Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 17:27, курсовая работа
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйелерінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді шыңдау кез – келген дағдарыстан шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасты өтеу қажеттігі туындайды.
Кіріспе..............................................................................................................3-6
І Оқу іс - әрекеті барысында мінез - құлықтың қалыптасуының
ғылыми – теориялық негіздері
Жеке тұлғаның даралық психологиялық ерекшелігі ретіндегі
мінез – құлыққа ғылыми теориялық талдау................................................7-17
Оқу іс - әрекеті барысында мінез-құлықты қалыптастыратын негізгі
шарттар.........................................................................................................18-24
ІІ Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс – әрекеті барысында
мінез – құлық ерекшеліктерін зерттеу жолдары
2.1 Оқу іс - әрекеті барысында мінез – құлықтың қалыптасуын
анықтау эксперименті..................................................................................24-34
Оқу іс - әрекетінде мінез – құлықты түзету және дамыту
жұмыстары...................................................................................................34-44
Зерттеу нәтижелерін жинақтау...............................................................44-45
Қорытынды.......................................................................................................45-47
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................................48-50
Қосымшалар.....................................................................................................51-54
- коррекцияның типтік моделі: тәжірибеге негіз етіп, түрлі жетекші іс - әрекет (ойын, оқу және еңбек) қимылын ұйымдастыру;
- коррекцияның жеке моделі: баланың жеке психикалық дамуын, қызығушылығын, білімін және мәселелерін түрлерін белгілеу;
- стандартты бағдарламада: қажетті құрал – жабдықтар қатысушыға қойылатын талаптар мен кезеңдерге бөлінген жоспар;
- еркін бағдарламада: психолог психокоррекциялық мақсат, міндеттерді еркін жоспарлайды және кезеңдерге өз қалауынша бөле алады.
Психокоррекциялық
жұмыста әсер ету деңгейі психологтың
кәсіби біліктілігі мен
Теориялық жағынан (баланың психикалық даму заңдылығы мен жас кезеңдерін, оқыту мен тәрбие мәселесіндегі қатынаста, жеке және шығармашылық қабілетті білуі) дамуы, арнайы әдістерді (бір әдістің немесе ықпалдың мүмкіндіктерін) және жағдайларды білуі және дайындығы жатады.
Тәжірибелік жағынан кәсіби деңгейде психокоррекциялық әдістер мен әдістемелерді қолдануды меңгеру, қызметіндегі құпияларды сақтай білуі және құзіреттілік деңгейін жетілдіруге талпынысты оята білу мен сенімділігі.
Жеке тұлғалық дайындығы жағынан психологтың жеке басында алдымен өз мәселесі (өзін - өзі басқару) бойынша жұмыстың жүргізілуі, өзіндегі жағдайды шеше білуі (жеке мәселесін шеше алмаса, алдына келген индивид мәселесіне тепе – тең көзқараста қарай алмайды) нейтралды ара қашықтықты ұстай білуге мүмкіндік береді. Психолог күнделі№кті өзімен жұмыс жасап, жеке басын жетілдіріп отыруы қажет, себебі алдымен сыртқы түрімен сенімге еніп, әсер етеміз.
Психокоррекциялық бағдарлама құруда ескерілетін ұстанымдар: жас және дара дамудың психологиялық ерекшелігін есепке алу, жүйелілік, бірлік және іс - әрекет, күрделендіру ұстанымы мен қатар, Л.С.Выготскийдің енгізген «таяудағы даму аймағы» есепке алынып «жоғарыдан төмен» және «төменнен жоғары» ұстанымы негізінде құрастырылады.
Әр түрлі коррекциялық бағдарламаны құрастыруда осы ұстанымдарға сүйену қажет:
1.Коррекция, алдын – алу және дамыту міндеттерінің жүйелілік ұстанымы.
Онтогенезді психиканың даму сипаты мен оның күрделілігін жүйелі есепке алудан тұрады. Кез – келген түзету – дамыту бағдарламасы осы негізде құрастырылады.
