Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 19:54, дипломная работа
Бөбек тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді, ал олардың мектепте оқуына байланысты сол табиғи процесс онан әрі жалғаса түседі. Сондықтан мектептегі тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи процестің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі. Ең алдымен тілдің өз табиғатынан жеті заңдылық шығады.
түрлі тапсырмалары бар жаттығуларды
көшіру,
жазбаша талдау жасау,
сөз, сөз тіркесі, сөйлемдер құрастырып
жазу,
мәтіннен қажетті сөзді, сөз тіркесін,
сөйлемді тауып жазу,
мәтінді бөлімге бөлу, жоспар жасау,
қатемен жұмыс (мұғалімнің көрсетуі бойынша).
Сабақтың соңында балалардың тапсырманы
қалай орындағандарын тексеріп, бағалайды.
ГРАММАТИКА САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
КӨРНЕК1 ҚҰРАЛДАР
Мұғалімнің оқыту процесіндегі міндеті
— балалардың анық есітіп, қабылдауы мен
сөйлеу қабілетін дамыту. Бұл үшін көрнекіліктің
алатын орны зор. Көрнекі құралдарды пайдалану
арқылы балалар өздері сөйлейді, жолдастарының
сөйлегенін есітіп, қабылдайды.
Сабақтарында көрнекілікке қойылатын
талап: оқушы және сөзді немесе оның бөлшектерін
(әріптерді, буындарды, морфемаларды) анық
көретін болуға тиіс, бірақ жазғанда бір
әріптен соң екінші әріпті қарап, ежелеп
жазбай, естерінде тұтас сөз немесе буынды
сақтап, сөзді немесе буынды бірден жазып
дағдыланулары керек. Бұл үшін көру және
қолды қозғау көрнекілігі қажет.
Ендеше «көрнекілік» деген ұғым сөздерді
анық айтуды да, мәнерлеп оқуды да, мысалдар
іріктеуді де, тақтадағы, таблицалардағы,
дәптерлердегі жазуларды да қамтиды.
Әдетте көрнекілік деп графикалық немесе
көзге көрінетін құралдарды қолдануды
түсінеді. Мұнда қажетті әріптер немесе
тұлғалар, сөздер, сөйлемдер басқа түспен
жазылады яки асты сызылады. Кейде тақтаға,
оқу-шылардың дәптерлеріне жазылғандар
да бөліп көрсетіледі (бірде түбірі, екіншіде
қосымшасы).
Мұндай тәсілдер жазылғанды көру арқылы
анық бейнелеуді қамтамасыз етеді, алайда
көрнекіліктер оқушылардың зейінін аударып,
істің мәнін біршама түсінуге (мысалы,
басқаша жазбай, неге осылай жазамыз) кө-мектесетін
болса ғана пайда келтіреді. Сондықтан
таблица т. б. жасау үшін материалдар жан-жақты
ойластырылып, таңдалып алынады. Оқушылар
таблицаға қарап, соған ұқсас және ұқсас
емес құбылыстарды салыстырып, олардың
ара қатынастарын анықтай алатындай болуға
тиіс, өздерінің бақылағандарынан қорытынды
шығарып, белгілі бір ереже жөнінде ұғым
алулары қажет. Мысалы, «й, и» әріптерінің
жазылуын түсіндіру үшін мұғалім мына
сияқты сөздерді бағана етіп жазады.
Киін - кейін Ки — қой
Жина — жайна Сиыр — сойыл
Биле — бейне Тиме — түйме т. б.
Мұнда «и», «й» әріптерін қызыл түспен
жазуға да болады. Бірақ негізгі әдіс —
бірінші бағанадағы сөздерді екінші бағанадағы
сөздермен салыстыру. Бұл сөздердің жазылуын
салыстыра отырып, балалар олардың арасындағы
ұқсастық пен айырмашылықтарды табады,
«и» әріпінің қандай дыбыстардан кейін
жазылып тұрғанын анықтайды. «И»-дің дауыссыздардан,
«й» әрпінің дауыстылардан кейін жазылатынын
өздері айтады. Бұған мысалдар келтіреді,
берілген сөздерден, сөйлемдерден, мәтіннен
құрамында «и», «й» әріптері бар сөздерді
тауып, олардың қандай дыбыстардан кейін
келіп тұрғанын айтады. Мұғалім өзі бірнеше
сөз беріп (мысалы, көбей, икемді, мұхит,
айқай т. б.), онда «и» мен «й»-дің қайсысын,
не себепті жазу керектігін сұрайды; «и»-дің
сөздің басында, ортасында, аяғында жазылатынын,
ал «й»-дің сөздің басында жазылмайтынын,
бірақ сөздің ортасында, аяғында келе
беретінін байқатып, «и» мен «й»-дің ұқсастық
қасиеттерін (екеуі де «ый» дыбысының
таңбасы, екеуі де сөздің ортасында, аяғында
келеді) және бір-бірінен ерекшеліктерін
(«и» — дауысты дыбыстардан кейін келмейді,
«й» — дауысты дыбыстардан кейін келеді,
«и» — буын құрайды, «й» — буын құрай алмайды,
«и» — дауысты дыбыс, «й» — дауыссыз дыбыс,
«и» — сөздің басында келеді, «й» — сөздің
басында келмейді) көрсетеді. Сөйтіп, әр
әріптің жеке қасиеттерін анықтау арқылы
қорытынды шығарылады.
Көрнекі құрал ретінде қандай да болмасын
грамматикалық және орфографиялық құбылыстарды
көрсететін схемалар да қолданылады. Мысалы:
та
Бас
шы
Біл
ім
гіш
дір
қар
Мұнда оқушылар тіліміздегі жұрнақтардың:
1) алуан түрлі болатындығы, 2) түбірден
кейін тұратындығымен, 3) жаңа сөз жасайтын
қасиетімен танысады.
Сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсететін
схемалар екі түрлі: аналитикалық және
синтетикалық. Мысалы, Қалың орманның ішінен
тәтті жидектің исі аңқиды сөйлеміне
аналитикалық схема жасасақ:
Исі
аңқиды
ненің?
қайдан?
жидектің
орман ішінен
кандай?
қандай?
тәтті
қалың
Осы сөйлемдерге синтетикалық схема жасасақ:
Қ
алың орман ішінен тәтті жидектің исі
аңқиды
Бұл схемалардың екеуінде де сөздердің
арасындағы байланыс көрсетілді. Біріншісінде
сөздердін байланысы сұрақтар мен сызықтар
арқылы көрсетілген. Ал екіншісінде сұрақсыз
сызықтар стрелкамен көрсетілген. Бірінші
схемада сөздердің қайсысы қайсымен байланысып
тұрғаны сұрақтар арқылы көрсетілгенімен,
сөздердің сөйлемдегі тәртібі бұзылған.
Ал екінші схемада сөздердің сөйлемдегі
орындары сол күйінде. Бұл схемалардың
екеуін де (біріншісін III сыныпта, екіншісін
IV сыныпта) қолдануға болады.
Кез келген тақырыпты оқушыларға дұрыс
меңгерту үшін мұғалімдер кішігірім таблицалар
мен схемаларды өздері қолдан жасап алады
немесе сынып тақтасын пайдаланады. Грамматикалық
немесе орфографиялық та-қырыптарға арналған
әдеттегі таблицалардан басқа жылжымалы
немесе динамикалық таблицалар болады.
Мұндай таблицалар барлық тақырып бойынша
жасалады. Әсіресе, сөз таптарын, грамматикалық
формалар мен олардың жазылуын өткенде
динамикалық таблицалар өте қолайлы.
Мұғалімдер көрнекі құралдарды өздері
жасағанда мынадай талаптарды ескеруге
тиіс:
Таблицаларда грамматикалық
Оқулықтарда бар ережелер мен анықтамаларды,
сондай-ақ мәтіндерді таблицаларда берудің
қажеті жоқ.
Таблицаларда қажетті тұлғада
берілген сөздерден басқа, іріктеп
алынған (түсіндірілетін тұлғаны
анықтай түсетін) мысалдар беруге болады.
Таблицаның көмегімен
ерекшеліктері басқа бір элементпен салыстырыла
көрсетілуге тиіс.
5. Оқылып отырған грамматикалық
немесе орфографиялық құбылыс
таблица мазмұнында тасада
6. Әріптерді, буындарды, морфемалар мен
сөздерді графикалық жағынан бөліп көрсетудің
көптеген тәсілдерін қолдана беруге болады.
Мысалы, сөз құрамын дефиспен бөлу, астын
сызу, басқа түспен, басқа шрифтімен көрсету
т. б.
Кез келген тақырыпқа таблица жасай берудің
қажеті жоқ. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру
барысындағы жұмыстың мақсатына, сипатына
қарай, жалпы: (қорытынды) таблица және
жеке таблица жасалады. Жалпы таблица
бір тақырыптан тұтас мағлұмат (сөйлем
мүшелері, сөз таптары, септік жалғау т.
б.), ал жеке таблица тілдің жеке элементтері
жөнінде (сөз табының, біреуінің жұрнақтары
немесе жалғаудың бір түрі, бір-екі септіктің
жалғауы т. б.) мағлұмат беру үшін қолданылады.
Таблица жұмыс барысында әр кезеңде түрлі
тәсілмен пайдаланылады (бірде сабақтан
бұрын, екіншіде түсіндіру кезінде, жаттығу
орындату барысында, балалардың өздігінен
орындаған жұмыстарын тексергенде, қателерін
тексеру жұмыстарында т. с. с). Таблицаның
көрсетілу ұзақтығы да түрлі-түрлі болады
(бірнеше минут қана, сабақтың басынан
аяғына дейін, кейде сабақтан соң). Бұл
да таблицаны мүғалімнің қолдану мақсатына
байланысты.
Көрнекі құралдың пайдалы жағының бірі
оқушылардың өздіктерінен орындайтын
жұмыстарын ұйымдастыруда. Оқушылар мұғалімнің
басшылығымен таблицаны оқиды, түсінеді,
оның бөліктерінің ара қатынасын анықтайды,
қорытынды шығарады. Сонан кейін мұғалім
оларға түрлі тапсырма береді (таблицаны
дәптерге көшіріп жазу, басқа бір материалға
осындай таблица жасау, өз жандарынан
мысалдар келтіріп, таблицаға жазу, оларды
шартты белгілермен бөліп көрсету, таблицаларды
салыстыру, қорытынды жасау, таблица бойынша
тексеру т. б.).
Көрнекіліктің бірі оқушылардың дәптері
болып есептеледі. Дәптер арқылы сыныпта
ұйымдастырылған жұмыстың мазмұнын, жүйесін,
әдісін, сондай-ақ, оқушының білім, дағды,
шеберлік дәрежесін білуге болады. Қысқасы,
дәптер — оқушы жұмысының айнасы.
Әр сабақтың басында оқушылардың барлығы
дәптерлеріне сол күнгі датаны жазады.
Бір жол тастап, сабақтың тақырыбын не
тақтадан, не оқулықтан көшіреді. Әрбір
жеке тапсырма жаңа жолдан бастап жазылады.
Жаттығудың нешінші екені цифрмен белгіленеді.
Оқушылардың жазғандары анық, таза, мүмкіндігінше,
сауатты болу керек. Қажетті грамматикалық
немесе орфографиялық құбылыстар сызылады,
жаттығуларға түрлі түсті қарындаштар
да пайдаланылады.
Көрнекі құралдарға магнитофон, грампластинка,
оқу фильмдері, диафильмдер де жатады.
Оқушылар пластинкаларға жазылғандарды
зейін коя тыңдап мұғалімнің басшылығымен
қайталап айтады, жазады, тыныс белгілерін
қояды, талдайды. Қосымша құралдар ретінде
дидактикалық материалдар да пайдаланылады.
Оның ішінде әсіресе, түрлі буындар, сөздер,
сөйлемдер жазылған карточкалар, конверттер
көп қолданылады.
ЖАЗУ ЖӘНЕ ТІЛДІ ДАМЫТУ
ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУДІҢ МАҢЫЗЫ
Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының
мақсаты – балалардың жазу тілі дағдысын
қалыптастыру.
Жазу дағдысының психологиялық негізгі
мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор
ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа
түсуі, екінші сигнал системасының жинақталып,
бір арнаға бағытталуы болып табылады.
Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен
іске асады. Ал ауызша сөйлеу, есіту кинестезиялық
нерв байланыстары арқылы өтеді.
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты,
сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп
отырады. Ең алғашқы, ерте дәуірде адамдар
қандай да болмасын бір уақиғалар туралы
мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдыруға
болады. Сөйтіп ондай мәліметтерді түрлі
суреттермен белгілейді. Бұл кезең – идеографиялық
сөйлеу кезеңі деп аталады. Идеографиялық
сөйлеу белгілі бір айтылатын жағдай туралы
еске түсіру рөлін атқарады.
Кейінірек иероглифтік жазу шықты. Бұл
заттарды немесе тұтас ойды білдірген.
Біздің қазіргі қолданып жүрген жазуымыз
алфавиттік жазу. Бұл кейінірек шыққан.
Жазудың құрамына алфавит, графика және
орфография (емле) енеді. Алфавит – тіліміздегі
әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу
тәртібі. Графика – дыбыстың, буынның
немесе сөздің айтылуы қалай болса солай
таңбалануы. Ал орфографиялық тілдің белгілі
бір нормаға келтірілген ережесін сақтап
жазу.
Алфавит пен графиканы меңгеру – оқу мен
жазудың (сауат ашудың) ең алғашқы, ең қарапайым,
бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды
көздейді. Алайда жазуды меңгеру оның
тағы бір басты бөлігі орфографияны (немесе
жазу, сауатты жазу) игеруді қажет етеді.
Бастауыш сынып оқушылары орфографияны
игере отырып, сауатты жазуға дағдылану
барысында графикалық түрде қарым-қатынас
жасау мүмкіндігіне ие болады, яғни өзінің
сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре
береді, жеке басының жалпы даму деңгейі
жоғары дәрежеге көтеріле береді. Міне,
жазуға үйренудің басты маңызының өзі
анықталды.
Жазбаша сөйлеудің өзіне тән ерекшеліктері
бар. Мысалы, жазбаша сөйлеудің қабылдаушыға
әсер ететіндей қосымша құралдары жоқ;
ол бүкіл оқушы қауымға арналады; онда
автордың эмоциясы мен сезімі, толқуы
мен мұңаюы, қуанышы реніші т.б.с.с. бәрі
сөз арқылы жеткізіледі; жазу тілін қабылдау
қиялдың жұмысын қажет етеді т.с.с.
Бұл айтылғандар бастауыш сынып оқушыларының
жазу тілін дамыту мәселесінің күрделі
екендігін көрсетеді, яғни балалардың
жазу тілін дамыту үшін, алдымен оларды
жазудың өзіне дағдыландырып алу керек.
Жазу дағдысының бастамасы әріптің әр
бөлігін (таяқша, дөңгелек, қосу сызықтары)
сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады.
Бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен
жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына
қисайып, неше түрлі қозғалыстар жасайды.
Алайда мұғалім тиімді жаттығулар ұйымдастырса,
көп ұзамай, бірте-бірте бастапқы қозғалыстарын
жинақтап, азайта түседі. Ал, кейін әріп
бөліктерін аса күш салмай-ақ қосып жаза
алатын болады. Жаттығулардың нәтижесінде
жазу қимылдары автоматталып, әуелі әріптерді,
одан соң тұтас сөздерді де кідіріссіз
жаза алады.
Дей тұрғанымен балалар жазуға лезде дағдыланады
деудің жөні жоқ. Себебі олардың кейбіреулері
бір, тіпті екі жылға дейін жазу дағдысын
толық меңгеріп кете алмайды. Мұндай балалармен
жеке жұмыс ұйымдастырылады.
Жазу қимылдары автоматталғаннан кейін
жаңа міндет – сауатты жазуға (немесе
орфографияға) үйрену міндеті туады.
Орфография жазудың бүкіл жағдайларын
тәртіптейді. Оған тілдің ережелері (әріп
таңбаларын қолдану тәртібі, әріпті таңдау,
бірге және бөлек жазу т.б.с.с.) оны дұрыс
қолдану жатады.
Оқушы ереже бойынша саналы түрде, түсіне
отырып жазу арқылы алған білімдерін бірте-бірте
дағдыға айналдыра түседі.
Бір орфографиялық амал автоматталғаннан
кейін екіншісі үйретіледі. Осылайша орфографиялық
құбылыстар саналы түрде меңгеріле бастайды.
Қазақ тілі орфографиясының негізгі қағидасы
– морфологиялық қағида, яғни түбір сөздің
соңғы дыбысы қосымша аралығында да (бас-шы,
башшы емес), сөз шекарасында да (Үмбетбай,
Үмбетпай) емес сақталып жазылады.
Тілімізде орыс тілінен енген, аяғы үнді
дыбыс - әріптерге біріккен бірсыпыра
сөздер бар (Ленинград, клуб, педогог т.б.).
Бұл сөздердің соңғы үнді дыбыстары айтылуда
қатаң дыбыстарға айналады, яғни д, г, б,
дыбыстары қатаңдап т, к, п дыбыстарына
айналып айтылады. Мұндай сөздерге қосымша
қатаң дыбыстан басталып жалғанады: педогогке,
клубтан т.с.с. Бұлар грамматика ережелеріне
сүйеніп үйретіледі.
Қазақ тілінде фонетикалық қағидаға сүйеніп,
естілуінше жазылатын сөздер көп-ақ: қалам,
кітап т.б. Кейде көнерген біріккен сөздер
дәстүрлі қағидамен, естілуінше жазылады:
қыстыгүні, ашудас т.б.
Қысқасы, жазуға үйрету әдістемесі тіл
ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын
жазу теориясына сүйенеді.
ЖАЗУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Бұл жұмыстардың мақсаты – балаларды
көркем, анық, дұрыс жазуға үйрету. Ол үшін
жазуға мынадай шарттар қойылады:
Әріптердің негізгі
Әріптердің биіктігі біркелкі болып
шығу.
Әріптердің негізгі
Сопақша және жарты сопақша құрсау
түріндегі әріп элементтерінің, сондай-ақ
қисық, түзу сызықтан құралатын әріп
элементтерінің бір-бірімен кілт жалғастырмай,
бірте-бірте созылыңқырап барып, жіңішкеріп
жалғастырылуы.
Әріптердің кескіні
Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс
жалғастырылуы.
Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір
мақсат – балаларды шапшаң жазуға
үйрету. Өйткені практикада шапшаң
оқудың қандай маңызы болса, шапшаң жазудың
да сондай маңызы болады.
Жазу барысында орындалуға тиіс ережелерді
мұғалім балаларға оларды жазуға үйретуден
бұрын көрсетіп, түсіндіреді: мысалы, екі
аяқ тік бұрыш қалыпта бүгіліп немесе
жазылыңқырап еденге (столдың кергішіне)
тіреліп тұрсын; жазғанда көкіректі столға
тақап тіремей, столдың шетінен 3 см қашықтық
ұстап түзу отыру керек.
Екі иық кеуде мен бірдей, түзу тұруға
тиіс. Жазғанда оқушы тым еңкейіп, столға
көкірегін тіреп отырса, дәптерге көзі
тым жақындап, жақыннан көруге үйреніп
кетіп, бірте-бірте алыстағыны көре алмайтын
болады.
Дәптерге жарық стол жақтан түсіп, қолы
жазуды көлеңкелемейтін болсын. Екі қол
шынтаққа дейін стол үстіне қойылсын.
Дәптерді сол қолмен ұстап, жазу төмен
түске сайын жоғары жылжытып отыру керек.
Қолдың қалам ұстаған жері көкіректің
дәл орта тұсында болу керек. Дәптер де
оқушының көкірегіндегі дәл ортасында
жатсын. Әйтпесе басты оңға я солға қисайту
немесе дәптерге көздің қиығымен қарауға
тура келеді.
Жазуға үйретуден бұрын бірнеше рет дайындық
жаттығулар жүргізіп, балалардың қолын
қимылға, көзін шамалауға үйрету керек
болады. Дайындық кезеңінде балаларды
жазу сабағына қажет материалдармен және
жазу аспаптарымен таныстыру, партаға
қалай отыру, дәптерді қалай қою, қаламды
қалай ұстау ережелерімен таныстыру, саусақтарды
қимылдатуға бүгуге, жазуға жаттықтыру,
білекті қимылдатуға жаттықтыру керек.
Әріп элементтерінің, әріп кескіндерін
дұрыс меңгеріп, жазу әдістеріне төселе
бастаған кезде балалар бірте-бірте қолды
жүргізіңкіреп, такт бойынша жазуға үйренулері
қажет.
Оқушыларды дұрыс жазуға үйрету барысында
мұғалім мыналарға көңіл бөлуге тиіс:
материалдың тәртіппен өтіліп, жазуға
берілетін мәтін алдын ала таңдалады.
Каллиграфиялық жағынан дұрыс жазу үлгілерін
мұғалім тақтаға, оқушылардың дәптеріне
жазып көрсетіп отырады. Балалардың дәптерлері
күн сайын қаралып, тексеріліп, кемшіліктері,
оны қалай түзету жолдары көрсетіліп отырылады.
Айына бір рет болса да байқау жұмысы жүргізіледі.
Жазу сабағы шамамен мынадай жоспар бойынша
жүргізіледі.
Жазу сабағы шамамен мынандай жоспар бойынша
жүргізіледі:
Жазғанда партаға қалай отыру
ережелерін балаларға ескертіп, өзі
аралап көріп, дұрыс отырмағандарын
дұрыстап отырғызады.
Сабақтың мақсатын, алда тұрған міндеттерді
көрсетіп, мұғалім жаттығуды, әріп элементтерін
сөзді, фразаны тақтаға жазады, оқушылар
мұғалімнің қолының қалай қимылдау
жайына қарап, бақылап отырады.
Мұғалім оқушылардың алда тұрған міндеттерді
қаншалықты ұққан- ұқпағандарын анықтап
алып, жазуға кірістіреді.
Мұғалім партаны аралап жүріп жазу
процесін бақылайды.
Жазу аяқталғаннан кейін оқушылардың
кемшіліктері мен жіберген қателіктері
айтылады, түзетіледі, жақсы жазғандары
жарияланады.
Бастауыш мектеп оқушылары үшін
орфографиялық танымның әсіресе
алғашқы басқышы ерекше рөл атқарады.
Олар сан алуан сөздермен олардың
формаларының әсерінен аз да болса
білім, тәжірибе жинақтайды. Кейбір сөздерді
дұрыс жазу дәрежесіне жетеді. Бірақ
неге олай жазғанын әлі айтып бере
алмайды. Мұндай құбылысты кейде
орфографиялық сезім деп те атап
жүр. Кейінірек грамматикалық білім
алғанда мұндай, орфографиялық құбылыстарды
саналы түрде түсініп, сауатты жазуға
дағдыланады.
ЖАЗУҒА ҮЙРЕНУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ЖАҒДАЙЛАР
Жазуға үйрену тілдің ерекшелігіне қарай,
әр түрлі дәрежеде өтеді: фонетикалық жазу дыбыстық-әріптік
талдауды шебер жүргізуді, дыбыстарды
дұрыс, анық айта білуді, айтылған дыбыстарды
дәл айыра білуді талап етеді; мофологиялық жазуда сөздің
грамматикалық мағыналарын түсініп, ережелерді
үйрену басым болады. Ал орыс тілінен енген
(армия, октябрят, монтер, шофер, шкаф т.б.)
және жазылуы қалыптасып кеткен бірқатар
сөздердің (қарындаш, картоп, бәтеңке,
шәйнек т.б.) жазылуын оқушылар есте ұстап,
ол сөздерді сөздіктен қарап, тауып жазуға
үйренеді немесе жаттығуға арқылы бірте-бірте
дұрыс жаза алатын болады.
Жазуға үйрену үшін қажетті жағдайлардың
бастылары:
1.Жазылатын сөздердің мағынасын, мәнін
анықтау. Мұғалім көшіруге ұсынған немесе
оқып айту арқылы жаздыратын сөздерінің,
сөйлемінің, мәтіннің мағынасын оқушылардың
анық түсінгеніне көз жеткізгеннен кейін
ғана жаздырған жөн.
2. Сөздің айтылуына және жазылуына, грамматикалық
формасына мұхият көңіл аудару; жазғандарын
саналы түрде есте ұстауға жағдай жасау:
оқы, ойлан, есіңе жазып ал, тыңда, зейін
аудар, т.б.
Жіберілген қателермен жұмыс жасау: жазғаныңды
тексер, түзет, қайта жаз, осыған ұқсас
мысал ойлан, т.б. оқушылардың белсенділігін
көтеру және өздіктерінен жұмыс жасауға
баулу.
3. Сөйлем мен сөздің талдау жұмысын жүйелі
түрде жүргізіп отыру: салыстыру, талдау,
жинақтау жұмыстары, «неге?» сұрағын көбірек
қою.
4. Сөйлеу әрекетінің бірден-бір жағын
естен шығармау керек: дыбыстық-әріптік
талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз таптары
бойынша, синтаксис және байланыстырып
сөйлеуге үйрету жұмыстары. Орфографиялық
жаттығуларды (көшіру, диктант) сөйлеу
жаттығулары мен (мазмұндама, шығарма)
кезектестіріп өткізу.
5. Грамматикалық жаттығуларды сөздік
орфографиялық жаттығулармен кезектестіру.
Орфографиялық дағдыға төселуіне қарай,
ереженің оқушы үшін мәні өзгереді. Мысалы,
алғашқы кезде бала ережеге мұқтаж болса,
бірте-бірте сауатты жазуға жаттыққан
сайын оның мәнділігі жойыла бастайды.
Оқушы жазуға дағдыланған кезде оған ереженің
мүлде қажеті бола қоймайды.
Орфографиялық дағды жөнінде айтылғандар
пунктуацияға да қатысты. Бірақ пунктуацияға
үйрену жұмыстарының өзіне тән ерекшеліктері
бар. Тыныс белгілерін қою да ережелерге
бағынады.
САУАТТЫ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сауатты жазуға үйрену жұмысы грамматикаға
сүйенеді. Мектепте грамматиканыы оқыту
неғұрлым жақсы жолға қойылса, оқушылардың
сауаттылығы да соғұрлым жоғары болады.
Олай болса, белгілі бір жазу ережесінде
негіз болатын грамматикалық құбылыстар
саналы түрде ұғындырылып, содан кейін
қорытынды шығарылуы қажет. Мұнда ережені
мәніне түсінбей, құр жаттап алудан сақ
болған жөн.
Мұғалім тіл құбылыстары мен жазу ережелерін
анық етіп түсіндіріп, оқушыларға сол
ережелерді меңгерту тәсілдерін қарастыруы
тиіс. Мысалы, қандай да болмасын сөз немесе
оған жалғанған қосымшалар басқаша болмай,
неге солай жазылғанына оқушы түсініп
және оқыған ережесіне сүйеніп оны дәлелдей
алатын болса, оның ережені саналы меңгергені.
Ал ережені мүдірместен айтып бергенімен,
неге солай жазылып тұрғанын дәлелдей
алмаса, оқушы ережені механикалық түрде
меңгерген болып шығады да, ол білгендерінің
сауатты жазуға пайдасы шамалы болады.
Сондықтан балалар мұғалімнің басшылығымен,
тіл құбылыстарын, емле ережелерін бақылап,
талдауға оларды бір-бірімен салыстыруға,
ой жүгіртуге, сипаттауға, өз беттерімен
жазған жазу жұмыстарында қолдануға міндетті.
Грамматиканы оқу барысында оқушылар
тіл құбылыстарын саналы түсінумен қатар,
тілдің нақты фактілерін де білулері қажет.
Мысалы, сөйлемдегі сөздерді жалғаулардың
байланыстыратынын балалар есте қалдыра
алады; сөйлемдегі сөздердің жалғауларын
ажыратып айтып бере алады. Бірақ өздері
сөйлем құрауға келгенде оны қолдана алмайды.
Егер олар сөйлем құрағанда сөздердің
арасындағы байланысты анықтау арқылы,
жалғаудың қызметін көңіл аударып дағдыланса,
мұндай байланысты өздері сөйлем құрағанда
да сақтауға тырысады. Бұл үшін сөйлемдегі
бір сөзден екінші сөзге сұрақ қойып дағдылану
қажет. Мысалы, мен (кім?) мектепке (қайды?)
барамын т.б.
Сауатты жазуға үйрену үшін аналогия арқылы
жаза білудің де маңызы зор. Ереже, қандай
да болмасын, тек жалпы ғана нұсқау немесе
түсінік береді. Яғни онда нақты бір сөзді
қалай емес, бір топтағы сөздердің жазылуы
көрсетіледі. Сондықтан оқушылар бір ережені
меңгеру барысында дайын мәтіннен ұқсас
мысалдарды таба білуге немес өздері мысал
келтіре алуға тиіс. Оқушылар сол ережені
оған ұқсас басқа жағдайларда қолдана
алатындай дәрежеге жеткенде ғана ақыл-ой
дағдысы қалыптасты деп есептеуге болады.
Дұрыс сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді
дыбыс құрамына, буын жігіне ажырату жұмысы
әріп қалдырып кетпеуге, әріп алмастырып
алмауға бірсыпыра көмектеседі. Мұндай
жаттығулар ІІІ- ІV сыныптарда да жүргізіліп
отырады.
Тіліміздегі жазылуы айтылуынан өзгеше құлын, жұлын, күрек,
басшы т.б.с.с. сөздері тек есту дағдысына
сүйеніп, жазуға болмайды. Көбіне оларды
салыстыру жолымен талдаудың жәрдемі
тиеді. Сондай-ақ –ма, -ме, -ба, -бе, -па,
-пе сұраулықтарын етістіктің болымсыз
түрімен, мен, бен, пен шылауларын
септік жалғауларымен салыстырып байқаудың
да маңызы күшті. Сөздердің ұқсастықтары
мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан
мағына бұзылатынын, айтайын деген ойдың
күңгірт, екі жақты болып шығатынын балаларға
ережені түсіндіргенде де, жаттығулар
жүргізгенде де, олардың жазуларындағы
қателерді түзеткенде көрсетіп, түсіндіріп
отырудың пайдасы көп (Тұзшы – тұщы, барма-бар
ма т.б.).
Сөйтіп, сауатты жазуға үйрену үшін аналогия,
салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау,
нақтылау сияқты ой операцияларының іске
асуы ең маңызды шарт болып табылады.
Әрине, сауатты жазуға үйренуде қол қозғалысы
арқылы қабылдау мен елестетудің алатын
орны ерекше екені белгілі. Көп оқитын
тіпті ережені тамаша білетін оқушы да
қолдың дағдылануынсыз жазуда қатені
көп жібереді және жазуының ұсқыны да
тартымсыз болады. Сондықтан әсіресе бастауыш
класс балалары үшін танымның есту, айту,
тыңдау, көру және қолын қозғау арқылы
қалыптасатын функцияларын жүйелі түрде
үйреніп, алғашқы кездің өзінде-ақ жақсы
естіп, тыңдай алып, дыбыстық құрамға ойша
тәртіппен талдау жасай алып, іштерінен
қайталау т.б. сияқты тәжірибелер жинақтаудың
маңызы орасан зор болатынын естен шығармауға
тиіспіз. Сөйтіп, жоғарыда айтылғандарды
қорыта келгенде, оқушылардың сауатты
жазуға үйрету үшін ескерілетін жағдайларды
топтап көрсететін болсақ, олар төмендегідей:
Мұғалім жазылатын сөздің немесе сөйлемнің
мағынасын, мәнін оқушының түсінетіндігіне
әбден көзі жеткеннен кейін барып
жаздыруға тиіс (оқушы кейде мағынасына
жете түсінбегендіктен қате жібереді).
Сөзді дұрыс айтуға, ұқыпты жазуға,
жазғандарына ой жүгіртуге бағыт
беріп, қатемен жұмыс ұйымдастырады.
Үнемі талдау жасау: түбірлес сөздер табу,
сөз тіркестері арқылы сөйлем құрастыру,
ұқсастығы мен айырмашылығын
салыстыру – мұның барлығы
оқушының ойлауын арттырып, материалды
меңгеруге жағдай жасайды.
Дыбыстық талдау, сөз құрамына жаттығу,
сөз табының қызметі, синтаксистік
талдаулар іске асырылып, сөйлеуге
үйрету жұмыстарымен байланыстырыла жүргізіледі.
Арнаулы орфографиялық
Сөздік жұмыс үздіксіз жүргізіліп
отырады. Әр оқушының жазудан да басқа
әлсіз жақтары болады (кей сөздерден
қате жіберу т.б.) Мұғалім ондай балалармен
сөздік жұмысын жеке жүргізеді.
Сауатты жазу дағдысын қалыптастырудың
маңызды шарттарының бірі – орфографиялық
қате, сөйлеу қателерін болдырмау
үшін алдын ала жинақтау, талдау
жұмысы.
Белгілі бір жағдайға дағдылану
біраз уақыт жаттығуды қажет
ететіні сияқты, сауатты жазуға жаттығу
дағдысы да көп қайталауды, жаттығуды
талап етеді. Сондықтан өтілгеніне
біраз уақыт болған материалдарды
жүйелі түрде еске түсіріп отыру
пайдалы.
Жазуға үйренуде уақытша нерв байланыстарын
шартты рефлекс арқылы емес, операнттық
рефлекс арқылы қалыптастырудың
мәні ерекше болып табылады. Мұның
мәнісі балаға дайын жұмысты орындату
арқылы дағдыландырудан гөрі., өздеріне
тапқызу, оларды ізденіп, қиналуға мәжбүр
ететіндей тапсырмалардың тиімді нәтиже
беретіні мәлім. Мұның барлығының да
мақсаты қалыптасқан уақытша
нерв байланыстарын (дағдыны) сақтау (сауатты
жазу дағдысын) екенін жақсы түсініп,
білімін жетілдіріп, педагогикалық
шеберлігін ұштап отырған мұғалім
ғана жұмысын ойдағыдай ұйымдастыра
алады.
ЖАЗУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР
Орфографиялық ережелерді түсіндіруден
бұрын балалардың алдына олар шешуге тиісті
мәселе қойылуы керек (мысалы, отпен ойнама,
от пен судан сақтан мысалдардың арасында
қандай айырмашылық бар? «пен» қайсысында
бөлек, қайсысында бірге жазылуға тиіс?
сияқты). Мұндай жұмыс балалардың зейінін
сабаққа жұмылдырып, бұрын оқығандарын
еске түсіруге көмектеседі.
Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары
әр түрлі факторларға негізделеді:
Көру, қимыл факторларына негізделетін
көшіріп жазу.
Есту арқылы қабылдауына сүйенетін
мәтінді жазу (мұғалім оқып берген
немесе оқушы оқыған тексті жазу. Бұған
диктант, мазмұндама жұмыстарын алуға
болады).
Информация о работе А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі