Денсаулық пен ауру туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 13:21, реферат

Краткое описание

Адам денсаулығы оның негізгі байлығы,сонымен бірге әрбір жеке адамның денсаулығы адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады.Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі жалпы мемлекеттің,қоғамның ,әрбір азаматтың негізгі борышы.Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселерге баса назар аударып,халықтың денсаулығын жақсарту мәселелерін шешу үшін белгілі бір шаралар қолдану керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Гипокинезия-салдарынан-ағзаның-функциональдық-жағдайының-өзгеруі.doc

— 284.50 Кб (Скачать документ)

 Қимыл-қозғалыс кемшілігінің  жоғарыда көрсеткендей,денеге әсер  етпейтін жері жоқ..Аз қозғалыстың салдарынан жоғарғы реттеуші орталық,ішкі ағзалар,шеткері орналасқан қан тамырлары,сүйек буындары көптеген өзгеріске ұшырайды.Адамның жұмысқа деген қабілеті төмендеп,өзін қоршаған ортаға бейімделу қасиеті кеміп, «тіршілік жүйесі»әлеуметтік және биологиялық құбылыстарға төт-еп бере алмай қалады.

  Гиподинамия (қимылдың кемдігі) ең алдымен ми қыртысын зақымдайды.Оның  себебі,әрбір қимыл-қозғалыстан  бастап,өте күр-делі гимнастикалық  жаттығуларға дейін,барлығы тек  жоғары реттеуші орталықтың бақылаумен  ғана орындалады.Сондықтан ми және бұлшық еттер,буындардың қимыл-қозғалысы бір-бірімен тығыз байланыста.

 Орталық нерв жүйесінен түскен  бұйрық арқылы қатты екпінді  қозғауға,не ақырын қимылдауға  болады.Ал қозғалысқа түскен бұлшық  ет керісінше миға қарай нерв  талшықтары арқылы орындалған жұмыстың қорытындысын жібергендей хабар береді.

  Сонымен жоғары нерв жүйесі  бір жағынан бұлшық ет,буындары-ның,ішкі  ағзалардың қызметін қадағаласа (қан айналым,өкпе,жүр-ек,бауыр,ішкі  секреция бездерінің жұмыстарын)екінші  жағынан,өзі осы мүшелердің толық ықпалында болады.

 Денсаулықтың кепілі,адамның  еңбекке деген қабілеті,қандай  жаста болса да,дамылсыз соғып  тұрған жүрекке байланысты.Барлық қимыл-қозғалыс денеде өтіп жатқан мыңдаған құбылыстар тек сау жүректің арқасы.Жүрек бұлшық еті ретпен жиырылып-жазылып,қанды қолқа тамырға итеріп шығарады,ол ары қарай тарамдалып,кішкене тамыршалар арқалы бүкіл денені жуып шығады.

 Сол арқылы денедегі әрбір жасуша,ең шеткері орналасқан жүйелер,оттегі,су,тұз қажетті заттармен қамтамасыз етіледі.Содан соң бұлшық ет босаңсыған шақта,керісінше көк тамыр арқылы көмірқышқылына және тағы басқа заттарға толы қан қайтадан жүрекке келеді.

 Қимылдың тапшылығы жүректің осылай өз ретімен жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.Жүрек бұлшық етттерінің жиырылу күші кеміп,денеге тарайтын қанның мөлшері төмендеп,қажетті қоректік заттарға тапшы болып қалады.Қимыл-қозғалысты аз мөлшерде қысқартқанның өзінде денеде айтарлықтай өзгерістер туады.Мәсе-лен,бұлшық еттің солуы,жүрек жиырылу күшінің кемуі,ішкі ағзалар қызметінің нашарлауы сияқты құбылыстар байқалады.

 Қимылдың тапшылығынан басқа  да толып жатқан сырқаттарды  аңғаруға болады.Олар қазіргі  кезде жиі кездесіп жүрген  ғасыр ауруы деп аталатын остеохондроз.Ол  омыртқа аралық шеміршектің мүжіліп  тозуы,жұқаруы.Омыртқа аралық шеміршектің тозуына не себеп?Әлеуметтік тұрғыдан қарағанда,қазіргі адамдардың тұрмыс-тіршілігінде айтарлықтай өзгерістер байқалады.Оларды шаршата-тын ерте ғасырлардағы сияқты қимыл-қозғалысты артырып,күшпен атқарылытын дене еңбегі емес,ой еңбегі.Соның нәтижесінде денедегі ең көп ауырлық арқа және желке бұлшық еттерне түседі.

 Үнемі қозғалмай бірқалыпты  сіресіп отырғаннан аталған бұлшық  еттер әлсіреп,зорланады.Бірте-бірте  олар өзінің серпінділігінен  айырылады.Сөйтіп,қысып ұстап тұрған  омыртқалар негізгі күштен айырылып,бар салмақты өзіне алады.Одан әрі адам еш әрекет жасамай,сол отырған қалпын өзгертпесе,ауырлық омыртқалар аралық шеміршекке түседі.Сөйтіп,олар біртіндеп ыдырай бастайды да жыртылады.Сол кезде омыртқалар бір-біріне тиіп қажылып,со-ның салдарынан омыртқаның қалыпты қимылы өзгеріске ұшырайды.

 Кейде сол омыртқа  аралық  шеміршек сыртқа теуіп шығып  кетеді.Мұның өзі жұлыннан шыққан  нерв талшықтарын мыжып,қан тамырларын  зақымдап,адам зардап шегеді.Ал  омыртқалардың өз орнынан ауысып  кетуі кейде жұлынға тікелей әсер етеді.Жұлынан шыққан нерв талшықтарының түбі жаншылған соң,айналасы бірден ісініп-қабынып кетеді.Қан айналымы тоқтап,жүйке-тамырлар жарақаттана бастайды.Ал осы бүлінген жерде омыртқалар өзінің серпінділік немесе амортизациялық қасиетін сақтау үшін,олардың тіреу міндетіне күш түседі.Соның салдарынан омыртқалардың жан-жағынан үшкір сүйектер өсіп шығады.Оның өзін омыртқалардың қиындыққа көндігуінен туған жағымды компенсаторлық (орын толтыру)қасиет деп түсінуге болады.

 Дегенмен ол үшкір сүйек (остеофиттер)омыртқалардың тұрақтылығын біршама қалыптастырғанмен,сыртқы тепкен шеміршек сияқты нерв талшықтары мен қан тамырларын ығыстырып тастайды.Содан барып аурудың әр түрлі белгілері байқалады.Омыртқа жотасының ішінде ең үлкен салмақ мойын және бел омыртқаларға түседі.

 Сонымен остеохондроз басқа  белгісіз себептермен бірге омыртқа  жотасын қысып ұстап тұрған  бұлшық еттің әлсіреуінен пайда  болады.Оған жұмысты біріңғай  отырып істеу,соның салдарынан  бұлшық еттің жетілмеуі,яғни қимыл-қозғалыстың  тапшылығы тікелей ықпал жасайды.Ал омыртқа аралық шеміршектің,буындар мен сіңір тарамыстардың өзгеруі тек осы бұлшық еттер әлсіреп,зақымданған соң біліне бастайды.

 Ең жиі кездесетін кемтарлық-омыртқа  жотасының қисаюы.Әдетте ол табиғи  төрт физиолгиялық иіндерден  тұрады.Оның екеуі-мойын мен бел тұстарының алға қарай ойысуы (лордоз)қалған екеуі-кеуде мен құйымшақ жотасының сыртқа тебуі (кифроз).Омыртқа жотасы 7 мойын,12 арқа,5 бел,5сегікөз,5құйымшақ омыртқаларынан тұрады.Осылардың ішінде қозғалмай бір-бірімен тығыз байланысып қалған сегізкөз бен құйымшақ,ал басқалары үнемі қозғалыс үстінде.

 Жоғарыда айтылған ойыс пен  дөңестің және омыртқа аралық  шеміршектің нәтижесінде,омыртқа  жотасының тепе-теңдік және серпінділік  қасиеті сақталады.Омыртқа жотасы  адамның тірегі,ол қорғаныс,қимыл-қозғалыс үщін жартылған.Анығырақ айтқанда адамның иіліп бүгілуіне қажетті негізгі өзегі.Дененің жоғарғы бөлігі бас,иық,қол, кеуде мен іш құрылысының салмағын төменгі бөлікке өткізіп тұрады.Сондықтан ол дененің әр бөлігінде әр түрлі қалыпта болады.Ал оның қорғаныс қызметі-өзегінің ішіндегі жұлынды сыртқы ортадан сақтауында.Өзінің майысқақ икемділік қасиеті арқылы омыртқа,өмір үшін соқтығу мен қақтығысудан сақтайды.

 Омыртқа жотасының ретті  қызмет етуіне оны қоршаған  бұлшық ет үлкен әсер етеді.Оқыста қимыл біріңғай болып бір жағынан көп күш түссе,онда сол жақтағы бұлшық еттер қажып босаңсиды.Соның әсерінен жоғарыда көрсетілген кифоз және лордоз иірімдері өзгеріп кетеді.Омыртқа жотасын екі жаққа тартып тұрған бұлшық еттердің күші бірдей болмаған соң,бір жағына қисайып кетеді.Міне баланың кемтар болуы осыдан.Ата-ана оның алғашқы өзгерісін аңғармайды.Сөйтіп,баланың тұлғасындағы кінәратты есейе келе бір-ақ байқайды.

 Табан бұлшық етінің жетілмеуінен  балаларда қазтабан ауруы да  жиі кездеседі.Оның да адамға тигізер зияны айтарлықтай.

 Сонымен гиподинамия салдарынан  көп ауруларға шалдығатыны-мыз  белгілі болды.Әрине оған ықпал  жасайтын да адамның өзі.Көбіне  бірқалыпты отырып қызмет ету,әсіресе,толық  адамдар-дың буындарға еш қимыл түсірмей,қозғалыссыз отыруы жүрекке айтарлықтай күш түсіреді.Ал қимыл-қозғалыс тапшы болса,орган-измде тұрып қалған зиянды заттар да сыртқа шықпай,жасушаларды жалпы адамды тез қартайтады.

                            

1.2 Семіздіктің этиология мен патогенезі және жіктелуі клиникалық көріністері.              

 Семіздік дегеніміз-тері асты шеліне және басқа да организмдегі тіндерде майдың жиналуының нәтижесінде ден салмағының 20%-ке,немесе одан да көп артуын айтамыз.Экономикасы жақсы дамыған елдерде халықтың 20-30%-ы семіздікпен ауырады,сондық-тан бұл тек медициналық  қана емес,әлеуметтік маңызы бар ауру түрі.

 Ғалымдар адамның іс жүзінде  салмағы оның қалыпты салмағының 15%-дан асып кеткендегі жағдайын  семіру деп есептеген.

 Этиология мен патогенезі.Адам қолданатын тағамның калория мөлшері организмнің энергетикалық жұмсауларынан артылған шақта,семіздік дамиды.Оның жиі кездесетін себептердің бірі-дұрыс тамақтанбау (шамадан тыс тамақ қабылдау,негізгі тағам көлемін кешкі сағаттарда қабылдау) және физикалық жүктеменің азаюы.Тұқым қуалай отырып,семіздікке бейімділік беріледі.Зерт-теулер жүргізі отырып,анықталған себептер:егер ата-анасы арықтау болса,баласында 14%жағдайда;ал анасы мен әкесі де артық салмақты болғанда-80%жағдайда осы ауру дамиды.

 Семіздіктің барлық түрінде май алмасуын реттейтін орталық механизмдер бұзылады.Гипоталамуста қанығу орталығы (вентромедиалды ядро)және тәбет орталығы орналасқан,олар тамақ қабылдауды өздігінен реттеп тұрады.Гипоталамустың қабынулық немесе жарақаттанулық зақымдануы осы орталықтарды қоздырады,

тәбетті ұлғайтады,ол гипоталамустық семіздікке әкеліп соқтырады.

Жіктелуі Семіздікті біріншілік деп бөлеміз,оған алиментарлық-конституционалдық семіздік жатады,бұл көбіне отбасылық көрініс.Семіздіктің екіншілік түріне гипоталамустық және эндокриндік семіздік жатады.Дене массасының артық мөлшеріне байлаысты семіздіктің 4 сатысын ажыратады.I сатысында-артық салмақ қалыптағыдан 20-29% артық ,II сатысында-30-49%,III сатысында-50-99%,IV сатысында-100% және одан да көп.Дененің дұрыс салмағын білу үшін арнайы кестелер қолданады немесе дене салмағының әріпсанын есептейді,ол үшін дененің салмағын(кг)бой-дың ұзындығына(м) бөліп,квадратын шығарады,қалыпты жағдайда ол 20,0-24,9 тең.

Клиникалық көріністер.Семіздіктің түріне байланысты,алинмен-тарлық дене бітімдік семіздіктің I-II сатысы кезінде науқастың шағымдары болмауы мүмкін.Ал III-IV сатысында физикалық күш түскенде ентігу,тез шаршау,жүрек соғу,жүрек тұсының ауыруымен

Аяқтардың ісінуі т.б шағымдар пайда болады.

 Семіздіктің екіншілік түрлерінде  негізгі аурулардың шағымдары-ның басым болуы мүмкін.Гипоталамустық семіздік-гипоталамус аймағының зақымдануынан пайда болады.Семіздіктің бұл түрінің сипаттамасына дене салмағынның тез артуы асқа тәбеттің қатты артуы,бас миының зақымдануын көрсететін неврологиялық симтомдардың пайда болуы жатады,оған кейде ұйқышылдық және жыныс бездерінің қызметтінің бұзылуы қосылады.Семіздіктің бұл түріне адипозо-гениталды семіздік,Морганьи синдромы жатады.

  Эндокриндік семіздік басқа эндокриндік ауруларға серіктес болып келеді (гипотиреоз,климакс,бүйрек үсті бездерінің аурулары).Нау-қастарды қарап тексергенде,құрсақ пен санның ішкі жағындағы терісінде күңгірт қызыл түсті сызықшаларды байқауға болады.Семіз адамның іш пердесі жоғары орналасқандықтан,брон-хиттер мен пневмониялармен жиі ауырады.Өкпенің гиповентиля-циясы,бас миының гипоксиясы дамып,ол тыныс ырғағының ретсізденуімен және патологиялық ұйқышылдықпен көрінуі мүмкін (Пиквик синдромы).Семіз науқастардың артериялық қан қысымы жоғарлауға бейім.Қыжылдау,іштің кебуі сияқты шағымдары болады.Дене салмағы артық адамдарда шап және кіндік тұсында жарықтар жиі кездеседі.Әйел адамдардың етек кірі бұзылады,ер адамдардың жыныстық жігерлігі төмендеп,сүт бездері ұлғаяды.Семіз адамдарда қан қысымының көтерілуі 3-4 рет,жүрек ишемия ауруы 1,5-2 рет,веналардың варкиозы 2-3 рет,өт тас ауруы-6 рет жиілікпен кездеседі.20-25% науқастарда қантты диабет дамиды.

  Дененің майлылығын қалыпты,арық ,семіз деп үшке бөлеміз.Дене-нің семіздігін кіндіктің және жауырынның төменгі жағындағы тері асты май қабаттарының қалыңдығын өлшеу арқылы анықтайды.Қолдың үлкен және сұқ саусақтармен терінің және тері асты майының 5 см көлемі жиырылады.Арық адамның терісі мен тері асты майының аздығынан саусақтардың ұштары бірін-бірі оңай сезеді,саусақтың астында бұлшық еттің және сүйектердің қырлары анық байқалады.Адамның толықтығы қалыпты болғанда теріні саусақтарға жинау қиынға түспейді,саусақтар бірін-бірі сезінеді.Бұлшық еттер мен сүйектердің қырлары анық көрінбейді.Семіз адамның терісін саусақтардың арасына жинау қивнға соғады.Сүйектер мен бұлшық еттердің қырларын ұстау өте қиын.Тірек-қимыл аппаратын зерттеу барысында сұрастыру арқылы буындардағы зақымды,қозғалыстың нашарлығын немесе керісінше қозғалмалығын,оның шықпалы болып қалғандығы сияқты белгілерін анықтайды.Осыдан кейін әрбір буынның қозғалу көлемін тексереді.Оны арнайы циркульмен-гониометрмен өлшейді.

Сырттай бағалау арқылы дененің нормостениялық гипо және гиперстениялық түрлерін белгілейді.

  Сонымен біз артық салмақ өзімізге көрік бермейтін аса қатерлі жүрек ауруларының,гипертонияның,қант диабетінің,қатерлі ісік ауруларының қуатты қоздырушысы екенін білеміз.Дүние жүзінде қезіргі кезде сауығу қозғалысы кең етек алды,соның ішінде адамдар бұл күндерді артық салмақ пен семіруге қарсы күрес жүргізуде.Шетелдік сақтық компанияларының статистикалық мәліметтеріне қарағанда,салмақ нормадан 20% артып кетсе,инфаркт пен миға қан құйылудан өлу қаупі 15-20%,диабеттен мерт болу қаупі 2-2,5 есе артады екен.Салмақтары нормадан 40% асып,семіріп кеткен адамдар арасында жүрек-қан тамыры аурулармен қайтыс болу 40-60%,рактан 5-15% көбейетін болып шықты.Бір сөзбен айтқанда,қарнымызға көз салатын мезгіл жетті,қарнымыз нормадан асып қанша жуандаса,өмір-жасымыздың сонша қысқарғандығы.Семірудің негізінде дәмдірек бір нәрсе жеуге құштарлық ,қанағат дегенді ұмыту,мешкейлік жатыр.Сол мешкейлік салдарынан біздің көпшілігіміз тамақты қажетті мөлшерден әлденеше есе көп ішеміз,жуан адамдардың арық ашаң адамдардан 10-12 жыл бұрын өлетіні ойымызға да келмейді.Тамақ ішуге өзімізге еркіндік берген кезде бір жапырақ нанның бізге 5-6 километр жерге жаяу жүріп баруға жететін энергия беретінін есімізде ұстаған жөн.

  Тарихты да еске түсірген  жөн болар.Мысалы ертедегі Спарта  елінде жас жігіттер толып,семіре  бастаса қаладан қуылатын болған.Осындай  жазадан қорыққан спарталық еркектер  тамақты аз ішуге,толмауға,стандарттан аспауға мәжбүр болған.Ежелгі Рим мен Афинада да арық,күшті атлеттерді жоғары бағалаған.

 Біздің заманның тағы бір  қауіпті көрінісі-ол жастар арасында  семірушілердің көбейіп бара  жатқандығы.Қазіргі кезде семіздіктен  зардап шегетін еркектердің орта жасы 42,3-ке әйелдің орта жасы 38,5-ке тең.Еркектердің семіретін қатерлі кезеңдері 35-50 жастың арасы болса,әйелдердің семіретін кездері бұданда ерте болып отыр.Семірген кезде ғана емес,салмақ нормадан аздап асқан кезде дабыл қаққан,денсаулық үшін алаңдай бастаған абзал.

  Қалай болса да,мейлі,терминологияны  түсініп алайықшы.Егер салмағыңыз  нормадағы салмақтан 9% асса,онда  әңгіме семіздік жайында емес,артық  салмақ жөнінде.Ал салмағыңыз  мөлшерден 10% асса,онда семіргеніңіз.Семіздіктің өзін ауырлығы бойынша бірнеше дәрежеге бөледі.Семіздіктің бірінші дәрежесінде салмақ нормадан 10-20%,екіншісі 30-40%,үшіншісінде 50-99%,төртінші-сінде 100%,тіпті оданда ары асып кетуі мүмкін.

 Семірудің негізінде не жатыр? Сөз жоқ, энергетикалық дисбаланс.

Информация о работе Денсаулық пен ауру туралы түсінік