Мақсаты мен міндеттері үш деңгейлі мақсат жүйесінде қалыптасуы қажет:
1. Коррекция арқылы – дамудағы ауытқу мен бұзылысты ескеру, қиындықтарды жою.
2. Профилактикалық (ағарту) – дамудағы ауытқу мен қиындықтарды ескерту.
3. Дамыту – даму маңызын қолайлы ету және жағдай жасау.
Коррекциялық – дамыту іс - әрекетіне мақсатпен міндеттерді анықтауда бүгінгі күннің өзекті мәселесімен шектелуге болмайды, «таяудағы даму аймағын» ескеру қажет.
2. Диагностика мен коррекция бірлігі ұстанымы. Тапсырыс берушіге психологиялық көмек көрсету. Тәжірибелі – психолог маман іс - әрекетінің негізгі түрі ретінде процестің біртұтастығын көрсетеді. Коррекция жұмысының тиімділігін 90 пайызға анықтау қаншалықты терең, мұқият зерттелгеніне байланысты коррекциялық жұмыстарды жүзеге асырудың бастамасын диагностикалық зерттеулер алуы тиіс, соның негізінде алғашқы қорытынды жасалып, коррекциялық дамыту жұмысының мақсаты мен міндеттері қарастырылады. Коррекциялық дамыту іс - әрекетін жүзеге асыруда, жеке тұлғадаға өзгеріс динамикасын, мінез – құлқын, іс - әрекетін, эмоционалды жағдайын, оның түзету жұмысы барысындағы сезімдері мен мазасыздықтары ұдайы бақылауды қажет етеді. Бағдарлама міндеттері тапсырыс берушіге толықтыруға мүмкіндік береді. Психологиялық әсер ететін әдістер мен тәсілдерді дер кезінде өзгертуге,
3. Каузальді тип – түзетудің артықшылық ұстанымы. Ең сәтті жүргізілген симптомдық жұмыстың өзі клиенттің бастан өткізген қиындығын соңына дейін шешіп бере алмайды. Түзету іс – шараларын жүргізу артықшылығы дамудағы қиындық себептері мен ауытқуды анықтау және жою болып табылады.
4. Коррекцияның іс - әрекеттің ұстанымы. Іс - әрекеттің қалыптасу негізі А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин еңбектеріндегі баланың психикалық даму теориясы болып табылады. Коррекциялық жұмыстың жүргізілуі әдістердің қолданылу жолдары мен қойылған мақсатты анықтайды. Коррекциялық – дамыту әсерінің басты тәсілі клиенттің белсенді іс - әрекетін ұйымдастыру, оның жүзеге асыру барысында ауыр әрі даулы жағдайларын, бағдарлау үшін түрлі жағдай жасалады, негіз етіп тұлғаның жағымды дамуы қарастырылады.
5. Клиенттің жас кезеңі – психологиялық және дара ерекшеліктерін есепке алу ұстанымы. Клиенттің жеке ерекшелігін нақты есепке алу, әрбір дамудың қолайлы бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.
6. Психологиялық әсер етудің кешенді әдістер ұстанымы. Тәжірибелі психолгияның әдістерінің – барлық деңгейде, тәсілдері мен техникаларды қолдану қажеттігін бекітеді. Бірде-бір техника немесе әдістеме бір ғана теорияның меншігі емес. Бұл әдістер әртүрлі мәселелері бар тапсырыс берушіге тиімді психологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
7. Коррекциялық бағдарлама таяудағы әлеуметтік ортаны белсенді қатыстыру ұстанымы. Бала әлеуметтік ортадан тыс, өзге адамдармен қарым – қатынасқа түспей өз алдына бөлек дамуда тежелу байқалады. Ол әлеуметтік қатынаста, тұтас бір жүйеде бөлінбейтін бірлікте дамиды. Жақын адамдармен қатынас жүйесі, тұлғааралық қатынас ерекшеліктері мен қарым – қатынас, ортақ іс - әрекет түрлерімен оның орындалуы – бала дамуында әлеуметтік дамудың ерекше құрамдас бөлігі болып табылады. Олар таяу арадағы даму аймағын анықтайды.
8. Психикалық процестерді түрлі деңгейде ұйымдастыру тірегі ұстанымы. Нақты дамыған психикалық процестерге сүйену оларды белсенді ететін әдістерді қолдану. Тапсырыс берушінің ішкі күшін анықтауға негіз болады.
9. Күрделендіру ұстанымы. Әрбір топ ең төменгі қарапайымнан, ең жоғарғы күрделіге келесі кезеңдерден өту керек. Материалды қағаз жүзінде күрделілік, оның психологиялық қиындығына әр кез сәйкес келе бермейді. Материалдық эмоционалды күрделілігін есепке алу. Коррекция жұмысында ұсынылатын материал немесе ойын – жаттығулар жағымды эмоционады әсер қалдыруы қажет. Коррекция жұмысының құрылым бағдарламасы психологиялық дәлелді болуы шарт. Коррекция жұмысының сәттілігі ең алдымен диагностикалық нәтиженің шынайы, дұрыс, объективті кешенді бағалауына байланысты болады.
10. «Жоғарыдан төмен» коррекциялық ұстанымы. Л.С.Выготский ұсынған коррекция жұмысының бағыттылығын ашады. Психолог назарында коррекция іс - әрекетінің негізгі мазмұны клиенттің ертеңгі келешек дамуы, таяудағы даму аймағын құрудан тұрады.
11. «Төменнен жоғарыға» коррекциялық ұстанымы. Коррекция жұмысының негізгі мазмұны ретінде қабілетіне қарай психологиялық жаттығу мен дағдының қарастырылуында. Коррекция жұмысының басты міндеті мінез – құлықтың қажетті моделін жасап, оны тез арада бекіту. Коррекция жаттығулары жекелік және топтық деңгейде қарастырылады. Алдымен тәжірибелі психолог маман индивидті жеке қабылдағаны жөн, себебі жеке және дара ерекшелігімен этностық, әлеуметтік, мәдени көз – қарасын анықтаумен ескеру жұмыстары жүргізіледі. Жеке пікірін байқағаннан кейін, қосымша пікірлер қажеттігін сезгенде топтық жұмыстарға қосатын болады.
Бастауыш сынып оқушыларының мінез – құлық ерекшеліктерін оқу іс - әрекетінде қалыптастыру, дамыту және түзету мақсатында жүргізетін жұмыстың бағдарламасы құрылды. Түзету жұмысы эксперимент тобының қатысушыларына жүргізілді. (Барлығы: 10 оқушы).
Үш кезеңнен тұрады:
1. кезең
– түзету тобына бағдарлы
2. кезең – қайта қалыптастыру кезеңі 7 сабақ
3. кезең – бекіту кезеңі 1 сабақ
Әр сабақ үш бөлімнен тұрады: серіктіру (2 – 3 жаттығу), негізгі бөлім (2 – 4 жаттығу) және қорытынды бөлім (2 – 3 жаттығу).
Жалпы, түзету жұмысының бағдарламасы 10 сабаққа негізделген. Әр сабақ сабақтан тыс уақытта 40 – 50 минут көлемді қамтиды.
Құрастырылған түзету сабағының бағдарламасы ұсынылады
Бастауыш сынып оқушыларының мінез – құлқын түзетуге және дамытуға бағытталған тренинг бағдарламасы.
Күні: 19.02.2007ж.
Сабақ № 1
Сабақ мақсаты: Түрлі мінез қасиеттерін салыстыруға, өзге адамның эмоционалдық күйін түсінуді дамытуға, баланың эмоционалдық сферасын түзетуге бағытталады.
