Қазақстан Туркия қатынастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2013 в 23:34, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа жаңа мемлекет ретінде енуі, ең алдымен елдің таңдап алған ішкі және сыртқы саясатына байланысты болып табылады. Әлемнің басқа елдерімен теңқұқықты дипломатиялық қатынастар орнату, екіжақты, көпжақты ынтымақтастықты дамыту, елдегі жүргізіліп жатырған реформалар зерттеу үшін үлкен қызығушылық туғызады.
Тәуелсіздіктің алғашқы бес жылының қорытындылары келтірілген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арналған жолдауында былай деп атап өткен болатын: «Қазақстанның халықаралық мойындалуынсыз, әлемдік қоғамдастықтың шекараларымызға кепілділігінсіз еліміздегі мемлекеттіліктің қалыптасуы, егемендік, экономикалық реформалар, әлеуметтік саладағы өзгерістер туралы пікірлердің мағынасы жоқ» /1/. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде бекітіліп, елдің ішкі мәселелерін шешу мүмкіншілігінің болуы үшін одан әлемдегі өз орнын тауып, әлемдік қоғамдастық мойындаған елге айналуы талап етілді.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

1-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ САЯСИ АСПЕКТІЛЕРІ...........................................................................................................10
1.1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТА ЖӘНЕ ТАЯУ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ
САЯСАТЫ.................................................................................................................10
1.2. ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ: ТАРИХИ ШОЛУ...................................................
1.3. ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ – ШОҒЫРЛАНУ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ..................................................

2-ТАРАУ. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
2.1. ТҮРКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІЖАҚТЫ САЯСИ, САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ…………………………………………..
2.2. МӘДЕНИ-ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ……………………………………………………………

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................

СІЛТЕМЕЛЕР..............................................................................................................

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................................................

ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ ҚАТЫНАСТАРЫ.doc

— 265.50 Кб (Скачать документ)

Қазіргі уақытта аймақ мемлекеттерінің  отын-энергетикалық ресурстарды  пайдалану мәселесінде әзірге жеке экономикалық мүдделерін қорғау тенденциясы  басым болып отыр. Нәтижесінде, ішкі және сыртқы рыноктарға энерготасығыштарға деген бағаның арасында белгілі сәйкессіздік орын алып отыр. Оның үстіне Қазақстанның оңтүстік аудандарына берілетін өзбектің табиғи газы мен Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстан мен Түркменстаннан келетін электр энергиясының құны мөлшерден жоғары немесе энергоресурстардың осы түріне қойылған бағаның әлемдік деңгейін өсіріп отыр. Көрші елдерден алған энергоресурстарға әлемдік деңгейде ақша төлеу елеулі экономикалық шығынға соқтырады да, Қазақстанды өз энергетикасын дамытуға инвестиция салуға мәжбүрлейді.

Мүдделер ортақтығын ескере отырып Қазақстанның, Қырғызстан мен Өзбекстанның үкіметтері 1996 жылдың 5 сәуірінде Ташкентте  Орталық Азия аймағындағы құрылыс  пен газ желілерін пайдалану, отын-энергетика және су ресурстарын  тұтыну туралы Келісімге қол қойды. Бұл келісімнің жүзеге асырылуы электр энергиясының, газ, көмірдің, және мұнай өнімдерінің Сырдария өзені бассейні гидроресурстарының әлдеқайда тиімді пайдаланылуына қоса, отын-энергетикалық кешендегі баға және тарифтік саясаттың жақындауы бойынша өзара экономикалық тұрғыдан негізделген   мәселелердің шешілуіне мүмкіндік береді [4].

Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің кәсіпкерлері үшін визалық шаралар тәртібінің жеңілдетілуі жайлы Келісім мен Қазақстанның сауда-экономикалық байланысына жаңа тыныс берген транзиттік сауда туралы Келісімнің (ҚР Парламенті 1996 жылдың 9 қазанында мақұлдаған)  күшіне енуі маңызды мәнге ие болды. Біздің еліміз осы құжаттарға қол қойған мемлекеттердің аумағы арқылы өз тауарларының тасымалдануын салықсыз жүзеге асыруға мүмкіндік алды.

