Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 17:27, курсовая работа
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйелерінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді шыңдау кез – келген дағдарыстан шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасты өтеу қажеттігі туындайды.
Кіріспе..............................................................................................................3-6
І Оқу іс - әрекеті барысында мінез - құлықтың қалыптасуының
ғылыми – теориялық негіздері
Жеке тұлғаның даралық психологиялық ерекшелігі ретіндегі
мінез – құлыққа ғылыми теориялық талдау................................................7-17
Оқу іс - әрекеті барысында мінез-құлықты қалыптастыратын негізгі
шарттар.........................................................................................................18-24
ІІ Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс – әрекеті барысында
мінез – құлық ерекшеліктерін зерттеу жолдары
2.1 Оқу іс - әрекеті барысында мінез – құлықтың қалыптасуын
анықтау эксперименті..................................................................................24-34
Оқу іс - әрекетінде мінез – құлықты түзету және дамыту
жұмыстары...................................................................................................34-44
Зерттеу нәтижелерін жинақтау...............................................................44-45
Қорытынды.......................................................................................................45-47
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................................48-50
Қосымшалар.....................................................................................................51-54
3. «Екі дос» ойыны. Қатысушыларға екі дос туралы өлеңнің мазмұны ұсынылады. Оның мазмұны төмендегідей:
1. Екі жас дос шомылуға келді өзенге,
Біреуі суға түсті – сүңгіп, жүзе бастады.
Екіншісі «Батып кетсем қайтем»
Сақтықпен толқынға ол қарайды.
2. Қыстың күні екі дос сырғанауға барады,
Сырғанап жүр біреуі – екі беті албырап,
Екіншісі «Тайғақ екен мына жер, құлап қалсам қайтем» - деп,
Бақылап тұр абайлап, ол
Өлең мазмұны оқылғаннан кейін қатысушылар екі баланың мінез – құлқына баға берді, рольдерді бөліп алып, өздері ойнайды. Өлең тағы да бір рет оқылып, қатысушылар оны понтомимикамен бейнелеп көрсетуге ұмтылады. Соңында достық қарым – қатынастағы мінез – құлық ерекшеліктеріне орай болатын келіспеушіліктер жайлы әңгіме қозғалып, қорытынды пікірлер шығарылды.
4. «Осылай әділ болады». Бұл жаттығудың мақсаты өз мінезінің жағымсыз қасиетін түсінуге, мінез – құлықты бағалауға арналады. Қатысушыларға ұсынылатын әңгіме мазмұнын тыңдап, оқиға кейіпкерлерінің мінез – құлық үлгілеріне баға беруге бағытталған нұсқау беріледі. Әңгіменің мазмұны: «Аналары дүкенге кетті. Есіктің жабылғанын көре салып балалар асыр салып диванға отыра салды. Ал кіші інісі анасының келгенін көрмей жастықты лақтырып ойнауды жалғастыра берді. Ол жастықты лақтырып жіберіп еді, төбедегі аспалы шам теңселе бастады. Анасы қатты ренжіп, кінәліні бұрышқа тұрғызды. Үлкен ағасы диваннан тұрып інісінің қасына келіп тұрды.
- Сен
неге бұрышқа тұрдың? Мен сені
жазалаған жоқпын ғой! – деді
анасы. Осылай әділ болады, - деп
үлкен ұлы байсалды жауап
Әңгіме мазмұны ұсынылғаннан кейін қатысушылар талқыға салды. Қорытынды пікірлер шығарылды.
5. Қоштасу дәстүрі. Қатысушылар шеңберге тұрып бір – біріне қарсы «Рахмет, Сау бол» деп қоштасу дәстүрін орындады.
2.3Зерттеу нәтижелерін жинақтау
Түзету – дамыту жұмыстарының ұйымдастырылуы нәтижесінде сыналушылардың мінез-құлық құрылымында қандай да бір өзгерістер байқалды ма, әлде нәтиже болған жоқ па, мәселені айқындау үшін бақылау және эксперимент топтарына қайта бақылау эксперимент ұйымдастырылды. Анықтау мақсатында қолданылған әдістемелер қайта жүргізіліп, нәтижелер алынды. Ең бірінші бақылау тобындағы қатысушыларға (он бала), содан соң эксперимент тобындағы қатысушыларға (он бала) бақылау зеттеу жұмысы жүргізілді. Нәтижелер қосымша №2, қосымша №3 ұсынылды.
Кестеден көріп отырғанымыздай, эксперимент тобының нәтижелерінде алғашқы нәтижелерге қарағанда, біршама өзгерістер байқалды.
Демек, түзету дамыту жұмыстарының ықпалы олардың нәтижелерінен көрінді. Әдістемеде берілген мінез-құлық қасиеттерінің дамуында азда болса, біршама өзгерістер еңгізілгенің білдік. Мысалы, келтіретін болсақ бағалауы төмен сыналушылардың өзіндік бағасының деңгейі салыстырмалы түрде артқан, агрессияның басымдылығы байқалған, сыналушыларда деңгей азайған, үрей мен қорқыныштын белгілері, жалғыздықты сезіну немесе жалғыздыққа ұмтылу сияқты сезімдердін даму деңгейі төмендегені байқалды. Сыналушылардың мінез-құлқындағы өзгеріс жиілігі төмендеп, тұрақталуы да сезілді. (Қосымша №4, қосымша №5)
Салыстырмалы түрде анықтайтын болсақ сыналушылардың екі тобында (бақылау және эксперимент) мінез-құлықтың даму деңгейінде қандай да бір өзгерістер бар екендігі байқалды.
Демек, түзету-дамыту жұмыстарының бағдарламаларын ұйымадастыру арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті барысында мінез-құлқының қастеттерін қалыптастыру және дамыту мүмкіндіктері бар екендігін айқындады.
Сыналушылардың нәтижелерін салыстыра келе, анықталғаны:
1) анықтау
эксперименті бойынша мінез-
2) төмен деңгейді анықтаған сыналушылар, орташа деңгейдің артуына байланысты төмен деңгей көрсеткіші азайған.
3) жоғары деңгей мен ортаңғы деңей көрсеткіштері өзара жақын қатынасты пропорция құрайды.
Жинақтай келе, бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру мақсатындағы эксперимент жүзеге асырылды. Оның бірінші бөлімі оқу іс-әрекеті барысында мінез-құлықтың даму деңгейін анықтауға бағытталды. Екінші бөлімінде анықтау нәтижелеріне орай оқу іс-әрекетінде мінез-құлықты түзету және дамыту жұмыстары, іс-шаралары ұйымдастырылды және жүзеге асырылды. Үшінші бөлімінде түзету және дамыту жұмыстарының нәтижелерін қайта бақылау эксперименті арқылы салыстыру жұмыстары жүргізілді. Оның нәтижесінде түзету және дамыту жұмыстарының ықпалы айқындалып, жалпы оқу іс-әрекетінде осындай бағдарламаларды қолдану мүмкіндігі дәлелденді.
Қорытынды
Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша «Жеке тұлғаның даралық психологиялық ерекшелігі ретінде мінез – құлыққа ғылыми теориялық талдау» бөлімінде оқушының оқу іс - әрекетіндегі танымдық бағдарының ішінде мінез – құлықтың алатын орны ерекше, күнделікті өмірде көзге қарапайым болып көрінетін мінез – құлықтың ережелері, бітістері, құрылымы қарастырылды. Психология саласында ғалымдардың оқу іс – әрекетінде мінез – құлықты қалыптастыру туралы теориялары мен көз қарастары бар. Осы бөлімінде, отандас педагог психологтар мен ғалымдардың және шетел психологтары мен ғалымдарының көзқарастары мен пікірлеріне ғылыми теориялық талдау жасалынды.
Л.С.Славинаның
«Дети с аффективным
Л.Ф.Островская мен В.Д.Шадриков зерттеулері И.П.Павловтың және Р.В.Овчарованың пікірлері мен көзқарастары ерекше орындалды. Шетел психологтарының мінез – құлық туралы пікірлері мен көзқарастарына келетін болсақ, б.з.д. ІV – III ғ.ғ. өмір сүрген грек ойшылы Теофраст адам мінезі даралық ерекшелік деп ғылыми тарихында тұнғыш рет сипаттама берген, оның ілімін жалғастырушы француз ғалымы А.Бен және Т.Рибо болған. Олар мінездің іс – әрекеттегі түрлерін зерттеді. И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамдарда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Полан мінездің барлық сипаттары адам іс – әрекетімен байланысты деген пікір айтқан.
Оқу іс - әрекеті – ол оқушының өміріндегі негізгі рухани, білім қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталады. Осындай қажеттіліктерді өтеуге мінездің мәнерлі белгілері мен табиғи және әлеуметтік процестері негізгі міндеттерді атқарады.
Мінез құрылымы мен қасиеттерін анықтау дегеніміз мінездің негізгі компоненттерін және қасиеттерін психологиялық тұрғыдан ажыратып қарастыру. Мінез құрылымындағы сенім, қажеттілік пен мүдде, интелект, ерік, сезім, темперамент біріне – бірі әсер етіп тығыз байланыста болады. Нақтылы жағдайларға байланысты, мінездің түрлі бітістері бірде өрбіп, бірде тежеліп отыратыны байқалды.
Баланың дамып, нақталып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білудің маңызы зор. Осы мақсатта оқу іс - әрекеті барысында мінез – құлықты қалыптастыруын негізгі шарттар ұйымдастырылды. Оқушылардың жеке басының қасиеттерін зерттеу болатын, жүргізілетін жұмыстың әдіс – тәсілдеріне зейін қойылды. Мінез – құлқында қиындығы бар оқушыларды анықтап, қиындықтар не себептен пайда болатыны анықталды.
Анықтау экспериментінің нәтижесі бойынша оқушылардың 14-інің жеке мінез-құлық қасиеті қалыпты деңгейде дамығандығы көрініс тапты. Ал қалған 6 оқушының мінез-құлығының дамуында психологиялық қиындықтар байқалды.
Бастауыш сынып оқушыларының мінез – құлық ерекшеліктерін оқу іс - әрекетінде қалыптастыру, дамыту және түзету мақсатында жүргізетін жұмыстың бағдарламасы құрылды. Түзету жұмысы эксперимент тобының қатысушыларына жүргізілді. (Барлығы: 10 оқушы).
Үш кезеңнен тұрады:
1. кезең
– түзету тобына бағдарлы
2. кезең – қайта қалыптастыру кезеңі 7 сабақ
3. кезең – бекіту кезеңі 1 сабақ
Түзету–дамыту жұмыстарының ұйымдастырылуы нәтижесінде сыналушылардың мінез-құлық құрылымында қандай да бір өзгерістерді айқындау үшін бақылау және эксперимент топтарына қайта бақылау эксперимент ұйымдастырылды. Анықтау мақсатында қолданылған әдістемелер қайта жүргізіліп, нәтижелер алынды. Ең бірінші бақылау тобындағы қатысушыларға (он бала), содан соң эксперимент тобындағы қатысушыларға (он бала) бақылау зеттеу жұмысы жүргізілді.
Анықтау эксперименті бойынша мінез-құлқының дамуында орташа деңгейді көрсеткен сыналушылар, бақылау экспериментінде жоғары деңгейді толтыратыны байқалды. Төмен деңгейді анықтаған сыналушылар, орташа деңгейдің артуына байланысты төмен деңгей көрсеткіші азайған.Жоғары деңгей мен ортаңғы деңей көрсеткіштері өзара жақын қатынасты пропорция құрайды.
Нәтижесінде түзету және дамыту жұмыстарының ықпалы айқындалып, жалпы оқу іс-әрекетінде осындай бағдарламаларды қолдану мүмкіндігі дәлелденді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
2. Айғабылова
Н. Бастауыш класс
белсенділігін арттыру. – А.: Мектеп, 1991
3. Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу. – Алматы,
1990
4. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. – Алматы, Білім, 1996
5. Акимова М.К., Козлова В.Т. Упражнение по развитию мыслительных
навыков младших школьников. – Обинск, Принтер, 1993
6. Ануфриев А.Ф. Психологический диагноз. – М, 1993
7. Ануфриев А.Ф., Костромина С.Н. Как преодолеть трудности детей
Психодиагностические таблицы.
Коррекционные упражнения. М, Ось-89, 1999
8. Афонькин Ю.А., Урунтаева т.А. Практикум по детской психологии. – М,
1995
9. Асылханова М.А. Танымдық іс-әрекет мектепке бейімдеудің басты
факторы. Канд. дисс. авторефераты., - Алматы, 1999
10. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. – М, 1995
11. Әбеуова И. Мінез-құлқында қиындық бар оқушыларды анықтау жолдары //
Ұлағат №5 2004 ж
12. Әділдинова Ж. Құндылықты бағдарлар – адамның мінез-құлқының
психологиялық реттеушісі // Ұлағат №5 2004 ж
13. Божович Л.И. Личность и ее формирования в детском возрасте. – М, 1989.
14. Боденко Б.Н. Выявление некоторых паричин трудностей в учении //
Научно-практические проблемы
М, 1987
15. Большой психологический словарь / под. ред. Мешерякова Б.Г., Зинченко
В.П., 3-е изд., доп и перераб. – СПб; Проим – Еврознюк, 2006
16. Бурлакова Н.С. Возможности практической психологии в
образовании – М, Перспектива 1998
17. Богословская А.И. Психология. Программа, бақылау жұмысы және оның
методикалық нұсқаулары. – Алматы, 1989
18. Бердібаева С.Қ. 5-8 жастағы балаларда алғашқы физикалық жоспарлы
қалыптастыру негізінде ойлау іс-әрекетін дамыту. Канд. дисс.
авторефераты. – Алматы, 1997
19. Балтаұлы С. Жалпы психология. Оқулық. – Алматы 2003
Информация о работе Маркетинг и его роль в антикризисном менеджменте