Денсаулық пен ауру туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 13:21, реферат

Краткое описание

Адам денсаулығы оның негізгі байлығы,сонымен бірге әрбір жеке адамның денсаулығы адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады.Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі жалпы мемлекеттің,қоғамның ,әрбір азаматтың негізгі борышы.Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселерге баса назар аударып,халықтың денсаулығын жақсарту мәселелерін шешу үшін белгілі бір шаралар қолдану керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Гипокинезия-салдарынан-ағзаның-функциональдық-жағдайының-өзгеруі.doc

— 284.50 Кб (Скачать документ)

  Витаминдер.Химиялық табиғаттың әртүрлі органикалық заттар-дың жиынтығы.Витамин латынша vitamin-тіршілік амині деген мағынаны білдіреді.Олар тағамдық заттармен организмге түсіп,зат алмасуға,организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді.Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті зор.Егер тамақтану дұрыс жолға қойылмаса,яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті витаминдер мөлшері жеткіліксіз болса,онда организм әлсіреп,ол әр түрлі ауруларға шаодығады,оның өсіп-өнуі мен жетілуі нашарлайды.Ви-таминдер сол сияқты,жоғарғы дәрежелі өсімдіктер мен микроорган-измдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар.Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың,майлардың,көмірсу-лардың,минералды тұздардың алмасуын жылдамдататын және реттейтін де осы витаминдер.

  Соңғы кезде витаминдерді  классификациялап үлкен 4 топқа бөледі:

1.Алифатикалық витаминдер (аскарбин  қышқылы)

2.Алициклді витаминдер.

3.Ароматикалық витаминдер.

4.Гетероциклді витаминдер.

 Қазіргі кезде 30-дан астам витаминдердің түрлері ашылды.Суда еритін витаминдер ферменттердің простетикалық топтарының құрамына кіреді.,сөйтіп,олар ферменттердің активтілігін жоғарлатады.Бірақ витаминдерді көп мөлшерде пайдалану гипервитаминоз құбылысының тууына әкеледі.Тамақ азықтарында,дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен басқа да заттардың құрамында кездесетін  витаминдердің түрлі түсті сапалық реакциялар көмегімен ашуға болады.Әдетте дене жаттығулары организмнің витаминдерге деген қажеттілігін арттыра түседі.

  Минералдық тұздар.Тұзды аз пайдалану мен сұйықты ішуді шектеу-салмақты азайтудың аса тиімді тәсілі болып табылады.Өйт-кені осылай шек қоюдың нәтижесінде де 8-10 кг салмақ жоғалтуға болады.Семіз адамдар тамаққа тұз салғанда шектеп,оның мөлшерін тәулігіне 5 г асырмау тиіс.тамақты тұзсыз әзірлеңіз,тек ас алдыңызға келгенде ғана аздап тұз салыңыз.Тұзды тамақ адамды шөлдетеді,оның үстіне организмде сұйықтың жинақталуына ықпал етеді,сөйтіп салмағын одан әрі арттырып жібереді.Салмақ алғашқы 3-4 аптада ғана осылай күрт азаяды,одан кейінгі кезеңдерде тәжірбие көрсеткендей,адамның арықтауы қиындайды,салмақтың азаю процесі өте баяу жүреді.Содан барып кейбіреулер арықтаудың қиын екендіктеріне көздері жетіп,түңіледі,соның салдарынан диета сақтауды тоқтатады.

 Тамақты мөлшерден артық ішу ағзалардың май қорын көбейтіп жіберіп,денсаулыққа зиянын тигізеді.Ағзаның салмағы жоғарлай-ды-ағзада артық май қоры жиналады.Денсаулық үшін бұл құбылыс пайдалы деп айта алмаймыз.

  Артық ағза салмағы-гипертония,қант  диабеті,жүрек-қан тамыр аурулары,қоректен семіру-тағы да басқа көптеген аурулардың пайда болуына себепкер болады.Өмірге қатерлі факторлардың қатарына талапсыз кіре алады.

  Артық ағза салмағы-адам  мөлшерінен көп алған кезде,яғни  ағза салмағы тиіс салмағынан  асып кеткен де байқалады.Сондықтан да қалыпты ағза салмағын сақтау-денсаулықтың негізгі қайнар көзі.Ол 7 принциппен анықталады.

1.Тағамның түр-түрін пайдалану.

2.Салмақты тұрақты бір қалыпты  сақтаудың қажеттілігі

3.Тағамның құрамында холестерин мен майы көп заттар болмау керек.

4.Қантты аз пайдалану.

5.Ас тұзын және тұзы көп  тағамдарды көп ішіп-жемеу.

6.Жеміске,көкөніске бай және  дәмді өсімдіктерден дайындалған  өнімдерден тұратын тағамдарды  көбірек пайдалану.

7.Егер арақ-шарап,сыраға көңіліңіз  ауса шамалап қана ішуге болады  және қалыпты массаны сақтап  тұру қажет.

 Адам тәулігіне қанша тамақ  ішу керек? Бұл сауалға дұрыс  жауап беру үшін ең алдымен  лайықты тамақтану теориясына  тоқталайық..Организмнің өсуі мен  жасушалардың үнемі тұрақты түрде жаңарып тұруына қажетті тамақ,яғни қуаты мен құрылыс материалдарына деген қажеттілік адамның жасына,жынысына,бай-ланысты.Сонымен адам 1тәулікте ішкен тамағынан бойына қаншалықты қуат алса,соншалықты қуат шығындауы да қажет.Олай етпеген жағдайда артық іщкен тамақтың зардабы көп ұзамай-ақ біліне бастайды.

 Біз толық тыныштық сақтаған  күннің өзінде тәулігіне 1200-1800 килокалория  жоғалтамыз.Мұншалықты энергия жүректің  соғысы-на,өкпе мен ішектің қозғалысына,организмнің  басқа да функция-ларын орындауға жұмсалады.

 Егер сіздің еңбегіңіз көп  қозғалуды талап етпесе,отырып  еңбек ететін болсаңыз,онда да тәулігіне 2500-2800 кк энергия жұмсайсыз.Ал дене еңбегімен айналысатын адам бұдан әлдеқайда көп энергия жұмсайтындығы белгілі.

 Ана сәбиін қалай қоректендіретінін есімізге түсірейік.Әдетте ана нәрестесін кез келген уақытта емес,сағат пен тамақтандырады.Сөй-тіп Нәрестесін режимге үйретеді.Соның нәтижесінде баланың бойында уақытқа деген шартты рефлекс пайда болады,яғни өзін емізетін белгілі сағаттарда қарын сөлдерін бөліп шығара бастайды.Нәресте дәл осы сөл бөлінген кезде емсе,емген сүтін жақсы қортады.Бала есейе келе анасы оны мезгілінде тамақтан-дыруды ұмыта  бастайды,режимді бұзады,жұмыста жүреді,бала өзі мен өзі қалады.Тамақты кейде ішеді, кейде ішпейді.Балаға қауіп осы арада туады.Күні бойы шала қоректенген сәби анасы келген кезде қомағайланып,артық тамақтанады.Көшеде,автобуста,дүкенде нан жеп,тәтті сорып жүрген балаларда аз емес.Осылай беймезгіл,режимді бұзып,көрінген жерде тамақтану салдарынан домаланып семіріп кеткен балаларды да жиі кездестіреміз.

  Семіз балалардың организмдерінде  зат алмасу бұзылады,ауруға қарсы тұратын қабілеті кемиді,мұндай балалар жиі-жиі сырқаттанады.Кейбіреулердің түсінігіндегі баланың толықтылығы-оның денсаулығының мықтылығы деген түсінік мүлдем қате.

 Тәбетпен өз мезгілінде ішпеген және жүре жүріп ішіп жеген құрғақ тамақ ас болмайды.Тамақты қарныңыз ашқан кезде ішкеніңіз жөн.Өкінішке орай,тойып,тамақ кеңірдегіне келгенше іше беретін адамдарда бар.Мұндай жағдайда қарын сөлі қажетінен артық,3-4 есе көп бөлінеді,Артық ішкен астың қарынға тусіретін қысымы молаяды.Соның салдарынан мешкей адамның мазасы кетіп,іші ауырады,қарны сыздап әлек болады.

 Таңғы,түскі,кешкі тамақ аралықтарындағы  уақытттардың маңызы бар ма?

  Ғалымдар мынадай ғылыми тәжірбие жасаған.Тұлғалары,жастары бірдей екі ер жігітке бір уақытта бірдей мөлшерде тамақ берген.Тек біреуі өзіне тиісті тағамды бірден ішіп қойған да,екіншісі оны 3-4 рет ішетін болған.Сондағы нәтиже өзіне тиісті тамақты отырған жерінде түгелдей ішіп қоятын жігіт тез семіріп,оның үстіне тамақты бірден көп ішкендіктен,денсаулығы нашарлаған.

  Ішкен астың қорытылып,бойға сіңуі мен қоректік заттардың тотығуы тәуліктік биологиялық ырғақтарға сәйкес келетінін де есте ұстаған жөн.Сол себептен де түнге қарай,ұйқы алдында ішкен ас нашар қорытылады,майлар зат алмасу процесі арқылы толық пайдаланылмай,денеге жинала береді.

  Тамақ ішкен уақытта бәрін,әсіресе  көңілге қаяу түсіретін жайларды  ойламаған,әңгімелемеуге тырысқан  жөн.Ас ішіп отырып газет,журнал,кітап оқуға болмайды.біріншіден,бұл жай тамақ ішуге кедергі келтірсе,екіншіден дастарқанда өзіңізбен бірге отырған адамдарға ұнамауы мүмкін.Тамақты асықпай,мұқият шайнап жұтқан дұрыс.Жақсы шайналған ас бойға да жақсы сіңеді,асқазанға да күш түсірмейді.

  Тамақты көп ішкен адамның  бәрі семіріп кетеме?Өз салмағыңызға  бақылау қоймасаңыз да аса  толып кетпейтіндігіңізге көзіңіз  жетеме?Әрине жетпейді,өйткені семіз  адамдардың 70% бұл ауруға тамақты  көп ішкендіктен тап болған.Егер  күніне өзіңізге қажетті килокалорияны 200 ккалға арттырып отыратын болсаңыз,жылына 8 кг салмақ қосады екенсіз.Мұны да ескерген жөн.

  Тамақты көп ішу мен аз  қозғалу заманымыздың қасіретіне  айналып отырғаны рас.Тамақтан алатын энергияның көптілігі де аздығы да ағзаға зиян.Дені сау адамдар калориясы төмен тамақты ұзақ уақыт ішсе,әлсірейді,шаршай береді,басы айналады,ауруға шалдығады.

 Ұзақ уақыт ашығу пайдалы  деген сөз барынша қате,физиологияға  қарсы ұғым деп білу керек.ашыққан адамның көңіл күйі күрт өзгереді.Ересек дені сау адамдар екі апта ашықса,организмнің адаптациялық реакциялары төмендейді,аз қозғалуға тырысады,ой-ын ешнәрсеге тұжырымдай алмайды,қабілеті нашарлайды.Соған қарамастан ашығу жалғаса берсе денедегі жасушалардың өлуі артады.Соның салдарынан организмде қайтып қалпына келмейтін өзгерістер кезеңі туады.

  Ашықан кезде оргнаизм жасушалары  тазарады,организм қалдық-тардан  арылады деген жансақ пікір  бар.Дені сау адамдарда зат  алмасуынан қалған улы заттар  болады,ондай зиянды элементтерді  бауыр қаннан «сүзіп»алып,жойып  отырады.Ал ашыққан кезде зат алмасуы едәуір бұзылады,сөйтіп біз ашығу арқылы денемізді тазартамыз деп ластап аламыз.

  Тағы да бір шектен шығып жүрген жағдай бар.Ол-рационға тағамның тек белгілі бір түрлерін ғана енгізіп,басқаларын толық шығарып тастау.Бұл бағытты ұстанушылар Жапонияда микробио-тиктер(ұзақ жасаушылар) ілімін қалыптастырады.Олар тамаққа дәнді дақылдарды ғана пайдалану арқылы ұзақ жасауға бел байлаған.макробиотиктер сүт пен ет өнімдерін тамақ деп мойындамайды,содан барып организдеріне көптеген қажеттізаттар жетіспеуде.Бұл әдісті пайдаланушылардың арасында қырқұлақ пен рахит(мешел) аурулары көбейуде.Себебі бұлардың тамақтарында «С»және «Д» витаминдері жетіспейді.Дегенмен,семіздіктен құтыламыз деп ауыздарына ботқадан басқаны алмайтын адамдар да табылады.

  Семіздік бала кезден басталады.Сол  себептен балаңызды дастар-қаннан  уағында тұрып кетуге үйретіңіз,бір  жапырақ нан мен бір тал  тәттіні артық жеуге үйретпеңіз.Семіздік  қандай себептен пайда болса  да,оған қарсы күресу үшін тамақтың  калориясын азайту керек.Соның нәтижесінде организмде энергия тапшылығы пайда болады да денеге жиналған артық май жана бастайды.Осыдан бастап адам арықтайды.Қарынның қатты ашуы адамды қуанышты көңіл күйге бөлей қоймайды,сол себептен тамақты аз-аздан аштықты басу үшін ғана күніне бірнеше рет ішкен жөн.Тамақты бөліп-бөліп жиі ішкен адамның қарны ашпайды,оның үстіне аз-аздап ішкен жағдайда ас қорыту органдарының қызметіне де қосымша энергия жұмсалады,бұл қосымша жұмыстан да адамның салмағы азаяды.

  Айына 1-1,5 кг салмақ жоғалтсаңыз,әбден дұрыс болады.Көздеген мақсатқа жеткен жақсы,бірақ асықпаңыз.Қозғалыс қимыл аз қазіргі кезде мүмкін болған жерде қимылдай беріңіз.Бұлшық етттеріңізге күш түсірудің басқа да ондаған жолдарын іздестіріп табуға тырысыңыз.Пәтеріңізден шыға салып лифтіге мінбеңіз,көп жүруге тырысыңыз.

  Бала кезде негізгі қаланған тамақтану әдеті өмір бойы сақталатынын ескере отырып,семіздіктің профилактикасын,сақтық жұмыстарын,тиімді тамақтану тәсілін сәбилік шақтан,мектеп қабырғасында үйрету қажет.Сонымен бірге денсаулықтың тамақ ішудегі қанағатшылдық пен белсенді қимылдың арасында да үзілмейтін үйлесім мен байланыс барын есте ұстанған жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар мен жас өспірімдерге қажетті белоктардың,майлардың,

көмірсулардың физиологиялық мөлшері(күніне грамм есебімен)

6-кесте бойынша.

 

Жасы, жылмен есептегенде

       Белоктар

  Майлар

 

Көмір-сулар.

Барлығы

Олардың ішінде малдардың белоктары.

Барлығы

Олардың ішінде өсімдік майлары.

7-10

80

48

80

25

324

11-13

96

58

96

18

382

14-17

         

Жас өспірім ер балалар.

 

106

 

64

 

106

 

20

 

422

Жас өспірім қыз балалар.

 

93

 

56

 

93

 

20

 

376


 

 


 



Информация о работе Денсаулық пен ауру туралы түсінік