Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 19:26, курсовая работа
Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады [1].
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең бастысы отандық және шетелдік нарықта қазақстандық өнім өндірушілердің позициясын күшейту проблемасын шешу қажет. Осы мәселені шешуде мемлекеттік қолдаумен қоса отандық кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ…………………………….6
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы түсінік…………………6
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің факторлары мен критерийлері……………………………………………………………………..13
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау……………………..27
2 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ………………………………………………………….35
2.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізудің экономикалық және әлеуметтік мәні.………………………………………………………………….35
2.2 Қазақстандағы тамақ өнеркәсібі саласының бәсекелік жағдайын сипаттау…………………………………………………………………………..45
2.3 Кондитер өнімдерінің Қазақстан нарығындағы бәсекелестердің қызметін талдау («Рахат» АҚ мысалында)……………………………………51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ…………………………….6
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы түсінік…………………6
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің
факторлары мен критерийлері………………………………………………
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау……………………..27
2 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ
ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ………………………………………………………….
2.1 Өнімнің бәсекеге
2.2 Қазақстандағы тамақ
өнеркәсібі саласының бәсекелік жағдайын
сипаттау…………………………………………………………
2.3 Кондитер өнімдерінің
Қазақстан нарығындағы
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Экономиканың дағдарысқа
дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің
қорытындысы бойынша
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең бастысы отандық және шетелдік нарықта қазақстандық өнім өндірушілердің позициясын күшейту проблемасын шешу қажет. Осы мәселені шешуде мемлекеттік қолдаумен қоса отандық кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Қазіргі уақытта бәсекелестікті талдау мен бағалаудың өте көп әр түрлі әдістері қолданылады. Алайда шетелдік компаниялармен салыстырғанда отандық кәсіпорында осы әдістер өте төмен деңгейде пайдаланылады. Біздің ойымызша, бұған осы әдістерді пайдалануға қажетті ақпаратқа қол жеткізудің қиындығы немесе осы ақпараттың шынайы болмауынан қажетті ақпараттық базаның, білікті мамандардың аздығы, озық консалтингтік компаниялардың жетекші мамандарын тарту үшін қаражаттың болмауы қолбайлау болып отыр.
Қазіргі экономикалық жағдайға орай 50 ел қатарына қосылуда, ДСҰ (ВТО) кіруде республикамыздағы кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдары бүгінгі күні өзекті мәселеге айналып отыр.
«...Қазірдің өзінде біздің кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктердің пайда болуын дұрыс бағалау, жаңа рыноктарға шығу жөніндегі тиімді стратегияларды әзірлеумен байыпты айналысу, бәсекелестік артықшылықтарды өсіре түсу маңызды...» деп 2010 жылғы 29 қаңтарындағы жаңа оңжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауында айтылды [1].
Осыған байланысты фирманың бәсекеге қабілеттілігін басқару мақсаттарының сол немесе басқа әдісті қолдануға болатын экономикалық принциптерді қарастырып талдау қажет. Міне, осы жағдайлар зерттеу тақырыбын таңдауға себеп болды.
Егер 2006-2007 жылдары республика 50-ші орында болса, 2007-2008 жылдары – 61-ші, ал 2008-2009 жылдары 66-шы орынға төмендеді. Рейтингіге барлығы 131 мемлекет қатысты.
Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі жалпы өнеркәсіптің әр түрлі салаларына жататын отандық кәсіпорындарға байланысты. Соңғы жылдары елдің жалпы экономикалық көрсеткіштеріне тамақ өнеркәсібі қызметі көрсеткіштерінің ықпалының күшейгені байқалады.
Қазақстанның осы саласында 4059-ға жуық өнеркәсіптік кәсіпорын мен өндіріс жұмыс істейді, оның 80%-ын шағын және орта кәсіпорын құрайды.
Қазақстанда кондитерлік өнімді тұтынудың деңгейі дәстүрлі түрде жоғары, сондықтан тамақ өнеркәсібінің кондитерлік саласы қазақстандықтар үшін де, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін де өте тартымды болып табылады.
Экономиканың тұрақты дамуға көшу жағдайында кондитерлік кәсіпорындарды стратегиялық басқару қажет. Осы мақсатқа жету үшін кәсіпорындар ұзақ мерзімді бәсекелік артықшылықты қалыптастыруға және өздерінің ұзақ мерзімді мақсаттарына жетуі тиіс.
Қазіргі нарықтық жағдайда ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастыру мен оны іске асыру мәселелері М. Портер, Ж.-Ж. Ламбен, П. Дойл, А.А. Томпсон, А.Дж. Стрикленд есімді шетелдік ғалымдардың, сондай-ақ Г.Л. Азоев, О.В. Аристов, Н.И. Герчикова, Р.А. Фатхутдинов, К.Ә. Сағадиев, Қ.О. Оқаев, А.К. Қошанов, К.Р. Қасенов сияқты ресейлік және қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Көрсетілген еңбектерде ұлттық және әлемдік экономикаларда интеграциялық процестер күшейген жағдайда қазіргі заманғы кәсіпорындарды басқарудың стратегиялық механизмдері мен құралдары ерекше орын алады.
Тамақ өнеркәсібі, оның ішінде кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілік проблемалары В.Н.Сергеевтің, В.Г. Кайшевтің, Л.М. Аксенованың, А.Ю. Синявскаяның, А.С. Матвееваның, Е.В. Минаеваның, И.П. Чепурнойдың, М.Б. Кулешованың, В.Д. Гончаровтың, О. Сәбденнің,
С.А. Каленова, С.Р. Есімжанова, және т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Басқару саласы ғылымдарының өкілдері бәсекелестік жағдайды талдауда компанияларды стратегиялық басқару процесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Бәсекелестікті талдау (SCIP) мәселесімен кәсіби деңгейде айналысатын халықаралық талдаушылар қоғамы мүшелерінің, атап айтқанда Дж.Е. Прескоттың, А. Смиттің, Р. Фифердің және т.б. жұмыстарын ерекше атап өтуге болады. Осы ғалымдардың еңбектері негізінен компанияларда бәсекелестерді қадағалау жүйелерін енгізу және SWOT-талдау, бәсекелетік бейіндерді талдау, бенчмаркинг, сценарийлерді талдау, бәсекелестерді қадағалау жүйелерінің аудиті, имитациялық модельдеу және т.б. сияқты бәсекелестерді талдау мен бағалаудың техникалық тәсілдерін әзірлеудің күрделі мәселелеріне арналған.
Зерттеушілер тауардың және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік проблемасына ерекше назар аударады, соған қарамастан диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға түрткі болған кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілік проблемасы әлі де болса жеткіліксіз зерттелген.
Бітіру жұмысының мақсаты кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмінің жұмысын зерттеу әрі қолданылатын теориялық тәсілдемелер мен кәсіпорындардың практикалық қызметін қорытып талдау және жүйелеудің негізінде кәсіпорынды жетілдірудің басты жолдарын іздестіру, фирмалардың бәсекелестік артықшылықтары мен олардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру принциптерін анықтау болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыста келесі міндеттері қойылды:
– өнеркәсіптің отандық кәсіпорындары жұмыс істейтін бәсекелік ортаның дамуының негізгі үрдістерін және экономикалық жағынан талдау;
– өңірлік нарықтарда бәсекелестік өршіген жағдайда кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттарын айқындау;
– кәсіпорындардың даму стратегиясын тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін өңірлік нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмін әзірлеу;
– кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесін бәсекелік ортаның өзгеруінің серпінді аспектілерін ескеріп даярлау;
– кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмін іс жүзінде іске асырудың бәсекелік ортаның ерекшеліктері ескерілген әдістемесін әзірлеу;
– зерттелетін саланың кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұсынылған ұйымдастыру-экономикалық механизмін қолдану жөнінде практикалық ұсыныстар дайындау.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы түсінік
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің мәнін толық ашу үшін бәсеке қабілеттілік туралы неғұрлым толық түсінік беру қажет. Бәсекеге қабілеттілік – бұл объектінің нақты нарыққа шығарылған өзі сияқты обьектімен салыстырғанда нақты қажеттілікті шынайы және әлеуетті қанағаттандыру дәрежесін сипаттайтын қасиеті. Бәсекеге қабілеттілік нақты нарықтағы аналогтық өніммен салыстырғанда бәсекеге төзе алу қабілетін анықтайды [4].
«Басқару проблемалары бойынша Европалық форум» бәсекеге қабілеттілікті фирмалардың белгілі бір жағдайда бәсекелестердің тауарына қарағанда бағалық және бағалық емес сипаттамалары бойынша тұтынушылар үшін неғұрлым тартымды тауарды жобалау, дайындау және өткізудің шынайы және потенциалды мүмкіндіктері ретінде анықтап берді. Бұл анықтаманың кемшілігі – тек тауарға ғана қатыстылығы және бағалық және бағалық емес сипаттамаларды ғана есепке алғандығы. Объекттің бәсекеге қабілеттілігі нақты нарыққа немесе нарықтың стратегиялық бөліктену белгілеріне сәйкес қалыптасатын тұтынушылардың нақты тобына қатысты анықталады. Егер объект бәсекеге қабілетті болып табылатын нарық көрсетілмесе, онда бұл объект қазіргі жағдайда ең жақсы әлемдік үлгі деген сөз. Нарықтық қатынастар жағдайында бәсеке қабілеттілік қоғамның даму дәрежесін сипаттайды. Елдің бәсекеге қабілеттілігі неғұрлым жоғары болса, сол елдегі өмір сүру деңгейі соғұрлым жоғары.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі – кәсіпорын дамуының өндірістің қызметінің тиімділігі мен адамдар қажеттілігін өз тауарымен қанағаттандыра алу дәрежесі бойынша бәсекелес фирманың дамуына қатысты ерекшелігін білдіретін қатысты сипаттама. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның нарықтық бәсекеге шарттарын игеру динамикасы мен мүмкіндігін сипаттайды. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі келесі факторларға тәуелді:
сыртқы және ішкі нарықтағы кәсіпорындар тауарларының бәсекеге қабілеттілігі;
өндірілетін тауар түрі;
нарық сыйымдылығы (жыл сайынғы сату көлемі);
нарыққа жеңіл қолжетімділік;
нарықтың бірегейлігі;
нақты нарықта қызмет ететін кәсіпорындардың бәсекелік жайғасымдары;
саланың бәсекеге қабілеттілігі;
саладағы техникалық жаңалықтардың мүмкіндігі;
елдің немесе аймақтың бәсекеге қабілеттілігі.
Өндірушілерге бәсекелік басымдық беретін жалпы қағидаларды тұжырымдайық:
барлық және әрбір жұмысшының басталған жұмысты жалғастыруды көздеуі.
кәсіпорынның тұтынушыға жақындығы.
кәсіпорында шығармашылық атмосфераның және автономияның құрылуы.
қабілетті адамдар мен
олардың жұмыс істеуге деген
ынтасын қолдану арқасында
кәсіпорын үшін маңызды жалпы құндылықтарды көрсету.
өз дегенінен қайтпау.
ұйымның қарапайымдылығы, қызметтегі персонал мен басқарудың ең төменгі деңгейі.
бір мезгілде жұмсақ және қатал бола білу. Ең маңызды проблемаларды қатаң бақылауда ұстау және маңыздылығы төмендерді бағыныштыларға тапсыру.
Нарықтық қатынастардың әлемдік тәжірибесі көрсеткендей, бұл проблемалардың өзара байланысты шешілуі және жоғарыда айтылған қағидаларды қолдану кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге кепілдік береді.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен осы өнімді өндіруші-кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі бүтін және бөлік ретінде өзара байланысты. Кәсіпорынның белгілі бір тауар нарығында бәсекелесу мүмкіндігі, сөз жоқ, тауардың бәсекеге қабілеттілігіне және бәселік күрес нәтижелеріне ықпал ететін кәсіпорын қызметінің экономикалық әдістерінің жиынтығына тәуелді. Нарықтағы кәсіпорындар бәсекесі өнімдер бәсекесін білдіретіндіктен, өнімді дайындап, оны әлемдік нарықта сататын кәсіпорын тауары туралы хабар беретін қасиеттердің мағыздылығы арта түседі.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігінің мәнін толық ашу үшін тауар туралы неғұрлым толық түсінік беру қажет. Тауар нарықтағы ең басты объект екені белгілі. Оның құны және тұтынушылық құндылығы бар, белгілі бір сапаны, техникалық деңгей мен сенімділікті, тұтынушылық пайдалылықты, өндіру мен тұтынудағы тиімділік көрсеткіштерін және басқа да маңызды сипаттамаларды иеленеді. Экономикадағы нарықтық қатынастардың ерекшеліктері мен қайшылықтары дәл осы тауарда көрініс береді. Тауар – экономикалық күш пен өндіруші белсенділігінің нақты индикаторы. Өндіруші жайғасымын анықтайтын факторлардың іскерлігі тауардың бәсекелес-тауардан нақты қоғамдық қажеттілікке сәйкестігі дәрежесі бойынша да, оны қанағаттандыру шығындары бойынша да ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін, дамыған нарықтық механизм жағдайындағы тауарлардың бәсекелік бақталастық үрдісінде тексеріледі. Ол үшін тауар белгілі бір бәсеке қабілеттілікке ие болуы керек.
Әдебиеттерде тауардың бәсекеге
қабілеттілігі оның нарықтағы басқа
аналогтық тауарлармен