А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 19:54, дипломная работа

Краткое описание

Бөбек тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді, ал олардың мектепте оқуына байланысты сол табиғи процесс онан әрі жалғаса түседі. Сондықтан мектептегі тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи процестің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі. Ең алдымен тілдің өз табиғатынан жеті заңдылық шығады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

адистем интерн.docx

— 293.16 Кб (Скачать документ)

 
Кітаптың мазмұнымен (кітаптың ең соңында  бе- 
рілген материалдардың тізімі) таныстыру: оку кітабын- 
да қандай бөлімдер бар? Үй жануарлары туралы не оқы- 
ғандарыңды кітаптың мазмұнынан белгілеңдер.

 
Шығарманы балалардың іштерінен оқуы. Әдетте 
мұнда сұрақтар ойлап табады, белгілі бір оқиғаны су- 
реттейтін үзіндіні табады, мәнерлеп оқуға дайындалады 
т. б.

 
Жоспар жасау жұмысы: мәтіндерді бөлікке бөлу, 
қандай суреттер салуға болатынын ойластыру, мәтінді  
мұғалімнің қойған аттары бойынша бөлу т. б.

 
Тапсырманы өңдеу. Мақаланын, жоспарын жазу, жаңа сөздерді жазу, шығарманың қорытындысын жазу т. б. с. с.

 
Оқушылардың үйден орындайтын жұмыстарына 
көңіл аудару, үйге мәтіннің мазмұнын қайта оқып шығу- 
ды бермей, шығармашылық тапсырма беру керек. Мыса- 
лы «...туралы айтылған жерлерді табыңдар, мәтінге  
қандай сұрақтар қоюға болатынын ойластырыңдар» т. б.

 
Оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарына көңіл бөлу — олардың  белсенділігін көтереді. 
 
 
ОҚУ САБАҚТАРЫНДА БАЛАЛАРДЬіҢ ДАҒДЫЛАРЫН, ШЕБЕРЛ1КТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ 
 
«Ана тілі» сабақтарында мұғалім балалардың қаншалықты саналы, дұрыс оқуларын бақылай отырып, анықтай алады. Сыныптан тыс оқығандары бойынша әңгімелесу және өз беттерімен оқыған кітаптарынаи түсінгендерін айтып беру балалардың оқуға қаншалықты ынталы екендігін, шығарманың идеясы мен мазмұнын қаншалықты терең түсінген-түсінбегендерін көрсетеді. Сонымен бірге оқуы кем балаға дұрыс, саналы және шапшаң оқу дағдысын қалыптастыруға, жетілдіруге уақытында көмектесу үшін, оны жүйелі түрде есепке алып отыру керек. Мұндай есеп әсіресе I, II және III сынып оқушыларына қажет. 
 
Мұғалім дағды мен іскерлікті (шеберлікті) есепке алу үшін бөлек дәптер арнайды. Онда әрбір оқушыға бірнеше жол орын береді де, сыныпта оқыған кезде жіберген кемістіктерін белгілеп қояды. 
 
Бірінші сынып үшін дағдылары мен шеберліктерін толық есепке алатын схема жасауға да болады. Мысалы: 
 

 
Фами-лиясы, аты

 
Қате саны

 
Оқу тәсілі

 
Бір минут-та оқыған сөз саны

 
Оқығанын түсінеді

 
Мәнерлі-лік

 
Баға

 

 

 

 

 
әріптеп

 
буындап үзіп

 
буындап созып

 
тұтас сөз

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Омаров Асан

 
3

 

 

 
ИӘ

 

 
24

 
ИӘ

 
нүктеде пауза жоқ

 
3

 
Салменов Серік

 
1

 

 

 
қиын сөз- 
 
дерді

 
г

 

 

 
29

 
ИӘ

 
нүктеде дауысын бәсеңдет-пейді

 
3


 
 
Бастауыш сынып оқушыларының дағдыларын, шеберліктерін есепке алу үшін, бағдарламалық талаптарға орай, аудандық әдістемелік кабинеттің ұсынған формасы пайдаланылады. 
 
II сыныптан бастап іштен оқуға мұқият көңіл аударылады, іштен шапшаң оқу сағат арқылы тексеріледі: оқудың басталу уақыты белгіленеді, балалар оқып болғанда қол көтереді, мұғалім ең асығыс оқушылар мен ең жай оқитындарды белгілейді. 
 
Саналы оқу ауызша және жазуша тапсырмалар арқылы тексеріледі. Мәтінді асығыстықтан шала түсінген оқушымен арнайы сабақ өткізіледі. 
 
Оқу жылының басында және әр тоқсанның аяғында барлық оқушының дағдылану дәрежесі тексеріледі. Бүл үшін көлемі қысқа жаңа бір беріледі. Оны дауыстап оқыту арқылы мұғалім оқудың дұрыстығын, орфо-эпиялық норманы сақтау жөнінде кімнің қалай оқығанын белгілеп отырады. шапшаңдық белгілі бір уақыт мөлшерінде қанша сөз оқығанымен, ал саналылық сұраққа жауап беру сияқты жұмыстармен өлшенеді. 
 
Мәтінді саналы қабылдау арнайы берілетін тапсырмалар арқылы да тексерілуі мүмкін. Хабарлама сипатындағы мәтін үш немесе төртке бөлінеді де, араластырылады. Оқушы оны оқып, әр бөлікті жүйесімен біріктіруі тиіс. Мұны әрі тез, әрі дұрыс орындаған оқушы саналы қабылдауға жақсы дағдыланған болып есептеледі. 
 
