Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 20:49, курсовая работа
«Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние жоқ. Ғылымсыз оқиған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды»- дейді Абай бабамыз. Қазақ тілі білімінің іргетасы алғашқы тілтанымпаздардың білімдарлығы арқасында нық орнықты. Біртуар азамат А.Байтұрсынұлының ойтұжырымдары тіл білімнің қай саласында болмасын өзінің қажеттілігін өтеп, өміршеңдігін көрсетуде. 1930 жылдары қалам алып, тіл білімнің басты мәселелеріне көңіл аударған Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, С.Жиенбаев және т.б. еңбектері өз алдына бір төбе.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
С.Аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері
Синтаксистік терминдер туралы (сөзтіркесі)
Сөздерді байланысу тәсілдері
2.1 Сөз тіркесінің жаңаса байланысу формасы
2.2 Қабысудың меңгеруге ауысуы
С.Аманжоловтың үйірлі мүшелері зерттелуі туралы қөзқарасы
Лепті сөйлемдердегі модальдік мағына
Шартты мәнін беруші тәсілдердің қолданыс ерекшелігі
Сын есім шырайлыларының мектеп оқулықтарында берілуі
Құрмалас сөйлем туралы
7.1 Салалас құрмалас сөйлем
7.2 Сабақтас құрмалас сөйлемдер
7.3 Көп басыңқылы сабақтас сөйлем
8. Байланысу формаларындағы кейбір өзіндік ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақтың ана тілінде шыққан тұңғыш грамматикасында шырайдың оның түрлерінің танылуы, олардың жасалу жолы көрсеткіштерінің мағынасының анықталуын үлкен жетістік деп бағалау дұрыс деп санаймыз. XX ғасырдың басында Ахмет шырайдың не екенін біршама сипаттап берсе де, XXI ғасырдың басына дейін бұл мәселенің әлі де шешілмеген мәселелері баршылық.
Ахмет Байтұрсынұлы сол кездің өзінде қазір даулы саналып жүрген бірсыпыра мәселелерді дұрыс шешкені тандандырады.
"Тіл құралда" "Сын есімнен
туған сөздер" деген тақырып
бар. Осы тақырыптағы бір
Кей сын есімдерге "шыл" орнына "ғыл", "ғылт" жұрнақтар жалғанады, мәселен, "сары-сарғыл", яғни "сарғылт", "сұр-сұрғыл", яғни "сұрғылт", "боз-бозғыл", яғи "бозғылт", "қызыл-қышғыл", яғни "қызғылт", "торы-торғыл" уа ғайри сондай.
Кей сын есімдерге "ғылт" орнына "ғылтым" жұрнақ жалғанады, мәселен, "ащы" - "ащқылтым", "тұщы -"тұщқылтым".
Қазір салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақ деп даусыз танылып жүрген -лай, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу жұрнағын Ахмет Байтұрсынұлы сын есім жасайтын жұрнақтар тобына қосқанын, яғни сөзжасамдық жұрнақ деп санағанын да айта кеткен дұрыс. Оны "Сын есімнен туған сөздер" тақырыбыңда -лау, -леу жұрнағын атап, оған берген сипаттамасынан үзінді келтіру арқылы көрсетейік.
1. "Лау" (леу, дау, деу, тау, теу) жұрнақ сын есіміне жалғанады, анық сол сын еместігін көрсету үшін, мәселен, "сары" деген сөзге "лау" жұрнағын жалғап, "сарылау" деп, анық сары еместігін көрсетеміз; "кір" деген сөзге "леу" жұрнағын жалғап, "кірлеу" деп, анық кір еместігін көрсетеміз; "ұзын" деген "дау" жұрнағын жалғап "ұзындау" деп, онша ұзын еместігін көрсетеміз; "күрең" деген сөзге "деу" жұрнағын жалғап, "күрендеу" деп, анық күрең еместігін көрсетеміз; "ақ" деген сөзге, "тау" жұрнағын жалғау, "ақтау" деп, анық ақ еместігін көрсетеміз; "көк" деген сөзге "теу" жұрнағын жалғап, "көктеу" деп анық көк еместігін көрсетеміз уа ғайри сондай".
Осы жұрнақты сөзжасамдық жұрнақ деп танығанымен, оның мағынасын дәл түсіндіргенін, сапаның сындық белгісінің аз айырмасын білдіретінін дәл көрсеткенін атап өту қажет деп санаймыз.
Шырайдың бұл түрлері алғашқы кезде біраз сақталып жүрді де, кейін өзгертіле бастады.
С.Аманжоловтың 1938 жылғы мектепке арналған грамматикасында шырайдың 4 түрін берген:
С.Аманжолов шырайдың түрін көбейткен, яғни шырайдың тағы бір түрін қосқан. Жай шырайды сақтаған. Ахмет Байтұрсынұлы талғаулы деп атаған шырайды САманжолов салыстырма шырай деп атаған. Тадцаулы шырайды сақтаған. Сонда С.Аманжолов шағын шырай деген түрін қосқан. Салыстырма шырай, шағын терминдерін ғылыми айналысқа қосқан.
1953 жылы Н.Сауранбаевтың
авторлығымен шыққан
Шырай категориясы заттың сапасының, сынының қаншалық артық, қаншалық кем екенін біддіреді, екінші сөзбен айтқанда, сапаның дәрежесін білдіреді. Мәселен, үлкен үй, өте үлкен үй, үп-үлкен үй, үлкендеу үй, кішірек үй. Бірінші мысалда үйдің үлкендігінің дәрежесін білдіріп тұр. Екінші мысалда үйдің кішілік дәрежесін білдіріп тұр". Бұдан оқулықта шырайға анықтама беру жүзеге асқанын көруге болады. Бұл алғашқы грамматикаларда жоқ болатын, онда тек шырайдың неше түрге бөлінетіні айтылып, әр түрлі ғана сипатталған.
Сондай-ақ бұл оқулықта шырайдың үш түрі көрсетілген: 1) салыстырмалы шырай, 2) таңдаулы шырай, 3) шағын шырай (96-6.).
Мұнда ғалым жай шырайды танымаған, Ахаң лайықтаған терминдерден тек тандаулы шырай терминін ғана қолданған. С.Аманжолов қолданған салыстырма шырай терминін салыстырмалы деп аздаған өзгеріспен қолданған жөне С.Аманжолов қолданған шағыш шырай терминін қабылдаған, қолданған, бірақ оның жасалу жолы мен мағынасын басқаша берген. Оны ер шырайға берген анықтамасы мен олардың жасалу жолынан байқауға болады.
Салыстырмалы шырайға Н.Сауранбаев төмендегідей анықтама түсінік берген. "Салыстырмалы шырай. Салыстырмалы шырай бір заттың сапасы, сыны екішпі заттың сапасынан артық екенін, я кем екенін білдіреді: Семей Қостанайдан Алматыға жақынырақ. Салыстырмалы шырай сын есімге -рақ (ырақ), -рек (ірек) жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады: Біздің бөлмеміз Асанның бөлмесінен кеңірек. Мұндайда салыстырмалы шырайда тұрған сын есім сөйлемнің аяғыщца (баяндауыш болып) тұрады, ол сынның иесін біддіретін сөз жалғаусыз атау күйінде тұрады да, салыстыруға алынған сөз шығыс септікте тұрады: Семей жақын - Семей жақынырақ: неден жақынырақ Қостанайдан жақынырақ".
Кейде қазір ескеріле бермейтін шылаудың тіркесіне де ғалым кеңіл бөлген: "Шығыс жалғауда тұрған сөздер кейдегөрі шылауымен жалғасып айтылады. Мысалы, Қостанайдан гөрі Семей Алматыға жақынырақ".
Н.Сауранбаев қолданған салыстырмалы шырай термині қазақ тіл білімінде қалыптасты, барлық оқулықтарда ол қолданылып жүр. Салыстырмалы шырайға ғалым берген анықтама, түсінік те толық екенін атау қажет. Тек қазір салыстырмалы шырайдың екінші жасалу жолы деп танылып жүрген -лау, -леу жұрнағын ғалым бөліп алып, шағын шырай атағанын ескертеміз.
Қазір қазақ тіл білімінде нөлдік морфема (жалғау мәселесі кең көтеріліп отыр (А.Омарова. Нөлдік морфема мен нөддік форманың теориялық негізі, 2003). Осы мәселенің бір көрінісіне Н.Сауранбаев оқулықта назар аударғаны байқалады: "Кейде салыстырмалы шырайдың жұрнағы түсіп қалып отырады. Қостанайдан Семей Алматыға жақын. Мұндайда басқа мағына туып кетпеу үшін, шығыс жалғаудан соң гөрі деген шылаудың айтылуы қажет".
Ғалым көрсеткен шырайдың екінші түрі - таңдаулы шырай. Ол туралы мынадай пікір айтқан: "Таңдаулы шырай. Таңдаулы шырай сын есімнің алдынан өте, аса, тіпті, орасан сияқты үстеу сөздер үстеліп, не сол сын есімнің басқы буынына п дыбысы қосылудан жасалған қосақ буын тіркеліп жасалады: қызыл - өте қызыл, аса қызыл, қып-қызыл, жаңа - өте жаңа, жап-жаңа.
Таңдаулы шырай сын, сапа дәрежесінің белгілі қалыптан сөзсіз артық екенін, я кем екенін біддіреді".
Ғалым көрсеткен шырайдың үшінші түрі - шағын шырай. Ол туралы ғалым пікірі төмеңдегідей: "Шағын шырай. Шағын шырай жасалу жағынан біркелкі емес, әр түрлі болады. Шағын шырайдың негізгі түрі сын есімге -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу жұрнағы жалғанумен жасалады: ауырлау, жеңілдеу, дөңестеу.
Шағын шырай сапаның, сынның артық кемдігін кесіп я салыстырып көрсетпей, шамамен ғана білдіреді.
-ғылт, -ғылтым, -сымақ сияқты жұрнақтар да сол сапаның артық-кемдігін шамамен айтқанда, қолданылады. Қызғылт, қызғылтым, ауырсымақ. -ғылт, -ғылтым деген жұрнақтардың қолданылуы сирек, бұлар барлық сын есімдерге жалғанбайды, тек кейбіреулеріне ғана жалғанады: қызғылтым, қызғылт, сұрғылт, сұрғылтым".
Қазір таңдаулы шырай термині қолданыстан шықты. Дегенмен Н.Сауранбаев өз заманындағы тіл білімінің даму сатысына сай сын есімнің шырайлары туралы біршама мағлұмат берген.
Кейінгі мектеп оқулықтарында көбіне шырайдың үш түрі беріліп келді: 1) жай шырай, 2) салыстырмалы шырай, 3) күшейтпелі шырай. Оған дәлел ретінде І.Кеңесбаев, А.Ысқақов, К.Ахановтың 1960 жылы шыққан "Қазақ тілі грамматикасын" (Фонетика және морфология) келтірейік, оңда жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай берілген. Оқулықта әр шырайдың анықтамасы, жасалу жолы берілген. Мәселен, жай шырайға мынадай анықтама берілген: "Заттың жай сынын білдіріп, басқа шырайларға негіз болатын сын есім түрлерін жай шырай дейміз".
Салыстырмалы
шырай анықтамасында
Бұл мектеп оқулығыңда күшейтпелі шырай деген термин қодданылған, ол бұрын қолданыста жоқ еді. Күшейтпелі шырайдың анықтамасы бұрын осы терминнің орнына қодданылған тандаулы шырайға берілген анықтама, мұнда да күшейтпелі шырайға берілген, жасалу жолында да өзгеріс жоқ деуге болады, тек оларды екі топқа топтастырып, нақтылап берген.
2003 жылғы мектеп оқулығында шырай сын есімнің грамматикалық категориясы деп берілген. Оқулықтың авторлары С.Исаев, Г.Қосымова.
Бұл оқулықта шырайдың екі түрі берілген, олар: салыстырмалы шырай және күшейтпелі шырай. Авторлар бұл оқулықта 2002 жылғы "Қазақ грамматикасын негізге салған деуге болады. Шырайдың анықтамасы да, екі шырайдың жасалу жолында да айырма жоқ.
Қазақ тіл білімінде синтаксистін, объектісі ретінде сөз тіркесі мен сөйлем қатысты делінеді. Сөйлем жай сөйлем синтаксисі және құрмалас сөйлемдер синтаксисі деп бөлінеді. Соңғы кезде синтаксистін, объектісінін, бір түрі ретінде тілдегі күрделенген сөйлемдерді де арнайы қарастырып келеді. Біздіңше, ол мәселе оқшау сөздер; бірыңғай мүшелер т. б. ретінде сол бұрынгы қалпынша қаралуы орынды демекпіз. Әрине сөз тіркесі, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдердін, ішінде ен, негізгісі - жай сөйлем синтаксисі. Өйткені жай сөйлем аркылы сөз тіркесі де, құрмалас сөйлем де нақтыланады. Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдер Қазан революциясынан бұрын да сөз болған. Олардың нағыз ғылыми дәрежеде зерттелуі - соңғы кездің жемісі. Құрмалас сөйлемдер, олардың түрлері, жасалуы туралы А.Байтұрсынов, С.Жиенбаев, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Қ.Есенов сынды ғалымдар едәуір үлес қосты. Осы ғылымдардың ішінде құрмалас сөйлемдер туралы арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар: С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Т.Қордабаев және Қ.Есенов. Олардың еқбектерінде құрмалас сөйлемдер әр қырынан зерттеліп, қазіргі қазақ тілінде оның теориялық мәселелері айқындалды. Құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдерден кейбір белгілеріне қарай ерекшеленеді. Жай сөйлем де, құрмалас сөйлем де қызметі жағынан бірдей. Екеуін де сөйлеудің бір бөлігі деп ұққан дұрыс. Екеуі де тілде біршама тиянақты ойды білдіре келе белгілі әуенмен айтылып, адамдардың бір-бірімен хабарласуының негізгі формасы ретінде беріледі. Оны мына сөйлемдер арқылы салыстырып көрелік: Он алтыншы жылы екі ағам оққа ұшқан (Ә. Шәріпов). Сұж соғыс килікті де, бэріңді көгендеген қозыдай алысқа алып кетті (Ә. Нұршайықов).
Құрмалас сөйлемдер өздерін құрайтын сыңарларымен ерекшеленеді. Жай сөйлемді талдау барысында біз негізінен сөз тіркестеріне және сөйлем мүшелеріне, яғни оны құрайтын әрбір сөзге баса назар аудардық. Жай сөйлемді құрайтын сөздерде өзіндік айтылу интонациясы және сөйлемді жинақтау процесі болуы мүмкін емес. Олар жай сөйлемге қатысу арқылы сөйлемдік қасиетке ие болады. Керісінше, құрмалас сөйлемдерді талдауда негізінен олардың қанша сөйлемнен құралатынын, әрбір сөйлемнін, тиянақты, тиянақсыз баяндауышы болатыны ескеріледі.
Сол сияқты жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдер бір-бірінен грамматикалык, мағыналары жағынан да ерекшеленеді. Жай сөйлемдерде негізінен предикативтік, яғни жақ, модальдық және уақыт жағы басым болса, құрмалас сөйлемдерде негізгі мәнге оларды құрайтын сөйлемдерге назар аударылды, соны айкындағаннан кейін, онын, әрбір сөйлеміндегі жай сөйлем принципі басшылыққа алынады. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдерге карағанда тағы бір ерекшелігі - сөйлем санына байланысты десек, осының негізінде олардағы ой жай сөйлемдерге қарағанда күрделірек болады.
Информация о работе Сәрсен Аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері