Сәбит Мұқанов

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 20:28, реферат

Краткое описание

Сәбит Мұқанов - қазақ әдебиетінің тұтас бір дәуірі. Ол - қазақ әдебиетінің қаламгері ғана емес, қазақ әдебиетінің ұйымдастырушы жалаугері. Осы екі араны ашыңқырап сөйлеуіміз керек. Өз шығармалары және қазақ әдебиет ісін ұйымдастырушы, сол жолда ұлтты ұлықтаушы тұлға!

Прикрепленные файлы: 1 файл

С.Муанов.doc

— 413.00 Кб (Скачать документ)

5. Кәкішұлы Т., Ахмет  К. Сәбит Мұқанов. - Астана: Фолиант, 2009. - 352 б.

Редакцияға 12.03.2010 қабылданды.

Б. Әбдешев

Қырғ ыз романындағы тарихи тұлғалар бейнесі

The issues of historical theme, the genre formation of the historical wovels and their development in

the related Kirghiz literature are revealed in this article.

Ежелден көршілес отырған  екі ел қазақ пен қырғыздың  әдеби байланысы ертеден басталады.

Әдет-ғұрып пен салт-санада да ортақ жайлар көп-ақ. Міне, осы  түбі бір туыстық, көне көршілік,

тарихи тағдырластық екі елдің саяси-экономикалық және мәдени өміріне, соның ішінде әдебиетіне

де әсерін тигізіп, олардың  өзара байланыс жасап, жақындасуына сеп болды. Мұны, әсіресе, екі

халықтың ежелден бері келе жатқан ауыз әдебиеті үлгілері мен  көне әдебиет нұсқаларынан

анық көруге болады. Қазақ  әдебиетінің бай мұрасын өзге халықтардың әдебиетімен салыстыру,

ортақ құбылыстарға баға беру бұрыннан бар. Көптеген ғылыми еңбектерден қазақ әдебиетінің

дүниежүзі халықтарының әдеби мұрасымен сабақтастығын, біздің әдебиетіміз де адамзат жасаған

мәдениеттің бір тармағы  екендігіне баса назар аударған зерттеулерді молынан кездестіреміз.

Біз тақырыбымызға өзек етіп алған, көршілес қырғыз әдебиетінде тарихи тақырыптың

игерілуі қандай деңгейде, тарихи роман жанрының қалыптасу, даму қарқыны қалай деген сауалға

жауап іздеп көрелік. Әрине бұл тақырыпта қырғыз әдебиетшілері, сыншылары, зерттеушілері

бірсыпыра еңбектер жазғаны анық. Біздің мақсат – қырғыз тарихи романы мен қазақ тарихи

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Құлбек ЕРГӨБЕК. Коммунист Сәбит Мұқановтың ұлтшылдығы…

                                                            Егемен Қазақстан газеті

Сәбит Мұқанов - қазақ  ұлтының ағасына айналып өмір сүріп, қазақтың қариясы болып қартая біліп, өмірден кештеу өткен кісі. Қазақ елінің бар қасіретінің  басы-қасында болған, бар қуанышты сәттерінің жалаугері болған адам - Сәбит Мұқанов! Қазақ ұлтының ұраншысына айналып, «Жол таптым бар қазақтың жүрегіне...» деп шүкіршілік еткен жалаугер қаламгер өзін қазақтың қоғамдық өмірінен тыс ұстай алмады. И.Сталинді әшкерелеуші, Н.Хрущевпен стақан қағыстырған, Ж.Шаяхметовті - Шайгөз Амандықовқа айналдырып, «Тыңдағы толқындар» романында сынаған, Д.Қонаевты Теміртау жұмысшыларына оқ атқыздың деп шенеген, И.Юсуповты мрамор сия сауытпен жусата жаздаған Сәбит Мұқанов! Ол не айтса - қазақ атынан айтты, не істесе - қазақ атынан атқарды. Соның бәрін «өлмейтін», «өшпейтін» партия ретінде ұлықталған коммунистік партия атынан батыл атқарды.

 

Өз басым өзге қазақтар секілді, бала жастан Сәбит Мұқановты  жақсы көріп өстім. Шығармаларын сүйіп оқыдым. Алматыдағы музейін  майталман мәдениет қайраткері Өзбекәлі Жәнібек басшылығымен қолмен құрыстым. Әлемнің алуан елі архивін ақтарып «Сәбиттанумен» айналыстым. Архивтерде ұнамды материалмен бірге ұнамсыз материал да алдымнан шықты. Өмір. Жақсы көрумен бірге жек көру сезімі де жүректен орын алды. Мадақ дерлік мақала, жазушылық құпиясына еніп, талдап кітап жаздым. Қазақты қайтсек дербес ел етеміз деп емініп еңбектенген, сол жолда басын бәйгеге тіккен, жанын қиған Алашорда өкілдерін әжуалаған сәттерін аяусыз сынадым. Сәбит Мұқановты мадақтағаным үшін мақталып, сынағаным үшін сыналып жаттым. Небір қайраткер деп алға тұтып, табынып келген адамдарымыз Алашорданың үстінен И.В.Сталинге хат жазып, донос жасап, қазақтың қаймағын қалай сыпырып тастау жөнінде жол көрсетіпті. Сталин архивінен исі мүңкіген сол «қағаздарды» оқығалы Сәбеңді қайта жантартып жақсы көруге айналдым. Ойлап отырсам, Сәбең де Алашордамен күрескен. Коммунистік көзқарас әрекеті. Бірақ, Бас қанышерге хат жазып, донос жіберіп, халқын сатқан, сатылған жері жоқ екен. Және бар мәселенің басы ашық. Совет өкіметін қапысыз сүйген, коммунистік партияға қылаусыз сенген адамның әрекеті.

 

Сәбит Мұқанов - қазақ  әдебиетінің тұтас бір дәуірі. Ол - қазақ әдебиетінің қаламгері  ғана емес, қазақ әдебиетінің ұйымдастырушы  жалаугері. Осы екі араны ашыңқырап  сөйлеуіміз керек. Өз шығармалары және қазақ әдебиет ісін ұйымдастырушы, сол жолда ұлтты ұлықтаушы тұлға!

 

Өздері дұрыс жаза алмай жүріп кейбір кісілер Сәбит  Мұқановты сынағысы келеді. Ақжүрек  сыншысың ба, сына. Сыныңа кісі сенетіндей болсын бірақ. Сынды Сәбит Мұқановтың азаматтық тұлғасы да, әдеби мұрасы да толық көтереді. Ол өмір сүрген дәуірге орай Сәбит Мұқанов осы екі тұрғыдан да сыналуға тиісті тұлға. Сын дегеннен шығады, отыз бес жыл зерттегенде аңғарғаным - Сәбит Мұқанов бізді түсінеді екен. Керісінше, Сәбит Мұқановты біз түсінбейді екенбіз. Масқара болғанда Сәбит Мұқановтың әдеби шығармаларын оқымай, білмей де сөйлей беретін секілдіміз. Бұл енді күнә!

 

Сәбит Мұқанов жайында  «Жан жылуы» - 1981; «Сәбит Мұқанов» - 1989; «Сәбит Мұқанов» - 2000; «Жазушы шеберханасы» - 2000 аталатын кітаптар жаздым. Қалай жаздым?

 

С.Мұқановтың көркем шығармаларын оқыдым. Архивін ақтардым. «Қызылжар» деген романының дерегін де таптым. Бұл жөнінде әдеби басылымдардың  біріне арнайы жазып та қалармын. Қазірше  мына жайға назар аударумен шектелейін: байқап отырсыз, Сәбең романын «Петроповл» атамай, «Қызылжар» атаған. Қазақтың ежелгі жер атауын роман аты етіп алған. Жазушы ізімен жүріп Советтер Одағын аралап шықтым. Ол мені музейлерге, архивтерге бастады. Менің еңбектерімде кезінде Советтер Одағына қараған талай елдің архивінен алынған материал пайдаланылады. Қазақ әдебиетшілерінің мұрнына иісі де бармайтын материалдар. Демек, бұл - менің тақырыбыма ақ қарап, адал зерттегенімнің арқасы!

 

 Соған қарамастан  өз басым Сәбит Мұқановты әлі  танып болған жоқпын деп ойлаймын. Өйткені, шын жазушы - қашанда ЖҰМБАҚ. Сәбит Мұқанов - шын жазушы. Шынайы жазушы. Төрткүл дүниедегі ұлы жазушылар секілді оның әдеби әлемі де толайым жұмбаққа толы.

 

 Сол жазушы жұмбағын  шешемін бе деген оймен Сәбит  Мұқанов шығармаларына қайтадан ден қойып отырған жайым бар. Сәбит Мұқановтай қазақ деп ғұмыр кешкен жазушы жұмбағын шешкісі келген азаматқа «кел қолдас, кел қаламдас жолдас, жұмбақты бірге іздейік!» дегім келеді.

 

 

1.Ұрпағымды аттап жүре  берейін бе?

 

...1971 жылдың 26 наурызы.  Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтында «Қазақ ССР-нің 50 жылдығына» арналған ақындар жыр кеші болмақ. И.В.Сталиннің қанды «культінен» арылып, «Культ - әдебиетке ғана жарасады» (Я.Смеляков) деп жүрген кезіміз. Ұлт мәселесі - «мызғымас біртұтас КСРО-дағы» шетін мәселе. Соған қарамастан алып империяға зорлықпен кейін қосылған Балтық жағалауы республикаларында (Литва, Латвия, Эстония) наразылық, Кавказ республикаларында (Грузия, Армения, Әзербайжан) ұлттық оянушылық бар. Солардың әсерінен бе, әлде дүркін-дүркін ұсталып түрмеге айдалып, барып-келіп жататын Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, Е.Бекмаханов, ұлтшылдығы үшін М.Әуезовпен бірге бір бұйрықпен ҚазМУ-дан қуылып, СОКП қатарынан шығарылатын Б.Кенжебайұлы сынды профессорлардың айтқан сөздері (оқыған лекциялары), жасырып оқытатын Шәкәрім, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы шығармаларының әсері ме, әйтеуір қазақ ұлтының саналы ұрпағы бойында ұлттық оянушылық бар. Москвада оқитын қазақ жастары ұйымдастырған «Жас тұлпар» қоғамдық бірлестігі таратылғаны, Мағжан шығармаларын Б.Кенжебайұлы бас болып «азаматтық ақталуын» алға ұстап, ақын өлеңдерін А.Жовтиске орыс тіліне аудартып, Т.Нұртазин, жазушы Т.Ахтанов қатысып, ҚазМу-да кеш өткізіп, оны біреу (атын атамай тұра тұралық) жоғарыға сыбырлап қойып, қуып таратылатыны бізге жоғары курс студенттері аузымен жетіп жатады. Елеңдейміз. Ең бастысы - ұлт әдебиеті ұлт ұрпағын оятуға жетіп артыларлық «культ» кезең. Олардың шығармаларын оқу - мәселенің мәселесі. Бір жаңа шығарма жарық көре қалса «оқыдың ба?» деп бір-бірімізден сұрап жүргеніміз. Жаңа туынды жалма-жан қолдан қолға өтіп жүре береді. Ол кітап жайында пікір алысу кез келген жерде жағдай таңдамай жалғасып жатады. Көркем әдебиетке ынта сондай күшті. «Социалистік Қазақстансыз», «Лениншіл жассыз» үй адыра қалған үй, қойшы етігінің қонышында «Жұлдыз» бен «Қазақ әдебиеті» газеті жүреді. Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романын қимадың деп сүйіскен екі жастың ата-анасы бір-бірімен құдалықтан кетісіп, қырбай болып, Сәбит Мұқановқа жүгінетін кез (Сәбит жарықтық «Ботагөз» романын шарқ ұрып іздеп, тауып: «Екі шал, алжымаңдар. Өзара сүйіскен екі жастың обалына қаласыңдар. Міне, «қалыңмалын» мен төледім, екі жастың үйленуіне қарсы болмаңдар» деп бір мәтінде екі бөлек хат жазып, «Ботагөз» романын екі құдаға теңдей бөліп салып жіберетін кездер-ай, шіркін!) Енді ойлап қарасақ, соның қай-қайсысы да бүгінгі арнайы ұйымдастырылатын ғылыми-практикалық конференциялардан бірде-бір кем емес екен-ау. Жазушы ағайындар бұқараны КСРО тұтастығына үндей жүріп те шығарманың астарлы ағынымен жұртын ұлттық болмысқа баулып, ұлттық рухта тәрбиелей білген екен-ау. Біз студентпіз. Оның үстіне ҚазМУ-да М.О.Әуезов атындағы әдеби бірлестік, Қыздар педагогикалық институтында «Қыз Жібек» эстетикалық клубы, тіпті журналистика факультетінде М.Сералин атындағы журналистік бірлестік жұмыс істейді.

 

Әлгі атаулы ақындар  кеші даңқы әп-сәтте Алматыны кезіп  кетті. Ынтықтық. Кешкілік. Сабақтан шығып  жүгіре басып, ентігіп жеттік. Кешігіп  қалыппыз. Бүгінгі Төле би көшесіндегі  ғимараттың бес жүз кісілік залында  ине шаншар орын жоқ. Тұмсық батпайды. Тікемізден тік тұра қалдық. Жиырма шақты ақын, жазушы Сәбит Мұқанов бастап қаздай тізіліп келіп «президиумға» жайғасты. Сұңғақ жігіт, профессор Серік Қирабаев өзінің ешкімге ұқсамайтын үнімен кешті ашып, «Қазақ ССР-і» жайында саяси философия айтып, сөзді Сәбит Мұқановқа берді. Мұхтар Әуезовтің даңқы бар да өзі жоқ. Ал Сәбит Мұқановтың даңқы аспандап қалықтап тұрған шағы. «Аққан жұлдыз» үзінділері «Жұлдыз» журналында жарияланып жатыр. Мен, мен ғана емес, иін тіресіп, теңселіп, тебіреніп тұрған 700 кісінің дені осынау кешке Сәбит Мұқанов қатысады екен деген дақпырттың құлына айналып келгенбіз. Сәбеңнің беделі сұмдық еді.

 

Сәбит Мұқанов өзі  өмір сүріп отырған қоғамға өкпелеп  сөйледі.

 

- Сәбиттің жазғандары 50 том болатын, - деді өзінің қарлығыңқы  жарықшақ дауысымен, - соны бастыруға  Қазақстан, тіпті СССР қағаз  таппай қиналып отырған соң  қайтерсің?! Содан да көлемді роман  жазғанды доғарып «төрттаған»  атап рубайлар жазып жүрмін. Рубай  дегеніңнің өзі ұлғайған жасқа жақсы ма деймін. Күшеніп жатпайсың. Өмірден көрген-білгеніңді, көңіліңе түйгеніңді философияға айналдырсаң - жетіп жатыр. Мен сол су жаңа рубайларымнан оқимын.

 

Ақынның оқығаны «рубай»  ма, жоқ па, кім білсін?! Қазақы болмысты тартымды төрттағандар залды баурады. Өлең оқитын ақындар саябырси бастағанда төменгі қабатқа жүгіре жө­нелдік. Онда «кітап жәрмеңкесі» ұйымдастырылған. Кітап жаймасы. Кітап сатып алып қаламгерлерден қолтаңба алып үлгеруіміз керек. Сәбит Мұқановтың үш томдық «Өмір мектебі».   Жуан үш кітап. Бағасы да біраз. Бірыңғай стипендияға қарайтын студенттің қалтасы тесік. Ойланып тұрып «Қазақстан жазушылары» («Жазушы», 1969 ж.) аталатын ашық қызыл жуан кітапты сатып алдым. Өйткені онда қазақ жазушыларының өмірбаяны әр бетке бөлек беріліп, суреті басылған. Бір емес, бірнеше қаламгерден қолтаңба алуға қолайлы. Ғали Орманов, Қасым Тоғызақов, Мұқағали Мақатаев, лезгин ақыны Байрам Салимовқа тілек жаздырып алдым. Апай төсін айқара ашып тастап, екінші қабаттан бірінші қабатқа түсіп келе жатқан Мұқағали ағаның алдынан шықтым. Ол досы - Әнуарбек Дүйсенбиев үйінен біледі мені. Қолымдағы кітапты тілек үшін ұсынғым келіп, әрі-бері парақтаймын. Кітап ішінде Мұқаш аға жоқ. Демек, әлі «СССР Жазушылар одағына мүше» емес. Тұтас кітапты ұсындым. Анықтамалықтың ішінде өзінің жоғын ақын біледі, әрине. Ол кітапты қолына алып тұрып, бірінші тыс-парағын аударып тастап, мұқабаның екінші бетіне: «Құлбек! Адам бола біл, түсіндің бе? М.Мақатаев. 26.ІІІ.71 ж.» - деп қол тартты. Сөйтіп жүріп Сәбит Мұқановқа кешігіппін. Сәбит Мұқановтың алдында қолтаңба алуға кезекке тұрған жастарда, Сәбеңше айтсақ, қисап жоқ. Ұзын тізбек. Егер Сәбеңнен қолтаңба алмасам, бүгінгі ақындар кешіне келуімде мән болмайтын секілді сезініп ұзын-сонар кезектің аяғына келе тіркеліп тұра қалдым.

 

Ақындар үйді-үйіне тарап  кетті. Түннің бір уағы. Кіре беріс  фойеде жазушыдан Сәбит Мұқанов  қана қалды. Сәбеңе қарайлап бір сылыңғыр қара жігіт жүр. Шамасы ол да ақын болар. Сәбиттей жазушыны үйінен алып келген, енді апарып салуға жауапты азамат сынды. Айырып танып жатқан жоқпын. Әлден уақыт. Тізбек тоқталар емес. Әлі бірсыпыра жас бармыз тізіліп тұрған. Біз де қай жетісіп тұр дейсіз?! Қарын ашқан, көз бозарған... Сәбең сүйкектетіп тілек жазып беріп отыр. Ары-бері селтеңдеп жүрген сылыңғыр қараның тіпті шыдамы кетті білем, тағатсызданып:

 

- Қайтайық та, Сәбе, - деп  қалғаны. Біздің зәреміз зәр  түбіне кетті. Бейне тілек сөзін  күтіп тұрған алып жазушымыз  «Шаршадым, қарақтарым!» деп орнынан  тұрып кетердей ішіміз қыл­пылдап  қоя берді. Тіпті бойда діріл пайда болды. Мойнымызды созып ақшамнан бері тұрмыз ғой, енді! Демімізді ішімізге тартып алдық. Басында қара тақия, үстінде қара костюм, етжеңді жазушы бір сәт кезекті кітабын жүрек тілегін жазып ұсынды да әлгі сылыңғыр қараға жалт қарады. Оқты көзімен атып, қазақша айтқанда «жаман көзімен» қарады. Қарады да:

 

- Мына тұрған көкөрім  балалар біздің болашағымыз. Менің  жас өркен ұрпағым. Сәбит атыммен,  түйедей басыммен жастардың тілегін  аяқасты етіп, жерге қаратып, ұрпағымды  аттап жүре берейін бе? - деді сосын ажырая қараған қалпы. - Онан да қарап тұрмай такси ұстап әкел қайтатын! Өй, антұрған!

 

- Қойдым, Сәбе, қойдым. Міне, қазір, қазір такси ұстап келемін.

 

Қара шаңырақ КазПИ-ден,

 

Аттандық біздер таксимен!... -

 

деп таксимен аттанып  кетеміз, - деп «айыпты» сылыңғыр қара жігіт өлеңдетіп сыртқа қарай жүгіре жөнелді. Кейін білдік, әлгі қара жігіт Нұтфолла Шәкенов екен.

 

«Сәбең бізді тастап кетіп қалар ма?» деп зәре құтымыз  қашқан біздің жүрегіміз орнына түсті. «Уһ» дедім еркін дем алып...

 

Бізге де кезек келді.

 

- Атың кім, қарағым? - деді жарықшақ дауыс. Атаның, әкенің үніндей сүйкімді естілді.  «Құлбек» дедім жалма-жан. Ол  быртық салалы саусақтарымен  мықтап ұстаған «шарикті» жуан  қаламмен «Құлбекке. С.Мұқанов. 26-ІІІ-71 ж.» - тілек сөзін жазып «Қазақстан  жазушылары» кітабын өзіме ұсынды. Тілек сөзі - жүрек сөзі. Бақытты едім. Рахмет айтып, толқып басып кезекті келесі өспірімге беріп былай тайқып шыға бердім.

 

...Жазушыны қызықтай  бақылап қарап тұрмын. Міне, тағы  екі-үш бозбалаға қолтаңба сыйлады.  Сөйтті де «Бар мәзір, жоқ жай. Осыған риза болыңдар, қарақтарым. Оқушы балалар­сыңдар (студент дегені болар) ғой. Жақсы оқыңдар. Оқымыш болыңдар. Замандарың келеді, ұрпақтарым, бақытты болыңдар!» - деді. Деді де ауыр денесін ақырын тіктеп таяғына сүйеніп баяу басып шығып бара жатты.

Информация о работе Сәбит Мұқанов