Тәуелсіздік кезіндегі поэзия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2013 в 10:09, курсовая работа

Краткое описание

Азаттықты аңсау білектің күшімен, найзаның ұшымен ғана жүзеге аспайтын еді, сондықтан намысты қайрау рухты ояту, жігерді жану үшін әманда сарқыраған сарынды, адуын ағысты жыр көмекке келген. Бодандыққа бойұсындырмай, отаршылдық езгіден зар шеге жүріп, одан шығатын жол іздеттірген, тәуелсіздіктің темір құрсауын тәрк етуге ұмтылдырған да жыраулардың отты жырлары, ақындардың алаулы өлеңдері еді ғой. Ерте дәуірдегі, тіпті біздің жыл санауымыздан әлденеше ғасырлар бұрынғы елді қорғау, жерді қорғау, батырлардың ерлік істерін әспеттеу идеясы бірте-бірте азаттық,тәуелсіздік жолындағы күрестің ұранына ұласады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоба.doc

— 244.00 Кб (Скачать документ)

                 Ақын Сағынғали Сейітов-қазан ревалюциясының түйдей құрдасы, келмеске келген кеңестік дәуірдің төл перзенті болса да, кейінге қарайлап, өткенді аңсап, торыққан жоқ, қайта жаңа күнді, жаңа қоғамды, жаңа тәуелсіз Қазақстанды аға буын атынан қуана құттықтағандардың алдыңғы сапынан көрінді:

                Қазақ елі, көкке жетті Көк туың.

                Сен-тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі [23,8]

    дейді ол.

                 Қазақстан тәуелсіздік алған  алғашқы жылда іңгәлап өмірге  келген сәби секілді дәрменсіз  болды, бір-ер жылдар өткенде  апыл-тапыл басып, жүре бастады, тілі шықты-шын мәнінде анадан жаңа туғандай күй кешті. Бұл әсерді ақын Ғафу Қайырбековтің  “Мемлекетім менің” атты өлеңінен жақсы аңғарамыз:

                Мұз құрсанған, ақ көрпеге оранған,

                Қиын-құстау, сары аяздан, бораннан.

                Қорықпастан туған менің бөбегім-

                Мемлекетім-азаттығым оралған   [24,56]

                  Ал осы мемлекетімізді әлдилеп,  ардақтап өту идеясы айтуға  оңай көрінгенмен, іс жүзінде  тіпті де жеңіл жүзеге аса  қойған жоқ. Түрік ойшылы, философы, ақын Зия Көкалыптың  “Ұлтыңды таны, үмбетіңді таны, өркениетіңді таны” [25,3]-дейтін қағидасы қазақтарға да жат емес еді. Ұлтыңды, үмбетіңді, өркениетіңді Тәуелсіз Мемлекетіңді шексіз сүюден басталатын болса керек.

   Мәселен, ақын Күләш Ахметова:

                Мен Алладан сұраймын мінәжат қып,

                Заман бізге жасамай, сірә, жаттық.

                Бұл далама.

                Ұлтыма,

                Ұрпағыма

                Шын мәнінде келгей деп шын Азаттық!       [26,249]

десе, ақын Оңайгүл Тұржанова:

                 Қыран қанат ел болдық бөктері  кең,

                 Күннен ұшып жаныма от келіп  ең,

                 Тілек тілеп жұртына Дала жатыр,

                 Көз жазып қалмаңдар деп көк бөріден [27,45]

-деп  Тәңірлік дінге  табынған, Күнге табынған, Көк бөріні кие санаған заманнан жеткен таным-сенімімізді оятуға тырысқан. Күләш ақынның тіліне оралған  “шын Азаттық” дейтін сөз тіркесі көп ойға жетелейді. “Шын ба, шын емес пе?” дейтін дүдәмал сауал қазақ зиялыларының өзін қатты ойландырған. Ақындардың Тәңіріден, Алладан мәдет сұрауының бір сыры да осында жатыр.

              Елге егемендікпен, тәуелсіздікпен бірге нарықты экономика келді. Сауда келді. Таршылық пен тапшылықтан шығар жолды іздеп жанталасқан қауым базар жағалады. Ақын Исраил Сапарбайдың  “Көк базар” атты өлеңінде кезең, уақыт шындығы көркем кестеленген, шындықтың шырқыраған үні құлаққа шалынып, рухани дағдарысқа ұшырадық деп дабыл қағады:

                           Өшіп-жанған бір отты көріп  алдан.

                           Жүруші еді кеудемде толып арман...

                           Сол арманды әй шәйсіз қуып  шығып,

                           Көкірегіме  “Көк базар” қонып алған  [28,47]

                Жалғыз Исраил ғана емес, базар экономикасы барлық рухани байлығымызды жұтып қоятын болды ғой деп қаламгерлер де қапалы еді.                                                

 Нұрлан Оразалиннің

                        Артық айтсам, айыптама, кеш күнім, 

                        Көлеңкедей ұзарып кеп өсті  мұң.

                        Өсті қайғы...

                        Өсті уайым...

                        Өсті шер...

                        Мәңгіліктің мылқау үнін естідім.             [29,239]-деді. Оразақын Асқардың

                        Іштен тынып аңсайды тек көнені,

                        Шетке жасар бар болса бір  көмегі

                        Тежемесек қауіп тәуелсіздікке

                        Түбінде көзқомандардан төнеді. [30,20]-деуі. Ақұштап Бақтыгерееваның

                        Жағдайың қалай, Жайығым,

                        Көбейіп тұр-ау, уайымың.

                        Алдында туған халқымның, 

                        Менің де жоқ қой айыбым.

                        Жағдайың қалай, Жайығым?! [37,376]

- деуі осының бәрі-заман  иығына түскен салмақ ақынның да еңсесін басып тұрғаны, халық көңілінде сәт сайын алмасқан сенім мен күдік, үміт пен үрей ақын жырларының да арқауына айналғанын, ұлт тағдырына жауапты болатын тек қана адал ұл-қыздары екендігін қауырсын қалам иелері қабырғасы жырмен өрнектеген.

              Сондай-ақ, бұл тарауда Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты шет елдердегі қазақ ақындарының да жедел үн қатуы, оралмандардың көңіл-күйі, ата жұртқа асыққан қандастарымыздың сағынышты жырлары да талданады. Тәуелсіздік жылдарында өткізілген жыр мүшәйраларындағы тақырып алуандығын атап айтқан жөн. Отан, ел, жер, ұлттық тіл тағдыры, мемлекеттік рәміздер көптеген ақындардың жаңа шығармаларына өзек болды және тәуелсіздіктің тағылымдарын айғақтады. Жаңа ұрпақтың ой-санасында қайта тірілген күрескер рухта қазақ жырында айшықты өрнек, тапты. Тәуелсіздік нышандарының бірі іспетті “Астана” ұғымы қазақ поэзиясында тұрақты тақырыпқа айналды. Зерттеу еңбекте бұған да екпін түсіріле талдау жасалынған.

              Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып танылуы, оны дүние жүзінің көптеген елдері мойындауы әртүрлі тарихи кезеңдерде тағдыр тәлкегімен шет жұрттарға ауып кеткен, кейіннен әлемнің әр елдерінде тұрақтап қалған қандастарымыз үшін айтып жеткізгісіз қуанышты оқиға болғаны анық.

                        Жусанын жұлып,

                        Жуасын теріп даланың,

                        Қытайда туып,

                        Манғолда өскен баламын.

                        Болдырып, шаршап,

                        Қазақ деп аңсап,

                        Тағы да көшіп барамын              [32,3]

-деп толғанады. Монғолияның  Баян-Өлгей аймағынан Қазақстанға  қозғалған көштің алдыңғы легінде  үй-орманымен, ағайын-туыстарымен  бірге жолға шыққан ақын Кәп  Құмарұлы. Түркиялық ақын Зейнел  Сүрмелі Қазақстаннан Стамбұлға келген қонақтарды қарсы алып тұрып:

                           Тәуелсіз енді осылай күн өткізіп,

                           Халықтың бағын ашсын патша құдай        [33]

-дейді. Ал, Моғолиялық  ақын Мұрат Бұшатайұлының “Жібек бұйда тағылған Ойсылқара” атты өлеңі қазақ бастан кешкен қилы заманды еске түсіреді:

                            Бөтен жерге сонда да сия  алмапсың,

                            Бота көзден жасыңды тия алмапсың.

                            Боздауменен келіпсің туған жерге,

                            Атамекен құшағын қия алмапсың  [34]

-дейтін шумақ та  шер де бар, шемен де бар,  шерлі шежіренің сорабы да  бар.

            Өлеңді ажарлау құралдарының бірі-ассонанс пен аллитерация. Поэзияда қайталанып келетін бірыңғай дауысты дыбыстар ассонанс, ал бірыңғай дауыссыз дыбыстар аллитерация болып есептеледі. Олар өлеңнің көркін келтіріп, құлаққа жағымды естіліп, тыңдаушысы мен оқушысын еліктіріп отырады.

                              Бөтен жерге сонда да сия  алмапсың,

                              Бота көзден жасыңды тия алмапсың.   

                              Боздауменен келіпсің туған жерге,

              “Б” дауыссыз дыбысы әр тармақтың басында қайталанып, құлаққа жағымды естіліп, ішкі көркем үндестікті қалыптастырып тұр.

 Сондай-ақ, Бақытхан Қазанғапұлының.

                               Қазақтың кең даласы-Атамекен,                              

                               Ең ақырғы тұрағы Ұлы көштің        [34]

-дейтін түйінді пікірі  назар аудартады.

                    “Жұлдыз”журналының 1995 жылы шыққан. №1санында “Қазақстанның егемендік алуының 2 жылға  толу тойына орай” аты Ақсұңқар Ақынбабақызының өлеңі шықты, ақын былай жырлаған:

                               

“Қазақ деген егеменді елмін”-деп,

         Халқын сүйген ей, азамат, қайшықпай

     Күреске  түс,  “Ер қадірін ел білмек”.

                             Егемендік елдік үшін ел керек,

                             Ерлік үшін ерді танып ел  керек

                             Уа, жастар!

                            Жолынды жастар!

                            Баста елдікке, ерлікке,

                            Ертеңі үшін

                            Егеменді қазақтың!

         Ақын өлеңінді егемендікті, тәуелсіздікті осылай жырласа, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толуына орай Сайлаухан Ашанов былай жырлаған:

                         Тәуелсіздік-он бір әріп құраған,

Сан ғасырлар бар қазаққа  боп арман.

                         Талай дара, даналардың көз жасы,

Қаныменен атты таң боп  бізге алдан.

 десе Тұманбай Молдағалиев:

Мен анамды ұғындым деп  мақтаныш,

                         Тілім білдім, жырын білдім сақтаған

                         Өз анасын сыйламаған пақырлар

Отанын да сыйлап көрген жоқ, балам

              Біз ақын өлеңдерінен тілсіз жұрт-жансыз жұрт екендігін аңғарамыз.      “Ана тілі дегеніміз-сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады”,-дейді Ғабит Мүсірепов.

                   Енді мемлекеттік рәміздеріміздің  бәрін мақтан тұтатын патриоттық, отаншылдық сезім ояна бастағанда  мемлекеттік тіліміздің өңі жүдеу,  үні бәсең, қимылы әлсіз қалпын  көріп, шынында да ақынның айтқаны  деп жырлаған.

                   Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан  бастап, күн тәртібіне өткір мәселелердің  бірі- мемлекеттік тіл тағдыры  еді.

                       Қасиетті жеріме көз тігуді,

                       Бастағанда ол амалсыз сөз  тірілді.

                       Орысша өлердей табынам деп,

                       Ұмыта да жаздадым өз тілімді,- деп 

                    Төлеген Жаңабайұлы тіл тағдырын осылай жырлаған. Ел тәуелсіздігі- ұлттық тіліміздің бағын ашты. Қаншама қиындықпен, күреспен, мылтықсыз майдан үстіндегі жанкешті шайқаспен қазақ тілі-мемлекеттік тіл болып мерейі асып, мәртебесі биіктеді, шын мәнінде, қайта тіріліп, өмірге қайта келді. Алайда мемлекеттік тілдің-қазақ тілінің қоғамдық өмірдің барлық саласында қолданысқа енуі баяу, тіпті өте баяу жүзеге аса бастаған.

                     ...Басына келіп әлде кім,

                        Сүйекке түсті таңба көп...

                        Қайда әлгі“жедел жәрдемің”,

                        Қазақ тіліне қан керек!                       [35,54]

-деп Серік Тұрғынбекұлы жедел көмектің қажеттілігі жөнінде бекерден-бекер жар салып отырған жоқ. “Басына кетіп әлдекім” деуінің де ащы шындығы түсінігі болар. Қазақ халқы үш байлығымыз деп: еліңді, жеріңді, тіліңді құрметтеу деген екен. Ана тілін ақындарымыз өлеңдеріне арқау етіп жырлаған. Сондай ақындарымыздың бірі Мұзафар ӘЛІМБАЕВ:

                          Ана  тілі- біздің туған анамыз!

                          Анамыздай сыйлап, бағып – қағамыз

                          Ана тілін бағаласақ қалай  біз,

                          Өзіміздің сондай болмақ бағамыз

                          Ана тілін кім аялай білмесе,

                        “Анасынан безген ұл деп қараңыз”.              

десе Марат Омаров:

                        Тілім, дінім мақтанышым шаттығым,

                        Үнім барда пәк көңілде жоқ  мұңым.

қосыла   “Қазақ тіліне қан керек!  ”-демеске не шара!

                        Туған анамды ұмытқаным емес  пе,

                        Туған тілім, егер сені ұмытсам!                 [36,153]

-дейді Несіпбек Айтұлы   “Ана тілім ” атты өлеңінде.

   Тіліміздің бүгіні  ашағына деген берік сенім,тағдырымыздың  біртұтастығы, тіршілігіміздің тамырластығы, ғұмырымыздың өзектігі, т.б. жарқын  бояулармен жеткізілген. Шуақты, нұрлы сезімге бөлейтін жыр.                                                                                                                                                                                             

Информация о работе Тәуелсіздік кезіндегі поэзия