А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 19:54, дипломная работа

Краткое описание

Бөбек тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді, ал олардың мектепте оқуына байланысты сол табиғи процесс онан әрі жалғаса түседі. Сондықтан мектептегі тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи процестің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі. Ең алдымен тілдің өз табиғатынан жеті заңдылық шығады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

адистем интерн.docx

— 293.16 Кб (Скачать документ)

 
«Шағын кешенді мектеп», «Бастауыш  мектеп» журналының соңғы 10 жылдағы  сандарындағы «Сауат ашу әдістемесі»  бөлімдерінің тақырыптарына арналған мақалалармен жұмыс істеп, картотека  құру.

 
Шағын кешенді мектепте сауат ашуды  оқытуға байланысты өзіндік тәжірибе мен мектептегі басқа мұғалімдердің  тәжірибелерін алмастыру, сауат  ашу кезеңін қорытындылап, талқылауға дайындалу.

 
Сауат ашуды оқытудағы жаңа технологиялар. Технология - әдіс-тәсілдердің жиынтығы. Технология мен әдістеменің ара  жігін ашу.

 
Шағын кешенді мектепте жаңа грамматика-орфографиялық  материалды түсіндіру сабағының  үлгісін жасау.

 
Дыбыстық талдау-жинақтаудың сауаттылыққа үйрету әдістемесінің қазіргі нұсқасының мінездемесі және оның жағдайының Әліппеге әсері.

 
Сауат ашу кезеңінде балаларды  оқуға дыбыстық талдау-жинақтау әдістемесінің  жаңа нұсқасы бойынша оқыту.

 
Талдау және жинақтау әдісінің сауат  ашудың негізі ретіндегі байланысы, оның даму мағынасы.

 
Сауат ашу кезеңіндегі оқу мен  жазудың байланысы, оның балаларды  алғашқа оқу мен жазуға үйрету тәжірибесіндегі көрінісі.

 
Сауаттылыққа үйретудің әр түрлі  кезеңдерінде тиімді жұмыс әдістерінің  мінездемесі. Сауаттылыққа үйрету кезеңіндегі  оқу және жазу сабақтарындағы талдаудың  әр түрлі түрлері мен тірек  сызбаларды қолданудың рөлі.

 
Шағын кешенді мектепте балаларды  сауаттылыққа үйретудің әр түрлілігі  және жұмыс ерекшеліктерінің оқу-әдістемелік  кешеніне әсері. 1-сынып оқушыларын оқу мен жазуға үйрету процесін ұйымдастырудың кемшіліктері мен қиындықтары.

 
Сауаттылыққа үйрету кезіндегі оқу  және жазу сабақтарына қойылатын  негізгі талаптар және оларды тәжірибеде іс жүзіне асыру.

 
Қазіргі сауаттылыққа үйретудің ұйымдастыру-әдістемелік  жүйесін дамыту жолдары.

 
«Шағын кешенді мектеп», «Бастауыш  мектеп» журналындағы қазіргі мектептегі сауаттылыққа үйрету сабақтарын өткізу әдістемесі сұрақтары бойынша жарияланымдармен танысу.

 
«Балаларды сауаттылыққа үйретудегі өз іс-тәжірибеңізде сіздерге қандай түзетулер енгізу керек деп ойлайсыз»  леген тақырыпқа хабар дайындау.

 
Шағын кешенді мектепте орфография мен грамматиканы оқыту практикасының  қиын мәселелері.

 
Шағын кешенді мектепте кіші жастағы  оқушылардың орфографиялық ережелерді игеруге арналған жұмыстар түрі мен  тиімді әдістері.

 
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің  ғылым ретіндегі мақсаты. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың әдістемелік негізі, олардың басқа  ғылымдармен байланысы.

 
Қазақ тілін оқытудағы каллиграфиялық дағдыны дамыту әдістемесі.

 
Шағын кешенді мектепте бастауыш сыныптарда қазақ тілінен сыныптан тыс оқыту.

 
Әліппенің ұсынылған бетіндегі әдебиеттік сабақ үлгісін құраңыз.

 
Шағын кешенді мектепте оқыту мен  тәрбиелеу мазмұнының басты ұстанымдарына  сипаттама беріңіз.

 
Дайындық кезеңіне әңгіме дайындаңыз (кіріспе әңгіме).

 
Шағын кешенді мектепте лексикалық жұмыс ұйымдастыру, оқушыларға түсініксіз сөздерді түсіндіретін әдісті көрсету.

