Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 19:54, дипломная работа
Бөбек тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді, ал олардың мектепте оқуына байланысты сол табиғи процесс онан әрі жалғаса түседі. Сондықтан мектептегі тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи процестің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі. Ең алдымен тілдің өз табиғатынан жеті заңдылық шығады.
Белгілі бір жаттығуды орындау
үшін оқушылардың сол жаттығуды
орындарлық білімі болуы шарт.
Оқушылар жаттығуды не үшін орындайтынына,
оның қандай пайдасы барлығына түсінсе
ғана, оны са-
налы орындайды. Жаттығуларды түсініп
орындағанда
ғана белгілі бір дағды қалыптасады.
Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын, ықыла-
сын арттыруға тиіс. Ол үшін жаттығу түрлендіріліп
бе-
рілуі шарт, өйткені бір сарынды жаттығу
оқушылардың зейінін, қабылдауын, белсенділігін
нашарлатады.
Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі
бір жүйе-
мен орындалып отырылуы шарт.
Жаттығу жұмыстары тек таяуда ғана
өтілген ма-
териалдарға негізделмей, бұрын өтілген
кейбір матери-
алдарды да қамтуы керек.
Бір жаттығу ұзақ уақытқа созылмауға
тиіс. Әсіре-
се, балалардың жасы неғұрлым кіші болған
сайын жат-
тығу да қысқа уақытқа мөлшерленеді де,
үнемі жиі-жиі
қайталауға негізделген.
Шығармашылық жаттығулар көбірек
болуы қажет.
Әр жаттығу оқушы еңбегінің
нәтижесін көрсетіп
отыруға тиіс.
Жаттығулар оқушы ойына әсер етуі
жағынан ана-
литико-синтетикалық болғаны жөн: яғни
грамматикалық
талдау, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер
мен мәтіндер құ-
растыру; салыстыру арқылы ұқсастық пен
ерекшелік-
терді табу, топтау; өз пікірлерін дәлелдей
алып, білген-
дерінен жалпы қорытынды шығара білу т.
б.
Жаттығу жұмысының барысында
оқудан алған білімдері бекіп, өз беттерімен
жұмыс жа-
сау дағдылары қалыптасады (яғни зейін
қойып тыңдай
білу, жатқа жаза білу, белгілі бір жоспар
бойынша сөздерді құрамына, сөз табына,
сөйлем мүшелеріне талдау, сұрақ қоя білу,
қажетті деректерді оқулықтан, сөздіктен
қарап таба алу).
ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
Грамматика жаттығуларының ішінде кең
тарағаны грамматикалық талдау болып
табылады. Грамматикалық талау сипаты
жағынан аналитикалық болады, бірақ оған
синтетикалық белгілер де тән.
Грамматикалық талдау жалпы түрде де,
белгілі бір тақырыпқа байланысты жеке
де, сондай-ақ ауызша да, жазбаша да жүргізіледі.
Ауызша талдауда балалар бұрын оқылғандарына
тоқталады, сөйлемдегі грамматикалық
формаларды көрсетеді, оқытушының сұрауларына
жауап береді, өз бетімен мысалдар келтіреді.
Жазбаша талдауда балалар жазылған мәтіннен
грамматикалық формалардың астын сызады
немесе оларды айырып жазады, тиісті формаларын
көрсетеді, сұраулар қояды т. б.
Грамматикалық талдау мазмұны жағынан
фонетикалық, морфологиялық синтаксистік
немесе аралас талдау болып бөлінеді.
Көлемі жағынан толық немесе ішінара талдау
болады.
Фонетикалық талдауда балалар дауысты,
дауыссыз дыбыстарды ажыратады, жазылған
сөздердегі дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің
астын сызып қояды, сөздің ауызша және
жазбаша буын жігін, дыбыс құрамын ажыратады.
Сөздердегі жеке-жеке дыбыстарды мүлтіксіз
айыра білу арқылы әріп қалдырмай жазуға
төселеді.
Морфологиялық талдауда ауызша сөйлемдердегі
затты, заттың белгісін, қимылын көрсететін
сөздерді, тапқызу, жазбаша мәтіннен сондай
сөздердің астын сызғызу, олардың сұрауларын
ауызша, жазбаша қойғызу сияқты жұмыстар
жүргізіледі. Оқушылар сөйлем мүшелерінің
қай сөз табы екендігін және олардың формасын
(жекеше, көпше, тәуелдік, септік, жағы,
шағы) айырады.
Морфологиялық жазбаша талдату жұмысын
түрліше жүргізуге болады: 1. Сөздің бір
формасын теріп жазадыі не астын сызып
қояды, немесе қандай сөз табы, қай форма
екенін әр сөздің үстіне қысқартып жазып
қоюға да болады (зат есімнің астын бір,
сын есімнің астын ирек сызықпен, етістіктің
астын екі сызып көрсетеді. (Осындай белгілермен
сөйлем мүшелері де көрсетіледі. Оған
түсті қарындаш қолданған қолайлы. 2. Берілген
мәтіннен ең әуелі зат есімдерді, сонан
кейін сын есімдерді т. с. с. теріп жазады.
3. Белгілі бір грамматикалық категорияға
жататын сөздерді дайын таблица бойынша
айырып жазады. Мысалы, Балалар өзеннің
жағасына келді сөйлемінен зат есімге
жататын сөздерді тапқызуға тиіс болса:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4. Талдауды толық жүргізгенде
сөздерді бағанаға жазады да
әрқайсысының тұсына формасын
жазады немесе сөйлемдегі сөздерді
схема бойынша жазады. Мысалы, Біздер қалаға машинамен
тез жеттік деген сөйлемді балалар
былайша жазады: біздер — жіктеу есімдігі,
I жақ, көпше, бастауыш. Қалаға — зат есім,
жалпы есім, жекеше, барыс септік, толықтауыш.
Машинамен — зат есім, жалпы есім, жекеше,
көмектес септік, толықтауыш. Тез — үстеу,
пысықтауыш. Жеттік — етістік, өткен шақ,
1 жақ, көпше, баяндауыш, схема бойынша:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сөздердің морфологиялық құрамы жай
бөлшекпен көрсетілуі де мүмкін. Мысалы,
Біз-дер, қала-ға т. б. немесе схемамен көрсетіледі.
|
|
|
|
|
|
|
|
Синтаксистік талдау да балалар
оқу-жазуға үйренгеннен кейін-ақ басталады.
Белгілі бір мәтінде неше сөйлем
бар екені, сөйлемде кім я не жөнінде
айтылып тұрғаны, сөйлемдердің түрі
(хабарлы, сұраулы, лепті) анықталады. Тиісті
сұраулар бойынша бастауыш пен баяндауыш,
тұрлаусыз мүшелер ажыратылады.
Ж
азбаша талдауда оқушылар бастауыштың
астын бір, баяндауыштың астын екі сызады.
Өзара байланысып тұрған сөздерді теріп
жазады, берілген бастауыш я баяндауыш
бойынша сөйлемдер құрастырады және дәптерлеріне
жазады, мәтіннен хабарлы, сұраулы, лепті
сөйлемдерді теріп жазады, сөйлемнің бір
түрін басқа түрге айналдырады. Бірыңғай
мүшелі сөйлемдерді схемамен көрсетеді.
Мысалы, өрік, алма, жидек пісті. Райхан
үйді жинады, сыпырды. алма (баст.) жидек
(баст.)
өрік (баст)
пісті (баянд.)
Р
айхан (баст.) жинады (баянд.)
сыпырды (баянд.)
Талдау үнемі тек таза фонетикалық, морфологиялық,
синтаксистік түрде жүргізілмейді. Қажетіне,
мақсатына қарай, тақырыптың сипатына
сай, талдау аралас та қолданыла береді.
Талдау әсіресе балалардың білімін есепке
алғанда жиі жүргізіледі. Бастауыш сыныптарда
сөздер құрамы жағынан талданғанда әуелі
түбір, сонан соң, қосымша, оның ішінде
жұрнақтары мен жалғаулары анықталады.
Ал сөз табы жағынан сөйлемдегі сөздер
бірінші сөзден бастап соңғы сөзге дейін
ретімен талданады. Сөйлем мүшелеріне
қарай талданған әуелі тұрлаулы мүшелер
(баяндауыш, бастауыш), олардың сұраулары,
сонан кейін бастауышпен байланысатын
тұрлаусыз мүшелер ажыратылады. Сөйлемдегі
сөздерді топтау барысында бастауыш пен
баяндауыштың сөйлем құрайтынын ескертіп
отырған жөн, мысалы; құстар жылы жаққа ұшып
кетті дегенде, құстар ұшып кетті —
сөйлем, ал жылы жаққа —
сөз тіркесі болады.
Талдауға берілген сөйлемдер, мәтіндер
құрылысы жағынан да, мүшелерінің (сөздерінің)
формасы жағынан да әр сыныпта бағдарламаға
сай болуы қажет.
ГРАММАТИКА САБАҚТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Ана тілінен сыныпта білім мен дағды беру
жолында іске асырылатын оқу жұмыстарының
ен негізгі түрі сабақ болып есептеледі.
Кеңес педагогикасының үйретуі бойынша
және көрнекті педагогтердің зерттеуінше,
сабақтың алуан түрлері бар екені мәлім.
Қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім
мен дағды және шеберлік кеңес педагогтері
қолданып жүрген сабақ түрлері арқылы
беріледі. Солардың ішінен грамматика
мен жазу сабақтарының мына сияқты бастыларын
атап өтуге болады: 1) жаңа материалды түсіндіру
сабағы, 2) оқушылардын, білімін бскіту
сабағы, 3) оқылған материалды қайталау
және жүйелеу сабағы, 4) оқушылардың, білімін,
дағдысын және шеберліктерін есепке алу
сабағы, мұнда көбіне бақылау жұмыстары
жүргізіледі, 5) талдау сабағы.
Мектеп практикасында сабақтың таза бір
түрі сирек кездеседі. Қазақ тілі сабағыньщ
қай-қайсысында болмасын үй тапсырмасын
тексеру, бұрын оқылған материалды қайталау,
жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту
және жаңа материалды түсіндіру, алуан
түрлі жаттығу жұмыстары, оқушылардың
өз беттерімен орындайтын жаттығулары,
үйге тапсырма беру, сабақты қорыту сияқты
жұмыстар іске асырылады. Сабақтың мұндай
түрі б і р і к к е н сабақ деп
аталады. Сабақтын кең тараған түрі осы
біріккен сабақ болғандықтан, аз-кем тоқталып
өтелік:
біріккен сабақтың әр бөлігі өзара
жымдасып, қа-
бысып, жүйелі бір тұтас сабақ болып өтеді;
мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы
мен
мақсатын анық түсіндіреді;
сабаққа қажетті материал алдын
ала іріктеліп
жан-жақты толық дайындалады;
4) сабақтың жоспары да алдын
ала дайындалады.
Біріккен сабақ бірде өткен материалды
жаңа материалмен байланыстырудан басталса,
енді бірде жаңа материалды түсіндіруден,
ал кейде жаттығу жүмыстарынан басталады.
Біріккен сабақта оқушылардың білімі
бүкіл сабақ бойы орындалған істердің
негізінде бағаланады. Сабақтың бүл түрінде
барлық әдіс (байқау, түсіндіру, әңгіме,
жаттығу, кітапты пайдалану, грамматикалық
талдау т. б.) қолданылады. Әрине бұл әдістердің
барлығы бірдей сабақ сайын қолданыла
бермейді. Материал мен сабақтың мақсатына
тиімді деп саналғандары, ретіне қарай,
мұғалімнің шеберлігіне қарай, әр сабаққа
пайдаланылады.
Сабақтың үй тапсырмасын тексеру бөлігінде
оқушылар (мұғалімнің сұрауы бойынша)
тапсырманы қалай орындағандарын, не білгендерін
айтады және сыныпта, үйде істеген жүмыстарының
нәтижесін ғана емес, сол нәтижеге қалай
жеткендерін (қалай меңгергендерін) көрсетеді.
Жаттығуларын талдайды, қателері түзетіледі
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіруде
мұғалім тақырыпты тақтаға жазады және
оқушылардың дәптерлеріне жаздырады,
ал сабақтың мақсатын ауызша түсіндіреді.
Мысалы, тақырып: «Бір буынды және көп
буынды сөздерді буынға бөлу». Мақсаты
бір буынды сөздерді көп буынды сөздерден
ажырата білуге үйрету.
Жаңа материалды түсіндіру барысында
оқушылар мұғалімнің көмегімен тақтаға
немесе плакатқа жазылған сөйлемдерді,
сөздерді оқиды, олардың арасындағы байланыстарды
анықтайды т. б. Мысалы, I сыныпта «Әліппедегі»
суреттерді көрсетіп, жемістердің атын
ататады. «Қарақат» сөзін буынға бөлгізеді,
онда үш буын бар екені анықталған соң,
әр буын сұралады, әр буынды кірістіріп
сөз құрайды, осы сөздерді кірістіріп,
сөйлем құрайды, қарақаттың қайда өсетіні,
түрлері сұралып, буынға бөлінеді. Соңында
«Біздің бақта» мәтіні құрастырылады
(Біздің бақта түрлі қарақат өседі. Онда
қызыл қарақат та бар. Қара қарақат та
бар. Қарақат өте тәтті. Біздер қарақатты
тереміз).
Жаңа материалды бекіту бөлімі де түрлі
жолдармен ұйымдастырылады. Оқушыларға
жаттығулар орындату, жатқа жазу жұмыстары,
карточкалар арқылы т. с. с. жүргізілуі
мүмкін.
Үйге тапсырманы балалар дәптерлеріне
жазып алуға тиіс («Оқушы» сөзін септеу).
Сабақтың қорытындысында мұғалім: мысалы,
«Заттың атын білдіретін сөздер» тақырыбы
бойынша: 1) сөйлемде бір сөз бірнеше түрге
енеді, 2) мұнда оған бірнеше сұрақ қойылады,
3) ол сөздер түрлі формада болғанда да
заттық қасиетінен айырылмайды, 4) олар
заттың атын білдіреді, 5) ол сөздерге кім,
кімдер, нелер? деген сұраулар қойылады
деген сияқты тұрғыда тұжырым жасайды.
Сабақтың әр бөлімі әр түрлі дәрежеде
ұйымдастырылады. Мысалы, үй тапсырмасын
мұғалім толық және і ш і н а р а тексеруі
мүмкін. Егер оқушылар үйге берілген жаттығуды
түгел оқып, қалай орындағандарына тү-сінік
беріп шықса, толық тексеру, ал кейбір
маңызды сөздерді немесе сөйлемдерді
ғана іріктеп оқытып, талдатса, ішінара
тексеру іске асады. Сонымен қатар тексеру
жалпы және жеке де болады. Алғашқысында
оқу-шылардан түгел сұралады. Ал жеке тексеруде
оқушы мұғалімге дәптерін береді. Мұғалім
оның ішінен бір сөзді немесе сөйлемді
таңдап алады да, оқушыға жаздырады, талдатады
т. б.
Жаңа материал мұғалімнің түсіндіру әдісі
арқылы да, әңгіме әдісі арқылы да өткізіле
береді. Бастауыш мектеп жасындағы балалар
үшін әсіресе әңгіме әдісі пайдалырақ.
Әңгімелесу барысында сұрақ-жауап қолда-нылады.
Қойылған сұрақтарға қарай, балалар кітаптағы
ережені оқымас бұрын өздері қорытынды
шығаруға талаптанатындай жағдай жасалады.
Мысалы, «Заттың сынын білдіретін сөздер»
тақырыбын етпес бұрын оқушылар өздері
заттың атын білдіретін бірнеше сөз ойлан,
тауып жазады: үй, класс, тақта, қар т.
б. Сонан кейін қандай сұрағына
жауап беретін қосымша сөздер ойлап табады:
Класс қандай? Класс жарық т. с. с.
Үйге берілетін тапсырмада балалардың
белсенділігін, өздіктерінен орындай
алу қабілетін жетілдіру мақсаты қөзделуге
тиіс. Мысалы, оқушыларға оқулықтан жаттығу
берілетін болса, балалар әуелі оның шартын
оқиды, сонан соң мұғалім: «Ал сонымен
жаттығудағы басым нәрсе не болды?» деген
сияқты сұрау қояды. Мұнда оқушылардан
сол жаттығуды қалай орындайтыпдықтарын
сұрауға да болады.
Сөйтіп, сабақтың әр бөлімі немесе әр кезеңі
әр түрлі ұйымдастырылады. Бұл — мұғалімнің
қабілеттілігі мен шеберлігіне байланысты.
Алайда жоғарыда көрсетілген белімнің
барлығы бірдей бір сабақта іске аса бермеуі
мүмкін. Мысалы, қейбір сабақтарда жаңа
материал түсіндірілмесе, кейбіреулерінде
үй тапсырмасы тексерілмеуі мүмкін.
Сирек болғанымен сабақ кейде түгелдей
жаңа материалды түсіндіруге арналатын
жағдайлар да кездеседі. Мұндай сабақ
жаңа материалды түсіндіру с а б а ғ ы болады.
Сабақтың бүл түрінде мүғалімнің назары
негізінен материалды оқушылар санасына
жеткізуге аударылады да, уақыттың дені
соған арналады. Жаңа материалдың өткен
материалмен байланысы сабақтың басында,
сыныпқа жалпылай қойылған сұрауларға
жауап алу арқылы яки мұғалімнің кіріспе
әңгімесі арқылы не болмаса жаңа материалды
түсіндіру процесінде өткен материалдармен
салыстыру арқылы іске асырылады. Өткен
материал мен жаңа материалды байланыстыру
кезінде мұғалім оқушылардың ықыласы
мен ынтасын оятып, жаңа материалды меңгертуге
дайындық, жасайды.
Жаңа материал оқушылардың санасына байқау,
түсіндіру, грамматикалық талдау, кітапты
пайдалану, әңгіме т. с. с. әдістер арқылы
жеткізіледі. Бұл әдістердің, қашан қолданылатыны
материалдың ерекшелігіне, көлеміне және
сабақтың мақсатына байланысты.
Жаңа материалды түсіндіру сабағында
оны бекітуге арнайы уақыт бөлінбейді.
Материалды оқушылардың қаншалықты түсінгенін
байқау үшін сыныпқа сұраулар қоюға немесе
бір-екі сөйлемді талдатуға болады. Үйге
берілетін тапсырма да шағын, шығармашылық
сипатта болу керек.
Жаңа материалды түсіндіру сабағы белгілі
бір тақырып бойынша оқушыларға бөлшектемей,
тұтас білім беру керек болған жағдайда
өткізіледі.
Оқушылардың білімін бекіту сабағында
жаңа білім берілмейді, оқушылардың алдыңғы
сабақтарда алған білімін жетілдіру мен
дағдысын қалыптастыра түсу мақсаты көзделеді.
Сондықтан мұндай сабақтарда түрлі-түрлі жаттығулар
жүргізіледі, арнаулы талдаулар жасалады, өткен материалдан
нашар ұғынған жерлер анықталады.
Кейбір жағдайларда, әсіресе белгілі бір
үлкен тақырыпты аяқтаған кездерде оқушылардың
өтілген материалдардан алған білімі
мен дағдысын ес к е а л у сабағы жүргізіледі.
Бұл сабақтар, бір жағынан, оқушылардың
білімін тексеруді көздесе, екінші жағынан,
өтілген материалды қайталау, қорытындылау
мақсатында ұйымдастырылады. Мұнда оқушылар алған
білімі мен дағдысы және шеберлігі ауызша
да, жазбаша да тексеріледі. Балалар түрлі
жаттығулар орындайды, мәтіннен қажетті
нысанды табады, мысалдар келтіреді, талдаулар
жасайды, диктант, мазмұндама, шығарма
жазады.
Сабақтың қай түрі болмасын, барлығында
да мынадай дидактикалық талаптар іске
асырылуға тиіс:
Жоғарыда көрсетілгендей, сабақтың
тақырыбы мен мақсатына оқушылардың анық
түсінуі қажет. Сабақтың мақсатын білсе,
оқушы соған жеткенше асығады. Кейде оқушының
жұмысында қате бар. Оны қалай
табуға болады? Дұрысы қалай болар еді?
сияқты сұрақтарды шешу проблемасын да
қоюға болады. Сабақтың
соңында сол күнгі оқушылардың білген
жаңалықтары,
оны білу не үшін керектігі анықталады.
Егер оқушылар
ана тілінен алатын білім мен дағдының
әр кішкене бөлшегінің не үшін керектігін
білсе, жұмысты ынталана
орындайды.
Материалды түсіндіруде жаңа материал
өтілген материалдармен байланысты
және оған негізделіп келуі
шарт; білімдік, тәрбиелік маңызы күшті
мысалдар іріктеліп алынып, балалардың
белсенділігін арттыру,
өз беттерімен орындау қабілеттерін күшейту,
қорытынды шығарту, дәлелдету сияқты жұмыстар
кеңінен қолданы-
луы қажет.
Жаттығудың формасы мен
жұмыстар, көшіру, диктанттар, сөйлем құрастыру,
мазмұндама, шығарма т. б.).
Әр сабақта өтілген материал қайталанады.
Ол үй тапсырмасын тексеру кезінде
болсын, жаңа материалды
түсіндірудің алдында болсын, түрлі жаттығулар
арқылы
жүргізіле береді. Қайталау арқылы ұмытылғандар
қайта жаңғырығады, беки түседі. Оқу жылының
басында немесе тоқсан аяғында, кейде
бір үлкен тақырыпты аяқтағанда, жоғарыда
көрсетілгендей, тұтас сабақ — өтілген
материалды қайталауға арналады.
Сабақтың әр минутын үнемдеп пайдалану
қажет.
Ол үшін сабаққа алдын ала жүйелі жоспар
жасалады,
түрлі керекті жабдықтар дайындалады.
(Мұғалімнің түсіндірмесі қысқа, анық,
қонымды тартымды болуы ке-
рек. Жаттығу тапсырмалары анық, оқушылар
қайта-қайта сұрап, бір-бірінің зейінін
бөлмейтіндей болғаны
жөн). Оқушылардың тілін дамыту жұмысы
негізгі,басты міндет ретінде іске асырылады.
Оқушының сөздерді дұрыс айтуына, қажетті
сөздерді іріктеп тауып алуына, сөйлем,
мәтін құрауына көңіл бөліп, олардың ойын
оятып, пікірлерін дәлелдетіп отырған
жөн.
Қазақ тілі сабақтарында таблица, схема,
дидактикалық материал, суреттер, заттар
т. б. түрлі көрнекі
құралдар кең қолданылады.
Балалардың барлығына бірдей талап
қоймай, жеке ерекшеліктерін есепке алып,
нашар үлгіретіндерге
ерекше көңіл бөліп отыруды қамтамасыз
ететін әдіс-тәсілдер таңдалуы қажет.
Шағын кешенді мектептерде мұғалім
бір кезде бірнеше сыныппен жұмыс
жасайды. Сондықтан мұғалім мұндай
мектептердегі балаларды
Информация о работе А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі