Маркетинг и его роль в антикризисном менеджменте

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 17:27, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйелерінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді шыңдау кез – келген дағдарыстан шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасты өтеу қажеттігі туындайды.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3-6
І Оқу іс - әрекеті барысында мінез - құлықтың қалыптасуының
ғылыми – теориялық негіздері

Жеке тұлғаның даралық психологиялық ерекшелігі ретіндегі
мінез – құлыққа ғылыми теориялық талдау................................................7-17
Оқу іс - әрекеті барысында мінез-құлықты қалыптастыратын негізгі
шарттар.........................................................................................................18-24

ІІ Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс – әрекеті барысында
мінез – құлық ерекшеліктерін зерттеу жолдары
2.1 Оқу іс - әрекеті барысында мінез – құлықтың қалыптасуын
анықтау эксперименті..................................................................................24-34
Оқу іс - әрекетінде мінез – құлықты түзету және дамыту
жұмыстары...................................................................................................34-44
Зерттеу нәтижелерін жинақтау...............................................................44-45


Қорытынды.......................................................................................................45-47
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................................48-50
Қосымшалар.....................................................................................................51-54

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая работа.doc

— 177.50 Кб (Скачать документ)

      Бастауыш сынып оқушыларының денесінің  барлық  организмдері  мен  тканьдарында  елеулі  өзгерістер  болады.  Олардың  психологиясының  нығаюна  байланысты  10 – 11  жасқа  толғанша  жазуға  қиналады.  Сондықтан  жазба  жұмысымен  көп  айналыстыруға,  әсіресе  көшіріп  жазуға  көп  уақыт  жіберуге  болмайды.  7 - 8  жас арасында  бала  жылына  2,5 кг  дейін салмақ қосады.  Баланың өсуі  жылына  5 см  өседі,  жүрегінің соғуы 84 – 90  дейін болады.  Осының  өзі  баланы  едәуір  қиналдырады. Бас  миының  салмағы  100 - 150 гр  өседі. Әсіресе оның  маңдай  бөлігі  едәуір  қалыптасады. Маңдай бөлігі  ой  мен  сөйлеудің  орталығы  болғандықтан  осының  қалыптасуы  бала  ақыл – ойының  кеңінен  өріс  алуына  мүмкіндік  береді.

      Оқуды  өзінше іс- әрекеттің бір түрі  сөз немесе  нақты бейне арқылы  белсенділік  пен  ұғынуды  айтады.  Оқу  әрекеті  білім  алумен  шектелмейді,  сонымен  қатар  ептілік  пен  дағдылану да  керек.  Бастауыш сыныптағы  оқушылар  тапсырманы  қалай орындауды тәсілін білмейді. Олар  берілген  тапсырманы  жаттап  алады. Тапсырма  балаларға мынадай екі  жолмен  беріледі:

- берілген  тапсырманы  орындау  үшін  жауапты  бала  өздігінен  іздестіреді

- тапсырманы  жауап  іздестіру  ретінде  балаға  берілмейді.

 Оны   орындау  үшін  үлгі  мен   мәтіні беріледі.  Ал  оқу   әрекетінің  ендігі  бөлшегіне  келсек,  осының  өзі  тиісті  мәліметтерді  пайдалана  отырып,  сол  тапсырманы  орындаудан  тұрады. Бұл  оқу іс - әрекеті  деп  аталады.

        Тапсырманы  қалай  орындауды   және  пәндер сабағына  тәуелділігі   әртүрлі  болады.  Оқу  әрекетін  тексеру  кезеңі  осыған  мән  берудің  үлкен  маңызы  бар.  Күнделікті  кейбір  балалардың,  нашар  оқушылардың  тапсырманы  орындап  біттім  деген  соң  соның  нәтижесін  тексермей  сабаққа  бірден  келуінен оқушының  сәтсіздігі  кішкентай  кезден  бастап  мән  бермеуінен кездеседі.  Ал  мұнымен  күресіп,  бала  тапсырманы  орындаған  соң, қаншалықты  дұрыс  екенін  оны  тексерсе, соны  балаға  үйретсе,  балалардың  бәрі  қатесіз  оқиды.  Себебі  балалар  тапсырманы  қате  орындағанын  үйінде  отырып  білсе,  уақытын  бос  өткізбей,  сол  қатені  жоюға  әрекет  жасаған  болар  еді.

      Бастауыш сынып оқушаларының негізгі  таным  процестері:  қабылдау,  зейін,  ойлау, сөйлеу, қиял,  есте  сақтау.  Мектепке  келгеннен  кейін  көптеген  өзгерістерге  ұшырайды.  Осыған  орай,  біз  талдауды  ең  алдымен  қабылдаудан  бастаймыз.  Жеті жаста баланың қабылдауы едәуір  қалыптасып  қалады.  Жалпы алғанда,  кіші  оқушыға не  қызықты,  не  қажетті екеніне мән беріп,  қабылдауға  икемдеу келеді. Мысалы: балаларға берілген  текст әртүрлі бояумен жазылса, осының  өзі оқуға кедергі жасайды. Себебі, бала  оқудың  орнына  бояуға  қызығып,  алаңдайды. Кіші  оқушыға әсіресе кеңістік  пен уақытты қабылдау  қиынға  соғады. Сабақтың  үстінде  оқушы  бір  пәннің  қабылдау  міндеттерін  алып, ал  одан  кейін  оны  кең  түрде    тұжырымдамайды.  Егер  қабылдау  кезінде  баланың  ойланып,  нені  негізге  алатынын 2 –ші  дәрежедегі  қасиет  екенін  ажыратады. Бастауыш сыныптағы  оқушының  зейіні  де  қабылдау  сияқты  ең  алдымен  терең   дамыған.  Зейін  ерікті,  еріксіз  болып  бөлінеді. Бала  не  қызық  екеніне  мән  беретініне  оның  еріксіз  зейіні  алғашқы  кезде  ерікті  зейінінен  басым  келеді.  Оның  еріксіз  зейіні  әсем  бояулармен, сөздермен өзіне тартқыш келетіне  байланысты  мұғалім мүмкіндігінше сабақты  қызықтыруға  тиісті.  Бастауыш сынып  оқушыларының  зейін  көлемі  және  бір  мезгілде  бірнеше   іске   зейін  бөле  алуының  үлкен  маңызы  бар. 

      Мектепке келген бала көбінесе сырттай ашық және   эмоционалды  жағдайларды,  суреттеулерді  дәл  есте сақтайды. Оқушылар күн режимін, мінез – құлық ережелерін, үй тапсырмаларын  арнайы  есте сақтауы тиіс. Мысалы: бірінші  сынып  оқушысы текстті бір  қарайды, танысқаннан кейін жаттап алдым деп ойлайды. Есте сақтаудың екі формасы бар:  ерікті және  еріксіз.

      Бастауыш сынып кезеңі – мектеп өмірінің басы. Бұл жаста оқу әрекеті бала үшін бастау болып табылады.

      Мінез – адам өмірін бейнелей отырып, сонымен бірге өмір салтына ықпал жасайды. Табанды, қажырлы қайратты кісі қандай кедергіні болса да жеңіп, өзінің көздеген мақсатына жете алады, осы жолда өз еңбегін, тұрмысын тиімді етіп ұйымдастырады, барлық мүмкіндіктерді жете пайдаланады. Осындай мінезді адам қоғамға аса пайдалы болады, өйткені ол алда тұрған қоғамдық міндеттерді шешуде белсенділік қабілет көрсетеді. Мінез адамның жеке өзі үшін ғана емес қоғам үшін де қажет. Ұжымдық өмір мен ондағы тіршілік әсіресе жұмыстағы әр адамның көңіл – күйі осы адамдардың мінез бітімімен де сабақтасып жатады. 
 
 
 
 
 
 
 

1.2  Оқу іс – әрекеті барысында мінез – құлықты қалыптастыратын

    негізгі шарттар

    Бастауыш  мектептің негізгі міндеті –  баланың бастапқы тұлғалық қалыптасуын  қамтамасыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту болып отыр.

    Өсіп  дамып бала бойында алуан түрлі  қасиеттер байқалады. Осы бір  көп сырлы қасиеттердің жағымды, жағымсыз жақтарымен елеусіз мінез  көріністері де бала бойында болады. Бала мінезінің жағымды жақтарына  қайырымдылық, инабаттылық, сыйлаушылық, шынайы адалдық, жақсы – жаманды айыра білушілік, алдағы өмір жолына ұмтылушылық жатса, ал нашар мінез көріністеріне тұрақсыздық, өтірік айтушылық, өзімшілдік, беймазалық, ұшқалақтық сияқты қасиеттер жатады. Бала бойында назар салып бақылағанда байқалатын қасиеттерге: өзін - өзі сын көзбен қарап, мінездегі кемшіліктерді сезіну, әділетті, әділетсіздікті аңғаруы ойлаған мақсатын орындап шығу үшін шыдамы мен іскерлігі жатады. Егер бала мінезіндегі көріністер өмірімен сабақтасып, тәрбиемен ұштасса, бала қайырымды, байсалды, бір сөзді, батыл жүректі, табанды болып ер жетеді. Ал, бала бойында ынжық мінез қалыптасса,  онда сылбырлық, жалқаулық, күйгелектік, қорқақтық, мылжыңдық мінездер пайда болады. Бала өскен сайын көп көріп, естіп білуге ұмтылады. Өз ойын айту, басқалармен достасу, пікірлесу сияқты мінез – құлық қалыптасады. Баланың дамып, нықталып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білудің маңызы зор.

    Бала  мінезін тәрбиелеудің сан қырлы  жолдары бар. Психологиялық –  педагогикалық әдебиеттерге жүгінсек, тәрбиелеудің негізгі екі арнадан тұратынын көреміз: Біріншісі – бала көзін жеткізу, екіншісі – жақсы әдет – ғұрыпқа дағдыландыру. Осы екі жолды қатар бір – бірінен ажыратпай байланыстыра жүргізсе, бала мінезі саналылық жолға бағытталады.

    Оқушының  мінез – құлқын қалыптастыратын негізгі шарттар:

1. Оқушының  тәртібін сабақ үстінде және  сабақтан тыс кезеңде бақылау.

2. Оқушының  қызметін талдау. (Әр пән бойынша  дәптерлерін, бақылау жұмыстарын, шығармаларын т.б)

3. Оқушыдан  оны не қызықтырады және жақсы  көретін сабақтары жөнінде әңгімелесу.

4. Достары  жөнінде әңгіме жүргізу.

5. Оқушы  жөнінде достарымен, ата – анасымен  әңгіме жүргізу.

6. Бала  мектепке үлкен қызығушылықпен  келеді, ең негізгі шарт бала  бойындағы қызығушылықты жоғалтып  алмау.

7. Бала  бойындағы қиындықтарды дер кезінде  анықтап, түзету жұмыстарын жүргізу.

8. Оқушыларды  қанағаттандыратын эмоционалдық  жағымды өзара  қарым – қатынас  жүйелерін (құрбыларымен, мұғалімдермен,  ата - аналарымен) қалыптастыру.

9. Бастауыш  сынып оқушыларында өткізілетін  оқу тәрбие жұмыстарын педагогикалық дифференциациалау.

10 Сапалы  тегін қосымша білімге балалардың  қолын жеткізу (үйірме, секциялар).

    Қозғап  отырған мәселеміз оқушылардың  жеке басының қасиеттерін  зерттеу  болғандықтан, онымен жүргізілетін жұмыстардың  әдіс – тәсілдеріне тоқталайық. Бала бойындағы бір күн байқалмаған қасиет екінші күні байқалып отырады. Сондықтан оқушыларға арналған күнделік жүргізу керек деп ойлаймыз. Онда жыл бойы әр бала туралы мәлімет жазылып отырады. Ол әрі қысқа, нақты жазылады. Оқу жылы соңында «Мен қандай оқушымын» деген тақырыпта тәрбие сағатын өткізіп, жазылған психологиялық күнделікпен оқушыны таныстырамыз. Әр оқушының мінез – құлқына талдау жасап, сенің бойыңда мынандай жақсы қасиеттер бар. Сол үшін сені жұрттың бәрі ұнатады, сенің бойыңда мынандай жағымсыз қасиеттер бар деп, оның зиянды екенін түсіндіріп отыру керек.

    Әрбір оқушының жеке басын тәрбиелеудің стратегиясын білу үшін сынып жетекшісі тек қана оның күшті және әлсіз жақтарын біліп қоймай, сонымен қатар оның оқитын, тұратын жерін және қарым – қатынас жасайтын жақтарын білу қажет. Ол үшін әртүрлі әдіс – тәсілдер арқылы ата – аналармен тығыз байланыста болуы керек: әңгімелесу, ата – аналар жиналысы, анкеталық сұрақтар қою ата – аналардың психологиялық, педагогикалық білімдерінің деңгейімен танысу. Оқушының әрі қарай жетілуінің бағдарламасын құрмастан бұрын, мұғалім оған әртүрлі әдіс – тәсілдер арқылы өзіндік бақылау және өзіндік талдау жасауға көмектеседі. Бұл мақсаттарда мына тақырыптарға әңгіме жүргізуге болады: «Сіз қарым – қатынас жасай аласыз ба?», «Жалқаулықпен қалай күресуге болады?», өнегелік тақырыптағы диспут, дискуссиялар: «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Мені түсіну үшін не істеу керек?», «Өзіңді таны және жетілдір!» тағы басқалар.

       Оқу іс-әрекеті арқылы шығармашылық мінез-құлықты қалыптастыру бір жағынан оқу үрдісіне  қызмет етсе, екінші жағынан тәрбиелік ықпал жасауды  күшейтеді.

       Бастауыш сыныптағы жұмыс мазмұны әр түрлі іскерліктерді, дағдыларды жетілдіруге бағытталады. Олар оқу дағдыларын жетілдіреді, өзіндік жұмыс ұйымдастыруда ізденімпаздығын, дербестігін, танымдық біліктерін мінез-құлқын дамыту, этикалық нормаларды сақтау іскерлігін меңгереді. Бастауыш сыныптағы жұмыстардың іс жүзіндік жағы басым болғандықтан, олардың мазмұнын  оқушылардың шығармашылық іс -әрекеті бағыты жағынан қарастарып, соған орайластырған жөн.

       Ол үшін бастауыш сыныптағы жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген әдістерін іріктеп алудың маңызы зор.

    Бастауыш сыныпта жүргізілетін  жұмыстар пәннің негіздерін  оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білуіне көп септігін тигізеді. Мұнын өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай бетбұрыс жасалып жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр.

       Бір қатар мектептер бастауыш сыныптағы жұмыстарды оқушылардың көпшілігі қатысатын, атап айтқанда, кештер,  “ойлан – тап ”ойындарын өткізумен ғана шектелмейді. Оның өзінде оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне, жеке белсенділіктерімен шығармашылығын, мінез-құлқын дамытып отыруына жете көңіл бөлінеді.

       Соңғы кездерде бастауыш сыныптағы жұмыстарды қызықты етіп жүргізуде пән апталығы, танымдық сөз жұмбақтар, ойындар, жарыс кештері, т.б. көптеген білім беретін материалдар кең түрде қолданыла бастағанына қарамастан, оларды   қызықты етіп ұйымдастыру жағы жетіспейді. Бұл салада да оқушылар шығармашылығы аз пайдаланылады. Әсіресе, оқушыларды  жаппай қатыстыратын басты жұмыстар: мектепшілік пәндік олимпиадалар, өндірістік  мәні бар таным жорықтар, оқушылар білімін тексеруге арналған алғырлар, тапқыштар  жарыс кештері сирек өткізіледі.  Кейбір ұстаздар осы саладағы өздері өткізген үлгілі жұмыстарының нәтижесін басқаларға ұсынуға мән бермейді.

       Бастауыш сыныптағы жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де  нәтижелі болуы керек. Оқу –тәрбие барысында сабақ пен тыс жұмыстардың өзара байланыстылығын жетілдіру, мұнымен бірге оқушылардың білімге, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай – ақ оларды қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым еңбекке қатыстырып , белгілі кәсіптік мамандықты игеруге  әзірлеу – мұғалімдердің негізі  міндеті. Сондай – ақ мұғалімнің оқу материалын түсінікті етіп әсерлі баяндауы, тәжірибелерді шеберлікпен көрнекі көрсетіп, сабаққа танымдық ойын қисындарын еңгізіп отыру оқушылардың пәнге деген қызығуын арттырып, қиялын қозғауға, мінез-құлқын қалыптастыруға әсер етеді.  Мұғалім бастауыш сыныптағы жұмыстарды жеке оқушыға ғана әсер ететіндей емес, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай етіп ұйымдастыруы тиіс. 

       Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қызыға бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезеңде сабақтың мазмұны мен  оны түсіндірудің негізгі әдістері оқушылардың өз беттерінше  танымдық іс - әрекеттерін дамытатындай, әрбір нақты материалды жүйелі меңгеретіндей етіп құрылғаны жөн. Осы мәселелердің бәрі оқушылардың жеке жасы мен жеке   басының дара ерекшеліктері мінез-құлқын білуді қажет етеді.

      Бастауыш сыныптағы жұмыстар оқушылардың пәндік білімін   дамытып қана қоймайды,  оларды жан – жақты тәрбиелеудінде міндеттерін шешеді. Әрбір   оқушы өзінің еріктілігімен қатар өз бетінше жеке дара жұмыс істейтінін де,  ұжым алдындағы жауапкершілігінде жақсы сезінуі керек.

      Оқушылардың пәнге қызығуын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін емес,  сондықтан да   сыныптан тыс әр түрлі жұмыстар жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім сапасын арттыруға  септігін тигізеді.  Бұдан шығатын қорытынды, яғни сыныптағы жүргізілетін пәндік жұмыстардың негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін, іс-әрекетін көтермелеу болып табылады.

      Оқушыларды оқу іс-әрекеті барысында мінез-құлқын қалыптастырудың психологиялық және педагогикалық шарттарының бірі: оқу - тәрбие  үрдісінде жеке тұлғалық қасиеттері – бағдарлық оқыту, мұғалім мен оқушының өзара қарым – қатынасындағы ынтымақтастықтың  болуы, апталық жобалар, пәндік үйірмелер, факультатив сабақтарының маңызы зор. 

      Осындай формада жүргізілген жұмыстар арқылы оқушылар өздерінің әртүрлі іс-әрекетті танымдық және шығармашылық сұраныстарын қанағаттандыра алады,  мектеп  олимпиадалары мен  байқауларға, көркемөнер және техникалық көрмелерге белсене араласады,  бұл мектеп ішіндегі оқушылардың арасынан дарынды балалардың шығуына ықпал етеді. 

      Мінез – құлқында қиындығы бар оқушыларды анықтап, қиындықтар не себептен пайда болатынын мына кесте арқылы көруге болады.

                                                                                                                   1- кесте.

Мінез – құлқындағы қиындықтардың түрлері. Зерттеген психологтар. Мінез – құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептері.
1. Эмоциялық өріс (сезім әрекетіне бой алдырғыш) ашуланшақ, долы, өкпелегіш, өзіне - өзінің көңілі толмаушылық, жылауық т.б. Е.Е.Кравцова,

А.А. Нурахунова,

В.В.Степанова

Отбасының әлеуметтік тұрмысына байланысты: (толық емес отбасы, жағдайы жоқ отбасы т.б.)
2. Еріктік өріс (ашушаң, қыңыр, сенімсіздік, қызғаншақтық, өтірік айту, өзімшілдік т.б.) А.В.Запорожец,

Л.С.Выготский

Жеке тұлғаның дамуында психологиялық бірізді  жүйенің болмауынан.
3. Танымдық өрісінің бұзылуы. Бала дамуындағы өнімсіз әрекеттер, дұрыс ойлай алмауы т.б. Л.С.Выготский,

Л.В.Занков,

А.Н.Леонтьев,

Л.А.Венгер.

Психологиялық заңдылықтар бойынша жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіктерді байқап, дамыта алмаушылық.

Информация о работе Маркетинг и его роль в антикризисном менеджменте