Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 17:27, курсовая работа
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйелерінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді шыңдау кез – келген дағдарыстан шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасты өтеу қажеттігі туындайды.
Кіріспе..............................................................................................................3-6
І Оқу іс - әрекеті барысында мінез - құлықтың қалыптасуының
ғылыми – теориялық негіздері
Жеке тұлғаның даралық психологиялық ерекшелігі ретіндегі
мінез – құлыққа ғылыми теориялық талдау................................................7-17
Оқу іс - әрекеті барысында мінез-құлықты қалыптастыратын негізгі
шарттар.........................................................................................................18-24
ІІ Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс – әрекеті барысында
мінез – құлық ерекшеліктерін зерттеу жолдары
2.1 Оқу іс - әрекеті барысында мінез – құлықтың қалыптасуын
анықтау эксперименті..................................................................................24-34
Оқу іс - әрекетінде мінез – құлықты түзету және дамыту
жұмыстары...................................................................................................34-44
Зерттеу нәтижелерін жинақтау...............................................................44-45
Қорытынды.......................................................................................................45-47
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................................48-50
Қосымшалар.....................................................................................................51-54
Бұл критерийлерге қосымша ретінде нақтылау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылды. Бұл сұрақтардың мазмұны төмендегідей ұсынылады:
№ | Қойылған сұрақтар. | Жауабына сәйкес белгілер. |
1. | Бұл кактус жабайы ма? | Жауабына байланысты жанұя қамқорлығына ұмтылуы байқалады. |
2. | Инелері қолға қатты батады ма, ұстауға болады ма? | Агрессия деңгейі |
3. | Кактус баптағанды қамқорлықты ұнатады ма? | Өзіне назар аударудың деңгейі |
4. | Кактус жалғыз өседі ме, жоқ па? | Ұйымшылдық деңгейі |
5. | Кактус өскенде қалай өзгереді? | Мінез – құлқының өзгеру бағыты |
Тапсырманы орындау нәтижесі ұсынылған критерийлерге сәйкес талданып, өңделді де, қорытынды нәтижелер алынды:
өзіне назар аударғанды қаламайды, ұйымшылдық деңгейі төмен, өсе келе бойында агрессия белгілерінің басымдылығы шығуы мүмкін, коммуникативтік қасиеттері жақсы дамыған, ақ көңіл. Жанұя қамқорлығына ұмтылады, үйдегі жағымды психологиялық ахуалды қалайды.
назар аударғанды ұнатпайды, ұйымдастырушылық қасиеті жоқ, өзінің кішкентай екенін және өсе келе үлкен болатынын түсінеді.
ұнатпайды, ұйымшылдық деңгейі төмен, өзіне сенімсіз, көп көңілді өз мәселелеріне бөледі, нәзік, сезімтал, жанұядағы қамқорлыққа ұмтылыс байқатады.
басым, ашуланшақ, жанұя қамқорлығын қажет етеді, ұйымшылдық деңгейі нашар, көп көңілді тек өз мәселелеріне ғана бөледі. Жалғыздықты сезінеді. Жанұядағы нашар психологиялық ахуалды қаламайтыны байқалады. Күш – жігерін толықтырып үлкен болуды армандайды.
ұйымшылдық деңгейі төмен, мінез – құлқында өзгерістер пайда болуда, жанұя қамқорлығына ұмтылады.
байқалады, өзіне көңіл аударғанды ұнатпайды, жалғыздықты сезінеді, өскенде күш – жігері толысып, өркендеуді армандайды.
өзіне
сенімсіз, жалғыздықты сезінеді, жанұядағы
нашар психологиялық ахуал
8. Беридза Диана - өзін-өзі жоғары бағалайды, өзіне көңіл аударғанды жақсы көреді, өз бойындағы агрессияны қолға ұстай алады, демонстрант, қорқыныштық белгісі бар, жанұядағы қамқорлыққа ұмтылады, мінез-құлқында жалғыздыққа, оқшаулыққа ұмтылыс көрінеді.
9. Бекжігітова Молдір - өз-өзіне бағасы жоғары, интроверт, тұйық адам, үйдегі жақсы психологиялық ахуал байқалады, жанұя қамқорлығын сезінеді, агрессия байқалады, ұйымшылдық деңгейі төмен, тез үлкеюде ұмтылыс байқалады.
10. Бигельдиева
Сымбат - өзін-өзі жоғары бағалайды,
коммуникативтік қасиеттері
11. Дулатқызы Аружан – жанұядағы қамқорлыққа ұмтылады, агрессия, өзіне назар аударғанды ұнатады, өзін-өзі жоғары бағалайды, өз бойындағы агрессияны қолға ұстай алады, өте сақ адам, жанұядағы қамқорлыққа ұмтылады.
12. Қалметова Адина - өз-өзіне бағасы жоғары, ортада болғанды ұнатады, сақ адам, өмірде не болса да жақсылыққа жориды, ашық, досы көп, отбасындағы психологиялық ахуал жақсы.
13. Қалымбет
Айбек - өз-өзіне бағасы өте
жоғары, бірінші болуды мақсат
етеді, агрессия басым,
14. Қадыралыұлы Ағаділ – ортада болғанды ұнатады, демонстрант, жанұядағы қамқорлықта ұмтылыс байқалады, агрессия деңгейі қалыпты, ұйымшылдық деңгейі төмен.
15. Жалқожа
Марат – ортада болғанды
16. Нарк
Санжар – ортада болғанды
17. Молдабаев
Елдос – агрессия деңгейі
18. Оралбеков
Исабек – ортада болғанды
19. Оспаналиева Құралай - өзін-өзі жоғары бағалайды, агрессиялық басым, коммуникативтік қасиеттері жақсы дамыған, қорқыныш белгісі бар, үйдегі психологиялық жағдай жақсы, өзіне назар аударғанды ұнатады, ұйымшылдық деңгейі төмен, өсе келе агрессия деңгейі жоғарылауы мүмкін.
20. Өмірзақова
Әсел - өзіне сенімсіз, интроверт,
тұйық, сақ адам, ұйымшыл, үрей
белгісі бар, отбасындағы
Көріп отырғанымыздай, «Кактус» әдістемесінің нәтижесі бақылау барысында алған мәліметтермен сәйкес келеді. Демек, алған жеке қасиеттер мен ерекшеліктер көрсеткіштері оқушылардың тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес келетінін дәлелдейді. Осы келтірілген мәліметтерді жиынтыққа келтіріп, кесте түрінде ұсынылды.(қосымша № 1, 4-кесте)
Ұсынылған 4-ші кестеде. Оқу іс-әрекеті барысында екінші сынып оқушыларының 14-інің жеке мінез-құлық қасиеті қалыпты деңгейде дамығандығы көрініс тапты. Ал қалған 6 оқушының мінез-құлығының дамуында психологиялық қиындықтар байқалды. Анықтау экспериментінің нәтижелері осындай. Ал келесі кезең – қалыптастыру экспериментінің жүргізілу барысы осы тараудың екінші бөлімінде мазмұндалады.
2.2 Оқу іс - әрекетінде мінез – құлықты түзету және дамыту жұмыстары
Оқу іс - әрекеті барысында мінез – құлықтың қалыптасуын анықтау экспериментінің нәтижелері жоғарғыдай мәліметтер көрсетті. Анықтау барысында көрінген нәтижелердің қателіктері мен бұрыстылығын дұрыс реттілікке келтіріп, дамыту мақстаында мінез – құлықты қалыптастыру және түзету жұмыстары қарастырылады. Демек, зерттеу жұмысының қалыптастыру эксперимент бөлімі осыдан басталады. Эксперименттің жүргізілу барысына мазмұндама беруден бұрын, коррекциялық және дамытушы жұмыстардың мәні мен мақсат – міндеттеріне тоқталып өтелік.
Оқушылармен психокоррекциялық жұмыс психологиялық түрде дұрыс дамыған балаларға да, сонымен қатар оқу барысында, мінез – құлқында қандай да бір күрделі психологиялық мәселелері байқалатын балаларға да бағытталына алады. Алғашқы жағдайда дамытушы жұмыстың басым қолданылуы, ол екінші жағдайда – түзету (коррекциялық) жұмысының орындалуы жоспарланады. Толық әрі жан – жақты ұйымдастырылған түзетуші – дамытушы жұмыстың негізгі принципі – оқушыға ықпал етудің тұтастығы болып табылады.
Түзетүші және дамытушы жұмыстардың ұйымдастырылуы белгілі – бір талаптарға сәйкес келуі қажет. Оның ең алғашқысы – бұл жұмысқа баланың өз еркімен қатысу мәселесі. Ал бастауыш сынып және 5 – 6 сынып оқушылары болса, әрине ата – аналарының келісімі қажет болады.
Түзету – дамыту жұмыстарының мазмұнын жоспарлау барысында жалпы жас кезеңінің қажеттіліктері, құндылықтары және ерекшеліктері жайлы ескеру ғана емес, сонымен қатар оқушылар тиесілі болып отырған әлеуметтік және мәдени ортаның ерекшеліктері және де әр баланың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктері жайлы білімдерге сүйене отырып, қызмет атқару өте маңызды. Соңындағы манызды сәтінің бірі: жүргізілетін түзету – дамыту жұмыстарында әдістердің қолдану ерекшеліктеріне қарай кезектестігі мен реттік тәртібін сақтау кезеңі болып табылады.
Сонымен, психокоррекция дегеніміз – бұл адамның әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін орта мен өзара байланыстың психологиялық механизмдеріне бағытталған психологияның ықпал ету әдісі.
Оның мақсаты: баланың психикалық дамуына түзету енгізу, қалыптасып келе жатқан тұлғаны үйлестіру, сыртқы және ішкі факторларға байланысты әлеуметтік – психикалық бұзылыстардың алдын - алуға бағытталады.
Балаларға психокоррекциялық жұмысты жүргізудің міндеттері:
1. Бала
тұлғасын, оның эмоциялық күйін,
оқу мотивациясының деңгейін, мектептік
және әлеуметтік жетілуін, қарым
– қатынас құрылымы мен
2. Баланың
тұлғасының дамып,
3. Микорәлеуметтік
– педагогикалық «бетімен
4. Психологиялық жарақаттаушы жағдайларды шешуде, қоршаған ортамен жағымды қатынас қалыптастыруда, әлеуметтік мәртебені арттыруда, қалыпты мінез – құлық мәселесіне қатысты хабардарлығын дамытуда көмек көрсету.
5. Жоғары
эмоциялар және әлеуметтік
6. Балалар
ұжымында қабылдау, мейірімділік, ашықтық
және өзара түсінушілік,
7. Жеке
топтарда ата – аналар мен
тәрбиешілерге ұсыныстар жасау.
Психокоррекциялық ықпалдың бес бағыты қарастырылады:
1. Жеке психикалық функциялар мен компоненттерде түзету жұмыстары (назар, ес, құрылымдық немесе сөздік ойлау, фонематикалық қабылдау, қол іскерлігі, ойын, оқу, танымдық іс - әрекеті т.б.) немесе тұлға коррекциясы.
2. Психокоррекциялық ықпалдың директивті немесе директивті емес бағыты.
3. Индивидке немесе отбасына бағытталған психокоррекция.
4. Жекелік
немесе топтық сабақтар
5. Психокоррекция
жүйкелік – психикалық
Психокоррекциялық ықпалдың сонымен қатар бағадарлама құру формалары да жіктеледі:
- коррекцияның жалпы моделі: сабақ жүктемесін құрастыруды баланың жеке бас дамуы, жағдайы, қоршаған орта мен адамдар арасындағы жүйелі қатынастары ескеріле отырып, ықшамдап күнге, аптаға және айға бөліп қарастырады;
Информация о работе Маркетинг и его роль в антикризисном менеджменте