А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 19:54, дипломная работа

Краткое описание

Бөбек тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді, ал олардың мектепте оқуына байланысты сол табиғи процесс онан әрі жалғаса түседі. Сондықтан мектептегі тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи процестің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі. Ең алдымен тілдің өз табиғатынан жеті заңдылық шығады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

адистем интерн.docx

— 293.16 Кб (Скачать документ)

 
Орфографиялық тапсырмалар бар жаттығулар: қалдырылып кеткен әріптерді тауып  жазу немесе түзетіп жазу т.б.

 
Жазу жұмыстарының бұл көрсетілген  түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, яғни таза біреуінің қолданылуы мүмкін емес. Мысалы, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылсыз іске аспайды  т.б. Сондықтан, жоғарыдағы сияқты топтау тек шартты түрде, жаттығудың қай  түрінде негізгі мәселенің қайсысы  екендігіне мұғалімдер көңілін аудару мақсатында ғана көрсетіліп отыр. 
 
Жазу дағдысын нығайта, жетілдіре түсетін, сонымен бірге іс жүзінде сыналған жаттығулардың негізгі түрлері мынадай: 

 
Грамматикалық-орфографиялық талдау («грамматикалық талдауды» қараңыз). Бұл – оқушыларды граммтикалық және орфографиялық құбылыстардың ара  қатынасын түсінуге, орфографиялық  қиыншылықтарды таба білуге, басқалардың  арасынан оқыған құбылыстарын таба білуге дағдыландыру. Бұл талдау өз алдына жаттығу ретінде бөлек немес  басқа жаттығулардың элементі ретінде  де жүргізіледі (мысалы, көшіріп жазуда, диктантта т.б.). 

 
Оқушылардың белсенділігін көтеру мақсатында карточка жүргізіледі. Бұл  үшін әр оқушы алдын ала карточка дайындайды. Мысалы, зат есімнің  септік жалғауларын талдау барысында  мұғалім бір септік жалғауының қалай  жазылатынын сұрағанда оқушы  тиісті карточканы көтереді. Сонан  кейін жазады. Бұл мұғалімге оқушылардың  білім жөнінде біраз мәлімет  береді. 

 
Көшіру. Алғашқы, Ісыныпта, ІІ сыныпта  сөзбе-сөз, механикалық көшіру іске асырылады. Кейін бірте-бірте: деформаланған  ммәтінді (картинадағы рет бойынша) көшіру, сөз теріп көшіру, қалдырылған  сөздерді қойып көшіру, толық көшіру т.с.с. ұйымдастырылалды. Көшіру жұмыстарында керекті әріптердің, сөздердің, сөз  тіркестерінің астын сызу, сөз  табын анықтау, қосымшасын, жағын, шағын  анықтау, жақшаға көрсету т.с. белгіленеді.

 
Балалар көшіру техникасына үйретіледі (әуелі оқып шық, буындап оқы, ойлан, мағнасына түсінесің бе, қалай  жазылатынын байқа, есіңде сақта, жазып  болған соң тексер т.б.). Жазғандарын  түп нұсқасымен салыстырып, қатесі болса, түзейді. Көшіруге арналған материал қызықты, түсінікті болуға тиіс. 
 
Есте ұстау арқылы көшіру. Мұнда тақтаға жазылған мәтін оқылады, талданады, содан соң жабылады. Оқушы есінде оқығандарын жазады. Кейде мәтін талданғаннан кейін үйге беріледі. Жазып болғаннан соң мұғалім мәтінді ашып, жазғандарын салыстырып, тексеруге мүмкіндік береді. көшіріп жазудың бұл көрсетілген түрі диктант болғандықтан мұны көру диктанты деп атайды. Бұл әсіресе «қиын» сөздердің жазылуы өткенде пайдалы. Әдетте жазылуы қиын сөздердің тізімі оқулықтардың соңында беріледі мұндай сөздердің жазылуыан есте қалдыру үшін мұғалім мынадай әдіс тәсілдер қолданады: 
 
1. Зейін қойып іштерінен және дауыстап оқып шығыңдар. 2. Мағынасына көңіл бөліңдер; үй жануарларын білдіретін сөздерді бір топқа тізіңдер Т.с.с. 3. Буындап оқыңдар және жазыңдар. 4. Әсіресе сөздің қай бөлімін есте сақтағыларың келеді, сол бөлімнің астын сызыңдар. 5. Жазғандарыңды сөздік бойынша тексеріңдер. 6. Сөзді екі-үш рет қайта жазыңдар немесе екі-үш түбірлес сөз ойлап жазыңдар. 7. «Я» әріпі бар сөзді топтаңдар т.б. 
 
