Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2014 в 08:20, дипломная работа
Диплом жұмысының өзектілігі. Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттырудың бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің немесе ұсынылатын қызметтің сапасын жетілдіру болып табылады. Өндірілетін өнімнің сапасын арттыру қазіргі таңда ішкі және сыртқы нарықтарда өнімнің бәсекеқабілеттілікке ие болуына алып келеді. Өнімнің бәсекеқабілеттілігі еліміздің беделін және ұлттық байлығымызды арттырудың негізгі факторы болып табылады. ҚР – ның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру бағытына байланысты отандық кәсіпкерлер алдында өте күрделі міндет тұр. Ол өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру арқылы ішкі және сыртқы нарыққа бәсекеге қабілетті өнімдерді ұсыну.
1963 жылдан ISO -ға электротехникалық бөлімі ретінде Халықаралық электротехникалық комиссиясы қосылды (МЭК), электротехника, радиотехника және электроника саласындағы стандарттарды үйлестірумен айналысады.
Метрология саласында бірнеше халықаралық ұйымдар жұмыс істейді: Халықаралық өлшем және салалық ұйымы (ХОСҰ) (МОМВ), атқарушы органымен Халықаралық өлшем және салмақ комитетімен (ХӨСК) (МКМВ), Халықаралық өлшем және салмақ бюросымен (ХӨСБ) (МБМВ), Халықаралық метрология жөнінде заң қабылдайтын ұйым (ХМЗҰ / МОЗМ).
Жоғарыда көрсетілгендерден басқа бірнеше халықаралық және аймақтық стандарттау ұйымдары бар, ол мемлекет ішінде - өзара- көмектік экономика Кеңесінің мүшелері (ӨКЭК) (СЭВ).
ӨКЭК 1949 жылы бекітілген кеңестің мүшелері болғандар: Болгария халық республикасы, Венгрия халық республикасы, Германия демократиялық Республикасы, Монғол халық республикасы, Вьетнам Социалистік Республикасы, Поляк халық республикасы, Румыния Социалистік Республикасы, Чехословакия Социалистік республикасы, Куба республикасы, Кеңестік социалистік республикалар одағы - 10 мемлекет.
Небәрі ӨКЭК-нің органдарымен жетілдіргені мен бекіткені барлығы 5000 стандарт, барлық экономикалық саламен ӨКЭКС-не мүше мемлекеттер ғылыми-техникалық ынтымақтығын қамтиды.
КСРО-ның халық шаруашылығында тікелей 500-ден жоғары ӨКЭК стандарты қолданылады, ал 300 басқадай стандарттың көрсеткіштері біздің елдің Мемлекеттік стандарттына енгізілген.
Сонымен, ISO – стандарттау бойынша ұлттық ұйымдардың дүниежүзілік федерациясы болып табылатын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым.
ISO-ның мақсаты
– стандарттау принциптерін
Әзірленген ISO стандарттары тарауларға біріктіріледі, оларға мынандай стандарттар жатады:
- ISO 9000 – кәсіпорындар
мен ұйымдардың сапа
- ISO 9001. Сапа
менеджменті жүйесіне арналған
талаптар жиынтығын құрайды.
- ISO 9000. Сапа менеджменті туралы терминдер сөздігі, сапа менеджменті принциптерінің жинағы. Ағымдағы нұсқа - «ISO 9000:2005. Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздік»;
- ISO 9004. Кез-келген
ұйымның сапа менеджменті
- ISO 19011. Менеджмент жүйесінде, оның ішінде сапа менеджментінде аудитті өткізу әдістерін сипаттайтын стандарт. Ағымдағы нұсқа - «ISO 19011:2002 — Сапаны бақылау жүйелерінің және/немесе қоршаған ортаны қорғау жүйесінің аудиті бойынша ұсынымдар».
Ал стандарттардың қазақстандық нұсқаларына мыналар жатады:
- МС ISO 9000-2005 - ҚР ISO 9000:2007 МСТ-ның аналогі;
- МС ISO 9001-2008 - ҚР ISO 9001:2009 МСТ-ның аналогі.
Аталған стандарттардың маңызды ерекшеліктерінің бірі – олардың жан-жақтылығы, меншіктік нысанына қарамастан түрлі кәсіпорындардың пайдалануы. Бұл стандарттарда сертификатталуына немесе сертификатталмауына қарамастан, сапа менеджменті жүйесі сәйкес келуге тиісті нормалар мен талаптар жазылған. Дәл осы мақсатта ISO 9000, ISO 9001, ISO 9004 халықаралық стандарттары қолданылады. 19011:2002 МСТ аудиттерді ұйымдастыру және өткізу мәселелерін реттеу үшін қолданылады.
Сонымен, сапа менеджментінің жүйесінде процедура ұғымының мағынасы маңызды. Процедура – қызмет немесе процесті іске асырудың белгіленген амалы. Сөйтіп, процедура деп, бір жағынан, процесті (немесе процестердің жиынтығы), ал, екінші жағынан, процесті орындаудың дұрыс амалын қалыптастыруын айтады.
Құжат – тиісті тасымалдаушыда орналастырылған ақпарат (маңызды деректер). Сапа менеджментінің жүйесінің ресурстары – сапа менеджментін қамтамасыз ететін ресурс (адами,уақытша, материалдық және т.б.).
Сонымен, Қазақстан Республикасында 2001 жылдан бастап кәсіпорындар мен ұйымдардың қазіргі заманғы стратегиялық сапа менеджмент жүйесін дайындау және енгізу жөніндегі қызметі жандана бастады.
Республикада стратегиялық
сапа менеджмент саласында халықаралық
стандарттарды енгізуге арналған құрылған
инфрақұрылым, нормативтік және әдістемелік
база құрыла отырып, қазақстандық кәсіпорындардың
халықаралық стандарттарға
Халықаралық негізде
қабылданған Қазақстан
Жыл сайын стандарттау жоспарына менеджмент саласында стандарттар әзірлеу қамтылады. Соңғы жеті жыл ішінде әр түрлі салаларда ISO 9001, 14001, OHSAS 18001 бойынша менеджмент жүйесі саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Менеджмент жүйесін әзірлейтін және енгізетін кәсіпорындар мен ұйымдарға көмек ретінде 15-әдістеме-ұсыным әзірленді.
Техникалық реттеу жүйесінде сапа менеджментінің жүйесі бойынша 130 сарапшы-аудитор, экологиялық менеджмент саласында 8 сарапшы, OHSAS бойынша – 10, НАССР бойынша – 18 сарапшы аттестатталды.
2012 жылы текті елдегі 1319 кәсіпорын халықаралық стандарт базасында ISO 9001 сапа менеджменті жүйесін әзірлеп енгізді және сертификатталды, оның ішінде 165 тамақ және ауылшаруашылық кәсіпорындары, 184 құрылыс жылы кәсіпорны, 500 аса өнеркәсіптік емес кәсіпорындар, 353 кәсіпорын СМЖ әзірлеу және енгізу сатысында. 93 кәсіпорын экологиялық менеджмент жүйесін, 59 кәсіпорын – еңбекті және кәсіби қауіпсіздікті қорғау менеджменті жүйесін OHSAS талаптарына сәйкес 18001 және 18 кәсіпорын – ISO 22000 талаптарына сәйкес тамақ өнімдері қауіпсіздігі менеджменті жүйесін сертификаттады.
30-дан артық мемлекеттік
стандартты есептейтін
Сонымен қатар, ұйым сапа менеджментінің жүйесін әзірлеу үшін мынандай талаптар қойылады:
- қызметтің негізгі процестерін сәйкестендіру;
- процестердің өзара әрекеттесуін және ретін белгілеу;
- жұмыс және процестерді бақылау тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті әдістер мен критерийлерді анықтау;
- процестерді бақылау және жұмысты жүргізу үшін қажетті ақпаратпен және ресурстармен қамтамасыз ету;
- процесті бақылау, өлшеу және анализ жасау;
- жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және процестерді үнемі жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдау.
Қорытындылай
келе, ИСО жұмыстың ең өзекті стратегиялық
бағыттарын бөлектей отырып, өз міндеттерін
анықтады. ИСО техникалық қызмет көрсету
аясын кеңейтуді жоспарлап отыр
Бүгін осы серияның
стандарттау объектілері
Қызмет көрсетудің,
қайта өңделетін
2.2 Қызмет саласындағы ұйымдарда стратегиялық сапа менеджментінің ұйымдастырылуы
Қазіргі заманғы менеджмент мәселесін түсінуге сапа менеджмент жүйесінің жаңа буындағы стандарттары үлкен рөлі атқарады.
Бүгінгі таңда кез келген қызмет түрлері мен меншік нысанындағы ұйымдарда қазіргі заманғы менеджмент жүйелерін әзірлеу мен енгізуге қатысты халықаралық стандарттардың тұтас бір жиынтығы бар – ХС ISO 9001:2000 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар», ХС ISO 14001:2004 «Қоршаған ортаны басқару жүйелері. Талаптар мен қолдану жөніндегі нұсқау», OHSAS 18001:2007 «Кәсіби қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы менеджмент жүйелері», ХС ISO 22000:2005 «Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері. Өнім саласындағы кез келген ұйымдарға қойылатын талаптар», ХС SA 8000:2001 «Әлеуметтік жауапкершілік», ХС ISO 17025: 1999 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттігіне қойылатын жалпы талаптар», ХС ISO/TS 16949:2002 «Сапа менеджменті жүйесі. Тиісті қосалқы бөлшектерді өндіретін автомобиль кәсіпорындарда және ұйымдарда ISO 9001:2000 қолдану жөніндегі ерекше талаптар», ХС ISO/TS 29001:2003 «Сапа менеджменті жүйесі. Мұнай, мұнайхимия және газ өнеркәсібі салалары».
Сапа менеджмент жүйесін сертификаттау туралы ISO орталық хатшылығының есебі СМЖ сертификациясы ХС ISO 9001 сәйкестігіне бұрынғыдай барлық әлемге талап етілетінін көрсетті және сертификатталған компаниялар саны ұдайы артып келеді.
ISO 9000 сериялы стандарттар
талаптарына сәйкес келетін
Сапа менеджментінің идеологиясы компания өнімін (қызмет көрсетудің) өндірудің барлық процестерін үнемі және жүйелі түрде басқару болып табылады, оның негізгі мақсаты компанияның барлық қызметкерлерінің және компанияның сапа менеджментіндегі басшылығында жетекші роль атқаратындардың қатысуымен тұтынушылардың қолданыстағы және күтілетін қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстанда қызмет саласындағы ұйымдардың стратегиялық сапа менеджмент жүйесінің ұйымдастырылуы екі бағытта жүргізілуге тиіс:
1. Белгілі бір қызмет
саласы кәсіпорындары мен
2. Біріккен менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу.
Салалар қимасындағы
стратегиялық сапа менеджмент жүйесінің
ұйымдастырылуын мынадай
1) Барлық сала кәсіпорындары мен ұйымдарында, оның ішінде:
- шағын және орта бизнесте;
- білім беру ұйымдарында (жоғарғы және орта);
- мемлекеттік басқару органдарын
- денсаулық сақтау ұйымдарында;
- көлік және телекоммуникация ұйымдарында;
- құрылыс ұйымдарында менеджмент жүйесін (ISO 9001) енгізуді одан әрі ұлғайту.
2) Тамақ саласы кәсіпорындарының 30 %-ына НАССР (ISO 22000) енгізу;
3) Металлургия, химия
және көмір өнеркәсібінің
4) Металлургия, химия және көмір өнеркәсібі және құрылыс кешенінің мұнай және газ шығару және қайта өңдеу бойынша зиянды және қауіпті еңбек жағдайы бар кәсіпорындардың кемінде 30 %-ына Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті жүйесін (OHSAS 18001) енгізу;
5) OHSAS 18001 енгізген немесе
енгізетін, зиянды және
Республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелінетін азық-түлік пен тағамдық өнімдердің, шикізаттардың адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін өнімнің және көрсетілетін қызметтің сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірілетін сапа көрсеткіштерін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға және ол өнімдердің сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етілуі қажет.
ҚР – ның
мемлекеттік сертификаттау
- өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;
- өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;
- сынақтың кәсіби түрде өтуі;
- шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;
- өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі және сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі;
- сертификаттау туралы ақпарат ашықтығы немесе сертификат уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі ақпарат;