Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2013 в 10:09, курсовая работа
Азаттықты аңсау білектің күшімен, найзаның ұшымен ғана жүзеге аспайтын еді, сондықтан намысты қайрау рухты ояту, жігерді жану үшін әманда сарқыраған сарынды, адуын ағысты жыр көмекке келген. Бодандыққа бойұсындырмай, отаршылдық езгіден зар шеге жүріп, одан шығатын жол іздеттірген, тәуелсіздіктің темір құрсауын тәрк етуге ұмтылдырған да жыраулардың отты жырлары, ақындардың алаулы өлеңдері еді ғой. Ерте дәуірдегі, тіпті біздің жыл санауымыздан әлденеше ғасырлар бұрынғы елді қорғау, жерді қорғау, батырлардың ерлік істерін әспеттеу идеясы бірте-бірте азаттық,тәуелсіздік жолындағы күрестің ұранына ұласады.
Қабырғасын сөксе де,
Қанын судай төксе де.
Қайыспас қара нарды деп,
Маңдайынан күн өтіп,
Жауырынан жел өтіп... (“Мінкен ер.”) [11,59]
Махамбет поэзиясы – ұлт
Поэзияда қоғам құбыластарының мәнін, кезең көріністерінің сырын,өмір уақыттың шындығын, адам әлемінің мың сан иірімдерін бейнелі,көркем,нанымды жеткізеді.
Махамбет-қазах рухының от
Махамбет өлеңдері намысты
Махамбет жырларын “Ереуіл толғаулары” деп ерекшелеген. С. Мұқанов: “Халық бостандығы үшін болған күресті сипаттайтын ХIX ғасырдағы поэзияда Махамбет жырларының орны ерекше, өйткені ХIX ғасырдағы халық көтерілісі кезінде найзамен қаламын бірдей қару етіп жұмсаған одан басқа ақын жоқ”[8,273] - деп шегелей тұжырымдаған.
Ал осы Махамбеттің құдіретті
жырларының бастау кездері,
Әлкей Марғұланның: “Жоқтау-
Шеңгелін ажал салды ма,
Сұм дүние артта қалды ма...
Алып Ер Тоңаны алды ма,
Қайғылы жүрек жыртылды-ау,- [10,20]
дейтін тармақтармен
Махамбеттің Ер Исатайдан айрылып,
қанатынан қайырылып тұрып
Түс қыла көр, құдайым,
Біздің Ер Исатай өлген күн,
Біздей меманасы тасқанға,
Он сан байтақ бүлген күн!..
ХХ ғасырдың басында Алаштың
ардақтылары қайта тұтатқан
Қазақтың зиялы қауымында
Бұл шын мәнінде бұрынғы
Бірақ әміршіл-әкімшіл үкімет бейбіт демонстрацияны армия күшімен жаныштай басты да, тап баяғы 30-жылдардағыдай сұмдығына найза байлайтын репрессия аппаратын іске қосты. Бір ауыз сөз бүкіл тағдырыңды айқындайтын, бір ауыз өсек болашағыңды талқандайтын заман болды. Үрей қайта оралды. Осындай бір қиын кезде, қара бастың қамын ойлағаны үшін ешкімді де кінәлауға болмайтын кезде, желтоқсан оқиғасының құрбаны болған жазықсыз жандардың жоқшысы болып, өз тағдырын қылыштың жүзіндей қатерге байлап, халық назарының биігіне ақын Мұхтар Шаханов көтерілді. Оның бұл ерлігін қазақтың белгілі ақыны Есенбай Дүйсенбаев былай деп жырлап еді:
Ұлылықты үндемеу деп ұққан бар,
Ұлт перзенті бола алмайды бұққандар.
Жалаңаштап тартып алға
Ақиқатты айтып өткен Мұхтарлар.
Мұндай ерлікті тудырушы күш
адамның өз халқына деген
Ғасырларды көктей өткен ұлы
сарын-азаттықты,
XV-XVI ғасыр кезеңі әдебиетінде арнау өлеңдері халыққа жайлы қоныс іздеу, елді бірлікке шақыру, сырт жаудан елді, жерді қорғау түрінде көрініс берді. Терең философиялық ойға құрылған, көбіне толғау түрінде ауызекі шығарылған бұл арнаулар жеке адам, халыққа сөз арнау мағынасына ие болды. Ақылгөй, көріпкел, дана, арқалы жырау, шашасына шаң жұқпас жүйріктер Асанқайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа және т.б. жырауларымыздың арнау жырлары – осының айғағы.
Жыраулар шоғырының
қөш басшысы Асанқайғы Сәбитұлы
бірде халқының күндіз күлкі, түнде
ұйқыдан айырылған қайғы-
Ай, хан, мен айтпасам білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің
Шабылып жатқан халқың бар
Аймағын көздеп көрмейсің...
Өзіңнен басқа хан жоқтай
Елеуреп неге сөйлейсің, -
деп батыл сөз айтады. Бұдан жыраулар поэзиясындағы арнауларда халықты, ханды жаңа құрылған мемлекеттің бірлігін, тұтастығын сақтауға шақыру, сырттан торыған жаудан қорғауға үндеу бірінші кезекке шыққанын байқаймыз. Бұл жолдан тайған ханға да, бекке де жырау аяушылық білдірмейді. Себебі ел бірлігі – бәрінен жоғары, қасиетті. Сондықтан да Марғасқаның опасыздыққа барған Тұрсын ханға:
Ей, Қатағанның хан Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын.
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңірісіп жатырсың.
Хан емессің қасқырсың,
Қара албасты басқырсың.
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалы жеткен пақырсың, -
деп уытты жыр семсерін аямай сілтейді.
Жыраулар шығармаларындағы арнау өлеңдеріне негіз болған тақырыптар с ан алуан болғанымен онда күнделікті күйкі тіршіліктің ұсақ-түйегін сөз ету жоқ, тек мемлекеттік дәрежедегі мәселелер ғана сөз болды. Егер Ақтамберді жырау:
Бірлігіңнен айрылма,
Бірлікте бар қасиет.
Татулық болар береке,
Араз болсаң алты ауыз,
Еліңе кірген өреке, -
деп жыр толғаса, жоғарыда айтылғанның дәлелі. Жыраулық поэзияның алғашқы кезеңдерінде арнау түрінде туған толғаулар негізінен объектіні мақтау, дәріптеу түрінде туса, кейінгі дәуірлерде шындықты көзге айта білу тура жолдан тайғанға сын найзасын сілтеу өріс алған.
Жауыңа қатты айту оңай, ал ханыңа, халқыңа қатты айту кез-келген жырау қолынан келе бермейді. Ондай сөзді жүрегіңнің түгі, сөзінің оты, халқына қадірі бар жырау ғана айта алады. Ал қатты айтпасаң халық тағдыры, жер тағдыры шешілер тұста ел билеушісі осалдық танытып қоюы мүмкін.
XV-XVII ғасыр жыраулар
поэзиясында негізгі сарын
Абылай орта жүзге хан сайланып, өзінің асқан ақыл-парасатын, іскерлігін, саяси қайраткерлігін көрсете білуі жыраулар шығармаларына кең жол ашты.
Алтын тақтың үстінде,
Үш жүздің басын құрадың.
Жетім менен жесірге,
Ешбір жаман қылмадың.
Әділетпен жүрдіңіз,
Әдепті іске кірдіңіз, -
Деген Бұқар жырау арнауы – бұған дәлел.
Арнау өлеңдері жыраулық поэзия арқылы өзінің өміршеңдігін, бүгінгі күнге керекті ойды айта білудің бірден-бір ұтымды үлгісі екенін көрсетті. Сондықтан да болар XV-XVIII ғасыр аралығындағы жыраулар творчествосы өзінің өлең өлшемі, айтылу түрі жағынан толғау түрінде көрініс бергенімен тақырыптық, мазмұндық, айтылу түрі жағынан арнау жанры үлгісінде кең қанат жайды. Тек біз осы уақытқа дейін оларды арнай айтылған толғаулар деп атап келдік.
Арнау өлеңдері XIX ғасырда жаңа арнаға, жаңа мазмұн, тақырыптарға қарай ауысты. Оның басты себебі – тағы да саяси жағдай, қоғамдағы өзгерістер.
Ресей патшасының отарлау саясаты қалыптасқан хандық құрылымды ыдырата бастауы жыраулар мен ақындар арнауларында өзіндік көрініс тапты.
XIX ғасыр ақын-жырауларының
арнаулары отаршылдық құрығына
қарсылық, кешегіні аңсау түрінде
көрініс берді. Сондай-ақ
Отаршылдық дәуір қазақ халқының мемлекеттік құрылымын ғана өзгертіп қоймады, ол өзімен бірге парақорлық, бақталастық, жемқорлық деген жаман әдетті де ала келді.
Хан оңбас қарашасын қарақтаған,
Нар үріксе жүгі ауыр қарқарадан.
Тұлпар ақау болды аяғынан,
Ақсаса оңалмайды би парадан, -
деп Жанақ ақынның Рүстем төреге парақорлық туралы айтқан ойы, Абай дәуірінде арнау өлеңдерінің негізгі тақырыбына айналуы – бұл кеселдің тамыры кеңге жайылатынын сол бір кезде-ақ ақындарымыз аңғарғанын, содан аулақ болуға баршаны шақырғаны байқалады.
Жыраулық пен ақындық поэзияны жалғастырушы тұлғалар – Шал, Махамбет шығармаларындағы жаугершілік рух, хан, билерге қарсы тұруға шақыру әлі де болса жыраулық поэзияға жақын тұрса, Шортанбай, Дулат, Мұрат, Байтоқ шығармаларында отаршылдыққа қарсы тұруға үндеу мазмұнына ауыса бастады, ал Сүйінбай, Бақтыбай арнаулары қоғамдағы жат қылықтардан халықты аулақ болуға шақыру түрінде болды. Арнау өлеңдердің мазмұнының өзгеруі, тақырыбының кеңуі, сатиралық рухтың күшеюі және сатиралық арнаулардың классикалық үлгілерінің тууы Абай шығармашылдығымен байланысты. Диссертациялық жұмыстың осы тарауында Абайдың Күлембайға, Дүтбайға, Көжекбайға арналған шығармалары талданып, арнау өлеңдерінің қалыптасуы дәуірінің аяқталғаны сөз болды.
ІІ ТАРАУ. ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫРЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕР, ТАҚЫРЫПТЫҚ АРНАЛАР
Тәуелсіздік рухы қазақ ақындары жырларынң тақырыптық аясын кеңейтіп, көркемдік ізденістерге жетеледі, жаңа, тәуелсіз ұрпаққа ата-бабамыз армандаған, сарыла күткен қуанышты сәттің жеткенін жария етті.
Қоғамның, заманның, уақыттың өзгеруімен бірге рухани дағдарыс кезеңі де келіп жетті. Балашақта болжау өте қиын еді. Тіпті, социалистік құрылыстың күйрегеніне, коммунизмнің мәңгі “елес” күйінде қалғанына күннің өзінде, жаңа қоғамға-капитал үстемдік ететін мүлде басқа қоғамдық жүйеге көшер алдындағы экономикалық дағдарыстар рухани құндылықтарымыздың да іргетасын шайқалтып жіберген болатын. Кеше ғана коммунистік партияның “сара саясатына” көзсіз сеніп, қызыл империяның табынған жыршыларына айналғандар бұрынғы ғадетпен күннің шыққанын да, жаңбырдың жауғанын да, егіннің жайқалғанын да жадағай науқаншылдықпен жырлай беруден күрт тиылды.