Жазылуы қиын сөздер жаттығуларға кірістіріледі, бірнеше рет қайталанады. Жаттығулардың ішінде әсіресе сөздік жасауға байланысты жүргізілетін жұмыстар қиын сөздердің орфограммасы есте қалдыруға жақсы жәрдемдеседі (сөздік дәптері бірнеше бөліктерге бөлініп, цифрмен белгіленеді (1, 2, 3, ...). Мысалы оқушылардың дәптерлерінің бесінші бетінде «в» әріпі кездесетін сөздер кездеседі. 
 
Еркін көшіру. Балалар әуелі мәтінді оқып шығады, талдайды, сонан соң кітапты жауып қойып, мәтіннен есте қалғандарын, қалай ұғынса солай жазады. Грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру. Сөздің немесе сөйлемнің бір бөлігі өзгеріссіз сол қалпында, екінші бір бөлігі өзгертіліп көшіріледі: қалып қойған жерін ойлап тауып немесе қосып, өзгертіп жазады: қалып қойған әріптер мен буындарды тауып қосу, сөздерді тауып қосу немесе сөйлемдерді аяқтау, берілген сөйлемнің немесе сөздің тұлғасын өзгертіп жазу сияқты тапсырмалар орындалады. 
 
Мұнда мәтінді көріп қабылдау жеткіліксіз, сонымен қатар оны ойлап, талдау-жинақтау жасау керек. Көшірмес бұрын балалар алдарында тұрған міндетпен танысады, мәтінді іштен дауыстап оқиды, тапсырманы әуелі ауызша шешіп алып, жазуға соңында ғана кіріседі. Жұмыстың бұл түрін кейде бақылап көшіру деп те атайды.Қазіргі оқулықтарды жаттығудың бұл түрі кең алынып жүр. 
 
Көшіру жұмыстары тіл дамытумен байланысты, сұрақтарға жауап беру (жазбаша) түрінде кездеседі. Бұл жұмыс балаларды мазмұндама мен шығарма жазуға дайындау мақсатында қолданады. 
 
Балалардың орфографияға үйренген дағдылары мен шеберліктерін байқау мақсатында диктант жаздырылады. Мұнда мұғалім мәтінді, сөйлемдерді немесе жеке сөздерді оқиды. Оқушылар оны аяғына дейін тыңдап, естерінде ұстайды, жазады. 
 
Диктанттың бастауыш мектепте жүргізілетін түрлері: 

 
Ескерту диктанты. Мұнда мұғалім  мәтінді тұтас оқып шығады. Балалар  жақсылап тыңдап отырады. Содан кейін  түсініксіз деген сөздердің мағынасын  түсіндіреді. Мұғалім әрбір сөйлемді қайта оқып шығады, оқылған сөйлемдер  балалардың қатысуымен тыңдалады. Сөйлемді жазбас бұрын мұғалім балалардың зейінін ондағы қиын сөздердің жазылуына, өтіліп отырған ережеге аударады. Оқушылар тиісті дыбыстарды көрсетеді, ережесін айтып береді, олардың қателескен жері болса түзетеді. Осындай жұмыстардан  кейін ғана балалар сөйлемді жазуға кіріседі. Алғашқы кезде әр сөйлем оқылып, талданып барып жазылады. Кейін  балалар жұмыстың бұл түріне дағдыланған  кезде, бірнеше сөйлем бірден оқылып, олардың ішінен мағынасы түсініксіз сөздер мен жазылуы қиын деген  сөздер ғана талданады, ал одан әрі  мәтін тұтас оқылады да, сөздер іріктеліп алып талданады, содан  соң мұғалім әр сөйлемді оқып, балалар  жазады. Егер балалар белсенділік  көрсетіп, сөздердің қалай жазылуын, талдануын сұрап, сөздіктен қарайтын болса, онда диктанттің тиімді болғаны.

 
Іріктеу диктанты. Мұның ескерту  диктантынан айырмашылығы – балалар  мұғалімнің айтқан сөздерінің барлығын жазып отырмайды, оның ішінен белгілі  бір ережеге қажетті сөздерді немесе сөз тіркестерін іріктеп  жазады. Диктанттың бұл түрінде уақыт  үнемделеді, қажетті сөздер мен сөйлемдер  көбірек жазылады, ең бастысы оқушылар мәтінді аса зейін қоя тыңдап отыруға мәжбүр болады.

 
Түсіндіру диктанты. Мұнда мәтін  жазылып болғаннан кейін ғана талданады, қателері түзетіледі. Диктанттың бұл түрін жазуға кірісерде қажетті  ережелер еске түсіріледі. Мұны ескерту  диктантынан бақылау диктантына өткел ретінде жүргізілетін жұмыс  деуге де болады. Түсіндіру диктантының  бір түрі ретінде жүргізілетін жұмыс  деуге де болады. Түсіндіру диктантының  бір түрі ретінде сөздік диктантын  да жүргізуге болады. Онда сөйлем де, мәтін д е емес, жеке сөздер айтылады. Бұған оқушыларға қиындық келтіретін немесе ережелерге бағынбайтын сөздер алынады. Сөздік диктант ұзақ болмайды, 5-10 минут шамасы, көбінесе сабақтың аяғында жүргізіледі. Мұғалім жеке сөздерді айтады, балалар жазады, жазғандарын  сөздіктен қарап түзетеді. Үнсіз  диктант ұйымдастырылады. Онда мұғалім  қажетті суреттер көрсетеді (аю, сиыр, жылқы, қоян, қозы, трактор, комбайн  т.б.), ал балалар бірден жазады немесе керекті әрпі бар карточканы көрсетіп, сонан соң жазады. Сөздік диктант 10-15 сөзден аспауы тиіс. 

 
Творчествалық диктант. Мұғалім тақтаға  қажетті сөздерді жазады. Кейде сурет  немес бір серия картина беріледі: балалар бір тақырыпта сөйлемдер  құрайды. Шамамен қолданылатын ережелер беріледі (еске түсіріледі). Балалар  сөйлемдегі сөздерді дұрыс тұлғада  тұрған-тұрмағанын байқайды, қажет  болса, өзгертеді. Жұмыстың бұл түрін  таза диктант деуге болмайды, сөйлемді балалардың өздері құрастыратын болғандықтан мұны шығарманың кіріспесі деуге  болады. 

 
Творчествалық диктант балалардың тілін дамыту үшін де өте қолайлы, өйткені оқушылар мәтін құрауға  белсенді қатысады, сөздерді де өздері ойлап табады. 

 
Ерікті диктант. Бұл мазмұндама деп  аталады. Бірақ мазмұндамадан оңайлау. Диктант деу себебі – мұғалім  мәтінді оқып тұрады, ал ерікті дейтініміз – балалар әдеттегі диктанттай, мәтінді мұғалімнің оқуы бойынша  сөзбе-сөз емес, естерінде қалғандарын  ғана жазады. Мәтін оқылмас бұрын  қажетті ережелер еске түсіріледі. Мұғалім мәтінді әуелі тұтас, сонан соң оның 5-6 жолын оқиды. Әрбір оқылған үзінді оқушылар жаттау алатындай, өте қысқа болмауы  керек. Оқушылар оқыған үзіндінің естерінде  қалғанын ғана жазады. Диктанттың бұл  түрі де тіл дамыту жұмысымен ұштасады.

 
Осы көрсетілген жұмыстардың барлығы  орфографиялық дағдыны автоматтандыру мақсатын көздейді. 

 
Бақылау немесе тексеру диктанты. Бұл  балалардың алған білімдері мен  қалыптасқан дағдыларына тексеру  мақсатында жүргізіледі. Мұнда оқушы  өзі білетін ережені қолданып, өз күшін өз бетімен байқай алады. Мұғалім қандай да болмасын бір орфографиялық  ережені оқушылардың қалай меңгергендері  жөнінде мәлімет алады. Қандай ереже  қайталану керек, кімге қандай көмек  керек – соны анықтайды. Егер диктанттың нәтижесі бүкіл класс бойынша  нашар болса, қайталау диктанты жүргізіледі. Мұндай жағдайда сол мәтіннің өзі  қайтадан алынады немесе соған ұқсас  мәтін алынып, қайталанады, диктант  жаздырылады.

 
Жұмыстардың жүйесі: Орфографиялық  жаттығулардың бірнеше кезеңі бар: а) алғашқы кезеңде, әдетте, оқулықтағы немесе тақтаға жазылған дайын материал алынады. Бұл материалдар мұғалімнің көмегімен талданады, оқылған ереже  бойынша, жазылған сөздер табылады, нақты  үлгі бойынша балалар ереженің практикада қалай қолданылатынын түсінеді. Мұнда  оқылған орфограммаға сай, жеке сөздер, сөз тіркестетері немесе сөйлемдер  ғана беріледі. Мұны дағдыны бекітудің  алғашқы кезеңі деуге де болады. 
 
ә) Екінші кезеңде де дайын мәтін: сөз, сөз тіркестері, сөйлемдер беріледі. Мұнда оқылып отырған орфограммаға сай, сөздерінің ішінде басқа ережелерге де жататындары болады. Ұсынылған материалдардың ішінен балалар керектісін, оқылып отырған ережеге сай келетіндерін іріктеп, тауып, алады; неге ол сөзді алды, ол сөз бұл ережеге сай келе ме дәлелдейді. Бұған қосымша, балалар сұрақтарға жауап қарастырады, ескерту диктантын жазады. 
 
Бұл кезеңдегі ең көп қолданылатын жаттығулар: көшіріп жазу, үлгі сұрақ бойынша, сөзді, сөйлемді аяқтап жазу. Бұл – орфограмманы білу кезеңі деп аталады. Балалар ережені қолданып үйрене бастайды, жазғандарын дәлелдеп, негіздей алады. Сөздердің жазылуын әуелі дәлелдейді, сонан соң ғана жазады.  
 
б) балалар өздерінен басқа құбылыстардың ішінен оқылып отырған ереженің объектісін тауып бере алады. Мұнда жеке сөйлемдер де тұтас мәтін де беріледі. Балалар мәтінді көшіреді: қалдырылып кеткен сөздерді үлгі, сұрақтарсыз, өздері тауып жазады; бұл кезде ескерту, түсіндіру, іріктеу диктанттары жаздырылады. Бұл үйрену кезеңі деп аталады.  
 
в) орфографиялық дағдының автоматтана бастау кезеңі. Мұнда балалар орфография туралы ғана емес, жазу жұмыстарының басқа жақтары (мазмұны, лексика, синтаксис, жоспар) жөнінде де ойланады. Бұл кезеңде балалар грамматикалық-орфографиялық тапсырмаларды орындап, көшіріу жұмыстарынан басқа, ескерту диктанты, түсіндіру, ерікті, шығармашылық, бақылау диктанттары, түрлі мазмұндама, шығармалар жазады. 
 
г) қалыптасқан дағдыларды жетілдіру кезеңі. Жазылуы бірыңғай сөздерді байланыстырып, оларға тән ортақ заңдылықты, жалпылықты анықтау; түбірлес сөздерді табу. Бұл кезде диктанттың барлық түрі жазылады, оқылған ережелер бойынша қалыптасқан дағдылар толық автоматтанады, сондықтан мәтінді алдын ала талдаусыз жаздыра беруге болады. Сөздіктен қарауға, мұғалімнен сұрауға рұқсат етіледі. 
 
Жоғарыда көрсетілген жүйені өзгертуге болмайды деп түсінбеу керек. Нақты жағдайларға: балалардың жас ерекшеліктеріне, дайындық дәрежелеріне, алған білімдері мен сөйлеу дағдыларына қарай өзгеріс болуы мүмкін. Алайда, мұғалім осы көрсетілген жұмыстардың жүйесінің толық орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.  
 
Жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай, материалдарды таңдауға қойылатын талаптар туады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар да бірден-бірге лексикалық, синтаксистік жағынан күрделене түсуге тиіс. Материал таңдауда әсіресе мына жағдайлар ескеріледі: 

 
Грамматиткалық немесе орфографиялық  құбылыстарды түсіндіру кезінде  бақылау үшін анағұрлым жеңіл, анық материалдар алыну керек. Бұл  кезде оқушылардың зейінін оқылып отырған ережеден басқаға алаңдататын  нәрселер болмағаны жөн. Оқушылар бақылағандарынан дұрыс қорытынды шығара алатындай  болсын.

 
Жаттығуға арнап материал таңдағанда тіл дамыту мен жазу жан-жақты  ескерілуге және бұрын өтілгендерді үздіксіз қайталау есте болуға тиіс.

 
Жұмыстың әртүрлі кезеңдерінде бір  тектес (сөздік, фразалар немесе мәтін) материалдарды қайталап отыру дұрыс  болмайды. Мысалы, алғашқыда «қала» сөзіне түбірлес сөз тапқанда «қалалар»  десе, кейінгіде «қалалы, қалашық, қалашыл  т.с.с.» сөздер айтқызылады.

 
Қазіргі кезде орфографияны меңгеру  үшін көру мен есту органының (көшіру мен диктанттың) қайсысы маңыздырақ деген мәселе жөнінде талас жоқ. Сауаттылыққа үйренуде сезім анализаторларының  барлығы да: есту де, көру де қол қозғалысы  да қатысуы керектігі зерттеліп  анықталды. Оның үстіне көшіру немесе диктант сияқты жазу түрлерінің қазіргі  кезде әр түрлі нұсқалары шыққанын жоғарыда айтылғандардан байқағанбыз. 
 
Мұғалім қандай да болмасын, бір сезім органына жаттығудың қай түрі дұрыс келеді деген мәселеден гөрі, бір жаттығуда таным қызметінің қандай операцияларды орындауы жайлы, олардың комплексті қатысуын қалай қамтамасыз етуге болатыны жайлы көбірек ойлауға тиіс: талдау, жинақтау, жалпылау, ұқсастық пен айырмашылықты табу, абстракциялау, топтау, жүйелеу т.б.  
 
Сөйтіп орфографиялық немесе пунктуациялық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруда оқушылардың зейінін, ойы-есін, қиялын т.б. таным қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ олардың ауызша, жазбаша тілін дамытуыға көп күш салу қажет.  
 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ГРАММАТИКА МЕН ЕМЛЕ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУДАН АЛҒАН БІЛІМДЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН, ШЕБЕРЛІКТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ 
 
Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, онан қаншама дұрыс дағды берілгенімен әр оқушының білімі, дағдысы мен шеберлігі есепке алынбаса, олардың материалды қалай меңгергені, мұғалім мен оқушылар еңбегінің барысы, нәтижесі және оған қалай жеткені белгісіз болады. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін біліп отырмаған соң, келесі еңбекке деген ықыласы азайып, сабаққа белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай сабақ болмасын, балалардың алған білімдері, дағдысы мен шеберліктері есепке алынып отырсын. Оның мынадай жолдарын көрсетуге болады:  

 
Бір сабақтың негізінде бағалау.

 
Бірнеше сабақтың негізінде бағалау.

 
Бір ғана жұмыстың негізінде бағалау.

 
Оқушылардың білімін бір сабақтың негізінде бағалағанда мұғалім  сабақтың басынан аяғына дейін қай  оқушының қандай сұрауларға, қалай  жауап бергенін және қандай жұмыстарды орындағанын есепке алып отырады. Сабақтың соңында бірнеше оқушыға бүкіл  сабақ бойы істеген жұмыстарының (еңбегінің) негізінде баға қояды  және оған неге бұлай баға қойғанын бүкіл сыныпқа хабарлайды (дәлелдейді). Мұндай жағдайда мұғалім сабақ бойы кез-келген оқушыдан сұрай алмайды: кімдерді бағалау керектігін, қандай сұраулар қоятынын, қандай жұмыстар жасайтынын алдын ала жоспарлап алады. Сабақта  сұраулар бүкіл сыныпқа қойылып, дағдыландыру, жаттығу жұмыстарына  барлық оқушылар қатыстырыла тұрса, мұғалім білім дағдысын шеберлігін есепке алатын оқушыны іштей байқап сұрағанда көбіне соларды тұрғызады. Мысалы, ІІ сыныпта оқушыларға деформаланған  мәтін ұсынылып, ондағы сөйлемдерді  тауып соңында нүкте қою керектігі  тапсырылды дейік. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, мұғалім олардан  сөйлем жөнінде не білетіндерін сұрайды: үш-төрт оқушыдан сұрағанына жауап  алады 1) аяқталған ойды білдіреді, 2) сөйлем өзара байланысты сөздерден  құралады, 3) сөйлемнен соң нүкте  қойылады, 4) әрбір жаңа сөйлем бас  әріптен басталып жазылады. Сол оқушылар өздіктерінен мысалдар келтіреді, талдайды. Мұғалім олардың сөйлем жөніндегі түсініктерін, дәлелдемелерін байқайды. Осыдан соң берілген тапсырманы бүкіл сыныптың қалай орындағаны жалпы тексеріледі. Бұл үшін жекелеген оқушылар орындарынан тұрғызылып, нүкте қойған бас әріппен жазған әр сөйлемді оқиды. Алдыңғы сұралған үш-төрт оқушыны тақтаға шығарылып, олардың дәптерін тексереді; қажет болса, тақтаға сөз, сөйлем, сөз тіркесі жаздырылады. Балаларды бағалау үшін мұғалім осылайша материал жинайды. Сабақ соңында бірер сұраққа жауап берген бірнеше бала және жаттығуды орындаған балалардың еңбектері де атаусыз қалмайды. Олардың қай сабақта қандай сұрауға жауап бергенін, қандай жұмысты орындағанын ескеріп жүріп, бірнеше сабақтағы еңбектері қорытылып бағаланады. Бұл үшін мұғалім өзінің арнаулы дәптеріне (балаларға көрсетпей), әр сабақтан кейін қажетті мәліметтерді жазып жүреді. Балалардың әр жауабы, әр еңбегі ескерілгеніне көзі жетсе, әр сабақта өз білетіндерін көрсетуге тырысады, белсенділіктері артады.  
 
Оқушылардың білімін, дағдысын, шеберлігін үйге берілген тапсырманы орындауларына, жазбаша бақылау жұмыстарының нәтижесіне немесе сабақтың әр кезеңінде (әсіресе жаңа сабақты түсіндіру я бекіту кезінде) бір күрделілеу сұраққа дұрыс толық анық жауап беруіне қарай бағалауға да болады. Оқушының белсенділігін көтеруге, тапқырлығын арттыруға және өздігінен ойлап білуін күшейтуге бұл әдістің де пайдасы зор. 
 
Мектеп тәжірибесінде балалардың білімдерін және емле дағдыларын тексеру бірге жүргізіледі. Мысалы, балалар диктант жазса, ол оқушылардың грамматикадан белгілі бір тақырып бойынша алған білімдерін тексеруге де, емле, жазу дағдысын, шеберлігін тексеруге де арналады. Оқушылар ондағы сөздерді, сөйлемдерді талдайды, шартты белгілермен көрсетеді, керекті сөздерді теріп жазады, схемаға түсіреді т. с. с. Мұнда грамматикалық талдауға берілетін тапсырмалар көп болмауға тиіс (2-3–тен аспасын). Бақылау жұмысы дұрыс көрсеткіш беру үшін, оны ұйымдастыру және өткізу барысында кейбір шарттар орындалуы қажет. 

 
Орфографиялық бақылау жұмысы белгілі  бір тақырып аяқталып, оқушыларда жазу дағдылары қалыптасқаннан кейін  жүргізіледі. Егер мұндай алғышарт болмаса  бақылау жұмысын кейінге қалдыра  тұрған жөн.

 
Балалардың жазғандарын қарағанда  тек соңғы өтілген тақырыптар бойынша берілген білімдер ғана емес, сонымен қатар бұрын берілген білімдер де қамтыла тексеріледі.

 
Бақылау жұмысында әдетте текст  немесе жеке сөйлемдер алынады. Әр сыныпқа  белгілі мөлшерде сөз саны есептеліп  беріледі. 

 
Бір түрлі орфограмманың бірнеше  қайталанып келуін (бір бақылау жұмысының  ішінде) қажеті жоқ.

 
Бақылау жұмысында ең соңғы оқылған  тақырыпқа 2-6 нысан, ал бұрын оқылғандарға екі нысаннан келтірілген жеткілікті.

 
Бірдей орфограммада кездесетін сөздерді нұсқалармен берген тиімді.

 
Мұғалім бақылау диктантінің мәтінін  тұтас оқып шығады, ондағы түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін түсіндіреді, сонан соң жеке сөйлемдерді оқиды, онан әрі мұғалім сөйлемді тағы бөліп  оқып жаздырады. Әр сөйлем қайта тұтас  оқылады, бұл кезде оқушылар жазғандарын  қайта тексеріп шығады. Ең соңында  мәтін тұтас, жай, бір рет оқылады, балалар оған ілесіп отырып, жазғандарын тексереді. Оқушыларға жұмыстарын жөндеуге қосымша уақыт берілмейді. Мұғалім жазғандарын жинап алады.

 
Оқушылардың алған білімдерін, дағдыларын, шеберліктерін тексеру мақсатында өтілген материалдардың негізгі  мәселелері жайлы қосымша тапсырмалар  беріледі. Мысалы, грамматикалық тұлғаларды табу, сөз таптарына ажырату, септіктерді  қою т.с.

 
Сабақта оқушылардың қойған сұрақтарға жауап қайтарып қоюы жеткіліксіз, олар сұрақты өздері де дұрыс қоя білуге дағдылануы тиіс. Сұрақ қоюға үйретуді қайталау сабақтарында жүргізген дұрыс. 
 
Сонымен, оқушылардың білімін, дағдысы мен шеберлігін белгілі бір жүйе мен есепке алу жұмысы мұғалім мен оқушылар еңбегінің көрсеткіші болып табылады. 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
 
1. Оқушылардың білімін, дағдысын және шеберлігін есепке алу не үшін қажет? 
 
2. Білім мен дағды және шеберлікті есепке алу жолдары қандай? 
 
3. Бақылау жұмысына қандай талаптар қойылады? 
 
4. Бір тақырып бойынша оқушылардың білімін есепке алу жолдарын көрсетіңіз. 
 
ҚАТЕНІ БОЛДЫРМАУ ҮШІН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР 
 
Мұғалім грамматика мен емледен оқушылардың білімін, дағдысы мен шеберлігін есепке ала отырып, олардың жақсы мен олқы жақтарын біледі, ол өзінің дәптерінің бірнеше бетін сыныптағы анағұрлым білімі нашар балаларға арнайды. Осы дәптерге үнемі сол балалардың қатесін белгілеп, жазып жүреді. Сөйтіп, мұғалім оқушылардың орфографиялық сауаттылығын қадағалап, кейбір оқушыларға жеке тапсырмалар береді. 
 
Оқушылар жазу жұмыстарында қате жібермеу үшін өздіктерінен жұмыс жасауға тиіс. Осы тұрғыдан олар өздері қате жіберген сөздерін дәптерлеріне жазады, оны жою жолында жұмыс жасайды. Оқушы мұғалімнің басшылығымен сөздерді жазып қоюға ана емес, сонымен қатар өздерінің қателерін жою үшін өздіктерінен жұмыс жасауға да үйренуге тиіс. Біршама уақыт өткеннен кейін мұғалім сыныппен жұмыс жасау кезінде немесе бір оқушыдан сабақ сұрау кезінде керекті сөзді жазғызады, қалай жазылып тұрғанын талдатады. Мұндай жұмыс балалардың белсенділігін арттырады. 
 
Біраз уақыт өткеннен кейін (тоқсан аяғында, жарты жылдың аяғында, оқу жылы аяғында) мұғалім оқушылардың жұмыстарына толық талдау жасайды. Кейбір оқушыларға тән қателерді теріп жазады, осының нәтижесінде әрбір оқушының және бүкіл сыныптың үлгерімі жөнінде тұтас карта жасалады. Мұғалім балалардың қате жіберу мотивін анықтайды: 1) оқушы ережені білмегендіктен (кезінде түсінбеген немесе ұмытып қалған) жіберген бе? 2) ережені біледі, бірақ оны жазуда дұрыс қолдана алмаған, яғни ережені жазуда қолдану дағдысы қалыптаспаған. 3) ережелерді араластырып шатастырады. 4) жазып отырғанның мағынасына (не жазып отырғанның өзіне өзіне түсінбейді) түсінбей, зейін қоймай, механикалық түрде әрекет етеді. 5) кейбір дыбыстарды қате естиді немесе өзі қате айтады да, өзін-өзі бақылай алмайды. 6) асығыс, ұқыпсыз орындау салдарынан қатені байқамайды т.с.с. – себептерін анықтағаннан кейін соған сәйкес, қосымша жұмыс ұйымдастырады. 
 
Оқушылардың жұмыстарында кеткен қателерді түзету жолдары да алуан түрлі. Қателерді қай кезде түзету керек? Егер жұмыс шағын болса, сол табанда түзету керек. Мысалы, ескерту, түсіндірме диктанттары, көшіріп жазу жаттығуларын сол сабақтың үстінде-ақ түзетуге болады. Ал бақылау диктанты, мазмұндама шығармадағы қателер соңынан түзетуледі. Қате түзетуде жазу жұмыстарына талдау жасаудың пайдасы зор. Талдау барысында мұғалім балаларға әуелі дәптерлерін таратып бермейді, өйткені олар өз дәптерлеріне қарап алаң болады да, мұғалімді тыңдамайды, ұжымдық жұмысқа қатыспайды. 
 
Жұмыс осы сыныптағы оқушылардың көпшілігіне тән қателерден басталады. Мұғалім өзі (немесе тақтаға шақырылған оқушы) балалардың көбі қате жіберген сөзді немесе сөйлемді тақтаға жазады, оны қалай жазу керектігі, неге олай жазатынымыз анықталады, ережесі еске түсіріледі. Мұндай жалпы сыныпқа тән қателер онша көп болмайды, сондықтан оларды талдауға бір сабақ жеткілікті. Егер уақыт қалса, оқушылар ол сөзге сөйлем құрап дәптерлеріне жазып алады. 
 
Екінші сабақта жеке оқушылардың жіберген қателері талданады. Осы мақсатпен балалардың дәптерлері таратылып беріледі. Олар мұғалімнің түзеткен қателерін табады. Оны жұмыстың соңғы жағына теріп көшіреді. Қосып сөйлем құрастырады т.б. Қатемен жұмыс тек бақылау диктантына байланысты ғана жүргізіліп қоймайды, сонымен қатар басқа сабақта да жүргізіледі. 
 
Балалардың жұмыстарындағы қателерді мұғалім түрлі жолдармен түзетеді: 1) қате жазылған сөз сызылып, үстіңгі жағына сөздің дұрысы тұтас жазылады; 2) қате жазылған әріп немесе сөздің асты сызылады; 3) қате жазылған әріп немесе сөздің асты сызылады: тұсына ескерту жазылады (керекті әріптің я сөздің дұрысы немесе соны еске түсірерліктей сөз көрсетіледі, немесе тиісті сұрау қойылады, кітаптан тиісті параграф ережесі көрсетіледі т.б.); 4) қате әріптің асты сызылады, ешқандай ескерту берілмейді. 
 
Бұл көрсетілген жағдайлардың қайсысын қалай қолдану: 1) сыныптың ерекшелігіне байланысты ( І- ІІ сыныптарда айқынырақ түзету қолданылады, ІІІ-ІV сыныптарда күрделірек әдістер қолданылған мақұл (3-4 әдістер), 2) оқушылардың дайындық ережесіне байланысты. Мысалы, жақсы оқитын оқушы қате жіберсе, оның қатесінің асты ғана сызылып қойылады, ал нашар оқитын оқушының қателерін әр түрлі әдіспен түзету керек (кейде қалай түзету керектігіне нұсқау көрсетсе, кейде дұрысын жазады). Мүмкіндігіне қарай, қателерді түзетуге оқушылардың өздерін қатыстыру керек. Мұғалім қате жазылған сөздердің дұрысын, тіпті болмаса, мәтінді түгел балаларға қайта көшіртеді. Мұнда қате жазылған сөздерге емлелері ұқсас я қарама-қарсы сөздерді теріп жаздыру әдісі өте пайдалы. 
 
Оқушылар бір түрлі қатені қайталай беретін болса, онда динамикалық стеротип орнайды да, одан құтылу оңайға түспейді. Сондықтан олардың қателерін есепке алып, бір қатені екінші рет қайта жібермеу үшін, дереу алдын ала шаралар қолданады. Оқушыларды қате жазудан сақтандыруда жазылуы қиын сөздерді ескеріп, көрсетіп жаздыру, жазылу ережесі оқылмаған сөздерді жаттығу жұмыстарына енгізбеу, егер бірен-саран кездессе, ондай сөздерді тақтадан немесе оқулықтан қарап жазуға дағдыландыру керек. Мұғалім оқушылардың жазуларын тексеріп, қателерін түзетіп болғаннан кейін, әр оқушының жұмысына баға қояды. Бүкіл сыныпқа берілген тапсырманың үстіне жеке оқушыға арнаулы тапсырмалар береді ( мысалы, ережені пысықта, сөйлем құрастыр, белгілі бір жаттығуды орында т.б.). Бастауыш сыныптарда әсіресе сауаттылық жағын қамтитын бір баға қойылады. Ал мазмұндама мен шығарма да тек орфографиялық қателері ғана емес, сонымен қатар пунктуациялық қателер, сөз қолданудағы сөздерді байланыстырудағы, жоспардағы, сөйлем құраудағы, мәтіндегі қателер де, тіпті жазу жұмысының көлемі де есептеледі. 
 
Оқушылардың жазғандары, айтқандары орфаграфиялық жағынан сауатты, стилистикалық жағынан дұрыс болуға тиіс. Оқушылар мұғалімнің сөзіне еліктейді. Ендеше мектептегі мұғалімдердің өзі сауатты сөйлеулері керек, тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне жазғандары әдемі, қатесіз болғаны жөн. 
 
БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ МЕТОДИКАСЫ 
 
БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУДІҢ КЕЙБІР ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
«Мектеп жас ұрпақтарды олар болашақта өмір сүріп, жұмыс істейтін қоғамдық жағдайларды мейлінше ескере отырып, өсіруге оқытуға және тәрбиелеуге тиіс»,- делінген «Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының Негізгі бағыттарында». Қазіргі кездегі қоғам дамуындағы, ғылым мен техникалық прогреске байланысты ерекшеліктердің бірі – еңбектің шығармашылық сипат алуы. Осыған орай, мектептің алдында тұрған ең маңызды міндет – балалардың жас шағынан бастап, өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыру, шығармашылық белсенділігін арттыру.  
 
Баланы ойлау мен сөйлеуге үйрету негізі бастауыш сыныптарда қаланады, яғни бастауыш сынып оқушылары ойлау мен сөйлеу дағдысына төселіп, істі шығармашылықпен ұтымды орындауға үйренеді.  
 
Сөйлеу арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Сөйлеудің пікірлесу ретіндегі әрекетінің әр түрлі болып келетінін психология ғылымы зерттей отырып, оны үлкен екі топқа, сырттай және іштей сөйлеу деп аталатын топтарға бөліп қарастырады. Сырттай сөйлеудің өзі ауызша (дыбысты тілдің көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болып бөлінеді. Сөйлеудің бұл түрлері бір-бірімен өзара тығыз диалектикалық байланыста болады. Өйткені сырттай (ауызша, жазбаша) мен іштей сөйлеудің физиологиялық негізі бір – ми жарты шарлары қабығындағы екінші сигнал системасының механизмдері. Олардың негіздерінде сөйлеу органдарының қозғалысынан шығатын кинестетикалық сезімдер жатыр.  
 
Кинестетикалық түйсікке негізделген шығарма мен мазмұндама жазу балалардың қабылдауын дамытып, зейін өрісін кеңейтеді, ойын, тілін дамытады, оларды қиял шыңына шарықтатып тәтті сезімге бөлейді.  
 
Психологтардың анықтауынша, бастауыш сынып оқушыларының қиял дүниесіне бой ұруы, әртүрлі оқиғаларға кездесуге құштарлығы, өзін ертегі кейіпкерлерінің орнына қойып, ойға алғанын іске асыруға әрекет жасауы басым болады. Олардың бұл ерекшелігін шығармашылық жұмысқа пайдаланудың зор маңызы бар. Қиялдың шарықтап дамуының ең жоғары сатысы шығармашылық әрекетпен тығыз байланыста болады. Қиял екі түрлі. Пассивтік және активтік. Пассивтік қиялға түс көру жатады, ал активтік қиялдың өзі қайта жасау және шығармашылық болып екіге бөлінеді. Шығарма, мазмұндама жұмыстары активтік қиялдың екі түрін де дамытады, өйткені кітап оқу, түрлі суреттер көру, диафильмдер көру арқылы уақиғаларды көз алдына елестету - қайта жасау қиялының көрінісі. Ал бала қиялының бетін шындыққа бұрып, оның іс-әрекетіне өз ойынан шығарғанын, өздігінен тапқандарын қосып дамытуға толықтыруға үйрету шығармашылық қиялды дамыту болып табылады. Осыған орай еркін тақырыпқа шығарма жаздыру т.б. жұмыстарды көбірек жүргізу бала шығармашылығын дамытады.  
 
Балалардың мектепке келіп түскен кездегі психикалық және даму ерекшеліктері жөнінде оқулықтарда берілген мағлұматтарға сүйене отырып, маазмұндама мен шығарманы да осы кезден, II сыныптан бастап жүргізуге толық мүмкіндік бар екені анықталады. Шығарма мен мазмұндама жұмыстары: 

Информация о работе А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі