Денсаулық пен ауру туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 13:21, реферат

Краткое описание

Адам денсаулығы оның негізгі байлығы,сонымен бірге әрбір жеке адамның денсаулығы адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады.Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі жалпы мемлекеттің,қоғамның ,әрбір азаматтың негізгі борышы.Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселерге баса назар аударып,халықтың денсаулығын жақсарту мәселелерін шешу үшін белгілі бір шаралар қолдану керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Гипокинезия-салдарынан-ағзаның-функциональдық-жағдайының-өзгеруі.doc

— 284.50 Кб (Скачать документ)

 Жаттығулар қан-лимфа айналысын  жақсартып,дәнекерлі ұлпа қалыптасып  қалмауын,дұрыс дем алуын қамтамасыз  етеді.

 Демікпе-инфекциялы аллергиялық ауру.Оны қоздырушы микроб болса,аурудың өрбуіне ықпал жасайтын басқа көптеген факторлар.

 Адамды тұншықтырып,дем жеткізбей  қысады.Ол бронхы еттерінің кенет  тарылуынан болады.Оған себеп  болатын өзімізді қоршаған сан  алуан заттар.Қазіргі кезде адамның  жүйке тамыры тозғыш,өте сезімтал  болып кетті.Сондықтан түрлі ,дәрілер,жеміс-жидектер,шаң тозаң,темекі,қуырған майдың иісі толып жатқан заттар аллергендер болып кездеседі.Осындай заттарға қарсы дененің білдіретін тітіркенгіш әсерін-аллергия дейді.

 

                          1,4 Гипокинезияның жүрек- қан тамырына әсері.

 Жалпы жүрек –қан тамыр  ауруларының арта түсуіне өмірде  мейлінше кеңінен тараған зиянды  әдеттің бірі-қозғалыстың аздығы.Сонымен қозғалыстың аздығынан жүректің ишемиялық ауруларына душар ететін себептердің экзогендік,эндогендік,функ-циялық тұрғыдан алып қарағандағы қалыптасқан факторларының жиынтығы.Ең маңызды деп есептелінетін факторлары мыналар.

1.Әлеуметтік-тұрмыстық факторлар.Бұлардың  қатарына өмір сүрудің кейбір  сылбыр әрекетін,күнделікті тіршіліктің  түрлі жағдайларын,холестеринге темекі тарту,алкоголизмге салыну сияқты зиянды әдеттерді қосуға болады.

2.Ішкі факторлар.Адам организмінен  байқалатын биохимиялық көрсеткіштер  мен физиологиялық реттеуші механизмдердің  жұмысындағы өзгерістерді қамтиды.Мұндай  өзгерістердің пайда болуына бір жағынан экзогендік әсері(өмір сүру ерекшеліктері,дие-талық тағамдар),ал екінші жағынан генетикалық ерекшеліктер,яғни тұқым қуалаушылықтың бейім тұруы сияқты ерекшеліктер ықпал етеді.

  Ішкі факторларға сонымен  қатар гиперхолестеринемия,гипертри-глицеринемия,гиперлипопротеинемия түрлері,көміртегілерге қарсы төзімділіктің бұзылуы,шамадан тыс семіріп кету,артериялық гипер-тония,адамның белгілі психологиялық ерекшелігі сияқты басқа да толып жатқан факторларды қосуға болады.Жоғарғы калориялы тағамдар ішу,олардың құрамында майының мол болуы,дене еңбегімен аз айналысу,көңіл күйдің жиі-жиі бұзылуы сияқты жағдайлар гиперхолестеринемия сырқатының меңдей түсуіне соқтырады.

  Жүректің ишемиялық ауруларының  пайда болуына липопротеит-тердің(белок  аралас майлы заттар комплексі)өзара алмасуының бұзылуы да күшті әсер етеді.Соңғы кездегі ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне қарағанда,липидтер фракцияларының ұштаса өзгеріске ұшырауы да жүректің ишемиялық ауруларына алып барады.Организмдегі майлы заттардың алмасуын қамтамасыз етуде вегетациялық орталықтар(орталық нерв жүйесі)мен ішкі секреция бездері(қалқанша безі,жыныс безі,бүйрек безі,гифофиз(ми безі)және басқалары)маңызды рол атқарады.

  Миокард инфаркты,жоғарыда  атап көрсеткеніміздей,әдетте көп  жағдайда күтпеген жерден жедел кездескен психикалық соққыдан соң,ұзаққа созылған психикалық күйзелістен соң,сондай-ақ дене еңбегімен шамадан тыс қатты зорланғанда пайда болады.

