Сәрсен Аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 20:49, курсовая работа

Краткое описание

«Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние жоқ. Ғылымсыз оқиған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды»- дейді Абай бабамыз. Қазақ тілі білімінің іргетасы алғашқы тілтанымпаздардың білімдарлығы арқасында нық орнықты. Біртуар азамат А.Байтұрсынұлының ойтұжырымдары тіл білімнің қай саласында болмасын өзінің қажеттілігін өтеп, өміршеңдігін көрсетуде. 1930 жылдары қалам алып, тіл білімнің басты мәселелеріне көңіл аударған Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, С.Жиенбаев және т.б. еңбектері өз алдына бір төбе.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім.
С.Аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері
Синтаксистік терминдер туралы (сөзтіркесі)
Сөздерді байланысу тәсілдері
2.1 Сөз тіркесінің жаңаса байланысу формасы
2.2 Қабысудың меңгеруге ауысуы
С.Аманжоловтың үйірлі мүшелері зерттелуі туралы қөзқарасы
Лепті сөйлемдердегі модальдік мағына
Шартты мәнін беруші тәсілдердің қолданыс ерекшелігі
Сын есім шырайлыларының мектеп оқулықтарында берілуі
Құрмалас сөйлем туралы
7.1 Салалас құрмалас сөйлем
7.2 Сабақтас құрмалас сөйлемдер
7.3 Көп басыңқылы сабақтас сөйлем
8. Байланысу формаларындағы кейбір өзіндік ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сәрсен Аманжоловтың синтаксис саласына.doc

— 348.00 Кб (Скачать документ)

Көп басыңкылы сабақтас сөйлем 1940 жылдың басында жарық керген С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев еңбектерінен де орын алған жоқ.

 Дегенмен С.Жиенбаев салалас құрмалас сөйлемдерді мағыналық қатынасқа бөле келе, сабақтасқа катысты да көңіл аударар пікір білдіреді. «Таң біліне ауылдан шықтық // Ауылдан кун көтеріле шықтық дегендердің бәрі де мезгілдік бағыныңкы сөйлемдер, әсіресе басыңқының арасына қыстырылғандары паузамен бөлініп тұрған жоқ» деп, таң ату// күн көтерілу сияқты құрылымдары» өздерінің сөздік қасиетін жоғалтпаған, формалық белгілерінен айырылмаған сөздер» деп таниды. Бір қызығы, осындай тұлғадағы құрылымдардың бағыныңкы сипаттағы сыңар ретінде жұмсалған түрі көп басыңқылы сөйлем болып та кездесті. Тақ ата, жел де тынды, бұлттар да ыдырады (Ж. Аймауытов). Шын мәнінде, бұл мысал ішіндегі алғашқы сыңардың төмендегі сөйлемдегіден тұлғалық соған қатысты жеке сыңарлықта өзгешелігі шамалы. Демек, ондай сыңарлар (таң ату // күн көтерілу) сөзтұлғалық емес, С.Жиенбаев көрсетуіндегідей, жеке бағыныңқы сыңарлык қызметте. Тақ білініп, төңірек бозамықтана бастады, теңіз жақтан таң алдындагы салқын самал соқты (Ә.Нүрпейісов).

М.Балақаев еңбектерінің дені жай сөйлем синтаксисіне арналғанымен, ғалым алғашқылардың қатарында окулықта жазды және бүкіл синтаксисті қамтып отырды. Ересектерге арналған алғашқы оқулықтарында-ақжай сөйлемнің кұрамдық түрлерінің (жалаң, жайылма) бірігіп күрделі сөйлем болатынын айтады. Әрі «құрмалас сөйлемнің ішіндегі жеке сөйлемдердің жеке бастауыш, баяндауышы болу керек» деген қағиданы ұстайды. Ал кейінгі шыққан оқулығында «Құрмалас сөйлемдер әлденеше жай сөйлемнен кұралғанда, олар өзара сабақтас болып та, салалас болып та» байланысатынын айтады. Әрине, мұны ғалым аралас құрмалас сөйлем деп таниды. Бірақ мұндағы көңіл аударатын мәселе сол, ондай кұрылымның тиянақсыз ↔ тиянақты ↔ тиянақты болып орналасуы және сабақтастык байланыстың бірінші орында айтылуы. Бұған дейінгі еңбектерде салаластық байланыс алғашқы кезекте айтылатын.

Мұнан кейінгі 1950-70 жылдары жоғары мектепке арналған академиялық, грамматикалық оқулыктар көп басыңқылы сөйлемге қатысты нақты түжырым айта алған жоқ. Бірақ ол оқулықтар оқушы сұранысын сандық және мән-мазмұны жағынан толық қанағаттандыра алды. 1954 жылғы академиялық оқулык 1961 жылға дейін және онан кейін де іздеп жүріп оқылатын оқулық болса, 1961-71 жылдары үш рет жарық көрген М.Балақаев пен Т.Қордабаев авторлығындағы грамматикалык, еңбек әлі де болса кажеттілікті өтеуде. Мұнан кейінгі жылдары қазақ тіл білімінде де тоқырау заманы байқалады. Кұрмалас сөйлемге катысты оқулық тек 1995 жылы жарық көрді. Бірі Т.Кордабаевтың, екіншісі Қ.Есеновтін еншілігінде. Ғалым Қ.Есенов сабақтас құрмалас сәйлемнің үлестес түрін жаңартып танытқанын байқаймыз. Ал көп басыңқылық құрылым бұл оқулықтан да орын ала алмады. Бірақ ғалымның аралас құрмалас сөйлем тарапынан талдаған Ол оянса, терезе жабық, үй іші қара көлеңке екен(С.Мұқанов) деген сөйлемін көп басыңқылы сабақтас деп танытуға әбден болады.

Қазақ тіл біліміндегі  зерттеулерді қорытындылай келе, көп  басыңқылы сабақтас сөйлемге жақын  тексерулердің болғандығын байқадық. Олар бірде ішкі сыңарлардың араластық  үлгіменен түзілуі арқылы сәйкестеніп  отырса, енді бірде мысалдық деректердің  дәл келуімен анықталып отырды. Мұндай саралау жүргізулер талдаудағы сөйлем түрінің анықтамасын түзуге әкелді. Демек, көп басыңкылы сабақтас құрмалас деп тиянақсыз ↔ тиянакты ↔ тиянақты тұлғалы сыңарлардың мағыналық және интонациялық жағынан тағыз байланыста болып, синтаксистік байланыстың сабақтас тәсіліне бағынған, күрделі бір ойды білдіретін сөйлем түрін айтамыз. Сабақтастық тәсілдің бірінші мен екінші, бірінші мен үшінші, кездесіп жатса төртінші, бесінші сыңарларға қатысты екендігін ескертеміз.

 

  1. Байланысу формаларындағы кейбір өзіндік ерекшеліктері

 

Синтаксисті Қ.Жұбанов«қоспа»деген  екен. Негізгі синтаксисте ой бір  сөз арқылы да, көп сөз арқылы да, кез келген сөз екінші бір  сөзбен қосылуы аркылы да жүзеге асады. Келе-келе осы «Қоспа» сөзін «байланыс» сөзімен сиионимдес колданыла бастады. Сөйтіп синтаксис сөзбен сөздің байланысы тұрғысынан калыптасты. «Қоспа» сөзі Қ.Жұбанов еңбегінде сана айтылумен шектелді де, ал «байланыс» сөзін С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, алғашқы кезде М.Балақаевтардың да пайдалағандығы белгілі. Бірақ басы қоспа, кейіннен байланыс сөзіне синонимдес тіркес дейтін де жаңа сөз де ене бастады. С.Аманжолов, Н.Сауранбаев еңбектерінде сөз бен сөз байланысады делінсе, енді М.Балақаетың 1954 жылғы «Қазіргі қазақ тілі» академиялық грамматика бойынша тіркес сөзі бір дегеннен қалыпты сөзге айналады. Міне, казіргі кезде синтаксисте әрі байланыс, әрі тіркес сөзі қодданылып келеді. Негізінде осы екі сөздің негізінде синтакистің объектісіне үлкен өзгеріс енгені белгілі. Осы екі термин казіргі кезде катар колданылып келе жатыр. Ол дұрыс та. Осы екі терминнің негізінде синтаксистің сөз тіркесі, сөйлем мүшелері қалыптасты. Бірак С.Аманжолов, Н.Сауранбаевтарда сөз тіркесінің байланысу формаларын бергені белгілі. Бұл жерде сөз тіркесінің байланысу формасын беруде проф. С.Аманжолоитың рөлі ерекше. Өйткені Қ.Жұбанов қолданған қиысады, меңгереді, қабысады, жанасады тіпті матастырылады сияқты етістіктердің негізінде проф. С.Аманжолов қиысу, меңгеру, қабысу, жанасу деген терминдерді қалыптастырды. Бұл терминдер осы күнге дейін кеңінен қолданылуда. Осы байланысу формаларының негізінде сөз тіркесі қалыптасты дедік. Бірақ осы байланысу формалары алғаш калыптасқан кезде әрбір байланысу формаларының немесе сөйлем мүшелері мен сөйлем мүшелерінің байланысын ажырату мәселесі туындамаған еді. Сондықтан анықтауыш мүшенің анықтауышын, толықтауыш мүшенің толықтауышпен байланысы сияқты киысу, меңгеру, қабысу, жанасу байланысы формаларының бағыныңқы сыңарлары да, басыңқы сыңарлары да сөйлем мүшелерімен бір тектес сөйлем мүшелерінің байланысы тұрғысында беріліп келді. Сопда ондай қиысу, меңгеру, қабысу, жанасу терминдері сөзтіркесінін терминдері болғанымен, сөйлем мүшелерінің байланысымен тең болады. Міне, осы пікір арқылы сөз тіркесі синтаксисі алғашқы кезде сөйлем мүшелеріне кірігіп кеткендіктен, сөзтіркесі синтаксисі елеусіз қалды. Қазіргі кезде бұл мәселеде ғылыми қөзқарас калыптасты. Сөз тіркесі синтаксисінде кай сөз табы қай сөз табымен тіркесті делінсе, сөйлем мүшесі де қай сөйлем мүшесі қай сөйлем мүшесімен байланысады делініп ара жігі нақты көрініс тапты.

Дегенмен, тіркес пен байланыс сөздерінің қайсысы  мол немесе аздау деген мәселе де туындайтыны белгілі. Бұл жөніңде мынаны ескерген жөн. Казақ тілінде 9 сөз табы, 5 сөйлем мүшесі бар. Осы сөз таптары, сөйлем мүшелері тема, рема немесе зат есім, етістік немесе бастауыштық, баяндауыштық топтық жікке келіп тіреледі. Бұл тіл – тілдердегі тілдік категориялардың өзіндік байланысын көрсетсе керек. Сонда тіркес сөз таптарынын, өзара тіркесі десек, сөйлем мүшесі қай сөйлем мүшесі, қай сөйлем мүшесі мен байланысы тұрғысынан туындайды. Бірақ байланыс термині тек сөйлем мүшесінде ғана емес, сөйлем мен сөйлемнің байланысы (бұл құрмалас сөйлем жүйесінде болатын мәселе) енді, синтаксиске мәтін синтаксисінің енуіне байланысты ол термин жаңаша мағынаға ие бола бастады. Ал тіркес тек сөз табы төңірегінде ғана сөз болумен шектеледі.

Тіркес сөз  бен байланыс сөздерінің аясы туралы ойлану қажет. Сөз тіркесінде қай  сөз табы қай сөз табымен тіркесі  тұрғысында көбіне жалаң бір бағытта  ғана сөз болса, сөйлем мүшесі де осы принципке негізделеді. Дегенмен, онда бір сөз табы арқылы да, әртүрлі сөз таптары арқылы да жасалуы бола береді. Бұл жағынан келгенде сөйлем мүшесінің көлемі сөз тіркесіне қарағанда күрделі. Әрине, сөз тіркесінің де күрделі түрі бар екені айкын. Бірақ күрделендіруші элементтер көбіне көмекші сөздер, әр сөз табының күрделі түрлері, тұракты тіркестер болып табылады. Сөйлем болғанан кейін ондағы сөздер сөз тіркесі тұрғысынан қай сөз табы қай сөз табымен тіркесетіндігі, сөйлем мүшесінде қай сөйлем мүшесі қай сөйлем мүшесімен байланысатындығы айтылуы тиіс. Бұған қарағанда кез келген сөйлем әрі сөз тіркесі, әрі сөйлем мүшесі жағынан сөз болуы тиіс. Бірақ мынаны да ойлану керек. Сөз, сөз тіркестері сөйлемді құраудың кұрылыс материалы ретінде накты көрініс тапса, сөйлем мүшелерінен ондай кясиетті таба алмаймыз. Сонда сөйлем мүшелері сөйлемнің ішкі бөліктері ретінде ғана карастырылуы тиіс. Бұл жерде кез келген сөйлемдегі сөздер қиыса, менгеріле, матаса, қабыса, жанаса байланысатыны белгілі. Әрине, бүкіл сөйлемде осы бес байланысу формасы болуы тиіс дейтін қағида тумау керек Ол сөйлемнің көлеміне, құрылысына байланысты.

Көптеген тілдерде байланысу формалары киысу, меңгеру, қабысу түрі ғана қалыптасқан. Ал бізде оларға қоса жанасу, матасу байланысу формалары да беріліп келеді. Сонымен қазақ тіліндегі осы бес байланысу формасының өзіндік обьектілері ойлануды қажет етеді. Қиысу, матасу байланысу формаларының аясы басқа байланысу формаларындай пікір таласы болмаса керек. Меңгеру байланысу формасының да объектісі біршама айқын. Ал жанасу байланысу формасы мектеп грамматикаларында олардың жасалу жолы берілгенімен, онда қабысу, меңгерумен ара катынасы шешілмей келе жатыр. Сонда жанасудың аясыныц дұрыс берілмеуінен немесе жанасудың объектісін нақты түсінбеуден тілдегі ең ауқымды мәселелер қабысу аясында қарау аркылы кабысудың аясы тым кеңейіп отыр. Бұл мәселені шешу үшін мектеп грамматикалары мен жоғары оқу орындары еңбектеріндегі берілулеріне көз салу орынды. Негізгі мәселе меңгеру, кабысу, жанасу байланысу формаларының арасындағы бір-біріне ауысып жүрген мәселелері туралы. Менгеру байланысу формасы септік жалғаулар арқылы келуі туралы талас пікір жоқ. Бірақ септеулік шылаулар арқылы үйге дейін барды - сөз тіркесі С.Аманжолов 1939 жылы мектеп грамматикасыңда жанасуға қосып берді. Автор 1940 ж. еңбегінде де осы бағытта бодды. Бұл пікір А.Әбілқаевпен бірігіп жазған оқулыкта алынып тасталып еді. Керісінше А.Аманжолов шығарған мектеп оқулығында кайтадан меңгеру аясында беріпті. Шындап келгенде шылау арқылы түйдекті тіркес меңгеру аясынан алынып, жанасуға қосу - ойланатын жай. Ол үшін жанасу байланысу формасының берілуін көрсетелік. Жанасуға С.Аманжолов 1939 ж. мектеп грамматикасыңда:

  • баласы үшін күресті —
  • сабақтан кейін барды —
  • стансаға дейін бардық—
  • күн сайын боламыз—
  • саған бола аялдадық - сияқты 4 түрлі жолын береді.

Н.Сауранбаев жамасуға пысықтауыштың етістіктен болған баяндауышпен мағына жағынан байланысы деп:

  • жылда болатын,
  • енді тиді
  • тез лып жата қалды - түрінде көрсетеді.

А.Әбілқаев:

  • үстеу, - кеше келді.
  • көсемше – оқьш түсіндірді.
  • сан+нум. сөздер - он минут сөйледі.
  • сілтеу есімдігі мен күні, түні, жылы: ол күні кетті

М.Караев:

  • көсемше
  • үстеу.
  • септік жалғау мен шылау, көмекші есім - тауға қарай кетті, жұмыс жайында сөйлесті, есік алдында болды.

Х.К.Арғынов:

  • Үстеу.
  • Есім – шылау - коммунизмге карай

Ғ.Әбуханов:

  • мезгіл үстеулері.
  • өзенге қарай
  • күн сайын — түрін берсе,

Б.Шалабай:

  • алшақ тұру
  • үшін, арқылы, сайын шылаулары арқылы түрлерін көрсеткен. Осылардың бәрін саралай келіп, мынадай түйін жасауға болады. Біріншіден, есім-шылау, көмекші сөздер - меңгеруге жатуы тиіс.

Тіпті, бұларға  модаль сөз, көмекші етістікті қосу да орынды. Екіншіден, үстеу, көсемше  де қабысуға катысты.

Үшіншіден, үстеу, т.б. алшақ тұруына байланысты жанасуға жатқызу принципі бар. Біздінше, орын тәртібі жағыкан жылжымалы - тек үстеу сөз табы. Сондықтан бір сөз табы бойынша жанасу байланысу формасын алу келе бермейтіні белгілі. Міне, осындай себептерден енді жанасу байланысу формасын қатысты тілдік фактілерді жанасу терминінің терминдік табиғатымен сәйкес келуін ойластыру қажет. Ол үшін алдымен қабысу, жанасу терминдерінің мәнін айқындап алған жөн. Қабысуда басыныңкы мен басыңкы орын тәртібі жағынан барынша іргелесе тұруы тиіс. Бұл жағынан термин жақсы алынған. Ал жанасу терминіндегі бағынынқы мен басынқы сыңарлардың арасы қабысудағыдай орын тәртібінде аздап болса да алшақтық мән бар. Жалпы термин жанасады деген етістіктен пайда болғаны белгілі. Олай болса жанасуды, біздіңше, жоғарыда көрсетілген жасалу жолдарындағы мына фактілеріге назар аударалық:

  • баласы үшін күресті
  • он минут сөйледі
  • күн сайын болатын
  • ол күні келмеді. Осында С.Аманжолов, А.Әбілқаевтар жанасуда бағыныңкы мен басыңқының арасында дербес мағынасы жоқ сөздерді ғана көрсеткен. Сонда бағыныңқы сыңарлар шылау, минут, күн сияқты сөздер аркылы күрделі түрде келген. Бұл принцип бойынша бағыңқы сыңар басыңкы сыңармен, көмекші сөздер арқылы тіркесі туындап отыр. Жанасу байланысу формасының жасалуын жоғарыда көрсетілген жасалу жолдарынан іздемей, бағыныңқы мен басыңқының көмекіші сөздердің дәнекерлігімен өзара жанаса тіркесуін басшылыққа алу оның терминдік табиғатын нақтылай түседі.

Зсрттсу барысында  осы факт негізінде жанасудың  негізгі формуласы былай болып шығады. Дербес мағыналы сөз - көмекші сөз - дербсс мағыналы сөз. Біз жанасуды осы тұрғыдан шешсек, онда оныц жасалу жолдары, орын тәртібі жағынан тіркесетін қабысудан да, негізгі сыңары дербес мағыналы сөзбен шылау т.б. аркылы топтардан ешқандай сәйкестігі жоқ тілдік құбылыстар негізінде өзіндік жасалу жолдары айқындалады. Біздіңше, біз мынадай фактілерді көрсетіп отырмыз:

  1. боп - кайталамай<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Cha

Информация о работе Сәрсен Аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері