Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 20:49, курсовая работа
«Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние жоқ. Ғылымсыз оқиған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды»- дейді Абай бабамыз. Қазақ тілі білімінің іргетасы алғашқы тілтанымпаздардың білімдарлығы арқасында нық орнықты. Біртуар азамат А.Байтұрсынұлының ойтұжырымдары тіл білімнің қай саласында болмасын өзінің қажеттілігін өтеп, өміршеңдігін көрсетуде. 1930 жылдары қалам алып, тіл білімнің басты мәселелеріне көңіл аударған Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, С.Жиенбаев және т.б. еңбектері өз алдына бір төбе.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
С.Аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері
Синтаксистік терминдер туралы (сөзтіркесі)
Сөздерді байланысу тәсілдері
2.1 Сөз тіркесінің жаңаса байланысу формасы
2.2 Қабысудың меңгеруге ауысуы
С.Аманжоловтың үйірлі мүшелері зерттелуі туралы қөзқарасы
Лепті сөйлемдердегі модальдік мағына
Шартты мәнін беруші тәсілдердің қолданыс ерекшелігі
Сын есім шырайлыларының мектеп оқулықтарында берілуі
Құрмалас сөйлем туралы
7.1 Салалас құрмалас сөйлем
7.2 Сабақтас құрмалас сөйлемдер
7.3 Көп басыңқылы сабақтас сөйлем
8. Байланысу формаларындағы кейбір өзіндік ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Сөз тіркестерінің синтаксистік қатынастары қазіргі кезде анықтауыштык, толықтауыштық, пысықтауыштық деп беріліп жүр. Ал алғашқы түркологиялық еңбектерде бұл синтаксистік қатынастардың ішінде тек анықтауыштық тобы ғана басым болып келді. Қазіргі кезде ондай үш синтаксистік қатынастар бір деңгейде пайдалануда.
Кейбір оқымыстылар
тілдегі калыптаскан
Тіл ғылымының саласының әрқайсысына қатысты сөздіктер бар. Олар: диалектілік сөздік, фразеологиялық сөздік, тарихи сөздік, кері тілдік сөздік, орфографиялық сөздік, орфоэпиялык, сөздік, антонимдер сөздігі, шет тілдер сөздерінің сөздігі, лингвистикалық терминдердің сөздігі, омонимдер сездігі, паронимдер сөздігі, дыбыстық сөздік, синонимдер сөздігі, қысқартылған сөздердін сөздігі, жазушылар тілінің сөздігі, түсіндірме сөздік, топонимдер рөздігі, жиілік сөздік, дұрыстық сөздік, этимрлогиялық сөздік. Осылай іспетті енді синтаксистік сөздіктер де дүниеге келді.
Совет дәуірінде, яғни 20-жылдардан бастап лингвистикалық терминдер сөздігі шыға бастады. 1924 ж. Н.Н.Дурнованын, «Грамматикалық сөздігі» шықты. Содан кейін лингвистикалық сөздіктер молынан шыға бастады. Л.И.Жирковтың «Лингвистикалық сөздік». М., 1946, С.В.Кротевич, Н.С.Роззевич «Лингвистикалық терминдердін. сөздігі». Рига, 1963; О.С.Ахманова. «Лингвистикалық терминдердіц сөздігі». 1966. Сонымен қатар шет тілдерден аударылған мынадай сөздіктер бар. Ж.Марузоның «Лингвистикалық терминдердің сөздігі» (1960), сосын Э.Хэмптің «Лингвистикалық терминдердің сөздігі» (1964), И.Вахевтің «Прага мектебінің лингвистикалық сөздігі» (1964), сол сияқты Д.Э.Розенталь, М.А.Теленкованын, «Лингвистикалық терминдердің сөздік анықтамасы». М., (1976).
Жалпы тілде
лингвистикалык сөздіктер қаншалықты
мол болғанымен, казақ тілінде
С.Кеңесбаев пен Т.
Әсіресе, номинативті функция деген терминді былай түсіндірген «сөздің атаулы қасиеті жалқы есімдер өздігінен тұрып, номинативтік қызмет атқара алады. Ал жалпы есімдер бұл қасиетке ие емес делінеді. Шынында сөздің номинативті мәні керісінше жалпы есімге баса айтылмайтын ба еді. Көсемшелі тіркес дегенді былай көрсетеді. Белгілі бір сәйлем тіркесіндегі баяндауыштардың көсемшеден болуы, мысалы: «Солтүстікке Кондопогодан өтіп, Петрозаводскийге таянып тұрғаны анау» (Мұқанов). Мұндағы объектіге алынып отырған топ көсемшелі тіркес емес. Екіншіден, көсемшелі тіркес тек пысықтауыштық қатынаста ғана жұмсалуға тиісті болса, бұл жерде көсемше мен есімше тіркесіп келіп сөйлемнің бастауыш қызметінде жұмсалған.
Меңгерудің түрлері. Қазақ тіліндегі меңгеру категориясы: дара меңгеру және ортақ меңгеру болып екі салаға бөлінеді. Меңгерудің өзін құрамы жағынан айтсақ дара және күрделі меңгеру деп айтушылық қалыптасқаны белгілі. Ал меңгеретін сөздеріне, яғни басыңқы сыңарына қарай есімді, етістікті және ортақ меңгеру болып бөлінетіндігі айқын. Ал бұл еңбектегі меңгерудің берілуінде әрі кұрамдык, жағынан да, әрі басыңқы сөз таптарының қай сез таптарынан болу жақтары араласа беріліп кеткен.
Міне, осы сияқты басқа синтаксистік терминдерден де өзіндік кейбір ақау кеткенін көруге болады.
2. Синтаксистік терминдердің кұрылымы туралы. Синтаксистік термин сөздер кұрылысы жағынан дара да, күрделі де болып келеді. Дара синтаксистік терминдер әрі орыс тілі немесе басқа тілдер арқылы немесе қазақтың төл сөзі арқылы да келе береді. Мысалы Кеңесбасв пен Жанұзақовтыц «Русско-казахский словарь лннгвистических терминов» деген сездігінде дара синтаксистік терминдер былай берілген: Мысалы басқа тілдер арқылы енген термин сөздер:
1. Атрибут. 2. Анастрофа. 3. Варваризм. 4. Гипотаксис. 5. Паратаксис. 6. Пунктуация. 7. Синтаксис. 8. Предикат.
Қазақтың өз сөздері арқылы берілген термин сөздер мыналар:
1. Айқындауыш 2. Анықталғыш. 3. Анықтауыш. 4. Бағыну. 5. Басыңқы. 6. Баяндауыш. 7. Нүкте. 8. Сөйлем. Ал, осы сөздіктегі синтаксистік термин сөздердін, күрдслі түрі үш түрлі беріледі екен.
1. Екі сыңары да орыс тілі немесе басқа тілдер арқылы жасалған термин сөздер.
1. Абсолютті конструкция. 2. Синтаксистік конструкция. 3. Синтаксистік фонетика. 4. Релятивті синтагма. 5. Номинативті функция.
2. Бір сыңары қазақша, бір сыңары орысша немесе керісіпше алдыңғы сыңары орысша, соңғы сыңары қазақша термин сөздер:
1. Адъективті баяндауыш. 2. Адъективті сөйлем. 3. Адъективті тіркес. 4. Аналитикалық тәсіл. 5. Аффективті сөйлемше. 6. Баяндауыштык. аффикс. 7. Номинативті сөйлем. 8. Грамматикалық бастауыш. 9. Грамматикалық заңдар. 10. Грамматикалық мағына. 11. Синтаксистік талдау. 12. Синтаксистік тәсіл. 13. Пунктуация ережелері. 14. Предикат есімдер.
3. Екі сыңары да қазақша сөздер арқылы берілген термин сөздер мынадай:
1. Атаулы сөйлем. 2. Бағыныңқы сөйлем. 3. Басыңқы сөйлем. 4. Бірыңғай анықтауыш. 5. Болымды сөйлем. 6. Болымсыз сөйлем. 7. Жалғаулықсыз сабақтас. 8. Жалғаулықсыз салалас. 9. Еркін тіркес. 10. Есімдік тіркес. 11. Есімшелі тіркес. 12. Қосалқы анықтауыш. 13. Құрамды бастауыш. 14. Меңгеру түрлері. 15. Сөйлем мүшелері т.б.
Жалпы барлық синтаксистік терминдерді беру бір жұмыста мүмкін емес. Сондықтан да сөз тіркесіне қатысты терминдерді ғана беріледі.
Сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерінің терминдерінің араласа қолданылуы. Әдетте сөз тіркестерінің терминдері өз алдына, сөйлем мүшелерінің терминдері өзара бір-біріне қатыссыз қолданылып келсе, кейде сез тіркесінде сөйлем мүшелерінің элементтері, керісінше сөйлем мүшелерінде сөз тіркестерінің элементтері араласып келе берсді. Мысалы қабыса байланысқан анықтауыш, матаса байланысқан анықтауыш дегенде негізінде анықтауыш туралы сөз болғанымен, сол анықтауыштың жасалу процесінде олардың байланысу формаларының, яғни сапалык анықтауыш, меншікті анықтауыш пен қатар қабыса байланысқан, матаса байланысқан анықтауыштар қабат қолданыла береді.
Ал, толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері, пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері, анықтауыштық қатынастағы сөз тііркестері, мезгіл мағынадағы сез тіркестері, мекендік мағынадагы сөз тіркестері т.б. дегенде негізінен сөз тіркестерінің мәселесі басым болады да, сөйлем мүшесіне қатысты терминдер оларға көмекшілік қызметте жұмсалуға тиіс.
2. Сөздерді байланысу тәсілдері
2.1Сөз тіркесінің жаңаса байланысу формасы
Қазіргі кезде сөз тіркесі синтаксистің ең бір үлкен саласы болып табылады. Ол туралы бірнеше монографиялар, жоғары оку орындарына арналған оқулықтар да шығып отыр. Сөйтіп сөз тіркесі синтаксис жан-жақты зерттеу объектіге айналып отыр. Дегенмен сөз тіркестері әсіресе олардың байланысу формалары туралы әлі де болса арнайы қарауды кажет ететін жайттар бар.
Сөз тіркестерінің байланысу формалары оның басқада объектілеріне қарағанда ең алғаш зерттеле бастады. Соған қарамастан әлі де болса олардың мектеп, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтардағы берілу дәрежесі, аттары, әрқайсысының жасалу жолдары сияқты мәселелері арнайы тоқталуды қажет етеді.
Сөз тіркестерінің байланысу формаларының берілуінде әр түрлі алшақтықты көруге болады. С.Аманжолов, Н.Сауранбаевтар мектеп грамматикасында сөз тіркесін қиысу, меңгеру, қабысу және жанасу деп берсе, ал 1950 жылдардан кейін оған матасуды енгізгені белгілі. Сөйтіп авторлар сөз тіркесін байланысу формаларына қарай меңгеру, матасу, қиысу, қабысу және жанасу деп беске бөліп береді. Осы пікірді Н.Сауранбаев, Т.Қордабаев, Р.Әміров, Ш.Әуелбаев, Ғ.Әбуханов, Қ.Е.Қабиева т.б. қолдайды.
Сөз тіркесі туралы арнайы еңбек жазған М.Балақаев олардың байланысу формаларына қарай 1949 жылғы мектеп грамматикасында 5-ке бөліп берсе, ал жоғары оқу орындарына арналған оқулығында қиысу, меңгеру, матасу және қабысу деп 4-ке бөледі де соңғы байланысу формасының бір түрі деп жанасуды атаумен шектеледі. Ал Ә.Нұрмаханова, А.Әбілқаев қазақ энциклопедиясының авторлары 4-ке бөліп, жанасуды ескермейді. Сөйтіп сөз тіркесінің байланысу формалары сан жағынан да, атаулары жағынан да әр түрлі беріліп жүр. Бұл байланысу формаларының ішінде аталуы да, жасалуы да жағынан таласқа түсіп жүргені жанаса байланысу формасы. Жанасу мектеп грамматикаларында арнайы түрде берілсе, ал жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарда, біріншіден, еленбейді, екіншіден, ол қабысудың алшақ түрі деумен ғана шектеледі. Екіншіден, мектеп грамматикаларында жанасудың жасалу жолдары туралы да бірізділік жоқ. Жанасудың жасалу жолдары С.Аманжолов, Н.Сауранбаев 1939 жылғы мектеп грамматикасында былай берілген.
а) үстеу мен етістік - кеше келді,
ә) көсемше етістік - оқып келді.
б) септік жалғаулы мезгілді, мекенді білдіретін түнде келді, кешке келді.
в) шылаулы сөз - етістік - оқу үшін келдім, сабақтан кейін барды, саған. бола аялдадық.
Ал 1940 «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» деген еңбегінде онда жанасуда негізінде осы пікірді қайталай келе, оған адам сияқты сөйледі деген модель сөзді топты да жанасу деп біледі.
Бұл мәселе 1980 жылғы мектеп грамматикасының басылымында біраз өзгеріске түскенін көруге болады. Онда авторлар жанасудың жасалуына үстеу, көсемше, сан есіммен мезгіл елшемін білдіретін секунд, минут, сағат, ай, жыл, сілтеу есімдігімен түні, күні, жылы деген зат есімдердің тіркесінен болады деп көрсеткен.
М.Балақаев «Кеше мен де жиналыста болдым, асықпай сұраққа жауап бердім» деген сөйлемдердегі үстеу мен көсемшенің етістікпен тіркесін ғана жанасуға жатқызады. Автор жанасудың қабысудан негізгі айырмашылығы ретінде сөздердің өзі қатысты сөздермен орын тәртібін басшылыққа алады. Бірақ осы принципті қолданғанымен, автордың қабысу мен жанасуға берілген мысалдары араласып жатады. Мысалы: автор «тез кел» дегенді қабысуға жатқызса, ал «Кеше мен де жиналыста болдым», дегенді жанасу дей келіп, бір ғана үстеудің іргелес тұрып байланысуын кабысуға, ал алшақ тұрып байланысуын жанасуға жатқызады. X.Арғынов жанасуға қимылсын үстеулерінен басқа үстеулер негізгі сөз бен шылау сөздердің тіркесіп пысықтауыштық қатынаста жұмсалуын ғана жатқызады. Биыл да совет елі зор табысқа жетті, коммунизмге қарай ілгері жылжыды деген сөйлемдердегі асты сызылған сөздер мен сөздер тобын жанасу деп біледі. Бірақ Ш.Әуелбаевтың тауға қарай кетті тіркесін жанасу, ал көпірдің үстінен өтті дегенді меңгеруге жатқызуында нендей критерий бар екенін түсінуге болмайды.
Жалпы жанасудың осы күнге дейінгі жасалу жолдары арқылы біз меңгеру, қабысу жасалу жолдарымен араласып жататынын көруге болады.
Проф. М.Балақаев 1949 жылғы мектеп грамматикасы мен онан кейінгі ғылыми еңбектерде жанасу қабысудың бір түрі деп келгені айқын. Сондықтан біз де жанасу туралы әңгіме болранда тілдегі қабыса алатын сөздер тобының төңірегінде сол болуы тиіс деп білеміз. Жалпы жанасуды меңгерумен араластыра қарастыру ғылыми да, практикалық жағынан да дұрыс емес. Ғылыми еңбектерде меңгеруге барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес жалғаулы сөздердің таза және ол сөздерге шылаулардың тіркесіп келуін жатқызып келеді. Ол тұлғалы сөздер әрі толықтауыштық, әрі пысықтауыштық қатынаста жұмсалады деп тайға таңба басқандай дәлелдеп те беріледі. Ал мектеп грамматикаларында жанасуға осы септік жалғаулы сөздердің таза түрінде (мейлі ол толықтауыш, мейлі пысықтауыштық катынаста болсын) меңгеруге, ал шылау арқылы тіркестерін жанасуга жатқыза салады
Негізгі сөз бен шылаулы сөздердің тіркесін жанасуға жатқызуда ғалымдар олардың алшақ тұрып та тіркесетінін негізге алады. Шындап келгенде, меңгеріле байланысқан сөздердің барлығы да өзі қатысты сөздермен орын таңдамайды емес пе? Олай болса бірін онда, бірін мұнда қалдырып ереже көбейтуден ұтатын не бар. Септік жалғаулы сөздерге шылаулардың тіркесіп, тек меңгеру деп беруден ұтылатын еш жағдайымыз жоқ. Бұған қоса меңгерудід аясында кеңею процесі басым. Негізгі сөздерге тек шылаулар ғана тіркесіп қоймайды, қазіргі кезде негізгі сөздермен бірлікте көмекші есім, көмекші етістік және модаль сөздер де жұмсала береді. Бұған қарағанда жалпы ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес жалғаулы сөздер мен шылау, көмекші есім, көмекші етістік және модаль сөздердің де тіркесін (септеліп келгенде) тек меңгеру аясында калдыру жанасудың бір жасалуындағы мәселені оңайлатады. Жалпы жанасудың жасалу жолын меңгерудің жасалу жолымен шатастырмау керек.
Негізгі мәселе қабысу мен жанасудың өзіндік жасалу жолдарын, олардың әркайсысына тән көрсеткіштерін айқындау. Осы күнге дейінгі әдебиеттерде кабыса байланысатын сөздердің орны тұрақты, яғни анықтауыш пен анықталатын, пысықтауыш пен пысықталатын сөздер арасына сөз салмай ғана тіркесуі керек деген пікір басым. Ал жанасу тек пысықтауыш пен пысықталатын мүшелердің алшақ, іргелес тұрып та немесе «кейбір» пысықтауыштардың орын тәртібі аркылы байланысады деген тұжырымдар беріліп келеді. Сөйлемде бір-бірімен қабыса байланысатын сөздер мол. Олардың конструкциясы жан-жақты. Қабысу есімді, етістікті деп бөлінеді де, есімді қабысудың бірінші сыңарлары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімше және үстеу, ал етістікті қабыса байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары үстеу, көсемше, сын есім, сан есім, есімдік, еліктеуіш сөз және зат есім делінеді. Бұлардың ішінде жанасу мен қабысудың арасындағы араласып жүрген сөз таптары біріншіден, үстеу мен көсемше, екіншіден, негізгі сөздерге түрлі көмекші сөздердің түйдектеліп жүмсалуы.
Информация о работе Сәрсен Аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері