Денсаулық пен ауру туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 13:21, реферат

Краткое описание

Адам денсаулығы оның негізгі байлығы,сонымен бірге әрбір жеке адамның денсаулығы адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады.Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі жалпы мемлекеттің,қоғамның ,әрбір азаматтың негізгі борышы.Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселерге баса назар аударып,халықтың денсаулығын жақсарту мәселелерін шешу үшін белгілі бір шаралар қолдану керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Гипокинезия-салдарынан-ағзаның-функциональдық-жағдайының-өзгеруі.doc

— 284.50 Кб (Скачать документ)

 Екінші бір көңіл аударарлық  жай-қимыл-қозғалысты көбейтіп,дене  шынықтыру жаттығулармен айналысу,шылым  шекпеу,ішімдік ішпеу.Бұл да ғылымда  дәлелденген жайт.Аз қимылдау,асқазанда  орын қалдырмай,тамақты тоя жеу,ерте жатып кеш тұру денедегі зат алмасуды нашарлатып семіздікке әкеп соғады.Мұндай тұрмыс айтып отырған атеросклероз ауруының пайда болуына,тез өршуіне әсер етеді.

 Атеросклероз ауруының тағы  бір қауіптілігі-оның біртіндеп  өршіп,асқынған уақытында ғана  білінуі.

 

 Гипертония ауруы.Артерия қан қысымының ұзақ уақыт өте жоғары болуымен сипатталатын,жеке бір мүшелер патологиясымен байланыссыз дамитын сырқаттың бір түрі.Бұл ауруды эссенциаль-ды (себебі белгісіз) гипертензия деп атайды.Ауруды алғаш рет Г.Ф.Ланг жеке патология түрінде ашқан болатын.Гипертония ауруы орта жастағы адамдарда көбірек,ұшырап,60 жастан кейін әр төрт адамның біреуінде кездеседі.

 Этиологиясы.Г.Ф.Лангтың пікірі бойынша гипертония ауруы қан қысымын реттеуші орталық нерв жүйесі,гипоталамус аймағы қызметінің бұзылуына байланысты.А.Л.Мясников гипертония ауруын,өз әрекетін қан қысымын басқарушы орталықтарға бағыт-талған невроз деп көрсеткен.Сондықтан адам өмірін үрей,қорқын-ыш сезімдері билегенде,қайғы-қасірет басқанда бұл ауру жиі ұшырайды.Адам организмнің осы ауруға туа біткен бейімділігі,жұ-мыс жағдайының қолайсыздығы(мүмкіншілігінен тыс жұмыс істеу,тамақпен ас тұзын көбірек пайдалану ауруға әкеп соқтырады.

 Гипертония ауруын талдамастан  бұрын белгілі бір мүше патологиясына  байланысты дамитын симптомдық гипертензия жөнінде айта кету керек.Демек гипертония ауруына диагноз қою үшін симптомдық гипертензия жоқтығына көз жеткізу керек.Симп-томдық гипертонияның негізін бүйрек аурулары (нефриттер,нефро-патиялар,поликистоз) мен эндокрин жүйесінің сырқаттары (бүйрек үсті безі ісіктері-феохромоцитома,альдостерома,гипофиз ісігі-базо-филді аденома) құрайды.Осы аурулар табылғанда гипертония жеке сырқат есебінде қаралмайды.

