Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 19:54, дипломная работа
Бөбек тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді, ал олардың мектепте оқуына байланысты сол табиғи процесс онан әрі жалғаса түседі. Сондықтан мектептегі тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи процестің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі. Ең алдымен тілдің өз табиғатынан жеті заңдылық шығады.
Оқулықта берілген суреттердің қайсысы
мәтіннің
қай бөліміне жататынын анықтау және оған
ат қою. Егер суреттер мәтінді толық қамтитын
болса, тағы қандай суреттер салуға болатынын
ойлау. Қиялындағы суретке ат қою.
Мұғалім әңгімеге не ертегіге бірнеше
сурет
береді. Оқушылар оны шығарманың желісі
бойынша реттейді.
Белінген бөлімдерге қандай суреттер
салуға болатынын оқушылардың өздері
айтады. Оған ат қояды.
Берілген тақырыптарды шығарманың
желісі бой-
ынша реттейді.
Мұғалімнің берген тақырыптары бойынша
мәтінді
әр бөлікке бөледі.
Мұғалімнің берген жоспарын талдайды.
IV сыныпта мәтінді бөлімдерге
бөлу жұмысы жүйелі түрде
Мұғалім оқушыларды оқып келе жатқанда
тоқ-
татып, не жөнінде оқылғанын, нені білгендерін,
мұндағы
басты ойдың не екенін сұрайды.
Ол бөлімнің неліктен аяқталғанын
дәлелдетеді.
Мұғалім өзі бір бөлімді оқиды,
балалар сол бө-
лімнің өзін нешеге бөлуге болатынын анықтайды.
Оқушылар кімге, қай бөлімнің ұнағанын
айтады,
сонан сон, барлығының айтқан бөлімдері
ретке келтірі-
леді.
Оқушылардың өздері бөлімге бөледі
және әр бө-
лімге ат қояды.
Жоспар немесе бөлімдерге ат қою III
сыныпта әуелі хабарлы сөйлем
түрінде, кейін бірте-бірте сұраулы
сөйлем түрінде айтылады. Ал IV сыныптан
бастап атаулы сөйлем түрінде жасалады.
Оқылған шығарманың мазмұнын айту. Шыға
Жақсы ұғынған мәтінді баяндағанда оқушы
сөздерді таңдауға, оларды грамматикалық
жағынан дұрыс қолдануға тырысады, яғни
дұрыс сөйлеуге жаттығады. Сондықтан баяндаудың
тіл дамыту үшін де маңызы орасан зор.
Баяндап беруде бастауыш сынып балаларына
шығарманың үлгісі үлкен әсер етеді. I—II
сынып оқушылары мәтінді жатқа дерлік
айтып береді. Мұндай сырттай баяндауға
қарсы бірқатар мұғалімдер оқылғанның
мазмұнын өз сөздерімен айтқызу үшін біраз
әрекеттер жасайды. Ал осының қайсысы
пайдалы деген сұраққа мұның екеуі де
пайдалы деп жауап қайтаруға болады (бұл
да мәтіннің ерекшелігіне байланысты.
Мысалы, ертегілер халықтың қанатты сөздеріне
бай, синтаксистік құрылысы да ерекше,
белгілі дауыс ырғағын талап етеді. Сондықтан
оны мәтіннің тіліне жақын мазмұндату
керск. Ғылыми көпшілікке арналған мақалалар
жөнінде де осыны айтуға болады).
Мәтінге жақын мазмұндау механикалық
түрде өтпеу үшін мұғалім дайындық жұмысын
жүргізеді. Онда бейнелі суреттемелерді,
сұлу сипаттамаларды көрсетіп, идиомаларды
түсіндіреді, оларды қалай қолдану керек
екенін айтады. Балалардың зейінін мәтіндегі
кейбір сөйлем құрылыстарына аударады.
Оны жеңіл, қарапайым түрде айту керектігін
көрсетеді.
Тілдің құрылысына жақын мазмұндауда
мәтін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне
қарай таңдалады. Әсіресе сөздік қоры
тапшы балалар кітап тіліне еліктеп, мәтінге
жақын баяндайды. Ал тіл байлығы мол балалар
өз сөздерімен айтуларына да болады. Бірақ
олар да мәтіндегі жаңа сөздерді, орынды
сөз тіркестері мен синоним сөздерді қолданулары
керек.
Мәтіннің мазмұнын айтқызу екі түрлі жолмен
іске асырылады:
1) толық,
2) ішінара.
Көлемі шағын мәтіндерді және жазбаша
мазмұндамаға дайындық барысында толық
баяндаттыру қажет. Ішінара мазмұндау
көлемі үлкен мәтіндер бойынша және бөлімге
бөліп оқу, жоспар жасау барысында, көбіне
қорытынды әңгіме кезінде іске асады.
Шығарманың мазмұны
бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар. Бұл
жұмыстар, біріншіден, оқылған материалды
тереңірек меңгеруге мүмкіндік туғызса,
екіншіден, балаларды өз беттерімен ойланып
жұмыс істетуге талаптандырады. Бастауыш
сыныпта ұйымдастыруға болатын шығармашылық
жұмыстың негізгілері:
а) Шығарманың баяндалу түрін өзгертіп
әңгімелеу. Мұнда әңгіменің баяндалу түрі
аз-кем өзгертіледі. Мысалы, әңгіме I жақпен
баяндалған болса, III жаққа айналдырып,
керісінше де әңгімелеуге болады.
а) Оқылған шығарманың мазмұнын толық
өзгертіп әңгімелеу. Жұмыстың бұл түрін
үйден орындап келуге тапсыруға болады.
Мұнда оқушылар әңгімедегі оқиғаға ұқсас
өз бастарынан өткен оқиғаны немесе өзі
қатысқан не көрген оқиғалары жөнінде
өз жандарынан әңгіме құрастырып айтады.