2001 жылдың 4 мамырында Душанбеде Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы істер министрлері Кеңесінің 11-отырысы өтті. Кездесуге қатысушылар Ұйымның қызметі жайлы Бас хатшының баяндамасын тыңдады, Секретариаттың 2001 жылға арналған бюджетін талқылады, Секретариаттың 2001 жылға арналған жұмыс бағдарламасы мен жыл сайынғы шаралар жоспарын, ынтымақтастықтың келісімдік-құқылық базасының жағдайын білді, бюджеттік-аудиттік мәселелерді талқылады. Олар Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер біртіндеп ішкі аймақтық тарифтік және тарифтік емес кедергілерді жойып отырулары тиіс, транспорт пен коммуникацияны әрі қарай дамытуға бейімдеу, мемлекетаралық келісімдердің мақұлдануын тездету керек деген ортақ пікірге тоқталды. Товар айырбасын толықтыру мақсатында сауда туралы аймақтық келісім жасау ұсынылды (ЕСО-ТА). Ынтамақтастың басым бағыттары мен жобаларының тізімін мақсатқа сәйкестендіру мойындалды. Алайда мұнай мен газды тасымалдаудың шектеулі мүмкіндіктерімен олардың өндірісін ұлғайту мәселесі қиындық туғызып отыр. Сондықтан Қазақстан Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы елдерімен энергетика саласында аймақтың мұнай-газ жүйесін дамытудан ғана емес, сонымен қатар Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы мүше-мемлекеттерінің энергетикалық жүйелерін біріктіруден жоспар дайындау жолымен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытып отыр.

Ынтымақтастықтың басым бағыттары мен жобаларының тізімін сәйкестендіру, Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы шегінде күш пен жабдықтарды мақсатсыз жұмсаудан бас тарту, сондай-ақ олардың жоғары өнімділігін қамтамасыз ету жолында ресми шаралар санын қысқарту мойындалды. 11-отырыс нәтижесінде ЭӘҰ мемлекеттерінің оның қызметінің тиімділігін арттыру мен Ұйымды аймақтағы көпжақты ынтымақтастық жолында сенімді құралға айналдыруға ұмтылысы көрініс тапқан  Душанбе мәлімдемесі қабылданды.

Қазақстан Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы ірі аймақтық құрылым және ол үлкен мүмкіндіктерге ие деген пікір ұстанады. Еуразия континентіндегі жалпы саны 300 млн. адамға шамалас халқы бар, көптеген табиғи байлықтарға, байланыстың тармақталған жүйелеріне иелік ететін мемлекеттерді біріктіретін Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының, сөзсіз, барлық мүше-мемлекеттерге тиімді бола отырып, әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесінде барған сайын ролі артады. Қазақстан Ұйым қызметіндегі тәжірибелік қайтарымды, оның механизмдерінің тиімділігін арттыруды, оның мүшелерінің өзара құрылымдық қатынастарын реттеу қажет деп есептейді.

Сонымен қатар, екі елдің Еуропа, Еуроатлантикалық және басқа да ұйымдарда  ортақ іс-қимылдары үлкен маңызға ие. Қазақстан  2004 жылғы маусым айында Стамбулда өткізілген Ислам Конфедерациясы Ұйымының сыртқы істер министрлер жиынында ИКҰ Бас хатшысы болып Түркия өкілінің сайлануына, өз кезегінде түрік тарапы Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының төрағалығына Қазақстан өкілінің сайлануына қолдау көрсетті. Түрік тарапы Қазақстанның Еуропада қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 2009 жылғы төрағалық және БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі үміткерлігіне, ал қазақ тарапы Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің 2009-2010 жылдары тұрақты емес мүшелігі үшін өзара қолдау білдіруде.

 

2- ТАРАУ. ҚАЗІРГІ  КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК 

         ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

 

 

         2.1. ТҮРКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІЖАҚТЫ САУДА-   

         ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ҚАТЫНАСТАРЫ

 

САЯСИ қатынастары

         1991 жылдан бері Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастар екі ел халқының тарихи және мәдени мұраларының ұқсастығы, өзара сыйластық пен сенімділік ахуалы негізінде тұрақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы жан-жақты тығыз ынтымақтастықты одан әрі тереңдетімен ерекшеленеді. Түркия Республикасы Қазақстан Республикасының 1991 жылы 16 желтоқсанда саяси тәуелсіздігін алғаш мойындаған мемлекет. 1992 жылы Қазақстан мен Түркияның елшіліктері ашылды. 1999 жылдан сондай-ақ Қазақстан Республикасының Стамбулда Консульдығы (2002 жылдан Бас консулдықтары) жұмыс істейді. /ә,242/

Қазақстан-түрік ынтымақтастығы дипломатиялық қатынастар орнатудың алғашқы күндерінен  (1992 жылғы 2 наурыз) дамудың көтеріңкі серпінімен сипатталады. /1/ Тәуелсіздікті алғалы бері екі мемлекет арасындағы саяси, экономикалық, білім және мәдени салалардағы қатынастарды дамытуға бағытталған 80-дей келісім мен хаттамаларға қол қойылды.

         Жоғары деңгейдегі жемісті байланыстар,  оның ішінде түрік тілді мемлекеттердің саммиті шеңберінде де байланыстар үзілмей келеді. Саммитке қатысушы тараптар маңызды мемлекетаралық келісімдерге қол қойды, бұл ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізін қалады.

         Соңғы онжылдықтары бұл ел  рыноктық және демократиялық қайта құруларды жүргізуде елеулі табыстарға қол жеткізе алды, өзінің халықаралық беделін нығайтты. Түрік сыртқы саясатының, сонымен қатар экономикалық және ұлттық қауіпсіздік доктринасының теориялық негізін Кемал Ататүрік тұжырымдап берген: олар қауіпсіздікті қамтамасыз ету, даму ресурстарын тиімді пайдалана білу және аймақтағы елдің жетекші орны деген қағидаттарды құрайды.

         Бұл процестің, әсіресе оның  бастапқы кезеңінде қозғаушы күші болған екі ел халықтарының тарихи және мәдени ортақтығы жағдаяты болды. «Түрік әлемінде» жұмылдырушы роль атқаруға Анкараның ұмтылуына қарамастан, Түрік Республикасының Президенті Тұрғыт Озалдың 1993 жылғы Қазақстанға және Қазақстан республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1994 жылы Түркияға ресми сапарлары   өзара ынтымақтасу келешегіне деген екі жақтың сындарлы көзқарасын паш етті.

         Қазақстанның өз дипломатиясын да, ресейлік немесе өзге де бағыттарындағы мүдделерін де мансұқ етпей, саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты байланыстарын мейлінше өрістетуге дайын екендігін танытты. Т.Озалмен әңгімелерінің бірінде Н.Назарбаев Қазақстан «үлкен аға» деген қасаң ұғыммен біржола қош айтысқанын аңғартты. Бұл мәлімдемені Анкара дұрыс қабылдады. Түркия өзінің сыртқы саясатында саясатында АҚШ және Европамен байланыстарға бірінші кезекте ыңғай білдіретінін ашық айтты./2/

         Дегенмен, екі елдердің халықаралық  саясат пен қауіпсіздік саласында  ортақ мүдделерінің болуы өзара ынтамақтастық ауқымын анағұрлым кеңейтуге мүмкіндік береді. Осындай өзара іс-әрекеттердің мүмкін бағыттарының бірін Стамбул қаласында Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының кезекті саммитінде (2001 жылғы сәуір) Н.Назарбаев мегзеді. Ол халықаралық лаңкестікке қарсы күреске бағытталған арнайы Хартия қабылдауды ұсынды. Қазақстанның СВМДА-ны (АҒСШК-ні) шақыру туралы бастамасы жемісті байланыстардың мәнісіне айналды. Анкара Қазақстанның Евроазия кеңістігінде берік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылым құру жөніндегі күш-жігеріне түсіністік білдіріп, қолдап келеді.

         Екіжақты қатынастарда елеулі  мәселелер болса да, сондай-ақ  көптеген халықаралық мәселелер  бойынша көзқарастардың үйлесуіне  қарамастан, түрік бағыты Қазақстан  сыртқы саясатында маңызды бола  тұра үстем бағытқа айналмағанын (Орталық Азияның басқа елдерінде де) атап өткен жөн. Мұны Түркі тілдес мемлекеттері басшыларының Бішкекте (1995 жыл), Ташкентте (1996 жыл) және Астанада (1998 жыл) болған кездесулері және көрсетілген мемлекеттердің білім мен мәдениеттен басқа әлде бір салада айрықша қатынастарын көрсететін ережелері жоқ қорытынды құжаттар да қуаттайды. Соған қарамастан Қазақстанда біздің елімізге деген айнымас достық қатынасы үшін Түрік басшылығына және осы мемлекет халқына зор ризашылық білдіреді. Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін таныған бірінші мемлекет. Бізджің елдеріміз арасында жемісті ынтымақтастықтың қалыптасуына және дамуына Тұрғылт Озал мен Сүлеймен Демирель өлшеусіз үлес қосты.

         Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылғы мамырда Түркияға жасаған ресми сапары барысында Астана мен Анкара арасындағы қатынастардың стратегиялық әріптестік деңгейге жеткені мәлімденсе, 2004 жылғы маусымдағы Стамбұлдағы НАТО Саммиті және 2005 жылғы 25 мамырда Бакуде «Баку-Тбилиси-Жейхан» мұнай құбырының әзербайжандық учаскесінің іске қосылу рәсімі шеңберінде ҚР Президенті мен Түрік Республикасының Президенті А.Н.Сезердің кездесулерінде бұл үрдістің жалғасып келе жатқаны тағы да қуатталды. Түркияның қазіргі саяси басшылығы сыртқы саясатты дамыту үрдiсiнде сабақтастық сипатын жалғастыратынын және Қазақстан Анкара үшін Орталық Азиядағы ең сенімді саяси және экономикалық әріптес болып табылатынын ашық түрде мәлімдеп келеді.

         2005 жылғы 26-27 мамырда Түрік Республмкасының Премьер-министрі Р.Т.Ердоғанның Қазақстанға ресми сапары маңызды болды. Сапар нәтижесінде бірқатар үкіметаралық және мекемеаралық келісімшарттарға қол қойылды. ТР Премьер-министрі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Н.Әбіқаевтың қабылдауында болып, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Д.Ахметовпен кең құрамды келіссөз өтті және екі ел үкімет басшыларының қатысуымен Түркияның Астанадағы Елшілігінің ірге тасын қалау рәсімі болды. Сапардың 2-ші күні Алматы қаласында Р.Т.Ердоған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қабылдауында болып, «Жібек жолы» көрме пойызының салтанатты қарсы алу рәсіміне қатысты. Жалпы алғанда, екі ел басшылары екі жақты, әсіресе экономикалық саладағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға күш жұмсау керектігіне назар аударуда. Бұл бағыттағы мүмкіндіктерді әлі де толығымен пайдалануға қадамдар жасау керектігіне келісіп отыр.

         Түркияның саяси және қоғамдық орталары Қазақстан басшылығының елдегі ішкі саяси және экономикалық іс-шаралары мен сыртқы бастамаларын мұқият және қызығушылықпен қадағалауда. Осы ретте, Қазақстан Республикасының Президентінің Орталық Азия Одағын құру туралы ұсынысы жан-жақты талқыланып, үлкен резонанс тудырды. Түрік тарапының пікірінше, идеяның іске асуы тек  қана Орталық Азия мемлекеттеріне ғана емес, сондай-ақ бүкіл түркі тілдес елдеріне айтарлықтай әсері болары сөзсіз.

         Түркияның жоғары басшылығы және жалпы түрік саяси қоғамы Қазақстанда 2005 жылғы 4 желтоқсанда өткен президенттік сайлауларға оңды көзқарас білдірді. Түркияның Қазақстанға деген жіті көзқарасын президенттік сайлауға 39 кісіден тұратын бақылаушыларды жіберуінен көруге болады (АҚШ-тан кейінгі ең ауқымды 2-ші делегация). Түрік Республикасының Президенті А.Н.Сезер, Премьер-министр Р.Т.Ердоған және Түрік Республикасының 9-шы президенті С.Демирель сайлаудың жеңімпазы Президент Н.Ә.Назарбаевты алғашқылардың бірі болып құттықтады. Сонымен қатар, көптеген іскер ұйымдар мен саяси қоғамдық топтардың басшылары атынан құттықтаулар келіп түсті. Анкараның бағамы бойынша, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жетекшілігіндегі Қазақстан тәуелсіздік жылдарынан бері жүргізіліп келе жатқан саяси, экономикалық және демократиялық реформалар тұрғысынан маңызды белестерден өтті. Қазақстан жалпы Еуразия аймағында, оның ішінде Орталық Азияда саяси тұрақтылықтың үлгісі. Қазақстан экономикалық және саяси тұрақтылықтың кепілі бола отырып, демократиялық бағытта табанды әрі жоспарлы реформалар жасауда.      

         Екі жақты қатынастарда парламентаралық, парламенттердегі депутаттық достық топтары арасындағы байланыстарды одан әрі жандандыруға көңіл бөлінуде. 2005 жылғы 31 қаңтар - 3 ақпан  аралығында ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының басқаруындағы ҚР Мәжілісі делегациясының Анкараға ресми сапармен келіп, кездесулер барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықтың жалпы ахуалы бойынша пікір бөлісумен қатар, бауырлас екі елдің парламентаралық байлынастарын одан әрі дамыту көкжиектері талқылады. Халықаралық құрылымдар шеңберінде ортақ іс-қимыл шараларының маңыздылығына тоқталды.

Қазақстан мен Түркия арасындағы екі жақты қатынастарының маңызды бағыттарының бірі әскери және әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық болып табылады. Түркия мен Қазақстанның әскери-саяси ынтымақтастығы барған сайын кеңеюде. Түркияның қорғаныс министрі қазақстандық армияны триллионға жуық түрік лирі арқылы қолдады. Түркия мен Қазақстанның әскери-техникалық ынтымақтастығы саласындағы екі ел әскери ведомстволарының келіссөздері жемісті болды: соңғы 4 жылда бізге әріптестерді кезекті материалдық-техникалық көмек жасауға көндіруге қол жеткізілді. Бұл көмектің мөлшері 831 миллиард түрік лирі (1000 лир-0,1 теңге)./5/

Информация о работе Қазақстан Туркия қатынастары