Тәуелсіздік кезіндегі поэзия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2013 в 10:09, курсовая работа

Краткое описание

Азаттықты аңсау білектің күшімен, найзаның ұшымен ғана жүзеге аспайтын еді, сондықтан намысты қайрау рухты ояту, жігерді жану үшін әманда сарқыраған сарынды, адуын ағысты жыр көмекке келген. Бодандыққа бойұсындырмай, отаршылдық езгіден зар шеге жүріп, одан шығатын жол іздеттірген, тәуелсіздіктің темір құрсауын тәрк етуге ұмтылдырған да жыраулардың отты жырлары, ақындардың алаулы өлеңдері еді ғой. Ерте дәуірдегі, тіпті біздің жыл санауымыздан әлденеше ғасырлар бұрынғы елді қорғау, жерді қорғау, батырлардың ерлік істерін әспеттеу идеясы бірте-бірте азаттық,тәуелсіздік жолындағы күрестің ұранына ұласады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоба.doc

— 244.00 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

    Жер жаһанда азаттықты аңсамайтын ел, тәуелсіздікті тұғыр тұтпайтын мемлекет жоқ. Ежелгі көк түріктердің заманында да, ұлы дала төсінде көшпелілер өркениетінің дәуірлеп, бәсеңсіген, қайта  салтанат құрған кезеңдерінде де, алты Алаштың, қазақ хандығының тарих сахнасына шыққан орта ғасырлардан басталатын ғажайып ғұмырнамасының өне бойында да бүкіл тыныс-тіршілігінің мәні мен мағынасы болып азаттық үшін, тәуелсіздік үшін жүргізген бітіспес майдан, кескілескен күресінің шежіресі тізбек-тізбек. Өткен ғасырлардағы Азия халқының, Африка жұртының. Латын Америкасы елдерінің бодандықтың бұғауын үзу, отаршылдықтың озбыр құрсауынан шығу жолындағы жойқын бұлқыныстарының тарихы да азаттық пен тәуелсіздікке жету үшін жүргізген арпалысты шайқастарға толы.

  Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Отаршылдық езгіге түсіп, шарасыз халде үнсіз бұлқынған қазақ елінің пешенесіне тап болған сор мен азапқа қабырғасы қайысқан Шоқан Уалихановтың: “Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек”[1,74]-дейтін әйгілі сөзінде азаттықты идеал тұтудың, көкіректі жара күрсінгенде шыққан шерлі толғаныстың табы бар.

   Азаттықты аңсау білектің күшімен, найзаның ұшымен ғана жүзеге аспайтын еді, сондықтан намысты қайрау рухты ояту, жігерді жану үшін әманда сарқыраған сарынды, адуын ағысты жыр көмекке келген. Бодандыққа бойұсындырмай, отаршылдық езгіден зар шеге жүріп, одан шығатын жол іздеттірген, тәуелсіздіктің темір құрсауын тәрк етуге ұмтылдырған да жыраулардың отты жырлары, ақындардың алаулы өлеңдері еді ғой. Ерте дәуірдегі, тіпті біздің жыл санауымыздан әлденеше ғасырлар бұрынғы елді қорғау, жерді қорғау, батырлардың ерлік істерін әспеттеу идеясы бірте-бірте азаттық,тәуелсіздік жолындағы күрестің ұранына ұласады.

   Поэзия қай  дәуірде де, қай заманда да  адам көңіл күйінің

буырқанған, босаңсыған, қайрат шақырған, қамыққан, қайтадан рухтанған, өмірлік мұраттарға ұмтылған сәттерінің бәрінің де көркем шежіресі, бейнелі  суреті, мың құбылған әуені. Өлеңнің  бір тармағында яки бір шумағында  ел тағдырына қатысты қара сөзбен айтып жеткізе алмайтын қуатты сөз бас құрайтыны содан.

 Алаш ардақтысы  Мұстафа Шоқай:

  “Ұлттық тәуелсіздік - бізді дүниеден оқшаулап тастайтын қытай қорғаны болмайтыны сияқты, ешкімнің құқығына қарсы қойылмайды да. Ұлттық тәуелсіздік-отаршыл озбырлардың езгісінен, талан-таржысынан атамекеніміз бен халқымызды құтқару қозғалысы болып табылады”- [2,133] деген еді осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын.

  Еліміз тәуелсіздік  алғаннан кейінгі жылдарда қаншама  қиын өткелдерін алдымызға тосқанын, қаншама ауыртпалықтарды арқамызға артқанын қалай ұмытайық! Осы он жылдағы кешкен бейнет те, тартқан азап та, оқыған дұға да, шым-шымдап бойға дарыған қайрат та бәрі-бәрісі қазақ поэзиясында алуан реңкті өз баяуын тауып, заман келбетінің қалай-қалай құбылғанын айна қатесіз образға айналдырып, әдебиет тарихында қалдырды. Бұл орайда А.Н.Веселовскийдің: “История литературы в широком смысле этого слова-это история общественной мысли, насколько она выразилась в движении философском, религиозном и поэтическом и закреплена словом”[3,107]-дегенін құптап қабылдаймыз. Бұл жерде поэзияның рөлі төмендеп қалған жоқ.

               Поэзияның дамуы қоғамдық ой-сананың  дамуынан тысқары қала алмайды.  Тіпті, поэзиялық шығармаларды  тану, түсіну қабылдаудың да қоғамдық  жағдайға, идеологиялық ықпалға қатысты болатынын ұмытпауымыз керек. Академик Серік Қирабаев: “Тәуелсіздік біздің ұлттық идеологиямыздың негізі болуы керек”[4,19]-деген ойды ортаға тастағанда, ең алдымен, біздің рухани, мәдени, тарихи, саяси, экономикалық т.б. құндылықтарымыздың бәрі тәуелсіздіктің арқасында бағалы, ендеше соның бәрі ұлттық тәуелсіздігімізге қызмет етуге тиіс деген тұжырым жасаған.

              Ақын қоғамдық өмірдегі өзгерістердің  фотокөшірмесін жасаушы емес, ол  өлең тілінде, образға орап, заман  тынысын, уақыт демін, тарихи ақиқатты жүрек лүпілімен, жан дірілі мен жырға айналдырады.

             Тәуелсіздік Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: “Тарихтың ұлы көші қайда бағыт ұстап, шерлі шежіре парақтары қанша аударылса да, мыңдаған жылдар бойы Еуразия атты қарт материк талай-талай аласапыран оқиғаларды басынан өткізсе де, осы апайтөс құрлықтың дәл кіндік ортасындағы ұшықиыры жоқ ұлы даланы “үстінде көк аспан, астында қара жер жаралғаннан бері мекен етіп келе жатқан халық әр кезде де Бостандық, Еркіндік, Азаттық ұғымдарымен өмір сүріп келеді. Оған уақыттың өзі куә”[5] - деді азаттық күрескері, жорық дауылпазы ұлы Махамбет ақынның 200 жылдық тойына арналған Атырау қаласындағы салтанатты жиында сөйлеген сөзінде.

             Қазақ поэзиясындағы азаттық, тәуелсіздік аңсары 1991-2001 жылдар аралығында өзінің бұрынғы асқақ ұлттық рухын қайта тапты және тәуелсіз Қазақстанның алғашқы апыл-тапыл басқан қадамын қалтқысыз қадағалап, рухани демесін, сүйеніш бола білді.

            Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыста қазақ поэзиясындағы азаттық, тәуелсіздік тағылымдарының тамыры тереңде екендігіне басты назар аударылады және еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы  жылдарында аталған тақырыптың жаңа мазмұнға ие болуын әр қырынан келіп ашу көзделген. Осы орайда алдымызға мынадай мақсат-міндеттер қойдық:

  - тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясына тән идеялық-көркемдік ізденістерді пайымдау, тақырыптық- танымдық арналарды сараптау;

- тәуелсіздік тағылымы және шетелдердегі қазақ ақындарының жырларынан рухани сабақтастық, үндестік табу;

- тәуелсіздік жылдарындағы ел, жер, ұлттық тіл тағдырына, мемлекеттік рәміздерге қатысты туған жырлардағы жаңа идеялық бағыт-бағдарларды айқындау;

- тәуелсіздік жылдарындағы ақындар мүшәйрасында тақырыптың әр қырынан игерілуін, көркемдік ізденісерге өріс ашылуын талдау;

- қазіргі қазақ поэзиясында қайсар рухтың, күрескер тұлғаның бейнесі қайта жаңғаруынан дәстүр жалғастығын табу;

- қазіргі қазақ жырындағы “Астана” ұғымы және оның идеялық-танымдық сипатын ашу;

      Қ. Мырза Әлидің “Заман-ай” және Т. Медетбектің “Тағдырлы жылдар жырлары” жинақтарындағы дәуір тынысын, кезең шындығын бейнелеуін, замандастарымыздың рухани жаңғыруын идеялық-көркемдік тұрғыда талдау. Бұл кітаптар дәуір сипаты мен тәуелсіздік жылдарындағы адамның жан сезімін айрықша биік танытқан туындылар ретінде қаралады.

                  Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Бұл жұмыста қазақ поэзиясындағы азаттық, тәуелсіздік тағлымдары, әсіресе, еліміз егемендік алғаннан кейінгі он бес жылдағы (1991-2005ж.ж) қазақ жырындағы идеялық-көркемдік ізденістер, танымдық-тақырыптық арналар алғаш рет зерттеліп, тұңғыш рет ғылыми айналымға енгізілуінің өзі тақырыптың сонылығын айқындайды.

             Тәуелсіздік жырларындағы қазақ поэзиясының даму бағдарламалары, сапалық деңгейлері, проблемалық шешімдері жөнінде бұған дейін арнаулы зерттеу жұмыстары жүргізілмеген болатын. Осы зерттеу жұмысы яғни дипломдық жұмыс-сол олқылықтың орнын толтыруға қосылған үлес. Мұнда 1991-2005 жылдардағы қазақ поэзиясындағы көркемдік ізденістерді жүйелей саралап, осы кезеңде жарық көрген жыр жинақтарындағы өлеңдерді танымдық, көркемдік талап тұрғысынан іріктей талдап, таразыладым.

             Еңбектің үшінші тарауында көрнекті  ақындар Қадыр Мырза Әлидің  “Заман-ай!” поэмалар кітабын  және Темірхан Медетбектің “Тағдырлар жылдар жырлары” жинағын жеке-жеке алып қарастыру арқылы тәуелсіздік жылдарында қазақ поэзиясына қосылған күрделі де кесек екі туындының көкемдік деңгейін, идеялық арқауын, поэтикалық айшықтарын, уақытпен үндестігін жан-жақты ашып көрсеткен.

                 Зерттеу нысаны -азаттықты, тәуелсіздікті жырлаудың эволюциясы қазақ поэзиясында үздіксіз жалғастық табуы;

- тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясында жаңа идеялық-көркемдік ізденістер байқалып, тың тақырыптық-танымдық арналар пайда болуы;

- тәуелсіздік тақырыбына шетелдік қазақ ақындарының үн қосуынан рухани үндестік, сабақтастық аңғарылатыны:

- тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық тіл тағдырына, мемлекеттік рәміздерге арналған жырлардан жаңа идеялық-эстетикалық нышандар танылатыны;

- тәуелсіздік жырларындағы ақындар мүшәйрасы қазақ поэзиясының тақырыптық арналарын кеңейткені, көркемдік ізденістерге бастағаны;

- тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясында қайсар рухты, күрескер тұлғаны әспеттеу дәстүрінің қайта жаңғыруы;

- тәуелсіздік жылдарындағы қазақ жырында “Астана” ұғымының орнығуы және оның жаңа идеялық-танымдық сипатта көрініс табуы;

            Қ. Мырза Әлидің “Заман-ай”, Т.Медетбектің “Тағдырлы жылдар жырлары” жинақтарында дәуір дидарының, кезең шындығының замандастарымыздың ой-санасындағы өзгерістердің, рухани жаңаруының көркемдік-эстетикалық тұрғыда ашылуы.

           Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Еңбектің соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     1 КӨНЕ ДӘУІРДЕН БІЗДІҢ ЗАМАНЫМЫЗҒА ЖЕТКЕН ҰЛЫ САРЫН НЕМЕСЕ АЗАТТЫҚ  ЖЫРЛАРЫ

          Көне түркі дәуірлеп жеткен сарындарға құлақ түрсек, елін, жерін қорғау, азат ғұмыр кешу, ел іргесін кеңейту сияқты мемлекеттік мәселелердің бел ортасында басы ноқтаға сыймайтын батырлар, қаһармандықпен қамал алған қолбасшылар тұлғалары өркештеніп көрінеді. Халық бейбіт өмір сүру, бақуатты тұрмыс құру, “қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған” тыныштықты аңсау сарындарын тікелей батыр туған ұлдарының есімдерімен байланыстыра жырлаған.

          Әдебиет тарихын зерттеуші ғалым Мырзатай Жолдасбеков: “Орхон жырларының негізіне түркі руларын біріктіру, нығайту, сыртқы жаулардан қорғау идеясы алынған” [6,86]-дейді. Түркі руларының басын біріктіру, іргесін бүтіндеу, сыртқы жаулардан қорғау идеясы-азаттық идеясының байрағын көтеру деген сөз. Түркі тайпаларының бейбіт күнді, азат күнді аңсаудан, ел қорғаған қаһармандардың ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үлгі етуден, өнеге тұтудан туған жырлары тасқа таңбаланып қалды.

                  Уақыт толқыны, өмір белестері, халық басынан өткен ауыр оқиғалар біздің поэзиямызда да сөйлеп тұр.

    Ежелгі түркі  дәуірінің қоғамдық, әдеби-мәдени  өмірін жыр еткен ғажайып дастандар  бар: Бұлар-“Күлтегін”, “Білге қаған”  және “Тоны көк” жырлары деп аталады. Мысалы:

Түркі халқы даңқы  өшпесін деп,

Мені қаған етіп отырғызған еді.

            Қарны аш, сырты тонсыз

            Нашарлаған халықты басқардым 

            Ата-бабамыз жинаған халықтың

            Аты, даңқы өшпесін деп 

            Түркі халқы үшін

            Түнде ұйықтамадым 

            Күндіз тыным таппадым

             Інім Күлтегінмен бірге

 Күшімізді қосып

 Елді  өліп-тіріліп ұлғайттым.                     [7,35]                                            Орхан өзені бойынан табылған бұл ескерткіштердің бірі-Түрік қағанатының әскери қолбасшысы болған Күлтегін батырдың (684-731 жылдары) ерлік істерін баяндайтын дастан. Ал екіншісі-Батыс түрік қағанатының елбасы-Білге қағанға арналған жыр. Күлтегін батыр мен Білге қағанның ақылшысы, кеңесшісі, данышпан қарт Тоныкөкке арналған ескерткіш тасқа да осындай жыр-дастан қашап жазылған.

       Тасқа қашап жазылған бұл үш дастанда Түрік қағанатының құрылуы мен құлдырауы, өрлеу дәуірі мен күйреу кезеңі жайында аса құнды тарихи деректер бар. Автор сол кездің аса маңызды тарихи оқиғаларын бетке ұстай отырып, өзінше эпикалық сарындағы көркемдік дәрежесі биік, тарихи тақырыптағы дастандар жазған. Мұнда тарихи шындықтан емес, автордың көркемдік қиялынан туған көріністер мейлінше мол. Ерлік, елдік және ел қорғау тақырыбына арналған бұл ғажайып дастандардың авторы Иоллығ тегінің аса дарынды сөз зергері болғанын шығарманы оқи отырып аңғару қиын емес. Ол әсіресе ежелгі түрік поэзиясына тән көріктеу құралдарын зор шеберлікпен пайдаланған. Орхон жазуларында суреттеліп отырған нәрсені тағы да ажарландыра, құбылта түсу үшін оны соған ұқсас өзге затқа балау әдісін яғни метафораны шебер қолданады. Бұған Күлтегін жырынан мысал келтірейік:

Әкем қағанның әскері бөрідей бопты

Жаулары қойдай бопты

Түргеш қағанның әскері Болшыда

Отша, бөріше келді,

Соғыстық.                           [7,35]

Мұндай метафораларға  Тоныкөк жыры да бай.

Жауымыз түгел жыртқыш  құстай еді

Біз (оларға) желетін едік.                          [7,35]

   Өлеңде бірыңғай  дауыссыз дыбыстардың қайталанып қиысуы яғни ал литерация жырдағы үндестісті, мәнерлікті күшейте түсетінін ежелгі түрік сөз зергерлері жақсы түсініп, бұл әдісті шебер меңгергені анық.

              Қазақ және түрік ақындары  поэзиясындағы азаматтық-философиялық  сарындар әдеби дамудағы ортақ гуманистік мұраттарды аңғартады. Ақындар қоршаған гуманистік ортадағы тектес құбылыстарды, қасиеттерді көркемдік таныммен қабылдайды, өздерінің тұжырымдары арқылы адамдардың бәрінің ойларынан туындайтын бағалаулар жасайды. Бұл әдебиеттің әрі ұлттық, әрі әлемдік деңгейдегі эстетикалық ықпалын қалыптастыратын дәстүрлі үрдіс.  Қазақтың батырлық жырларынан кейін ел, жер қорғау, азаттық идеясы қазақ ақын-жыраулар поэзиясында (XV-XVIII ғ. ғ.) және зар заман ақындар аталатын-XVIII ғасырдың соңынан бастап, XIX ғасырды тұтас қамтитын Ресей отаршылдығына қарсылықтан туған поэзияда кең көрініс тапқан.

Информация о работе Тәуелсіздік кезіндегі поэзия