Денсаулық пен ауру туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 13:21, реферат

Краткое описание

Адам денсаулығы оның негізгі байлығы,сонымен бірге әрбір жеке адамның денсаулығы адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады.Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі жалпы мемлекеттің,қоғамның ,әрбір азаматтың негізгі борышы.Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселерге баса назар аударып,халықтың денсаулығын жақсарту мәселелерін шешу үшін белгілі бір шаралар қолдану керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Гипокинезия-салдарынан-ағзаның-функциональдық-жағдайының-өзгеруі.doc

— 284.50 Кб (Скачать документ)

Тепе-теңдіктің бұзылуына екі түрлі себеп бар.Ол-тамақсаулық және аз қимылдау,жалқаулық.Темекі тарту,арақ ішу,тұқым қуалаушылық

есірткіге әуестілік,инфекцилық аурулар семіздікке ұрындырады.

  Екіқабат әйел немесе емшекте  баласы бар ана мешкейлікке  салынса семіріп кетеді де,ол бұл ауруынан айыға алмайтын болады.Сөйтіп денсаулығын бұзады.Бұл есте ұстайтын жай.

  Май басу немесе семіздік  азғын,орташа және семіз деп  үшке бөлінеді.Азғын немесе қағылез  адамның жауырыны,білезік бөлігі,балтыр  сүйектері мен табан сүйектерінің бедері тері астынан айқын білініп тұрады.Орташа май басқанда сүйектердің бедері онша білінбейді.Семіз немесе май басқан адамда денесі жұмырланып,мықын бөлігіндегі,санның жоғарғы бөлігіндегі және балтыр бөлігіндегі май қабаты қалың болады.Дене шынықтырумен шұғылданатындарға қарағанда шұғылданбайтындардың терісінің астында май көп болады.

 Қазіргі медицинаның дәлелдеуі  бойынша,семіздік денсаулықты құртады,адам  өмірін қысқартады.Статистикалық  мәліметтерге жүгінсек,адамдардың  орташа жасын 7-10 жылға кемітеді екен.салмағы өте жоғары адамдар,салмағы қалыпты адамдармен салыстырғанда 2 есе көп өлітіні белгілі.Әсіресе,семіздік қан қысымының жоғарлауына үлкен ықпал жасайды.

 Семіздік тек қимыл-қозғалыстың  кемдігінен пайда болады деу  қате пікір.Оған әсер ететін жайттар өте көп.Ол адамның тамақтану мәдениетін білмеуі,яғни біріңғай тамақтың түрлерін қолданудан да болады.Мәселен,өте майлы тағамдарды,сұйық заттарды көп қол-дану,сол сияқты витаминдердің жетіспеуі,зат алмасуының бұзылуы,денеде тұздың көбейіп кетуі айтарлықтай физиологиялық өзгерістер туғызады.

 Осыған қоса ішкі секреция  бездері қызметі кенет төмендеуі  де үлкен әсер етеді.Негізінде  семіздлікті сыртқы және ішкі  себептерге байланысты екі түрге  бөледі.Сыртқы себептерге мешкейлік,аз  қимылдау,бала кезде тәттіге әуестену,ал ішкі себептерге ішкі секреция бездерінің бұзылуы,зат алмасуының нашарлауы жатады.

 Семіздік қандай себептен пайда болса да ол денсаулыққа өте зиян.Өйткені артық салмақ жүрек,өкпе,қан-тамырлары,асқазан,ішек

қарын,буындарға үлкен күш түсіреді.Сондықтан семіздікке шалдыққан адамдарда сан алуан белгілер байқалады.Оладың ауырмайтын жері жоқ.,соған орай емделмейтін әдістері де болмайды.Әйтсе де оның бәрі ретімен берілген жаттығуға жетпейді.

 Қимыл-қозғалыстың тапшылығы  тек ересек адамдар арасында кездеспей,жасөспірім,балалар арасында да байқалуда.Өскелең организмге сыртқы күштің әр түрлі жағымсыз әсерінен омыртқа жотасы,аяқ,табан құрылысы,пішіні өзгеріп кетеді.Олар іштен туа және жүре пайда болған деп екіге бөлінеді.Аурудың жүре пайда болуы, улануға,жаралануға,зат алмасудың бұзылуына,денеге инфекция енуіне,сол сияқты тұлға,қаңқа сүйектің қисаюы гипокинезияға тікелей байланысты.

 Адам қалай семіреді?Адам  энергиялық құндылығы өте жоғары болғанда,өзі жұмсай алатын деңгейден көп мөлшерде тамақ ішкен кезде,басы артық қоректік заттардың бір бөлігінен (ең алдымен майлар мен көмірсулар) адам организмі қор жинауға мәжбүр болады.Бұл артық шамадан калориялығы өте жоғары  майға айналады.Осының салдарынан келіп тері астына көп мөлшерде май жиналады.

 Семіріп кету зат алмасудың тұқым қуалау-дене бітімі ерекшелік-терінің,жыныс және жас өзгешеліктерінің,май алмасуды реттейтін нейро-гормондық орталықтардың зақымдануының салдарынан болуы мүмкін.Семіріп кетуге сондай-ақ орталық нерв жүйесінің, эндокриндік органдардың,ең алдымен гипофиздің,бүйрек үсті,қал-қан және ұйқы бездерінің бұзылуы да себепші болады.Кейде жүйкенің қатты шайқалуының немесе дененің бір жері зақымдануының өзінен-ақ май алмасуының бұзылуы,дұрыс тамақтанса да,оргнаизмде май қорының тым көп жинала бастауы мүмкін.Семірудің мұндай түрін патологиялық семіру деп атайды.

 Семірудің зардаптары қандай?Медициналық  статистика семірудің медицина  көмектесе алатын алғашқы сатысында  салмағым артып барады деп  дәрігерге ешкімнің келе қоймайтынын  көрсетеді.Ал семірудің екінші қатардағы зардаптары,соның ішінде жалпы ауру-сырқау,жүрек тұсының шаншуы,бас ауруы,демікпе,дәреттің бұзыл-уы,аяқтың ісінуі,мазалаған кезде жұрт дәрігерге көрінеді.Кейде уақытын өткізіп алған адамдар,медицинаның бұл қауіпті ауруды емдеуге шамасы келмейтін,тек кейбір зардаптарын жеңілдетуге ғана болатын кезде бір-ақ көрінеді.Адам қай жаста болса да (әсіресе жас кезде) семіру-өте қауіпті және күрделі ауру екенін түсіну керек.

 Семірген кезде организмнің  көптеген мүшелері мен жүйелері  зақымданады,бірақ бәрінен жиі және бәрінен бұрын зақымданатын-жүрек-қан тамыр жүйесі.Медициналық зерттеулер семіздіктен ауырғандардың 80%-ын жүрек-қан тамыр жүйесінің теріс өзгеріс-тері болғаны,ең алдымен артериялық қысымы артқанын анықтаған.Мұның бір себебі-организмде май жиналған кезде қан ағысының қиындауы.Семірген кезде жүректі май басып,оның механикалық жұмысын нашарлатады.Семіру атеросклероздың асқынуына себепші болады.Өйткені май мөлшерінің артуы жүрек пен қан тамырларына көп күш түсіреді.Семіру дәрежесі артқан сайын атеросклерозбен ауыру жиілігі арта береді.

 Семіздік өкпе жағдайына  да теріс әсер етеді.Майдың  өзі-ақ тыныс алуға механикалық  кедергі жасайды,бұған қоса өкпемен  байланысты қан тамырларын май  қысып тастайды да,бұдан өкпенің  ауа өтіп,тазартылып тұруы нашарлайды.Осының бәрі семіздіктен ауыратын адамдардың пневмониямен бірнеше есе жиі ауыруына әкеліп соғады.