Екінші бір жағдайда балалар оқыған мәтіндеріне жоспар жасайды және сол үзіндіге ат қояды. Үзінді бойынша оның бұрын өздері оқыған қандай шығармадан алынғанын айтып беру ұсынылады. 
 
Кейбір оқушылардың оқу кемістіктерін түзету үшін олардың себептерін анықтау қажет. Мұндай кемістіктер әр түрлі болады, мысалы: зейіннің тұрақсыздығынан, зейінін шоғырландыра алмаушылық (мұндай көріністі «мойны жар бермейді» дейді), буындап оқу дағдысының қалыптаспағандығынан (көбіне әріп тастап кету құбылысы), оқушының тіл кемістігі т. б. с. с. Мұндай кемістіктерді жою барысында істелетін жұмыстар дұрыс оқу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі, оның қажеттілерін бекіте түседі. 
 
Мәнерлеп оқи алмау саналы оқуға олақтықтан туады, яғни демді дұрыс ала алмау немесе дикция кемістігі. Ал мәтінді шала ұғынудың өзі де түрлі-түрлі жағдайларға байланысты: ақыл-ой дамуының жеткіліксіздігі, сөздік қордың тапшылығы, оқушының ұқыпсыздығы т. б. 
 
Оқушының бойында қалыптасуға тиісті дағды мен шеберлік бағдарлама талабына сәйкес болу үшін мұғалім аталған кемістіктерді жоюға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізеді. 
 
БАСТАУЫШ КЛАСТАРДА ОҚУ САБАҚТАРЫНДА ЖҮРГІ3ІЛЕТІН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ 
 
 
Мәтінді оқу ондағы басты ойды табу, оның мазмұнын ұғыну көркемдік тіл құралдарын талдау, сауатты түрде оқу шеберліктерін арттырумен қатар адамгершілік нормаларына үйренуге де мүмкіндік жасайды.  
 
Оқу сабақтарында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының түрлерін қысқаша былайша топтап көрсетуге болады: 
 
«Ана тілі» оқулықтарында В. И. Лениннің өмірі мен қызметі жөнінде көптеген әңгімелер, өлеңдер, мақалалар беріледі. Осы материалдар арқылы балалар үлкен адамгершілікке, қарапайымдылыққа, еңбек сүйгіштікке, еңбек адамдарына қамқорлық жасауға үйренеді. В.И.Лениннің өмір жолынан үлгі алу тәрбиесі беріледі. 

 
Оқу кітаптарында адамның қайырымдылығы, оның 
алуан түрлі көріністері талай-талай жағдаяттарда көзге түсіп отырады. Әр түрлі шығармаларды оқу барысында балаларда қайырымды адам жөнінде елес жасалады. Қайырымдылық дегеннің мәнісіне (қайырымды- 
лық — айналадағы адамдарға, жолдастарына, достарына, туыстарына қамқорлық жасау, қиындыққа кездескендерге көмектесу) түсінеді. Оқулықтардан қайырымдылық жөніндегі материалдарды іріктеп, балалар өз қылықтарымен салыстыратындай жағдай жасалады.

 
Балаларды еңбекті сүюге, оны қадірлеуге және өздерінің қолдарынан келетін  қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға бағыттайтын материалдар оқу  кітаптарында мол берілген. Осыған байланысты, олар өздерінің 
бүкілхалықтық іске қатысқандарына өздері баға беріп, 
оны саналы түрде сезінулері керек. Мысалы, «Сен көктемде қандай жүмыстарға қатысасың?», «Сендер құстарды қалай қорғайсыңдар?» т. б. с. с. сұраулар арқылы оларды бағыттауға болады. Балалар да өз ісіне жауап- 
кершілік туғызып, еріктің қасиеттері мен күшін жетілдіре түсуге көмектеседі.

 
Заттар, құбылыстар жөнінде білім  берумен қатар, 
олардың арасындағы өзара сабақтастықты байқауға 
мүмкіндік жасау, балалардың санасында жанама бейне- 
лердің тууын қамтамасыз етеді, ойлау процесін тәрбие- 
лейді және оның жетіле түсуіне жағдай жасайды.

 
Жалпы алғанда, тәрбие жұмысы барлық пәндер бойынша, бір-бірімен ұштастырыла  жүргізіледі. 
 
 
ГРАММАТИКА ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ 
 
ГРАММАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ 
 
Грамматиканы оқып үйренуде тілдің сан қилы сырларына қанығамыз. Тілдің түрлі құбылыстары тіл ғылымының әр саласында қарастырылады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы — лексикология саласында, тілдің дыбыстық жүйесі фонетика саласында, сөздердің формалары морфология, ал сөз тіркестері мен сөйлем синтаксис саласында қарастырылады. Қазақ тілі әдістемесі қазақ тілін зерттейтін тіл ғылымы деректеріне сүйенеді. Сондықтан тілдің әдістемесі тіл ғылымымен, ғылыми грамматикамен өте тығыз байланысты. 
 
Оқушылар бастауыш сыныпта грамматика жөнінде қарапайым ғана мағлұматтар алады. Әрине бұл мағлұматтар ғылыми жағынан толық дәлелденген деректер. 
 
Мектепке алғаш оқуға келген кезде балалар заттар мен құбылыстарды әлде де болса, тұтас күйінде қабылдайды, оларды талдап, ішкі заңдылықтарын, себептерін, байланыстарын ажырата қабылдауға әлі машықтанбағандықтан, нысанды қабылдау қиындау болып бара жатса, ол дереу екіншісіне ауыса қояды. Тіпті олар заттардың жеке бөліктерін және белгілерін тізбектеп айтып та береді, бірақ онда жүйе, мән жоқ, негізгі жағдайын айыра алмайды. 
 
Мектепке келумен байланысты бастауыш сынып оқушылары грамматиканы жүйелі түрде оқып үйренуге кіріседі, қазақ тілінің әдеби нормасымен таныса бастайды. 
 
Бұл жұмыстарды ұйымдастыру барысында осы жастағы балалардың дүние таным ерекшеліктерін естен шығаруға болмайды. Мысалы, грамматикада берілетін түсініктер балалар ұғымына сай келе қоймайды. «Зат, сын, қимыл» т. б. с. с. сөздер олар үшін дерексіз (абстракты) болады да, ондай ұғымдарды әлсін-әлсін нақтылап түсіндіріп отыру арқылы ғана бірте-бірте меңгере бастайды. Немесе бастауыш сынып оқушыларына «ұйықтау, қайғыру, ойлау» сияқты сөздерді етістіктер деп түсіндіру де оңайға түспейді. 
 
Бастауыш сынып балалары сөздердің тек нақты лексикалық мағынасын қабылдап үйреніп қалады да, грамматикалық мағынасын мүлде елемейді. Ал грамматикада сөздердің ең әуелі грамматикалық мағынасы ескеріледі. 
 
Грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөздің грамматикалық мағынасы мен грамматикалық формасы бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады. Мысалы, жақсылық, адамгершілік де-ген сөздер заттың сапасын, соған тән белгіні білдіреді. Грамматикалық жағынан алып талдағанда бұл сөздер дерексіз ұғымдарды білдіреді де, зат есімге жатады. Осы сияқты сөздердің өз мағынасы мен грамматикалық мағыналарының арасында кездесетін қайшылықтарды оқыту барысында жойып, бір-бірін нақтылай, саралап айқындай түсетіндей, әдіс-тәсілдер тауып қолдану қажет. Мұндай әдіс-тәсілдерді және оны қандай жағдайларда, қалайша қолдану жолдарын грамматиканың әдістемесі белгілейді. Мұнда грамматиканың әдістемесі психология ғылымының деректеріне сүйенеді. 
 
Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары жазу барысында өздері оқып үйренген ережелерін пайдалана білмейді, олар бір орфографиялық құбылысты екіншісімен шатастырады. Психологтар бұл фактілерді зерттеу арқылы анықтай отырып, балаларды ақыл-ой әрекетін үйрету қажеттігі жөнінде мәселе көтеруде. Ақыл-ой әрекеті балаларға бір құбылыстан екінші құбылысты ажырата білуге және жалпылай білуге көмектеседі. Осыған орай, қазіргі кезде әдістеме балаларға сауатты жазуды меңгерудің анағұрлым тиімді әдіс-тәсілдері мен жолдарын зерттеуде, яғни ережені білуден сол ережеге сай, баланың бойында дағды, шеберлік жасалатындай жаттығу жүйесін белгілеуді талап етіп отыр. 
 
Грамматиканың әдістемесі тіл білімі және психология ғылымдарына сүйенумен қатар, педагогика ғылымының қағидаларын басшылыққа алады. Кеңес дидактикасының негізгі қағидалары бойынша оқу материалы оқушылардың ұғымына сай болуы керек. 
 
Тілді жүйелі түрде оқуға енді ғана кірісе бастаған 6-9 жастағы бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін еске алсақ, бұларды тілге үйрету барысында нақтылау жақтарына көбірек көңіл аудару қажеттігі туады. Мұнда көрнекіліктің орасан зор пайда келтіретіні мәлім. 
 
Дидактика талабының бірі оқытудың с а н а л ы л ы л ы ғ ы, яғни оқушылардың сабаққа саналы түрде қарауы, материалды саналы меңгеруі болып табылады. Бұл үшін мұғалім балаларды қызықтырып, өзіне тартып, өз ойының барысын байқауға, бақылауға, салыстыруға, бірі мен екіншісінің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуға, қорытынды жасауға, жалпылауға үйретуі тиіс.  
 
Оқытудың міндеті жаңа тақырыпты түсіндіруді қамтамасыз етіп қою ғана емес, сонымен қатар негізгі фактілерді, анықтамаларды, ережелерді балалардың есінде берік сақтап, тұрақтандыру дағдыларын қалыптастыру болып саналады. Егер оқушы тілдің қандай да боламасын бір құбылысына немесе жазу заңдылығына түсінбесе, онда ол сол мәселеге арналған анықтаманы не ережені (тіпті болмаса терминді) жаттап алуға мәжбүр бо-лады. Түсінбей, ұғынбай, құр механикалық жаттап алған нәрсе есте ұзақ сақталмайды және оны практикада қолдана алмайды. Ендеше ол іске аспайтын құрғақ, пайдасы шамалы білім болып қалады. 
 
Дидактика талабы тұрғысынан алғанда оқушыларға тіл үйретуде олардың зейін қою, ойлау, есте сақтау белсенділігін тудыратын әдістемелік әдіс-тәсілдердің тиімділігі көрсетіледі. Оқушы тек мұғалімнің айтқанын 
 
немесе оқулықтағы дайын материалды ғана меңгеріп қоймауы керек, сонымен қатар өз күшімен, өздігінен бақылау арқылы қорытынды ереже шығара алатындай берілген тапсырмаларды өз бетімен орындайтындай болуға тиіс. 
 
Дидактиканың күрделі бір шарты — мектептегі оқытудың, ж ү й е л і лігі мен сабақтастығы. Заттар мен құбылыстарды анық түсіну үшін оны басқа заттармен байланыстырып қарау керек, яғни бөліп алып қарамай, басқа заттар мен құбылыстардың жүйесінде қарастырған жөн. 
 
Бастауыш мектептердегі оқытудың жүйелілігі туралы айтқанда оқушылардың әр сыныпта алған білімі келесі сыныпқа дайындық болатындай, яғни оқуды онан әрі жалғастырудың берік негізі болатындай дәрежеге жетуі қажет. Сонда ғана балада алдыңғы сыныпта берілген білім мен қалыптасқан дағды бұзылмай, жетіле беруіне мүмкіндік жасалады. 
 
Оқыту тек білім беру ғана емес, сонымен бірге балаларды жан-жақты жетілдіру және тәрбиелеу, шеберлік және дағдымен қаруландыра түсу болып саналады.  
 
Грамматика мен емле сабақтары үшін іріктеліп алынатын материалдар оқушыларға тәрбие беру жағынан да маңызды, бағалы болуға тиіс. Ал сабақ жүргізу процесінде қолданылатын әдістемелік әдіс-тәсілдер тақырыпты оқушылар жақсы түсіну үшін жағдай жасап қана қоймайды, соған сәйкес, балалардың жан-жақты дамуына да әсер еткендей болғаны жөн. Дағды мен шеберлік әрдайым жаттықтыру жұмыстарын талап етеді, мұғалім балалардың алдарына белгілі бір мақсат қойып, соған жету жолдарын қарастырады; күрделі жұмыстарды бөлшектей отырып, қандай да болмасын бір әрекетті орындау барысында оның айтқан, көрсеткен тәсілдерін шеберлікпен қолдануға үйренеді, дағдылана түседі. 
 
Грамматика мен жазудың әдістемесіндеқазіргі кезде мектепте сабақ беріп жүрген озат мұғалімдердің шеберлікпен қолданған әдіс-тәсілдері де ескеріледі. Мектептерде үлгермеушілікке қарсы күрес барысында көптеген мұғалімдер тиімді әдістемелік жүйе жасады. Бірқатар мұғалімдер қазақ тілін үйрету саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Міне, сондай жұмыс нәтижелері әдістемені дамытуға қосқан үлес болып табылады да, грамматика мен емле әдістемесін жоғары сатыға көтере түседі. 
 
 
ГРАММАТИКА САБАҚТАРЫНЫҢ МІНДЕТІ МЕН МАҚСАТЫ 
 
Бастауыш мектепттерде оқытылатын ана тілі пәнінің басты бөлімінің бірі – грамматика. Грамматика сабақтары оқушыларға тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту, грамматикалық заңдарды білгізу мүддесіне бағындырылады. Өйткені оқушылардың жалпы білімін, ой-өрісін, сауаттылығын тіл мәдениетін арттыруда грамматиканы жүйелі оқытудың маңызы ерекше болып табылады. 
 
Жалпы білім беретін бастауыш мектептердегі грамматика курсының алға қоятын ең басты мақсаты — оқушыларға ана тілінің заңдарын грамматикалық құрылыс ерекшеліктерін білгізу, оның байланыстарын меңгерту болып табылады. Әрине, бұл мақсат толығымен бастауыш мектепте орындала қалмайды, өйткені грамматика бастауыш мектептерде ғана оқытылып қоймайды. Оның өрісі кең, жоғары сыныптарда да, жоғары оқу орындарында арнаулы факультеттерде де оқылады. Ал бастауыш мектеп дайындық курсы іспеттес, жүйелі курсты өтуге дайындық болып есептеледі. Бірақ бастауыш мектептерде берілетін грамматикалық мағлұматтар өзінің қарапайымдығына қарамастан ғылыми негізде құрылады Балалар бастауыш сыныптарда ана тілінің негізгі нормасын меңгереді. Грамматика курсы балаларды тілдік құбылыстарды бақылай алуға, талдауға, салыстыруға, топтауға, жүйелеуге, қорытынды жасауға, дәлелдеуге дағдыландырады. 
 
Оқушылар бұл курсты оқу барысында бірқатар грамматикалық мағлұмат алады: фонетика саласынан дыбыс пен әріпті, дауысты, дауыссыздарды, жуан, жіңішке дауыстыларды, қатаң, ұяң, үнді дауыссыздарды, буынды, тасымалды ажыратады және дұрыс жаза алады. Морфология саласынан сөздердің морфологиялық құрылысын, сөз таптары мен олардың негізгі формаларын айыра алады. Синтаксистен сөздердің арасындағы байланыстарды, жай сөйлемдерді ажыратып, өздері де сөйлем құрастырады. 
 
Грамматика ойлаудың, ұзақ абстракциялық жүмыстың нәтижесі болғандықтан, онда дерексіз жалпы ұғымдар көбірек кездеседі. Ондай дерексіз үғымдар оқушылар санасына бірден қона қоймайды. Сондықтан оқыту ісінде грамматикадағы дерексіз ұғымдарға, дерексіз категорияларға деректілік, нақтылық беру мәселесін ойластыру грамматика сабақтарының басты міндеті болып саналады. 
 
Бағдарламаның «Түсінік хатында» грамматика мен жазу сабақтарының міндеті мен жалпы әдістемелік қағидалары белгіленген. Бағдарламаны талдап қарағанда бастауыш сыныптардағы қазақ тілінің бастапқы курсы өзінің қысқалығына, қарапайымдылығына қарамастан, келесі сыныптарда грамматиканың жүйелі курсын меңгеруге қажетті грамматикалық мағлұматтар мен сөйлеу дағдыларын, орфография және пунктуация бойынша дағдыларды толық қамтитындығы байқалады. 
 
 
ГРАММАТИКА МЕН ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҮЙРЕТУДІҢ «Бастауыш және орта мектептің режимі мен оқу программалары туралы» қаулысында оқытудың негізгі мына әдістері атап көрсетіледі: 

 
Мұғалімнің оқу материалдарын  ауызша мазмұндау әдісі.

 
Оқулықты және басқа кітаптарды пайдалана білу әдісі.

 
Оқушыларға өздіктерінен жазба жұмыстарын орындату әдісі.

 
Оқу шеберханасында, кабинет пен  лабораторияда оқыту әдісі.

 
Қазіргі кезде мектептерде негізінен  мынандай әдістер қолданылады: 

 
мұғалімнің хабарлауы,

 
оқушылармен әңгімелесі,

 
оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы.

 
Хабарлау әдісінде грамматика сабақтарында керекті мәліметтерді мұғалімнің өзі  баяндап айтып береді. Мұнда оқушылардың  зейінін аударып, айтылғандарды  олардыңжақсы ұғынуларын қамтамасыз ететін түрлі құралдар қолданылады. 
 
Материалдарды түсіндіруде мұғалім өтіліп отырған құбылыстың мәнді белгілерін анық, жүйелі ашып көрсетуге тырысалы. Мысалы, түбірлес сөздің белгілері, т.б. Дайын материалдар (мысалы, жеке сөздер, сөйлемдер) беріп, олардың бақылау әрекеттеріне басшылық ете отырып, бірте-бірте қорытындыны балалардың, өздері шығаруға жағдай жасайды. Мұнда оқушылардың бұрыннан алған білімдерін қайта жаңғыртады, сұрақтар қояды т. с. с. тәсілдер арқылы балаларды жаңа материалға белсенді араластырып отырады. 
 
Мұғалімнің материалды баяндау ұзақтығы 3—5 минуттан артық болмауға тиіс, өйткені бастауыш сынып оқушыларының зейіні ауытқығыш болғандықтан, олар тақырыпты түсіндіргенде ұзақ тыңдап отыра алмайды. Осының салдарынан бұл әдіс таза күйінде бастауыш сыныптарда өте сирек қолданылады. Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматикамен жазуға үйретуде кеңінен қолданылатын әдіс әңгіме әдісі болып табылады. 
 
Әңгіме әдісі немесе сұрақ-жауап әдісі, ал кейде эвристикалық (грек сөзі — «эврика» — таптым) әдіс деп те аталады. Мұғалім сұрақ қояды, оқушылар оқулықтардан оқып немесе өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа аударуды қамтамасыз етеді.  
 
Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады. Әңгіме кезінде оқушылардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қойылады, оны оқушылар өздері шешуге тиіс. Мысалы, оларға бақылауға бірнеше сөз 
 
немесе сөйлем беріледі, соның ішінен мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы, қайда сұрағына жауап беретін, әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді (мысалы,қалаға, қалада т. б.) табу керек. 
 
Міндет: сол зат есімнің қай септікте тұрғанын шешу және өз шешімінің дұрыстығын дәлелдеу. Бірақ бастауыш мектептерде мұндай проблемалық жағдаяттар мүмкіндік болған жағдайларда ғана (балалардың білімі, тәжірбиесі, дайындығы, бағдарламалық талаптар, уақыттың болуы) қойылады. 
 
Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмысы — олар- 
дың| түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің кө- 
мегінсіз орындаулары. Мысалы, мұғалім грамматика- 
лық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді. 
Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазбаша 
жоспар жасатады). Мұндай жаттығуларды балалар өз- 
діктерінен орындалғанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, ол жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады. 
 
Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстары бастауыш сыныптарда ұзақ болмауы керек және көлемі шағын, мазмұны оңай болуға тиіс. II сыныпта 5—10 минут, III сыныпта —10—15 минут, IV сыныпта 15—20 минуттық тапсырмалар беріледі. Кейбір жағдайларда тапсырмалар бөліктерге бөлінеді: әуелі сөз табына қарай талданады, сонан соң септік жалғаулары анықталады т. б. 
 
Оқушыларға өздіктерінен жұмыс істету тек білімді бекіту үшін ғана емес, жаңа материалды түсіндіруде де қолданылады. Мысалы, мұғалім оқулықтан тиісті материалды оқытады, онда не айтылғанын, қалай қорытылуға болатынын ойлануды тапсырады немесе белгілі бір ережені оқытып, мысалдарды талдауға осы ережені қолдануды тапсырады. 
 
Негізінде қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығы да оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатуды көздейді. Алайда жаттығудың ұғымы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатудан кеңірек. Жаттығу—мұғалімнің басшылығымен орындалатын, оқушылардың алған білімдерін бекітуді көздейтін тұтас практикалық жұмыс. Жаттығуда уақытқа шек қойылмайды. Ал оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстарына белгілі мөлшерде уақыт беріледі. 
 
Көрсетілген әдістердің қайсысы болмасын, балалардың ақыл-ойын дамыту мақсатын көздейді. Бір жағдайда оқушылар талдау жасаса, екіншіде оны жинақтайды. Мысалы, грамматикалық талдауда фонетикалық немесе фонетико-графикалық (дыбыстық-әріптік), морфологиялық, синтаксистік, орфографиялық, пунктуациялық талдау жасайды. Сонымен қатар берілген әріптерден сөз, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден мәтін құрастырып, жинақтайды. 
 
Жинақтау балалардың алған білімдерін байланыстырып, жинақтауда да іске асады. Мысалы, зат есімнің белгілерінің қандай екенін (заттың атын білдіреді, кім? не? сұрақтарына жауап береді, септеледі, жіктеледі, тәуелденеді) санамалап айтып шыққаннан кейін, зат есім дегеннің не екені жөнінде анықтама құрастырады. 
 
Әдетте талдау немесе жинақтау бөлек қолданылмайды. Мысалы, оқушы зат есімді талдайды, тұлғаларын көрсетеді, анықтамасын айтып, мысалдар келтіріп, айтқандарын дәлелдейді, сөздерден сөйлем құрастырады, бір сөзді екіншісімен салыстырады (зат есімді сын есіммен, етістікпен немесе керісінше т.с.с.). Міне, мұнда талдау да, жинақтау да қолданылады. Жұмыстың мұндай тәсілдері талдау-жинақтау (аналитико-синтетикалық) әдісі деп аталады.  
 
Талдау мен жинақтауда әсіресе оқылып отырған құбылыстың ұқсастығы мен ерекшеліктерін табу, оларды топтау, жүйелеу сияқты жұмыстардың маңызы зор. 
 
Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға оқушылардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай, индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Мұғалім бірде (индуктивтік жағдайда), тіл құбылыстарын жеке-жеке түсіндіріп, сонан жалпы қорытынды шығартады; бұл жолда қолданылған әдіс индуктивтік деп аталады, ал екінші жағдайда (дедуктивтік әдісте) анықтаманы немесе ережені хабарлап, сонан соң оны нақты материалға қолдануды (берілген сөздерді, сөйлемдерді немесе мәтінді талдауды) ұсынады, өздеріне мысал келтіртеді. Мұндай жолмен ұйым-дастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс деп аталады. 
 
Мысалы, «Үстеу» тақырыбын индуктивті әдіспен түсіндіргенде, балалар ішінде үстеу бар сөйлемді талдайды, үстеу сөзді өзгертуге тырысады, оның өзгермейтініне көздері жетеді. Сонан соң үстеу сөз табының өзгермейтін түрі деген қорытынды шығарады. Онан әрі үстеудің сөйлемде негізінен сын есіммен, етістікпен байланысып келетінін айтады. Ал осы тақырыпты дедук-тпвтік әдіспен түсіндіргенде: әуелі үстеудің белгілері немесе анықтамасы айтылады. Сонан соң дайын мәтіннен үстеуді табу немесе мысалдар келтіру ұсынылады. 
 
Сөйтіп, балаларды грамматика мен жазуға үйретуде индукция мен дедукция әдістері де қолданылады. 
 
Қандай әдіс болмасын әр түрлі құралдар арқылы іскс асады. Мұндай құралдар: оқулық, сөздік, схема, картина, таблица,, кинофильм, диафильм, радио, магнитофон т. б. Бұл құралдар өтілетін материалдың сипатына қарай, кез келген әдісте қолданыла береді. Мысалы, сөз тұлғасын талдауда схемалар, сөз табы мен онын, жазылуын үйреткенде таблицалар т. с. с.  
 
ГРАММАТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖАЙЫНДА 
 
Грамматикалық материалдармен оқушыларды таныстыру барысында балалар әрбір жаңа материалдың негізгі, басты ой түйінін ұғына алатындай болуы керек. Ол үшін алдымен тақырыпқа көңіл аударылады. Мысалы, «сөз таптары» тақырыбы «зат есім», «сын есім» т. б. с. с. бөлінеді, ал зат есімнің өзі «жалқы есім», «жалпы есім» және жекеше, көпше т. б. болып бөлінеді. Бұл тақырып, тақырыпшалардың әрқайсысының неліктен бұлай аталуының мәні, себебі бар. Оқушылар әрбір тақырыптағы тақырыпшалардың мәнін, тақырыпшалардағы әрбір абзацтың мәнін аңғарып, сол әрбір абзацтағы айтылған мәселелердің негізгі ойы тақырыпшаны, әр тақырыпшаның барлығына ортақ негізгі ойдың тақырыпты құрастырып тұрғанын айыра алатындай болу керек. Олай болса, әрбір материалды пайдалануда соның басты белгілерін, яғни беріліп отырған ұғымның мазмұнын қандай белгілер құрастырып тұр, сол тілдік құбылыстың табиғаты неден көрінеді, басқа құбылыстардан қалай ерекшеленеді — осылар ашып көрсетілуге тиіс. 
 
Мысалы, «зат есім» ұғымының мазмұнын ашу үшін «есім» деген сөздің өзінің мағынасы, ал зат есім деген затқа қойылған ат, яғни заттың атын білдіретін сөздер екені айтып түсіндіріледі. «Зат есім», «сын есім», «сан есім» деп аталатын сөздердің неліктен есімдер тобына жататыны, олардың өзара ұқсас, ортақ белгілері, басқа сөз таптарынан айырмашылығы т. б. балаларға ұғындырылады. 
 
Грамматикалық ережелердің көпшілігі оқулықтарда анықтама ретінде беріледі («Заттың сынын білдіретін сөздерді сын есім дейміз», «сөздің өзгермейтін бөлшегін түбір дейміз» т. б.). Оқушыларға осы сияқты анықтама-лардың әрқайсысының қандай бөлшектерден тұратынын көрсеткен жөн: 
 
1. Әрбір анықтаманың міндетті түрде термині болады (Мысалы, жоғарыдағы анықтамаларда сын есім, түбір терминдері). 
 
2. Әрбір анықтамада сол ұғымның өзіне тән басты белгісі көрсетіледі. Бұл басты, негізгі белгі арқылы ол ұғым басқа ұғымдардан ерекшеленеді (мысалы, сынын, сөздің өзгермейтін бөлшегін т. б.). 
 
3. Кейбір анықтамаларда түсіндірілетін ұғымның қандай топқа жататыны көрсетіледі (мысалы, сынын білдіретін сөз табын сын есім, жұмсалатьш қосымшаны жалғау дейміз т. с. с). 
 
4. Анықтамаларда әрбір категорияньң негізгі мағыналарынан басқа формалық белгілері де көрсетіледі (мысалы, зат есімнің көпше түрін жасау үшін оның түбіріне -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер жалғаулары жалғанады т. б.). Мұндай формалық белгілерін көрсететін түсіндірмелер анықтамалардан кейін беріледі. Әсіресе бастауыш сыныптарға арналған оқулықтарда көпшілігіне негізгі мағыналары мен сұрақтары басты белгілері ретінде көрсетіледі. 
 
Формалық белгілерді жинақтап, топтап (синтездеп) сол категорияның басқалардан семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктерін көрсету үшін пайдалану керек. Кейде тіпті анықтамаларда айтылмаған белгілердің өзін жаттығу барысында байқатуға тура келеді. Мысалы, кітапта: «Аяқталған ойды білдіретін сөздер тобын сөйлем дейміз» деген анықтама берілген. Бұл — сөйлемнің мағыналық қана белгісі. Ал басқа белгілері (сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты болады. Әр сөйлемнің аяқталғанын дауыс ырғағынан байқауға болады т. с. с.) анықтамада көрсетілмейді. Бірақ оқушылар сөйлемдермен танысу, оларды талдау барысында сөйлемнің қалған (айтылмаған) белгілерін де меңгереді. Олар сөйлемдегі сөздердің бастауыш пен баяндауыштың маңына топталатынын, сондай-ақ сұраулы, хабарлы, лепті сөйлемдерде белгілі бір дауыс ырғағы болатынын біледі. 
 
Ендеше, сөйлем туралы түсінікті қорытындылау барысында оқушылардың көңілін тек анықтамада көрсетілген белгіге ғана аударып қою жеткіліксіз, сонымен қатар сөйлем жөнінде олардың алған мағлұматтарын толық жинақтап нақтылау бала ұғымынын, айқындала түсуіне мүмкіндік береді. 
 
Әрбір анықтаманы оқушылар саналы меңгеру үшін мұғалім: 
 
1. Оқушының грамматика оқулықтарынан ғана мысал келтіріп қоюымен қанағаттанбай, өз ойынан немесе «Ана тілінен», оқыған кітаптарынан ойланып, мысал айтуын талап етеді. 

 
Анықтама өтілгеннен кейін дайын  мәтін береді де, 
соның ішінде анықтама бойынша қажетті сөзді немесе 
сөз тіркестерін тапқызады. Кей балалардың өздері ойлап 
тапқан мысалдарын талдату арқылы пікірлерін дәлел- 
деуді талап етуге де болады.

 
Анықтама бойынша берілген ұғымның  негізгі бел- 
гілерін санап көруді ұсынады.

 
Анықтамалар мен ережелерді дәл, анық, толық 
айтуға үйретеді (мысалы, III сыныпта «заттың атын біл- 
діретін сөз табын зат есім дейміз» деп, зат есімнің сөз 
табы екендігіне назар аудартады). Сонымен, қорыта келгенде, балалардың терминдерді (бастауыш, баяндауыш, зат есім т. б.) дұрыс айтып, анықтамаларды дәл, анық, толық (жоғарыдағы талап бойынша) тұжырым-дауларымен де қанағаттанып қоюға болмайды. Әрбір анықтама бойынша, олар өз беттерімен мысал келтіре алумен қатар грамматикалық тапсырма мен берілген мазмұндама, шығарма жаза алатындай мүмкіндікке жете алғанда ғана оны меңгерді деп есептеуге болады. Бірақ, сөз жоқ, бұл талаптың барлығы бірді-екілі сабақта орындалуы тиіс деген ұғым тумауы тиіс. Бұл ұзақ жаттығудың, бірнеше сабақ бойына өткізілетін жүйелі жұмыстардың нәтижесінде ғана қалыптасады.

 
ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР 
 
Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен бағдарламаға сай білгендерімен (терминдерді меңгереді, анықтамаларды индуктивтік жолмен есте қалдырады), жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Сондықтан да мұғалім оқушыларға грамматикадан саналы да терең, тұрақты да берік білім бергісі келсе, жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын жүргізу арқылы олардың дағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарына тасымалдай алатын (ережелерді жаңа фактілерге қолдана алатын) жаттығу әдістерін білуге тиіс. Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерімен жұмыс жасауға, ойлау қызметіне дағдыланады. Өйткені оқушылар жаттығу процесінде үздіксіз талдау-жинақтау жасайды, бір тұлғаны екінші тұлғамен салыстырады, абстракциялайды, жалпылайды, жаттығу арқылы білімін жүйелейді. 
 
Грамматикалық жаттығулар, оқушылардың, қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып бөлінеді. 
 
Фонетикалық жаттығулардың міндеті — балалардың айтылған буындар мен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды балалар дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету. 
 
Фонетикалық жаттығулар арқылы кейбір балалардың, жоғарыда көрсетілгендей, тілін тістеп сөйлеу, сақауланып сөйлеу, қайсыбір дыбысты қалдырып кетіп сөйлеу немесе «с» мен «ш», «р» мен «л», «ж» мен «з» сияқты дыбыстарды шатастырып айту кемшіліктері жойылады. Мұндай кемшіліктер оқуға да, жазуға да зиян келтіретіні сөзсіз. 
 
Бастауыш сыныптарда фонетикадан берілетін мағлұматтар мен фонетикалық жаттығулар тек дұрыс жазу, емле үшін ғана пайдаланылып қоймайды, сонымен қатар балаларды әдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға үйрету үшін де (орфоэпия) пайдаланылады. Оқу сабақтарында, балалардың жауаптарында, әңгімелерінде байқалған орфоэпиялық қателер теріс айтылған сөздер түзетіліп, сөз ішіндегі, сөз шекарасындағы дыбыстардың құбылуы ескертіліп отырады. Сонымен қатар тілімізге басқа тілдерден енген термин сөздердің дұрыс айтылуы да практикалық жаттығулар арқылы үйретіледі. морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы түрде меңгерту. Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады:  
 
1) сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар, 
 
2) сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар. 
 
Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулардың сөздің морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін, морфемаларды саналы түрде меңгеріп алу үшін мәні зор. Сөздің морфологиялық құрамын талдау, көбінесе сол сөздің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді, сөздің мағыналы әрбір элементі — түбір, жұрнақ, жалғау — бұлардың әрқайсысы өзінше сөзге мән береді, ал осы мәндердің жинағы бірігіп, сөздің жалпы мағынасын ту-дырады. Морфемаларды соның ішінде жұрнақты айыра білудің балалардың тілін жетілдіру үшін де зор мәні бар. Өйткені бұл жаңа сөздер жасауға және сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуге мүмкіндік береді. 
 
Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады: 1) алдымен, мүмкіндігіне қарай, негізгі түбірлерді, онан әрі туынды түбірлерді, ең соңында түбірлес сөздерді талдайтындай жағдай жасалады, 2) белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін, сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы ескеріледі, 3) туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады. 
 
Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар сөздерді белгілі бір топқа біріктіріп, жүйелеуге үйретеді. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский: «Баланың тілі шығып, сана-сезімі өсе келе, ол сөйлеуге (сөздерді қолдануға) үйренеді; оның ақыл-ойында түрлі грамматикалық формалар, сөздер, күнделікті тәжірибе, үлгі арқасында өздігінен-ақ грамматикалық топтарға бөлініп, қалыптаса бастайды. Грамматиканың міндеті — сол тәжірибе нәтижесін қорытып тілдегі құбылыс заңдарын жүйемен беру», — деген болатын. 
 
Жаттығу жұмыстарының барысында оқушылар әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді, септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгереді, оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде дұрыс, орынды қолдана алады. 
 
Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығулар: 1) текстен керекті сөздерді тапқызу, 2) керекті сөздерді қосып, өздіктерінен сөйлемдер немесе әңгіме құрастыру, 3) сөздің мағынасын түсініп, сөйлемдегі қызметін байқату, 4) сөздердің лексикалық жағынан болсын, грамматикалық жағынан болсын, қалай өзгеретінін, не арқылы өзгеретінін аңғарту, 5) мағына және тұлға жағынан қандай ұқсастық, айырмашылық, барын салыстыру арқылы анықтау, 6) ұқсас сөздерді топтату, 7) байқаған құбылыстары жөнінде жеке-жеке қорытындылар шығару сияқты жұмыстарды қамтиды. 
 
Синтаксистік жаттығуларға әдетте пунктуациялық жаттығулар да қосылады: мәтіндегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған тыныс белгілерін қою, өздері қарастырған сөйлемдер мен мәтіндерге қажетті тыныс белгілерін қойып, түсіндіру. 
 
Қорыта келгенде, оқушылардың алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттьіғуларға жалпы мына сияқты талаптар қойылады: 

Информация о работе А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі