Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2014 в 08:20, дипломная работа
Диплом жұмысының өзектілігі. Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттырудың бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің немесе ұсынылатын қызметтің сапасын жетілдіру болып табылады. Өндірілетін өнімнің сапасын арттыру қазіргі таңда ішкі және сыртқы нарықтарда өнімнің бәсекеқабілеттілікке ие болуына алып келеді. Өнімнің бәсекеқабілеттілігі еліміздің беделін және ұлттық байлығымызды арттырудың негізгі факторы болып табылады. ҚР – ның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру бағытына байланысты отандық кәсіпкерлер алдында өте күрделі міндет тұр. Ол өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру арқылы ішкі және сыртқы нарыққа бәсекеге қабілетті өнімдерді ұсыну.
ИСО 9000 стандарттары негізінде құрылған сапа жүйесінің негізгі мақсаты - өнімнің сапасын қамтамасыз ету, тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру, сапаны қамтамасыз етуде кәсіпорынның мүмкіншілігін анықтайды. Жыл сайын бүкіл әлемде 2 500 кәсіпорын сапа жүйесін сертификаттайды.
Сапаны басқару
жүйесі – қатаң және қызметтің
регламенттелген тәртібімен, айқын
міндеттемелерді нақты
Тауар маркасы мен сапа жүйесі бір-бірімен тығыз байланыста болады және бұл байланыс тауар өндіруден, оны таратуға дейінгі аралықтағы ИСО 9000 стандарртар талаптарын сақтай отырып өнім сапасын үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Тауар белгісін әлемге әйгілі ету үшін бірінші кезекте сапаны басқару сертификатының болуы, бұл сертификат сыртқы нарықта отандық өндірушілердің біліктілігін, профессионалдылығын сипаттайды.
Біздің еліміз
экономикалық позициямызды жақсартуда
және әлемдік нарыққа
Бірақ осы артықшылықтарды жүзеге асыру үшін сапа мәселесін шешуді және оны арттыруды кешенді түрде қарау керек. Ол үшін бәсекеқабілеттілігі мықты дамыған елдердің сапа менеджменті жүйесінен Қазақстанға үлгі алу қажет.
Сонымен, қорытындылай келе, қызмет саласындағы стратегиялық сапа менеджментінің ұйымдастырылуын іске асырудың негізгі бағыттары:
- республика
аумағында қызмет ететін
- республика кәсіпорындарында және ұйымдарында менеджмент жүйелерін, соның ішінде біріккен жүйелерді енгізу бойынша орташа мерзімді бағдарламаны әзірлеу;
- сапа саласында жыл сайынғы конкурстарды өткізу және басқа ұқсас халықаралық және өңірлік конкурстарға қатысу;
- сапа саласында халықаралық және өңірлік конкурстарға қатысу үшін өнімдердің және көрсетілетін қызметтердің отандық өндірушілерін дайындау;
- стратегиялық
сапа менеджменті жүйелері
- қызметкерлерді сертификаттау жөніндегі органды құру, оны аккредиттеу және қызметкерлерді сертификаттау жөніндегі Халықаралық қауымдастықтың мүшелігіне кіру;
- республика мамандарын менеджмент жүйелері мәселелері бойынша оқытуды белсендіру;
- ISO/ТС 176 жұмысына, сапа жөніндегі халықаралық ұйымдарға белсенді қатысу;
- менеджмент жүйелері саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және ұсыныстар, соның ішінде менеджмент жүйесін біріктіру жөнінде ұсыну;
- менеджмент жүйесін енгізетін кәсіпорындар мен ұйымдардың материалдық ынталандыру жүйесін жетілдіру;
- менеджмент
жүйелері бойынша үйлестіру жұм
2.3 «Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университет» мысалында стратегиялық сапа менеджментінің қалыптасуы және оны тиімді ұйымдастыру
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасындағы жетекші университеттерінің бірі. 2012 жылғы ұлттық рейтинг бойынша 3 орынға иеленді. Қазіргі қоғамның дамуы, экономикалық гүлденуі, өмір сапасы, ұлттық қауіпсіздігі білім беру саласының жағдайымен, ғылымның өрістеуімен, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тәжірибе жүзінде пайдалану тиімділігімен айқындалады. Қазіргі заманда білім беру мен ғылымның құндылығы көпшілікке танылуымен қатар, жалпы адамзаттың рухани қазыналарының қатарына кіреді. Университеттің ерекше миссиясы қоғамның динамикалық дамуының негізі болатын ғылым мен білімнің кірігуімен жүзеге асады.
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті сияқты классикалық университеттер маңызды қоғамдық және мәдени міндетті орындауда. Олар білім беру және ғылым мен ағарту ісінің мұраттарына қызмет етудің, интеллектуалдық еркіндікті іске асырудың, мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуына салмақты үлес қосудың, жас ұрпақты тәрбиелеудің үлгілері ретінде қарастырылады. Қарағанды мемлекетті университеті классикалық университеттер дәстүрлерін жалғастыра отырып, университеттік білім берудің тұрақты жоғары деңгейі мен іргелілігін сақтайды. ҚарМУ Қазақстанның ағарту, ғылым мен мәдениет көшбасшыла рының бірі болып табылады. Демек, бұл жоғары білікті мамандардың тұрақты жоғары деңгейін, ұдайы ғылыми ізденісті, еркіндік, қайырымдылық пен әділдіктің адамгершілік мұраттарына бағыт алуды білдіреді.
ҚарМУ бүгінгі күні — қарқынды дамып келе жатқан университеттердің бірі. Университет заң, экономика, гуманитарлық, жаратылыстану, педагогикалық және инженерлік бағыттағы 101 мамандық бойынша күндізгі, сырттай, қысқартылған оқу түрлері бойынша дайындықты жүзеге асырады. Қазіргі кезде 13 факультетте 12 мыңнан астам студент білім алуда. ҚарМУ 73 бакалавриат бағдарламасы; 48 магистратура бағдарламасы; және 10 PhD докторантура бағдарламасы бойынша мамандарды даярлайды. Жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы университеттің негізгі игілігі болып саналады. Оқытушы корпусының 41 %-і ғылыми дәреже мен атаққа ие. Жыл сайын университет қызметкерлері ғылым кандидаты мен докторы ғылыми дәрежесін алу үшін 30-дан аса жұмыс қорғайды.
ҚарМУ-де Кандидаттық және докторлық диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер ойдағыдай жұмыс жасауда. ҚарМУ-дің мәртебесі белсенді халықаралық ынтымақтастықпен дәлелденеді. Әр түрлі қоғамдық және мемлекеттік институттар, республиканың, алыс және жақын шетелдің жоғары оқу орындары университеттің серіктестері болып табылады.
Олардың кейбіреулерін ғана атап өтейік: Орталық Азия менеджментті дамыту қоры (CAMAN) , ИНТАС, ТАСИС, Білім беру және тілдерді меңгеру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі американ кеңесі (АКСЕЛС), ДААД академиялық айырбас жөніндегі неміс қызметі, Британ Кеңесі, Қазақстандағы Франция, Италия, Түркия, Корея елшіліктері, АҚШ-тің Бейбітшілік корпусы, Гете атындағы институт (Германия), Мериленд штатынын, университеті (АҚШ), Экстер университеті (Ұлыбритания), Ионсей университеті (Оңтүстік Корея), М. В. Ломоносов атындағы ММУ, Новосибирск мемлекеттік университеті, Қазан мемлекеттік университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚХЭҚИ т. б. Бұл студенттік жинақылықты дамытудың кең өрісі.
ҚарМУ-дің еліміздің мемлекеттік жоғары оқу орындарының арасынан бірінші болып халықаралық аккредиттеуден өтіп, Еуропалық менеджментті дамыту қорының (EFMD) сертификатын иемденді. Бұл — университетте берілетін білім сапасын халықаралық деңгейде мойын-даудың дәлелі. 2005 жылдың мамыр айында ҚарМУ жоғары білім саласын-да беделді халықаралық ұйымдардың бірі болып саналатын Университеттердің Ұлы Хартиясына мүше болып енді. Бұл ұйымның штаб-пәтері Италияның Болонья қаласында, Еуропаның ежелгі университетінде орналасқан. ҚарМУ-де тек біздің елдің жастары ғана білім алмайды. Университет қабырғасында Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Ресей, Монғолия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстаннан келген 200-ден аса шетелдік оқушы білім алуда.
ҚарМУ-дің дамыған инфрақұрылымы оның бәскелестік қабілетіне қолдау көрсетеді. ҚарМУ құрамында 12 оқу ғимараты, кітап қоры 2 млн. дананы құрайтын 16 оқу залы бар ғылыми кітапхана, жабдықталған 6 жатақхана, санаторий-профилакторий, 3 дербес жылыту станциясы, студенттік тұрмыстық кешені, 19 кәсіпорынды қоғамдық тамақтандыру комбинаты, «Шаңырақ» жастар орталығы, кондитерлік цех, «Аюлы» спорттық-сауықтыру кешені, «Кент» бос уақытты өткізу орталығы, Топар Қарқаралы аумақтарындағы демалыс орындары, 2 стадион,11 спорттық зал, жеңілатлетикалық манеж, «Интернет» телекоммуникациялық орталығы, компьютерлік орталық, медиатека, баспахана,оқу теледидары бар. Біздің әрі қарай дамуымыз болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Біздің болашағымыз бұл классикалық университеттің дәстүрлерін жалғастыру, үздіксіз және іргелі білім беруді қамтамасыз ету, халықаралық сапа стандарттарын қолдану, жаңа білім беру технологияларын енгізу, еңбек нарығында өз бәсекелестік қабілетін сақтау, Елбасы Жолдауы ережелеріне негізделген әлеуметтік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
ҚарМУ жүргізетін сондай саясатардың бірі – сапа менеджментінің саясаты. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің саясаты оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие үдерістерін дамытуға қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Осыған байланысты университеттің миссиясы классикалық білім дәстүрлерін жалғастырумен, іргелі біліммен қамтамасыз етумен, ойластырылған әлеуметтік саясатты жүргізумен байланысты. Сапа саласындағы саясат ұсынылатын білім қызметтерінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, университеттің білім нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қолдауға, кәсіби және жергілікті қоғамдастықта ұжымдық байланыстарды кеңейтуге, заманауи білім және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға бағытталған. Біздің білім беру қызметтеріміз заманауи білім технологияларына, қазақстандық мемлекеттік білім, халықаралық стандарттарға және Университеттердің Ұлы Хартиясының ұстанымдарына негізделген.
Білім үдерісінің негізгі қатысушылары студенттер, магистранттар, аспиранттар, докторанттар және университет тыңдаушылары болып табылады. Осыған байланысты білім бағдарламаларының мазмұны, профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейі, материалдық базаның жағдайы, инфрақұрылымның сипаты жоғары білікті және қажетті маманды қалыптастыруға бағытталған. Университет саясатының ажырамас бөлігінің бірі ғылыми-зерттеу жұмысы және университеттің ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Саясаттың маңызды бағыттарының бірі конкурстық іріктеу және мерзімдік аттестаттау арқылы қалыптасатын профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби өсуі және дамуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.
Университеттің ағымдағы саясатын жүзеге асыру үздіксіз білім беру ұстанымдарын іске асырумен, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін оқыту үдерісінде пайдаланумен және қоғам мен тұлғаның білім қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты. Осыған байланысты университеттің қызметі кредиттік оқыту технологиясын, қашықтықтан білім беру түрлерін және сапа менеджменті жүйесінің қағидаларын меңгеруге бағытталған.
Университеттің саясаты ҚарМУ-дың 2005-2007 жж. арналған стратегиясын жүзеге асырудың бірыңғай бағдарламасына негіз болды және ағымдағы оқу жылында сапа саласындағы мақсаттарды анықтап берді.
Сонымен қатар, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ сапа менеджменті жүйесі сапа менеджментінің 8 ұстанымына негізделеді:
- тұтынушыға бағдар ету. Университет өз тұтынушыларынан тәуелді болғандықтан олардың ағымды және болашақ сұраныстарын түсініп, талаптарын орындауға және үміттерін ақтауға тырысады;
- басқарушылық озаттығы. Университет басшылары қызметтің мақсаттары мен бағыттарының бірлігін қамтамасыз етеді, оқытушылар мен қызметкерлер университет алдына қойған мақсаттарын шешуге қатысатын ішкі ортаны құрып, қолдайды;
- жұмысшыларды тарту. барлық деңгейдегі қызметкерлер университеттің негізін құрайды, сондықтан оларды жұмысқа тарту университетке олардың қабілеттерін өз пайдасы үшін пайдалануға мүмкіндік туғызады;
- процестік тәсіл. Күтілетін нәтижеге тиімді жету үшін университеттің барлық қызметтері мен тиісті ресурстарын процесс ретінде басқарады;
- менеджментке деген жүйелік тәсіл. Университет қызметінде өзара байланысқан процестер торабы анықталады. Өзара байланысқан процестерді жүйе ретінде түсіну университеттің өз мақсатына жету нәтижесі мен тиімділігіне үлес қосады;
- тұрақты жақсарту. Университеттің тұрақты мақсаты – оның қызметін жақсарту;
- деректерге негізделген шешімдер қабылдау. Тиімді шешімдер деректер мен ақпаратты талдауға негізделеді;
- жеткізушілермен өзара тиімді қатынастар. Университет және қала мен облыстың білім беру мекемелері өзара байланысты, өзара пайдалы қатынас екі жақтың да құндылықтар жасау қабілеттерін арттырады.
Мұндағы, процестік тәсіл кез келген қызметті процес ретінде қарастырады. Университет жұмысында процестер өзара әрекеттесіп, процестер жүйесін немесе желісін құрайды. Процесті басқару осы процесті жүзеге асыру, процес барысын байқау, оның орындалу нәтижелерін талдау және процес барысын коррекциялау үшін процес мақсаттары мен ресурстарын, процесті орындау әдістері мен құралдарын анықтау, ресурстарды пайдалануды басқарудан тұрады. Кез келген процесті үздіксіз жақсарту үшін Демингтің PDCA - жоспарла (Plan), орында (Do), тексер (Check), ықпал ет (Act) циклы қолданылады.
Сонымен қатар, университетінің қызметінің аспектілеріне қатысы бар кредиттік технологияны, сапа менежментінің қазіргі жүйесін, ақпараттық жүйелер кешенін енгізумен байланысты өзгерістер мен өзгертулерді жүзеге асыру ЖОО қызметкерлерінің, әсіресе университет қызметін бағалау процедураларына қатысатындардың, білімдерін үнемі жаңартып, бақылап, коррекциялап отыруды талап етеді. Осы жағдайда персоналдың ақпараттанылуын түрлі жолдармен іске асырылатын біліктілігін арттыру курстары, семинарлар, мастер-кластар және т.б. арқылы арттыру маңызды рөл атқарады.
Университет қызметкерлерінің ақпараттанылуы әр түрлі бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Оқыту шаралардың тақырыптары да алуан түрлі. Бұл стандарттар талабы, сапа менеджменті жүйесінің мәселелері, аккредитациялау процесінің ерекшеліктері, сапа құралдары. Соңғы жылдары тақырыптардың мағынасы жалпы менеджмент, сапа менеджменті мәселелерінен корпоративтік мәдениет, жеке және жұмыс уақыты, эмоциялар, шығармашылық, жұмыс орнын ұйымдастыру мәселелеріне дейін кеңейтілуде.