  Көңіл күйдің жиі-жиі бұзылуынан  организм өзінің белгілі бір  жағдайларға бейімделу қабілетінен  айырлады да мұның өзі тиісті патологиялық өзгерістерге әкеп соғады.Жүректің ишемиялық аурулары ой еңбегімен шұғылданатын адамдарда,басшы қызметтегі адамдарда дене еңбегімен айналысатын адамдарға қарағанда едәуір жиі кездесетіні дәлелденген.Өйткені,олар ой еңбегімен айналысу кезінде,басшылық жасаудың терең толғанатын сәттерінде психика-лық сезім әсеріне көп беріледі.Алайда осыған байланысты көңіл күйдің күрт өзгеруі барлық жағдайда бірдей патологиялық салдарға ұшырауға жол бермейді.Бұл жерде әркімнің өзіндік дара ерекшеліктері де,сондай-ақ белгілі бір жағдайға бейімделіп кету қабілетіде үлкен роль атқаратынын айта кетудің артықтығы жоқ.

  Клиникалық морфологиялық және  эксперименттік зерттеулерге қарағанда,артериялық  гипертензия жүректің ишемиялық  аурулары-ның даму қатерін 3-6 есе арттыратыны белгілі болып отыр.Әсіресе жас адамдардың артериялық гипертензиясы ерекше күшті қатер туғызады,өйткені жүректің ишемиялық ауруларының асқынуына қатты ықпал етеді.

  Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар комитеті қан қысымының мынадай мөлшерін белгілеп берді.1\қалыпты артериялық қан қысымы-сынап бағанасының 140\90 миллиметрлік деңгейіне дейін,2\қауіпті аймақтағы артериялық қан қысымы-сынап бағанасының 140\90мм деңгейінен 159\94мм деңгейге дейін,жоғарғы артериялық қан қысымының-сынап бағанасының 160\95мм және оданда жоғары деңгейде екені анықталған.

  Жүректің ишемиялық ауруының  асқынуына негізгі себеп болатын  нәрсе-жүректің артериялық қан  тамырларының қабынып ісуі салдарынан  өте сирек те болса кездеседі.Мына  бір нәрсені айта кету керек.Жүректің ишемиялық ауруы науқас адамның артериялық гипертониясымен диабет және шамадан тыс семіріп кету дерттері өзара ұштасқан жағдайда өте жиі қайталай береді.Ал,мұның өзі адам өміріне өте қауіпті болып келеді.

  Ишемиялық инсульт кезінде мидың негізгі төрт күретамырының бірінде немесе олардың ұсақтау тармақтарында қанның келуін тоқтататын тромб пайда болады.Тамырдың бітелуі жасушаларды оттегінен айырады да олар өледі.Бұл организмнің кез келген қызметіне әсер етуі мүмкін.

  Көп жағдайда миына қан  құйылған адам бұған өзі кінәлі болады,себебі ол сырқаттың алғашқы белгілерін сезе тұра қатерлі құбылыстың алдын алу үшін ешқандай әрекет жасамайды.Әйтеуір бір амалы табылар деп жүре береді.

 Көбіне организмге төніп  келе жатқан қауіп туралы бізге алдын ала ескертеді.Жанартау жарылар кезде жеңіл жер сілкіністері болатыны секілді,ауыр инсульт алдында,әдетте,микроинсультар болады.Тр-омб немесе эмболия қанның келуін аз уақытқа тоқтатады да артынша жойылып кетеді.Кейде микроинсульт белгілері аздаған минутқа созылса,кейде бірнеше секунд қана болады.Әдетте бәрі жылдам өтеді,сондықтан науқас не болғанын сезбей де қалады.Бұған мүлде мән бермейді де.Өте өкінішті жайт,өйткені микроинсульт алған әрбір оныншы адам сол жылы-ақ,ал тағы үшеуі жақын үш-бес жыл ішінде инсульт алады.Сондықтан шұғыл шара қабылдау қажет.

  Инсульт жөнінен қауіп тобына  қан қысымы жоғары науқастар,темекі  тартатындар,қантты диабеті барлар,құрамында  эстрогені көп ұрықтануға қарсы  түймедақ қабылдайтын әйелдер,жүрек соғысы бұзылған жүрек ауруы бар науқастар жатады.Сондай-ақ артық салмағы бар,қанында холестерин көп,аз қозғалатын адамдардың осы қауіпті дерттен сақтанғаны жөн.Тағы бір айта кететін жайт инсульт әйелдерге қарағанда ерлерде көп байқалады.Ол кез келген жаста,тіпті жасөспірімдерде де кездеседі.

  Бүгінде инсультке қарсы  күресте дәрігерлер біршама «қаруға»  ие,дәрі дәрмектер де бітелген  тамырды оталап тазартуға да  болады.Сіз қауіп тобындағы адамдардың  қатарындасызба?Қан қысымыңызды  бақылыңыз,емдәм сақтаңыз,дене жаттығуларын  жасаңыз,қанды сұйылтатын дәрілер қабылдаңыз.Және де сақ болғайсыз-дабыл белгілерін өзіңіз байқамасаңыз өзгелер оны сезеді деп ойламаңыз.

 Ұю және жансыздану.Алдымен,мысалы  білезік немесе табан,одан соң  қол аяқ,бет, тіпті дененің жартысы  жансызданады.Бұл кейде саусақтарды тек әлсіз тоқ соққандай болуы мүмкін.Кейде аяқ қол көп отырғанда не жатқанда ұйып қалады.Алайда ұю ешқандай себепсіз,аяқ астынан пайда болса және екі-үш минуттан артық уақытқа созылса,әсіресе беттің жартысының бұлшық етінің босаңсуы және сөйлеудің түсініксіз болуы секілді белгілер байқалса тез арада дәрігерге көрініңіз.

 Саусақтардың бағынбауы.Микроинсультттің  бірінші белгісі қан-дай да  бір затты қолда ұстай алмауы  болуы мүмкін.Егер сіз кенеттен  қаламды қолға үстай алмай,тусіп  қалған кілтті көтере алмай қалсаңыз жансыздану одан әрі тарап бара жатса шүғыл шара қабылдау қажет.

  Сөйлеудің бұзылуы.Кейде науқастар  түсінікті сөйлеудің орнына мыңғырлай  бастайды,сөйлеу қабілетінен айырылады  немесе өзгелердің не деп жатқанын  түсінбейді.Мұның барлығы төніп  келе жатқан қауіптің белгілері,оларға жеңіл қарауға болмайды.

  Көздің кіреукеленуі.Көбіне  миға қан құйылудың басталуы  көздің кіреукеленуімен білінеді.Қоршаған  нәрселердің бәрі түссіз,сұр түсті  секілді болады.Көбіне бұл бір  көзде байқалады,екінші көз бұрынғысынша жақсы көреді.Кейде(тромбының қайда орналасқан-на қарай)бейне қосарланып көрінеді:адам бір заттың орнына екі затты көреді,олар қатарласып немесе бірінің үстіне бірі тұрады.Көрудің жартылай жоғалуы сол жақтағы беттің жансызданумен қатар жүреді.Егер көру тез қалпына келсе,бұл болған жайтты ұмытуға болады деген сөз емес.Кеш болмай тұрғанда алдын алыңыз.

 Бұл белгілер әдетте,ми діндеріндегі  тепе-теңдік орталықтарының жұмысын  бұзатын тромбының бар екендігін білдіреді.Жүрістің бұзылуымен бірге әдетте бас айналады.Бұл қан құйылуға тән белгі.Бас солқлдып емес,тұрақты ауырады және белгілі бір жерге емес,бүкіл басқа тарайды.Бұл бас сүйегі мен ми арасындағы кеңістікке қан құйылған кезде бас сүйегі ішіндегі қысымнан туындайды.

 Адам тіршілігінде жүрек-қан  тамырлардың атқаратын ролі ерекше.Бүкіл организм тек сол жүрек соғуының арқасында қажетті қоректік заттармен,оттегімен қамтамасыз етіліп,өндірілген,денеге керексіз заттар шығарылып отырады.Жүрек кенеттен ауруға шалдықса,бүкіл денеде айтарлықтай өзгеріс байқалады.Адамның бойында әлсіздік,көңілсіздік,құлықсыздық,керенаулық  пайда болады.Жүрек ауруы тез қартайтады,тіпті жүрек ауруының кейбір түрі ажалға душар етеді.

 Қазіргі уақытта жүрек және  қан тамырлары ауруы өте жиі  кездесуде.

 Дүние жүзілік денсаулық  сақтау ұйымының деректері бойынша,әрбір төртінші ер адам жүрек инфарктынан,әрбір жетіншісі-миға қан құйылуынан қайтыс болады.Сондықтан да бұл аурулар ХХ ғасыр сырқаты деген атақ алып отыр.

 Осы сырқаттардың негізгі  себептері,одан сақтану шаралары  туралы арнайы газет журналдар,радио-теледидар арқылы хабарлар беріліп тұрғанмен,халықтың көбі әлі де бұл дерттің алдын алу шараларына мән бермей келеді.Басы ауырып балтыры сыздағанша,ауру асқынып денені меңдеп алғанша өз денсаулығына көңіл бөлмейтіндер әлі де аз емес.Өкінішке орай,бұл кезде асқынған сырқатқа ем қону да қиынға түседі.

