Тәуелсіздік кезіндегі поэзия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2013 в 10:09, курсовая работа

Краткое описание

Азаттықты аңсау білектің күшімен, найзаның ұшымен ғана жүзеге аспайтын еді, сондықтан намысты қайрау рухты ояту, жігерді жану үшін әманда сарқыраған сарынды, адуын ағысты жыр көмекке келген. Бодандыққа бойұсындырмай, отаршылдық езгіден зар шеге жүріп, одан шығатын жол іздеттірген, тәуелсіздіктің темір құрсауын тәрк етуге ұмтылдырған да жыраулардың отты жырлары, ақындардың алаулы өлеңдері еді ғой. Ерте дәуірдегі, тіпті біздің жыл санауымыздан әлденеше ғасырлар бұрынғы елді қорғау, жерді қорғау, батырлардың ерлік істерін әспеттеу идеясы бірте-бірте азаттық,тәуелсіздік жолындағы күрестің ұранына ұласады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоба.doc

— 244.00 Кб (Скачать документ)

                     Бой теңеп өскенмін көкпенен.

                     Жайқалып сен үшін жасымнан,

                     Кеудемде махаббат көктеген,-

                                                             (“Екінші дәптер” жинағынан).

деп жазады ақын “Отаным” деп аталатын өлеңінде. Отан-ұлы ұғым. Осы ұлы, үлкен ұғымның мәнін ақын жалқы құбылыстар арқылы нақты, әсерлі суреттеп береді. Ақын кейіпкері Отанын ана деп танып ана деп сүйеді.

                       Бағыңа тіл,көліңе көз болармын,

                       Жүрегің боп соғармын, қозғалармын.

                       Оралған шалғайыңа, Отан ана,

                       Өзекке тепсе кетпес өз балаңмын,-

                                                                (“Қыз дәурен” жинағынан).

                   Секілді жолдарда Отан-анаға деген осындай ыстық ықыласқа толы.

                   ...  Қалғысам саған, ұлым, сүйенермін,

                        Сүйенермін, сезіммен тиеген мұң.

                        Көңліме өлшеусіз кеңдік бітіп,

                        Бар адамды келеді сүйе бергім...

 

                        Көкірегіме сағыныш, өксік толып,

                        Асқарымда ақ бұлттар көшіп-  қонып.

                        Ана кеудем бүкіл бір дүниені,

                        Тербетеді түн бойы бесік болып...-

                                                                    (“Ана жыры”жинағынан).

                     Секілді жолдарды ақын кейіпкері  баладан Анаға айналып үн қатады. Бауырларындағы сәбиі мен ол  аяқ тіреген жұмыр жерде бөле  жармай, ана көкірегімен екеуін қатар аялайды. Сөйтіп отырып:

                        Оянған бір балаға махаббаттың,

                        Жалғасып бар әлемге тұрады  екен...-

                                                                (“Қыз дәурен” жинағынан).

деп сыр ашады. Бұл секілді қасиеттер жалқыға емес, жалпыға тән. Ақынның лирикалық кейіпкері өзінің осындай ең ардақты, асыл сөздерімен бір анаға емес, бар анаға ортақ сыр мен тілекті танытады.

              Достық пен махаббат, туған жерге  деген сезім шыншылдығы – ақын өлеңдерінің ең басты ортақ сипаты.

               Тірлікте пенде бар ма мұңсыз  өткен,

               Мұңсыздық бір басымды құнсыз  еткен.

               Жансыз бұлақ секілді ақпай  қалған,

               Жырсыз өткен күндерім, үнсіз  өткен,-

                                                            (“Жыр мен жүрек” жырынан),

деген өлең жолдары сағыныш  және мұң мен мұңсыздық жайындағы  ақын ойын едәуір айқындай түскен. Өмірді, оның жарық, сәулелі шақтарын іздеу, соған талпыну-адам жанының табиғи және ардақты қасиеті. Ақын жанының мұңға батып, қуанышқа бөленуі бақыт іздеп, арманға қол созуы-бәрі де осы қасиетпен сабақтасып, сол қасиеттен туындап жатыр.

                 Қанипа Бұғыбаеваның туған жер,  Отан, замандасқа деген махаббатынан  өлең-өмірге деген сүйіспеншілігін бөліп қарауға болмайды. Қанипа үшін өлең-көңіл әуенін жеткізуші ғана емес, көңіл әуенінің өзі. Өлең-адам я ақын жаратылысының хабаршысы, жыршысы ғана емес. Адам, ақын махаббатының өзі. Ақын қызымыздың жыр кітаптары махаббат пен достық туралы сырлы, сазды әуендерге толы болып келеді. Көпшілік жағдайда ақын өлеңдері сағыныштан туады да, сағыныш болып қайта тұнады. Ақын жырларындағы сол сағыныш құштарлыққа ұласып, кейде жан азабы болып жетсе, кейде ақындық өмірдің мән-мағынасына, бақытына айналып жатады. Ақынға әр күн жаңа міндет жаңа борыш жүктейді. Әр біткен іс, атқарылған міндеттің қиындығымен, алдағы күндерінде әлі кездеспеген әсем қуаныш, ерекше бақыт шаттығы бардай. Лирикалық герой келер қуанышын әлдеқайда алыста қалған жас шағының сырласына  ұқсатып, туған жер жайлауынан іздеп, ол аңсауын жыр құмар жүрегінің назшыл лүпілімен танытады. Бір жаңа хабар келердей, әр таңды елегзи күтеді.

                 Шын суреткер көптің көңіліне  жетер жолды өз жүрегінен бастайды. Қ.Бұғыбаеваның жырлайтыны да, алдымен, өз сыры. Әр жан өзінше толғанады. Өзіндік сыр-сипаты қаншалықты бар және өзгеден қаншалықты бөлек болса, ол соншалықты дәрежеде тірі, бар адам, сөйте тұра жан біткеннің бәрінің іздейтіні бір-ақ нәрсе: Бақыт. Ақынды оқушы жұртшылықпен жақын ететін-осы мұрат пен мақсат бірлігі.

              Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда әр түрлі баспалардан ақындардың жүзге тарта жыр жинақтары жарық көрсе, соның тек жартысына жуығы 2001 жылы “ Отырар кітапханасы”  сериясымен шыққаны белгілі.

              Қазақ әдебиетіне тәуелсіздік жылдары жаңа толқын-жас ақындар легіде келіп қосылды. Бұлардың қатарында-Ж.Сәрсек, М.Райымбекұлы, Р.Қараева, Ж.Әскербекқызы, Т.Толқынқызы, Н.Бердалы, А.Исаділ, Б.Айболатұлы, А.Шегебай, С.Қамшыгер, Е.Алаштуған, Б.Беделханұлы, А.Ақынбабақызы, Ж.Әлімжан, Б.Бабажанұлы, М.Ершутегі, Д.Берікқажыұлы, А.Шамшадинова, М.Құнапияқызы, Т.Қамзин т.б. тұңғыш кітаптарын шығарып, уәделі қадамдарын жасағандары назарға алынға.

             Тоқсаныншы жылдардың орта тұсынан бастап шыққан жыр жинақтарында тәуелсіздіктің тыныс-демі сезіле бастағаны идеялық-танымдық деңгейде жүйеленіп(мәселен, тәуелсіздік тақырыбының жаңа мазмұнда көрініс табуы, идеялық-көркемдік ізденістердің өмір шындығынан өрбуі, ел, жер, тіл тағдырының толғантуы, мемлекеттік нышандардың жыр арқауына айналуы т. б. талданған. Сондай-ақ, кейбір тақырыптардың қазақ поэзиясында жаңа көркемдік шешімдер табуға, ұлттық дәстүрден тамыр алатын ізденістерге өріс ашуға, жаңа ұғым мен көзқарас  қалыптастыруға жетелейтіні (мәселен, тәуелсіздік жылдарындағы ақындар мүшәйраларының ерекшелігі, қазақ поэзиясында күрескер рухтың қайта жаңғыруы, “Астана” ұғымының идеялық-көркемдік сипатынан аңғарылады.

               Еліміз Тәуелсіздік алған тарихи  күнде дүниеге келген ең алғашқы  өлеңдердің бірінде ақын Иран Ғайып “Тауың да, бақша-бауың да, досың да, қатал жауың да-сенікі”, “Туың да, от пен Ауа, Суың да- өзіндікі” деп шалқып тасып оқырманымен сыр бөліп отырады да, “Қонақ –Тәуелсіздіктен, //Қала көрме айырылып !... ” [13,97] -деп күтпеген түйін жасайды. Ойыңызды он саққа жүгіртеді. “Адам -өмірге қонақ”. “Өмірде адамдар бір-біріне қонақ” жарайды. Бұл түсінікті. Ал тәуелсіздік неге қазаққа-қонақ?! Бұл жерде ақын Иран-Ғайып кінәлі емес. Тәуелсіздіктің тұрақтап қалып қоятыны тұрмақ, оның өз аяғымен яки күреспен келгеніне сенер-сенбес жұрттың көңіл күйін ақын астармен әдемі жеткізе алған. Тәуелсіздіктің келгені рас па, кетіп қалмас па деген күпті сауал жауабын таппай тұрған кезде бұдан басқаша айтса, жұртты иландырмас та еді, бәлсім.

               Әрине, басқаша айтып та, жазып та ақиқатты анық жеткізуге болады. Бірақ Иран-Ғайып өзінің өлеңін жалаң патетикаға құрудан қашқақтаған, ойлы оқырманның пікір қорытуына түрткі болатын түйін жасаған.

               Ал, енді тәуелсіздіктің туына  қол жеткізу бар да, сол туды  құлатпай ұстап тұру бар! Жұртшылықты торығу, ертеңгі күнге сенбеушілік, өзін қоғамнан сыртқары қалғандай сезіну, ешкімге керегі жоқтай, дүниені өзгертудің кілтін әлдекім ұрлап әкеткендей дәрменсіздік билеп тастағалы біршама уақыт болған.

                  Теңселіп тірлік дарағы,

                   Дүйім елді діңкелеп,

                   Көбейіп өмір залалы...

                   Дүние не боп барады?!                            [14,17]

              Қоғамдық жүйе алмасып, империялық  құрсау күрт босап, елдердің  бәрі егемендікке ұмтылып, шаруашылықтарды,  кәсіпорындарды басқару тетіктері  істен шығып аласапыран дүние басталып кеткен кезде “ Дүние не боп барады?!” деп Серік Тұрғынбековтің торығуын түсінуге болар. Ал, Хамит Ерғалиев:

                  Тауқымет тақсыр!

                  Сіз деген-

                  Обалдан өнген сауапсыз...           [15,165]

    -десе, дәл осындай ашы ой егемендікке қол жеткізбей тұрғанда айғайлап, жұртқа ашық айтылмады. Себебі, қызыл саясатқа қайшы, қиғаш-тұғын. Енді жылдар бойы отарлық езгіде жүргенде шеккен азап, көрген қиянат, тартқан қысастық-бәрі-бәрі бұрқ етіп сыртқа шықты және социалистік жүйенің бірге шатқаяқтаған шаруашылықтар, тоқтаған өнеркәсіп орындары, жұмыссыздық, ұрлық-қарлықтың өршуі, қылмыстың қабындауы, жемқорлықтың үдеуі, т.б. адамдардың көңіліне қатты алаңдаушылық әкелді, үрей үкікөзденіп, жәмиғаттың жанарын жарық күнде қараңғылық қамап, торығу басты. “Егемен Қазақстан” газетіне шыққан өлеңінде С.Қосалыұлы:

                    Дүние-ай, дала қандай, аспан қандай,

                    Арасы ала бұлтпен ластанғандай    [16-45]-

дейді. Шынында аспан  да,дала да, бұлт та бұрынғыдай, өзгерген ештеңесі жоқ.Бірақ жан- дүниесі алай- түлей, қамығып- қайғы жұтқан ақынға бәрінің де өңі қашқан, сұрықсыз. Ала бұлт көк аспанды кірлетіп, айғыздап тастағандай. Алабажақ.

Темірхан Медетбек:

                    Тудық біздер көрінбейтін бұғаумен,

                    Жүрдік біздер көрінбейтін кісенмен   [17-69]-деген екен.                             “Біздің егемендік хақында екі ауыз сөз” атты өлеңдегі ақын Есенғали Раушановтың толғанысы мынадай:

                   

                    Мен қайрылдым, сен-дағы бұрылшы, інім,

                    Қалай, не деп ұғамыз мұның  сырын:

                    Аяғыма қараймын-шідерім жоқ.

                    Неге қақсай береді жіліншігім?...[18-85].

               Озбыр отаршылдықтың бұғауы үзілді, егемен ел болып, жеке түтін түтеттік, әлемдегі көптеген мемлекеттер (ең алдымен Түркия) Қазақстанның тәуелсіздігін танып, дербес өмір сүре бастадық. Бірақ халықтың әл-ауқаты, тұрмыс тіршілігі бірден жақсарып кеткен жоқ. Тапшылық, жетіспеушілік, кедейлік құрсауынан шыға алмай қиналған адамдар ауылда да, қалада да сеңдей соңғылысты. Бәрінен де құлдық санадан құтылу оңай болмады. Есенғалидың  “Неге қақсай береді жіліншігім?!” деп шідері жоқ шерлінің күйін кешуінде әлгіндей гәп жатыр өлеңнің өзегінде жатқан ащы шындықты жүрекпен қабылдап ұғыну керек. Мына секілді құпиясын ішке бүккен жырлардың дүниеге келуі қазақ өлең өнерінің биік өресін, көркемдік деңгейін, сапалық әпеуетін көрсетпек.

                Қызыл саясатқа құлшынып қызмет  істемеген, санаулы санаткер ақындарының бірі

Қуандық Шаңғытбаев:

                   Азат елдің азаматы-мен енді,

                   Кең кезеңге кеуіл сорлы кенелді.

                   Келем, міне, алшақ басып елімде

                   Ағытып ап мойнымдағы көгенді       [19-58]-дейді.        Ал баяғы “Ақтабан шұбырындыны” еске алған Ұлықбек Есдәулет:

       Атамекен-алып  тозақ

       мойныңды қамыт қажап,

       мойыдың-ау, ғаріп қазақ,   аһ ұрып              [20,25]-

депті. “Образға бірінші  тән қасиет-ұлттық ерекшелік, ұлттық баяу” [21,35]-дейді академик Рымғали Нұрғалиев. Назар аударғанға, Т.Медетбек  “бұғау” мен “кісенді” еске алса, Е.Раушанов  “Аяғыма қараймын-шідерім жоқ.” Десе, Қ.Шаңғытбаев “Ағытып ап мойнымдағы көгенді” десе, Ұ.Есдәулет  “мойныңды қамыт қажап” деп үндескен. Яғни кешегі дәуірлерде қазақ кешкен азапты ақындар сөздерімен ұлттық ұғымда тұспалдап, астарлап жеткізіп отыр. Енді, осы, көген шідер, қамыт атаулыдан құтылсақ. Бұл-тәуелсіздіктің арқасы дейтін емеурін өлеңнің өзекті идеясына айналғаны анық.

                 Кешегі кеңестік дәуірде өмір сүрген, идеология майданының алдыңғы шебінде жүрген аға буын ақындардың жаңа қоғамдық жүйенің тамыр соғысып бағамдауы, танып-түстеуі, қабылдауы оңайға соққан жоқ. Ұлт тағдыры, ұлт азаттығы жолында күрескен арыстардың ақталуы көптеген жолсыздықтар мен заңсыздықтарға жол берілгенін анықтады. “Оған кінәлі кім?” дейтін сауалға жауап табуға асыққандар да болды. Ал сол аға буын өкілдерінің бірі, абыз ақын Әбділда Тәжібаевтың:

                           Біз! Біз-дедік,

                           Біз!-деп шықтық мінбеге.

                           Ұлтты құртар

                           Өрт шығарды іргеден.

                           Ұлтшылдарды

                           Қас дұспан деп тілдедік,

                           Одан өзге

                           Түкті де біз білмедік.

                           Кешер ме екен,

                           Тәңірім бізге соларды?...                               [22,87]-

деп кейіннен ағынан жарылуын жас, жаңа ұрпақтың алдында арылуы деп  ұқтық. Иә, нағыз ұлттың жанашырлары болған Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мұстафа, Мағжан, Шәкәрімсынды арыстардың рухы алдында қалың қазақтың атынан кешірім сұрауы деп қабылдаған жөн шығар.

                  Егемендік, тәуелсіздік тақырыбы  оған қол жеткізгеннен кейін  кілт тиылса керек еді, жоқ қайта өтпелі кезеңдегі өткелектерден шыдам-төзімінің арқасында халқымыз аман-есен өткеннен кейін, бұл тақырып қайтадан үздіксіз жыл арқауына  айналып жүре береді.

Информация о работе Тәуелсіздік кезіндегі поэзия