Мысалы, «ИЛ-18» әңгімесін оқығаннан кейін,
балалар өздерінің немесе аға, апаларының
самолетке отырып ұшқандары туралы әңгімелеуіне
болады. Сондай-ақ Б.Полевойдың «Елдің
ері» әңгімесін оқығанда, әкелері мен
аталарының соғыста көрсеткен ерліктірі
жайлы, ал Ә.Тәжібаевтың «Жерге деген құштарлық»
әңгімесін оқыған кезде егістікте немесе
жұмыстың басқа да салаларында жан аямай
еңбек етіп жүрген ата-аналары мен туған-туыстары
жөнінде мақтанышпен әңгімелеп берулеріне
де толық мүмкіндік бар.
Жұмыстың бұл түрі де оқылған шығарманың
мазмұнын балалар толық та саналы меңгерген
қезде ғана ұйымдастырылады. Мұндай жұмыс
балаларды өз беттерімен ойлануға, ізденуге
және шығармадағы жүйені пайдалана отырып,
өздіктерінен әңгіме қарастыруға, оны
құрастыру барысында талай сөздерді еске
түсіріп, ішінен қажеттілерін таңдап алуға
үйретеді.
б) Оқылған шығарманың мазмұнын аз-кем
өзгертіп әңгімелеу. Мұнда оқушылар оқылған
шығарманың аяғын өз ойынан шығарып, әрі
қарай жалғастырады немесе ондағы оқиғаның
арасына өз жанынан әңгіме қосып айтады.
Бірақ мұнда да шығарманың сипатын ескеру
керек, өйткені кез қелген шығарманы жалғастырып
әкетуге де, сондай-ақ ойға қелген оқиғаны
қоса салуға да болмайды. Шығарманың арасына
қосылған әңгіме оның мазмұнымен қабысып
қететіндей болғаны жөн. Сабақ кезінде
сұрақ-жауап арқылы соған бағыттайды.
Сұрақ қойып, оған жауап алу арқылы оқушыларға
өз ойларынан әңгіме құрастыртып, ол —
оқылып отырған шығарманың арасына қосылады
да, онан әрі мәтіннің мазмұны айтқызылады.
Мұндай жұмыстар арқылы оқушылар өз ойларын,
қиялын дамытуға мүмкіндік алады, оқығандарының
мазмұнын ат үсті, шала ұғынып қалмай,
ондағы әңгімеленген оқиғаның мән-жайын
ойлана, толық саналы түрде қабылдайды.
Сонымен қатар олар қітапта жазылғанды
ғана қабылдап қоймай, онда жазылмаған
жағдайларды да (сол оқиғаның туу себебі
немесе барысындағы түрлі жағдайларды
да) көз алдарына елестетеді.
в) Оқылған шығарманың мазмұны бойынша
сурет салу. Жұмыстың мұндай түрі шығармадағы
оқиғаны нақтылай түседі. Оқылған мәтіннің
мазмұны бойынша сурет салуға да немесе
пластилиннен түрлі бейнелер жа-сауға
да болады. Бастауыш мектеп жасындағы,
әсіресе I сынптағы балалар әдетте сурет
салуға әуес келеді. Бірақ олар өздерінің
салған суреттеріне сын көзбен қарайтындай
дәрежеге жете бастаған кезде, сурет салудан
бірте-бірте бас тарта бастайды. Дегенмен
олардың көпшілігі оқылған мәтінге қандай
суреттер салуға болатынын ойлап, дұрыс
таба алады. Ол үшін алдымен шығарманың
белгілі бір бөлімі (егер шығарма көлемді
болса) оқылады. Сонан кейін осы оқылған
әңгіме бойынша қандай сурет салуға болатынын
ойлануға уақыт беріледі. Оқушылар 2—3
минут ойланғаннан кейін, олардың қандай
суреттер ұсынатыны сұралады. Егер балалардың
біреуі қате айтса, қалғандары оны түзейді,
ал ол қатені түзеуге балалардың шамасы
келмесе, мұғалім сұрақ қою арқылы көмектесіп
отырады.
Мазмұны бойынша суреттер ойластыру үшін
де кез келген мәтінді ұсынуға болмайды.
Мәтіннің сюжетінің оңай-қиындығы, оның
балалардың, өз өміріне жақындығы және
онда айтылған оқиғаны баланың түгелдей
көз алдына елестете алатын-алмайтыны
сияқты жағдайлардың барлығы жан-жақты
ойластырыла отырып, қандай мәтінді ұсынуға
болатыны анықталады. Мысалы, «Кайрақбай»
әңгімесін оқығаннан кейін оның мазмұны
бойынша, қандай-қандай сурет салуға болатыны
жайлы сұралады. Әңгіменің мазмұнын бір
оқығанда балалар толық қабылдауға қиналатын
болса, оқулықтағы осы мәтіннің аяғында
берілген сұрауларға жауап алынып, тапсырмалар
орындатылады. Сонан кейін балалар әңгімедегі
оқиғаны көз алдарына елестете алатындай
дәрежеге жеткен кезде, осы мәтінге қандай
суреттер салуға болатыны сұралады. Олар
бұл мәтін бойынша төрт сурет салуға болатынын
(Қайрақбайдың қозы-лақтарды өріске жайып
жүргені, алыстан поезд көрінгені, Қайрақбайдың
паровоз айдаушыларға белгі беруі, Қайрақбайдың қасына
жиналған жұрт) айтады.
Сыныпта сабақ үстінде мұндай суреттерді
салғызып отыратын уақыт та жоқ және оны
салу оңайға түспейді. Кейде олардың экскизін
ғана жасатуға болады. Ал кейде сыныпта
оқылған шығарманың мазмұны бойынша неше
сурет салынатыны, нелер бейнеленетіні
ауызша ғана сипатталады да, оны орындау
үйге тапсырма ретінде беріледі. Кейде
жұмыстар сыныптан тыс оқуда орьндалады
Оқылған мәтіннің мазмұны бойынша ермексаздан
түрлі бейне, сурет жасау көбінесе II—III
және IV сыныптарда іске асырылады.
г) Мәтін бойынша қорытынды әңгіме ұйымдастыру.
