Тәуелсіздік кезіндегі поэзия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2013 в 10:09, курсовая работа

Краткое описание

Азаттықты аңсау білектің күшімен, найзаның ұшымен ғана жүзеге аспайтын еді, сондықтан намысты қайрау рухты ояту, жігерді жану үшін әманда сарқыраған сарынды, адуын ағысты жыр көмекке келген. Бодандыққа бойұсындырмай, отаршылдық езгіден зар шеге жүріп, одан шығатын жол іздеттірген, тәуелсіздіктің темір құрсауын тәрк етуге ұмтылдырған да жыраулардың отты жырлары, ақындардың алаулы өлеңдері еді ғой. Ерте дәуірдегі, тіпті біздің жыл санауымыздан әлденеше ғасырлар бұрынғы елді қорғау, жерді қорғау, батырлардың ерлік істерін әспеттеу идеясы бірте-бірте азаттық,тәуелсіздік жолындағы күрестің ұранына ұласады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоба.doc

— 244.00 Кб (Скачать документ)

Тоқсаныншы жылдардың  орта тұсына дейін жарық көрген жыр  кітаптары еліміз егемендік алғанға  дейінгі дәуірде жазылған өлеңдерді құрайды. Яғни, бірен-саран туындылар болмаса, негізінен, өткен кезеңнің жемістері. Оның себебін ақындық дауыстың тоқсаныншы жылдардың басында өте бәсең естілуінен, рухани дағдарыстың салдарынан, кітап шығару ісінің тоқырауынан, т.б. іздестірген жөн шығар. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазақ поэзиясы да дағдарысты кезеңді бастан өткерді. Тек мерзімді баспасөзде, теле-радио арналарында ғана ақындардың үні құлаққа еміс-еміс естілді.

        Ұлттық сананың тарихи сананың оянуы өткен жолымызға қайта үңілтіп, қаншама жылдар бойы айтылмай, жазылмай келген ақиқаттың ақ таңдақтары мен қара таңдақтарын анықтауға, жүріп өткен “асуларымыз бен алдық деген” асқарларымыздың қаншалықты тарихи маңызды болғанын бағалауға, мәдени, анықтауға мүмкіндік ашты. “Адасып қараңғыда, сорлы қазақ!” деп даусы қарлыққан Міржақыптың, “Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған” деп күрсінген Ахметтің, “Бар сүйеніш, үміті бір құдайда” деп толқыған Шәкәрімнің, “Түркістан-ер түріктің бесігі ғой” деп арманда кеткен Мағжанның, т.б.-Алаш ардақтыларының үндері жетті құлаққа.

         Тәуелсіздікпен бірге бұрын езіліп, жаншылып, еңсесі түскен қазақ еліне Ұлы Рух оралды. Ғасырлар сынынан өткен Қазақы қасиет қайта тірілді.

        Ә.Тәжібаев “Аралдар”, “Кешеден бүгінге” атты жинақтарында ұлғайған адамның өмір тәжірибесінен туған ой мен сезім сырларын, жан тебіресін тапқыр толғады. Ақынның сыршыл жырлары адамды сүюді, досқа деген адалдықты, өмірге құмарлықты паш етеді.

            Мейірімімнің шегі жоқ,

Сенгенім мен сүйгенге,

От боп жанғым келеді

Жылуы жоқ үйлерге,-

дейді ол.

        Ақынның егде тартқан жүрегінде жеңіл мұңды наз бар. Бірақ ол тоқырау, кәрілікті мойындау емес. Ұлғайған кездегі тірлікті ардақтау, өмір сыры жайлы, ел, дос тағдыры жайлы ойлаудан туады. Оның сырын:

                                      Мұңдымын деп шағынбаймын қашанда.

                          Қорқам бірақ тіпті мұңсыз  жасауға.

                          Мүмкін бе екен шексіз сүю  өмірді

                          Сол өмірдің мұңдарынан босауға,-

деп ақын тапқыр жолдармен берген.

            “Таныс дауыстар” (1984) жинағында  Әбділда Социалистік қоғамның  ыдырай бастауын, Әділеттілік принципінің  бұзылып, адам бойында теріс  мінездердің көбірек көріне бстағанын,  адамға сенудің азайып бара  жатқанын ақылдықпен аңғарып, көре білді.

      Апырау, бұл не?

      Не болып  біздер кеткенбіз?

      Қайдан  шыққанбыз?

      Қай  жерге келіп жеткенбіз?

      Айтсаңдаршы  енді-

      Кім  болып осы кеткенбіз?-

деп ашына тіл қатты.

        Тұмандана бастаған қоғам сиқын ақын дәуірдің рухани атмосферасынан, адам қылығынан таниды.

   Тұманда жүрдек,

   Ұрылар менен  бөрілер.

   Тұманды жылдар

   Ұры мен бөрі  семірер

   Тұманшыл ойлар  тағы бар- 

   Қараңғылықтың  кететін асыл шегінен,-дейді ол.

      Ғафу жырлары туған жерге деген сүйіспеншіліктің биік үлгілерін алдыңа тартады. Ол өзі туған Торғай даласы ғана емес, қазақтың бай табиғатының қай жерін жырласа да, жаңа ақындық пафоспен тың теңеу, метафоралар арқылы жасайды.

      “Туған  жерге хат” өлеңінде ол:

                  Туған жер, саған деген сағыныштан,

                  Быт-шыт боп, көкіректегі жарылыстан.

                  Жай денем жетімсіреп жерде  қалып,

                  Ғарышқа күнде самғап жаным ұшқан,-                    [24-55]

дейді. Қиял тебіренісі, туған жерге деген сағыныш сезімі ақынды көтеріп, рухтандырып тұрғаны мұнда әдемі-ақ айтылған.

         Ақын өлеңдері туған жердің ғажайып сыры мен оның адам тағдырына байланысын ашуда едәуір маңызды. Оның төгіліп тұратын, іркіліссіз бір ырғақпен келетін мөлдір жыры адамның еліне деген махаббатына толы келеді.

              Дүбірде бар екі ши,

              Маңайында жыра көп.

             Біздің әулет екі-үш үй,

             Жайлар еді жылда кеп.      

             Жалғыз қазақ мына жұрт

             Мен дүниеге туған жер.

             Жалғыз тұтам шуда жіп,

             Кіндігімді буған жер.

            

             Туған жермен байлаған,

            Кетпестей қып кіндіктен.

            Бар ма екен деп ойланам,

            Мықты нәрсе сол жіптен.           [24-65]

                 Ақынның туған жерге деген сезімін сырттан тамашаламай, осылай түйіп айтуында лирикалық ой да, жинақтылықта танылады.

        Қ.Мырзалиевтің ізденістері өте бағалы. “Ой арманы”, “Дала дидары” кітаптары қазақ тағдыры жайлы ақынды тебіренткен ойлардың біздің бүгінгі өмір-тіршілігіміздің мән –мақсатын сезінуге бастайтынын көреміз. Ол шындыққа, құбылыстың сырына, дала тарихына ой көзімен қарауға үйретеді.

           Бабамыздың шоқ басқан табанымен-

           Бірдей екен жақсысы жаманымен;

           Бір жаманы-тынымыз көше берген,

           Бір жақсысы қимаған даланы  кең.

           Бір жаманы -жел сөзге ерген  екен.

           Бір жақсысы-тілге ерік берген  екен.

           Бір жаманы-кетпеген орашолақ,

           Бір жақсысы-найзагер, мерген екен.              [45,351]

                    Бұл арқылы ақын халық тұрмысының  ұнамды-ұнамсыз жақтарын санауды  мақсат етпейді, ұлт тарихын,  мінез-құлқын , ойлы көзбен өлшеп  суреттейді. Осындай тарихи шындықты  тереңнен қопарып, тұтас алып  жырлау және осыншалық көрегендікпен, осыншалық ойлылықпен, суреткерлікпен жырлау-қазақ поэзиясында Қ.Мырзалиевке дейін ешкімнің де қолынан келе қойған жоқ десек артық па?!

                     Ақын үшін, азамат үшін ең бір  киелі нәрсе-туған жер-әрине, ана да, әке де, сүйген жар да, өмірінің жалғасы-перзент пен поэзия да, адал достар да оның осынау ғаламда еш қылау түсірмес қымбаты.

Дегенмен де:

               Күндердің бір күнінде салып  ажал қармағын,

               Әкесі ұлын жоғалтса-жоғалтады  арманын.

               Өмірге өлім өзінің жасайды әсте жаттығын.

               Ана қызын жоғалтса-жоғалтады  шаттығын.

               Жүрегінің лағылы, жүрегінің жақұты,

               Жігіт жарын жоғалтса-жоғалтады  бақытын.

               Уа,туған жер, көңілдің сенсің  бірақ төрінде.

               Сені мәңгі жоғалтқан-жоғалтады бәрін де!

Қадыр ел махаббатына  бөленген ақын.

                Өзім үшін күресте жеңілсем  де,

               Елім үшін күресте жеңілмеймін,-               [45,352]

деп өзі айтқандай, жырларымен туған халқына, еліне қалтқысыз қызмет етіп келеді. Оның ақындық бақыты да осында.

                Табиғатты қорғау-еліміздің әр  бір азаматының негізгі міндеттерінің  бірі.

                “Табиғат-әр беті терең мағынаға  толық бірден-бір кітап”, -деген  екен Гете. Шынында да солай. Біздің барлық өміріміз табиғатпен –Табиғат-Ана мен тікелей байланысты. Табиғат тағдыры, табиғат сұлулығы мен түрлі қызықты құбылыстарын халыққа жеткізе білетін дарын иелері-ақын жазушылар яғни қаламгерлерді табиғаттың нағыз ажырамас бөлігі. Перзенттері деп атауға әбден болады. Сондай перзенттердің бірі-халық қаулысы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ақын Қ.Мырзалиев өзінің көптеген өлең-жырларын табиғат атты сұлулық әлеміне арнайды. Оның әрбір өлеңінен әрбір шумақ, әр тармағынан жерге, табиғатқа деген құштарлық сезімін байқауға болады. Ақынның         “Құштарлық” атты өлеңі:

               Әйтеуір мен құмармын 

               Өзен-көлге

               Әйтеуір мен құштармын 

              Көк орманға.

 

          Алып қашып көңілім нұрлы асуға,

          Асығамын майсаны бір басуға

          Әйтеуір мен құштармын күбір-күбір

              Табиғаттың өзімен сырласуға.                        [45,354]

               Көріп отырғанымыздай, Қ.Мырзалиев  көңілі табиғатқа құмар, онымен  сырласуға құштар жан. Ақын сұлу табиғаттың аясында жүріп әрқашан жасыл әлеммен сырласады.Оның әрбір өлең тармағынан табиғат-анаға деген өлшеусіз махаббаты көрініс беріп тұрады.

               Қадыр  өлеңдерінде көптеген  экологиялық мәселелерді қамтыған. Соның бірі- “Ақша қар” атты өлеңде былай дейді:

               Аяз сорған алқап анау боп-бозақ

               Ал шаһарда көк түтіннен жоқ  мазаң.

               Тиіп кетсең бұтағына қайыңның,

               Мойыныңа сауылдайды ақ тозаң.             [45,350]

              Бұл өлеңінде қаладағы экологиялық көріністер берілген. Көк түтін, шаң-тозаңның көптігі сонша қайыңның бұтағына тиіп кетсең болды мойыныңа ақ тозаң сауылдайды.

              Жалпы алғанда, Қадыр Мырзалиев  өлеңдерінен табиғат экология  жайлы оқуға болады. Осы тақырыптағы өлеңдері ізденген адамды бей-жай қалдырмайды, үлкен бір Табиғат атты тылсымға жетелейді.

             Тұманбай Молдағалиевтің лирикасы хақында ойлы десе де, сырлы десе де болады. Ал енді солардың бәрі тоғысып, шапағын шашыратып жарқырап шыға келген де, ақын шығармашылығы М.Әуезов айтып кеткен “Сұлу мінезді, үлкен мәдениетті, қасиетті, нұрлы, жарқыраған өрісті” ерекше бір көркем әлемге айналады. Сезімді аялап, елтітіп, еліктіріп әкеліп ләззатқа бөлейді, ойды балқытып, тереңге бойлатады, ақылды байытып шырқау биікке бастайды, аңсаулы көңілді асыл мен асқарға асыққан қиял-тілекті шартарапқа шарықтатып келіп, жанның алабұртуын іңкәр жүректің өмірге деген асық құштарлығымен шарпалыстырады. Тұманбай Молдағалиевтің ақындық өнерінің басты бір ерекшелігі осында.

              Тұманбай Молдағалиев шығармаларының  әр алуан. Тау мен дала, өзен  мен көл, ел мен жер тағдыры-бұлардың  қайсысы жайында жазылса да  ақын өлеңдерінің өзегінде халық  өмірінің үлкен шындығы халық  тағдырының ұлы табиғаты, адамның  адамға деген құрметі мен ізеті, сүйіспеншілік нұры жарқырап тұрады. Тереңнен бой тартып, тереңге бастайтын ойдың байлығы, жүректен ғана ұшқын шашып, тек жүрекке жетіп қана тұтанатын сезімнің тазалығы, олардың өзара бір-бірімен жараса табысып, сұлу үндескен келіскен тұтастығы-бәрінің де бастау көзі-өмір, елдің тағдыр-талайы, өмірдегі адамға, адамдағы өмірге деген құрмет пен махаббат. Тұманбай Молдағалиевтің ақындық өнерінің мәні мен мағынасы оның осындай жалпыға бірдей аяулы халықтық болмысында. Алайда қазіргі поэзияда жастық сыр мен махаббаты, адамның адамға деген сүйіспеншілігінің қадірі мен қасиетін, терең қуатын тап Тұманбай Молдағалиев секілді әдептен озбай, жүректен қозғап, сүйген жүректің пәктігімен, ақ үнімен беріле толғаған, сырды мұңға бөлеп, мұңды сырмен әрлеп жырлаған ақын қазақ өлеңінің аспанында әзірге жоқ.

             Ақынның “Менің жерім” өлеңінде  бүкіл Қазақстанды былай жырлайды:

              Ұлан байтақ осынау қасиетті  кең жерге 

              Қанаттары талады құстар ұшып  келгенде

              Өзен, көл, даласы, жасыл тауы, баулары

              Өмір сүріп тұрғандай менің типтей кеудемде...         [43,51]

               Өлең туған жерге деген асқақ  сезімге, елге деген сағыныш,  сүйіспеншілікке толы. Мұндай өлеңді  үлкен жүректі, көңілі дархан  талантты ақын ғана жаза алады. Ақын махаббаты ананы сүю деп басталады.

               Тұманбай Молдағалиев-талаппен, талғаммен,  ақыл-ойдың таным таппайтын тындырымды  еңбегімен, қайжыр-қайратымен сараланып,  дара келе жатқан талант.

               І.Мәмбетов ағамыз “Табантал” өлеңінде туған жеріне деген ыстық сезімін:

              Көркіңді көрдім, көп түйдім,

              Өн бойын өмір, жағаң тал. 

              Өлеңге сөнбес от құйдың,

              Қыз толқын өзен Табантал!-

деген жолдармен береді.

                Заман мен адам тағдырын түйістіре толғауда тәжірибелі эпик ақындарымыз Ә.Тәжібаев пен Х. Ерғалиев үлкен үлгі көрсетті. “Мен кешеден келдім бүгінге”, “Жылдар,жылдар” поэмаларында олар туған Қазақстаны мен оның халқының соңғы жарты ғасырлық өмірі жайлы толғанып, заманның тұтас келбетін бейнелейді. Халықтың күреске толы өмірін суреттеу негізінде өз замандастарын жырға қосты.

              Туған жер,өскен ортасын сүйген, ақын жүрегінің бар отты бұлқынысымен  құлай берілген адам бүкіл  дүниеге ғашықтық көзбен қарайды. Өлеңдегі “аққу қаз”, “көшкен бұлттар” ақын сәлемін ғана алып бара жатқан жоқ. Ауылына қарай ұшқан соң ба, ақын көңілі оларға аса бір сұлу, мейірлі ілтипатпен қарайды. Өлең сәттілігі осыған ғана қатысты емес. Шын сәттілік туған жерге деген перзенттік махаббаттың балауса жанармен барынша тұнық көріне алғандығында.Бұлайша ақ махаббат тілімен сөйлеу- ақынның тұтас творчествосына тән қасиет.

              Қанипа өз бақытын туған жер, Отан салтанатымен, отан үшін төккен терінің жемісімен іздейді.

                     Айқай сап осынау ғаламға,

                     Өзің боп өзіңе қол жайған.

                     Өзің боп тіл қатып анам  да,

                     Өзің боп сипаған маңдайдан.

                                Күш алып тауыңнан, тасыңнан,

Информация о работе Тәуелсіздік кезіндегі поэзия