Сәбит Мұқанов

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 20:28, реферат

Краткое описание

Сәбит Мұқанов - қазақ әдебиетінің тұтас бір дәуірі. Ол - қазақ әдебиетінің қаламгері ғана емес, қазақ әдебиетінің ұйымдастырушы жалаугері. Осы екі араны ашыңқырап сөйлеуіміз керек. Өз шығармалары және қазақ әдебиет ісін ұйымдастырушы, сол жолда ұлтты ұлықтаушы тұлға!

Прикрепленные файлы: 1 файл

С.Муанов.doc

— 413.00 Кб (Скачать документ)

 

"Сұлушаш" поэмасында автор  тек әлеуметтік мәселелерді, екі ғашықтың махаббат жолындағы трагедиялық тағдырын ғана суреттемейді. Поэмада адалдық» ар тазалығы мәселесі бар. Сұлушаш пен Алтай арасындағы ғашықтық арқылы ақын махаббатқа адалдық, ардын тазалығы туралы мәселе көтерсе, Қайсар образы арқылы досқа адалдық, адамгершілік тазалығы жайынан оқырманға ой тастайды. Поэманың композициялық құрылымы шебер, тілі көркем. Бейнелеу құралдары әр алуан. Оқиға барысын, кейіпкерлерінің іс-әрекетін баяндағанда, ауыл тіршілігін, жылқышылар өмірін, табиғат көріністерін сипаттағанда, ақын қарапайым бояумен әдемі өрнек салады. Поэма кейіпкерлерінің ішкі толғаныстарын, сезім күйлерін әсерлі бейнелейді.

 

 

119

№ 3 (76) 2010

Қазақ оқырмандарының кейбіреулері Сүлейменовтің бірен-саран қиын шығармаларын бүгін

жете түсінбегенімен, оның бүкіл шығармашылығы реализм кемесінің жел өтінде келе жатыр, ол

халықтық шығарма деуге  толық правомыз бар. Бүгін түсінбесе, ертең түсінеді, рухани өсу жолы

соған апармақ» - деген  пікір айта отырып, оның публицистикалық  жалынды өлеңдеріне жарқын

да терең сипаттама береді [1,422].

Бұл мақалалар Олжас  пен Әнуар шығармашылығын зерттеушілерге көп пайда келтірері сөзсіз.

Сонымен, қазақ ауыз әдебиетінің  талай ғасыр бойында қол жеткен биігі болған қазақтың бай

эпосы дәрежесінен көп  жанрлы жазба әдебиетінің роман-эпопея жанрын туғызған жемісті жол

екенін ыждағатпен байыптаған «Эпостан эпопеяға» еңбегі – академик Мұхаметжан Қаратаевтың

сыншылық-шығармашылық қолтаңбасын  байқататын туынды.

Пайд аланылған әд ебиеттер

1. Қаратаев М. Эпостан  эпопеяға. -Алматы: Жазушы, 1969.- 444 б.

2. Әшімбаев С. Шындыққа  сүйіспеншілік. -Алматы: Жазушы, 1993.- 624 б.

3. Қазақ әдебиеттану  ғылымының тарихы. Екі томдық.1-том. -Алматы: ҚазАқпарат, 2008.- 646 б.

Редакцияға 17.12.2010 қабылданды.

К. Ахмет

Cәбит Мұқ анов жә  не әд еби-көркем сын

1925 жылдан бастап “Ақжол”  газетінің 555 санында Жүсіпбек  Аймауытов қазақ әдебиетінің

бүгінгі жай-күйі жайында  ұзақ әңгімені бастап, әркімге ой салатын, бел қайыстыратын сауалдарды

көлденең тартты.

“Төңкерістен бұрынғы  қазақ әдебиетінің бағыты, рухы қандай еді? Енді қандай болуы керек?

Төңкеріс әдебиетке  қандай олжа салды? Қазақта төңкерісшіл  тапшыл ақын-жазушылар бар ма?

Болса кімдер? Тапшыл ақын жоқ болса, себеп не ? Қашан болады ? Әдебиеттен ұлтшылдық жол

қашан қалады? Қазақ әдебиетінің  орыс әдебиетінен өзгешелігі бар ма?

Қазақ ақын-жазушылары төңкеріске жолдан қосылған жолбикелер ме? Әдебиет  техникамен

қатар өсе ме? Қазақ  әдебиеті қазір қай дәуірде? Әдебиетке  қандай көзбен қарау керек?”

Бұл сауалдардың қыршаңқылығы да жоқ емес. Төңкеріс бір жағынан  уайым-қайғы, екінші

жағынан айғай-шу еңгізді  деген уақытта найзаның ұшы кемпірге өсиет айтқан тапшыл

ақындарға, әсіресе айғайы басым Сәбит Мұқановқа бағытталғанын  аңғармау мүмкін емес Сәкен

болса “Асау тұлпар”  жинағы, “Қызыл сұңқарлар” мен “Бақыт жолына” пьесалары үшін 1922

-1923 жылдары “Шолпан”  мен “Темірқазық” журналдарынан  тиісті “сыбағасын” алды. Оңбай

сыналды. Әрқайсысына  жауап беріп, қысас сөздер уытына еті үйрене де бастады. Ал “Қара

тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер!” атты памфлетімен екпіндетіп келген Сәбит Мұқановқа

енді ғана құрық сілтене  бастағанда тарпаңдық танытып, қып-қызыл  айтысқа кірді де кетті [1].

Ташкенттегі “Ақжол”  газетіндегі айтыс мақаласының  ызғары Қазақстанға жетті. Сәкен 1925

жылдың басынан өкімет жұмысына да, жазушылыққа да селқостана бастады. Қазан төңкерісінің 7

жылдығына арналған поэмасын әзер дегенде бастырып, Смағұл Садуақасовтың  “Күміс қоңырау”

повесі жарияланғаннан кейін және Сырдария мен Жетісу облыстарының Қазақстанға қосылуымен

бірге Түркістандық қызметкерлердің, әсіресе іскер де тапқыр, 1922 жылы Ташкенге барғанда

Шегірдің мақаласы және өзінің “Кім жауапкер, жолдас!” өлеңімен Сәкенге қоңырау тағып

жіберген Сұлтанбек  Қожановтың өлкелік партия комитетінің  ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі

(яғни екінші хатшы)  болып келгеннен соң Смағұлмен тізе қоса қимылдаулары төңкерісшілдерге,

әсіресе Сәкен Сейфуллин  мен Сәбит Мұқановқа өте жайсыз болды. Сәкеннің орнына редактор

болып тағайындалған  Смағұл Сәдуақасов Сәбит Мұқановты  “Еңбекші қазақтағы” қызметінен

шығарды, жазғандарын  жарияламауға көшті. V сьезде КазЦИК мүшелігіне қайтадан сайланбады.

Пролетариат және қарашаруа  жазушылар ұйымының (қысқартып айтқанда КазАПП)

платформасын жасау  хатшы Сәбит Мұқановқа тапсырылады. «Оны тез жасау қажет болды,

себебі-сол тұстағы  қазақ әдебиетінде біріне-бірі қарама қарсы айқын екі жүйе байқалып қалған:

120

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

бірі-еңбекші таптың қамын  ойлаушылар, екіншісі-байшыл, ұлтшылдар».

Ол платформа 1926 жылы 4 қазанда алынып мәнді-мәнді 12 баппен негізделді. Әрине,

әдебиеттің тапшыл, пролетаршыл, қара шаруашыл бағытын нығыздай түсумен қатар “қазақтың

еңбекші жазушыларының  қаламы әлі төселіп болған жоқ. Олардың  жазғандарының көбінде

мазмұн мен түр (форма  и содержание) екеуі тең түспей тұр. Еңбекші жазушылардың міндеті  осы

екеуін де ақсатпау. Түр үшін ешкіммен таласпайды да айырылыспайды” дегенді де айрықша атап

өту қажет саналады.