 
Шағын кешенді мектепте грамматика-орфографиялық  тақырыпта мысалға ұсынылған  тапсырма жүйесін ашып, әрбір таңдауға сипаттама бер.

 
Шағын кешенді мектепте оқушының ұсынылған  шығармашылық жұмысын жоспарлап, жазылған жұмыстың дамығандығын айқындаңыз.

Рефераттар мен  баяндамалар, бақылау, курс жұмыстарына  арналған тақырыптар 
 
1. Шағын кешенді мектепте сауат ашу кезеңіндегі оқытуды дидактикалық материалдар арқылы ұйымдастыру әдістемесі 
 
2. Өздік жұмыстарын ұйымдастыру мазмұны мен міндеттері. 
 
3. Шағын кешенді бастауыш мектептердің даму тарихы. 
 
4. Шағын кешенді мектептерде қазақ тілін оқыту ерекшеліктері.  
 
5. Шағын кешенді мектептегі қазақ тілі сабағында оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстарын жоспарлау. 
 
6. Шағын кешенді мектептерде оқу кестесін жасау. 
 
6. Бірнеше сыныпта қатарынан мазмұндама шығарма жазғызу әдістемесі. 
 
7. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, жазу тілін дамыту жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері. 
 
8. Шағын кешенді мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері 
 
9. Шағын кешенді мектептерде морфология саласын оқыту әдістесі. 
 
10. Шағын кешенді мектептерде бастауыш мектепте сөз таптарын оқытуда дидактикалық материалдарды қолданудың әдістемелік негіздері.  
 
11. Сыныптан тыс оқыту әдістемесі. 
 
12. Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындар. 
 
13. Шағын кешенді мектептерде орфографияны оқыту әдістемесі. 
 
14. Шағын кешенді мектептердегі орфография әдістемесіндегі грамматикалық және грамматикаға қарсы бағыттар. 
 
15. Бастауыш сыныптардағы орфографиялық дағдының табиғаты жөнінде. Бірнеше сыныпта орфографиялық ережелермен жұмыс ұйымдастыру.  
 
16. Өздік жұмысын орындатудағы орфографиялық жаттығулар оларды таңдау. 
 
17. Шағын кешенді мектептерде жаттығуды жүйелі жүргізу – сауатты жазу дағдысын қалыптастыру. 
 
18. Орфография жұмыстарының түрлері және оларды жүргізу тәсілдері: көшіру, грамматикалық-орфографиялық талдау, диктанттар, мазмұндама мен шығарма.  
 
19. Сөздікпен жұмыс жасаудың маңызы. Бұл жұмыстың фонетика, лексика, грамматика жаттығуларымен байланысы.  
 
20. Шағын кешенді бастауыш мектепте қазақ тілінен жүргізілетін қазіргі сабақ.  
 
21. Қазақ тілінен қолданылатын көрнекіліктер, дидактикалық материалдар және оларды қолдану жолдары, дидактикалық ойындар, қызықты жаттығулар.  
 
22. Қазақ тілінен оқушылардың білімін, білігін және дағдысын тексеру.  
 
23. Бақылау жұмыстары, оларды жүргізу. 
 
24. Оқушылардың жазу тілін дамыту жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері 
 
25. Біріккен сыныптарда зат есімді оқыту жүйесіне көрнекіліктер қолдану жүйесі. 
 
26. Шағын кешенді мектептердегі қазақ тілі сабағының құрылысы. 
 
27. Сауат ашу кезеңіндегі жазуға үйретуде қолданылатын дидактикалық материалдар. 
 
28. Шағын кешенді мекетпте оқыту кезіндегі дидактикалық ойындардың ролі. 
 
 
Шағын кешенді мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінен емтихан сұрақтары 
 
 
1. Шағын кешенді мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері. 
 
2. Шағын кешенді бастауыш мектептердің даму тарихы. 
 
3. Шағын кешенді мектептерде қазақ тілін оқыту ерекшеліктері. 
 
4. Шағын кешенді мектептердегі қазақ тілі сабағының құрылысы  
 
5. Шағын кешенді мектептегі қазақ тілі сабағында оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстарын жоспарлау. 
 
6. Шағын кешенді мектептерде оқу кестесін жасау. 
 
6. Бірнеше сыныпта қатарынан мазмұндама шығарма жазғызу әдістемесі. 
 
7. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, жазу тілін дамыту жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері. 
 
8.Сыныптан тыс оқыту әдістемесі. 
 
9. Шағын кешенді мектептерде морфология саласын оқыту әдістесі. 
 
10. Шағын кешенді мектептерде бастауыш мектепте сөз таптарын оқытуда дидактикалық материалдарды қолданудың әдістемелік негіздері.  
 
11. Біріккен сыныптарда зат есімді оқыту жүйесіне көрнекіліктер қолдану жүйесі.  
 
12. Өздік жұмыстарын ұйымдастыру мазмұны мен міндеттері. 
 
13. Шағын кешенді мектептерде орфографияны оқыту әдістемесі. 
 
14. Шағын кешенді мектептердегі орфография әдістемесіндегі грамматикалық және грамматикаға қарсы бағыттар. 
 
15. Бастауыш сыныптардағы орфографиялық дағдының табиғаты жөнінде. Бірнеше сыныпта орфографиялық ережелермен жұмыс ұйымдастыру.  
 
16. Өздік жұмысын орындатудағы орфографиялық жаттығулар оларды таңдау. 
 
17. Шағын кешенді мектептерде жаттығуды жүйелі жүргізу – сауатты жазу дағдысын қалыптастыру. 
 
18. Орфография жұмыстарының түрлері және оларды жүргізу тәсілдері: көшіру, грамматикалық-орфографиялық талдау, диктанттар, мазмұндама мен шығарма.  
 
19. Сөздікпен жұмыс жасаудың маңызы. Бұл жұмыстың фонетика, лексика, грамматика жаттығуларымен байланысы.  
 
20. Шағын кешенді бастауыш мектепте қазақ тілінен жүргізілетін қазіргі сабақ.  
 
21. Қазақ тілінен қолданылатын көрнекіліктер, дидактикалық материалдар және оларды қолдану жолдары, дидактикалық ойындар, қызықты жаттығулар.  
 
22. Қазақ тілінен оқушылардың білімін, білігін және дағдысын тексеру.  
 
23. Бақылау жұмыстары, оларды жүргізу. 
 
24. Оқушылардың жазу тілін дамыту жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері 
 
25. Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі  сабақтарының түрлері 

 

Мектеп оқушыларына білім  мен дағды беруде қазақ тілінен  өтілетін сабақтардың мәні орасан. Өйткені сабақ оқу ісін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады. Мұғалімнің жүргізетін жұмыстары сабақ арқылы іске асады. Сабақ беруде мұғалім  мынадай мақсат қояды: оқушыларға білім  негіздерін түсіндіру, сол білімді  бекітіп, талдап есінде қалдыру, алған  білімін тексеріп отыру және өздігінен  толықтырған білімдерін күнделікті өмір қажетіне пайдалана білу. Мұғалім оқушылардың барлығына қазақ тілі материалдарын толық меңгертуі, қажетті білік, дағдыларды игертуі, сабақтың дамытушы және тәрбиелік қызметін іске асырады. Ол үшін мұғалім материалды баяндау процесінде уақытты үнемді жұмсап, оқушылардың толық түсініп қабылдауына жағдай жасайды. Сонымен бірге мұғалім оқушының білімге деген ықыласы мен қызығушылығын, оқу-танымдық уәждемесін арттырып отыруы тиіс. Оқушылардың белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше орындалатын жұмыстарын ұйымдастырып, іздеу, зерттеу іскерлігін дамытып отырған тиімді.

Сабақтың білім мен  дағды беру ерекшелігіне қарай, оларды жіктеудің өлшемдеріне мыналарды  жатқызуға болады:

а) Сабақта оқушыларға қазақ  тілінен теориялық білім негіздері  меңгертіледі. Оған өтілетін тақырыптың термині, тілдік материалдың өзіндік  белгілері, жасалу жолдары, анықтамалары мен ережелері кіреді. Сөйтіп оқушыларға білім көлемі мен білім жүйесі меңгертіледі.

ә) Оқушыларға қазақ тілінен  іс жүзінде дағды қалыптастырылады, берілетін білім көлеміне лайықты  дағды түрлері жаттықтырылады.

Әдіс пен тәсілдің ұтымды пайдаланылуы, жүзеге асуы сабақтың типіне де байланысты. Қазіргі сабақ туралы көптеген монографиялық еңбектер, жекелеген  ғылыми және практикалық сипаттағы  мақалалар жарық көрді. Атап айтқанда, Ю.Б.Зотовтың "Қазіргі сабақты  ұйымдастыру" (1984), М.Махмутовтың "Қазіргі сабақ" (1985), И.Д.Зверевтің "Қазіргі сабақ: ізденістер, проблемалар, шешімдер", "Сабақ: ол қандай болуы керек?" деген мақалаларын айтуға болады. Жаңашыл-педагогтар В.Ф.Шаталов, Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова т.б. іс-тәжірибелерінен қазіргі сабақ қандай болуы керек деген сұрақтың жауабын табуға болады.

Сабақ типтері мен түрлерін М.Махмутов ("Современный урок", 1985) төмендегіше берген:

а) Жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы. Бұл типке лекция, баяндау, әңгіме түрінде өтетін сабақтар, кино, диафильм көрсету, теориялық мәліметтер бойынша оқушылардың ізденісі негізінде өткізілетін сабақ түрлері жатқызылады.

ә) Білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы. Бұған ауызша, жазбаша жаттығу, оқушылардың өз бетімен жұмыстануы, лабораториялық жұмыс, әкскурсия сабағы жатады.

б)    Білімді жүйелеу, жинақтау сабағы. Бұл сабақтар өткен материалды іштей байланыстыру, қайталау, жүйелеу, қорытындылау мақсатымен жүргізілетін әңгіме, семинар сабағы түрінде өткізіледі.

в)    Аралас сабақ. Сабақтың бұл түрі жоғарыда аталған сабақтың бар түрімен тығыз байланысты өткізіледі.

г)    Білім, іскерлік пен дағдыны бағалау, бақылау сабағы. Бұл сабақтар кебінесе сұрақ-жауап тәсіліне негізделеді. Қойылатын сұрақ бір ғана оқушыға да немесе бүкіл сыныпқа да арналуы мүмкін. Сұрақ түрлері ауызша да жазбаша да болып келеді. Әрбір практикалық жұмыстар бағамен не сынақ түрімен қорытылады.

М.Махмутов сабақтың әдістемелік  құрылысы тұрақты емес, сабақта алға қойылатын мақсатқа жету үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер әрқашан да ауыспалы сипатта болады деп есептейді  де, сабақтың дидактикалық құрылымы оның әр типтері мен түрлеріне үнемі  ортақ болады деп көрсетеді.

Ал Б.Т.Панов сабақ типтерін төрт топқа бөледі: Бірінші топқа оқу материалдарын меңгерту барысындағы психологиялық, педагогикалық кезеңдерге сай өткізілетін сабақ түрлерін, жаңа материалды өту сабағын, білім, іскерлік пен дағдыны бекіту сабағын, қайталау, өтілген материалды жүйелеу сабағын, аралас сабақ түрлерін, екінші топқа оқытудың негізгі әдістеріне сай белгіленетін лекция сабақ, семинар сабақ, практикум сабақтарын, үшінші топқа тіл дамыту, мазмұндама мен шығарма жаздыруға үйрету сабақтарын, төртінші топқакөмекшілік сипаттағы сабақтарды яғни, оқушының жазбаша жұмыстарын талдау, бақылау, тексеру сабақтарын жатқызады.

Ә.Исабаев қазақ тілінен  өтетін сабақтарды төмендегіше жіктейді:

І. Теориялық білім меңгерту сабақтары: жаңа сабақ, біріккен сабақ және лекция-сабақ түрлері. Осы теориялық білім меңгерту сабақтары оқушыларға теориялық тілдік материалдарды игертуде іске асырылады. Жаңа сабақ жаңа білім беру үшін, біріккен сабақ өткен мен жаңаны ұштастыру мақсатында өткізіледі. Ал лекция сабақ теориялық материалдарды ауызша мазмұндап жеткізу мақсатында іске асырылады.

II. Практикалық  дағды қалыптастыру сабақтары: бекіту сабағы, семинар-сабақ, баспасөз конференциясы сабағы, практикум-сабақ, тексеру сабағы, сынақ-сабақ, коллоквиум-сабақ, талдау сабағы және қайталау сабақтары. Практикалық дағды қалыптастыру сабақтары оқушылардың дене және ой дағдыларын ширату үшін, бекіту сабағы оқушылардың қазақ тілінен күнделікті алған білімдерін нығайтып отыру үшін өткізіледі. Семинар-сабақ білім мен білік және дағдыны толықтыра түсу, баспасөз-конференциясы сабағы оқушылардың іскерлігі  мен танымдық белсенділігін арттыру, практикум-сабақ тілдік материалдарды жаттықтыра түсу, тексеру сабағы оқушылардың қазақ тілінен алған білімдері қаншалықты меңгерілгендігін байқау, сынақ-сабақ қазақ тілінен алған білім мен дағдысын бір жүйеге түсіру, коллоквиум-сабақ оқушылардың білімін бірізге түсіру, талдау сабағы оқушылардың ауызекі тілдегі және жазба жұмыстарындағы жіберген қателерін арнайы талқылау, қайталау сабағы өткен материалдарды оқушылар ойына толық қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Қазақ тілі сабағының  құрылымы

Қазақ тілінен өтілетін сабақтың негізгі топтары - сабақ құрылымдары  элементтерінің жиынтығы. Сабақтың бұл  құрылымы әр түрлі методикалық жүйе бойынша іске асырылады. Сабақтың құрылымдық элементтері тәлім-тәрбие беру мақсатына, материалдың өтілу тәртібіне, өзіндік белгілерінің санына, оқушының дайындық дәрежесіне қарай ауысып отырады. Мәселен, жаңа өтілетін материалдың өзіндік белгілері көп болған кезде мұғалім материалдың өзіндік белгілерін, олардың айырмашылықтарын, анықтамалары мен ережелерін түсіндіруден бастап тәжірибелік дағдыларды өз бетінше іздендіріп, орындауға жұмылдырады. Сондай-ақ өткенді еске түсіру, үй тапсырмасын беру және оны тексеру, өткенді сұрау және бекіту сияқты сабақ құрылымдары әр сабақта кездесіп отырады.

Сонымен бірге мұғалім  әр сабақтың құрылымдық элементтерін түрлі бағытта іске асырады. Мысалы, жаңа материалдың өзіндік белгілері  ауырлау болған кезде, мұғалім материалды бірден, яғни тақырыптың өзіндік белгілерін, жасалу жолдарын, олардың айырмашылықтарын және соларға лайықты таңдалған  дидактикалық мысалдарын түсіндіруден бастайды. Осыдан кейін тақырыптың анықтамалары мен ережелерін шығарады, оқушылардың өздерін іздендіріп, практикалық жаттығулар орындатады. Мұғалім өткен материалды еске түсіріп, үй тапсырмасын тексереді, оны пысықтап қайталайды, өткен материалды байланыстыра отырып, жаңа материалдың өзіндік  белгілерін түсіндіреді. Жаңа материалға сай практикалық дағдылар құрамын  баяндайды, осы тақырыпқа лайықты  үй жұмысын тапсырады.

САБАҚТЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақты белсенді, саналы қабылдауға дайындау кезеңі

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі

ІV. Жаңа материалды түсінулерін  тексеру кезеңі

V. Жаңа сабақты бекіту  кезеңі

VІ. Қорытындылау

VІІ. Бағалау

VІІІ.Үй тапсырмасы

Демек, қазақ тілі сабағының  құрылымдық элементтерін дұрыс танытудың  рөлі зор. Олар мыналар: 1) өткенді еске түсіру; 2) тақырыптың көлемі мен жүйесін  түсіндіру; 3) бекіту және қайталау мақсатында жаттығу жұмыстарын жүргізу; 4) үй тапсырмасын  беру; 5) үй тапсырмасын тексеру, өтілгенді  сұрау; 6) оқушылар жұмысына барлау жасау; 7) оқушылар еңбегін бағалау.

Үй тапсырмасын  беру қазақ тілін оқыту үдерісіндегі ең басты әрі қажетті сабақтың құрылымдық элементтерінің бірі. Қазақ тілі бойынша оқушылардың теориялық білімді жете меңгермеуі, көбінесе, осы үй еңбегін дұрыс ұйымдастырмаудың нәтижесінде пайда болады. Үй тапсырмасы класс жұмысына байланысты түрде іске асырылады. Үй тапсырмасының көлемі оқушыларға оншалық қиындық тудырмайтындай дәрежеде және өткен тақырыпқа сай болуы қажет. Қазақ тілі бойынша берілетін үй еңбегі белгілі параграфқа, анықтама, ережеге, оқулықтағы теориялық материалдарға сай жүргізіледі.

Информация о работе А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі