Қазақстан Туркия қатынастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2013 в 23:34, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа жаңа мемлекет ретінде енуі, ең алдымен елдің таңдап алған ішкі және сыртқы саясатына байланысты болып табылады. Әлемнің басқа елдерімен теңқұқықты дипломатиялық қатынастар орнату, екіжақты, көпжақты ынтымақтастықты дамыту, елдегі жүргізіліп жатырған реформалар зерттеу үшін үлкен қызығушылық туғызады.
Тәуелсіздіктің алғашқы бес жылының қорытындылары келтірілген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арналған жолдауында былай деп атап өткен болатын: «Қазақстанның халықаралық мойындалуынсыз, әлемдік қоғамдастықтың шекараларымызға кепілділігінсіз еліміздегі мемлекеттіліктің қалыптасуы, егемендік, экономикалық реформалар, әлеуметтік саладағы өзгерістер туралы пікірлердің мағынасы жоқ» /1/. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде бекітіліп, елдің ішкі мәселелерін шешу мүмкіншілігінің болуы үшін одан әлемдегі өз орнын тауып, әлемдік қоғамдастық мойындаған елге айналуы талап етілді.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

1-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ САЯСИ АСПЕКТІЛЕРІ...........................................................................................................10
1.1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТА ЖӘНЕ ТАЯУ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ
САЯСАТЫ.................................................................................................................10
1.2. ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ: ТАРИХИ ШОЛУ...................................................
1.3. ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ – ШОҒЫРЛАНУ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ..................................................

2-ТАРАУ. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
2.1. ТҮРКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІЖАҚТЫ САЯСИ, САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ…………………………………………..
2.2. МӘДЕНИ-ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ……………………………………………………………

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................

СІЛТЕМЕЛЕР..............................................................................................................

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................................................

ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ ҚАТЫНАСТАРЫ.doc

— 265.50 Кб (Скачать документ)

         Азиядағы, әсіресе оның шығыс  бөлігіндегі бүгінгі жағдай барған  сайын аймақты қазіргі заманғы  халықаралық қатынастардың негізгі полюстерінің біріне айналдыратын саяси және экономикалық процестердің жоғары дамуымен сипатталады. Соңғы жылдары азия елдерінің көпшілігінің экономикалық даму қарқыны (жыл сайын ішкі өнімнің 5-6 пайызға, сыртқы сауданың 9-11 пайызға өсуі) жалпыәлемдік көрсеткіштерді басып озуда. Әлемдік өндірістің 60 пайызына жуығы және әлемдік саудадағы 40пайыз осы аймақтың үлесіне тиеді. Сараптамалық болжамдар бойынша, 2015 жылға қарай ВНП ең жоғары әлемнің он екі елінің бесеуі азия елдері болмақ. /14/

         Елдердің нығайып келе жатқан позицияларына 1997 жылғы азиялық қаржы дағдарысы өте жағымсыз әсер етті. Сонымен бірге, кейде оны Азияның өсіп келе жатқын ролін Батыстың шектеуге тырысуымен байланыстырады, алайда ол нәтижеде жағымды әсер етті. Аймақ мемлекеттері өздерінің экономикалық қабілеттіліктерін біраз нығайтып, қазіргі кезеңде бұрынғы даму қарқынының деңгейі қалпына келтірілді. Азиялық дағдарыстың арқасында қазіргі әлемде мемлекеттің тұрақтылығына ең көп қауіп төндіретін әскери қауіп емес, қаржы және экономикалық факторлар екендігі түсінілді. Бұл мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі стратегиясындағы экономикалық негіздің біраз күшейтілуіне әкелді.

         Бұл аталған факторлар перспективалы  аймақта өз мүдделері бар азиялық  мемлекет болып табылатын Қазақстанның сыртқы саясатында да жан-жақты есепке алынады. Евразияның транспорттық күретамырында орналасқан және қомақты экономикалық потенциалы бар Қазақстан Азияда өзіне лайықты орынға үміттенуіне құқықты. Сондықтан бұл аймақтағы қазақстандық дипломатияның стратегиялық мақсаты ұзақ уақыттық негізде аймақ елдерімен өзара тиімді қатынастарды нығайту болып табылады. Азия мемлекеттерімен ынтымақтасу, сөз жоқ, Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сай келеді, оның халықаралық позицияларын күшейтеді, елдің ішіндегі экономикалық реформалардың табысты өткізілуіне ықпал етеді.

         Таяу және Орта Шығыс елдері  өздерінің географиялық жақындығы,  экономикалық әлеуеті, сондай-ақ осы елдер халықтарымен тарихи және мәдени жағынан тығыз байланысына орай Қазақстанның маңызды мүдделері аясына кіреді. Таяу және Орта Шығыстың маңыздылығы оның осы аймаққа шоғырланған орасан зор адамдық және табиғи ресурстарының өзіндік геосаяси артықшылығымен беки түседі. Көрсетілген факторлар қазіргі әлемдегі көптеген мемлекеттердің осы аймақпен кең ауқымды ынтымақтастықты өрістете түсуге ұдайы ұмтылысын айқындайды.

         Қазақстан дипломатиясының Орта Шығыстағы басымдылығы тиісті мемлекеттермен өзара тиімді экономикалық байланыстарды және саяси ынтымақтастықты ынтымақтастықты жоспарлы түрде кеңейту болып табылады.  Біздің еліміздің Орта Шығыс мемлекеттерімен жемісті қатынастарын дамуы осы процеске барлық қатысушылардың саяси және экономиалық мүдделерінің күрделі теңгерімін сақтауды, өзара тиімді мырашылдықты іздеуді, өзіміздің ұлттық мүдделерімізді табан тірей қорғауды талап етеді.

         Әлемнің бұл бөлігіндегі ықпалды  елдердің бірі Қазақстанның көнеден бергі әрі тұрақты әріптесі – Түрік Республикасы болып табылады.

         Қазақстан-түрік саяси қатынастары.

       

1.2. ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ – ШОҒЫРЛАНУ                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ

 

 

Әлемдік қауымдастық  Қазақстан мен Түркия Еуразияның ірі мемлекеттері бола отырып, континент елдерінің арасындағы жан-жақты шоғырлану процестерінің жеделдетілуі мен тереңдеуіне жол ашып отыр деп қанағаттанарлықпен хабарлайды [1]. Европалық Одақ елдерімен одақтасып отырған Түркия да, Қазақстан да үлкен беделге ие бола отырып және ТМД-да басты роль атқара отырып континенттегі үлкен екі ірі саяси-экономикалық құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолында әрекет етуде. Қазақстан сондай-ақ Европалық Одақпен тікелей байланыстарды дамытуда. Бұл аталғандар біздің қатынастарымыз екі жақты жазықтықта ғана емес, БҰҰ, Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ), Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы және Ислам Конференциясы Ұйымы (ОИК), Европалық Одақ сияқты беделді халықаралық және аймақтық құрылымдар шеңберіндегі  көпжақты ынтымақтастық кеңістігінде де құрылып жатқандығын айқындайды. Бұл процесс шоғырлануды күшейту контекстінде қарастырылады. Оның үстіне бұл процестің экономикалық аспектісіның де үлесі зор.

Саяси, сондай-ақ аймақтық және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастық  мәселелерінде тараптар Азиядағы өзара ісқимыл және сенім шаралар Кеңесі (АӨІСШК), Экономикалық ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ), Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ) және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде тығыз ынтымақтастық үрдісін жалғастыру туралы келісе отырып, Ауғанстан мәселесін, Ирақ және басқа да халықаралық проблемаларды шешуде халықаралық және аймақтық ұйымдардың, ең алдымен БҰҰ шеңберiнде ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдіруде.

Екіжақты ынтымақтастық үшін стратегиялық маңызға ие Каспий мұнайын Түркия арқылы Жерорта теңізіне (Джейхандағы экспорттық терминал) тасымалдау мәселесі ғана емес. Түркия премьер-министрі Т.Чиллердің сапары кезінде екі жақ қол қойған мүдделер Хаттамасына сәйкес Акционерлік Құбырлық Компаниясын құру жөніндегі, техникалық мәселелерді талқылау және экспортық құбыр орнату жобасының құжаттарын дайындау мәселелерімен айналысатын екіжақты Жұмыс тобы құрылды. Топтың белсенді жұмыс кезеңі алғашқы келісімдерге қол жеткізіліп, топтың жұмыс бағдарламасы мен тапсырмалары, мақсаттары көрсетілген алғашқы жұмыс құжаттарына қол қойылған  1998 жылдың жазында басталды. Бұдан кейін оның жұмысына түпкі нұсқаны таңдаумен байланысты саяси фактор ықпал етті. Алайда, соңғы кезеңдегі жоғары байланыстардың нәтижелері тасымалдаудың осы маршрутының болашағы зор деп болжам жасауға мүмкіндік беріп отыр, осыған орай, осы салада Түркиямен ғана емес, осы мәселеге қызығушылық танытқан басқа да елдермен  ынтымақтастықтың болашағы зор.

Сәтті және жоспарлы дамып  келе жатқан екіжақты және көпжақты негіздегі байланыстардың қажетті шарты онсыз жүзеге аспайтын көп профильді құрылыстың заңдық негізі болып табылатын келісімдік-құқықтық базасыз мұны табысты ынтымақтастық деп атауға болмайды. Қазіргі таңда қол қойылған әр түрлі дәрежедегі екіжақты құжаттар саны 60-тан астам, оның 10-нан астамы көп жақты болып табылады. Декларациялар, келісімдер, бітімдер, саяси, экономикалық, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау салаларындағы қатынастар жайлы хаттамалар – екі ел әріптестігінің салаларындағы толық емес тізім осындай. Қазақстанның Түркиямен бекіткен мұндай құжаттарының санынының көптігін тек АҚШ, ҚХР, Ресей секілді ірі державалардікімен салыстыруға болады.

Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ, ОЭС) 1985 жылы құрылған және Дамудың аймақтық ынтымақтастығы Ұйымының (Иран, Пәкістан және Түркия) шынайы ізбасары болып табылады. Осы ұйым шеңберіндегі әріптестіктің алғашқы кезеңінде екі жақты сипатта болды. 1992 жылы қараша айында Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына мүшелікке жаңа жеті мемлекет – Қазақстан, Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан кіргеннен кейін бұл ұйымның қызметі белсендірек бола түсті. Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының негізгі мақсаты мүше елдердің үздіксіз әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай туғызу және аймақ мемлекеттерінің әлемдік шаруашылық қатынастар жүйесіне жүйелі түрде шоғырлануы, сондай-ақ мәдени, техникалық және ғылыми салаларда белсенді ынтымақтастық орнату.

 Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы өз қызметін іс-қимылдың Кветгтік жоспары, Стамбул, Исламабад, Ашхабад декларациялары, аймақтық көлік секторының негізгі дамуының Алматы Жоспары және жаңаланған Жарғы – Измир Келісімі құжаттарына сүйеніп жүзеге асырады. Бұл құжаттардың барлығында Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы мүшелері Ұйым мүдделері мен мақсаттары айқындалған, стратегия және ынтымақтастың басым салалары – көлік және комуникация, энергетика және сауда салалары белгіленген. Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы шегңберінде маңызды шешімдер қабылдау және алға қойған міндеттерді орындау жүрісін бақылау үшін министрлер Кеңесінің жиналысы және мүше-мемлекеттер басшыларының кездесулері өткізіліп тұрады.

1993 жылы 5-7 шілдеде Стамбулда өткен Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы Саммитінде іс-қимылдың Кветгтік жоспары және Ұйымның  болашақтағы даму жоспары мақұлданды. Сондай-ақ Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының кеңселері 4 ірі институттарын: Сауда және даму Банкі, Әуе және Кеме компаниялары, Сақтандыру компаниясын құру  туралы шешім қабылданды. Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының мүше-мемлекеттерінің басшыларының 1995 жылы наурызда Исламабадта болған үшінші кездесуінде аймақ мемлекеттерінің бұдан әрі экономикалық шоғырлану мәселелері қаралды. Көптеген мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстанның мақұлдауымен аймақтық мекемелер: сауда және даму Банкі, Сақтандыру компаниясын құру жөніндегі негізгі құжаттар қабылданды, Кеме компаниясының Келісімі және Жарғысы, транзиттік сауда жөніндегі Келісім жасалды [2]. Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының мүше-мемлекеттерінің кәсіпкерлеріне визалық процедураларды жеңілдету жөнінде Келісім, Ғылыми қор және мәдениет Институтының Жарғылары, Исламабад Декларациясы қабылданды.

1996 жылы мамырда Ашхабадта өткен төртінші кездесу Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының аймағы үшін бірінші дәрежедегі маңызға ие болған оқиға болды. Мемлекет басшылары аймаққа әсер етіп отырған халықаралық аренадағы экономикалық және саяси өзгерістерді есепке ала отырып дайындалып, қайта қаралған және жаңартылған Ұйымның негізгі құжаттарын мақұлдады. Кездесу қорытындылары бойынша Ашхабад Декларациясы, Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымын қайта құру және қайта ұйымдастыру мәселесі бойынша өзара түсіністік туралы Меморандум қабылданды.

Ұйымның жаңартылған  Жарғысы – Измир Келісіміне – 1996 жылы 14 қыркүйекте Измирде (Түркия) министрлер Кеңесінің кезектен тыс сессиясында қол қойылды. Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы үнемі өзінің халықаралық имиджін және дәрежесін БҰҰ жүйесіндегі (ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, ЮНФПА және т.б.) және одан тыс әр түрлі аймақтық және халықаралық ұйымдармен байланыс орната отырып нығайтуда. Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы БҰҰ-да және Ислам Конференциясы Ұйымында бақылаушы статусына ие болды. 1995 жылғы өзінің 50-сессиясында БҰҰ Бас Ассамблеясы бірауыздан Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымымен ынтымақтастық жөнінде шешім қабылдады. Ұйым сондай-ақ басқа да ірі аймақтық құрылымдар: ЭСКАТО, АСЕАН және ЕО-пен жемісті өзара ынтымақтастық орнатуға ұмтылуда.

Экономикалық Ынтымақтастық  Ұйымы мүше-мемлекетерінің Қазақстанмен ынтымақтастығы тәжірибелік сипат алды. Біздің елімізде көлік және коммуникация, сауда және энергетика сияқты салаларға басымдылық беріледі. Ауылшаруашылық, ғылым мен мәдениет, экология және денсаулық сақтау, нашалық заттардың заңсыз айналымымен күрес салаларындағы ынтымақтастықтың маңызы да төмен емес. Евразия континентіндегі шоғырлану процестерінің күшеюімен, көлік, байланыс және коммуникация жабдықтары, көліктік-коммуникациялық қызметтер сапасын әлемдік стандарттарға жақындату мәселелері экономиканың басқа салаларын дамытуға негіз болады.

1993 жылы Алматыда Экономикалық  Ынтымақтастық Ұйымы мүше-мемлекеттерінің көлік министрлерінің жиналысы шақырылды, онда ерекше жобалар мен жұмыстардан тұратын қазіргі көлік инфрақұрылымының Алматылық негізгі даму Жоспары қабылданды. 1995 жылдың наурыз айында Парсы шығанағы жағалауындағы оңтүстік ирандық порттарды елдің солтүстік бөлігімен  біртұтас теміржол арқылы байланыстратын темір жол құрылысы аяқталды. 1996 жылдың мамыр айында Мешхед-Серахс-Теджен аумағындағы  трансазиялық темір жолдар желісінің 700 километрлік Бафа-Бендер-Аббас теміржолымен тоғысуы болды. Нәтижесінде Қытайдың шығыс жағалауындағы Ляньюньган теңіз порты Парсы шығанағындағы Бен-дер-Аббас портымен бірікті. Бұл жол Үрімші, Алматы, Ташкент және Тегеран қалаларының үстімен өте отырып, Қазақстанға ашық теңізге бір жағынан ашық теңізге, екінші жағынан - Стамбул арқылы Еуропаға жол ашып берді. Осыған орай жүк тасымалдау мерзімі 25-30 пайызға азайды.

Трансазиялық темір жолды пайдаланудың өнімділігін жоғарылату үшін мүше-мемлекеттерге сауда транзиті саласында біркелкі тарифтік саясат қабылдау мәселелерін қарастыру қажеттігі туады. Бұдан басқа, аймақтың  және ұйымның бұрыннан бар автокөліктік инфрақұрылымын жетілдіруге арналған халықаралық ережелерге және Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және Пәкістанмен жүк тасымалдаудың халықаралық автомобильдік бірігуі жөнінде екіжақты үкіметаралық келісімге сәйкес шаралар жолға қойылған. Қытай Халық Республикасы, Пәкістан және Қырғызстанмен арадағы төртжақты келісім негізінде транзит, сондай-ақ мультимодальді тасымалдауды қамтамасыз ету және аймақта көліктік-экспедициялық қызмет көрсетуге арналған біріккен акционерлік компания құру мүмкіндігін қарастыру жүргізілуде. Әуедегі байланысты дамыту бағдарламасы негізінде Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы мүше-мемлекеттер астаналары және ірі қалалары арасында тікелей авиарейстер ашылған. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Қазақстан Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы Кеме компаниясын құру туралы Келісімге және Жарғыға қол қойды. Қазіргі таңда Кеме компаниясы жұмыс істеп тұрған мекеме болып табылады және біздің елімізде осы саладағы ынтымақтастыққа орай қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру жолында жұмыс жүргізілуде. Ақтау портын қайта құрастыруға біріккен кәсіпорын құру мүмкіндіктері қарастырылды [3]. 

Қазақстан, елеулі отындық-энергетикалық  ресурстарды иелене отырып жұмыс  істеп тұрған және жаңадан игеріліп жатқан кеніштерді белсенді түрде өңдей отырып мұнай мен газды өндіру көлемін өсіруді қарастырады. Дегенмен,  мұнай мен газды тасымалдаудың шектелген мүмкіншіліктеріне байланысты оларды өндіруді ұлғайту мәселесі қиындық тудырып отыр. Сондықтан Қазақстан энергетика саласында Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы (ОЭС) елдерімен бірге аймақтың мұнай, газ жүйесін дамыту бойынша ғана емес, сонымен бірге Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің энергетикалық жүйесін біріктіру бойынша да жоспар дайындау жолымен де бірге еңбек етуге мүдделілік танытуда.

1996 жылдың наурызында  Иранда қазақстандық мұнайды  Ақтау портынан Каспий теңізі  арқылы Солтүстік Иранға тасымалдау  жобасын жүзеге асыруға байланысты  негізгі техникалық аспектілер  бойынша мұнайды айырбастау туралы келісімге қол жеткізілді. Тараптар шартқа қол қойылғаннан кейінгі алғашқы жылы Қазақстан Иранның Каспийлік бір портына 2 млн. тонна өңделмеген мұнай құяды, кейін оның мөлшерін жылына 5,5 млн. тоннаға жеткізетіндігі жөнінде келісті. Оның орнына Иран сондай көлемдегі мұнайды тиісті транзиттік салық ала отырып, Парсы шығанағына шығаратын болды. Ашхабад саммитінде қозғалған мәселелердің бірі Түркиядан Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің көбінің үстімен өтіп, Пәкістанға барып тоқтайтын газ желісін төсеу туралы ұсыныс болды. 

Информация о работе Қазақстан Туркия қатынастары