Ақжол” газеті бастаған әдеби айтыстың нысанасы “қазақта тап ақыны бар ма, жоқ па? дегеннен

ұзап шықпай қойған соң  Сәбит Мұқанов 1926 жылдың 14-15 қазанында “Көркем әдебиет туралы”

мәнді айтысты бастап, оңды - солды сілтеді [2].

“Біздің үстіміздегі  дәуір күрес дәуірі. Мылтық алып күреспегенімізбен пікір жүзіндегі

күресіміз әлі қойылмайды”  деп домбыраның құлақ күйін тапшылдыққа  келтіріп алады да,

Қазақстанда совет өкіметі орнағаннан бергі 6 жылда не істелді, қандай шығармалар жарық көрді

деген мәселе айтыстың негізгі  арқауына айналып кедейден шыққан жазушыларға, тілшіден өсетін

қаламгерлерге, яғни “біздің  бүгін көтеріліп келе жатқан тілшілерден  шыққан ақындарымыз да

ертең көкке қолын  сермейтіндерге” керек деп жеті түрлі ұсыныс жасайды.

Кейінгі және күні бүгінге  дейін әңгіме болып келе жатқан бір  проблема — “... құрғақ айғайдан

шығатын пайда аз екеніне  ешкім таласпайды. Бірақ елді бір  жағынан қанын қыздырып үгіттеу

деген нәрсені менімше  әзір түгелімен тастауға болмайды. Қазақ кедейлері әлі оянып  болған жоқ.

Байдың ықпалынан әлі  шығып кеткен жоқ. Оларды саналандыру  үшін әртүрлі тәсіл керек. Соның

біреуі нақты іс болса, біреуі пәрменді үгіт, онсыз болмайды.

Ал сөздің әдемілік, суретшілік жағына келсек, ол бір күнде бола қоймайды. Оқи, біле, түсіне,

көре болады. “Үйрен”  деген сөздің айыбы жоқ. Жас жазушыларымыз  үйренуге тырысулары

керек. Бірақ үйреніп  болғанша қыспақтап кету қате. Азын-аулақ  кемшіліктеріне ақыл берілсін,

бірақ көңілін қалдырарлықтай әзірге зілді сын болмасын” деп  Сәбит Мұқанов жаңадан туып

келе жатқан әдебиеттің өкілдерін қызғышша қорғап келешек  кадрлары үшін қам көңіл болыпты.

КазАПП-тың жұмысын  жақсарту, журнал ашу, шығармаларын жариялау, әдебиеттің тарихын

түсіндіретін, жазуға үйрететін  курстар ашып, талапты жастарды жоғарғы  мектептерде оқыту

мәселелерін күн тәртібіне  қояды. Сөздің қысқасы, әдебиет шаруашылығын бүгінгі Күннің мәнді

мәселелерінің бірі деп  есептеді.

Дер кезінде қозғалғандықтан  ба, әлде қоғамдық-әлеуметтік дамуда жаңа бір науқанның

айқындалып келе жатқандығынен  ба (қазақ байларын тәркілеу қарсаңы), әлде Ахмет Байтұрсынов

мерейтойы тұсында айрықша  тапшылдығын танытқандықтан ба, айтылған ащы ойларының

бастауынан ба, Сәбит  Мұқановтың бұл мақаласы бұрынғыдай белсенділігін танытуға себепші

болып, қиян-кескі айтысты  өршітіп жіберді.

Сәбит Мұқановтың мақаласынан  көп кемшілік табуға талаптанған  алғашқы жарияланым –

Қошке (Қошмұхамед) Кемеңгерұлының 1926 жылы 1 желтоқсандағы мақаласы болды. Қошке

“алты жылдыңішінде көркем әдебиет туралы не істедік дегенде, Сәбит “жоқ” деп жауап береді”

дегенге дау айтып  “Сәбит өңгені көрмесе де, Бейімбет пен Сәкенді, “Қартқожа” романын  көруі

керек еді” деп талай  дәлелдер келтіреді. Бұған пәлендей күдік келтірмегенмен, осы ойдың ар

жағында “бұдан былай  кедей әдебиеті өрісін кеңейтер деп  үміттенуге болады. Әліде болса кедей

әдебиеті көрнекті орын алу үшін көп жылдар керек. Сынның қаттылығы бөгеу болады деген

қисынға келмейді. Сынның әкесі Нәзірдікіндей болар, сонда  да Сәкен бұққан жоқ», деп алады

да “біздің жас  жазушыларымыз емлені білмей жатып  қатардан қалғысы келмейді, өлең жазған

болады. Бұған не дерсің!”  деп кекетеді.

“Қазақ әдебиетінде  тойып секіретін күн әлі туған  жоқ. Ұлтшылдардікі көп басылатын  болса,

көркемдігі үшін басылған шығар” деген ойлар түтінінің қалай шалқығанын, яғни көркемдікті

талап ету тым шамадан  тыс екендігімен араласып жатты. Талай орыс білімпаздарынан цитата

келтіргенде өзінің ішкі ойына сабақтастыра береді де “әзіргі  қазақ әдебиетінде екі ағым бар,

біреуі – кедейшілік, екіншісі – бұқарашылдық” деп  жіліктейді де, пролетаршылдар айтып  жүрген

негізгі тезистердің  үстіне көркемдіктің пердесін жаба салады. Тіпті “іші алтын, сырты күміс  сөз

жақсысы” дегенде  Абай пәлсапашы болғандықтан мазмұнға артық баға беріп отыр” деп мінейді

де “сұлулық жағынан  түрі де алтын болу керек дегенді  ұран қылу керек” деп ойын дөңгелетеді.

Бұдан кейінгі Ерғали Алдоңғарұлы 12, Мәжит Дәулетбайұлы 31 желтоқсанда жариялаған

121

№ 3 (76) 2010

мақалаларында Сәбит  Мұқанов ойларына іш тартып, кедейшіл әдебитеттің сойылын соқты.

Күреске әбден дағдыланып алған Сәбит Мұқанов келешек  авторлардың не айтарын тоспай

“Көркем әдебиет туралы қортынды пікірім (Қошкеге жауап  ретінде) деген мақаласын 1927

жылдың 4 қаңтарында “Еңбекші қазақта” (сонымен қатар “Қызыл Қазақстан” журналының 1

санында) жариялап, айтыс  арнасын кеңейтіп, назар аударатын  әдебиет мәселелерін нақтылай

түсті. Көркемдік неге байланысты екенін әңгімелей келіп, екінші бапта, “бізде қазір неше бағыт

бар?” деген түбегейлі  мәселеге нақтылай жауап береді. Еңбекшілдік бағыт, кеңес өкіметіне қарсы

бағыт және шөре-шөредегілер  деп үшке бөледі. Әсіресе соңғы  “бағыттағыларда тиянақты пікір

жоқ. Күш кімде болса, оның тілегі сонда. Кеңес өкіметін тамағы тойса жақсылайды, қарны ашса

жамандайды. Бір күні байды жырласа, бір күні кедейді жырлайды. Олар тарыға қызығатын тауық

сықылдылар” деп жолбике  жазушылардың ар-намысына тигізе пікір  айтады. Талайлардың Сәбит

Мұқановқа қарсы пікір  айтуына осы ойы себепші болғанын да жасырмайық.

Ал “Ұлтшылдар туралы” тарауында Ахаң жөнінде жазған ойынан қайтпайтынын айта келіп,

“біз олармен біріге алмаймыз, жолымыз бөлек” деп шорт кеседі. Еңбекшілер жазушыларына

тоқталғанда, Қошкенің емлені білмей жатып шығарма жазады дегеніне біраз шамданып алады да

“бізде өсіп келе жатқан талай жазушылар бар. Бірақ көңілдегідей өсіп болғанымыз жоқ. Мұндай

кезде көркем әдебиеттің қазіргі міндеті – үкімет пен  партияға көмек беріп, іспен қатар  үгіт те

жүргізу, кедей, жалшы, жұмыскерлердің мұқтажын табу. Осыдан үгіт те шығады, көңілдендіру де

шығады, тұрмысты суреттеу де шығады, әдебиеттің бағыты да табылады.”  ол үшін мазмұн мен

пішіннің бірлігі керек, “біздің еңбекші жазушылар поэзиясының  түр-пішін дәрежесін мазмұн

дәрежесіне жеткізуге  тырысуы керек”, ол үшін білу, үйрену, білгеннен үлгі алу керек. Қазақтың

байшыл ақындары бізге  үлгі болуға жарай алмайды. Жалпы  қазақ әдебиеті өзінен-өзі үлгі алатын

дәуірге жеткен жоқ” деген  нигилистік түсінігін ашық айтқанда талай тілектестерінен айырылып

жатқанын аңғармай қалған.

Осы көркемдік мәселесін “Кім үстем болады?” деген ушықтырғыш проблемамен аяқтайды.

“Күш, шаруа, саясат кімнің қолында болса, соның әдебиеті тез  өседі. Қазақ байлары ажал аузында

отыр. Олар құриды. Олар өлсе жыршылары да өледі. Қазақтың еңбекші  табы өркендеп келеді.

Олай болса, еңбекші таптың әдебиетшілері де өркендейді. Келешек біздікі!” деп үкім шығара

пікір түйеді. Кедейшілдердің қаузайтын тақырыптарын мүмкін қадірінше  көрсетіп береді.

Әдебиет туралы айтыс  өзінің бар аумағымен өріс ала  бастағанда Қошке 30 қаңтар күні

“мұндай адаммен айтысарлық менің уақытым жоқ. Сондықтан Сәбитпен айтысты доғардым.

Білім жолымен айтысатындар болса мен даярмын” деп менсінбеушілік танытады. Бірақ Сәбит

оған шамданбай жауап  қайтарды. Айтыс мұнымен тұйықталған  жоқ. Ы.Мұстамбайұлы (“Қызыл

Қазақстан”, N2), Ж.Орманбайұлы (“Еңбекші қазақ”, N171), Сәкен Сейфуллин (“Жыл құсы”, N1),

Ш Тоқжігітов, (“Қызыл Қазақстан”, N3-4), Мәжит, Сейтбаттал, Мұстафа, Жұмабай, Жанайдың

түйінді ойлары “Еңбекші қазақтың” 2 тамызында жарияланды. Ал “Екеудің” атышулы мақаласы

8,9 тамызда шығып, мәселені  мейлінше ушықтырып жіберді.

Әуелі “Екеу” деген бүркеншік  атты шешіп алайық. “Кереку-Баян кітапханасының” 13 кітабында

“Екеу” Жүсіпбек Аймауытов  пен Мұхтар Әуезовтің бүркеншік  аты дегенді Қайым Мұхамедханов,

орталық архив қызметкері Бейсембай Байғабылов пен зерттеуші ғалым филология ғылымының

докторы Мекемтас Мырзахметовтың пікіріне сүйеніп айттық деген шүбәлі ойды қазір анықтау

керек, себебі теріс пікір  етек жайып барады.

Жүсіпбек Аймауытов  пен Мұхтар Әуезов 1916 жылы “Алаш” газетінде және 1918 жылы

Информация о работе Сәбит Мұқанов