 Семіздік екінің бірінде созылмалы гастритке,созылмалы холецис-титке,диабетке,бүйрек ауруына ұласады.Семіздік адамның нерв жүйесіне де зардабын тигізеді,мұның өзі ұйқы бұзылуынан,тәбеттің артуынан,шөлдей беруден,вегетациялық зақымданудан басталады.

 Ер адамдарда потенцияның  бұзылуы өте жиі болады,әйелдерде  менструациялық циклдің бұзылуы  байқалады.Семірген кезде эндо-криндік  жүйе (гипофиз,бүйрек үсті безі,қалқан және жыныс бездері) су-тұз алмасуы жиі бұзылады.

 Мұның бәрі семіздікпен бірге  келетін аурулардың қысқаша тізбегі  ғана.Әдетте ауру жалғыз келмейді,алуан  түрлі ауру араласып,бір-нешеуі  бірге келеді.Тіпті семіруге байланысты  емес аурулармен (жұқпалы аурулармен) ауырған жағдайда да олар семіз адамдарда анағұрлым ауыр болып,асқынып кетеді.

 Семіздікке  қарсы қалай күресуге  болады?Семірудің бүкіл орган-измнің  ауруы екенін,ондайда көптеген  мүшелер мен жүйелер зақымданатын,мұның  өзі емделуден гөрі алдын ала  сақтану анағұрлым оңай болатын ауру екені белгілі.

 Бұл үшін өз салмағыңды  үнемі қадағалап отыру керек.Егер  салмақ 3-4 кг асып түссе, тиісінше  шаралар қолдану керек.Ол үшін  тиімді тамақтанған жағдайда  тамақтың энергиялық құндылығы  мен жұмсалатын энергия шамамен бірдей болуға тиіс.Салмақ артқан жағдайда тамқтың калориялылығын азайтып,энергия жұмсауды арттыру қажет.

 Тамақтың калориялылығын майлар  мен көмірсулар есебінен кеміткен  жөн.Белоктар-тамақтың алмастыруға  болмайтын компо-ненті,сондықтан  оларды азайтуға болмайды.Ең дұрысы-күнделікті тамақта тәттінің және майдың мөлшерін шектеу,нанды,ботқа,кар-топ,тұзды тағамдарды көп пайдаланбау керек.Әсіресе тұз организм-де судың жинақталуына себепші ьолады.

 Семіруге бейім адамдардың  әдетте тәбеті күшті болады.Бұл  тәбетті тежеу керек.Оның ең қарапайым әдісі-тамақты бөліп-бөліп ішу.Таң

ертеңгі астан немесе түстіктен кейін 2-3 сағат өткен соң бір алма жеген немесе бір стакан сүт,айран,қантсыз шай ішкен абзал.

 Тамақтанудың сипатын және  режимін өзгертумен қатар бұлшық  ет энергиясының жұмсалуын да арттыру керек.Күнде таңертең радио мен телевизия арқылы берілітін дене шынықтыру серігуге жақсы және оның психологиялық сипаты мол.Онда күшке түсетіндей ештеңе жоқ,бұл әбден түсінікті де,өйткені ол іс жүзінде денсаулық жағдайына қармастан жұрттың бәріне (жастарға да,қарттарға да)арналған жаттығулар болып есептеледі.

 Салмақты азайту үшін емдік  дене шынықтыру керек.Дәрігермен  ақылдасқаннан кейін жаттығулардың  көбін күш түсіріп жасаған  жөн,яғни секіретін болсаң гантельмен  секіру,қолды құлаштай жазатын болсаң,эспандермен,иіліп-бүгілетін болсаң гирмен қимыл жасау  қажет-ақ.

 

                               1,3Гипокинезияның тыныс алу жүйесіне әсері.

  Гипокинезия аз ғана нервтік  ширығумен бірлесе,дене  жүктеме-лерін  атқару кезінде аэробты және анаэробті алмасу процесін нашарлатып,өкпе желдеткішінің үнемділігін және жоғары қуатты дене жұмысының қабілетін төмендетеді.Гиподинамиялы және нервтік-эмоциональдік еңбек адамдарына,дене жүктемелерін атқарғанда өкпенің гипержелденуі,ширығудың гипертониялығы PWC 170 төмендігі,ауа қапшығындағы(альвеола) желдену тиімділігі және салыстырмалы гипоксемияның кемуі тән,және осы көрсеткіштер патологиялық жағдайдың басталуы болып саналады.Дене еңбегімен жақсы шұғылданып жұмысшылар үшін,жұмысты орындау кезіндегі жоғарғы тыныс үнемділігі мен қан айналымы байқалатын жағдай сипаты,PWC 170 жақсы маңыздылығы тән болып келеді.

  Тыныс алу жүйесінің жұмысын  зерттеудің спорттық медицинада  үлкен маңызы зор.Адамның жұмыс  істеу қабілетін оттегіні қанға  сіңіріп ткандар мен органдарға жеткізілетін көлемін анықтау арқылы біледі.Олар бір-бірімен тығыз байланысты және бірінің жеткізіксіздігін екіншісі толықтырып отырады.Мысалы жүректің жеткіліксіздігіне байланысты демікпе пайда болады,ауаның құрамында оттегінің аздығына байланысты эритоциттердің мөлшері ұлғаяды.,өкпенің ауруына байланысты жүректің соғысы жылдамдайды.Тыныс жүйесіне өкпелер,жоғарғы тыныс жолдары мен бронхылар,кеуде қуысы мен тыныс бұлшық еттері жатады.Тыныс жүйесінің жұмысының нашарлауына байланысты кеуде бұлшық еттінің жұмысы күшейеді.Тыныс жүйесінің қызметін екі кезеңге бөлуге болады.

  Бірінші кезеңде сыртқы ауа  мен альвеолдар арасындағы ауаның  алмасуы.Бұл кезең ауаның қозғалу  арқылы іске асады.Тыныс алғанда  оттегімен бай ауа өкпеге еніп,дем  шығарған кезде көмірте-гіге бай ауа сыртқа шығарылады.

  Екінші кезеңде альвеолдар  мен капиллярлар арасындағы газ  алмасу жұмысы жүреді.Бұл кезең  диффузия арқылы іске асады.Диффузияняң жүруі қан мен альвеолдағы оттегі мен көміртегінің қысымына тікелей байланысты.Тыныс жүйесінің жұмысын жалпы клиникаық және медициналық аспаптардың көмегімен тексеру арқылы бағаланады.Өкпесі таза адамды ғана терең зерттеуге және спортпен айналысуға даярлығын анықтауға болады.Тыныс жүйесін тексергенде өкпенің жұмысына және оның желдену көлеміне,тыныс алуды қамтамсыз ететін бұлшық еттердің жұмысына көңіл бөледі.Жүйелі түрде спортпен айналысқан кезде кеуденің дем алыс қозғалыстарын қамтамасыз ететін бұлшық еттердің күші ұлғаяды.Соған байланысты кеуденің тыныс алу қозғалыстары жылдамдайды да өкпенің желденуі күшейеді.Тыныс бұлшық еттерінің қуатын пневмотонометрия мен пневмотахомет-рия мен өлшенеді.Пневмотонометрия өкпедегі тыныс алғаннан кейінгі қысымды немесе өте терең дем алған кездегі қысымды өлшейді.Пневмотахометрмен тыныс жолымен жүретін ауаның көлемі мен жылдамдығын анықтайды.Ол л/минут деген өлшеммен есептелінеді.

  Пневмотахометрияның көрсеткіштермен  дем алу мен дем шығару күшін  анықтайды.Денсаулығы таза бірақ  шынықпаған адамның дем алу  дем шығару күшінің ара салмағы  бірге өте жақын.ауру адамдардың осы көрсеткіші бірден төмен.Ал спортшыларда дем алу дем шығару күші анағұрлым жоғары ,сондықтан екі көрсеткіштің ара салмағы 1,2-1,4 деген дәрежені көрсетеді.Дем алудың салыстырмалы көрсеткішінің өсуінің маңызы үлкен.Себебі дем алудың тереңдігі тыныс алудың қосымша көлемі арқылы жүреді.Осындай жағдайда,әсіресе жүзу спортында айқын көруге болады.Жүзуші спортшыларда дем алыс өте қысқа да,дем шығару су астында және ұзағырақ жүреді.Өкпенің өмірлік көлемі-өкпенің жалпы көлемінің бір бөлігіне тең.

 Тыныс жолдары мен өкпе аурулары балалар мен жасөспірімдер арасында жиі кездеседі.Ал туберкулез сияқты қауіпті ауру үлкен адамдарға да тән.Кездесетін індеттер:өңештің қабынуы,бронхит,өк-пенің қабынуы,плевроның қабынуы,демікпе,туберкулез.

 Осы аурудың пайда болуына  әсер ететін жайлар көп-ақ,соның ішінде сырттан түсетін микробтар,түтін,шаң-тозаң,улы газдар,құн-арсыз тамақ,өндірістегі зиянды қалдықтар,суыққа шалдығу,орган-измнің әлсіреуі үлкен зиян келтіреді.

 Аталған ауруларға тән белгілер  бар.Ол:жөтел,ентігу,қақырық түсу,ыстығы көтерілу,әлсіздік пайда болу сияқты белгілер.Уақыт-ында емделмей асқындырып алса,аурудың қандай түрі болсын дем жетіспейтін жағдайға ұшырайды.Ал оның өзі денеде оттегінің тапшылығына,көмірқышқыл газының көбеюіне әкеп соғады.Тек газ айналымы емес,зат алмасуы да бұзылып,кеуденің қозғалыссыз кеміп,өкпе серпімділігінен айырылып,үлкен зиян шегеді.

 Пневмония-өкпенің қабынуы.Денеге микроб,вирус түскенде болады.Індет жедел созылмалы түрде өтеді.Олардың әрқайсысы өзінше әсер етеді.Бұлардың барлығында білінетін белгілер жоғарғыда айтқандай жөтел,ентікпе,ыстық көтеріліп,жүрек-тамыр қызметі нашарлайды.

 Ауру адамның ыстығы түсіп,жағдайы  дұрысталған соң 2 күннен кейін  емдік жаттығу басталады.Гигеналық  және емдік жаттығу өкпенің  дем алуын жеңілдетіп,өкпеге дәнекер ұлпа (тыртық) жабысып қалмас үшін қолданады.Науқас төсекте жатқанда тыныс алуды қадағалайтын жаттығулар беріледі.Содан соң ауырған өкпе жағына аунатып тыныс алғызады.

 Өкпе бронха қабынған кезде,спортпен  тек 2-4 аптадан соң айналысқан  жөн.Тыныс жолдарын,өкпені шынықтыру үшін таза ауада көп болу керек.

 Плеврит-Көкіректің ішкі бетін,өкпенің сыртын астарлап тұратын сірі қабықтың қабынуы.Бұл пневмония сияқты аурудың асқынған кезінде кездеседі.Сырқаттанған адамның көкірегіне шаншу қадалып,ентігіп,жөтеліп,әлсірейді.Плеврит құрғақ және экссудатты болып (жиылған сұйық зат)екіге бөлінеді.Қандай түрі болса да екі қабықтың арасы жабысып бітіп қалмас үшін емдік жаттығу беріледі.Жұқа плевра қабығы қабынған соң бергіш болып бітіп қалады,соны тарату үшін етпеттеп,шалқадан жатып,отырып,түргеп тұрып жан-жаққа иіліп,бұрылып әр түрлі жаттығулар жасайды.

Информация о работе Денсаулық пен ауру туралы түсінік