Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 17:27, курсовая работа
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйелерінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді шыңдау кез – келген дағдарыстан шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасты өтеу қажеттігі туындайды.
Кіріспе..............................................................................................................3-6
І Оқу іс - әрекеті барысында мінез - құлықтың қалыптасуының
ғылыми – теориялық негіздері
Жеке тұлғаның даралық психологиялық ерекшелігі ретіндегі
мінез – құлыққа ғылыми теориялық талдау................................................7-17
Оқу іс - әрекеті барысында мінез-құлықты қалыптастыратын негізгі
шарттар.........................................................................................................18-24
ІІ Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс – әрекеті барысында
мінез – құлық ерекшеліктерін зерттеу жолдары
2.1 Оқу іс - әрекеті барысында мінез – құлықтың қалыптасуын
анықтау эксперименті..................................................................................24-34
Оқу іс - әрекетінде мінез – құлықты түзету және дамыту
жұмыстары...................................................................................................34-44
Зерттеу нәтижелерін жинақтау...............................................................44-45
Қорытынды.......................................................................................................45-47
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................................48-50
Қосымшалар.....................................................................................................51-54
Мәселен, жарамсақтық кейде айлакерлік пен сатқындықты бүркемелеп тұруы мүмкін. Әйтсе де, адам қандай қулыққа салынса да бірде болмаса бірде өзінің нағыз бет пердесін көрсетіп алады. Бұл әсіресе, қақтығыс үстінде оқыс жағдайларда кездеседі. Мінезді танып, білу үшін – адамның сөзі мен ісін салыстырып, оны өмірдің сан – алуан жағдайларында байқап көру қажет.
Мінезді оны қалыптастыратын өмір жағдайларынан бөліп алып қарайтын метафизикалық тұрпаттағы психология – адам мінезіндегі даралық пен типтілік бітістердің өзара қатынасының мәнін ұға алмайды.
Идеалистер мінезді туа бітетін кең өмірде өріс алатын адамның рухани күші деп түсіндіреді. Идеалистік психологияның кейбір өкілдері бүкіл адамзатты барлық уақытта да өмір сүретін мырзалар мен құлдардың мінездік типтері деп аталатын өріссіз, жасанды сұлбаға саяғысы келеді. Осындай психологтардың басқа бір тобы мінез бітістері мен типтерінің қалыптасуындағы заңдылықтарды жоққа шығарып, адам бірінің мінезін екіншісі қайталамайды және адам тумысынан берілген мінез – құлқын өзгерте алмайды дейді.
Адам
мінезінің даралық ерекшелік
екендігін ғылым тарихында
И.Кант (XVIII ғ.) мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ, ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Т.Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Малапер, Фулье т.б. мінездің туа пайда болуымен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді. Полан мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөніндегі осындай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара талас – тартыс туғызып келеді.
Психологиялық - педагогикалық зерттеулерде бала мінез – құлығының ауытқу мәселесі түбегейлі зерттелініп сипат алғанымен, қалыпты дамыған бала мінез – құлқының жағымсыз түрлерінің туындау себептері ғылымда өз денгейінде зерттелінбеуде. Л.С.Славина дети с аффективным поведением атты еңбегінде кіші мектеп жасындағы балалардың аффективті мінез-құлқына сипаттама бере отырып, психологиялық талдау жасайды. Мұндай балалардың мінез-құлқына мыналар тән: өкпелегіштік, бұзықтық, бірбеткейлік, дөрекілік. Олар басқа балалармен үнемі ұрсысып, керісіп, ескертулерге тез ренжіп қалады. Автор мұндай мінез-құлық оның ұжымындағы дұрыс құрылмаған өзара қарым-қатынастардың салдарынан пайда болады деген қорытындыға келеді.
Зерттеулердің басым көпшілігі қиын балалардың тұлғалық ерекшеліктерін тануға арналған. Баладағы әр түрлі жағымсыз мінез-құлықтарға орталық жүйке жүйесінің ықпалы зор екен.
А.Д.Савченко өзінің бала қылығы және олардың себептері туралы деген мақаласында жағымсыз іс-қылықтар өзінен-өзі туындамайды, олар арам ниеттің нәтижесі, ал оның тамыры дұрыс құрылмаған тәрбиеде, себептері үлкендердің жаман өнегесінен, дұрыс үлгі бола алмауында деп атап өтеді.
Жағымсыз реакциялар, соған сәйкес мінез-құлықтың еркелік, қыңырлық, қиқарлық, эмоционалды тұрақсыздық түріндегі қылықтары басым балаларды түбегейлі оқып-тануға Е.Д.Белова да бар жігерін салды. Ол барабар емес аффекте көрінетін бала мінез-құлқы үшін оларға қасарушылық, тұйық мінезділік тән деп көрсетеді. Бұл балалар басқалармен дау-жанжалға жиі түседі, үлкендердің ескертпе-түзетулеріне қарсы шығады. Оның зерттеу жұмысының мақсаты балалардың аффектілі мінез-құлқына толыққанды талдау жасай отырып жағымсыз мінез-құлықтарды жою жолдарын көрсету болды. Зерттеу барысында жинаған материалдары авторды мынадай қорытындыға әкелді. Мұндай қателіктерге мыналарды жатқызады:
-талап
қоюдың жүйелігі мен
-шамадан тыс еркелету;
-ата-ана тарапынан бақылаудың болмауы;
Л.Ф.Островская өз зерттеулерінде еркелікке бейім балалардың жас ерекшелік және психофизикалық ерекшеліктеріне, оларды дұрыс тәрбиелеуге қатысты туындайды деп тұжырымдайды. А.П.Лариннің пікірінше қасарушылық кейде тәрбиенің жағымсыз жағдайларына байланысты ерте туындайды.
В.Д.Шадриков
негативті мінез-құлық
Олай болса эмоционалды қызбалық және ұшқалақтық немесе баладағы танымдық және қозғалыс іс-әрекетінің кідірісі, оның темпераменті мен жеке ерекшеліктерінің көрінуімен байланысты болуы мүмкін. Асықпаушылық пен баяу қозғалу флегматиктерге тән болса, артық қозғалу ментұрақсыздық-сангвиниктер мен меланхоликтердің айрықша белгісі. А.А.Рояк балалардың қарым-қатынасқа түсулерінің қиындықтарын барлай отырып, олардың мінез-құлқындағы мынадай бітістерді, яғни, өрескелдігі, сенбеушілігі, агрессивтілігі болатындығын анықтады. А.И.Захаров тәрбиедегі ауытқушылық отбасында көрініс береді және оның себептері отбасы құрылымында болады, сондай-ақ ата-ананың балаға қарым-қатынасынан туындайтынын айта келіп осы бағыттағы тәрбиенің мынадай негізгі параметрін бөліп көрсетеді.
-түсінбеушілік;
-қабыл алмау;
-тоталитарлық сәйкессіздігі;
-балалармен
қарым-қатынасындағы
-балаға қараудағы бір қалыпсыздығы;
-ата-аналардың
өзара қатынасындағы
Отбасы жағдайындағы осындай мәселелерді ескерген автор бала мінез-құлқының бұзылуына, олардың «тууына» себепші болатындығын көрсетіп, егер ата-аналар өздерінің жеке проблемаларын дер кезінде шешіп отырса , бала психологиясының бұзылуына жол бермейтінін баса айтады.
Сонымен Р.В.Овчарова және басқа да ғалымдардың зерттеулерімен келісе отырып, бала мінез-құлқы қиындығының себептерін жалпы мынадай топтарға жатқызуға болады.
1.
Әлеуметтік-педагогикалық
2. Терең психикалық дискомфорт бұл отбасы өзара қатынасының сәтсіздігінен, яғни отбасындағы психологиялық жағдайдың терістігі, топтағы құрбы-құрдастарымен өзара қатынасының жараспауы, балаға ата-ана, тәрбиеші, оқытушы тарапынан әділетсіз қатынас жасалуы салдарынан көрінеді.
3.
Жас дағдарысы, мінез
4.
Өз ойын білдіруде парасатты
белсенділік танытудан,
5.
Қараусыздық, қоршаған ортаның
теріс ықпалын және оның
Осы аталған себептердің қатарында әсіресе баланың әлеуметтік-психологиялық қараусыздығы, оларға қоршаған ортаның немқұрайды қатынасы басты орын алады, нәтижесінде шет қалу, өзінің қажет еместігі, қорғансыздығы сияқты сезімдер туындайды. Сондықтан өскелең ұрпақ тәрбиесіне әрқашан жауапкершілікпен қарау керек.
Психологтар бастауыш мектеп жасындағы оқушының жеке тұлғасының қалыптасуындағы оқу іс-әрекетінің мәніне ерекше көңіл бөліп ,«оқушының ішкі позициясын қабыл алу», (Л.И.Божович), «оның танымдық және адамгершілік күштерінің дамуының жаңа көздерін ашатын, мінез – құлық мотивтерінің өзгерісі» (В.В.Давыдов), баланың «мектепке оқу міндетін» сезінуде қамтылған қоғамдық орнының өзгерісі (Н.Ф.Добрынин) сияқты аспектілерді бөліп көрсетеді. Кеңес психологиясында мотивациялық сфера өзінше қарастырылады ол адамның ақиқатқа, өз-өзіне, басқа адамға белсенді түрде бағытталған қатынасының күрделі жүйесін құрайды, әрі түрткілердің әртүрін қамтиды (Л.И.Божович). Баланың қай мотиві өзіне жетекші мотиві ретінде таңдап алуына қатысты оның адамгершілік позициясы қалыптаса бастайды (Л.И.Божович, А.Н.Леонтьев). Оқушының мотивациялық сферасы оның эмоционалды – еріктік сферасына, оның ақыл- ой әрекетіне әсер ететін түрлі қатынастардың қайта құрылуына әсер ететін өте мәнді фактор ретінде көрінетін «педагогикалық бағамен» анықталады.
Осы
жастағы оқушылардың қарым–
Психологтардың ойынша бастауыш мектеп жасындағы балалардың өзара қатынастарының негізгі бет бейнесі, олардың достық қатынастарының сыртқы өмірлік жағдайлары мен кездейсоқ қызығушылықтарының бірігіп кетуінде. Құрдастарының берген бағасы өзіндік бағалаудың қалыптасуына негіз болмайды. Осы жас шамасындағы балалардың жетекші іс - әрекеті болып табылады. Қарым – қатынас көбінде өз - өзін және басқа адамдарды тану қажеттілігін қанағаттандыратын іс - әрекет ретінде қарастырылады. (М.И.Лысина)
Баланың ересектермен қарым – қатынастарының жүйесі жеке қарым – қатынасының өзі оқу іс - әрекеті арқылы жанамалданады. (Д.Б.Эльконин)
Баланың мектептегі өзгерістерден кейін өмірлік тәжірибесі пайда болады, құрбыларының арасында өзіне тән нақты орынды иелену ұмтылысы пайда болады (А.Н.Леонтьев, Л.И.Божович, И.В.Дубровина, Б.Г.Ананьев). Бастауыш мектеп жасында балалардың ересектермен, әсіресе мұғаліммен қарым – қатынастары ерекше мәнге ие болады, өйткені осы жас шамасындағы баланы мектептегі оқуға өтумен байланысты өзінің іс - әрекетіне, ересектермен және құрбылармен жаңа қатынасқа, жаңа өмір салтына өту дайындығымен қатар, білімдерді меңгеру дайындығын қамтитын, оқушының әлеуметтік позициясы қалыптасады (Л.И.Божович). Балада мектепке келісімен оқығысы келу тілегімен қатар осы міндеттерді жүзеге асыра алмауымен байланысты қиыншылықтар мен қарама – қайшылықтары пайда болады. Ересек адам баланы жаңа іс - әрекеттерді орындауға неғұрлым дұрыс үйрететін болса, оқушының оқуға деген қызығушылығы соғұрлым нығая түседі, оқудың қандай да бір жағымды мотивациясы қалыптасады. Соңғысы аса мәнді, өйткені бастауыш сыныптағы оқушының жеке тұлғасының дамуы көбіне оқу іс - әрекетінің мотивтерінің бағыттылығымен қарым – қатынасында қалыптасатындығы белгілі. Ересек адам балаларға адамзат мәдениетінің жетістіктерін табыс етеді, адамның психикалық дамуын қамтамасыз етеді (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, М.И.Лысина). Балада қарым – қатынас қажеттілігінің пайда болуы оның онтогенезіндегі дамуының анықтауышы мезеті болып табылады.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ересектермен қарым – қатынасы олардың жеке тұлғасының қалыптасуының жетекші факторларының бірі болып табылады. Л.С.Славина мен Э.Л.Фрухтың пікірінше балалардың ересектермен қарым – қатынасының жетіспеуі, олардың бір – бірімен қарым – қатынастарының мәнін ұлғайтады. 30 – шы жылдардың өзінде кейбір балалардың теріс мінез – құлықтарының астарында «психикалық витаминдердің» - әсіресе ересектер тарапынан қарым – қатынастың, мейрімінің, көңілдің жетіспеуі жатыр деген болатын. Тәрбие мәселесі ғылыми тұрғыда қалай қойылмасын, махаббаттан мейірімнен, көңілден айырылған баланың жаны да, тәні де қалжырайды. Осындай жағдайдағы баланың жеке тұлғасы толыққанды дами алмайды, өткені әлеуметтік дағды тәжірбиесі бірден жүдеп кетеді, бала өзінің жеке басын дұрыс бағалай алмайды (М.И.Лисина, В.С.Мухина, С.Г.Якобсон).
Информация о работе Маркетинг и его роль в антикризисном менеджменте