Мұндай әңгіме балалардың оқу барысында
алған әсерлері мен байқағандарын жинақтайды.
Мақсат — оқушыларға автордың не айтайын
дегенін тереңірек ұғындыру және оқығандарына
өз көзқарастарын, пікірлерін білдіруге
көмектесу.
Қорытынды әңгіме оқылған шығарманың
сипатына қарай екі түрлі жолмен ұйымдастырылуы
мүмкін. Мысалы, балаларға белгілі бір
шеңберде білім беретін ғылыми мақалаларды,
очерктерді оқығаннан кейін қайталау
ретіндегі қорытынды әңгіме ұйымдастырылады,
оқушыларға бағыт беріліп, олардың алған
білімдерінің дұрыстығы, дәлдігі байқалады,
білімдері бекітіледі.
Көркем әдеби шығармаларды оқығаннан
кейін әңгіме эвристикалық сипатта құрылады,
яғни шығарманың мазмұнын айту емес, оны
бағалау, өз пікірін айту, ондағы басты
ойды айтуға бағытталады.
Шығармадағы басты ой идеялық мазмұнмен
сәйкес келе бермейді. Шығарманың идеясы
— өмір құбылысын жазушының бағалауы
немесе оқушы жұртшылықты белгілі бір
мақсатқа шақыруы. Мысалы, «Әке арманы»
(М. Әуезов) шығармасындағы басты ой Абай
жөнінде, ал оның идеясы сол кездегі халықтың
қараңғы тұрмысын, теңсіздікті т.б.с.с.
көрсету.
Қорытынды әңгімеде себептік байланыстарды
тапқызу, басқа шығармалармен салыстырту,
нақты құбылыстарды байқату, оларды қосып
жалпылату, абстракциялату т.б.с.с. жұмыстар
арқылы жүргізіледі. Мысалы, С. Жүнісовтың
«Сақау бәтеңке» әңгімесі неліктен осылай
аталған? Бұл әңгімені басқаша қалай атауға
болар еді? Сен киімдеріңді қалай күтесің?
т.с.с.
Шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін
шығармашылық жұмыстың бұл айтылғандардан
басқа түрлері де бар. Айталық, шығарманы
рольге бөліп оқып, оның мазмұны әңгімеленгенде
де рольге бөліп айтуды ұйымдастыру. Мысалы,
I. Жансүгіровтың «Шәркей» әңгімесінде
бір оқушы автордың, екіншісі Шәутеннің,
үшіншісі апасының сөзін оқиды. Бұл әңгіменің
мазмұнын айтқызуда да осы әдіс қолданылады.
Сонымен шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін
жұмыстардың барлығы да балаларды өз беттерімен
іздетуге үйретіп, ақыл ойы мен дүние танымын
кеңейтуге, тілін дамытуға септігін тигізеді.
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН
ОҚЫТУ
Бастауыш сыныптардағы оқу бағдарламасы
көркем әдеби шығармаларды қамтыған. Әдеби
шығарма, түрлі бейнелер, олардың іс-әрекеті
арқылы өмірді түсінуге көмектеседі. Жазушының
идеясы, көңіл-күйі шығарманың мазмұны
арқылы оқушыға беріледі, сөйтіп оларда
алуан түрлі сезім, ой туғызады, дүниеге
көзқарасын қалыптастырады.
Көркем әдеби шығармалардың мұндай ерекшеліктері
бастауыш сыныптарда олардың өзіндік
әдістемесін қажет етеді.
Ертегілерді оқыту.
Халық әділеттілік пен адамгершілікті,
ақылдылық пен батырлықты ертеден-ақ өте
жоғары бағалап, әңгімеге, ән-жырға арқау
етіп отырған. Халықтың ауыздан-ауызға
тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің
барлығында да ақылдылық пен ақымақтық,
арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жауыздық
қатар көрсетіледі.
Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан
зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық,
қішіпейілділік, қайырымдылық адалдық
сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің
тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі
тіркестерге бай болып келеді. К. Д. Ушинскийдің
сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық
қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.
Ертегілерді оқуда мыналар ескерілу қажет:
Ертегіні оқу барысында «бұл ойдан
шығарылған,
өмірде кездеспейді» деудің қажеті жоқ,
балықтың, жан-
жануарлардың сөйлемейтінін балалардың
өздері де бі-
леді, бірақ ертегіде кездесетіндерді
қиялдау оларды
көңілдендіреді, армандауға үйретеді.
Оқушыларды кейіпкерлерге
беруге үйретуде ертегілердің пайдасы
мол. Ертегі кейіп-
керлеріне берілетін мінездеме әдетте
бір-екі айқын бел-
гілерді көрсетіп, анық түсінікті болып
келеді.
Қара сөзбен жазылған ертегілер
мәтінге жақын үл-
гімен мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай-ақ,
мұға-
лім оның, мазмұнын қызықты етіп айтып
береді. Егер
артистердің орындауындағы фонохрестоматияны
пай-
даланса, тіпті жақсы.
Ертегі балаларды жоспар жасауға
үйрету үшін де өте қолайлы. Оны бөлімдерге
белу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын
анықтау т. б. осындай жұмыстарды
II—III сынып оқушылары орындай
алады. Ал IV сыныпта ертегіге өз беттерімен
жоспар жасау тапсырылады.
4. Жануарлар туралы ертегілерді оқығанда
дайын-
дықтың онша керегі жок.
5. Қейбір ертегілерді пьесаға айналдырып,
қуыршақ жасатып, сыныптан тыс сабақтарда
балаларға орындатуға болады.
6. Ертегінің композициялық ерекшеліктеріне
қарапайым түрде бақылау жүргізіп үйрету
керек.
Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың
мазмұнын, бір оқығанда-ақ игереді. Сондықтан
бірқатар ертегілерді оқығанда жалпы
идеясын ғана әңгімелеп, мазмұнын үйден
оқуға тапсыруға да болады.
Жұмбақтар мен мақал-
Мақал-мәтелдер мен жұмбақ, бір жағынан,
балалардың өмірге көзқарасын кеңейтсе,
екінші жағынан, сөздік қорын байытады.
К.Д.Ушинский бастауыш мектеп балаларына
мақал-мәтел үйретудің пайдасын айта келіп,
оның, қысқа да дәл және халықтың тамаша
байырғы тілімен қандай да болмасын табиғат
немесе адам тұрмысының шындық құбылысын
сипаттайтынын көрсетеді.
Мақал-мәтелдер және жұмбақтар бойынша
жұмыстар жүргізу үшін, кейде сиректеу
болса да, жеке сабақ арнаудың да пайдасы
мол. Мұндай сабақ ұйымдастыруда оларды
белгілі бір тақырыпқа арнап, іріктеп,
топтап алады.
Мақал-мәтелдер — тәрбиелік мәні күшті,
балаларды жақсылыққа баулып, жамандықтан
аулақ болуға үгіттейтін өнегелі сөз.
Сондықтан әр мақалдың мағынасы талданып,
соған қарай белгілі бір қорытынды жасалады.
Жұмбақтар бойынша жұмыс, негізінен, оның
шешуін табу бағытында жүргізіледі. Ол
үшін нәрселерді, құбылыстарды жұмбақтап
айтылған белгілеріне қарай, іздестіру
жолымен табу әдісі ұсынылады. Мұндай
жағдай-да жұмбақталған нәрсенің жалпы
қай салаға жататыны, қандай бағытта ізделінетіні
айтылады. Мысалы, «іздесем, ізі жоқ, бауыздасам,
қаны жоқ» жұмбағын шешу керек делік. Бұл
нәрсені өзеннен, көлден іздеу керектігі,
оның суда болатыны ескертіледі. Мұндай
бағыт берілмеген жағдайда балаларға
қиындық түседі.
Ал жұмбақтың құрамындағы метафоралық
бейне сол жұмбақталған нәрсені іздестіріп
табу барысында өз-өзінен ашылады. Мысалы,
жоғарыда айтылған жұмбақты шешу барысында
өзен, көлде болатын нәрселер іздестірілді.
Балалар бірден суда болатын балық, бақа-шаян
сияқтыларды айтады. Олардың ізі болмағанымен
қаны болатыны, ал біздің жұмбағымыздағы
нәрсенің қаны да, ізі де жоқтығы айтылады.
Жұмбақтың шешуі табылғаннан кейін, сұрақ-жауап
арқылы метафоралық бейне ашылады. Жұмбақта
қандай із жөнінде айтылады? Мұндағы бауыздау
сөзінің мағынасын қалай түсінуге болады?
(қайықтың тұмсығымен су толқынын кесуі)
т.с.с. немесе «Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр-шиыр
жолы көп» жұмбағының құрамындағы сөздердің
де әуелі тура мағынасы талданады: кез
келген нәрсенің салған ізінің сөйлей
алмайтындығы, салған іздің сөйлеуі дегеннің
не екені сұралады. Осы арқылы бұл жұмбақталып
отырғанды оқу құралдарының төңірегінен
іздестіру керектігі айтылып, олардың
ішінде қозғалатын, жүретін қандай нәрселердің
бар екені ойластырылады. Егер балалар
оны таба алмайтындай болса «Оқу құралдарының
ішінде қайсыларында жол бар?» деген сияқты
сұрақ арқылы дәптер мен кітапта жол болатыны
анықталады. Сонан соң дәптердегі сызық
жолдың сөйлей алмайтыны, сөйлейтін жол
— жазу екені, жазу жолын қалам, қарындаш
салатыны айқындалады. Жұмбақталған қарындаштың
белгілерін балалар өздері табады. Жұмбақтағы
«салған ізі» дегеннің жазған жазу екенін
де айтады. Осы сияқты, екі-үш жұмбақтың
шешуі талданып қөрсетілгеннен кейін,
балалар өздері де заттың белгілерін жұмбақтап
айтуға тырысады.
Мысалдарды оқыту.
Әдеби шығармалардың басқа түрлерінен
мысалдың мынадай өзгешеліктері бар:
а) аллегориямен айтылатыны.
ә) мысалда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік
мән болатыны.
б) оның оқылу ерекшелігі. Осыдан келіп,
мынадай
әдістемелік сұрақ туады: мысалдағы аллегорияны
ашу
керек пе, жоқ па? Мұндай сұраққа жауап
беру үшін,
мысалдың сипатын, мазмұнын, оны балалардың
қалай
қабылдайтынын байқап қараған дұрыс.
Бастауыш сынып оқушылары мысалды оқығанда
суреттелген оқиғаның тартымдылығына
қызығады, оны шындық деп қабылдайды. Сондықтан
мысалды оқып шығысымен, автордың ондағы
суреттеп отырған жан-жануарлары кімдердің
бейнесі, оны кім деп түсінесіңдер? дегендей,
сұрақ қою қателік болар еді. Өйткені жұмысты
мұндай әдіспен жүргізу — оқушылардың
мысалды оқығанда алған әсерін жояды.
Сондықтан балалардың одан алған әсерлері
әлсіремей, қайта күшейе түсетіндей, мысалдағы
кейіпкерлердің іс-әрекетін тереңірек
ұғына түсуіне жағдай жасайтын әдіс-тәсілдер
қарастырылады. Ол үшін алдымен мысалдағы
суреттелген оқиғаны, қатысушы кейіпкерлерді
шындық, өмірде болатындай етіп түсіндіру
керек. Ал мысалда суреттелгендер балаларға
шындық, болмыс жөнінде қате түсінік береді,
өйткені қарға, түлкі сөйлемейді ғой деген
сияқтылардан қауіптенудің қажеті жоқ.
Олардың сөйлемейтінін балалардың өздері
де жақсы біледі, сонда да оны шындық сияқты қабылдайды.
Мысалы, балалар тіпті IV сыныптың өзінде
де қылыштасу, атысу ойындарын шындық
сияқты ойнайды. Олар таяқтың қылыш, найза
еместігін әрине жақсы біледі, бірақ өздерінше
шын найза, қылыш деп есептейді. Немесе
қыз балалардың қейбіреулері әлі де куыршақпен
ойнайды, оның сөйлемейтінін біле тұра,
шын кісі деп есептеп, онымен сөйлесіп
отырады. Сол сияқты мысалдағы оқиғаны
да бастауыш сынып оқушылары шын көріп
қабылдайды.
Бұл айтылғаннан шығатын қорытынды: мысалдарды
оқығанда көңіл қоятын жай — оқушыларға
оның мазмұнын қабылдату және ондағы кейіпкерлердің
іс-әрекетін талдау.
Мысалдардағы аллегорияны ашу жұмысын
IV сыныпта мынадай тәсілмен іске асыруға
болады. Мұнда мысалда суреттелген оқиғаға
ұқсас оқиға іздестіріледі. Айталық, И.
А. Крыловтың «Қарға мен түлкі» мысалы
оқыл-ғаннан қейін, біреудің қолындағы
нәрсесін алдап алу өмірде кездесе ме
дегендей сұрау қою арқылы, ондағы негізгі
ойды түсінуге жеңілдік жасалады. Қейбір
жағдайда мысалда суреттелген оқиғаға
өмірде болатын ұқсас оқиға табу жұмысы
мысал оқылмас бұрын, алдын ала дайындық
әңгіменің барысында жүргізіледі.
Мысалдың екінші ерекшелігі — онда белгілі
бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мәні бар қорытынды
пікір болатындығы. Ол қысқа түрде мәтіннің
басында немесе аяғында беріледі
Мысал оқытуда осындай қорытынды пікірді
пайдаланып, құрғақ сөзбен «Мұндай жаман
мінез-құлықтан, іс-әрекеттен аулақ болу
керек» деудің бастауыш сынып оқушыларына
әсері шамалы болады. Ондай үгітті тіпті
сол оқылып отырған мысалдан үзінді келтіре
отырып айтқанда да, кішкене балалардың
санасына бірден қона қояды деу қиын. Сондықтан
мысал оқытуда онда айтылатын үгітті табуға
тырыспай, оның кейіпкерлері мен сол кейіпкерлердің
іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы, бір-біріне
айтқан сөздеріндегі ой анық ашылуға тиіс.
Осыған орай, мысалдан шығатын қорытынды
пікірді оның мазмұны талданып болғаннан
кейін оқуға болады. Мысал оқытудың үшінші
ерекшелігі — оны дауыстап оқу тәсілінде.
Мысалдағы айтылатын сөз автордың атынан
айтылмай, кейіпкердің атынан баяндалатын
болса, сол кейіпкердің басындағы ерекшелігіне
қарай, дауыс сазы да құбылып отырады
Кейіпкерлердің мінез-құлқы мен автордың
сөз қолдауына қарай, дауыс ырғағының
құбылуы балалардың ынтасын арттырып,
мысалдың кейбір жолдарын бір-екі оқығанда-ақ
жаттап алуларына жағдай жасайды.
Қорыта айтқанда, мысалды төмендегідей
жолдармен оқытуға болады:
Оқылатын мысал жөнінде
гіме өткізеді; онда балаларға түсінігі
ауырлық келтіре-
тін сөздердің (сол мысалдың ішінде кездесетін)
кейбі-
реулерін кірістіре отырып, олардың мағыналарын
аша
кетеді.
Мұғалім мысалды әуелі нақышына
келтіре, өзі
оқиды, сонан кейін оқушыларға оқытады.
Мысалдың мазмұны талданылады.
79-80 б. жоқ
К. Д. Ушинский ғылыми мақалаларды логикалық
оқу деп атады. Бұл өте дұрыс. Өйткені ғылыми
мақалалар көркем шығармалардай, бірден
оқушының сезіміне әсер етіп, кейіпкерлердің
іс-әрекетімен балаларды еріксіз ідіктіріп
әкетпейді, зейінді, ерік күшін талап етеді.
Мақалаларда немесе очерктерде әдетте
мүлде жаңа фактілер беріледі, сондықтан
оқуға кіріспес бұрын міндетті түрде дайындық
жүмысы керек. Мұнда бірде біз балаларды
мақалалардан жаңа ұғым алуға дайындаймыз, яғни
оқуға деген қызығушылық сезімі туып,
мақаланы қабылдауға балалар толық дайындалады.
Екіншіде балаларды мақаланы қабылдауға
ғана дайындап қоймаймыз, дайындық кезінің
өзінде білім береміз. Мысалы, «Ленин Смольныйға
келеді» мақаласын оқымас бұрын: уақытша
үкімет деген не? Смольный — қандай орын?
Уақытша үкіметті неліктен құлату керек
болды? Юнкерлер, буржуйлар кімдер? Бұл
— қай кездегі уақиға? Бұл кезде Ленин
қайда еді? т.с.с. мәселелер жөнінде түсінік
бермей, мақаланы оқудың пайдасы аз.
Дайындық жұмысынан кейін мәтін оқылады.
Егер мәтін қысқа болса, тұтас оқылады,
мазмұнын айтуға дайындалады. Оқушылар
мәтінді оқығаннан кейін берілетін сұрауларға
жауап қайтарып, тапсырмаларды орындайды.
Мұнда қандай сұрауларға жауап беретіндері
дайындық кезінде ескертіледі.
Мақала оқылу барысында екі рет талданады.
Бірінші оқығанда сөздердін, мағынасы,
кейбір фактілер анықталып, бөлімдердегі
басты ойды аңғару мәселелері жөнінде
жұмыс жүргізілсе, екінші рет оқылғанда
фактілердің, арасындағы байланыстарды
табу, қорытынды жасау жұмыстары жүргізіледі.
Кейбір жағдайларда мақаланың мазмұнын
меңгерту үшін үшінші рет оқытуға болады.
Ғылыми мақалаларды оқытуда терминдер
мен қорытындыларға ерекше көңіл аударылады.
Терминдер, түсінуге ауыр сөздер қайта
оқытылады. Дайындық жүмысы кезінде оларға
берілген анықтамалар қайталанады, қортындылар
талқыланады, егер қысқа болса, тақтаға
жазылады.
ОҚУ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨРНЕКІ
ҚҰРАЛДАР
Балаларға ана тілін үйретуге көрнекіліктің
алатын орны жөнінде К.Д.Ушинский «көрнекілікке
үйретуді ана тіліне үйретуден бөлу мүлде
қате» деген болатын. Өйткені көрнекілік
байқампаздықты, ойлауды дамытады және
балалардың бақылағандарын сөзбен дұрыс
айтып беруге, одан логикалық қорытындылар
шығаруға дағдыландырады.
Оқу сабақтарында көрнекілікті қолдану
мүмкіндігі орасан мол: айнала қоршаған
дүниені бақылау, экскурсияға шыққанда
бақылау, оқушылардың жинаған заттары,
жеке және коллекция түріндегі гербарийлер,
жануарлардың, құстардың тұлыбы, модельдер,
макеттер және панорамалар (оқушылардың
өздері дайындайды), кинофильмдер, диафильмдер,
түрлі картиналар, портреттер, оқулықтағы
суреттер.
Жоғарыда біз сабақтың әр бөлімдеріне
байланысты көрнекі құралдардың қалай
пайдаланылатынына тоқтатылып отырғанбыз.
Сондықтан бұл жерде көрнекі құралды қолданудың
жалпы тәсілдерін ғана көрсетеміз:
1. Кинофильмдерге бару, театрдан немесе
теледидардан пьесалар көру көркем шығарманы
оқудың орнына жүре алмайды. Бұлар кейде
көрнекілік ретінде, мәтінді екінші оқығанда
немесе оған қорытынды әңгіме жасағанда
пайдаланылады. Мысалы, С.Мұқановтың «Шын
сырлылар», «Қостағы өмір» әңгімесін оқығанда,
қорытындылау кезінде «Ванька» (А.Чехов)
диафильмін көрсетуге болады. Көрсетілетін
фильмдер материалға тақырыбы жағынан
да, мазмұны жағынан да, тығыз байланысып,
бір-бірімен қабысып тұруға тиіс.
Фильмдер көбінесе мәтінді оқу алдында
көрсетілгені дұрыс. Революционерлер,
суретшілер, ғалымдар т.б. портреттері
де оқуға дайындық кезінде пайдаланылады.
Дайын гербарий мен коллекциялар, сондай-ақ
балалардың өздері жинаған заттарды,
ғылыми мақалаларды оқуға дайындық
кезінде зерттеу нысаны ретінде
көрсетіледі. Бұл заттарды шығарманың
басқа түрлерін оқу кезінде де
пайдалануға болады.
Оқу сабақтарының барлығында да қолданылатын
көрнекіліктің басты түрі көркем
суреттер деуге болады. Бұл дайындық
кезде де, оқу барысында да, шығарманы
талдау кезінде де, жоспар жасау
кезінде де, қорытындыәңгіме жасағанда
да көмекші құрал есебінде қызмет
атқарады. Алайда, мұнда есте болатын
жағдай – көрнекі құралды тым
көп қолданып, мәтіннің рөлін төмендетіп
алудан сақ болған жөн. Оқушыларда оқу
барысында туатын эмоция мен бейнелер
балалардың өмір тәжірибесіне қарай, жасы
өскен сайын күшейе береді.
Мәнерлеп оқу, сөзбен суреттеу, сондай-ақ
басқа да шығармашылық жұмыстар балаларды
оқығандарын көрнекіліксіз-ақ саналы
түсінуге баулиды.
Сөйтіп, оқу сабақтарында балаларды жан-жақты
тәрбиелеу, оларға білім беру т.с.с. міндеттерді
іске асыру үшін көрнекі құралдың орасан
зор маңызы бар.
СЫНЫПТАН ТЫС ОҚУ
Сыныптан тыс оқуды белсенді ұйымдастырушы
және оны басқарушы да мұғалім болуға
тиіс. Сондықтан мұғалім өз оқушыларының
кітапқа деген ынтасын үнемі арттырумен
бірге, олардың қандай кітап оқуға тиіс
екендіктеріне де бағыт беріп отырады.
Балалар бастауыш сыныпты бітіргенде,
кеңес ақын-жазушыларының белгілі шығармаларымен
таныс болулары қажет екенін де үнемі
ескертіп отырады
Сыныптан тыс жұмысын балалар мектепке
келген кезден бастаған жөн. Өйткені сауат
ашу кезінде оқушылардың ақыл-ойын, тілін
дамыту жұмыстары балаларға түрлі түсті
суретті кітапшаларды көрсету арқылы
дауыстап, мәнерлеп оқи отырып жүргізіледі.
Екінші сыныптан бастап мұғалім балаларға
мектеп кітапханасынан алған кітаптарды
бере бастайды. Оларға кітапты дұрыс ұстап,
күте білудің ережелерін үйретеді: кітаптың
сыртын қаптау, оқыған кезде кітап беттерін
бүктемеу, кітап беттерін су немесе кір
қолмен ұстап парақтамау т.б. Мұғалім бұл
ережелерді анық етіп жазып, сыныпқа іліп
қояды.
Сыныптан тыс оқу оқушылардың кітапты
өздіктерінен оқи алу дағдыларын арттырумен
бірге, «Ана тілі» оқулықтарындағы шығармалардың
мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін
түсінуге көмектеседі. Балалар оқыған
шығармаларындағы негізгі ойды аңғара
білуге, сол оқиғаға өзінің қалай қарайтынын
айтып, кейіпкерлердің әрекетіне баға
бере білуге талаптануы керек.
Сыныптағы оқу сабақтарында оқушылар
көркем тілмен жазылған шығармалардан
басқа тарих, дүниетану т. б. пәндерінен
мағлұмат беретін материалдармен танысады.
Осындай сыныпта алған ұғым сыныптан тыс
оқу кезінде нығая, жетіле түседі.
Сыныптан тыс оқу сабақтарында мұғалім
балалардың қандай кітаптарды оқығандарын
біліп отырумен қатар, алдағы уақытта
не туралы оқығылары келетінін де есепке
алуы қажет.
Бастауыш мектептердегі сыныптан тыс
оқудың мазмұны мен ұйымдастыру жолы жөнінде
жаңа бағдарламаның жобысында былай делінген:
«Сыныптан тыс оқудың мақсаты: баланың
сыныптан тыс оқуы арқылы барлық пәннен
алған білімін тереңдете түсу, кітаптан
өзіне қажетті материалды, кітапханадан
керекті кітапты іздеп тауып алуға көмектесу;
өз бетімен жұмыс істеу дағдысын нығайта
түсу; оқиға, білуге ыетасын, құштарлығын
арттыра түсу; баланың эстетикалық және
дүние тану құмаорлығын арттыру.
Сыныптан тыс жүргізілетін оқуды ұйымдастырудың
ең негізгі қағидасы – оның сыныпта жүргізілетін
оқумен тығыз байланысты болуы. Оқушының
сыныптан тыс оқитын кітаптары сыныпта
өтілетін сабақтардың жалғасы түрінде
ұсынылады. Оны мұғалім күнделікті оқу,
дүние тану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу
т.б. сабақтарында және оқу бойынша жүргізілетін
қорытынды сабақтарда сұрап, сыныпта оқығандарына
байланыстырып отырады...»
Сыныпта оқушылар жазушының бір шығармасынан
үзінді оқыса, сол шығарманы толықтыра
оқу сыныптан тыс оқуда іске асырылады.
Кейде белгілі ақын-жазушылармен балаларды
толығырақ таныстыра түсу мақсатында
оның сыныпта оқылғаннан басқа шығармаларымен
сыныптан тыс таныстыруға болады. Мысалы,
Ы. Алтынсаринның «Әдептілік» әңгімесін
оқығаннан кейін, оның «Баланың айласы»,
«Аурудан аяған күштірек», «Өтіріктің
залалы» т. б. әңгімелері сыныптан тыс
оқуға беріледі.
Кейбір жекелеген шығармаларды сыныптан
тыс оқу сабағында да талдауға болады.
Онда талданатын шығармалардың тәрбиелік
жағы күшті болуы қажет.
Оқушылардың кітап оқуға қаншалықты ынталы
және бейім екендіктерін білу үшін мұғалім
олардың әрқайсысымен оқыған кітаптары
жөнінде жеке әңгімелеседі; салған суреттерін,
жазып алғандарын қарап, — бүкіл деректермен
жеке танысады. Кейде кітапханадағы карточкасын
қарап көруге де болады. Осындай ыждағатты
тексерудің нәтижесінде, балалардың қайсысы
қандай тақырыпты жақсы көретіндері байқалады.
Кейбір бала ертегілерді, кейбіреулері
ерлік жайлы шығармаларды, ал бірсыпырасы
қиял-ғажайып ертегілерін т. б. ұнатады.
Осыдан кейін мұғалім балаларды бір жақтылықтан
сақтандыру мақсатымен, оларды басқа тақырыптарға
қызықтыру жолдарын іздестіреді.
Балаларға сыныптан тыс оқуға арналған
тартымды кітаптарды іріктеп немесе жаңадан
шығып жатқан шығармалардың ішінен іріктеп
ұсынады, әдемі суреттермен безендірілген
кітап жаймаларын, түрлі әдеби ойындар
ұйымдастырады т. б.
Сыныптан тыс оқылуға тиісті кітаптардың
тізімі бір тоқсанға арналып әр тоқсан
сайын ұсынылып отырады. Балалардың оқуға
ынтасын арттыру мақсатымен мүғалім ұсынып
отырған кітаптарының ішінен кейбір оқиғаларды
бастап айтып, «одан әрі не болатынын осы
кітапты оқып білесіңдер» деп аяқтайды.
Кейде кітаптың сыртындағы немесе ішіндегі
кейбір әдемі суреттерді көрсету арқылы
да қызықтыруға болады. Ал енді бір жағдайларда
шығарманың, кітаптың атын, авторын ғана
айтып, оның осылайша неге аталғанын білуді
тапсыруға болады.
Бастауыш сынып оқушыларын оқуға қызықтыру
үшін V—VI сынып оқушыларының да көмегі
зор. Өздерінің кішкене бауырларына бұрын
оқыған кітаптары, әңгіме, ертегілері
жөнінде, өздеріне ұнайтын жазушылар жө-
нінде әңгімелеп айтып берсе, олар сол
кітапты өздері де тауып оқиды.
Оқу жылы аяғында балаларға жазғы демалыс
кезінде оқитын кітаптарының тізімі беріледі
де, оқу жылының басында сол көрсетілген
кітаптардың қайсысын оқыған-оқымағандарын
тексереді. Олардың оқыған кітаптары туралы
жазғандарын, әсерлерін, пікірлерін, кейбір
үзінділерді, кейіпкерлердің аттарын,
суреттерін т. б. қарайды, оқытады.
Міне, осындай жұмыстардан кейін қосымша
оқуға тиісті кітаптардың тізімі беріледі.
Мектептерде ана тілі сабақтарының өтілу
жайы мен сыныптан тыс оқудың мазмұнына
сай, бастауыш сынып оқушыларымен мынадай
жұмыстар орындауға болады:
Көркем шығармаларды (бір шығарманы
немесе тақырыбына қарай топталған
бірнеше шығарманы), ертегілерді, мақалаларды
талдау.
Күнделікті баспасөздегі («Балдырған»,
«Ақ желкен», «Зерде» журналдары
мен «Ұлан» газеті) мақалаларды оқу.
3) Кітаппен жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыру.
Көркем шығармаларды талдау үшін сюжетті
әңгімелер қолайлы.
Оқушылардың өз беттерімен оқитын шығармаларына
сұрау берудің қажеті жоқ, олар өз беттерінше
қорытынды шығарғандары жөн, яғни әркімнің
өз оқығандары жөнінде өз көзқарастары
болғаны дұрыс. Кейде оқы-ғандары жөнінде
жолдастарынан сұрау, пікір алысу т. с.
с. тыйым салынбайды.
Сыныптан тыс оқу сабақтарында көрнекі
құралдар қолданудың да пайдасы мол. Мұнда
да шығармада кездесетін қиын сөздер түсіңдіріліп
отырғаны жөн.
Сыныптан тыс оқуда бір жазушының шығармасын
талдауда сол жазушының өмірі мен қызметінен
толығырақ мағлұмат беруге болады. Мұндай
сабақ шамамен былай ұйымдастырылады:
а) мұғалім немесе балалардын, бірі жазушы
жөнінде қысқаша әңгімелеп береді;
ә) жазушының балаларға таныс кітабы я
шығармасынан үзінді оқылады, кейде бір
шығармасынан әдеби монтаж, ойын ұйымдастыруға
да болады.
Бірінші сабақта сол жазушының өмірбаяны
туралы айтылып, оның балалар оқыған шығармасы
жайлы қысқаша әңгімеленеді де, басқа
бір шығармасы тағы оқуға тапсырылады.
Екінші сабақта оқуға берілген шығарма
талқыланады, ал үшінші сабақта қорытындыланады.
Жоғарыда бастауыш сыныптарда балалар
ертегі оқуға өте құмар келеді дедік. II—III
сыныптарда көбіне жануарлар туралы ертегілерді
жақсы қөреді. Мұндай сабақтарға көрнекі
құралдарды балалардын, өздеріне жасатуға
болады. Бірқатар ертегілер жөнінде шыққан
сурсттер де бар («Түлкі мен бөдене» т.
б.), ал көптеген ертегілер бойынша диафильмдер
жасалды.
II — III сыныптарда оқу үшін ұсынылатын
материалдарды мұғалім өзі іріктейді
, ал IV сыныпта балалар өздері іріктеп
алады.
Оқушыларды газетпен таныстыру сабағын
мына сияқты жүйемен жүргізуге болады:
а) балаларды өздерінің «Ұлан» газетіне
қызы-
ғатындай етіп, газеттегі басылған мақалалардан
үзінді
келтіре отырып (балалардын. мектептегі,
үйдегі іс-әре-
кеттері мен еңбектері, пионерлердің өз
мектебіне, сов-
хозына, қаласына, ата-анасына қандай көмек
көрсеткен-
дері т. б.), әңгіме ұйымдастыру (балалар
газетті оқи ма,
ондағы мақалаларды түсіне ме, қандай
мақалалар ұнай-
ды т. б.).
ә) газетті кімдер шығаратынын, қай жерде,
қай күндері шығатынын, қай кездсн бастап
шыға бастағанын айту.
б) «Ұлан» атты газетінің кезекті номерінің
құры-
лысымен (макетімен) және мазмұнымен таныстыру.
Мұндай сабақтарда қажет жерлері болса,
географиялық
карта, кітап жаймасы т. б. болғаны жөн.
«Балдырған» журналымен таныстыру сабағында
журналдың қітаптан айырмашылығы (ай сайын
шығып тұратыны, тақырыптарының алуан
түрлілігі) айтылады. Балаларды өз беттерімен
кітап оқуға үйреткен кезде мұғалім оларға
кітаптың маңызы, оқу мәдениеті, оқу ережелері
т.б. жөнінде үнемі ескертіп отыруы қажст.
Сыныптан тыс оқуды есепке алып, тексеріп
отыру жөнінде жоғарыда да айтқанбыз.
Оған қосымша, оқыған кітаптары жөнінде
оқушыларға күнделік жаздырып үйретудің
де орасан зор тәрбиелік мәні бар екенін
еске сала кетудің артықтығы болмаса керек.
Бұл — балаларды ойларын жинақы, өз сөздерімен
жаза білуге дағдыландырады, жазу қабілетін
жетілдіреді. Күнделікке кітаптың аты,
авторы, шыққан жылы, оқығаны қандай мақала
екені және ол жөніндегі өзінің пікірі
жазылуға тиіс.
II—III сыныптарда балалар оқыған кітаптарының
авторы мен атын, шыққан жылын жазып, өздеріне
ұнаған кейбір оқиғаларға сурет салып
қояды, ал IV сыныпта осыларға қосымша,
өз пікірін жазып отыруы керек.
ОҚУ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІКТЕРІНЕН
ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСЫ
Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін
оку сабақтары оқушылардың өздіктерінен
орындайтын жұмыстарымен ұштастырылып
отырады. Балаларды өздіктерінен жұмыс
жасауға үйретуде негізінен екі түрлі
мақсат көзделеді: 1) кітаппен жұмыс жасауға
дағдыландыру, 2) тапсырманы өз беттерімен
орындауға үйрету, өз еңбектерінің жемісін
көріп, «рахат» сезіміне бөленуге жағдай
жасау.
Өздігінен орындалатын жұмыстың негізгі
мазмұны оқушылардың ой белсенділігін
арттыру.
Мұғалім оқу кітабындағы материалды толық
оқып шығып, оның қандай бөлігіне басшылық
керек, ал қандай бөлігін балалардың өздіктерінен
орындауларына беруге болатынын анықтайды.
Өздіктерінен орындайтын тапсырманың
түрлерін, оның сабақтағы орнын белгілейді,
мақсатын түсіндіреді, орындау барысын
тексереді.
Тапсырманы ауызша да беруге болады, бірақ
егер жұмыс бірнеше кезеңнен тұратын болса,
онда ол жұмыстың орындалу тәртібін көрсетіп,
тақтаға жазады.
Балалардың өздігінен орындайтын жұмыстарының.
түрлері:
Информация о работе А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі