Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 20:49, курсовая работа
«Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние жоқ. Ғылымсыз оқиған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды»- дейді Абай бабамыз. Қазақ тілі білімінің іргетасы алғашқы тілтанымпаздардың білімдарлығы арқасында нық орнықты. Біртуар азамат А.Байтұрсынұлының ойтұжырымдары тіл білімнің қай саласында болмасын өзінің қажеттілігін өтеп, өміршеңдігін көрсетуде. 1930 жылдары қалам алып, тіл білімнің басты мәселелеріне көңіл аударған Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, С.Жиенбаев және т.б. еңбектері өз алдына бір төбе.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
С.Аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері
Синтаксистік терминдер туралы (сөзтіркесі)
Сөздерді байланысу тәсілдері
2.1 Сөз тіркесінің жаңаса байланысу формасы
2.2 Қабысудың меңгеруге ауысуы
С.Аманжоловтың үйірлі мүшелері зерттелуі туралы қөзқарасы
Лепті сөйлемдердегі модальдік мағына
Шартты мәнін беруші тәсілдердің қолданыс ерекшелігі
Сын есім шырайлыларының мектеп оқулықтарында берілуі
Құрмалас сөйлем туралы
7.1 Салалас құрмалас сөйлем
7.2 Сабақтас құрмалас сөйлемдер
7.3 Көп басыңқылы сабақтас сөйлем
8. Байланысу формаларындағы кейбір өзіндік ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Сонымен құрмалас сөйлем деп екі немесе одан да көп сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді айтамыз.
Құрмалас сөйлемдер сабақтас құрмалас сөйлем, салалас құрмалас сөйлем және аралас құрмалас сөйлем болып бөлінеді. Құрмалас сөйлемдердін, бұл үш түрінін, бір-бірінен өзіндік ерекшеліктері бар. Салалас құрмалас сөйлемге енетін әр сөйлемнін, баяндауышы тиянақты болса, ал сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауыштары тиянақсыз келеді. Ал аралас құрмалас сөйлем кемінде үш сөйлемнен құралып, онда сабақтас құрмалас сөйлемнің де, салалас құрмалас сөйлемнің де қасиеттері болуы тиіс.
Құрмалас сөйлемнің осы үш түрінің ең бастылары - сабактас құрмалас сөйлем мен салалас құрмалас сөйлем түрлері. Құрмалас сөйлемнің бұл түрлерінін, әркайсысының өзіндік жасалу жолдары, олардық бір-бірінен ерекшелейтін белгілері де баршылық.
Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемнің бір-біріне ұқсас, өзгеше жақтары да кездеседі. Олардың ұқсастығы, біріншіден, екеуі де кемінде екі сөйлемнен тұрады, екіншіден, екеуі де күрделі ойды білдіреді, үшіншіден, екеуі де пікір алмасу, ойды білдіру үшін жұмсалады.
Салалас пен
сабақтастың негізгі
Салалас құрмалас |
Сабақтас құрмалас |
1. Әрбір сөйлемнін, баяндауыштары тиянақты |
1. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштары тиянақсыз |
2. Салалас сөйлемдердін, сыңарлары болады |
2. Бірі бағыныңқы, бірі басыңқы келеді |
3. Сыңарларының орналасуы жылжымалы |
3. Көбіне бағыныңқы сыңарлары алдында орналасады. |
4. Салаластың сынарлары
өзара теңдік дәрежеде |
4. Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемге бағынышты. |
5. Баяндауыштарының тиянақты болуына сәйкес, олардың айтылу интонациясы да тиянақты болады |
5. Сөйлемдердін, баяндауыштары әр түрлі болуына сәйкес, айтылу интонациясы тиянақсыз |
6. Әрбір сөйлемнің баяндауыштары өз бастауышымен қиыса байланысады. |
6. Тек басыңқы сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыш өзара қиыса байланысады. |
7. Салаластағы сөйлемдер
өзара байланысу үшін |
7. Сабақтас құрмаласты
жалғастыру үшін септеулік |
8. Тарихи жағынан алғанда алғашқы сөйлемдер болып саналады. |
8. Сабақтас салаласқа қарағанда кейін қалыптасқан |
Салаласқа енген әрбір жай сөйлемнің салалас құрмалас сөйлем құрауында мына мәселелерге назар аударған жөн. Біріншіден, оның әрбір сөйлемі тең дәрежеде, екіншіден, әрбір сөйлемнің өзіндік тиянақты баяндауыштары бар, үшіншіден, оны құрайтын сөйлемдер біріне-бірі бағынышты емес, олар бір-бірімен жалғаулықпен де, жалғаулықсыз да байланысады. Салаласқа енген құрмаластардың әрбір сөйлемі мағыналық жағынан тиянақты, тиянақсыз болуы туралы әр түрлі пікірлер болғанымен, екі сөйлем де бір күрделі ойды білдіреді. Сондықтан құрмаласқа енген әрбір жай сөйлемдерді мағыналық қатыстары бар сөйлемдер деп ұғыну керек. Өйткені күрделі ойды білдіру үшін тіркесетін сөйлемдер өзара мағыналық бірлікте болғанда ғана тіркесе алады. Мұның өзі басты фактор болуы тиіс. Әдеттегі жай сөйлемдерге қарағанда негізгі бір айырмашылығы осы. Салаласқа енген құрмаластардың орны туралы айтсақ, кез келген жалғаулықты, жалғаулықсыз салаластардын, бірінші сөйлемі мен екінші сөйлемін сол тұрысында орнын ауыстырып айтудың мәні жоқ. Осы бағытты басшылыққа ала отырып, салаласқа енген жай сөйлемдерді тең дәрежеде деп айтуымыз орынды. Жалпы салалас сөйлемдердің ішінде ең алдымен жалғаулықты түрлері алғаш қалыптасты да, ал жалғаулықсыз түрлері кейін қалыптасты, зерттелуі жағынан да сол іспеттес. Салалас сөйлемнің бұл екі түрінің іштей бөліктері де бір-бірінен онша алшақ кетпесе керек. Дегенмен салаластың бұл түрлеріне қарағанда едәуір бұрын дамыған. Қазіргі кезде жалғаулықты салалас сөйлемдерде ыдыраушылық жағдайлары көрініс таба бастады. Бұл әсіресе және бірақ жалғаулықтарына тән. Ондай жалғаулықтар ыдыраған сөйлемдердің көбіне екінші сөйлемнің басында немесе алғашқы сөйлемнін, соңында ғана жұмсалатын жәйттер орын алуда.
Сабақтас құрмалас сөйлемдер мен салалас кұрмалас сөйлемдердің күрделі ойды білдіруде айырмашылығы жоқ. Ол жағынан бұл екі сөйлемдер бірдей қызмет атқарады.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің салалас құрмалас сөйлемнен негізгі басты айырмашылығы: оны құрайтын сөйлемдердің өзара қарым-қатынасында. Егер салаласқа енген сөйлемдер шартты түрде тең дәрежеде болса, ал сабақтасқа енген сөйлемдердің бірінші сөйлемі екінші сөйлемге үнемі бағынышты дәрежеде келеді. Бұл - сабақтас құрмалас сөйлемдердің ең негізгі белгісі. Сондықтан құрмаластың бұл түрінің аты да соны көрсетсе керек. Осының негізінде сабақтас құрмалас сөйлемнің бірінші сыңары бағыныңқы, екінші сыңары басыңқы деп аталады. Сабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сыңарының баяндауышы тиянақсыз формада айтылады. Бұл да ұзақ уақыттың жемісі. Оның өзі көбіне етістік баяндауыштар арқылы, яғни есімше, көсемше, кейде оларға түрлі шылаулардың қатысы арқылы жүзеге асады. Осы тиянақсыздың нәтижесінде бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемге бағынышты, сол басыңқы сөйлемге қатысты мезгілді, мекенді, мақсатты т.б. қасиетті білдіреді, басыңқы сөйлем арқылы олардың негізгі топтары айқындалады.
Көп басыңкы
сабақтас кұрмалас сөйлем қазақ тілінің
оқу құралдары мен
«Тарихи синтаксис мәселелерін» тексерген Т.Қордабаев еңбекте жай сөйлемдермен қатар, кұрмалас сөйлем түрлерінің сирек болса да кездесетінін айтады. Тіпті, XVIII ғасыр жазбаларында талданып отырған сөйлем түрімен тұлғалас мысал келтіреді: Біз бұрын алған болсақ, кінә бізге болар, иоқ иерсә өзіңіз кәміл ақылыңыз бірлә ойларсыз деп үмід қыламыз. Бұл сөйлем ғалым түсіндіруінде де, қазіргі танымда да аралас құрмалас сөйлем. Бірақ болмаса (иоқ иерсә) шылауын контекстен шығарып құрастырсақ, сөйлемнің көп басыңқылы құрылымға бір табан жақындайтынын байқаймыз.
Қазақ тіл білімінде алғашқы газеттер тілі де зерттеуге түсті. Ғалым Б.Әбілқасымов газеттер тіліндегі сөйлемдердің казіргі әдеби тіліміздегі сөйлемдерден аса айырмашылығы жоқ екендігін байқайды әрі құрмалас сөйлемдердің ішінен олардың көп кұрамды болып келетінін көрсетеді. «Сондай-ақ, - дейді ғалым, - сөйлемдердің мұндай түрлерінің жиі кездесуі тек кана алғашқы қазақ газеттеріне тән құбылыс емес, сол тұстағы және одан да ертеректегі қазақ жазбасына, қала берді жалпы түркі тілдерінің грамматикалық құрылысына тән құбылыс сияқты». Қалай болғандада, бізге қажеті - ғалым келтірген мысалдық дерек. Бұл жағынан тақырып дәлелі болатындай сөйлем құрылымы кезікті: Кімде-кім Түркістан казитін алтын десе жылына екі сом отыз тиын балады ақшасын почтаменен Ташкентке казит шығарушының атына жіберіп өзінің атын қай қалада, қай жерде тұрганын айтуб жіберсе керек.
Мұндай тұлғадағы
сөйлемдік құрылымды А.Байтұрсы
Жалпы, көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деген атаудың пайда болуы С.Аманжоловтың есімімен байланысты. Мәселен, 1951-58 жылдар аралығындағы мектепке арналған қазақ тілі оқулығының жетінші басылуы сабақтастың басқа да түрде болып келуін көрсетті. «Сабақтас сөйлем көп бағыныңқылы болғаны сияқты, көп басыңқылы да болады. Екінші сөзбен айтқанда, бір бағыныңқы жай сөйлемнен кейін бірнеше басыңқы сөйлем кәдімгі жалғаулықсыз салалас сөйлемдер сияқты катар, жарыса айтылуы мүмкін».
Бұл дәйексөзден бізге жіті қарап, тыңғылықты тарқатуды қажет ететін екі мәселе бар. Бірінші - салалас сөйлемдер сияқты үзіктердің бағыныңқы сыңармен жарыса айтылуы. Басқаша түсіндірсек, бағыныңқы сыңар кез келген басыңқы сыңармен жарыспалы түрде байланысуы қажет. Мысалы. Алғашқы бір қатысулар осымен өтіп, ойын арасында айтысқа тағы оралып келді, Қуандық ән айтты, терме де тартты (М.Әуезов).
Көп құраңды болғаннан кейін, басыңкы сыңарлардың үш және одан да жоғары санды болып келуі мүмкін. Соғыс мүгедегінің қан қысымы көтеріліп, аяк, астынан жедел жәрдем шақырылды, ақ халаттылар келді, жолаушылар арасында күңкіл сөз көбейді(Д.Досжанов).
Екінші мәселе
- басыңқы сөйлемнің кәдімгі
Жоғарыдағы
оқулыгк авторлары аталған
Бәрімізге мәлім, құрмалас сөйлемге қатысты қомақты еңбектің бірі - Н.Сауранбаевтың очеркі. Ғалымның көп басыңқылы сабақтас жайлы айтқандары жоқ. Бірақ іргелес құрмалас деп жіктеген түрінде бұған жақын талдаулар кездеседі. Ғалым дәйектеуіндегі мысалдар да осы айтылымға жауап берген: ол үш сыңарлы тиянақты тұлғалы кұрмалас сөйлем түрін, енді бірде өңін айналдырып, алдыңғы сөйлемнің бағыныңқы, соңғы сөйлемнің басыңқы болатындығын дәлелдеген. Ғалыш пікірінен енді бір біздің талдауымызбен сәйкестенетін жері - іргелес жай сөйлемдердің байланыста тұратындығы. Өйткені көп басыңқылы сабақтас құрамындағы соңғы сыңар тек жай сөйлемдік кұрылым болып келеді. Әрине, өз алдындағы сыңармен салаласа байланысқан көп басыңқылы сабақтастың соңынан қарағандағы сыңарлары, мейлі ол, жалпы, үш, төрт, бес сыңардан тұрсын, салаласа байланысқанымен, салалас құрмалас сөйлем бола алмайды. Егер де ол салалас құрмаластық құрылым болса, оның сабақтас салалас немесе көп басыңқылы ↔ салалас үлгідегі аралас құрмалас сөйлемге жауап береді.
Информация о работе Сәрсен Аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері