Сапа менеджмент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2014 в 08:20, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттырудың бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің немесе ұсынылатын қызметтің сапасын жетілдіру болып табылады. Өндірілетін өнімнің сапасын арттыру қазіргі таңда ішкі және сыртқы нарықтарда өнімнің бәсекеқабілеттілікке ие болуына алып келеді. Өнімнің бәсекеқабілеттілігі еліміздің беделін және ұлттық байлығымызды арттырудың негізгі факторы болып табылады. ҚР – ның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру бағытына байланысты отандық кәсіпкерлер алдында өте күрделі міндет тұр. Ол өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру арқылы ішкі және сыртқы нарыққа бәсекеге қабілетті өнімдерді ұсыну.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом_2 глава Сапа менеджменти исправ.doc

— 299.50 Кб (Скачать документ)

2004 жылдан бастап ішкі  аудиторлар, декандар орынбасарлары  мен құрылымдардағы сапа жөніндегі жауаптылар үшін сапаны басқару саласындағы қазіргі бағыттарға арналған семинарлар өткізіліп келеді. Басында ұйымдастырушылардың негізгі мақсаты қатысушыларды сапа менеджментіндегі қазіргі әдістер және тәсілдермен таныстыру, университет сапа менеджменті жүйесі туралы түсінік қалыптастыру, оның даму мәселелерін қарастыру болып табылатын. Сапа менеджментінің жүйесі туралы түсінік қалыптасқан соң, семинарлар тақырыптары да кеңейе бастады.

Сапа менеджменті қызметі  қызметкерлер, оқытушылар мен сыртқы клиенттердің біліктілігін арттыру курстары үшін жаңа бағдарламалар әзірледі: «Методы и инструменты управления для современного руководителя», «Система менеджмента образовательного учреждения», «Разработка и внедрение СМК на предприятии», «Методы и инструменты повышения качества работы».

2004 жылдан бастап сапа  менеджменті қызметі ұйымдастырған  қазіргі білім беру менеджменті  мәселелеріне арналған арнайы  бағдарламалар бойынша біліктілігін  арттыру курстардан 300-ден астам университет оқытушылары мен қызметкерлері өткен болатын.

Сонымен қатар, Е.А. Бөкетов  атындағы ҚарМУ сапа менеджментінің құжаттамасын айта кететін болсақ, университетті басқаруда 31 бизнес-процесс белгіленген және құжатталған. Ішкі нормативтік құжаттама жиынтығы әзірленіп, өзекті қалпында қалыптасуда.

Енді Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттерімен университеттің сапа менеджментіне байланысты жүргізілген сұхбат бойынша талдау жүргізейік.

Университет студенттеріне  «Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де оқу беделді ме әлде қызықты ма?» деген сұраққа 87,6% студенттер беделді деп шешсе, 86,5% қызықты деп ойлайды (сурет 8).

 

Сурет 1– «ҚарМУ-де оқу беделді ме, әлде қызықты ма?» сұрағына студенттердің жауап беру диаграммасы

 

8 суреттен байқағандай, студенттердің 59,6 % университетте оқып жүргендеріне қанағат екенін көруге болады.

Келесі сұрақ  студенттерге қойылған «Университтегі сала бойынша оқытушылардың сабақ беру сапасы қандай?» деген сұрақ. Бұл сұраққа студенттердің 83,9 % жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық саладағы сабақтарды өте жоғары деңгейде өткізеді деп жауап берді, математикалық сабақтарды (80,9 %), жалпы мамандандырылған және мамандық бойынша сабақтар (90,4%) (кесте 3).

         Кесте 3 – «Университтегі сала бойынша оқытушылардың сабақ беру сапасы қандай?» сұрағына жауап

 

 

Сабақтар саласы бойынша студенттер жауаптары

Жалпы гуманитарлы  және әлеуметтік-экономикалық

Математикалық

Жалпы мамандан-дырылған

Мамандық бойынша

1

Өте жоғары

32,5

33,3

43

52

2

Жоғары

51,4

47,6

44

38,4

3

Жауап беруге қинала-мын

12,3

15,8

9,5

6,8

4

Төмен

3,2

2,4

2,3

2,3

5

Өте төмен

0,6

0,9

1,2

0,5


 

3- кестеден студенттерге өздерінің мамандықтары бойынша сабақтары өте жоғары және қызықты екенін көруге болады.

Келесі сауалнама  сұрағы «Сіз университеттегі сапа кепілдігі жүйесін қалай бағалар едіңіз?» деген сұрақ болды. Мұнда студенттердің жауабы төмендегі 4-кестеде көрсетілген.

 

Кесте 4 - «Сіз университеттегі сапа кепілдігі жүйесін қалай бағалар едіңіз?» сұрағына жауап кестесі

 

 

Студенттер  жауаптары

1

Университетте барлық деңгейдегі бағыттарда ұйымдастырылған қуатты сапа кепілдігі жүйесі бар. Сапаны бағалау бойынша бөлім бар. Сапаны бағалау студенттер сауалнамасының көмегімен және олардың қанағаттанушылығы негізінде реттеліп, ұйымдастыры-лады. Суденттердің бағалау нәтижелерін әкімшілік назарында қабылдап, бағдарламаларында, страте-гияларында т.б. ескереді.

40

2

Университетте барлық бағыттар деңгейінде ұйымдастырылған  кейбір сапа кепілдігі жүйесі элементтері  бар. Сапаны бағалау бойынша бөлім  бар. Сапаны бағалау студенттер сауалнамасының және олардың қанағаттанушылығы арқылы реттелмей, ұйымдастыры-лады. Әкімшілік студенттердің бағалау нәтижелерін бағдарламалар, стратегиялар, өзгерістерде т.б. ескермейді. 

30,4

3

Университетте көптеген бағыттар деңгейінде ұйымдастырылған  сапа кепілдігі жүйесі элементтері жоқ. Сапаны бағалау бойынша қызмет немесе бөлім жоқ. Сапаны бағалау ұйымдастырылмаған. Студенттерден олардың қанағаттану деңгей туралы сұралмайды. 

19

4

Университетте ешқандай сапаны бақылау жүйесі жоқ. Сапаны бағалау бойынша бөлім жоқ. Сапаны бағалау ұйымдастырылмаған. Студенттерден олардың қанағаттану деңгейі туралы сұралмайды. 

6,3

5

Жауап бере алмаймын.

4,3


 

Сонымен қатар, студенттерге университетте оқу  барысында қолданылатын ғылыми технологиялар  мен әдістемені бағалау туралы сұрақ қойылды. Бұл сұраққа жауап берерде 35,2 % сұралған студенттер жауап беруге қиналды. Ал қалғандары университетте кредиттік оқыту принципін (52,2%), білімді бағалаудың балл қойып рейтингтік жүйесін (77,2%), жеке оқу жоспарын (69,2%), ақпараттық-коммуникациондық технологияларды (85,2%), сонымен қатар оқудың интерактивті формасын (75,5%) қолданатынын атап кетті (кесте 5).

 

Кесте 5 – «Оқу барысында ғылыми технология мен оқыту әдістемесі қолданыла ма?» сұрағына жауап кестесі

 

 

Кредиттік принцип

Рейтингтік бағалау жүйесі

Таңдау бойынша  сабақтар

Ақпараттық-коммуникациондық

технологиялар

Интерактивті  оқыту формасы

1

Ия

30,4

51,1

46,4

61,6

46,9

2

Ия шығар

21,8

26,1

22,8

23,6

28,6

3

Жауап бе-руге қина-ламын

35,2

10

14,6

6,9

11,3

4

Жоқ шығар

5,9

5,8

8,8

4,5

8

5

Жоқ

6,7

7

7,4

3,4

5,2


 

Қарағанды мемлекеттік  университетінің студенттеріне  қойылған келесі сұрақ «Оқу барысының  шартымен қанағатсыздар ма?» деген сұрақ болды. Бұл сұраққа ойланбастан студенттердің 83,6% қанағатпыз деп жауап қайтарды, қалғандары 69,6% ғылыми жұмыстарының сабақтарының шарттарымен, 74,8% практикалық сабақтар шарттарымен қанағат. Бірақ әлеуметтік-экономикалық салада студенттердің жауабы қанағаттандырылғаннан төмендеу, оның ішінде ас беруді ұйымдастыру 48,7%, физкультура мен спортпен шұғылдану шарттары 60 % (кесте 4).

 

Кесте 6 - «Оқу барысының шарттарымен қанағатсыздар ма?» сұрағының жауап кестесі

 

 

Оқу барысын  ұйым-дастыру

Ғылыми сабақтар шарттары

Практика-лық сабақтар шарттары

Бос уақыт өткізу шарттары

Ас беруді ұйымдасты-ру

Спортпен шұғылда-ну шарттары

1

Ия

47

39,2

42,1

29,4

27,7

35

2

Ия шығар

36,6

30,4

49,9

24,8

21

25

3

Жауап беруге қина-ламын

6,1

18,8

3

24,1

14,6

18,6

4

Жоқ шығар

8,4

8,6

2

10,4

11,3

10

5

Жоқ

1,9

3

5

10,8

25,4

11,4


 

Студенттерге  қойылған келесі сұрақ «Кейбір сұрақтар бойынша студенттердің көз қарастары есептеледі ме?». Бұл сұраққа жауап берген студенттердің жауаптары төмендегі 7-кестеде көрсетілген.

 

Кесте 7 - «Кейбір сұрақтар бойынша студенттердің көз қарастары есептеледі ме?» сұрағына жауап кестесі

 

 

Сұрақтар бойынша студенттер жауаптары

Оқыту процессін  ұйымдас-тыру

Бос уақыттағы  мерекелерді ұйымдастыру

Тәрбие беру жұмыстарын өткізу

Ғылыми жұмыстарды өткізу

1

Толығымен есептеледі

25,9

34

27

38,2

2

Жартылай есептеледі

39,7

32,9

27,2

30,7

3

Жауап беруге қинала-мын

11,9

21,2

28,2

16,9

4

Кейде ғана есептеледі

12,4

6,6

8

8,2

5

Есептелмейді

10,1

5,3

9

6


 

Сонымен қатар, сауалнаманың «Университеттің ақпараттық және материалдық-техникалық базасы қаншаға  қанағаттандырады?» деген сұрағына, студенттердің жауаптары мынандай қорытынды көрсетті (кесте 8).

 

Кесте 8 - «Университеттің  ақпараттық және материалдық-техникалық базасы қаншаға қанағаттандырады?»  сұрағына жауап кестесі

 

 

Студенттер  жауаптары

1

Кітапханада ғылыми кітаптардың болуы

84,5%

2

Ақпараттық  ресурстардың болуы

85,3%

3

Оқу залының  орындар санымен

79%

4

Өзіндік жұмыстар үшін компьютерлердің болуы 

69%

5

Оқу және ғылыми жабдықтардың болуы

68,6%

6

Лабораториялық  және арнайы аудиториялардың болуы

61,5%


 

Студенттердің университетте жайлы оқуы үшін тек оқыту процесінің сапалығы ғана емес, сонымен қатар студенттер мен оқытушылар арасындағы қарым қатынасының дұрыс болуы да әсер етеді. Сондықтан сауалнаманың келесі сұрағы оқу процесіне қатысушылардың қарым-қатынасын бағалау жөнінде сұрақ қойылды.

Жауап берушілердің 92,3 % студенттер арасында тілектестік қарым-қатынас екенін айтты, сонымен қатар студенттер мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынас (92,6% оқу барысында және 85,3% оқудан тыс кезде) және студенттер мен әдіскерлер, лаборанттар ара қатынасы (83,9%) тілектестік қарым-қатынас екенін айтты (кесте 9).

 

Кесте 9 – «Сіздің ойыңызша университеттегі қатынастарыңыз қандай?» сұрағына жауап кестесі

 

 

Сұрақтар бойынша  студенттер жауаптары

Студенттер  арасында

Студенттер  мен оқытушылар арасында

Студенттер мен әкімшілік арасында

Студенттер  мен әдіскерлер, лаборанттар арасында

1

Жақсы

66,5

59,8

43,8

55,9

2

Жақсы сияқты

25,8

32,8

30,6

28

3

Жауап беруге қинала-мын

4,1

5,1

19

11,1

4

Нашар сияқты

2,6

1,6

4,3

2,8

5

Нашар

1

0,7

2,3

2,2


 

Сонымен, енді жоғарыда қойылған сауалнама бойынша қорытынды жасайық.

Студенттерге  қойылған «Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де оқу беделді ме әлде қызықты ма?» деген бірінші сұраққа 87,6% студенттер беделді деп шешсе, 86,5% қызықты деп ойлайды екен. Яғни, көп студенттер университеттің беделді стутасына қарайды екен.

Екіншіден, «Университтегі сала бойынша оқытушылардың сабақ  беру сапасы қандай?» деген сұраққа  көп студеттер жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық саладағы сабақтарды өте жоғары деңгейде өткізеді деп жауап берді (83,9 %).

Информация о работе Сапа менеджмент