 Қазіргі уақытта қан тамырлары  ауруларының ең жиі кездесетіндері  оның жолдарының тартылуынан  немесе біржола бітелуінен болатын  инфаркт ауруы.Халыққа тарап кеткен  ұғымдай,инфаркт тек жүректе ғана  емес,бүйректе,көк бауырда,мида,бұлшық еттерде,қан тамыры жүйесінің кез келген жерінде болуы мүмкін.Бірақ солардың ішінде ең жиі кездесетіні және өмірге қауіптісі жүрек инфарты.

 Аурудың пайда болып,бойды  жайлауынан көп жағдайлар әсер  етеді.Ол ішкі және сыртқы ортадағы  факторлар,мешкейлік,арақ-шарапқа құмарлық,шылым  шегіп никотинмен улану,қимыл-қозғалыстың  тапшылығы,физикалық құбылыстар,қоршаған  орта-ның ластануы,ашу- реніш,қайғы-қасірет,жұқпалы ауруларға жиі шалдығу,тұқым қуалаушылық. жатады.

 Жүрек-тамыр ауруларының түрлері  өте көп.Олардың ішінде халық  арасында жиі кездесіп жүрген  гипертония ауруы,жүрек ишемиясы,жүрек  инфаркті,стенокардия,коронаросклероз,жүрек  қақпақшалар ауруы,көк тамырлардың кеңеюі.

 Жүрек ауруларының қандай  түрі болмасын адам денсаулығына  үлкен нұқсан келтіреді.Өйткені оның қызметі нашарлайды,басқа мүшелерге қанның мөлшері жетіспейді.Осы кезде әр адам жүрек ауруына тән жиі кездесетін белгілерін ажыратуға болады.Негізінде жүрек тұсында шаншу,сыздап ауру,соғысы жиілеу,ентігу,әлсіздік байқалады.Кейінен аяқ- қол сыздап,мұрынның ұшы,саусақтар көгерінкіреп кетеді.Мұндай белгілер денедегі қанның,оттегінің тапшылығынан болады.Бұл көбінесе жүректің нашарлауынан,қан тамырларының өзгеруінен болады.

 Жүрек-тамыр ауруларының көпшілігі  қан айналымының тапшылығына,жетіспеуіне  әкеп соғады.Қан айналымы үш  кезеңнен тұрады,әрқайсысын дәрігерлер  белгілеріне қарай айырып,қажетті  ем қолданады.

 Қазіргі кезде өте жиі  кездесетін аурудың бірі-жүрек инфаркті,дәлірек айтсақ миокард инфаркті дедік.Бұл жүрек қан тамырларының бір бөлігінің ұйыған қанмен бітелуі не кенет түйілуі салдарынан жүрек бұлшық етінің,не ұлпалардың бір бөлігінің өлуі.Жүрек қан тамырларының кенет тарылуы,не склероз болып өзгерген тамырдың тығындалуы,оны қоршаған кішкене тамырлардың шамасының келмеуі осындай қайғыға әкеп соғады.Оған итермелейтін күш көп.Мәселен,көптен елемей келген қанның қысымы,қан ұюының жоғарлауы,ашу-ыза,реніш,шамадан тыс ауыр жұмыс,алкоголь мен никотин улары.Инфаркт өзінің зақымданған шеңберіне,бүлінген тамырдың кеңдігіне арнасына қарай әр түрлі болады.Жансыз ошақ кең жайылып,үлкен болады немесе көлемі орташа,ал тағы бірде көзге әрең көрінетін микроинфаркт болады.

 Миокард-көптеген инфекциялардың,улы  заттардың,аллергиялық әсерлердің нәтижесінде дамитын жүрек бұлшықеттерінің қабынуы.

 Этиологиясы.Гранулематозды миокард туберкулез,саркоидоз,рев-матизм сырқаттары үшін тән болса,ал алып жасушалы миокард осы процесс нәтижесінде пайда болған ірі некроз ощақтарының айналасында дамиды.

 Идиопатиялық миокард-Абрамов-Фидлер  миокардті,клиникалық көріністеріне  қарап,қатерлі миокард деп атаған.Бұл  сырқаттың этологиясы анық емес,оның  шығуында әртүрлі инфекцияның,ор-ганизмде  дамитын иммунологиялық және  иммунопатиялық өзгерістердің маңызы бар.

Информация о работе Денсаулық пен ауру туралы түсінік