Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2013 в 23:34, дипломная работа
Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа жаңа мемлекет ретінде енуі, ең алдымен елдің таңдап алған ішкі және сыртқы саясатына байланысты болып табылады. Әлемнің басқа елдерімен теңқұқықты дипломатиялық қатынастар орнату, екіжақты, көпжақты ынтымақтастықты дамыту, елдегі жүргізіліп жатырған реформалар зерттеу үшін үлкен қызығушылық туғызады.
Тәуелсіздіктің алғашқы бес жылының қорытындылары келтірілген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арналған жолдауында былай деп атап өткен болатын: «Қазақстанның халықаралық мойындалуынсыз, әлемдік қоғамдастықтың шекараларымызға кепілділігінсіз еліміздегі мемлекеттіліктің қалыптасуы, егемендік, экономикалық реформалар, әлеуметтік саладағы өзгерістер туралы пікірлердің мағынасы жоқ» /1/. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде бекітіліп, елдің ішкі мәселелерін шешу мүмкіншілігінің болуы үшін одан әлемдегі өз орнын тауып, әлемдік қоғамдастық мойындаған елге айналуы талап етілді.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ САЯСИ АСПЕКТІЛЕРІ...........................................................................................................10
1.1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТА ЖӘНЕ ТАЯУ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ
САЯСАТЫ.................................................................................................................10
1.2. ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ: ТАРИХИ ШОЛУ...................................................
1.3. ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ – ШОҒЫРЛАНУ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ..................................................
2-ТАРАУ. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
2.1. ТҮРКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІЖАҚТЫ САЯСИ, САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ…………………………………………..
2.2. МӘДЕНИ-ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ……………………………………………………………
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................
СІЛТЕМЕЛЕР..............................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................................................
ҚОСЫМШАЛАР
Экономика және құқық институты
«Халықаралық қатынастар»
«Қорғауға жіберілді»
«Халықаралық қатынастар»
_______________
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ТАҚЫРЫБЫ: «ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ ҚАТЫНАСТАРЫ»
Мамандығы: 050202 – Халықаралық қатынастар
Орындаған:
Ғылыми жетекші:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ
САЯСИ АСПЕКТІЛЕРІ...................
1.1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТА ЖӘНЕ ТАЯУ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ
САЯСАТЫ.......................
1.2. ҚАЗАҚСТАН
– ТҮРКИЯ: ТАРИХИ ШОЛУ..........................
1.3. ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
– ШОҒЫРЛАНУ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ
РЕТІНДЕ.......................
2-ТАРАУ. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
2.1. ТҮРКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІЖАҚТЫ САЯСИ, САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ…………………………………………..
2.2. МӘДЕНИ-ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ……………………………………………………………
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
СІЛТЕМЕЛЕР....................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Қазақстанның әлемдік
Тәуелсіздіктің алғашқы бес
Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігінің шаңырағын көтеруде және оны нығайтуда сыртқы саясат төтенше маңызды роль ойнайды. Мұнда мынадай маңызды жағдайды есте ұстаған да орынды: қираған кеңестік империяның орнында туындаған жаңа мемлекеттер үшін (Ресейден басқасы) бұрынғы жүйеден экономиканы басқарудың белгілі бір дағдылары мұраға қалғанымен, дербес түрде сыртқы саясатты жүргізу мүлде тың жол еді. Бері қойғанның өзінде сыртқы саясаттан бір ерекшелігі экономикада қанша дегенмен кейбір дәстүрлер мен тәжірибе (рас, нарықтық экономикаға барабар болмаса да) және де тиісінше кадрлар сақталып қалды. Халықаралық қатынастарды айтатын болсақ, белгілі бір себептермен бұл сала бұрынғы кеңестік мемлекеттер үшін мүлде жаңа дүние болды: дәстүр де, тәжірибе де, ең бастысы мамандар да болған жоқ. Осындай күрделі жағдаймен Қазақстан бетпе-бет келді. Отандық дипломатияның іргетасын қалау тақыр жерден басталды. /3/
КСРО ыдырағаннан кейін
Қазақстан алдында күрделі
Мұндай жағымсыз болжам өзінің ақтауын табуы тиіс еді. ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында Қазақстанға М.Тэтчер, Дж.Бейкер сияқты белгілі саясаткерлер келді. Жаңадан сайланған Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Москваға АҚШ Президенті Дж.Буш-үлкенімен кездесуге шақырылды. Бұл кездесуде Батыстың Қазақстанға халықаралық қатынастардың дербес субъектісі және орталықазиялық аймақ бойынша әріптес ретінде қарайтындығы көрінді. /4/
Қазақстанның көршілес елдермен ғана емес, жалпыәлемдік қоғамдастықпен қарым-қатынастары қалайша қалыптасады – мұның бәрі көптеген мемлекеттер мен зерттеу орталықтарының мұқият назарында болды. Қазақстанға деген мұндай ынта-ықыласты еліміздің аумағында көмірсутегі шикізатының ірі қорының болуы ғана емес, сонымен бірге пайдалануға болатын ядролық қарудың болуы да қоздыра түсті. Басқаша айтқанда, тәуелсіздік алған кезде Қазақстан ядролық мемлекет екендігі де-факто еді.
Мұндай жағдайда әлемдік қоғамдастық, ең алдымен «ядролық клуб» мүшелері жаңа құрылған мемлекеттің алғашқы дипломатиялық акцияларын бақылап отырды және оған ықпал етуге тырысты. Бұл бағытта АҚШ белсенділік танытты. Оның Мемлекеттік департаменті аумағында жаппай қырып жою қарулары бар жаңа тәуелсіз мемлекеттер есебінен кеңеюге АҚШ-тың қарсы екенін білдірді.
Осындай екіұшты жағдайда
еліміздің Президенті Н.Назарбаев
саяси көрегендік танытып, стратегиялық
тұрғыдан Қазақстанның мүдделерін бәрінен
жоғары қоя білді. Қазақстандық басшы
ядролық қару-жарақты
Отандық дипломатияның алдына қойған мақсаттарды әлемдік қоғамдастықтың түсіністікпен қабылдағанын, оның үстіне жас мемлекетті қолдайтындығын мәлімдегенін атап өту керек. Оқиғалардың осылайша дамуының кезеңі деп шабуыл жасау мақсатындағы стратегиялық қару-жарақты қысқарту мен шектеу туралы КСРО және АҚШ арасындағы шартқа қосымша ретінде 1992 жылы 23 мамырда Лиссабон Хаттамасына қол қоюды айтуға болады. Осы құжатта Беларусь және Украинамен қатар Қазақстан жоғарыда аталған шарт бойынша бұрынғы КСРО-ның міндеттемелерін өзіне алды және ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде 1968 жылғы 1 маусымдағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуға дайын екенін мәлімдеді.
Осындай жолмен Қазақстан халықаралық режимін нығайтуда, қазіргі бар әлемдік тәртіпті сақтауда жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсете білді. Қазақстан басшысының осындай ұстанымын әлемдік қоғамдастық біздің мемлекетімізбен жан-жақты ынтымақтастықты жолға қоюдың белгісі ретінде қабылдады./5/
Мемлекеттіліктің бекітілуі мен оның халықаралық беделінің өсуінің көрсеткіші ретінде Қазақстан Республикасын әлемнің 118 мемлекетінің мойындауы, 105 елмен дипломатиялық қатынастардың орнатуы болып табылады. Қазақстанда 40 шақты шетел мемлекеттері өз елшіліктерін және 16 халықаралық ұйым өз дипломатиялық өкілеттіліктерін ашты. Әлемнің 40 шақты елі Қазақстанда өз дипломатиялық өкілеттіліктерін ашты, еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының, ЕҚЫҰ-ның және басқа да халықаралық ұйымдардың теңқұқықты мүшесіне, маңызды халықаралық конвенциялардың, келісімдердің қатысушысына айналды /6/. Қазақстан Республикасы көптеген шоғарланушылық процестер мен халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың бастаушысы болуда.
Диплом жұмысының тақырыбының өзектілігі Қазақстан Республикасының жаңа геосаяси жағдайымен түсіндіріледі. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің барлық саласында реформалар басталды, дербес сыртқы саясаты жүргізіле бастады, оны әлемдік қауымдастықтың мойындауы жүзеге асты.
Бұл көрші мемлекеттермен ғана емес, Европамен де, Азиямен де көпжоспарлы, көпполюсті, кең ауқымды ынтымақтастықты дамытуда бай негізгі ресурстарды кеңінен пайдалану мүмкіндігін береді. Қазақстан ХХІ ғасырда прогрестің теңдесі жоқ Евроазиялық көпірі бола алады, бұл еліміздің дамуының қазіргі кезеңінің және оның қауіпсіздігінің маңыздылығын көрсетеді. Бұл өзара қатынастардың саяси аспектілерінің өрісі кең. Ол өзіне халықтардың дәстүрлерінен бастап, Қазақстанның Европадағы да, Азиядағы да аймақтық қатысуына, сонымен бірге Қазақстан Республикасы сияқты Евразия материгінде орналасқан Түрік Республикасымен ынтымақтастықты дамытуға жағымды ықпал етуге қабілетті қазіргі кезеңдегі байланыстардың дәрежесіне дейінгі мәселердің ауқымын қамтиды.
Сонымен бірге тақырыптың
Бұрынғы туыстас
Тақырыптың зерттелу деңгейі. 1991 жылдан басталған қазіргі кезеңдегі Түрік-Қазақстан қатынастары жалпытеориялық сипаттағы еңбектерде жалпы алғанда жақсы қамтылған, мысалы, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың, белгілі саясаткер Қ.Тоқаевтың еңбектерінде. Н.Ә.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» (А,1996) және Қ.Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының дипломатиясы» (Аст.,2001). Алайда, бірқатар баспа жарияланымдарының болуына қарамастан, отандық экономикалық және түркологиялық әдебиетте Түркия мен Қазақстанның экономикалық шоғырлануы қатынастары туралы мәселе жеткіліксіз қамтылған, әсіресе соңғы он жылдағы оқиғалар мен үрдістер.
Алайда бұл тақырыптың
Түркияның әлеуметтік-
Қазіргі кезеңдегі Түркиямен қатынастарды кешенді талдау мақсатымен бвтыстың және түріктердің осы мәселеге байланысты басылымдық жарияланымдары, ең алдымен арнайы басылымдар; «Экономист» журналы, Стамбулдық сауда және Стамбулдық өнеркәсіп палаталарының басылымдары, анкаралық экономикалық ақпарат Агенттігінің (ЕВА) бюллетеньдері және т.б. пайдаланылды.
Статистикалық және фактілік
материалдардың негізгі
Жұмыстың деректік базасы болып Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастық жөніндегі Келісімді бекіту туралы 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2343 Жарлығы және 1999 жылғы 14 қыркүйектегі СВМДА мүше-мемлекеттері арасындағы қатынастарды реттеуші принциптердің Декларациясы материалдары, 2003 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы екі ел саяси жетекшілерінің сөйлеген сөздері, Қазақстан халқына Президенттің 2002 жылғы жолдауы, Түрік Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Куртулуш мырзаның пресс-конференциясы, Түрік Республикасы туралы анықтамалық басылым, Турция – 1996. Анкара: Түркияның Мемлекеттік статистикалық институтының материалдары табылады.
Сонымен бірге жұмысты
КСРО, Түркия және Қазақстан Республикасының бірқатар ресми сыртқы саяси құжаттары, ресми іс-сапарлармен алмасу барысында қабылданған жекелеген мәлімдемелер, коммюникелер зерттелді, түріктік және қазақстандық құжаттарды салыстыру, талдау екі мемлекет арасындағы қатынастардың барысы мен дамуы туралы толық және дәл мәліметтер береді. Мысалы, белгілі саясатшы Қ.Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының дипломатиясы» /12/ деген кітабында тәуелсіздік жылдарындағы біздің еліміздің сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуына жан-жақты талдау жасалған. Автор Президент Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық қызметіне ерекше көңіл бөледі. Автор Қазақстанның әлемдік қоғамдастықпен өзара қатынасы, біздің еліміздің халықаралық ұйымдармен өзара қатынастары, сонымен бірге түрлі аймақтардағы мемлекеттермен ынтымақтастық туралы айтады. Кітапта қазақстандық сыртқы саясаттың басым бағыттары, біздің мемлекетіміздің өзекті халықаралық мәселелерге көзқарасы қарастырылады. Қазақстанның тәуелсіздігінің он жылы ішіндегі оның халықаралық қызметінің негізгі оқиғаларының хронологиясының кітапта болуы еңбектің тәжірибелік құндылығын арттырады.