Сәрсен Аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 20:49, курсовая работа

Краткое описание

«Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние жоқ. Ғылымсыз оқиған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды»- дейді Абай бабамыз. Қазақ тілі білімінің іргетасы алғашқы тілтанымпаздардың білімдарлығы арқасында нық орнықты. Біртуар азамат А.Байтұрсынұлының ойтұжырымдары тіл білімнің қай саласында болмасын өзінің қажеттілігін өтеп, өміршеңдігін көрсетуде. 1930 жылдары қалам алып, тіл білімнің басты мәселелеріне көңіл аударған Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, С.Жиенбаев және т.б. еңбектері өз алдына бір төбе.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім.
С.Аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері
Синтаксистік терминдер туралы (сөзтіркесі)
Сөздерді байланысу тәсілдері
2.1 Сөз тіркесінің жаңаса байланысу формасы
2.2 Қабысудың меңгеруге ауысуы
С.Аманжоловтың үйірлі мүшелері зерттелуі туралы қөзқарасы
Лепті сөйлемдердегі модальдік мағына
Шартты мәнін беруші тәсілдердің қолданыс ерекшелігі
Сын есім шырайлыларының мектеп оқулықтарында берілуі
Құрмалас сөйлем туралы
7.1 Салалас құрмалас сөйлем
7.2 Сабақтас құрмалас сөйлемдер
7.3 Көп басыңқылы сабақтас сөйлем
8. Байланысу формаларындағы кейбір өзіндік ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сәрсен Аманжоловтың синтаксис саласына.doc

— 348.00 Кб (Скачать документ)

 
Жоспар

 

І. Кіріспе

 

ІІ. Негізгі  бөлім.

С.Аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері

  1. Синтаксистік терминдер туралы (сөзтіркесі)
  2. Сөздерді байланысу тәсілдері

2.1 Сөз тіркесінің  жаңаса байланысу формасы

2.2 Қабысудың  меңгеруге ауысуы 

  1. С.Аманжоловтың үйірлі мүшелері зерттелуі туралы қөзқарасы
  2. Лепті сөйлемдердегі модальдік мағына
  3. Шартты мәнін беруші тәсілдердің қолданыс ерекшелігі
  4. Сын есім шырайлыларының мектеп оқулықтарында берілуі
  5. Құрмалас сөйлем туралы

7.1 Салалас құрмалас сөйлем

7.2 Сабақтас  құрмалас сөйлемдер

7.3 Көп басыңқылы  сабақтас сөйлем

8. Байланысу формаларындағы кейбір  өзіндік ерекшеліктері

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

Кіріспе

 

«Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние жоқ. Ғылымсыз оқиған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды»- дейді Абай бабамыз. Қазақ тілі білімінің іргетасы алғашқы тілтанымпаздардың білімдарлығы арқасында нық орнықты. Біртуар азамат А.Байтұрсынұлының ойтұжырымдары тіл білімнің қай саласында болмасын өзінің қажеттілігін өтеп, өміршеңдігін көрсетуде. 1930 жылдары қалам алып, тіл білімнің басты мәселелеріне көңіл аударған Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, С.Жиенбаев және т.б. еңбектері өз алдына бір төбе. Онан кейінгі уақытта да аға буын ізін жалғастырушылар әр уақытта да болып отырды. Қазақ тілінің синтаксистік құрылысын жан – жақты сипаттауда Қ.Есеновтің,  Ә.Абылақовтың, С.Исаевтың, М.Томановтың, О.Төлегеновтың, Т.Қордабаевтың, Р.Әмірдің, Т.Сайрамбаевтың, М.Сергалиевтің еңбектері өзіндік орын алды.

Қазіргі күні қазақ тіл білімі, оның ішінде грамматикалық құрылысы барынша талдауға түсті. Бірақ «Ана тілі ғасырлар бойында жасала да береді, жасара да береді. Тіл диалектикасы жасаған сайын жасара беруінде. Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасай келе жатқан халықтың мәңгілігінің мәнгілігі» (Ғ.Мүсірепов) екенін ескерсек, әлі де болса таразыға тартар тілдік «мәселелеріміз» жетерлік.

Қазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ совет тіл білімінің  негізін салушылардың бірі, белгілі  түрколог, филология ғылымдарының докторы (1948), профессоры (1948), Каз.ССР Ғ.А- ның корр.мүшесі (1954), 1937 жылдан КПСС мүшесі. Шығыс Казақстан облысының Ұлан ауданының Егінсу деген жерінде кедей отбасында туған. 1930 жылы Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген. 1931 жылдан бастап Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында 20 жылдай қаза тілі кафедрасын басқарған. Қазақтың Ұлт мәдениетін зертеу институтында (1934-1936) ғылым хатшы болып, ауыз әдебиетінің бірқатар таңдаулы нұсқаларын жинап бастырған. С.Аманжолов – СССР Ғ.А Қазақстан филиалының Тіл мен әдебиет секторында (1937-1942) Қаз.ССр Ғ.А Тіл - әдебиет институтының Академиялық сөздік, терминология бөлімдерінде (1946–1958) меңгеруші. Ұлы Отан соғысы жылдары ұлт Жауынгерлері арасында үгітші (1942-1944), Совет Армиясының Жоғары Саяси Басқармасында (1944-1945) аудармашы әрі редактор. Қаз.ССР Саяси және ғылыми білімдер тарату қоғамының президиум мүшесі және әдебиет секциясын басқарушы,(1948-1958).

С.Аманжолов – Қазақстандағы  оқу-ағарту қайраткерлерінің бірі. Сауатсыздықты  жоюға арналған оқу құралдарынан (1931) бастап, мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар және бағдарламалар жасауға тікелей қатысты, ана тілін оқытуды ғылыми жолға қоюғы елеулі үлес қосты. Қазақ тіл білімінде С.Аманжолов зерттелеген сала кемде – кем. тілдің тарихы мен диалектологиясынан бастап орысша-қазақша сөздіктер, терминология, грамматика, орфография мәселері оның тікелей қатысуымен жүйеге түсті. Жаңа алфавит пен орфографияның С.Аманжолов жасаған жобасы Қаз.ССР. Жоғары Советінің 5-сессиясында (1940) қабылданды. С.Аманжолов әсіресе синтаксис теориясына ерекше көңіл бөлді. Сөз таптарының сөйлем мүшесі болу шарттары, интонация, оқшау сөздер мен құрмалас сөйлемнің пайда болу жолдары, шақ пен жаққа қатысты синтаксистік категориялар, үйірлі мүше т.б. жайында тың қорытындылар жасады. “Қазақ тілі ғылми синтаксисінің қысқа курсы (1940) дейтін енбегі 1950 жылдардың басына дейін студенттердің бірден – бір оқу құрамы болып келді.

С.Аманжолов марксистік – лениндік ілімге сүйене отырып, қазақ диалектологиясының негізін саяды. Тілдегі диалектік ерекшеліктерді жинап – зерттеуді (1937-1938) ұйымдастырып, диалектілердің даму сипаты, айырым белгілері, тайпалық тілдермен байланысы, ұлттық әдеби тілдің диалектілік негізі сияқты аса күрделі мәселелерге тұжырым жасады. Диалектілерге халық тіл тарихы тұрғысынан қарап, олардың қоғамдық сипатын ашты, Қазақтың халық тілі мен әдеби тілінің өзекті мәселелерін зерттеп, соған пікірлер айтты. Ұлттық жазба әдеби тіл тарихын 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап, Абайдың халық тілін пайдаланудағы шеберлігін, сөз қолданудағы жаңа үлгісін талдап көрсетті. «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» (1959) атты монографиясы түркология саласындагы елеулі табыстардың бірі ретінде бағаланды.

 

С.Аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері

  1. Синтаксистік терминдер туралы (сөзтіркесі)

 

Терминологиялық сөздік қаншалықты мол болғанымен, оның ішінде мамандық жағынан қарастырып отырғанымыз - лингвистикалық терминдер. Орыс тіліндегі ең жинақы, әрі толық  сөздік О.С. Ахманованың сөздігі  болса, қазақ тілінде С.Қеңесбаев пен Т.Жанұзақовтың лингвистикалық терминдер сөздігі бар екендігі айқын. Сол сияқты қазақ тіліндегі жалпы лингвистикалық терминдер туралы Ж.М.Молдажаров кандидаттық диссертация қорғады. Бұл жұмыстарда терминдер тілдің барлық саласы бойынша қаралып көптеген мәселелер сөз болады. Әрине, лингвистикалық сөздік, оның аясы, дамуы өте күрделі мәселе. Қоғамның басқа да салаларының өсуі сияқты лингвистикалық терминдерде де О.С.Ахманованың сезімен айтқанда, «соңғы ширек ғасыр ішінде лингвистикалық мектептердің саны мен алуан түрлері шектен тыс ұлғайып қана қоймай, лингвистикалық ұғымдар мен терминдер де орасан зор өсті».

Міне, бұған  қарағанда лингвистикалық терминдер  тілдің қай саласы жағынан болмасын жан-жақты даму үстінде деп білген жөн. Тілдің орфография, орфоэпия, графика, фонетика, фразеология, лексика, сөз тудыру морфология, синтаксис бұларға қоса тіл мәдениеті, стилистика мәселелері, тарихи грамматика, әдеби тілдің тарихы, диалектология, лексикография және жалпы тіл білімі, есептеу машинасы, экспериментальды лингвистика және методика т. б. әрқайсысы әр түрлі тарихи дәуірлерге сәйкес өзіне тән түрлі терминдерді енгізіп отыр. Грамматика, морфология мен синтаксис қатысты болатын болса, соның ішінде синтаксистік терминдердің де өзіндік қалыптасу, даму процесі барлығы белгілі. Бұл арада біз тек синтаксистік терминдер, олардың қалыптасуы, берілу дәрежесі, оның синтаксистің объектілеріне қатысы т. б. айқындаймыз. Ол үшін қазақ тіліндегі мына еңбектерді пайдаландық.

Сол сияқты тілге  қатысты әр түрлі программалар да пайдаланылды.

Қазақ тілінде  синтаксис деген термин сол қалпында қолданылып келе жатыр. Бірақ Қ.Жұбанов  оны «қоспа» деп аударғанымен, бірақ ондай баламаның жалпы  қолдау таппағаны айқын. •

Қазіргі синтаксис  соңғы он жылда кеңінен дамыды. Қазіргі әдебиеттерде синтаксистің кеп аспектілігі жиі айтылады. Яғни, оны мынадай басты аспектіге бөліп қарауға мүмкіндік беріп отыр. Біріншісі - логикалық синтаксиспен бір деңгейде қарастырмау үшін Европанын, ғылыми дәстүрі бойынша логика - ориентирлі деп аталатын тобы. Бұл аспекті тіл зандылықтарымен (пән мен оның қасиеті, сапасы арасындағы арақатыс) тығыз байланысты. Екіншісі - анағүрлым өңделген аспект - сөйлем мүшелерінің дәстүрлі модельдерінде көрсетілген құрылымдық аспект. Үшінші аспект - сөйлемнің функционалдық перспективасымен байланысты. Оны  актуалды аспекті деп атау орынды. Бұл термин сөйлемнін, актуалды мүшеленуі деп аталатын теориямен бірге өмір сүріп келген. Бұл аспектінің көбіне коммуникативті аспект деп аталуын жиі байқаймыз. Бұл дұрыс айтылмаған, себебі синтаксис өзінің барлық аспектісінде коммуникативті. Синтаксистің төртінші аспектісін есептеу машинасының үлгісімен синтаксистің аналогиялық аспектісі деп атау орынды. Біз осы синтаксистің төрт аспектісінің біріншісіне қатысты терминдерді қарастырып отырмыз. Қалған аспектілерге қатысты терминдерді жан-жақты айту әзірше мүмкін еместігі белгілі. Сол сияқты синтаксистің іштей түрлері туралы деп мынаны аңғаруға болады:

О.С.Ахманова синтаксистің он үш түрінің болатынын көрсетеді.

1. Актуалды синтаксис. 2. Үлкен (большой) синтаксис. 3. Кіші (малый) синтаксис. 4. Сыртқы (внешний) синтаксис. 5. Ішкі (внутренний) синтаксис. 6. Грамматикалық синтаксис. 7. Мобильді синтаксис. 8. Объективті синтаксис. 9. Стилистикалық синтаксис. 10. Фиксированды синтаксис. 11. Етістік синтаксисі. 12. Есімдер синтаксисі. 13. Синтаксистік сөздік.

Н.С.Валгина  жай сөйлемнің синтаксисі, сөз тіркесінің синтаксисі деген терминдермен бірге синтаксис сложного целого синтаксис связной речи, В.В.Бабайцева конструктивный синтаксис, структурный синтаксис, пассивный синтаксис, статистический синтаксис деген түрлерін көрсетеді.

Орыс тіл  білімінде синтаксис пәнінің  мәні туралы Н.С.Валгина раздел грамматики изучающий строй связной речи десе, Г.А.Золотова - ведающий построением речи - дейді.

Синтаксис термині жалпы түркологияның бірі қазак тілінде де әр түрлі атаулармен кездесіп отырады. 1924 жылы орфографиялық конференцияда ұлтшылдардың пікірі бойынша қазақ тіліндегі терминдер тек түркі халықтары тілінен алынуы керек дей келіп, морфологияны - нахну синтаксисті - сафф деп аударуды ұсынған болатын. Бірақ синтаксис терминдерінің ондай баламасы сол кездің өзінде-ақ қолдау таппағандығы белгілі.

Синтаксистік  терминдер туралы алғашқы оқулықтарда  әр түрлі атауларды көруге болады. Сондықтан 30-жылдарда алғашқы шыққан оқу құралында С. Аман-жолов кұрмалас сөйлемді сыйысқан, қиысқан құрмалас сөйлем деп те бергендігі айқын.

1939 жылы шыккан  орталау және орта мектепке  арналған С.Аманжолов пен Н.  Сауранбаевтың «Қазақ тілінін,  грамматикасында» жай сөйлемге  қатысты аралас баяндауыш десе, ал, құрмалас сөйлем синтаксисіне қатысты бірнеше терминдер берілген.

  1. Аяулы сабактас сөйлем.
  2. Бейтараптық салалас сөйлем.
  3. Нұсқаулы сабақтас сөйлем.
  4. Сілтеулі сабақтас сөйлем.
  5. Тіркесті салалас сөйлем.
  6. Үдетпелі салалас сөйлем.
  7. Іргелі сабактас сөйлем.

М.Балақаевтан  жай сөйлем синтаксисіне байланысты. 1.Зат анықтауыш, 2. Қосалқы анықтауыш, 3. Сын анықтауыш, ал құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты дара бастауышты сабақтас сөйлем деген терминді кездестіреміз.

Қ.Жұбанов еңбектерінде де леп сазды сөйлем, негізгі мүшелер, сұрау сазды сөйлем, хабар сазды сөйлем, ал, тыныс бслгісінс катысты көп ноқат, ноқат сияқты қазіргі кезде қолданылмай, бірақ оның уақытында белгілі дәрежеде пайдаланылған терминдер жеткілікті.

Тыныс белгілерінің 1920-30-жж. басылған жазба жұмыстардағы және бүгінгі әдеби тіліміздегі қолданылуы бір емес. Ол кезде осы күнгі пайдаланылып жүрген нүкте, кос нүкте, сұрау, сызықша т. б. белгілері бар болатын. Алайда олардың кейбірін сөз арасына, сөйлем аралықтарына коюдағы принцип басқаша болған. 1920-30-жылдарда прозалық шығармаларда нүктелі үтірмен қоса нүкте де қазіргіге қарағанда жиі қолданылған. Үтір белгісін және нүктелі үтірді бұл кезеңде интонацияға, дауыс әуеніне карап қолдану принципі болды ма деп жорамалдауға мына нәрсе түрткі болады. Мысалы, 1896 ж. «Дала уалаяты газетінде» жалпы тыныс белгілерінің сипаты жайында, олардын, кандай функция атқаратындығы туралы арнайы мақала жарияланады.

Онда тыныс  белгілерінін, атауы да қазіргіге  көп ұқсамайды. Мақалада «тыныс», «тыныстық жартысы», «тыныстың төртінің бірі» тәріздес пунктуация атаулары кез болады. Ол кезде бүгінгі нүкте деп жүрген белгіміз «тыныс», ал үтіріміз «жарты тыныс» делінген. Осы күнгі нүктелі үтіріміз «тыныстың төрттен бірі» болып аталған. Осыған байланысты ма тыныс белгілерін дауыс ырғағының айтылу әуеніне қарай қолдану сөз етіп отырған кезеңде белгілі дәрежеде дәстүрлік сипат алған

1. Синтаксистік  терминдердің әр түрлі атауы  осы қарастырып отырған термин  сөздерді оқулықтарда, кітаптарда  қолдану дәрежесі әр түрлі.  Яғни бір мағынадағы термин сөз түрлі қолданған.

Ал қазіргі  кездегі толымды сөйлем, толымсыз сөйлем деп қолданып жүрген термин сөздерді толық сөйлем, олқы сөйлем деп берген. Осы кітабында тұрлау-лы мүше деп қолданып жүрген термин сөзіміз негізгі мүшелер деп берген.

М.Балақаев «Қазақ тілі грамматикасы» оқулығында тыныс  белгісіне байланысты сұрау белгісі  термин сөзін сұрак, белгісі деп берген. Ал, бағыныққы сөйлем деген термин сөздің қолдануы да түрлі-түрлі. Бірде бағыныңқы деп қолданса, енді бірде бағыныңқылы сөйлем деп қолданылады. Бір кітаптың өзінде тіптен екеуі де қолданылады.

С.Аманжолов  пен Н.Сауранбаевтың «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулығында да, де, және жалғаулықтары арқылы жасалған салалас сөйлемді тіркесті салалас деген. Ал, М.Балақаев, Т.Қордабаевтың «Қазіргі казақ тілі» кітабында бұндай салалас сөйлемді мезгілді (ыңғайлас) салалас сөйлем деп берген. Ал әрі жалғаулығы арқылы жасалған мезгілдес салалас сөйлемді үдетпелі салалас деп берген: «Қазіргі казақ тілі» оқулығында талғаулы салалас деп берген, мейлі, күй жалғаулықтары аркылы жасалған сөйлемді Аманжолов пен Сауранбаевтың окулығында бейтараптық салалас сөйлем деп берген. Кейбір синтаксистік терминдер қазірдің өзінде түрлі беріліп те жүр.

М.Балақаев пен  Т. Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі»  оқулығындағы сөз тіркесіне қатысты:

    1. Жатыс жалғаулы сөз тіркесі.
    2. Матаса байланысқан сөз тіркесі.
    3. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесі.
    4. Көмектес жалғаулы сөз тіркесі.
    5. Сан есімді сөз тіркестері.
    6. Сын есімді сөз тіркестері.
    7. Шығыс жалғаулы сөз тіркестері.
    8. Үстеулі сөз тіркестері.

Ал, енді осы  терминдер Р. С. Әміровтың еңбегінде, 1.Жатыс септікті сөзді меңгерген етістікті тіркестер..2. Матасу амалы арқылы құрылған сөз тіркестері. 3. Меңгеру амалы арқылы құрылған сөз тіркесі. 4. Көмектес септіктегі сөзді меңгерген етістік тіркестер. 5. Сан есім - зат есім типті сөз тіркестері. 6. Үстеу – зат есім типті тіркестер деп өзінше шұбалаңқы атауды ұсынады. Міне, бұл пікірлерге қарағанда синтаксистік терминдердің қалыптасуы, аталуы әр түрлі беіріліп жүргенін көруге болады.

Информация о работе Сәрсен Аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері