Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 20:49, курсовая работа
«Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние жоқ. Ғылымсыз оқиған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды»- дейді Абай бабамыз. Қазақ тілі білімінің іргетасы алғашқы тілтанымпаздардың білімдарлығы арқасында нық орнықты. Біртуар азамат А.Байтұрсынұлының ойтұжырымдары тіл білімнің қай саласында болмасын өзінің қажеттілігін өтеп, өміршеңдігін көрсетуде. 1930 жылдары қалам алып, тіл білімнің басты мәселелеріне көңіл аударған Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, С.Жиенбаев және т.б. еңбектері өз алдына бір төбе.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
С.Аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері
Синтаксистік терминдер туралы (сөзтіркесі)
Сөздерді байланысу тәсілдері
2.1 Сөз тіркесінің жаңаса байланысу формасы
2.2 Қабысудың меңгеруге ауысуы
С.Аманжоловтың үйірлі мүшелері зерттелуі туралы қөзқарасы
Лепті сөйлемдердегі модальдік мағына
Шартты мәнін беруші тәсілдердің қолданыс ерекшелігі
Сын есім шырайлыларының мектеп оқулықтарында берілуі
Құрмалас сөйлем туралы
7.1 Салалас құрмалас сөйлем
7.2 Сабақтас құрмалас сөйлемдер
7.3 Көп басыңқылы сабақтас сөйлем
8. Байланысу формаларындағы кейбір өзіндік ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Үстеу мен көсемше өзі катысты сөздермен алшақ және іргелес тұрып та байланыса береді. Бірақ ол сөз таптарының етістіктермен іргелес байланысуын кабысуға жатқызады да, ал олардың алшақ түрін жанасуға жатқызып бір нәрсенің өзін жақсы оқушы жақсы оқиды, дегендегі біріншіні «жақсыны» сын есім, өйткені есімнің алдында тұр, екіншіні «жақсыны» үстеу, өйткені етістікке қатысты жүмсалған деген пікірден ешбір айырмашылығы жоқ. Сондықтан алшақ немесе іргелес тұрғанымен, ол сөз таптарының да етістікпен тіркесін қабысуға жатқызу қолайлы деп білеміз. Бірақ үстеулердін, септік жалғауларда келуін меңгеруге жатқызу керек.
Мысалы: Абай осы кеште болған өз халін бұл түнде де, ертеңінде де түсіне алмай кетті (М.Әуезов). Құлаш мойын қызыл нар таңертеңнен кешке дейін тыныстамады (Ғ.Мұстафин).
Екіншіден, етістікті қабыса байланысқан сөз тіркестеріне түрлі көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы жасалған бағыныңқы сыңарларды жанасуға жатқызады да, жанасудың басыңқы сыңары тек етістік болады деп түсіндіреді.
Шынында ғылыми енбектегі қабысуға жатқызылатын тілдің категориялар меңгеру (тек септік жалғаулы сөз және септік жалғаулы сөзге көмекші сөздердің тіркесі) матасуға (ілік жалғаулы мен тәуелдік жалғаулы сөздер) қарағанда көп. Қабысудың бағыныңқы сыңары ретінде қатыспайтын сөз табы жоқ деуге де болады. Оның үстіне ол сөз таптарының кейбірінің өзі қатысты сөзбен қарым-қатынасы түрлі қатынаста екендігі де айқын. Үшіншіден, қабыса байланысатын сөздерге көмекші сөздер нумеративті сөздер, дербес мағынасы бірде бар, бірде жоқ сөздер, мезгіл зат есімдері, қосарлы сан есім көптеген сөздер де мол қатысады. Оның үстіне меңгеруге қатысты кейбір фактілер осы мәселемен де арақатынасы араласып беріліп жүргендігі де айкын. Осы сияқты аумағы мол фактілерді бір ғана қабыса байланысқан сөз тіркестерінің келемінде ғана қарастыру практикалық та, теориялық та жағынан келмейді.
Сын есім, сан есім, есімшелер септеліп те жұмсала береді. Ондай кезде олар сол анықтайтын затының орнына жүмсалатынын да көруге болады. Әрине, олардың септелу дәрежесі бірдей емес. Дегенмен қалай да оларда заттану процесі үнемі болып тұратын құбылыс. Сол сөз таптарының ішінен сын есімнің септелуі туралы аздап тоқталуды жөн көрдік. Сын есімдердің септелуі туралы түрліше пікір бар. Кейбір ғалымдар сын есімдер септелмейтін, олар тек өзінің анықтайтын затымен қабыса байланысуға тиісті десе, ал кейбір ғалымдар сын есімдер септік жалғауын жалғап жұмсала беретінін дұрыс көрсетеді. Н.К.Дмитриев: «Егер орыс тілінде сын есім зат есімнің қызметін атқарса, кейде тіпті осы категорияға ауысса (салыстырыңыз, мысалы: «больные» (аурулар) «молодые» (жастар), передовые (озаттар), «старшие» (үлкендер) және т.б. құмық және барлық түркі тілдерінде сын есімнің зат есімге ауысуы және оның керісінше процесі ерекше дамыған» деп дұрыс көрсетті. Осы пікірді А.Н.Қононов, А.Боровков, В.А.Гордлевский, Дыренкова, И.А.Батманов, X.Қарабаев, Г.А.Абдурахманов сол сияқты қазақ тілі мамандары: I.Кеңесбаев, М.Балақаев, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, Ж.Шәкенов, Ғ.Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақов, Ш.Ш.Сарыбаев т.б. ғалымдардың да қолдайтынын көреміз. Зерттей келгенде, сын есімнің субстантивтенуі қазіргі уақыттың ғана жемісі емес, ол тарихи процесс. Сондықтан да И.А.Батманов: - «Если в памятниках субстантированные прилагательные встретились лишь в единичных случаях (врода урунум карам - мое светлое и черное) то с течением времени их число сильно возросло» - деп көрсетеді. Осы пікірді Ә.Құрышжанов, М.Томановтар да ескі ескерткіштердің тілін талдау барысында қолдайтынын көреміз. Жалпы сын есімнің субстантивтенуі зат пен сынның тығыз байланыстылығын көрсете отырып, сынның затқа және керісінше, қарым-қатынасын көрсетеді. Бұдан олардың үнемі біріне-бірі ауысып отыратынын көреміз. Бірақ олар субстантивтенгенде тек сол мағынасына сай сөздерге (яғни заттарға) ауыса алады. Сол өзінің анықтайтын затының орнына ғана жұмсалады. Бірақ субстантивтенген сын есімдердің барлық қасиеттері таза заттың қасиеттеріне сай келмейді. Онда сандық қасиет айқын байқалып отырады. Яғни, сын есімдер субстантивтеніп затқа ауысып кетпейді. Сол сияқты зат есімдер де сын есім қызметінде келе беретіні белгілі. Мысалы: алтын сағат, жел диірмен дегендегі алтын, жел зат есімдері қандай? сұрауына жауап беріп қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерін құрап, сын есімнің қызметінде ғана жұмсалады.
Осыған сәйкес
И.И.Мещанинов «Сөздің бір
3 С.Аманжоловтың үйірлі мүшелері зерттелуі туралы қөзқарасы
Үйірлі мүшелердің зерттелуі жөнінде С.Аманжолов «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы» деген еңбегінде (А., 1994) былай деген: Үйірлі мүше туралы кейбір түркологтардың пікірлері болса да, бірақ ешбір арнаулы еңбек болған жоқ. Кейбір оқымыстылар өз еңбектерінің әр жерінде тиіп-кашып орыс тіліндегі «причактные, деепричастные обороты» және «определительное, дополнительное предложение» керек деп, осылайша аталғаны жөн деген көзқараста болды. П.М.Мелирранский де өзінің «Краткая грамматика» Алтай тілі грамматикасының авторлары мәселені караған қазақ тілі мамандарының кейбіреулерінің осындай көзқараста болғандығын атап көрсетеді. Үйірлі мүше жөнінде пікір алысулар 1934 жылдан басталады.
Бұдан әрі (1940-1941 жылдары) екі түрлі көзқарас болғанын, бірі үйірлі мүшелі көсемше арқылы болады, екіншісі үйірлі мүше есімше арқылы болады делінген.
Ал, С.Аманжолов
үйірлі мүше есімшені де, көсемшені
де камтиды деген пікірді
Үйірлі мүшелердің
негізгі ерекшеліктерін сөз еткенде,
алдымен олардың күрделі
Үйірлі мүшелердің
өзара жіктелетініне мысал
Негізінен, үйірлі мүшелерді табуда олардын әрбір сөзіне жеке-жеке сұрау қойып, оларды мүшеге жіктеуге болмайды. Өйткені олар тіркес қалпында бір-ақ мүшенің қызметіне жұмсалып бір-ақ сұраққа жауап беріп, тобымен өзінің бағыныңқы сөзіне қатысты айтылады. Оларда бастауыштық, баяндауыштық, катынас болмайды. Оларда тек өз ішінде мүшелік катынасқа жіктелуге тек ыңғайланып қана тұрады. Предикаттық қатынас болмайды, тек оның реңкі ғана болады. Үйірлі мүшелердің интонациялык. ерекшелігіне тоқталады. Одан кейін үйірлі мүшелердін жасалу жолдарын береді.
. 1. (Түрлі сөздер
есімшеге үйіріледі. Ақылы
4 Лепті сөйлемдердегі модальдік мағына
Қазақ тілі мамандары лепті сөйлемді мақсат мәнді сөйлемдер типі ретінде карастырады. Соның өзінде лепті сөйлемді кейбір ғалымдар бұйрықты сөйлемдерден ажыратпай карастырып келді. (С.Аманжолов. Қазақ тілі синтаксисінін қыскдша ғылыми курсы. А., 1940, Н.Сауранбаев. Казақ тілі грамматикасы. А., 1967). Профессор С.Аманжолов лепті сөйлемдердің мағыналық түрінетілек-калау, үгіт-үндеу, кекеу-мұқау сияқты мағыналарын жаткызады. Доцент Ғ.Бегалиев лепті сөйлемдегі модальдык-предикаттық мағыналарды былайша тұжырымдаған: «...лепті сөйлемдер таңдану, өкіну, бұйыру, ашулану, тілек, ұран айту мағынасында айтылады. Лепті сөйлемдерде ерекше лептік интонация болады және сөйлеуші қандай көңіл-күйін білдіргісі келуіне қарай ол түрліше болуы мүмкін" (Ғ.Бегалиев. А.Әбілқаев. Қазақтілі,А., 1954).
Лепті сөйлем әр түрлі эмоциялық мағына білдіріп, көтеріңкі дауыс ырғағы мен одағайлар қатысымен лептікке ие болатынын кез келген казақ тілі мамандары колдайды.
Профессор М.Балакаев лепті сөйлемдерді бұйрықты сөйлемдерден ажыратып карастыруды және сұраулы сөйлемдердің де кейде лепті болып келетіні жайлы алғаш рет сөз етті (Қазақ тілі.А., 1976).
Лепті сөйлемдердің интонация мен одағайдан баска кұрылымдық белгілері туралы пікір алалықтары жоқ емес. Ғ.Бегалиев пен Ә.Хасенов лепті сөйлемді қаратпа сөздер аркылы үстейді деген пікірді айтканымен, дәл сол каратпалардың семантикалық ерекшеліктерін аша бермеген (Қазақ тілі оқулығы. А. 1971)
Лепті сөйлемдер қоршаған ортада болып жатқан тіршілік турасында белгілі пікірді хабарлап қана коймайды, керісінше, бұндай хабардан оқырман, тындарман, айтушының болмысқа қатысты әртүрлі көңіл-күймен, эмоцияларымен етене танысады, олар аркылы өздерінің де хабарға деген көзқарастарын калыптастырады. Сөйтіп, лепті сөйлемдер толық мәнінде модальдық мағыналарды үстеу үшін тілдік айтылымда пайдаланылады.
Лепті сөйлемді мақсат мәнді сөйлемге жатқызу тәжірибесі бар дедік. Осы пікірге карсы болған О.Төлегеновтің пікірінше, лепті сөйлемдерде интонацияның рөлі басым болғандықтан және есім баяндауышты лепті құрылымдарда максат мағынасы көбіне орын алып жатпайтындықтан, оларды бұл сөйлем түрінен ерекше атап беруге болады. Ғалым осы тәріздес лепті сөйлемдерді «интонациялықсөйлемдер»-деп жіктейді.
Лепті сөйлемдер
бұйрықты сөйлемдермен салыстырғанда
ерекше интонациялық сарынмен, өзіндік семантикалық-
Ал лепті сөйлемдегі модальдық мағыналарға келетін болсақ, интонациялық тәсілмен төмендегідей мағыналық түрлерін ажыратуға болады:
а) құптау реңіндегі кейіпкерлік (персонажға қатысты) модальдық мағына; ә) құптамау реңіндегі кейіпкерлік (персонажға қатысты) модальдық мағына; 6) таңдану реңіндегі кейіпкерлік (персонажға қатысты) модальдық мағына; в) назалану реңіндегі кейіпкерлік (персонажға қатысты) модальдық мағына; г) бұйыру реңіндегі кейіпкерлік (персонажға катысты) модальдық мағына. Мысалдардан қарастырайық,
Лепті сөйлемдердің модальдық мағына тудыратын формалары көбіне баяндауыш катарынан көрінуі занды құбылыс. Өйткені баяндауыш сөйлемді ұйымдастыруда басты қызмет аткаратынын білеміз. Лепті сөйлем баяндауыштың шартты рай тұлғасы арқылы берілгенде, сөйлем тілек, өкініш, арман, мәнді болып келеді. Кандай тұлға-кұрылымды сөйлемдерде болмасын, интонация предикаттықты айтушы көзкарасы тұрғысынан білдіреді. Бұл лепті сөйлем модальдығының интонация тәсілі арқылы берілетінін көрсетеді. Мысалы.
Етістікті баяндауыш I, II, III жақтық шартты рай тұлғасына шы/-ші қосымшасының жалғануы арқылы беріліп, сөйлем өкіну, таңдану, қостау, қостамау модальдық мәндерін білдіреді. Оған қоса қарсылас мәнді басыңқы мен бағыныңқы сыңарларындағы етістікті предикаттардың қолданысында интонациялык, екпін ерекше сезіледі де (контекстік мағынадан аңғарылып тұр), екінші сыңардың баяндауышы («өлсемші») аяқ жағындағы көәтеріңкі интонациямен қатты кею, өкіну модальдығын аңғарады.
Баяндауыш кұрамында келген демеулік түрлерінің кандай мағыналық реңкте колданылғанын сөйлеу жағдайына, контекстке карай ажыратуға болады. Құрамында «да» демеулігі бар сөйлемдер көбіне қостау, тандану, кекес мәндерін білдірсе, «ай» демеулікті сөйлемдер кекесін, өкіну, тандану тәрізді реңктерді білдіреді.
Сөйлем баяндауышы кейде зат, сын есімді сөздердің шартты рай тұлғасындағы «де» етістігімен тіркесіп, кайталанып келуі арқылы жасалады.
1. Шалқар деген кең төскей, мол жайлау құлпырып тұр екен. Шалқар десе, Шалқар еді! (М.Ә.).
Модальдық-эмоциялық мәнді- сөйлемдердің бір сыңары «қанша», «не», «қайсы», «кайда» есімдіктері, бір сыңары арнаулы есім, етістіктер болып келген тұрақты сөз тіркестері мен «қалай» есімдігі сияқты етістік тұлғалары арқылы кұралады. Бұл лепті сөйлемдер әрі мүмкін еместік модальдық мағынада, әрі таңдану, қостамау тәрізді қосымша реңктерде айтылады.
1. - Ұстап алса, қайтесіз? — Амал қанша оған! Былай да былай - өлу!(С.М.)
Лепті сөйлемдер баяндауышы құрамында «қара», «айт», «де», «байқа» «көр», «бол» тәрізді етістіктердің келтірінді мәнінде жұмсалуы арқылы мұндай кұрамды лепті сөйлемдер көбінесе жалпылама жақты сөйлем ретінде айтылады.
1. Бірақ бізден, сізден кейінгі нәсілдің ырысын айтсақшы! (М.Ә.).
2. Байтас Жумабайдың ашуын алыстан танып, мәз болып күліп келе жатып: - Құла бестінің төбелін де жоқ қыпты, қарай гөр өзін!-деді. (М.Ә.)
Лепті сөйлемдер көңіл-күй одағайлары аркылы да беріледі. 1. Түу, мына сормасқа дауа болмас, Абай! (М.Ә.). 2. Япырай, бұл қаншаға шыдамақ?
Лепті сөйлемдердің ішінде бұйрык мәнінде колданылатыны бар дедік. Мысалы, 1. Сонда сен істемегендімен істеймін бе?! - дедім ызаланып. 2. - Ал автобустарыңа отырмаймыз ба екен?! - деп ілгері ұмтылды.
Информация о работе Сәрсен Аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері