Қазақстан Туркия қатынастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2013 в 23:34, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа жаңа мемлекет ретінде енуі, ең алдымен елдің таңдап алған ішкі және сыртқы саясатына байланысты болып табылады. Әлемнің басқа елдерімен теңқұқықты дипломатиялық қатынастар орнату, екіжақты, көпжақты ынтымақтастықты дамыту, елдегі жүргізіліп жатырған реформалар зерттеу үшін үлкен қызығушылық туғызады.
Тәуелсіздіктің алғашқы бес жылының қорытындылары келтірілген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арналған жолдауында былай деп атап өткен болатын: «Қазақстанның халықаралық мойындалуынсыз, әлемдік қоғамдастықтың шекараларымызға кепілділігінсіз еліміздегі мемлекеттіліктің қалыптасуы, егемендік, экономикалық реформалар, әлеуметтік саладағы өзгерістер туралы пікірлердің мағынасы жоқ» /1/. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде бекітіліп, елдің ішкі мәселелерін шешу мүмкіншілігінің болуы үшін одан әлемдегі өз орнын тауып, әлемдік қоғамдастық мойындаған елге айналуы талап етілді.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

1-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ САЯСИ АСПЕКТІЛЕРІ...........................................................................................................10
1.1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТА ЖӘНЕ ТАЯУ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ
САЯСАТЫ.................................................................................................................10
1.2. ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ: ТАРИХИ ШОЛУ...................................................
1.3. ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ – ШОҒЫРЛАНУ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ..................................................

2-ТАРАУ. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
2.1. ТҮРКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІЖАҚТЫ САЯСИ, САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ…………………………………………..
2.2. МӘДЕНИ-ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ……………………………………………………………

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................

СІЛТЕМЕЛЕР..............................................................................................................

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................................................

ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ ҚАТЫНАСТАРЫ.doc

— 265.50 Кб (Скачать документ)

Түрік жағынан Қазақстанның Түркия, Әзірбайжан және Грузия арасындағы мұнайды тасымалдау туралы Үкіметаралық келісімге қосылуы жөнінде ұсыныс жасалды. Нұрсұлтан Назарбаев, мұндай жағдайда құбырмен тасымалдау жобасын Ақтау – Баку – Тбилиси –Жейхан деп атау қажет екендігін айтты. Бұған байланысты тасымалдау үшін тарифтік бағадан бастап, мұнайды тасымалдаудың техникалық жағымен аяқталатын көптеген мәселелерді шешу қажет.Мұндай мәселелерді шешу үшін мамандардың нақты іс-әрекеттері ғана емес, сонымен бірге нақты және тығыз ынтымақтастық қажет.

         Екі жақты қатынастарда қазақстандық мұнайдың Түркия арқылы әлемдік нарыққа тасымалдануына стратегиялық маңыз берілуде. Қазақстан 1999 жылы өзінің көмір-сутегі шикізатының бір бөлігін «Баку-Тбилиси-Жейхан» мұнай құбыры арқылы экспорттауға дайындығын білдірді. 2006 жылдың маусым айында Қазақстан мен Әзірбайжан арасында қазақстандық мұнайдың «Баку-Тбилиси-Жейхан» мұнай құбыры арқылы одан әрі тасымалдануы бойынша Ақтау портынан Бакуге жеткізілуі бойынша келісімге қол қойылды..

 

        

 

2.2. МӘДЕНИ-ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК         

          ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

        

         Қазақстан – түрік ынтымақтастығы мәдени-гуманитарлық салада ойдағыдай дамып келеді. Екі жақты қатынастарда – мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық мәселелері маңызды бағыттардың бірі. Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін құру білім беру саласында орйы келген жоба болды. /1/ Оны өркендетуге Түркия үкіметі жалпы алғанда 60 миллион доллар бөлді. Бүгінгі таңда ХҚТУ (МКТУ) – Халықаралық қазақ-түрік университеті – айтарлықтай әдістемелік және сынамалық базасы бар Қазақстан және 28 шет мемлекет пен автономиялық республикадан 11 факультетте 107 мамандық бойынша 25 мың студент пен аспирант оқитын осы заманғы оқу орнына айналды. Қазақстан студенттері мен аспиранттарының Түркияның өзіндегі жоғары оқу орындарында оқуы өтемсіз негізде жалғасып жатыр. Олардың ішінде 836 студент пен аспирант шетелдік азаматтардың 269-ы Түркиядан. 2005-2006 оқу жылында шамамен 250 түрік студенті келді.Өз кезегінде түрік кәсіпкерлерінің ықыласымен 26 Қазақстан-түрік лицейі жұмыс істейді. Оларда 5 мың жеткіншектер оқиды, сондай-ақ 1998 жылы С.Демирель атындағы жеке меншік университет ашылды. Қазіргі кезде шамамен 700 түрік азаматы Қазақстанда оқиды. Университеттің мыңнан астам оқытушы-профессорлық құрамында Түркиядан келген 63 оқытушылар дәріс беруде. Көптеген қазақстандық ғалымдар мен мамандар түрік университеттерінде техникалық және гуманитарлық пәндерден сабақ жүргізеді. 

         Түркия Жоғары білім кеңесінің мәліметтеріне сәйкес, 1992 жылдан бастап бүгінге дейін қазақстандық 3150 жас Түркия жоғары оқу орындарында риясыз негізде оқуға жіберіліп, жоба шеңберінде 1388 қазақстандық жас оқуларын толығымен бітірсе, 658-і білім алуды жалғастыруда (олардың ішінде 529-ы дайындық, жоғары кәсіптік мектеп және бакалавриатта оқып, 89 магистрант және 40 аспирант білімдерін жетілдіруде, 2005 жылы 150 қазақстандық жас келді).

         Мәдениет саласындағы екі жақты байланыстың мазмұны бай. Шығармашылық ұжымдардың және жекелеген орындаушылардың өзара негізде гастрольдер өткізуі; Қазақстанның облыстық және республикалық телекомпанияларының мамандарын Түркия теледидарында қайта даярлау; бейнелеу өнері және қолданбалы қолөнер көрмелерін ұйымдастыру; ТҮРІКСОЙ желісі бойынша бірлесіп жұмыс істеу; Түркістандағы Қ.А.Яссауи кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары; түрлі мемлекеттік іс-шаралар дәстүрге айналды.

Түрік әлемін зерттеу  қорының Алматы, Қызылорда мен  Талдықорған жоғары оқу орындарында  түрік тілі мен әдебиеті бөлімдерін ашу жөніндегі бастамасы, түркология мамандықтары бойынша оқытушылар құрамын дайындауға көмегі атап атауға лайық. Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих жоғары қоғамы ғылыми байланыстарды нығайтуда белсенді роль атқарып отыр. Өзінің мәні бойынша гуманитарлық бейіндегі ұлттық ғылым академиясы болыптабылатын бұл қоғам Қазақ энциклопедиясының басылымын дайындауға, «Түрік әлемінің музыкасы» журналын шығаруға, сондай-ақ Қорқыт мұраларын және археологиялық ескерткіштерді зерделеу жөніндегі бірлескен жобаларға қатысуға әзір екендіктерін білдірді.

Өткен мерзімде Түркияда өткізілген түрлі мәдени іс-шараларға Қазақстанның мемлекеттік құрылым және қоғамдық ұйымдары өкілдері мен белгілі өнерпаздары және өнер топтары, сондай-ақ Түркияның саяси, қоғамдық, іскер топтары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысқанын, осы сияқты Қазақстанда өткізілген шараларға түркиялық өкілдерінің де барғанын айтуға болады.

Қазіргі кезде түрік  тарапының қатысуымен белгілі қазақ  авторларының  таңдаулы шығармаларын түрік тіліне аудару жобасы өз жалғасын табуда. Бүгінге дейін түрік тіліне 35-тен астам қазақ авторларының шығармалары, оның ішінде Президент Н.А.Назарбаевтың еңбектері, Абай, Жамбыл, М.Жұмабаев, М.Әуезов, О.Сүлейменов, Ә.Кекілбайұлы, М.Шахановтың және т.б. авторлардың шығармалары аударылды. Қазіргі кезде И.Есенберлиннің «Көшпенділер» романының аударылу жұмыстары аяқталу үстінде. Осы ретте, Елбасының «Еуразия жүрегінде» атты кітабының түрік тіліндегі баспасы шықты. Екі тараптың Түркі мәдениеті және өнері жөніндегі ортақ басқарма (ТҮРКСОЙ) ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастығы жалғасуда.

2001 жылы Қазақстанның бастамасымен Қазақстан мен Түркия арасында визалық режим енгізілді. Келісімге Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Ерлан идрисоы пен Түркияның Төтенше және Өкілетті елшісі Чинар Алдемир қол қойды. /2/ Мұндай шара өсіп келе жатқан лаңкестік қаупімен, ұлттық қауіпсіздікті қорғаумен және заңсыз көшіп-қонудың алдын алумен байланысты еді. Сонымен бірге визалық режим ішкі еңбек рыногын қорғауға ықпал етеді. Визалық режим енгізу туралы келісім мемлекеттердің ішіндегі барлық қажетті шаралардан өткеннен кейін үш-төрт айдан кейін енгізіледі. Бұған дейін 1992 жылы енгізілген визасыз режим Қазақстан републикасы мен Түрік Республикасының арасындағы екі ел азаматтарын елге кіріп-шығу визаларынан босату туралы Келісім (Алматы, 1992 жылғы 2 наурыз) қолданылған еді. /4/ Сыртқы істер министрлігінде атап көрсеткендей, бұл шара сауда-экономикалық ынтымақтастыққа кері әсер етпеуі тиіс, сонымен бірге кейбір азаматтар үшін жеңілдіктер қарастырылған. Визалық режим бизнес адамдары, инвесторлар, шоп-туристер, ғылыми-мәдени делегациялар жеңілдіктер береді. Дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері үшін визасыз режим үш айға дейін созылады. Виза беру консулдық арқыл жүргізіледі.Шоп-туристерге визалар тікелей Алматы және Астага қалаларының әуежайларында консулдық төлемдерсіз берілуі мүмкін.

Екі жақты қатынастардың  әлеуеті мол бағыттарының бірі –  екі елдің қалалары мен аймақтары  арасында бауырластық қатынастарды одан әрі жандандыру болып табылады. Қазіргі таңда 7 қала және облыс арасында бауырластық қатынастар орнату жөніндегі хаттамаға қол қойылды (Астана-Анкара, Алматы-Стамбул, Жамбыл облысы-Қараман провинциясы, Алматы облысы-Анталья провинциясы, Батыс Қазақстан облысы-Ескішехир провинциясы, Оңтүстік Қазақстан облысы-Измир провинциясы, Түркістан-Сивас). Үстіміздегі жылы Ақмола облысы мен Елазығ провинциясы арасында, Түркістан мен Кайсери қалалары арасында бауырластық қатынастар орнату көзделуде.

Түркиядағы қазақ диаспорасы екі ел арасындағы байланыстардың  одан әрі нығаюына өзіндік үлес қосып отыр. Бүгінгі таңда Түркиядағы қандастарымыздың мақсаттарының бірі – Қазақстан мәдениет орталығын ашу.

Туризм де екі ел халықтарынң  арасындағы достықты нығайтудың тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Қазақстандағы түрік елшілігі Қазақстанда өткізіліп тұратын туристік жәрмеңкелерге қатысып отырады, сонымен бірге Түркияда Қазақстан күндерін ұйымдастыруға ат салысады. Қазақстандықтардың өзі де Түркияның табиғатына, тарихи және мәдени ескерткіштеріне жоғары қызғушылық танытып отырады. 2005 жылы Түркияда 20 мыңдай Қазақстан азаматы болып қайтқан.

         Қазақ-түрік қатынастарын болашақта жандандыру, оның жаңа мазмұнмен толығуы біздің еліміздің көп мерзімді стратегиялық мүдделеріне жауап береді. Түркияның Еуразиялық саяси кеңістігінің кейбір тармақтарындағы белсенді позициясын Қазақстанның толықтай пайдалану қажеттігі пісіп-жетілді. Бірінші орында, бұл АӨІСШК (СВМДА) шақырылымына байланысты шаралады қоса алғанда біздің еліміздің сыртқы саясатындағы бастамаларын, ЕЫҚҰ, ЭӘҰ және ИКҰ сияқты аймақтық құрылымдар шеңберінде Қазақстан мүдделерінің қолға алынуы Түркияның қолдауына қатысты. Қазақ-түрік қатынастарының көлемі біріккен ірі жобалар қатарын жүзеге асырумен үлкеймек. Олардың ішінде әр түрлі жүктерді Түркия арқылы өткізу, транскавказдық Еуропа-Кавказ-Азия көліктік дәлізін пайдалану, сондай-ақ трансазиаттық темір жол магистралін пйдалануға қатысты бұрыннан келе жатқан жоспарлар белгілі. Қазақстан көшбасшысы Түркияның қайта сайланған президенті А.Сезермен БҰҰ Саммиті кезіндегі кездесулері және түрік жетекшісінің Қазақстанға 2000 жылы 19-20 қазандағы сапары екі ел басшыларының әріптестіктің барлық спектрлерінен өзара тиімді байланыстарды орнатуға, тұрақты екіжақты диалогты дамытуға ұмтылыстарын көрсетіп берді. Қазақстан дипломатиясы Түркияны жаңа әріптес ретінде қарай отырып, бұдан кейін де біздің елдеріміз арасындағы әріптестікті нығайтуға қатысты мәселелерге баса назар аударады. Қазақстан мен Түркия өзара әрекетті, соның ішінде олар өз қатынастарын маңызды халықаралық ұйымдар БҰҰ және ЕЫҚҰ-да жалғастырады.

 

Қорытынды

 

Зерттеу нәтижелерін келтіре отырып, 1991 жылдан қазірге дейінгі кезеңдегі қазақ-түрік қатынастары халықаралық қатнастар жүйесінде маңызды орынға ие болғаны жайлы қорытынды жасауға болады. Екі держава арасындағы байланыстардың бұрынғылардан айырмашылықтарымен ерекшеленетін дамуы жаңа кезең арқылы өті. Түркия Қазақстанның экономикалық қатынастары ғана емес, сонымен қатар терең мәдени-тарихи байланыстары ұштастыратын ең маңызды аймақтық әріптестерінің бірі болып табылады. Дәл осы Түркия 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін алғашқы болып мойындағанын атап өту қажет. Өз дамуында қазақ-түрік қатынастары көптеген мәселелерде бірдей немесе ұқсас позицияға негізделеді[5].

        Экономикалық байланыстарды дамытудағы екі елдің қызығушылықтары негізі 1990 жылдың соңында қаланып, мемлекеттік дәрежедегі бірқатар құжаттармен бекітілген көпжақты әріптестікке мықты база құрады. Екі ел мүдделерінің сәйкестігінің көрінісі 1995 жылы президент С.Демирел мен премьер-министр Т.Челлердің Қазақстанға ресми сапары кезіндегі жоғары деңгейдегі келіссөздері болып табылады. Сапар барысында екі жақ ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын айқындады және кем дегенде жылына бір рет жоғары деңгейдегі байланысты жалғастырып отыру қажеттігі жайында келісімге қол жеткізілді. Біздің елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық қатынастар, объективтік қиындықтарға қарамастан, жақсы дамып келе жатыр және  ұлғаюға нақты бағыты бар. ТМД елдерімен Түркия тауарын айналысқа салуда Қазақстан Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында[6].

Түркияға Қазақстанның экспорттық құрылымы соңғы төрт жылда айтарлықтай еш өзгеріске ұшыраған жоқ. Экспорттың негізгі тауарларына катод мысы және катодтар, құймалардағы цинк, қара металлдар прокаты, тыңайтқыштар, аң терілері, жүн және т.б. Түркияда халықтық тұтыну тауарлары, дәрілер, автомобильдер мен автобустар, машиналар мен құрал-жабдықтар, автоматтық телефон станциялары, жуу құралдары және т.б.

Екіжақтық сауда-экономикалық қатынастар дамуында 1992 жылы 200 млн. долларға ашылған, өзінде 55,7 млн.доллар саудалық несие және әр түрлі жобаларды игеруге арналған 144,3 млн.долларға иелік ететін несиелік жүйе үлкен маңызға ие. Түркияның Эксимбанкінде бірқатар зауыттар, соның ішінде Алматы тұрмыстық электр құралдар зауыты (11 млн.доллар), Талдықорған облысындағы санитарлық-техникалық өнімдер зауыты (1,5 млн. доллар) және Семейдегі кабельдік өнімді өндіретін жүйе (1,3 млн.доллар) жобалары өңделуде. Қазақстан елшілігінің 1996 жылы маусымда Түркияның Эксимбанкімен келіссөзі барысында бірқатар түрік компаниялары іске кіріскен Ақмоланы қайта құру туралы мәселелер қозағалды. Банк басшылығы бұл мәселеге қызығушылық танытып, Қазақстандық жобаларды басқа шет елдік банктермен және халықаралық қаржылық институттармен бірігіп қаржыландыру мүмкіндігін растады. «Окан Холдинг» компаниясы арқылы Түркияның және АҚШ-тың Эксимбанктерінің қаржысының тартылуымен Ақмолада бес жұлдызды қонақүйдің құрылысы басталды [7].     

Қазақстанда түрік іскерлік орталарының  қызметі белсенді. Біріккен өндірісті іске асырып отырған шет елдік 2200 компанияның 319-ы түріктердікі. Түркия сыртқы саудасының Мемлекеттік Басқармасының мәліметі бойынша 200-ден астам түрік фирмасы жалпы сомасы 2 млрд.долларға 40-тан аса жобаны іске асыруға кіріскен немесе өңдеу жүргізуде. Түрік компаниялары отын-энергетика жүйесіндегі ірі жобаларды, сондай-ақ металдық өндіріс өнеркәсіптерін модернизациялауды жүзеге асыруға қатысуда. Ауыл шаруашылығындағы, тамақ және жеңіл өнеркәсіпте әріптестік белсенді дамуда. Өндіріс қалыпқа келтіріліп, тері шикізатын өңдеуге арналған және тері өндірісі қалдықтарынан халықтық тұтыну тауарларын өндіруге арналған 14 біріккен өнеркәсіп құрылды.

Қазіргі таңда түрік  жағы ауыл шаруашылығы саласындағы  бірқатар қаржылық басым жобалар  мен біріккен өнеркәсіптер құру ұсыныстар  қатарын қарауда. Банк ісінде де байланыстар нығаюда. Түркияның ірі банктері Зираат Банкасы және Эмлак Банкасы Алматыда қазақстандық әріптестерімен бірге қазіргі уақытта республиканың қаржылық рыногында сәтті жұмыс істеп жатқан біріккен банктер құрды. Олардың басты мақсаттарының бірі Қазақстандағы тікелей мемлекеттік көмекақымен қамтамасыз етілмеген Түркияның мемлекеттік және жеке секторының қаржылық жобаларына қызмет ету болып табылады.

Информация о работе Қазақстан Туркия қатынастары