Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2013 в 23:34, дипломная работа
Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа жаңа мемлекет ретінде енуі, ең алдымен елдің таңдап алған ішкі және сыртқы саясатына байланысты болып табылады. Әлемнің басқа елдерімен теңқұқықты дипломатиялық қатынастар орнату, екіжақты, көпжақты ынтымақтастықты дамыту, елдегі жүргізіліп жатырған реформалар зерттеу үшін үлкен қызығушылық туғызады.
Тәуелсіздіктің алғашқы бес жылының қорытындылары келтірілген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арналған жолдауында былай деп атап өткен болатын: «Қазақстанның халықаралық мойындалуынсыз, әлемдік қоғамдастықтың шекараларымызға кепілділігінсіз еліміздегі мемлекеттіліктің қалыптасуы, егемендік, экономикалық реформалар, әлеуметтік саладағы өзгерістер туралы пікірлердің мағынасы жоқ» /1/. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде бекітіліп, елдің ішкі мәселелерін шешу мүмкіншілігінің болуы үшін одан әлемдегі өз орнын тауып, әлемдік қоғамдастық мойындаған елге айналуы талап етілді.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ САЯСИ АСПЕКТІЛЕРІ...........................................................................................................10
1.1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТА ЖӘНЕ ТАЯУ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ
САЯСАТЫ.................................................................................................................10
1.2. ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ: ТАРИХИ ШОЛУ...................................................
1.3. ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ – ШОҒЫРЛАНУ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ..................................................
2-ТАРАУ. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
2.1. ТҮРКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІЖАҚТЫ САЯСИ, САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ…………………………………………..
2.2. МӘДЕНИ-ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ……………………………………………………………
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................
СІЛТЕМЕЛЕР..............................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................................................
ҚОСЫМШАЛАР
М.К.Нарибаевтың «
Жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының Түркияға қатысты саясатының қалыптасу процесіне және 1991 жылдан бастап қазіргі кездегі қазақстан-түрік саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық қатынастардың жағдайына талдау жасау, екі елдегі реформа процестеріне салыстырмалы талдау жасау, олардың тұрғындардың әл-ауқатын көтерудегі тиімділігі мен нәтижелілігі, жетістіктер мен сәтсіздіктердің себептерін анықтау, геосаясаттың элементтері ретінде, мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы және оның халықаралық жағдайы үшін реформалық процестердің маңызын анықтау болып табылады.
Осы айтылғандарға байланысты жұмыстың мынадай міндеттерін анықтауға болады:
Жұмыстың тәжірибелік маңызы – көрсетілген үрдістер негізінде қазіргі кезеңдегі екі елдің саяси өміріндегі Түрік-Қазақстан қатынастары мәселелерін шешу әдістерін қолдану.
Түркия – геосаяси жағынан Оңтүстік-Шығыс Европаны (Балканды), посткеңестік кеңістікті, Таяу және Орта Шығысты қамтыған маңызды аймақта орналасқан ірі ел. ХХ ғасырдың 80-жылдарының ортасынан бастап Түркия аймақтағы ықпалының күшеюімен, жалпы алғанда халықаралық экономикалық және саяси қатынастарда елдің маңызының өсуімен қатар жүрген күшті экономикалық өрлеуді басынан кешіруде.
Негізінен өнеркәсіптік
Жұмыстың зерттеу мәселесі болып Түркияның Қазақстан Республикасымен қатынастарының дамуы, олардың арасындағы шоғырланушылық өзара тәуелділіктің қалыптасуы, Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастығын талдау, Қазақстан Республикасы мен Түркияның бір-біріне деген саясатының ерекшеліктерін, мақсатын, формаларын, әдістерін, сонымен бірге қазіргі кезеңде осы екі ел арасындағы саяси, экономикалық қатынастардағы болып жатқан процестерді талдау болып табылады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы
Қазақстанның геосаяси жағдайы ХХІ ғасырда Евразиялық көпір ролінде болуы мүмкін. Сонымен бірге Қазақстан табиғи байлықтарға, оның ішінде сутекті табиғи байлықтарға бай, бұл дамыған елдердің назарын өзіне аударып отыр. Қазақстан трансконтиненталды мүдделердің қиылысу аренасы болып отыр. Мұның барлығы Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге бүкіл Орталық Азиялық аймақта және Таяу, Орта Шығыс елдерінде жаңа геосаяси жағдайды қалыптастырады.
Аграрлық
сектордағы, өнеркәсіптегі, банк-қаржы
секторындағы және салық
Тарихи
процестерді зерттеудің
Жұмысты
жазу барысындағы әдістемелік
бағыт ретінде Қазақстан
Диплом
жұмысын жазу барысында синтез
және анализ, салыстырмалы әдіс,
хронологиялық және жүйелілік
әдістері қолданылды. Бұл әдістер
зерттеу объектісін шынайы
Жұмыстың құрылымы үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады, онда мынадай мәселелер қарастырылады: Қазақстанның Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі саясаты; қазіргі кезеңдегі Қазақстан-түрік ынтымақтастығы; 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі қазақстан-түрік қатынастарының саяси аспектілері.
1 - ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ САЯСИ
АСПЕКТІЛЕРІ
САЯСАТЫ
Таяу және Орта Шығыс
Аймақтық ынтымақтасу
Еліміздің егемендігін
Қазақстан үшін Түркиямен
Тәуелсіздік алғаннан кейін
Жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында біздің еліміздің дипломатиямыздың күш салуы туралы айтқанда, 1992 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Н.Ә.Назарбаевтың бастамасын айту қажет. Қазақстанның ел басшысы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің жетекшілерінің ішінде алғаш болып Азия континентінде қауіпсіздік құрылымын құру туралы ұсыныс жасады. Сөз Азиядағы өзара әрекеттер мен сенім шаралары жөніндегі Мәжілісті (АӨІСШК,СВМДА) шақыруға бағытталған жұмыстар туралы болып отыр.
Бұл бастама қазіргі заманғы халықаралық қатынастарда белгілі роль атқаратын барлық азиялық мемлекеттердің қолдауына ие болды. Қазақстан үшін Москваның, Пекиннің, Делидің, Анкараның, Исламабадтың, Улан-Батордың, сонымен бірге Орталық Азия аймағындағы көршілеріміз Қырғызстан мен Тәжікстанның да жағымды жауабының маңызы зор болды. СВМДА процесіне Иран, Египет, Израиль сияқты саяси қарсыластар да қатысты.
Бақылаушылар ретінде бұл
Арнайы Жұмысшы Тобы
Алматы форумының нәтижелері әлемдік қоғамдастықта үлкен резонанс тудырды. Саясатшылар, дипломаттар, халықаралық қатынастарды зерттеушілердің барлығы мынадай бір пікірге келді: бір-біріне жағымсыз көзқараста, қатынаста болған мемлекеттердің сыртқы саяси ведомствосының басшыларының мәжілісінің өткізілуі фактісінің өзі, сонымен біргебарлық елдердің Декларацияға қол қоюы, бұл – қазақстандық дипломатияның сөзсіз табысы еді.
Қазақстан ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, ВОЗ, ЮНЕП,
ФАО, УКНПП, ОИК және тағы
басқа ұйымдардың қызметіне
Қазақстанның ЕЫҚҰ-мен өзара әрекетіне жағымды баға беруге болады. Біздің еліміз ЕҚЫҰ-мен Орталық Азиядағы қауіпсіздік, экология мәселелері бойынша кең диалог жүргізуді дұрыс деп есептейді. ЕҚЫҰ кең байтақ Евразия кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әмбебап механизмі ретінде өз мүмкіндікиерін әлі жойған жоқ. Мұндай жағдайда посткеңестік мемлекеттермен кеңесулерді шектеу дұрыс емес болар еді.
Қазақстан – НАТО туралы сөз қозғасақ, Қазақстан «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасына қосылды, әскери салада ғана емес, сонымен бірге саяси, ғылыми-техникалық және экологиялық салаларда да ынтымақтастықты дамытуда.
Экономикалық ынтмақтастық Ұйымы (ОЭС) шеңберіндегі Қазақстанның қызметін белсенді ете отырып, біздің еліміз үшін транспорт, байланыс, сауда, энергетика салалары басты маңыз алады. Қазақстанда транспорттық инфрақұрылымның дамуына үлкен назар аударылуда. Біздің еліміздің транзиттік потенциалын толық және тиімді пайдалану міндеті қойылуда. Осы мақсатпен біздің еліміз Оңтүстік-Солтүстік, Шығыс-Батыс транзиттік колидоры бойынша халықаралық келісімдерге қосылуды жоспарлауда. Сонымен бірге ТРАСЕКА транспорттық жобаның потенциалды мүмкіндіктері зерттелуде.
1997 жылы Мешхед-Серахс-Теджент бөлігіндегі трансазиялық магистралдың темір жолдарының қиылысы жүзеге асты. Осылайша, Қытайдың шығыс жағалауындағы Ляньюньган теңіз порты Үрімші, Алматы, Ташкент және Тегеран арқылы Парсы шығанағындағы Бендер-Аббас иран портымен темір жол арқылы қосыолды.. Бұл магистраль Қазақстан үшін ашық теңіздерге шығуға мүмкіндік береді. /13/
Әлемдік құрылымның биполярлық жүйесінің күйреуінің символы болған ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында халықаралық қатынастар өзінің дамуында жаңа кезеңге енді. Қалыптасқан жағдайлар ұзақ уақыт бойы екі ұлы держава мен блоктың мүдделері арасында теңгеру құралы болуға мәжбүр болған көптеген мемлекеттердің сыртқысаяси және сыртқыэкономикалық белсенділігі үшін кең мүмкіндіктер ашты. Әсіресе мұндай үрдіс Азия елдерінен көрінді. Күшті экономикалық потенциалы, орасан зор еңбек және табиғи ресурстары бар Азия континентінің көптеген елдерінің барған сайын аймақтық істерде ролі өсіп, сонымен бірге әлемдік ауқымдағы геосаяси процестерге белгілі бір ықпал етуде.