Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 19:26, курсовая работа
Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады [1].
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең бастысы отандық және шетелдік нарықта қазақстандық өнім өндірушілердің позициясын күшейту проблемасын шешу қажет. Осы мәселені шешуде мемлекеттік қолдаумен қоса отандық кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ…………………………….6
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы түсінік…………………6
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің факторлары мен критерийлері……………………………………………………………………..13
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау……………………..27
2 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ………………………………………………………….35
2.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізудің экономикалық және әлеуметтік мәні.………………………………………………………………….35
2.2 Қазақстандағы тамақ өнеркәсібі саласының бәсекелік жағдайын сипаттау…………………………………………………………………………..45
2.3 Кондитер өнімдерінің Қазақстан нарығындағы бәсекелестердің қызметін талдау («Рахат» АҚ мысалында)……………………………………51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
«Рахат» фабрикасын бәсекелестерімен салыстырып, оның күшті және нашар жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін қарастырайық (6-кесте).
Кесте 5. «Рахат» кондитерлік фабрикасын SWOT-талдау
Күшті жақтары:
нарықтың көшбасшысы;
компанияның тұрақты қаржылық жағдайы;
жоғары және орта буындағы білімді әрі білікті басшылық;
маркетингке, үздік қызмет көрсетуге ерекше назар аударылады;
өнімнің кең түрі;
сатып алушылар арасында беделді, жақсы танымал сауда белгісі;
тәртіпке келтірілген өнім өткізудің икемді жүйесі;
өте икемді баға саясаты;
шығын жөніндегі артықшылықтар;
шикізат жеткізушілермен ұзақ мерзімді байланыс жасау.
Нашар жақтары:
өндірістік қуаттардың толық іске қосылмауы;
зерттеулер мен әзірлемелер саласында артта қалу;
қаланың ішінде орналасу: өндірістік үй-жайлардың тарлығы, даяр өнімнің бірыңғай қоймасының болмауы;
қосымша көлік шығындары (шикізат қоймасының алыста орналасуы);
кейбір жұмысшы мамандықтары бойынша білікті мамандардың жетіспеуі.
Мүмкіндіктер:
шығарылатын өнімнің жоғары сапасын және басқа да тұтынушылық қасиеттеріне ерекше назар аудару;
жаңа нарықтарға немесе нарықтардың сегменттеріне шығу;
өндірістік желіні, өнімнің түрлерін кеңейту;
сатылас интеграция;
деңгейлес интеграция;
бәсекелес фирмалардың жайғасымдарының әлсіреуі;
жаңа өнім шығаруда жаңалықтар мен технологиялық «ноу-хауды» пайдалану қабілеті;
Қазақстанда жалпы инвестициялық ахуалдың жақсаруы;
компанияның қаржы жағдайының жақсаруы;
келешегі мол дамушы саланың тұрақты және қарқынды дамуы.
Қауіптер:
Қазақстандағы тұрақсыз макроэкономикалық ахуал;
ұлттық валютаның құнсыздануы, инфляция;
ғаламдық қаржы дағдарысы;
әлемдік тауарлық нарықта жағдаяттың күрт өзгеруі,
халықтың кірісінің төмендеуі, халықтың төлемге қабілеттілігінің түсуі;
шығындары төмен жаңа бәсекелестердің пайда болу мүмкіндігі;
отандық өндірушіні мемлекеттік қорғау мен қолдаудың жеткіліксіз тиімді жүйесі;
халықтың әл ауқаты мен сатып алу қабілетінің деңгейіндегі өңірлік сәйкессіздіктердің сақталуы;
сатып алушылар мен жеткізушілердің талаптарының артуы;
импорт өнімі тарапынан күшті баға бәсекелестігі;
жергілікті шикізат базасының жеткіліксіздігі мен дамымау салдарынан кәсіпорынның өндірістік және қаржылық жағдайын әлемдік нарық жағдаятына тәуелді ететін импортталатын шикізаттың жоғары үлесі.
Компанияның ұзақ мерзімді мақсаттарын қарастыра отырып «Рахат» АҚ қолданыстағы стратегиясына жалпы жан-жақты өсу, атап айтқанда нарықтағы жайғасымды күшейту стратегиясы деген анықтама беруге болады.
Нәтижесінде ұсынылған әдістемелік тәсілдемені қолданып:
а) бәсекеге қабілеттіліктің сыртқы факторларының дамуын сапаның бағалау арқылы сипаттауға (санын бағалау мүмкіндігі болмаған жағдайда);
ә) болжамдық ахуалды, болжанатын объектіні егжей-тегжей сипаттамасын әзірлеуге;
б) бәсекеге қабілеттіліктің сыртқы және ішкі факторларын анықтап бағалауға;
в) кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне сыртқы ортадағы жағымсыз жағдайлардың жасайтын ықпалын анықтауға;
г) болжанатын кезеңдегі бәсекеге қабілеттіліктің елеулі факторларын анықтауға және шамалы өзгеретін факторларды негізге алып (олардың маңызын есептегенде) және осының негізінде фабриканың бәсекеге қабілеттілігінің дамуындағы басымдықтарын анықтауға;
ғ) басқарушылық шешімдер «Рахат»
АҚ дамуына болжанатын кезеңде қаншалықты
ықпал ететіні жөніндегі
Сөйтіп, сипатталған әдістемені қолдану кәсіпорынның ұзақ мерзімді келешекте бәсекелестік артықшылыққа жетуге күш-жігерін бағыттау мақсатында бәсекеге қабілеттілікті дамытудың бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл үшін басымдықтарды таңдап, нарық жағдайының даму үрдістеріне барынша жоғары дәрежеде сәйкес келетін және кәсіпорын қызметінің күшті жақтарын тамаша пайдалануға мүмкіндік беретін стратегия әзірлеу қажет.
Кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін факторлардың екі тобын жеке атауға болады:
а) тұтынушылардың қалауына, атап айтқанда, тауардың бағасына, сапасына, инновацияға, ұйымдастыру-коммерциялық жағдайларға, сауда белгісінің имиджіне байланысты олардың өніммен қанағаттану дәрежесі;
ә) кәсіпорынның экономикалық, қаржы, ғылыми-техникалық және қор сипатындағы факторларға байланысты бәсекелік мүмкіндіктер.
Сондықтан келтірілген көрсеткіштер топтарының ауқымында кондитерлік өнімнің ерекшеліктерін айқын көрсететін және кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмін әзірлегенде пайдаланылатын көрсеткіштерді ұсынуды қажет деп санаймыз.
Кездейсоқ іріктеу әдісімен Алматы қаласының 16 азық-түлік дүкені таңдалды, олардың ішінен респонденттердің тепе-тең саны да кездейсоқ алынады. Іріктеудің ең аз көлемі сенімгерлік аралық әдісінің негізінде анықталып, 450 адам іріктелді. Зерттеу барысында 550 респондентке сұрақ қойылды.
Сөйтіп, қазақстандық нарықта кондитерлік өнімдерді жылжыту үшін өнім дәмінің сапасын жақсарту, өнімнің тұтынушыға жылдам жетуді қамтамасыз ету, бағамен айла жасау, сондай-ақ өндірушінің танымалдық дәрежесін арттыру мен оның өнімінің беделі сияқты тиімді маркетингтік іс-шаралар іске асырылады.
Біздің ойымызша, бәсекеге қабілеттілікті нарық жағдайының сапа сипаттамасы ғана емес сан жағынан өлшенетін параметр ретінде қарастыруға болады. Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың ғылыми негізделген әдістемесін әр түрлі өлшемдерді пайдалана отырып, әр түрлі әдістермен құруға болады. Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау белгіленген көрсеткіштердің жиынтығына негізделуге тиіс, ал көрсеткіштердің құрамы басқару субъектісін бағалаудың мақсаты мен қажеттілігіне орай анықталады. Қайсы бір жеке өлшемге басымдық беру қиын болғандықтан, бәсекеге қабілеттілікті кешенді бағалаған орынды.
Бәсекеге қабілеттілікті кәсіпорынның рейтингін әзірлеу негізінде бәсекеге қабілеттілік факторларының жиынтық ықпалының негізіндегі бәсекеге қабілеттілік құрамдастарының жиынтық ықпалын ескере отырып бағалауға болады. Осылай бағалау міндетті түрде ресми есептілік деректеріне негізделуге тиіс.
Біздің ойымызша, Қазақстанның
кондитерлік өнеркәсібінің
«Рахат» АҚ мен оның негізгі бәсекелестерінің рейтингтік сандарының мағыналары жалпы да, сондай-ақ бәсекеге қабілеттіліктің әрбір параметрі бойынша да анықталды (6-кесте).
Кесте 6. Қазақстанның кондитерлік
саласы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігінің
интегралдық көрсеткішін
Параметр
«Баян сұлу»АҚ
«Рахат» АҚ
«Қарағанды кәмпиттері» АҚ
«Ақтөбе тәтттілері» АҚ
Шаруашылық қызметтен түскен пайда
0,42
4,0
0,29
0,87
Басқарудың тиімділігі
0,4
3,79
0,62
2,18
Іскерлік белсенділік
6,30
4,70
4,18
3,46
Өтімділік және нарықтағы тұрақтылық
0,88
3,42
4,37
2,19
Өндірістің көлемі мен шоғырлануы
0,98
4,49
3,87
2,27
Төлемге қабілеттілік
3,33
4,05
4,98
2,63
Бәсекеге қабілеттіліктің интегралдық көрсеткіші
12,31
24,45
14,31
14,0
Айтылғанды көрнекі түрде көрсету үшін кәсіпорындарды саралайық, яғни оларды аддитивтік әдіс бойынша анықталған бәсекеге қабілеттіліктің интегралдық көрсеткішінің мағынасына орай орындарға орналастырайық
(8-кесте).
Осылай көрсетілген ақпараттан кәсіпорындар мен олардың интегралдық көрсеткіш бойынша құрылған рейтингтегі жақын қарсыластарының жалпы деңгейі жөнінде пікір қалыптастыруға да, сонымен бірге бәсекеге қабілеттіліктің әрбір параметрі бойынша құрылған рейтингті талдау негізінде бәсекелестікке қабілеттіліктің «нашар жақтарын», сондай-ақ резервтерін анықтауға мүмкіндік береді.
Кесте 7. ҚР кондитерлік саласы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігінің 2009 жылғы рейтингі
Параметр
«Баян сұлу» АҚ
«Рахат» АҚ
«Қарағанды кәмпиттері» АҚ
«Ақтөбе тәттілері» АҚ
Шаруашылық қызметтен түскен пайда
3
1
4
3
Басқарудың тиімділігі
4
1
3
2
Іскерлік белсенділік
1
2
3
4
Өтімділік және нарықтағы тұрақтылық
4
2
1
3
Өндірістің көлемі мен шоғырлануы
4
1
2
3
Төлемге қабілеттілік
3
2
1
4
Бәсекеге қабілеттіліктің интегралдық көрсеткіші
4
1
2
3
Ескерту – Автор есептеген
Бәсекелестік стратегиясының тұрпаттамасын (типологиясын) пайдалана отырып, кондитерлік кәсіпорындар пайдалана алатын бәсекелестік стратегиясының келесі түрлерін жеке атауға болады: 1) төмен шығынның есебінен нарықта көшбасшы болу стратегиясы; 2) өндірісті әртараптандыру стратегиясы; 3) жергілікті нарықты саралау стратегиясы; 4) нарықтың шағын сегменттеріне қызмет көрсету стратегиясы; 5) интеграция мен кооперациялану стратегиясы. Осы саладағы бәсекелестік ортасы мен тауар нарығының ерекшеліктерін және кәсіпорынның экономикалық мүмкіндіктерін саралай келе атап өтілген стратегияның бірін қолдануға болады.
Сөйтіп, отандық және шетелдік кәсіпорындардың, сондай-ақ шағын кәсіпорындар мен олардың қауымдастығы тарапынан бәсекелестік күшейген жағдайда ірі және орташа өңірлік кондитерлік кәсіпорындарды стратегиялық басқарудың тиімділігін арттыруға қатысты ғылыми негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік беретін кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың әдістемесі мен механизмін әзірлеудің елеулі ұйымдастыру-экономикалық маңызы бар ғылыми міндет қалыптастырып шешілді.
Өнім мен кәсіпорынның
бәсекеге қабілеттілігін талдау негізінде
бәсекеге қабілеттілікті арттыру механизмін
әзірлеу ұзақ уақыт бойы (3-5 жылға)
бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге
бағытталған кешенді іс-
Ұйымдастыру-экономикалық механизмін пайдаланып өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалауға, оның келешектегі жай-күйін болжап, осы өнім ұйымның бәсекеге қабілеттілігіне қалай ықпал ететінін білуге болады. Ұйымның өсу стратегиясы өнім мен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижелеріне негізделеді [36].
Осы жұмыста кондитерлік өнім нарығындағы бәсекелік ортаны талдау орта және ірі өңірлік өндірушілер; жергілікті шағын кәсіпорындар; ірі ресейлік өндірушілер, сондай-ақ Украинаның кәсіпорындар деп аталатын шартты түрде үш негізгі топқа бөлінетін кәсіпорындардың арасында бәсекелестік қарқынның өршігенін растады. Сондай-ақ талдау шағын өндірушілер ұннан жасалған кондитерлік өнім, әсіресе бисквит-крем өнімі сегментінде өздерінің қатысуын арттырғанын байқатты. Ірі ресейлік және шетелдік өндірушілердің өңірлік нарықтарды басып алуы жалғасқан жағдайда ірі жергілікті өндірушілердің нарықтағы үлесінің одан сайын кемуіне әкеп соқтырып отыр.
Бітіру жұмысында кондитерлік нарықтың күннен-күнге өршіп келе жатқан бәсекелестіктің ерекшеліктері ескеріліп орта және ірі кәсіпорындардың дамуының екі жолы бар екені анықталды.
Әзірленген ұйымдастыру-
ҚОРЫТЫНДЫ
Ғаламдану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті ұлттық шаруашылық пен жекелеген экономикалык субъектілердің бәсекелеге қабілетін қалыптастыру және қолдау болып табылады. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту максатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда. Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізгі міндеттері: ғылыми көлемді және жоғары технологиялық экспортты өндірістердің құрылуына жағдай жасау; жоғары құнды кызмет көрсету мен тауарлар пайдасына сай елдің экспортты деңгейін диверсификациялау инновациялык үрдістермен бірігіп, әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялау.
Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары, тұтынушылық сұраныстың дифференциялануы, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігі және өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде.