулы мәселелерді, түрлі талаптарды шешуді жөн-жоба білетін, қазылық жасай алатын, тәжірибесі бар адамдар шешетін болған. Билер бірте-бірте сот (қазылық) қызметін атқарған. Сонымен қатар жеке ауылды, руды, тайпаны да басқарды. Олар қол астындағы қауымның көшіп-қонуын реттеген, жасақтарға қолбасшылық етті, халықтан түрлі алым-салықтар жинады. Олар туған халқы үшін, оның келешегі үшін аянбай қызмет еткен.

Қай жүздің биі кім екенін айту мақсатында жұмбақ айтыс айтқызу және би аталарымыз ауылдарына саяхатқа бару. Айтыс айтылады.

Саяхат барысы:

Төле би ауылына саяхат.

Қазақ халқы үлкенді «аға» деп сыйлап, құрмет тұтқан. Қазақта аға туралы «Ағасы бардың жағасы бар» деген мақал бар. Сондықтан біз осы билеріміздің үлкені Төле би ауылына алдымен барамыз. Төле би ауылына бара жолда оның өмірбаянымен таныстырамыз.

Міне, Төле би ауылына келіп те жеттік. Бізге бұл ауылдың ұландары бидің айтқан толғауларын айтып береді.

Бірнеше білімгерлер сөз алады:

1. Жаманға да бақ қонатын күн  болады. Біреудің өтірігі шын  болады. Батырдан бақ қайтатын  күн болса, қанша тауып айтса  да мін болады.

2. Жаңбыр жаумаса – жер жетім, басшысы болмаса – ел жетім, ұқпасқа айтқан – сөз жетім.

3. Атың жақсы болса – ер  жігіттің пырағы,

    Балаң жақсы болса  – жан мен тәннің шырағы.

    Әйелің жақсы болса  – ырысыңның тұрағы.

4. Тамыры терең қара емен, қасқал  күтер дауылды. Ақылды шешен сөйлесе, таратар түгел қауымды.

Қазақ халқында келген қонақ «қонақ кәде» жасап, өнер көрсетер болар. Қонақ кәдеге «Туған жер» әні орындалады.

Оқушылар: Ендеше, ауылдың алты ауызын тыңдайық.

Отаным әні орындалады.

Біз енді Орта жүздің биі Қазыбек би атамыздың ауылына жол тартамыз. Барар жолда Қазыбек  бидің өмірімен, шешендігімен таныстыру. Бұл ауылдың жастары өз билерін қалай таныстырар екен?

1. Қаз дауысты Қазыбек би де  өз әділдігімен ел билеп, тапқырлығымен шешен болған және де көсем болған. Артына өшпес із қалдырған, аталы сөздер айтқан.

2. Алтын ұяң – Отан қымбат,

    Құт-берекең – атаң  қымбам.

    Ұят пен ар қымбат,

    Өзің сүйген жар қымбат.

3. Аймалайтын анаң қымбат,

    Мейірімді апаң қымбат.

    Асқар тауың - әкең қымбат,

    Туып-өскен елің қымбат.

4. Арадан шыққан жау қиын, таусылмайтын дау қиын. Шапқыншылаған сөз қиын, дәл осындай жағдайда пана болмас өз үйің.

Енді кіші жүздің Әйтеке би атамыздың ауылына барайық. Барар жолда Әйтеке бидің өмірімен таныстырамыз. Кәне, Әйтеке би ауылының жастарын тыңдап көрелік:

1. Кіші жүз Әйтеке би ұрпағымыз  «татулық», «бірлік», «достық» - ұранымыз. Елімнің мәртебесін асқақтатар  халқымыз үміт күткен ұланымыз.

2. Биіміз Әйтекені таныс етсек,

   Үш бидің кішісі ол, аты  әйгілі.

   Ел басшысы және де  батыр екен,

   Нақыл сөзі сақталады есте мәңгі.

3. Ашу деген ағын су, алдын  ашсақ ақырар. Ақын деген дария, алдын тоссаң тоқырар.

4. Су алмайтын суат жоқ, тамыры  суда тұрса да,

   Уақыты жеткенде, құралмайтын  құрсақ жоқ.

Бұл ауылда қойылым көрсетіледі. Үш биіміз үнемі халық арасында бірге болып, оларға ақылшы, көмекші бола білген. Халықпен үнемі кездесіп, өз ойларын, білгендерін ортаға салып отырған.

Үш ауылдың биін ортаға шақырамыз.

Қойылым: Үш бидің халықпен кездесуі.

Қатысушылар, білімгерлер: Тәуке хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және қатысушылар.

Қорытынды.

Біз міне, билер ауылын аралап, олардың өмірімен, қызметімен танысып қайттық.

Міне, бүгін біз қазақ халқының ешқандай қиындыққа мойымай, өзінің ұлттық дәрежесін сақтап келген ғажап халық. Оның осындай дәрежеге жетуіне, ауызбіршілігі, татулығы мол болуына осы үш биіміздің де үлесі мол болған.

Біз олардың есімін еске сақтаймыз. Қазақ халқы әлі де өркендеп, келешектен зор үміт күтеміз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның 2030-шы жылға жасаған стратагиялық бағдарламасы соның айқын айғағы.

Кездесу соңында Қазақстанның ән ұраны орындалады.      

  С.Қалиевтың жастарға ұлттық тәлім-тәрбие берудегі ой-пікірлеріне, еңбектеріне талдау жасауға «Педагогика тарихы», «Этнопедагогика», «Жалпы педагогика» курстарында арнаулы сағат бөлінбегені өкінішті. Ал, профессор С.Қалиевты өз әріптестері, қаламдас  ғалымдар «Ұлттық педагогика тарихының білгірі, әрі қолбасшысы» (проф. Н.Н.Нұрахметов), «Тәрбиелік ойлар тағылымының шынайы жанашыры» (проф. Ә.К.Құсайынов), «Ағарту ісінің шебер ұйымдастырушысы» (проф. Т.Балынбаев), «Ізденуден жалықпаған феномен ғалым» (проф. М.Құдайқұлов), «Қазақ этнопедагогикасының абызы», («Этнопедагогика» журналының редакциясы) деп көрсетеді.

  Біз зерттеуде эксперимент әдісін қолданған жоқпыз. Себебі, көрнекті ғалымның қазақ этнопедагогикасына қосқан үлесі жөнінде арнаулы зерттеулер, бағдарламалар да өте жеткіліксіз. Сондықтан С.Қалиев сияқты қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие тарихын толықтай зерттеп, жас ұрпақтың ұлттық қадір-қасиеттерін қалыптастыруда жалықпай сан қилы еңбектер жазып жүрген тұлғалардың тағлымын тану, тереңіне үңілу аздаған жылдарда тез бітіре салатын оңай іс емес, ол үшін әлі талай жылдар бойы жасалатын ізденістер мен қажырлы еңбектер қажет деп санаймыз. Сауалнама сұрақтары:

  1. Серғазы Қалиевтің өмір жолдарынан қандай қасиеттерді өздеріңіздерге алар едіңіздер?
  2. Ғалымның еңбектерін атаңыздар?
  3. Ұлттық қадір-қасиеттерді атаңыздар.
  4. Сегіз қырлы, бір сырлы жастарға тән қасиеттер.
  5. С.Қалиев қазақтың қандай ақын-жырауларының тәрбиеге байланысты өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ашқан?
  6. Профессор С.Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық мәдениетті насихаттау туралы ойлары.
  7. Ғалымның халықтар арасындағы татулық жөніндегі пікірлері.
  8. Ана тілімізді төрге шығару жөніндегі ғалымның пікірін келтіріңіз.
  9. Профессордың «Әдеп» пәні жөнініндегі ой-пікірлері.
  10. Ғалымның білім беру мен тәрбие жүйесін этнопедагогикаландыру деген идеясын қалай түсінесіз?

  Осы сұрақтар арқылы сауалнама жүргіздік (Кесте – 5).

 

Кесте 5 – С.Қалиев жайында студенттердің білім деңгейін анықтау кезеңі

 

Сұрақтар

«Педагогика және психология» мамандығы бойынша 4 курс студенттерінің жауаптары

Студ.

саны

Жоғары  %

Орташа %

Төмен %

Студ.

саны

Жоғары  %

Орташа %

Төмен %

1.

С.Қалиевтың өмір жолдарынан қандай қасиеттерді өзіңізге алар едіңіз?

19

2

5

12

18

3

5

10

2.

Ғалымның еңбектерін атаңыз.

 

2

6

11

 

2

4

12

3.

Ұлттық қадір-қасиеттерді атаңыз.

 

3

5

11

 

3

5

10

4.

Сегіз қырлы, бір сырлы жастарға тән қасиеттер қандай?

 

3

4

12

 

4

4

10

5.

С.Қалиев қазақтың қандай ақын-жырауларының тәрбиеге байланысты өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ашқан?

 

2

5

12

 

1

3

14

6.

Профессор С.Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық мәдениетті насихаттау туралы ойлары.

 

1

5

13

 

2

4

12

7.

Ғалымның халықтар арасында татулық жөніндегі пікірлері.

 

3

6

10

 

3

5

10

8.

Ана тілімізді төрге шығару жөніндегі ғалымның пікірін келтіріңіз.

 

2

6

11

 

3

6

10

9.

Профессордың «Әдеп» пәні жөнініндегі ой-пікірлері

 

3

5

11

 

2

4

12

10.

Ғалымның білім беру мен тәрбие жүйесін этнопедагогикаландыру деген идеясын қалай түсінесіз?

 

2

4

13

 

1

5

12

Жиыны:

 

2,3

5,1

11,6

 

2,4

4,5

11,2


  

Жүргізілген сауалнама нәтижесіне қарап отырып, білімгерлердің тақырып аясында білімдік деңгейінің төмендігі анықталды. Сондықтан «Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие беру мәселелері» атты арнаулы курс ұйымдастырғанды жөн деп санадық (Кесте 6).

 

Кесте 6 – «Серғазы Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие беру мәселелері» атты  арнаулы курс бағдарламасының мазмұны

 

р/с

 

Тақырыбы

 

Сағат саны

 

Пайдалану жолдары

лекция

семинар

1

Арнаулы курс бағдарламасының мақсаты мен міндеттері

 

1

 

«Профессордың өмір жолдарымен таныстыру»,

«Арнаулы курс мазмұны мен міндеттеріне талдау жасау»

2

С.Қалиевтың еңбектеріндегі этнопедагогикалық білім беру жүйесі

1

1

«Қазақ этнопедагогикасының тарихынан» студенттердің оқу-ғылыми зерттеу және ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыптарын жасау.

3

Қазақ этнопедагогикасының ұғымдарына С.Қалиевтың анықтамалары

1

1

«Этнопедагогика», «Халық педагогикасы», «Халықтың салт-дәстүрлері», «С.Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәлім-тәрбиелік көздері» атты семинар өткізу.

4

Қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық мәселелерінің С.Қалиев еңбектерінде зерттелеуі.

1

1

Халық педагогикасының негізгі қағидалары және оның ғылыми педагогикамен байланысы туралы дөңгелек стол ұйымдастыру.

6

Халық педагогикасының «Сегіз қырлы, бір сырлы», «Толық адам» тәриелеу қағидалары С.Қалиев зерттеулерінде

2

1

Халық педагогикасындағы «Сегіз қырлы, бір сырлы » адам тәрбиелеу туралы пікірталас ұйымдастыру.

5

 

 

 

С.Қалиев Қазақстан Республикасында ұлттық тәлім-тәрбиенің жандануы туралы.

2

 

 

2

Тақырып бойынша Қ.Жарықбаевтың, С.Қалиевтың, С.Ұзақбаеваның, Ә.Табілдиевтің, Қ.Бөлеевтің, К.Қожахметованың, Ж.Асановтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбиенің тәрбие  ой-пікірлеріне семинар өткізу.

 

Барлығы

8

6

 



 

Арнаулы курс ұйымдастырылып, ғалым-педагог С.Қалиев туралы лекция, семинар сабақтарын жүргізгеннен кейін білімгерлердің білім деңгейін тексеру мақсатында сауалнаманы қайта жүргізіп нәтижесін шығардық (Кесте – 7)

 

Кесте 7 – С.Қалиев жайында студенттердің білім деңгейін қалыптастыру кезеңі

 

Сұрақтар

«Педагогика және психология» мамандығы бойынша 4 курс студенттерінің жауаптары

Студ.

саны

Жоғары  %

Орташа %

Төмен %

Студ.

саны

Жоғары  %

Орташа %

Төмен %

1.

С.Қалиевтың өмір жолдарынан қандай қасиеттерді өзіңізге алар едіңіз?

19

10

5

2

18

9

5

4

2.

Ғалымның еңбектерін атаңыз.

 

11

5

3

 

11

5

2

3.

Ұлттық қадір-қасиеттерді атаңыз.

 

12

5

2

 

12

5

1

4.

Сегіз қырлы, бір сырлы жастарға тән қасиеттер қандай?

 

11

5

3

 

11

6

2

5.

С.Қалиев қазақтың қандай ақын-жырауларының тәрбиеге байланысты өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ашқан?

 

12

5

2

 

12

4

2

6.

Профессор С.Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық мәдениетті насихаттау туралы ойлары.

 

13

3

3

 

10

7

1

7.

Ғалымның халықтар арасында татулық жөніндегі пікірлері.

 

10

6

3

 

12

5

1

8.

Ана тілімізді төрге шығару жөніндегі ғалымның пікірін келтіріңіз.

 

12

6

1

 

11

5

2

9.

Профессордың «Әдеп» пәні жөнініндегі ой-пікірлері

 

11

5

2

 

10

6

2

10.

Ғалымның білім беру мен тәрбие жүйесін этнопедагогикаландыру деген идеясын қалай түсінесіз?

 

13

4

2

 

13

4

1

Жиыны:

 

11,5

4,9

2,3

 

11,1

5,2

1,8

Информация о работе Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері