Тәуелсіздік кезіндегі поэзия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2013 в 10:09, курсовая работа

Краткое описание

Азаттықты аңсау білектің күшімен, найзаның ұшымен ғана жүзеге аспайтын еді, сондықтан намысты қайрау рухты ояту, жігерді жану үшін әманда сарқыраған сарынды, адуын ағысты жыр көмекке келген. Бодандыққа бойұсындырмай, отаршылдық езгіден зар шеге жүріп, одан шығатын жол іздеттірген, тәуелсіздіктің темір құрсауын тәрк етуге ұмтылдырған да жыраулардың отты жырлары, ақындардың алаулы өлеңдері еді ғой. Ерте дәуірдегі, тіпті біздің жыл санауымыздан әлденеше ғасырлар бұрынғы елді қорғау, жерді қорғау, батырлардың ерлік істерін әспеттеу идеясы бірте-бірте азаттық,тәуелсіздік жолындағы күрестің ұранына ұласады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоба.doc

— 244.00 Кб (Скачать документ)

                Жоңғар басқыншыларына қарсы  ерлік күрес сарыны XVIII ғасырдағы  жыраулар поэзиясын тұтас қамтиды.  Әйтсе де, Ақтамберді, Үмбетей, Тәттіқаралардың жырларында отаншылдыққа, батырлыққа үндеу, азаттықтың жыршысы болу идеясы басымырақ. Бұқар жыраудың толғауларында жалаң ұраншылдықтан гөрі, ақылдың безбеніне салып-ой таразысына тартып салмақтау, ұлттық ұйысудың мәнін ұқтыру, дүние пәлсапасы даналық дәнектері тұнып тұр.

                Қазақ жыраулары жөнінде ой  сабақтағанда академик Сейіт  Қасқабасов: “Жыраулар поэзиясындағы  ең басты тақырып Қазақ хандығын  құрған ру мен тайпалардың  татулығы мен бірлігі және  мемлекетті нығайту мен оның  жауынгерлік күшін арттыру болды. Ал, мұның өзі жыраулар поэзиясында ең мәнді де маңызды етіп қаһармандықты, елінің тәуелсіздігі мен мемлекетінің нығаюы үшін жан аямай күрескен батырлар мен қайраткерлерді мадақтап, көтермелеп жырлау дәстүрін қалыптастырды” [7,503]-деген.

           Әдебиет әлемінде ұлылығымен де сұлулығымен де, тереңдігімен де ерекшелінетін ерен дарын Абайдың ақындық күмбезінің сән-салтанатын Дулат соққан мұнарасыз елестету мүмкін емес. Көркем ой-сана жүйесінде, әдеби даму дүниесінде сабақтастықтың тамырластықтың болуы заңды да. Хас суреткер көркемдік тәжірибені мұқият сақтап, жаңартып отырады. Асылы, Дулат қазақ өлеңінің көркемдік көкжиегін кеңейткен, ішкі ағыс-толқындарын, нәзік иірімдерін байытқан, сөздік-образдық тоқылысын күрделендірілген жырау. Көркемдік шеберлік дегеніміз мейілінше кең ұғым. Бұл-қырау құбылыстарды қамтиды, ол-жыраулардың философиялық-эстетикалық көзқарастарымен, мәдениетімен, тақырып шеңберімен төркіндес.

               Дулат жырау өмір, тіршілік, тұрмыс  хақында, қоршаған орта, әлем жөнінде, өзгермелі, құбылмалы, опасыз, алдамшы, жалған дүние турасында толқып тебіренеді.

             Сайып келгенде, қазақ әдебиеті тарихында зар заман дейтін дәуірдің айтулы жыршылары болған. Бұлар сахараның жүдеу тарта бастағанын, жердің тозғанын, жергілікті халықтың нулы, сулы өңірелерден айырылғанын, елдің отарлаушылардың езгісінде жаншылып, берекесі қашқанын, ана тілінің өрісі тарылғанын өткір сезініп жырлайды. Олар: Бұхар, Шортанбай, Нармамбет сынды, ақын, жыраулар.

               Дулат жырау зобалаңы мен зорлығы, шырғалаңы мен қарлығы асқынған қилы заманды гөйгөйлетіп сөйлетеді:

Қилы, қилы заманды

 Заманға сай адамды

 Салыстырып қарасам,

  Су мүйіз болған  танадай

  Шыр көбелек айналам

  Кешегі бір заманда

  Қасиетті еді хан, қараң,

  Мынау азған заманда

  Қарасы-антқор, ханы-арам;

  Батыр көксер бас  аман:

  Бәйбіше-тантық, бай-сараң;

  Бозбаласы-бошалаң;

  Қырсыға туды қыз  балаң;

  Нары-жалқау, кер таба

  Құсы-күйшіл, ат-шабан

  Жырғалаң жоқ, жобалаң

  Ебі кеткен ел болды

  Енді қайда мен  барам?!                               [11,384]

               Жырау ой-сезімін, заман қайшылығын  шебер жеткізу үшін осындай  шендестірулерді туындатқан.

               Бір кездері Дулат, Шортанбай,  Нармамбет, Мұрат сынды зар  заман ақындарын жарқын болашақтан  шошынған, сескенген, өмірден түңілген деп шенедік. Шын мәнісінде, зар заман күйін шерткен ақындар аз емес. Оған Сәкен Сейфуллин мен Мағжан Жұмабаев және тағы басқа ел ақындары мен билері де қосылған. Мәселен, Мағжан Жұмабаевтың:

Жүрегім, мен зарлымын жаралы да,

Сұм өмір абақты ғой саналыға

Ќызыл тіл, қолым емес кісендеулі

Сондықтан жаным күйіп  жанады да.

Иә болмаса:

Жолбарыстар жортатын сар  далада.

Қорсылдаған доңыздар мекен  етті,-

дегенінде қазақ қоғамының  ащы шындығы, қасірет кесепаты, боямасыз берілген. Мағжанның шырқыраған даусы-халқының жан айқайы.

             Дулат поэзиясының метафоралық  жүйесіне ой көзімен үңілмеске  болмайды. Ақын ой-пікірін, бал  суындай лебізін көрікті жеткізу  мақсатында сөз күмісін сұрыптап, ой теңізін толқындатады. Мысалы:

   а)Ішің - аяз ақ қырау, Сыртың сұлу - сарайсың.

   ә)Ыдысың параның,  Қотара құйса толмайтын.

   б)Алтын зерлі  туымсың, Алтынның айшық буысың.

   в)Құтысына көңіліңнің, Төгіп алма, дәлдеп құй.

   г)Бақ құсы қонып  басыңа, Еспенбет келді еліне.

   д)Сүйіп алған  сұлу жар - жүрегінің құрағы,

   е)Кеңшілік сүті.

            Сондай-ақ ақын жырларынң көркемдік  әлемінде әсерлі, сұлу теңемелер  молынан ұшырасады. Мұның өзі  Дулаттың жаратылысты, шаруа-кәсіпті,тұрмыс-тіршілікті, рухани мәдениет тарихын біліктілікпен таразылайтынының белгісі. Мысалға жүгінейік:

        Бөтегесі бырдай боп,

        Майсасыры дырдай боп,

        Тарлаулары балдайын,

        Балауы жал-жалдайын

        Ойы түрлі кілемдей,...                              [11,385]

              Дулат поэзиясындағы оюлы, нақышты, сырты сұлу, іші ну алтынның қиқымындай айқындау сөздердің ақындық ойды тірілтіп, түрлендіріп отыруға тигізген септігі зор.

               Өлең сөздің көркемдігі, ұшқырлығы, музыкалық сипаты-оның құрылысына да байланысты. Дулат жырау туындылары жыр үлгісіне негізделген. Жырдың әр тармағы 7-8 буын болып, шұбыртпалы, еркін, егіз ұйқас түрлеріне құрылады.

                Өлеңнің ырғақтық кестесін, эксперссивтік мәнерлілігін арттыратын тәсілдің біреуі синоним сөздер.

Төрдегі өңшең отырған

Топырыш, топас күшіген,

Жау айбынбас күшінен...                                    [11,385]

 

Шаруа десе шалдуар,

Салақ, олақ, еріншек

Бой түзеген , бор кемік.

Күлкігөй, күйшіл, көңілшек!                            [11,385]

             Дулат Бабатайұлының ақындық  мұрасы-жанды, бейнелі образдық жүйесімен, нақышты, кестелі тілімен, терең мағыналығымен, сыңғыр қаққан келісімімен ерекшелінеді.

             Ақын өлеңдерінде жастарды өнер-білімге  шақырады, ол да басқа ақындар  сияқты надандыққа, әдепсіздікке  қарсы шығып, қазақ қоғамындағы адамгершілікке жат қылықтардың өріс алу себебі-осы надандық індетінің салдары деп түсінеді, жастарды патриоттық сезімге шақырады.

              Халық үшін бар өмірін сарп  еткен, ел үшін туған ер, ақындық  мақсатын ел мүддесімен ұштастыра  білген азамат ақын Махамбет Өтемісұлы.

              Махамбет поэзиясы-хан сарайы  маңындағы озбыршылыққа қарсы  жырланады, ол озық идеялы, халықтық  күресшіл поэзияның өріс алуына  елеулі үлес қосты. Өз езіндегі  және кейінгі дәуірлердегі жазба  әдебиетіміздің қалыптаса беруіне мықты ықпал етті, өміршең, реалистік әдебиетті нығайта түсті. Кейін Махамбет дәстүрін ұстаған бір топ халық ақындары шықты. Олар халық мұңын жырлап, поэзиямыздың реалистік жолмен өсуіне өз үлестерін қосты. Олардың ішінде өз дәуірі әдебиетінің белді өкілдерінен саналған Шернияз, Сүйінбай, Шөже, Алмажан, Абыл, Нұрым және басқалар бар.

             Махамбет жырлары тақыр жерге  біткен өнер емес. Ол кешегі  түркінің, тұтастай алсақ, көшпелілердің  асау мінезінің жалғасы. Өмірбойы  қоныс қуып, ата мекенін қорғаған, еркіндіктің құлының мінезі. Қайран елінің бодандыққа мойынұсынар алдындағы соңғы тұяқ серпкен қылығы мен айбынды сөзі Махамбеттен шыққан.

              Махамбет патриот ақын. Ол өлеңдерінде  халықты хан–сұлтандарға қарсы  ерлікке шақырады. “Толарсақтан саз кешіп” өлеңіндегі:

Қабырғасын қаусатып,

Бір – біріндеп сөксе  де,

Қабағын шытпас ер керек

Біздің бүйткен бұл  іске...                                     [11,385]

деген жолдар Махамбеттің  нағыз патриот екендігін көрсетеді.

            Махамбет – халықтық тілдің қаймағын қалқып ішкен, тума талант. Оның поэзиясына талдау жасап қарар болсақ, ақын өз өлеңдерінде бұрынғы жыраулар дәстүрін де, кейінгі жазба тіл стилінің оралымдарын да шебер қолдана білгенін көреміз. Мына детальдар соның дәлелі.

Дулығалы бас кескен,

Ту түбінен ту алған.

Жауды көріп қуанған

Мен Өтемістің баласы

Махамбет деген батырмын.                                  [11,385]

              Бұл Махамбеттің  “Еңселігім  екі елі” деп басталатын өлеңінің  абсалют соңы. Осы үзінді де  “дулығалы бас кескен” деген тармақ бар. Әдетте батырлар киген дулығаның етегі иықты жауып тұрады. Дулыға киген басты шауып түсіру үшін қандай қайрат пен шеберлік керек.

                  Ақынның біраз өлеңі риторикалық  сұраулы сөйлемдерге құрылған. Бұл-  жыраулық дәстүрдің жалғасы. Ақын өлеңдеріндегі риторикалық сөйлемдер екі түрлі құрылымда беріледі. “Ереуіл атқа ер салмай”, “Беркініп садақ асынбай” өлеңдері түгелімен бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің кампоненттерінен құралып, өлеңнің соңғы тармағы риторикалық сұраулы сөйлеммен беріледі. Соңғы сөйлем жауап күтпейді. Оның жауабы алдыңғы тармақтарда беріліп қойған.

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға  алмай,

Еңку- еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей...

Ерлердің ісі бітер ме?                                           [11,385]

                   Ал  “Орай да борай қар жауса”, “Жалған дүние”, “Тарланым”, “Желп-желп  еткен ала ту”, “Күн қайда”  сияқты өлеңдері риторикалық  сұраулы сөйлемдерден тұратын  егіз ұйқасқа құрылған.

               Махамбет поэзиясында күрделі  мағынаға ие үздік метафоралар  мол мәселен:

Арғымақтың баласы

Арығанын білдірмес,

Арқамнан қосым қалар  деп                                       [11,385]

 

Ағыны күшті  ақ дария

Қаһарланып  толқиды

Қанатын күн  шалмаған балығым.

Ортамнан ойлар салар  деп

                                                 (“Арғымақтың баласы”) [11,384]

Еменнің түбі – сары бал,

Еріскен көңіл – бәрі бал.

                                                (“Еменнің түбі-сары бал”) [11,384]

 Мен қарақұстан туған қалықпан.

                                                 (“Ерскендей ер болса”)  [11,384]

              Өрт ішінде алаулап жүрген, ой  – қиял теңізінде жүзген. Отан  тағдырын, ұрпақ келешегін, ел  тәуелсіздігін жан – тәнімен  сезініп, жолбарыстай долданған, барысша атылған жыршы сөз меруерттерін былайша тізбелейді:

       Шамдансам,  шалқамнан түсер асаумын,

       Шамырқансам,  шатынап сынар болатпын.

                                   (“Шамдансам, шалқамнан түсер асаумын”) [11,54]

       Мен  - тауда ойнаған қарт марал,

       Табаным  тасқа таяр деп.

       Сақсынып  шыққан қиядан

                         (“Мен – тауда ойнаған қарт марал”)            [11,52]

                Қияға қонған қыран бүркіт  тәріздес Махамбет майда сұңқарша  саңқылдап, жаудан қоғадай жапырып, жеңіске жетіп жүрген шақтарын мынадай көркем теңеулер арқылы бейнелейді.                                        

Тағыдай таңдап су ішкен,                      

Тарпаңдай тізесін бүгіп от жеген.

                                    (“Толарсақтан саз кешіп.’’)                 [11,53]

Жауырыны қақпақтай

Қара айдары тоқпақтай.

                              (“Кел, кетелік.”)                                    [11,56]

Бұрала біткен емендей.

                                 (Әй,Махамбет жолдасым.)                [11,58]

Түлейді түнде жортқан  жолбарыстай.

                                (Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай.)     [11,12]

Жау бір өрттей қайнайды,

Қайнағанмен қоймайды,

Мылтығын қардай боратып...

                                                                 (“Соғыс.”)       [11,35]

               Ақынның шығармашылық мұрасында  мағыналық әрі дыбыстық жағынан  шебер қабысқан фразеологизмдер  ұшан- теңіз . Мәселен;

Ақ жүрегін тербетіп,

Ер көңілін желдетіп.

(“Әй,Махамбет жолдасым”.)    [11,59]

         Тебінгісін тесе атқан,

Тізгінен кесе атқан...

Информация о работе Тәуелсіздік кезіндегі поэзия