Сапа менеджмент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2014 в 08:20, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттырудың бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің немесе ұсынылатын қызметтің сапасын жетілдіру болып табылады. Өндірілетін өнімнің сапасын арттыру қазіргі таңда ішкі және сыртқы нарықтарда өнімнің бәсекеқабілеттілікке ие болуына алып келеді. Өнімнің бәсекеқабілеттілігі еліміздің беделін және ұлттық байлығымызды арттырудың негізгі факторы болып табылады. ҚР – ның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру бағытына байланысты отандық кәсіпкерлер алдында өте күрделі міндет тұр. Ол өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру арқылы ішкі және сыртқы нарыққа бәсекеге қабілетті өнімдерді ұсыну.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом_2 глава Сапа менеджменти исправ.doc

— 299.50 Кб (Скачать документ)

Үшіншіден, «Сіз университеттегі сапа кепілдігі  жүйесін қалай бағалар едіңіз?»  деген сұрақ қойылғанда, студенттердің 40 % университетте барлық деңгейдегі бағыттарда ұйымдастырылған қуатты сапа кепілдігі жүйесі бар деп жауап берген. Бұдан біз университетте сапа менеджментінің жүйесі жұмыс істейтінін көреміз.

Төртіншіден, студенттерге университетте оқу барысында қолданылатын ғылыми технологиялар мен әдістемені бағалау туралы сұрақ қойылды. Бұл сұраққа жауап берерде 35,2 % сұралған студенттер жауап беруге қиналды. Ал қалғандары университетте кредиттік оқыту принципін (52,2%), білімді бағалаудың балл қойып рейтингтік жүйесін (77,2%), жеке оқу жоспарын (69,2%), ақпараттық-коммуникациондық технологияларды (85,2%), сонымен қатар оқудың интерактивті формасын (75,5%) қолданатынын атап кетті.

Студенттерге  қойылған келесі сұрақ «Оқу барысының  шартымен қанағатсыздар ма?». Мұнда  студенттердің барлық дерлік мүшесі қанағатпыз деп жауап берді (83,6%). Яғни, бұдан біз университеттің шарттары студенттері қанағаттандыратынын, сондықтан университетке түсетін студенттер санының жылдан жылға өсуін байқауға болады.

Сонымен қатар, «Кейбір сұрақтар бойынша студенттердің  көз қарастары есептеледі ме?»  сұрағына жауап берген студенттердің  жартысынан көбі толығымен және жартылай есептеледі деп жауап берген.

Келесі сұрақ  «Университеттің ақпараттық және материалдық-техникалық базасы қаншаға қанағаттандырады?»  болған болатын, бұл сұрақтың қорытындысы  бойынша кітапханадағы ғылыми кітаптардың  болуы мен ақпараттық ресурстардың болуы көп пайызды иеленді.

Студенттерге  қойылған соңғы сұрақ «Сіздің  ойыңызша университеттегі қатынастарыңыз қандай?» деген сұрақ. Бұл сұрақтың қорытындысы бойынша студенттер арасында, сондай-ақ студенттер мен  мұғалімдер арасындағы қатынастың жақсы  екенін көруге болады.

Сонымен, студенттерге қойылған сауалнама бойынша университеттің оқуына қанағаттану көрсеткіші бойынша төмен дәреже әлеуметтік-қоғамдық саласы көрсетті, оның ішінде спортпен шұғылдану сабақтару, бос уақытты өткізу және ас беруді ұйымдастыру көрсеткіштері.

Жалпы негізгі  көрсеткіштер бойынша Қарағанды  мемлекеттік университетінің студенттерімен жүргізілген сауалнама оңтайлы  шешемі көрсетті.

Қорытыныдлай келе, стратегиялық сапа менеджмент бөлiмi университеттiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылады, стратегиялық сапа менеджментін дамытуға және жетілдіру бойынша қызметті үйлестіру үшін жасалған және сапа және үздіксіз білім бойынша проректорына бағынады.

Стратегиялық  сапа менеджментінің бөлiмi қызметінің мақсаты бiлiм саласындағы тұтынушылардың өтінімдеріне жоғары оқу орындарына сапа саласындағы тиiстi халықаралық және республикалық стандарттарына сәйкес тиiмдi менеджмент жүйесiн әдістеу, енгізу және дамыту болып табылады.

 


Информация о работе Сапа менеджмент