 Патогенезі.Организмдегі артерия қан қысымы өте күрделі нервтік және гуморальдық факторлармен басқарылып тұрады.Қалыпты жағдайда қан қысымының көтерілуі оны басушы механизмдердің іске қосылуына байланысты тез арада өз деңгейіне қайтып түседі.Кейінгі уақытта депроссорлы жүйеге барорецепторлардан басқа кинин және простагландин жүйелерінің жататындығы анық-талған.Қан қысымы төмендеп кеткенде ренин-ангиотензин,симпа-тикалық нерв жүйелері жедел іске қосылады.Осы артерия қан қысымын реттеуші жүйелер ішінде бүйректердің алатын орны ерекше.Себебі бүйректер ренин ангиотензин бөліп шығарудан басқа,организмде натрий мен су алмасу механизмін реттей отырып та,қан қысымын басқаруға тікелей қатыса алады.Альдостерон (бүйрекүсті безінің гормоны) болса зәр құрамындағы натрийдің қайта сорылуын күшейтіп,судың организмде жиналып қалуын,ги-перволемияға алып келеді,осыған байланысты қан қысымы көтеріледі.Қандағы катехоламиндердің әсері шеттегі қан тамыр-ларының тарылуы нәтижесінде жүзеге асады.

 Патологиялық анатомиясы.Гипертония ауруындағы патолого-анатом көріп білетін өзгерістер осы аурулардың даму кезеңдеріне байланысты әртүрлі болады.Қазіргі кезде эксперттердің ұйғарымы бойынша гипертония сырқатының үш кезеңін ажыратады.1)жүрек-тамыр жүйесінде әлі белгілі бір өзгеріс туғызбайтын гипертония,2)

Тек жүрек гипертрофиясын туғызатын гипертония,3)көп ағзаларда (жүрек,ми бүйрек)өзгерістер туғызатын гипертония.

 Гипертонияның бірінші кезеңінде  қан қысымы анда-санда уақытша  көтеріліп,морфологиялық өзгерістер  өте мардымсыз болады.Бұл ау-руға  тән негізгі өзгерістер осы  сырқаттың екінші және үшінші  кезеңде көрінеді.Морфологиялық тұрғыдан осы екі кезеңді бірге қарауға болады.Бұл аурудың морфологиялық негізінде сыртқы диаметрі 100 мкм және одан кіші артериялар мен артериолалардағы өзгерістер жатады.Осы өзгерістер ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуін әлсіретіп,қан қысымын күшейтетін жүйелердің іске қосылуына себепші болады.

 Гипертония ауруының алғашқы  кезеңінде қан тамырының ішіндегі  қысымның артуы нәтижесінде эндотелий  өткізгіштігі күшейіп,қан плазмасы  интимаға сіңеді.Эндотелидің зақымдануы  ренин,ангио-тензин сияқты заттардың  тікелей әсерінен де болады.Осы өзгеріс-тер нәтижесінде артерия біраз қалыңдап,олардың саңлауы тарылады,кейде бұл процесс мускул типті артерияның созылмалы типті артерияға айналуына әкеледі.Дегенмен,уақыт өткен сайын,осы жерде дәнекер ұлпа мөлшері көбейіп,тмаырда склероз процесі бой алады.

 Гипертония ауруына байланысты  ірі қан тамырларында атеро-склероз  процесі айтылған қан тамырларында  болатын морфология-лық процестермен  байланысты.Тек эндокрин бездеріндегі  өзгерістердің негізінде басқа  механизмдер жатады,себебі гипертония ауруында бүйрекүсті бездері өздерінен көптеп гормондар шығарады,осы процестердің айғағы ретінде бүйрекүсті бездерінің гиперплазиясын және аденомасын көреміз.Гипофизде АКТГ гормонын шығаратын базофилді жасушалар гиперплазиясы көрінеді.Гипертония ауруынан адамдар миға қан құйылудан,жүрек немесе бүйрек қызметінің нашарлауынан (анурия) өлуі мүмкін.

 Қан қысымының төмендеуі немесе гипотониялық ауру.Қан қысымының төмендеуі (мәселен жоғарғы көрсеткіш сынап бағанасы бойынша 100-ден кем болса)жоғары реттеуші орталықтың нерві және гуморалды аппараты қызметінің бұзылуына байланысты деп түсіндереді.Ол жеке дара пайда болатын сырқат емес,оның дем алуына денедегі әр түрлі жағдайлар,аурулар әсер етеді.Мысалы,ас-қазан гастриті,өт қабының қабынуы (холицистит) т.б созылмалы аурулар қан қысымының төмендеуіне әсерін тигізеді.Өйткені аталған ауруларда нерв жүйесі зақымданады.

 Сонымен қанның қысымын төмендетуге,қан  тамырларының кеңуі не оның  қабырғаларының босаңсып,болбырап  қалуы әсер етеді деп айтса  да қате емес.Қан тамырлары,әсіресе,артериялық тамырлар созылғыш,жұмсақ келеді.Олардың қабырғалары қан келген кезде керіледі,ал жүрек дамылдаған уақытта оларға түсетін қысым төмендейді,бірақ мүлде босамайды,өйткені оларды жан-жағынан қысып ұстап тұратын бұлшық ет талшықтары болады.

 Қан қысымы ішкі бездердің қызметіне тікелей байланысты.Қан қысымын төмендететін заттарға жыныс және ұйқы бездерінен бөлінетін гормондар,тамақпен бірге организмге енетін холин (ол бауырда да түзіледі)нерв талшықтары ұшында болатын ацетилхол-ин,зат алмасуынан болатын гистомин жатады.

 Бұлардың бәрі қан қысымын  төмендетуге арналған бірінші  топтағы заттар.Басқа әсер тек  нерв жүйесіне байланысты.Сондай-ақ  адам ұйықтағанда тоя тамақ  жегенде,температура көтерілгенде,қан  қысымы уақытша төмендейді.Қан  қысымының шамадан тыс төмендеп кетуі (гипотония)денсаулыққа зиян.

 Мұндай жайға ұшырыған адам  өз бойынан әлсіздікті,дәрменсіздік-ті,солғындықты  сезінеді,жұмысқа қабілеті төмендейді,басы  айна-лып,көзі қарауытып мең-зең  күй кешеді.Қан қысымы төмендегенде  әсіресе жүрек-қан тамырларында өзгерістер байқалады.

 Өйткені қан қысмы төмендегенде  миға қан аз мөлшерде жетеді,қан  айналысы нашарлап,соның салдарынан  қоректік зат жетіспей,ми-дың,дәлірек  айтқанда жоғарғы реттеуші орталықтың  қызметі бұзылады.

 Демек,қан қысымы мөлшерден тыс қалай қарай ауытқыса да адам үшін қауіпті.Сондықтан қалайда қан қысымын қалыпты жағдайда ұстанған жөн.Ол үшін дұрыс тамақтану,күн тәртібін тыңғылықты орындау,уақытында дем алудың маңызы зор.

 Қан қысымының жоғарылауы  немесе гипертониялық ауруы.Бұл аурудың негізгі қан тамырларының тарылуы,қан қысымының жоғарылауы.Мұндай жағдайда адамның басы ауырып (желке тартылып)құлақ шулайды,жүрек қағысы жиілеп,тамыр қатты соғады,ұйқы бұзылып,әлсіздік,мінездің өзгеруі сияқты белгілер байқалады.Бұл созылмалы ауру,сондықтан гипертония ауруының асқынған түрінде өмірге өте қажетті көз,бүйрек,ми сияқты мүшелерде өзгерістер байқалып,олардың қызметіне кедергі келтіреді.

 Ауруды осындай асқынуға  жеткізбей,дер кезінде массаж  қолдану пайдалы.Ондағы негізгі  мақсат науқас адамды тыныштандыру,көң-лін аулау және қан қысымын төмендетуге көмек көрсету.

 Жүректің ишемиялық  ауруы.ЖИА-деп жүректің тәждік артериясындағы қан айналуының бұзылуына байланысты дамитын жүректегі елеулі өзгерістерді айтамыз.ЖИА халық арасында өте көп тарағандықтан 1965 жылдан бастап жеке ауру ретінде қарала бастады,бұрын ол атеросклероз бен гипертония ауруларының жүректік түрі деп есептелетін.ЖИА негізінен 40-65 жастағы ер адамдар арасында кездеседі.

 Жүректің ишемиялық ауруына  алып келуші себептерді екі  топқа бөліп қарауға болады.Оның біріншілеріне атеросклероз процесінің дамуына мүмкіндік жасаушы және тездетуші қауіп-қатер факторлары кіреді.Оларға:1)Гиперхолестеринемия,2)артерия гипер-тониясы,3)семіздік,4)шылым шегу,5)жүйке жүйесінің шаршап шалдығуы,6)қимыл-әрекеттің аздығы,7)қант диабеті,8)гендік фак-торларды жатқызамыз.

 Жүректің ишемиялық ауруының  пайда болуы үшін осы факторлар-дың  бірнешеуінің қосылған әсерінің  маңызы зор.Мысалы,бірінші үш  факторлардың бірлескен әсерінен  ЖИА осы факторлары жоқ адамдарға  қарағанда 8 рет жиі кездеседі.Анестезиолог дәрігерлерде ЖИА дерматологтарға қарағанда 2,5-4 есе көп ұшырайды.Ал екінші топқа осы ауруды тікелей шақырушы себептер жатады.Оған:1)Жүр-ек артериясының тромбозы,2)Осы артериялардың ұзаққа созылған спазмасы,3)жүректің қанға талабы мен оның қамтамасыз етілуінің арасындағы сәйкессіздік,4)жүрек қан тамырларының басылып қалуы жатады.Клиникада ЖИА жіті және созылмалы түрде көрінеді.ЖИА-ның бірінші түріне стенокардия және жіті миокард инфаркты кіреді.Стенокардияның қауіптілігі сонда,ол көп жағдайларда күтпеген өлімге алып келеп,аурулардың 75%-ы ауруханаға жетпей өліп кетеді.

 Күтпеген өлімнің ЖИА-ға тікелей  қатысы бар екендігіне осы  ауруларды жарып көргенде көз  жеткізуге болады.Олардың жүрек  қан тамырларында атеросклероз  процесінің дамығандығын,кей-біреулерінде тромб барлығын,ал өлген кісілердің 35-40%-да миокард инфаркты табылса,олардың 60-65% жүрек қызметінің күрт нашарлауынан өлген.

                    1,5 Гипокинезияның бұлшықет жүйесіне әсері.

Бұлшық ет жүйесі ұзақ уақыт қимылсыз күйде тұратын болса,онда олар әлсіздене бастайды,балбырайды,көлемі кішірейеді.Дене жаттығулары,олардың көлемін ұлғайтады.Сондай-ақ,бұлшық еттер-дің өсуі,олардың талшықтар санының көбеюінен,ұзаруынан

емес,жуандауы әсерінен өзгереді.Бұлшық еттердің созылуы арта түседі.Тонус күшейеді.Қан айналымы және бұлшық еттердің микро және макро элементерімен қоректенуі күшейе түседі.Денсаулық күшейіп,өмір сүру артады.

Бұлшық ет жүйесін гипокинезиядан арашалаудың бірден бір жолы-олбұлшық ет жүйесінің жұмыс қабілетін арттыру.Дене шынықтырудың барлық түрінде адамның бұлшықет жүйесінің жұмыс қабілеті артатыны белгілі.Бұлшықетке күш салу арқылы оның жұмыс қабілеті мен көлемі артады.

                          1,6 Қант диабеті өте қауіпті дерт

 Қант және басқада тағамдарды көп пайдаланатын адамдар арасында қант диабетіне шалдыққандар жиі-жиі кездеседі.Қант диабеті өте қауіпті дерт.Қант диабетімен ауыратын адамдардың қалтасында міндетті түрде инсулин дәрісімен шприц үнемі жүреді.Егер инсулин мен шприц жоқ болса,ол адам сөзсіз тіршілік өмірімен қоштаса береді.Сондықтанда ақпарат орындарында үнемі айтылып та және кең көлемде жазылып та жатады.

 Қант дегеніміз пайдасыз  бос калория дегеннің ұясы.Өйткені  қанттың құрамында көмірсутегінен  басқа ешқандай пайдалы да  қоректік те зат жоқ..Тек энергияны көп береді.Аспен бірге қантты көп жейтін болсақ немесе басқа да тәттілерді мол пайдалансақ,онда қандағы глюкозаның көлемі артып кетеді.Өйткені сахароза-асқазан ішек жолында глюкоза мен фруктоза молекулаларына өте тез ыдырайды.

 Қанда глюкоза деңгейі күрт артқандықтан өз кезегінде ұйқы безі инсуинді де көп бөліп шығарады.Ал инсулин болса,тканьдердің глюкозаны сіңіруіне көмектеседі,сөйтіп қандағы глюкозаның мөлшері азаяды.Бірақ ұйқы безіне қатты күш түседі,үнемі осылай бола берсе,адам тәттіге,қантқа әуес болуын қоймаса,ақырында қант диабетіне яғни ауруға шалдығады.

                               1,7 Гипокинезияға қарсы амалдар.

  Семіздікке қарсы жаттығулар.Семіздік-организмде зат алмасуды бұзып,артық салмақ жинаған кезде пайда болатын жайттардың бірі.Оған қарсы қолданатын емдік жаттығулардың негізгі мақсаттары,денеде тотығу-қышқылдану үрдістерін үдету,жүрек-өкпе жұмыстарын жақсарту,ішек-қарынның ас қорыту қызметін арттыру,қуаттың көп мөлшерде бөлініп шығуына ықпал жасау.Жалпы қимыл-қозғалысты көбейтіп,дене салмағын кеміту.

  Семіздік тек дене сұлулығын  кемітіп қоймай,әрі түрлі ауруларға  душар етеді.Соныңішінде жиі кездесетін-қан қысымы жоғарлайтын ауруға шалдығу.Бұл екі аурудың арасында өте тығыз байланыс бар.Ол-денеде көп мөлшерде тұз бен майдың байлануы.

  Сондықтан қан қысымы ауруынан  сақтану үшін де артық салмақтан  құтылған жөн.Арықтаудың екі жолы  бар.Біріншісі-дене шынықтырумен  айналысу,екіншісі –тамақтану мәдениеті,яғни  емдәм сақтау.Семіздікке емдік  жаттығу екі кезеңде қолданады.Біріншісі науқас адам дене тәрбиесіне өзін үйретеді.Онда ертемен жаттығу жасап таза ауада жүріп өзіне өзі массаж жасайды.

  Осындай дене тәрбиесіне  үйренген соң ақырындап екінші  кезеңге өтеді.Мұнда бұрынғы жаттығуларға  қоса он километр жазықтықта  жүреді,баяу жүгіреді,суда жүзіп,шаңғы теуіп,әр түрлі ойындарға қатысады.Семіздік тек мешкейліктен болса,онда жаттығулар ширақ,жылдам,дененің ірі бұлшық еттеріне,қарынға тиімді етіп жасалады.

 Шамамен жүз,екі жүз метр  жайлап жүгіру,арасында аяңдап  қойып,30-60 минутқа созу керек.Семіздіктің қандай турі болса да мына жаттығуларды жасаған пайдалы.Дене жаттығуларын алғашқы күндері жәй жылдамдықпен,кейін орташа жылдамдықпен өткізген жөн.

1.Шалқадан жатып,бір-екі дегенде  екі қолды жоғары көтеріп,созы-лып  демді ішке алу,3-4 дегенде қолды төмен түсіріп,демді сыртқа шығару.Бұл жаттығу орташа ырғақта,5-6 рет қайталанады.

Информация о работе Денсаулық пен ауру туралы түсінік