Сабақтың барысы:
1. Танысу дәстүрі:
Тренинг қатысушыларының есімдері карточкаларға жазылып, белгіленіп қойылды. Әр қатысушы өзін таныстырып, нені жақсы көретінін айтып өтті. Қалған қатысушылар өзін таныстырып өткен адамды есіне сақтауға тырысты.
2. Топта қабылданатын тәртіптер: таныстық жүзеге асқаннан кейін топ қатысушыларына тренинг сабақтарының тәртіптері түсіндірілді. Ол тәртіптер төмендегідей мазмұнда сипатталды.
1. Қарым – қатынаста сенімділік орнату;
2. «Қазір
және осы жерде» принципі
3. Тұжырымдарын
өзіндік деңгейден жеткізе
4. Қарым
– қатынаста шынайылылық
5. Топтағы болып жатқан құбылыстарды сыртқа шығармау;
6. Тұлғаның күшті жақтарын анықтау;
7. Басқа
адамды тікелей бағалау
8. Неғұрлым әртүрлі адамдар типінен өзара қарым – қатынасқа түсе білу;
9. Тренингте
болып жатқан құбылыстарға
10. Сөйлеп отырған қатысушыға сыйластықпен қарау.
3. «Бетперде» жаттығуы: әрбір сабақты көңіл күйді анықтаудан бастаған жөн. Бұл мақсатта тренинг қатысушыларына бетперде үлгілері көрсетілді. Онда үш келбет бейнеленген: көңілді, мұңлы және ашулы. Нұсқау берілді: «Осы бетперделерге қарап, сабаққа келген көңіл – күйіңізді таңдаңыз және «Не үшін екенін түсіндіріңіз». Қатысушылар нұсқау берілгеннен кейін өз көңіл – күйлері туралы ерікті түрде әңгімелеп берді және себебін айтты.
4. «Сенімділік» ойыны: оның мақсаты қатысушылардың өзара сенімділігін арттырып, топ ішінде пайда болатын психологиялық қысымды азайтуға бағытталады. Қатысушылар үш – үштен топтастырылып жеке – жеке шеңбер құрайды. Әрқайсысы теріс қарап тұрып, артқа қарай еш қорқынышсыз салмақсыз құлауды үйренеді. Бұл әдісті барлық топ қатысушылары орындауға тырысты. Топ ішінде жағымды қарым – қатынастың орнауына ықпал етті.
5. Қоштасу дәстүрі: сабақтың соңында қатысушылар шеңберге тұрып, бір – бірінің иығына қолдарын қойып, бір – біріне тіке қарап, «Рахмет, Сау бол» деген сөздермен қоштасу дәстүрін орындады.
(Кейінгі
сабақтарда сәлемдесу мен
Күні: 22.02.2007ж.
Сабақ № 2
Сабақ мақсаты: ойын түрінде мінез қасиеттерін салыстыруға, өзге адамның эмоционалдық күйін түсінуді дамытуға, баланың эмоционалдық сферасын түзетуге бағытталады.
Сабақтың барысы:
1. Сәлемдесу дәстүрі. Қатысушылар шеңберге тұрып, бір – бірінің иығына қолын қойып, мейірімді түрде бір – бірімен сәлемдеседі.
2. Таныстықты жалғастыру. Қатысушылар алдыңғы сабақта айтылған әр қатысушының есіміне сәйкес оның ұнататын нәрсесін дұрыс анықтап беруге тырысады. Таныстықты нығайту негізінде орын алмастыру ойыны жүргізіледі. Оның мазмұны бойынша, қатысушылар әртүрлі белгілерге қатысты топтастырылып, анықталып алынды. Мысалы, алмалар тобы, жүзімдер тобы, алмұрт тобы, тағы сол сияқты топтастырылды. Оларға нұсқау берілген кезде ортақ топтарға топтастырылған қатысушылар бір – бірімен орын алмастырып үлгеруі қажет.
Информация о работе Маркетинг и его роль в антикризисном менеджменте