Қазақстан Туркия қатынастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2013 в 23:34, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа жаңа мемлекет ретінде енуі, ең алдымен елдің таңдап алған ішкі және сыртқы саясатына байланысты болып табылады. Әлемнің басқа елдерімен теңқұқықты дипломатиялық қатынастар орнату, екіжақты, көпжақты ынтымақтастықты дамыту, елдегі жүргізіліп жатырған реформалар зерттеу үшін үлкен қызығушылық туғызады.
Тәуелсіздіктің алғашқы бес жылының қорытындылары келтірілген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арналған жолдауында былай деп атап өткен болатын: «Қазақстанның халықаралық мойындалуынсыз, әлемдік қоғамдастықтың шекараларымызға кепілділігінсіз еліміздегі мемлекеттіліктің қалыптасуы, егемендік, экономикалық реформалар, әлеуметтік саладағы өзгерістер туралы пікірлердің мағынасы жоқ» /1/. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде бекітіліп, елдің ішкі мәселелерін шешу мүмкіншілігінің болуы үшін одан әлемдегі өз орнын тауып, әлемдік қоғамдастық мойындаған елге айналуы талап етілді.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

1-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ САЯСИ АСПЕКТІЛЕРІ...........................................................................................................10
1.1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТА ЖӘНЕ ТАЯУ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ
САЯСАТЫ.................................................................................................................10
1.2. ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ: ТАРИХИ ШОЛУ...................................................
1.3. ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ – ШОҒЫРЛАНУ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ..................................................

2-ТАРАУ. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
2.1. ТҮРКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІЖАҚТЫ САЯСИ, САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ…………………………………………..
2.2. МӘДЕНИ-ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ……………………………………………………………

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................

СІЛТЕМЕЛЕР..............................................................................................................

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................................................

ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ ҚАТЫНАСТАРЫ.doc

— 265.50 Кб (Скачать документ)

         Түркияның қорғаныс министрі  Сабахаттин Чакмакоглу өз сөзінде,  біздің елдеріміздің картада  ерекше орны бар, Қазақстандағы  түрік компанияларында жергілікті тұрғындардың жұмыс істейтіндігін, сондықтан «Қазақстанға түрік фирмаларының ағылып келуінің одан әрі жасалғасатындығын» айтты. Өз кезегінде Сабахаттин «Қазақстанның әскери күштеріне аз уақыт ішінде аяғына тұрып, өз функцияларын орындауға көмектесуге» уәде етті.

         2005 жылғы 13-15 маусымда Түрік Республикасының Бас штабының бастығы Х.Өзкөктің Қазақстанға ресми сапары өтсе, 2006 жылғы 28-29 маусым аралығыда  Қазақстан Ресаубликасының Қорғаныс министрі М.Алтынбаевтың Түркияға ресми сапары болды. Олардың барысында тараптар әскери саладағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетумен қатар, қорғаныс өнеркәсібі саласында бірлесе отырып іс-қимыл жасау жөнінде уағдаласты.

         Түрік Республикасының Қорғаныс Комитеті Бас штабының мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күнге дейін Түркия әскери жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының Қорғаныс Комитеті үшін 96 офицер дайындалып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс Комитеті 2 офицері Түрік Республикасының Қорғаныс Комитеті құрылық әскери Академиясында білімдерін жетілдірді. Қазіргі кезде қазақстандық 38 курсант Түрік Республикасының әскери оқу орындарында білім алуын жалғастыруда.

         Қазақстан Республикасының экономикалық саясатында Түркиямен экономикалық қатынастарды дамыту айрықша орын алып отыр. Екіжақты сауда-экономикалық қатынастар тұтас алғанда қарышты даму үстінде және барған сайын кеңейе түсуде. Түркия мен Қазақстан арасындағы экономикалық өзара қатынастар «Сауда-экономикалық және технологиялық ынтымақтастық туралы», «Инвестицияларды өзара қорғау туралы», сонымен бірге «Кіріске екіжақты салық салуды болдыртпау туралы» сияқты құжаттар арқылы құқықтық жағынан негізделді. Түркияның ТМД елдерімен сыртқы сауда айналымының көлемі бойынша Қазақстан Ресей мен Украинадан кейін алғашқы үштікке кіреді. Қазақстан экономикасына тартылған түрік инвестицияларының жалпы көлемі 500 миллион доллардан асып түсті. Дегенмен, өзара сауданың дамуына азиялық және ресейлік қаржы дағдарыстары теріс әсер етпей қалған жоқ. Егер 1998 жылы жалпы товар айналымы 300 миллион доллардай болса, 1999 жылы бұл көрсеткіш екі есе кеміп кетті. Өзара сауда-саттық тағы мұндай құлдырау бірте-бірте еңсеріліп келеді, бұған 2000 жылы қол жеткізілген товар айналымы көлемінің 206 миллион доллар деңгейі дәлел.

         Шетелге өз капиталымен, технологиясымен келген шетелдік кәсіпкерлер кез келген елдің дамуы мен өрлеуіне белгілі бір үлес қосуға қабілетті екендігі белгілі. Түрік компаниялары да сол сияқты, Қазақстанға соңғы жылдары товар өндіру мен қызмет көрсетуге бағытталған өздерінің ірі инвестицияларын салды. Нәтижеде Түркия Қазақстан экономикасына тікелей салынған шетел инвестицияларының ішінде алғашқы ондыққа кіреді. Сонымен бірге Қазақстан Түркиядан басқа мемлекеттерге бағытталған капиталдың көлемі жөнінен бесінші орында иеленеді. Түрік Республикасының Сыртқы сауда агенттігі (ССА) мәліметтеріне сәйкес, 1993 жылдан 2006 жылдың аяғына дейін Қазақстанға 130-ға жуық түрік капиталы бар компаниялар тарапынан тартылған тікелей инвестицияларының жалпы мөлшері шамамен 1,3 млрд. АҚШ долларын құраса, ал, Түркия Құрылысшылар қауымдастығының бағалауынша, түрік құрылыс компанияларының Қазақстанда іске асырған келісім-шарттарының жалпы құны бүгінгі күні шамамен  3,5 млрд. АҚШ доллары болып отыр.

        2006 жылы Қазақстандағы түрік инвестицияларының мөлгері 2 миллиард доллардан асып түсті. Сонымен бірге, түріктік Эксимбанк Қазақстан республикасы үшін 240 миллиард көлемде кредиттік бағыт ашты, оның 55,7 миллион доллары сауданы қаржыландыруға, ал 184 миллионы – инвестициялық жобаларды дамытуға жұмсалды.

         Түрік Республикасының Сыртқы сауда агенттігі (ССА) мамандарының мәлімдеуінше, Орталық Азия мемлекеттерінде, әсіресе Қазақстанда, алдымыздағы жылдары экономиканың өсуіне байланысты жалпы тұтыну деңгейі едәуір артады. Түрік өндірушілерінің экспортқа шығаратын тауарлар номенклатурасының кеңеюі және өнеркәсіп өндірісінің өсуі Түркияны шет елдерден шикізат материалдары импортын көбейтуге  мәжбүр етті. Бұл үрдіс Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда тепе-теңдігінің өзгеруіне себеп болды. Атап айтқанда, егер 2001 жылы екі жақты сауда айналымында Түркияның басымдылығы болса, 2002 жылдан бастап бұл көрсеткіш Қазақстанның пайдасына шешіле бастады. Түрік агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, Түркия мен Қазақстан арасындағы екі жақты сауда айналымы төмендегідей болып отыр:

 

2001 ж.

2002 ж.

ТР экспорты

ТР импорты 

ТР экспорты

ТР импорты 

82 млн. долл.

71 млн. долл.

157,3 млн. долл.

200,7 млн. долл.

2003 ж.

2004 ж. 

232 млн. долл.

266 млн. долл.

355,5 млн. долл.

441 млн. долл.

2005 ж. 

2006 ж. қаңтар-тамыз

460 млн. долл.

557 млн. долл.

429 млн. долл.

537 млн. долл.   


         Көрсетілген статистикалық ақпаратқа орай, екі жақты сауда айналымында Қазақстанның пайдасы болғанымен, қазақстандық экспортта негізінен шикізат тауарларының басымдылығы көрінеді (бидай, мұнай, газ, көмір, темір және темір бұйымдары, т.б.). Ал түрік экспортындағы тауарлардың көпшілігі екінші және үшінші өңдеуден өткен заттар (металл және пластик бұйымдары,  электр машиналары мен олардың қосалқы бұйымдары, жеңіл өнеркәсіп және химия тауарлары, текстиль, жиһаз және үй шаруасы заттары, сонымен бірге азық-түлік өнімдері, тері бұйымдары, кір жуу ұнтақтары, косметика, жиһаз, өндіріс қазандары, су жылытатын бұйымдар және т.б. Өзінің жоғары сапасының арқасында әлемдік рынокта текстиль бұйымдары тұрақты позицияға ие болып, Қазақстанға дайын түрік бұйымдарын, киімдерін шығарудың мөлшері артып отыр.

         Дегенмен, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, 2006 жылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында екі жақты сауда айналымы 478,8 млн. АҚШ долл. (экспорт – 136,6 млн., импорт – 342,2 млн.) құраған. 2005 жылы – 556,9 млн. долл. (экспорт - 157 млн., импорт – 399,9 млн.), 2004 жылы – 489,5 млн. долл. (экспорт – 147,1 млн., импорт – 342,4 млн.) болған.

         Түрік іскер топтары Қазақстанда айтарлықтай белсенді әрекет етуде, 2000 жылдың басында 200-ден астам түрік фирмасы жалпы сомасы 2 миллиард доллар болатын ондаған жобаларға әзірлік жүргізді немесе оларды іске асыруға кірісіп кетті. 2006 жылы Қазақстанда 350 түрік фирмасы жұмыс істеді, олар 10 мың тұрақты жұмыс орындарының болуын қамтамасыз етіп, жалпы алғанда 40 мыңдай қазақстандықтың кірісін қамтамасыз етті. Алайда, Қазақстанда жұмыс істейтін түрік компанияларының саны көп болғанына қарамастан, олардың қызметінің бағыты негізінен құрылыс салумен және саудамен шектеліп отыр. Олар экономиканың металлургия, ауыр машина жасау, химия, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және тоқыма өндірісі сияқты секторларында бой көрсете қойған жоқ. Өз кезегінде «Эйр Казахстан» компаниясынан басқа қазақстандық компаниялар да Түркияға беймәлім.

         2002 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан  Республикасында 107 (98) елдің әріптестерінің  қатысуымен құрылған, басты капиталының  мөлшері 183293,3 миллион теңге болған 3995 біріккен және шетел компаниялары (2001 жылдың 1 қаңтарында – 2366) жұмыс істеді. Шетелдік инвестициялары бар мекемелердің көп бөлігі – 2461-і Алматы қаласының аумағында орналасты. Астанада және Атырау облысында – 270 мекеме, Қарағанды облысында – 191, Шығыс-Қазақстан облысында – 129-ы жұмыс істеді.

         ТМД елдерінің ішіндегі жұмыс  істеп тұрған мекемелердің көп  бөлігі 834-і – Ресей Федерациясының  фирмалары, 74-і – Қырғызстандікі, Өзбекстан мен Украинанікі - әрқайсысынан 53-тен.

         2002 жылдың 1 қаңтарында азиялық аймақ елдерінің қатысуымен Азияның 26 елінен 1452 біріккен және шетелдік мекемелер жұмыс істеді. Олардың ішіндегі белсенділеріне мыналарды жатқызуға болады: Түркиядан -513 мекеме, Қытайдан – 336, Ираннан – 122 және Корея Республикасынан – 119. /3/

         Түрік компаниялары өз капиталын белсен салып, жұмыс істейтін салаларға инфрақұрылым, транспорт, телекоммуникация, тамақ, жеңілд және дәрі-дәрмек жасау өнеркәсіптері, құрылыс материалдарының өндірісі, металлургия, мұнай және химия салалары жатады. Сонымен бірге түрік кәсіпкерлері біраз инвестицияны қонақ үйлерге және сауда орталықтарына, дистрибьютерлік желілерге, автомобиль бизнесіне, қаржы саласына және білім беру саласына салды. Түркиядан келген компаниялар қазақстандық мамандарға өз тәжірибесі мен технологияларын үйретіп жатқан құрылыс саласында да біздің ынтымақтастығымыз табысты дамуда. Түрік фирмалары жүзеге асырған құрылыс жұмыстары 2006 жылы 4 миллиард долларды құраған. Түрік мекемелері салған ірі құрылыс объектілерінен Астананың әуежайын, Парламент үйін, Қазақстан Президентінің резиденциясын, «Риджент Анкара»  және «Окан Интерконтиненталь Астана» қонақ үйлерін, балаларды қалпына келтіру орталығын, ұлттық музейді, Қожа Ахмет Яссвуи атындағы университетті, Астанадағы егіздер мұнарасын, Джи-Эс-Эм стандартты телекоммуникациялық инфрақұрылымды, Теңіз-Новороссийск құбырының қазақстандық бөлігін атауға болады.

         Екі жақты сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі кеңейту мен тереңдетудің маңызды механизмі ретінде Қазақстан-Түркия үкіметаралық экономикалық комиссиясын (ҮЭК) айтуға болады. ҮЭК 3-ші отырысы 2004 жылғы 2-5 мамыр аралығында Анкарада болып өтті. ҮЭК -нің кезекті 4-ші отырысы Астанада 2006 жылғы 24 - 26 тамызда өтті. 
2005 жылы Анкарада Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруіне байланысты жүргізілген екі жақты бірнеше келіссөздердің нәтижесінде, Түркия тарапы алғашқы болып Қазақстанға бұл үрдісте толық қолдау көрсетті және 2005 жылдың 15 тамызында Анкарада екі жақты Хаттамаға қол қойды.                                          

         Екі жақты сауда айналымының динамикасында маңызды факторлардың бірі – тауарларды тасымалдау мәселесі. Бүгінгі таңда екі ел арасында тауарлардың басым көпшілігінің тасымалдануы автомобиль көлігімен іске асырылуда. 2005 жылы екі ел арасында көлік сферасында бірқатар маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Атап айтқанда, түрік жүк тасымалдаушыларына бонустық жүйені енгізе отырып, ұзақ жылдар бойын қордаланып келген екі жақты автокөлік жүк тасымалы мәселесі ойдағыдай шешілді (2005 жылғы 6 маусымда Анкара қаласында өткен Автокөлік тасымалы жөніндегі бірлескен шағын комиссияның отырысы шеңберінде). Осы орайда, түрік тарапының Қазақстан басшылығының халықаралық әуе рейстерін елорда Астанаға көшіру бойынша бірінші болып қолдау көрсеткенін атап өткен жөн. 2005 жылғы қазан айынан бастап «Түрік әуе жолдары» компаниясы

         Екі ел арасындағы сауда қатынастарының нығаюында Қазақстан-Түрік іскерлік кеңесінің белсенді қызметі және түрік ұйымдарының әрдайым Қазақстанда өткізіп тұратын түрлі шаралары, жәрмеңкелері, көрмелері үлкен роль атқарады. «Стамбул-Астана-Стамбул» бағытында аптасына екі рет тұрақты рейстерін бастады. 2005 жылғы сәуір-мамыр айларында түрік тарапының бастамасымен Стамбул-Алматы бағыты бойынша  «Жібек жолы» көрме пойызы жобасының жүзеге асуы маңызды болды. 2005 жылы 27 мамырда Алматыдағы пойызды қарсы алу салтанатты рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түрік Республикасының Премьер-министрі Р.Т.Ердоған қатысты. Тараптар екі ел арасында тікелей теміржол байланысын құруға аса мән-мағына беріп отыр. Өзінің сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан мен Түркия арасындағы сауданың көлемін көтерудің қажеттігі туралы айтты. Сонымен бірге ол, бұл пойыздың ежелгі Жібек жолын, яғни біздің ата-бабаларымыз достық және сауда қатынастарын орнатқан жолын қалпына келтіре отырып, бес мемлекеттің үстімен өткендігін айтты.Жәрмеңіке-пойыз Қазақстанға түрік өндірісінің 4 мыңдай түрін әкелді. Түрік жағының бұл жобаға 2,6 миллион доллар бөлуі Түркияның Қазақстанмен сауда қатынастарын дамытуға жоғары маңыз беретіндігін көрсетті.

         Екі елдің елшілері және шетелдік сарапшылар екі жақты ынтымақтастықты елеулі жандандыратын жағдаят ретінде Қазақстан мұнайын Түркия аумағы арқылы тасымалдау келешегін орынды айтып келеді. 1998 жылы Анкара декларациясына қол қойылып,  онда Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан басшылары және АҚШ-тың Энергетика министрі Каспий арқылы сондай-ақ Кавказ жерімен экспорттық құбырлар өткізудің маңыздылығын атап көрсетті. Бұл орайда Каспийдің мәртебесі проблемасының айрықша рөл атқаратын түсінікті. Түрік көзқарасы Қазақстанның Каспийді ұлттық секторларға бөлуге деген күжігерін қолдаудан көрініп отыр. Алайда, Каспий төңірегіндегі ахуалдың бірегейлігі және оны халықаралық қоғамдастықтың бір мәнді қабылдамауы Анкараға осы мәселе бойынша өз көзқарасын айқын білдіруге мүмкіндік бермейді.

1999 жылғы қарашада  ЕҚЫҰ-ның мерекелік саммиті шеңберінде  Президент Назарбаевтың қатысуымен  «Баку -Жейхан» мұнай құбыры  жобасы бойынша Стамбул декларациясына  қол қойылды. Анкара бұл жобаға Каспий мұнайын әлемдік рынокқа жеткізу бойынша негізгі экспорттық бағыт ретінде қарап, оған зор маңыз беріп отыр. Ал Қазақстан экспорттық бағыттардың алуандығын және әрбір жобаның экономикалық тиімділігін басшылыққа алады.

         Аталған құжаттарға қол қою бұл жобаның техникалық және коммерциялық жағдайларын талқылау күрделі кезеңнің алдындағы бастапқы қадам ғана. Бұл жерде бір елеулі нәрсені айтпай кетпей болмайды: мамандардың көпшілігінің пікірінше пікірінше «Баку - Жейхан» Қазақстан мұнайынсыз соншалықты ұтымды және өміршең бола қоймайды. Анкараның, Бакудің, Тбилисидің және Вашингтонның Қазақстанды жобаға қатысуға иліктіру жөніндегі дипломатиялық белсенді күш салуын осы мән-жаймен түсіндіруге болады. Тек 2002 жылдың өзінде Түркияның, Әзірбайжанның және Грузияның жоғары мәртебелі өкілдерінің, сондай-ақ АҚШ Президентінің Каспий аймағының энергетика ресурстары бойынша арнайы кеңесшісінің сапарлары осы мақсатты ұстанды.   

Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстанның «Баку-Жейхан» жобасына қатысты позициясын бекітті. Ол түрік басшыларын ендігі жылы Ресей аумағы арқылы мұнайды шетелге шығаруға мүмкіндік беретін құбырдың құрылысының аяқталатындығын айтты. /4/

Қазақстандық Каспий шельфінде жаңа мұнай кен орындарының  ашылуы «Баку-Жейхан» жобасының түпкілікті жүзеге асатындығына және қазақстандық мұнайдың осы маршрутпен тасымалданатындығына сенімді күшейтеді, себебі 2010-2015 жылдары мұнай өндіру 150 миллион тоннаға дейін өседі. Осыған байланысты ол тасымалдаудың шығыс және оңтүстік бағытындағы басқа да маршруттарының, сонымен бірге Ресейлік бағытта да, атап айтқанда, Балтық теңізіне апаратын жаңа бағыттардың да пайда болуын жоққа шығармайды. 

Информация о работе Қазақстан Туркия қатынастары